Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс ұлпасына инфекция жиі осындай жолмен өтеді// 6 страница



Пузырчатка (күлбірек)//

Тілме қабыну (рожистое воспаление)//

+Белдемелі теміреткі//

Созылмалы қайталанған ұшық//

Пемфигоид

***

Науқастың жасы 32. Бір күн бұрын суық тиген. Содан кейін жоғарғы ерінде бөртпе пайда болғанына шағымданып келген. Соңғы 5 жыл бойы осындай бөртпелер анда-санда мазалайды. Қарап тексергенде: сол жақ жоғарғы еріннің және тері шекарасында ұсақ, бір-бірімен жабысқан, топтасқан, диаметрі 1-2 мм, ауратын, күнгірт-лай (мутный) сұйығы бар көпіршіктер анықталады. Көпіршіктің сұйығынан көптеп Лангханс алып клеткалар табылған. Болжалды диагноз://

көптүрлі жалқықты эритема//

аллергиялық стоматит//

созылмалы афтозды стоматит//

+созылмалы қайталанған ұшық//

жедел герпетикалық стоматит

***

Науқасқа «Созылмалы қайталанған ұшық» деп диагноз қойылған. Осы ауруда ең бірінші қандай элемент пайда болады//

Түйіншектер//

Түйін//

+Көпіршік//

Күлдіреуік (волдырь)//

Киста

***

Науқасқа «Созылмалы қайталанған ұшық» деп диагноз қойылған. Осы ауруға жергілікті ем жүргізу үшін қолданылатын этиотропты препаратты көрсетіңіз//

Саңырауқұлақтарға қарсы жақпа//

+Вирусқа қарсы жақпа //

Кең спектрлі антибиотик//

Жансыздандырушы ерітінді//

Кератопластиктер//

***

Стоматологиялық поликлиникаға Б.деген қыз бала ауыз қуысының ауырсынуына, ұртында, қызыл иектерінде, тілінде «жаралардың» пайда болуына, дене температурасының 390С дейін жоғарылауына, бас ауруына, әлсіздікке шағымданып келген. Қарап тексергенде: ауыз қуысында екі ұрт, тіл, қызыл иек аймағының сілемейлі қабығында некротикалық қақпен жабылған, полигоналды пішінді афтаға ұқсас эрозиялар байқалады, тиіп кеткенде ауырады. Цитологиялық зерттеуде эрозия беткейден алған қырындыда көпядролы алып жасушалар анықталды. Ем тағайындаңыз://
+жансыздандыру, антисептиктер, ферменттер, вирусқа қарсы препараттар//
антисептиктер, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, ферменттер//
тұмауға қарсы гаммаглобулин 0,2 мл/кг б/етке, антибиотиктер//
жансыздандыру, кең спектрлі әсері бар антибиотиктер, витаминдер//
антисептиктер, жансыздандыру, ферменттер, гидрокортизон, витаминдер



***

Науқасқа «созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматит» диагноз қойылды. Ауыз қуысындағы эрозиялар жазылуын тездету үшін және бактерицидтік әсер ету үшін қажет физиоем//

+ультракұлгін сәулелендіру//
иекүсті электрофорез//
гальванизация//
дарсонвальтерапия//

криотерапия
***

АИВ (адам иммунтапшылық вирус) жұқтырғандар науқастарды қабылдағанда сақтық шаралар://

көзілдірік тағу, резина қолғап, маскамен жұмыс жасау//

резина қолғап, маскамен жұмыс жасау//

+екі қабат резина қолғап, төрт қабат маска, көзілдірік, су өтпейтін матадан жасалған халат//

ерекше сақтық шаралар қажеті етпейді//

2-4 қабатты маскамен жұмыс жасау

***

Ауыз қуысының шырышты қабығының қандай ауруы жүре дамыған иммунтапшылығын синдромның алғашқы белгісі болып табылады: ақ түсті қатпарлы түрде, симптомсыз ошақтар көбінесе тілдің бүйір бетінде орналасады. Шырышты қабаттан көтерінкі болып тұрады және қырғанда алынбайды://

Капоши саркомасы//

+Түкті лейкоплакия//

Жедел псевдомембранозды кандидоз//

Созылмалы атрофиялы кандидоз //

Десквамативті глоссит

***

Науқасқа Метрогил-дента гельді қолданғаннан кейін пайда болған «контактті аллергиялық стоматит» деп диагноз қойылған. Осы ауруды жалпы емдеу үшін қолданатын препаратты таңдаңыз//

Ацикловир//

Нистатин//

Трихопол//

+Димедрол//

Аугментин

***

Науқастың жасы 30. Сөйлегенде, тамақ қабылдағанда сол жақ ұрт маңындағы қатты ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ ұрттың қызарған кілегейлі қабығында, тістердің тістесу сызығында шеттері тегіс, пішіні сопақша, табаны ақ-сары фибринозды, оңай алынбайтын қақпен жабылған афта анықталады. Элементтің шеті (ободок) айнала қызарумен шектелген. Жергілікті жарақаттық факторлар анықталмаған. Алдын ала диагноз қойыңыз//

созылмалы механикалық жарақат//

қайталанбалы герпетикалық стоматит//

+созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит//

белдемелі теміреткі//

лейкоплакия, эрозивті түрі

***

Ер адам, 30 жаста, ұрттың шырышты қабығының тағам қабылдағанда және сөйлеген кезде күшейе түсетін қатты ауратынына, сонымен қатар тез жазылмайтын және жылдың белгілі бір мезгілдерінде пайда болатын бөрткендеріне шағымданып келген. Объективті: сол жақ ұрттың шырышты қабығы қызарған. Тістердің түйісу сызығы бойында 2 афта анықталады, шекаралары айқын, дөңгелек және сопақ пішінді, беттері фибринозды ақ-сұр түсті қақпен жабылған, қызарған шырышты қабықтың жұқа тоғыншамен қоршалған. Болжамды диагноз://

Созылмалы механикалық жарақат//

Жедел қайталамалы афтозды стоматит//

+созылмалы қайталамалы афтозды стоматит//

қызыл жалпақ теміреткі//

жедел герпетикалық стоматит

***

34 жастағы науқасты қарап тексергенде ауыз қуысында негізінде қабынған инфильтраты бар және шеттері тығыз, көтеріңкі, ауыршан ойық жаралар анықталады. Ойық жаралар тек қана ауыз қуысында байқалады, бірнеше ай бойы тыртықтанып жазылады. Анамнезінен: ауру бірнеше жыл бойы мазалайды. Бұл клиникалық көріністері қандай ауруға тән://

Венсан гинговостоматиті//

+Сеттон афтасы//

Бехчет синдром//

Стивенс-Джонсон//

Туреннің үлкен афтозы

***

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматиттің ремиссия кезеңінде тағайындауға болады://

+жалпы УФ-сәулелендіру//

гидротерапия//

аэрозольтерапия//

жалпы франклинизация//

дарсонвализация

***

Науқасқа «Көп түрлі жалқықты эритема» деп диагноз қойылған. Осы ауруда теріні зақымдаушы элементтерді қалай деп атайды?//

Қақтар//

Түйіншектер//

Булла//

+Кокарда//

Тыртық

***

35 жастағы науқас стоматологиялық клиникаға жалпы дімкәстігіне, дене температурасының көтерілуіне, мойын мен бетте қызыл дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезі бойынша 3 күн бұрын ауыз қуысының сілемейлі қабығы және еріндердің қызыл жиектері ісініп, қызарып, кейін олардың беткейлерінде әртүрлі көлемді қатты ауыршаң күлбіреуіктер пайда болды. Объективті: ауыз қуысында жайылған эритема мен кілегей қабықтың ісіну мен қызару, түрлі пішінді беткей жаралар (эрозиялар) байқалады. Еріндер қызыл жиектеріндегі эрозиялар қанды қабықпен жабылады. Никольский симптомы теріс. Болжалды диагноз://

Акантолитикалық күлбіреуік //

+көп түрлі жалқықты эритема//

созылмалы қайталамалы афтозды стоматит//

созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматит//

Акантолитикалық емес күлбіреуік

***

Асқазан-ішек жолдарының созылмалы патологиясында байқалады://

Тілдің парестезиясы//

Тілдің қақпен жабылуы, ісінуі//

Гипо- немесе гиперпластикалық глоссит//

Дәм сезудің бұзылуы//

+жоғарыда айтылғаны бәрі

***

Ащылық, дәм сезудің бұзылуы, қызыл иектің қанағыштығы, тістердің қатты тіндерінің гиперестезиясы, жұмсақ таңдайдың, ауыз қуысы түбінің сарғыштығы келесі патологияларының симптомы болып табылады://

С гипо-, авитаминоздың//

В1гипо-, авитаминоздың//

Созылмалы гастриттің//

Асқазанның жаралы ауруының//

+Бауыр және өтшығаратын жолдарының ауруларының

***

Науқасқа «Оң жақ ұрттың трофикалық ойық жарасы» (язва) деп диагноз қойылған. Осы ауруды қандай аурулармен салыстырмалы диагностикасын жүргізесіз?//

Лейкоплакия, жалпақ түрі//

+Жарақат жарасы//

Жедел атрофиялық кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Лейкоплакия, веррукозды түрі

***

Негізгі төрт синдром - гиперпластикалық, геморрагиялық, анемиялық, интоксикациялық - қандай аурудың клиникалық көрінісіне тән//

В12 гиповитаминозі //

Темір тапшылық анемия//

Гемофилия//

+Жедел лейкоз//

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматиті

***

Әйел адам науқас 35 жаста, мұрнынан қан кетуіне және ауыз қуысының сілемейлі қабығының қанағыштығына шағымданып келді. Объективті: ауыз қуысының сілемейлі қабығында көптеген қан құйылу ошақтар, петехиялар айқын анықталады. «Жгуттың симптомы» оң. Азғантай стоматологиялық кірісулер қан ағуды тудырады. Қан анализінде тромбоциттер саны 80х109//л, эритроциттер, гемоглобин және лейкоциттер саны қалыпты. Болжалды диагноз//

+Верльгоф ауру//

С гиповитаминоз//

Теміртапшылық анемия//

Эритремия//

В12 тапшылық анемия

***

Науқастың шағымы: тілде пайда болатын күйю және шаншу сезіміне, тамақ қабылдаған кезде ауру сезіміне, ауыздың құрғауына, тез шаршағыштыққа. Қарап тексергенде: ауыз қуысының шырышты қабығының кейбір бөлімдерде жолақ тәрізді гиперемияланған ошақтар. Тіл арқасы жіп тәрізді және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктердің атрофиясы салдарынан тегіс, типыл. Қанның жалпы анализінде эритроциттердің саны - 1*1012/л, түсті көрсеткіш - 1,2, мегалоциттер мен лейкопения байқалады. Қандай аурудің клиникасы көрсетілген?//

Гипохромды анемия//

+ Аддисон-Бирмердің анемия//

Жедел миелоидты лейкоз//

Постгеморрагиялық анемия//

Жедел лимфоидты лейкоз

***

Науқас қызыл иектің қатты қанағыштығына, шырышты қабығының әр түрлі бөлімдерінде петехия тәрізді қанқұйылу ошақтарының пайда болуына, қатты әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Қандай дәруменнің жетіспеген жағдайда осы клиникалық көріністер байқалады?//

А дәруменнің//

В12 дәруменнің //

+С дәруменнің //

Е дәруменнің //

В1 дәруменнің

***

С дәруменнің физиологиялық ролін анықтаңыз://

Капиллярлардың сыңғыштығын төмендетеді//

Коллагеннің синтезін реттейді//

Қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді//

Остеобласттардың белсенділігін ынталандырады//

+жоғарыда айтылғаны бәрі

***

В1 дәруменнің физиологиялық ролін анықтаңыз://

Организмде зат алмасу үрдістерін реттеу//

Ацетилхолиннің белсенділігін күшейтеді//

Қан тамырларды кеңейтеді//

Лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігін жоғарылатады//

+1 және 2 жауаптары дұрыс

***

А дәруменнің физиологиялық ролін анықтаңыз://

Ацетилхолиннің белсенділігін күшейтеді//

Қан тамырларды кеңейтеді//

Мембрана липидттерін тотығуынан қорғайды//

Эпителийдің регенерациясын және жасушалардың физиологиялық дифференциациясын қамтамасыз етеді//

+3 және 4 жауаптары дұрыс

***

Е дәруменнің физиологиялық ролін анықтаңыз://

Ақ уыздардың синтезіне қатысады//

Мембрана липидттерін тотығуынан қорғайды//

Эпителийдің регенерациясын және жасушалардың физиологиялық дифференциациясын қамтамасыз етеді//

Ацетилхолиннің белсенділігінкүшейтеді//

+1 және 2 жауаптары дұрыс

***

Науқастың жасы 52, ұрт маңы бұдырланған сияқты сезімінің пайда болуына шағымданып келді. Қосалқы аурулар - қантты диабет, гипертония. Қарап тексергенде: екі ұрттың артқы маңында оюланған суреттегідей ақ түсті түйіншектер (папула) анықталады. Қырып тексергенде алынбайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Жалпақ лейкоплакиясы//

Жүйелі қызыл жегі//

Акантолитикалық күлдіреуік//

+Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

***

Науқас 47 жаста, ұрт шырышты қабығында тістер жұмдасу сызығы бойымен азу тістер аймағында тілдің бүйір беткейінде ақшыл-сұрғылт түсті ұсақ папулалар байқалады, олар өзгермеген шырышты қабық деңгейінен көтерінкі өрнектелген сурет ретінде көрінеді. Папулалар пальпацияда ауырсынбайды, қырған кезде алынбайды. Алғашқы диагноз қойыңыз://

көптүрлі экссудативті эритема//

жүйелік қызыл жегі //

вульгарлы көпіршік//

жазық лейкоплакия//

+қызыл жазық теміреткі

***

Ауыз құрғақтығына, жиырыңқы сезімнің болуына шағымданады. Тістердің қабысу сызығы, өтпелі қатпар бойында өзгермеген кілегей қабатта полигональды пішінді папулалар орналасқан, олар ақ сұр түсті бірігіп өрнек тәрізді сурет түзеді. Вуд сәулесінде бөртпелер ақ – сары түсте жарықтанады. Қандай диагноз қоюға болады://

созылмалы гиперпластикалық кандидоз //

жүйелі қызыл жегі //

+қызыл жалпақ теміреткі//

Жалпақ лейкоплакия//

Екіншілік мерез

***

42 жастағы әйел ауыз қуысының шырышты қабығында күйю сезіміне, оның түсі өзгергеніне, тартылып тұратын кедір-бүдырлылығына шағымданады. Науқас созылмалы панкреатитпен гастроэнтерологтың диспансерлік учетта тұрады. Қарап тексергенде: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырмайды. Екі ұрттың орта және артқы бөлігінде қызарған және ісінген сілеймелі қабығының беткейінде ақшыл түсті түйіншектер (папулалар) байқалады. Папулалар бір-біріне жақын орналасады, пішіндері сақина тәріздес, қырған кезде алынбайды. Болжалды диагноз://

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Аллергиялық стоматит//

+қызыл жалпақ теміреткі, жалқықты-қызарған түрі//

Веррукозды лейкоплакия//

Екіншілік мерез

***

Науқастың ауыз қуысы шырышты қабатында қызыл жалпақ теміреткі анықталды, анамнезінде қант диабеті мен гипертониялық ауру анықталды. Клиникалық симптомокомплексті атаңыз://

+Гриншпан синдромы//

Стивенсон-Джонсон синдромы//

Туреннің үлкен афтозы//

Мелькерсон-Розенталь синдромы//

Лайел синдромы

***

Қызыл жалпақ теміреткімен науқастанған аурудың анамнезінде қант диабеті және гипертониялық ауру бар екендігі анықталды. Бұл клиникалық симптомокомплексті атаңыз://

+Гриншпан синдромы//

Стивенсон-Джонсон синдромы //

Туреннің үлкен афтозы //

Мелькерссон-Розенталь синдромы //

Лайел синдромы

***

Әйел адам, 40 жаста, ауыз қуысының күйю сезіміне шағымданып келген. Қарап тексергенде: қызарған ауыз қуысының шырышты қабығының бетінде ақ-сұр түсті папулалар анықталады. Папулалар кесте торына, қаршаларға ұқсас. Қол терісінде жазық, ақшыл-қызыл, балауыз тәрізді жылтыр папулар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді?//

Жалпақ лейкоплакия//

+Қызыл жалпақ теміреткі, жалқықты-қызарған түрі //

Жедел атрофиялық кандидоз//

Созылмалы атрофиялық кандидоз//

Қызыл жегі

***

Әйел адам, 40 жаста, ауыз қуысының құрғауына, шырышты қабығының тартылу сезіміне және кедір-бұдырлығына шағымданып келген. Қарап тексергенде: ауыз қуысының түсі өзгермеген шырышты қабығының бетінде ақ-сұр түсті папулалар анықталады. Папулалар кесте торына, қаршаларға ұқсас. Бет терісіндеде жазық, ақшыл-қызыл, балауыз тәрізді жылтыр папулар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай болжамды диагнозға сәйкес келеді?//

+Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі//

Лейкоплакия, веррукозды түрі//

Қызыл жалпақ теміреткі, жалқықты-қызарған түрі //

Созылмалы атрофиялық кандидоз//

Аллергиялық стоматит

***

53 жастағы науқастың ауыз қуысының кілегей қабатында, ұрт маңайында үлкен көлемді көкшіл-қызыл түсті жаралар анықталады, олар фибринозды, оңай алынатын қақпен жабылған. Никольский симптомы оң. Сіздің болжалды диагнозыңыз?//

Лейкоплакия, жаралы түрі//

Қызыл жалпақ теміреткі, жаралы түрі//

Жүйелі қызыл жегі//

+акантолитикалық күлбіреуік//

Көп түрлі жалқықты эритема

***

Науқастың жасы 50, тағам қабылдағанда, сөйлегенде, ауызында ауру сезімінің мазалауы 2-3 апта бұрын пайда болғанына шағымданады. Анамнезінде қантамырлы дистония, созылмалы гастриттің бары анықталды. Ауыз қуысының жұмсақ таңдайында өзгермеген шырышты қабатында шамамен 1,5-2 см өлшемді іркілген-қызыл түсті беткей жарасы (эрозия) бар. Никольский симптомы оң. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

+Акантолитикалық күлбіреуік//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

***

Зақымданған ошақтан алынған жақпаны цитологиялық зерттеу барысында, тікенекті қабаттағы клеткаларының өзгеріске ұшырағаны анықталды: клеткалардың өлшемі нормадан кішірек, дөнгелек пішінді, клетканың ядросы ірі, қара-көк түске боялған, ядро маңындағы цитоплазмасы ашық-көк түстес- ал шеттері - қара-көк түсті. Сонымен қатар көпядролы алып (гигантті) клеткалары да кездеседі. Бұл цитологиялық сипаттама қандай ауруға тән көрініс//

+Акантоликалық күлдіреуік (пузырчатка) //

Қызыл жалпақ теміреткі//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

Науқас 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауырсынуларына, жалпы әлсіздігіне, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде: оң жақ ұрттың және жұмсақ таңдайдың өзгермеген шырышты қабығында күңгірт – қызыл түсті, қатты ауырсынатын, шекарасында көпіршік қабыршақтарымен жабылған эрозиялар байқалады. Шыңтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз://

созылмалы қайталамалы герпестік стоматит//

көптүрлі экссудативті эритема//

+вульгарлы көпіршік //

қызыл жазық теміреткі, эрозиялы түрі//

жүйелі қызыл жегі

***

Науқас А., 57 жас ауыз қуысындағы қатты ауырсынатын эрозияға, гиперсаливация, ауыз қуысындағы күю және піскілеу сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ ұрттың және жұмсақ таңдайдың өзгермеген шырышты қабығында күңгірт – қызыл түсті, қатты ауырсынатын, шекарасында көпіршік қабыршақтарымен жабылған эрозиялар байқалады Тіс формуласы: 1.6, 2.7 тістер - тісжегі, 2.6 тіс - пульпит, 3.5 тіс – периодонтит. Тіс тастары мен тіс қақтары бар. Кеуде, арқа, қолдар терісінде көпіршіктер анықталады. Никольский симптомы оң. Жергілікті ем үшін тағайындалады://

+ауыз қуысының санациясы, жергілікті жансыздандыру, антисептикалық өндеу, кортикостероидты жақпаларымен аппликация жасау//

ауыз қуысының санациясы, антисептикалық өндеу, гепарин жақпасымен аппликация жасау//

ауыз қуысының санациясы, жергілікті жансыздандыру, эрозиялардың электрокоагуляциясы//

жергілікті жансыздандыру, антисептикалық өндеу, кератопластиктермен аппликация жасау//

жергілікті жансыздандыру, антисептикалық өндеу, эрозияларды хирургиялық жолымен алып тастау

***

Науқас А., 57 жас ауыз қуысындағы қатты ауырсынатын эрозияға, гиперсаливация, ауыз қуысындағы күю және піскілеу сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ ұрттың және жұмсақ таңдайдың өзгермеген шырышты қабығында күңгірт – қызыл түсті, қатты ауырсынатын, шекарасында көпіршік қабыршақтарымен жабылған эрозиялар байқалады. Тіс формуласы: 1.6, 2.7 тістер - тісжегі, 2.6 тіс - пульпит, 3.5 тіс – периодонтит. Тіс тастары мен тіс қақтары бар. Кеуде, арқа, қолдар терісінде көпіршіктер анықталады. Никольский симптомы оң. Жалпы ем үшін тағайындалады://

+Кортикостериодты препараттар, диетотерапия, калий және кальций препараттар, С және В тобының витаминдер//

Седативті терапия, А витаминнің майлы ерітіндісі ішке, 1% никотин қышқылының инъекциялар//

Десенсибилизациялық препараттар, В тобының витаминдер//

Кең спектрлі әсері бар антибиотиктер, пробиотиктер, В тобының витаминдер//

Протозойларға қарсы препараттар, пробиотиктер, поливитаминдер

***

Әйел адам науқас, 33 жаста, ауыз қуысының шырышты қабығында, мұрын, бет терісінде бөртпелердің пайда болуына шағымданды. Шамамен 2 жыл ауырған, асқынуды басынан кешірген инфекциямен байланыстырады. Қарап тексергенде: мұрын мен ұрттар терісінде эритематозды дақтар үстінде жараланған ошақтар байқалады, ошақтар пішіні көбелек сияқты. Ауыз қуысында еріннің, сол жақ ұрттың қызарған және ісінген сілемейлі қабығында беткей жаралар (эрозиялар) анықталады. Жаралар перифериясында гиперкератоз ошақтары байқалады. Люминесценттік диагностикалауда ауыз қуысындағы ошақтарды Вуд сәулелердің көмегімен қарағанда олар ақшыл түстес жарық береді. Болжалды диагноз//

геморрагиялық васкулит, жедел ағымды//
қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы түрі //
көптүрлі жалқықты эритема//
акантолитикалық көпіршік//
+созылмалы қызыл жегі

***

Дәрігер-стоматологқа 28 жасар науқас келген. 2.6 тіске 2% лидокаин ерітіндісімен инфильтрациялық жансыздандыру жасалған. 15 минут кейін науқас өзін жағымсыз сезді. Бет аймағының, қолының қышуына, әлсіздігіне, бас айналуына, төс сүйек аймағында ауырлық сезімін пайда болуына шағымданды. Қарап тексергенде: науқас бозарған, бет терісі қызарған, шынтақ терісінде қышыма бөрткендер, АҚ 80/50 мм сын.бағ. дейін төмендеген, жүрек соғысы әлсіз, пульс жылдам, тыныс алуы жиірек. Болжалды диагноз://

жедел жүрек жетіспеушілігі//

+анафилактикалық шок//

миокард инфаркті //

естен тану//

бронхиальды астманың приступі

***

Стоматологиялық клиникаға 27 жасар науқас таңертен тұрғанда бірден пайда болған ерін, тіл, ұртының ісінуіне шағымданып келген. Анамнезі бойынша: бір күн бұрын тіс-дәрігеріне қызыл иегінің қанайтынына және жағымсыз иіс шығуына шағымданып барған. Қызыл иекке ем жүргізген, тіс тастарын алып, антисептикалық өңдеу жасалған. Дәрігердің тағайындалуы бойынша сол күннің таңертенгі және кешкі уақытта қызыл иекке Метрогил-Дента гелімен аппликация жасаған. Қарап тесергенде: жоғарғы және төменгі еріндері көлемі бойынша үлкейген, еріндердің қызыл жиегі тырысқан, ауыз қуысында тіл көлемі үлкейген, екі ұрты ісінген. Бірақ бет терісінің, еріннің, ауыз қуысының шырышты қабатының түсі өзгермеген, ісінген тіндер сипап тексергенде ауырмайды. Болжалды диагноз://


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2025 год. (0.044 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>