|
* өт қабы өзгермеген
! Бауыр кистасының ультрадыбыстық көрінісіне тән емес:
* эхогенділігі төмен түзіліс
* сопақ пішін
* дөңгелек пішін
* +түзілістің артында көлеңкенің болуы
* түзілістің артында эхокүшею
! Құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ дайындағанда тамақтану рационынан алынбайтын тағамдар:
* ұннан жасалған өнiмдер
* көкөнiс, жемiстер, газды, табиғи шырындар
* кондитер өнiмдерi
* +ет, балық
* сүт өнiмдерi
! Бауыр аденомасында дәлелі басым ультрадыбыстық белгi:
* түзілістің үлкен өлшемдерi
* контуры тегiс емес, бұдырлы және айқын емес
* түзіліс өлшемінің үлкен еместігі
* гипоэхогенді Наlо-ның болуы
* +контуры салыстырмалы тегiс және айқын
! Жедел холециститтiң ультрадыбыстық белгiлерi:
* +пішінінің өзгеруi, өлшемінің ұлғаюы, iшкi контурының көмескiлiгi, эвакуациялық қызметінің төмендеуi
* орналасқан орнының өзгеруі
* қабырғасының тығыздануы, контурының айқындығы
* өлшемінiң кiшiреюi
* қозғалысының шектелуi
! Паренхиматозды сарғаюдың ультрадыбыстық белгiлерi:
* жалпы бауыр өзегінің диаметрi 5 мм астам
* жалпы өт өзегiнiң диаметрi 6-8 мм астам
* бауырішілік өт өзектерiнiң ұлғаюы
* +өлшемдерiнің, құрылымы, бауыр эхогендігінің өзгеруі
* бауыр өлшемдерi қалыпты, бiркелкi құрылымды, ұсақ дәндi, орташа эхогенді
! Сәулелік диагностикада өт қабының қандай қызметін анықтауда «сынамалық таңертеңгілік ас» қолданылады?
* концентрациялаушы
* өт резервуары
* +жиырылғыштық
* қызметін анықтамайды
* секреторлық
! Жедел панкреатиттің эхографиялық белгiсiне жатпайды:
* бездiң өлшемдерiнiң ұлғаюы
* бездiң контурының көмескiлiгі және айқын еместігі
* +без өлшемдерiнiң кiшiреюi
* без тінінің эхоқұрылымының диффузды бiртектi еместігі
* без тінінің эхогендігінің төмендеуі
! УДЗ-де өт қабының жағдайын бағалауда негiзгi белгiлерге жатпайды:
* орналасуы
* пішіні, өлшемдері
* контуры
* қапшық ішіндегісі
* +Вирсунгов өзегінің жағдайы
! Тоқ iшектiң рентгенологиялық зерттеуiнiң негiзгi әдiстемесi болып табылады:
* пероралды толтыру
* +ирригоскопия
* су клизмасы және жоғарывольтты рентгенографиясы
* Шерижье әдiстемесі
* фармакосынамамен ирригоскопия
! Таңертеңгiлік асты қолданып өткізетін аш iшектiң рентгенологиялық зерттеуінің артықшылығы:
* зерттеудiң жылдамдығы
* науқасқа сәулелену мөлшері аз
* +физиологиялық, қызметінің өзгерiстерін диагностикалау мүмкіндігі, зерттеудiң жылдамдығы
* полиптерді диагностикалау мүмкiн
* физиологиялық тұрғысынан дұрыс
! Көршi ағзалардың ауруларында он екі елі ішектің өзгерiстерiн анықтайтын рентгенологиялық әдiстеме:
* барий қойыртпағымен асқазан және ішекті зерттеу
* +релаксациялаушы дуоденография
* көктамырлы холеграфия
* пневмоперитонеум
* париетография
! Асқазан ішек жолына барий қойыртпағын енгізгеннен соң 24 сағаттан кейінгі өтуін анықтау мақсатында өткізілетін ренгенологиялық зерттеуге көрсетілім:
* тоқ iшектiң патологиясының зерттеулерi үшiн
* илиоцекалді аймақты зерттеу үшiн
* +ас қорыту жолы бойынша барий қойыртпағының жылжу жылдамдықтарын бақылау үшiн
* аш iшектiң зерттеулерi үшiн
* тік iшек зерттеулері үшiн
! Асқазанның антралді бөлігінің шырышты қабатының қатпары бұлшықеттік қабатының жиырылуынан болады. Қатпар бағыты қалыпты жағдайдағы орналасуы:
* тігінен
* көлденеңінен
* қиғаш
* тігінен және көлденеңінен
* +тігінен, көлденеңінен және қиғаш
! Дені сау адамда аш ішек бойымен барий қойыртпағының өту уақыты:
* 1 сағат
* 2 сағат
* +3 сағат
* 4 сағат
* 5 сағат
! Шырышты қабаттың қатпары ең айқын орналасқан жер:
* он екі елі ішекте
* ащ ішекте
* мықын ішекте
* +он екі елі ішек пен аш ішекте
* аш ішекте және мықын ішекте
! Көкеттің сол жақ күмбезі қалыпта орналасады:
* оң жақ күмбезбен бірдей деңгейде
* +оң жақтан бір қабырға аралыққа (қабырға төмен)
* оң жақтан бір қабырға аралыққа (қабырға жоғары)
* оң жақтан дем алған кезде төмен, дем шығарғанда жоғары
* оң жақтан дем алған кезде жоғары, дем шығарғанда төмен
! Терең және орташа дем алған кезде көкеттің қалыпты экскурсиясы шамамен тең:
* 0,5см және 1 см
* 1см және 2см
* 3см және 4см
* +4см және 5см
* 7см және 8см
! «Кеуделік асқазанда» өңеш үнемі:
* кеңейген
* +қысқарған
* ұзарған
* иірлі және ұзарған
* иірлі және қысқарған
! Жалпы өт өзегінің қалыпты көрсеткіші:
* ұзындығы шамамен 7,5 см
* +диаметрі 10 мм кем
* диаметр 12-15 мм
* ұзындығы шамамен 10 см
* ұзындығы 12-15 см
! Өңеште пульсионды дивертикул дамуы мүмкін:
* склероздаушы медиастенитте
* сілтілік эзофагитте
* өңештің тыртықты стриктурасында
* біріншілік туберкулезде
* +өңешішілік қысымның тұрақты түрде жоғарлауында
! Аш ішек пен тоқ ішектің жалпы шажырқайына тән емес:
* дуодено-еюналді иірімнің болмауы
* аш ішектің ілмектері құрсақ қуысының оң жақ бөлігінде орналасады
* +аш ішектің ілмектері құрсақ қуысының сол жақ бөлігінде орналасады
* соқыр ішек құрсақ қуысының орталық бөлігінде орналасады
* тоқ ішек құрсақ қуысының сол жақ бөлігінде орналасады
! Кеуде қуысының қай бөлігінде айырша без орналасқан?
* +төс арты кеңістігі жоғарғы қабатында
* жүрек арты кеңістігі жоғарғы қабатында
* төс арты кеңістігі төменгі қабатында
* жүрек арты кеңістігі төменгі қабатында
* жүрек арты кеңістігі ортаңғы қабатында
! Тимомегалия кезінде кардио-тимико-торакальдық индекс неге тең?
* индекс 0,38 -ге тең
* +индекс 0,38 ден жоғары
* индекс 0,30 –дан төмен
* индекс 0,30 –дан жоғары
* индекс 0,30-ға тең
! Лимфа түйіндерінің қалыпты жағдайда орташа өлшемі:
* +10мм дейін
* 10-15мм
* 11 мм
* 15-20мм
* 25-28мм
! Лимфа түйіндерінің шеткі жиегінде анэхогенді аймақтың пайда болуы нені көрсетеді?
* ісіктік инвазияны
* +реактивті ісіну пайда болғанын
* майлы сіңбені
* қабыну үрдісін
* іріңдеуді
! Жедел сплениттің эхографиялық сипаттамасы:
* +көкбауыр өлшемі ұлғайған, шеті доғалданған,біркелкі ұсақ дәнділіктің болуы және эхогенділігінің төмендеуі
* көкбауыр өлшемі ұлғайған, шеті доғалданған, біркелкі ұсақ дәнділіктің болуы және эхогенділігінің жоғарлауы
* көкбауыр өлшемі ұлғайған, шеті доғалданған, біркелкі емес ұсақ дәнділіктің болуы және эхогенділігінің жоғарлауы
* көкбауыр өлшемі ұлғайған, шеті қырланғанын, біркелкі емес құрылымын, эхогенділігінің төмендеуін
* көкбауыр өлшемі кішірейгенін, шеті қырланғанын, біркелкі емес құрылымын, эхогенділігінің төмендеуін
! Көкбауыр жыртылуының эхографиялық қосымша белгісі:
* +Дуглас кеңістігенде сұйықтықтың болуы
* жыртылу аймағында капсуланың гиперэхогенділігі
* жыртылу аймағында капсуланың гипоэхогенділігі
* жыртылу аймағы артындағы дисталдық күшеюі
* жыртылу аймағы артындағы дисталдық азаюы
! Көкбауыр дистопиясы бұл:
* дене қалпын өзгерткенде көкбауырдың патологиялық ығысуы
* +эмбриогенез кезінде көкбауырдың дұрыс орналаспауы
* көкбауыр өлшемі ұлғайып, паренхимасының қалыпты болуы
* көкбауыр өлшемінің ұлғаюы
* қалыпты жағдай
! Жедел лимфадениттің ультрадыбыстық көрінісінің сипаттамасы:
* +лимфа түйіндері өлшемінің ұлғаюы, эхогенділігінің айтарлықтай төмендеуі
* лимфа түйіндері өлшемінің кішіреюі, эхогенділігінің айтарлықтай төмендеуі
* лимфа түйіндері өлшемінің үлкеюі, эхогенділігінің айтарлықтай жоғарлауы
* лимфа түйіндері өлшемінің кішіреюі, эхогенділігінің айтарлықтай жоғарлауы
* ешқандай өзгеріс болмайды
! Ультрадыбысты зерттеуге құлақ маңы лимфа түйіндерінің жедел қабынуы диагнозы бар 29 жастағы науқас келді, тексеру барысында анықталды: лимфа түйіндерінің өлшемдері айтарлықтай ұлғайған, анэхогенді орындар және эхогенділігінің түбегейлі төмендегені, датчикпен басып тексергенде айтарлықтай ауыру сезімі бар, осы жағдай нені көрсетеді?
* құлақ маңы лимфа түйіндерінің метастаздық бұзылысын
* құлақ маңы лимфа түйініндегі созылмалы лимфаденитін
* +құлақ маңы лимфа түйіндеріндегі ірің араласқан жедел лимфаденит
* қалыпты жағдайдағы құлақ маңы лимфа түйіндері
* құлақ маңы лимфа түйініндегі Ходжкиндік лимфома
! 23 жастағы ер адамның кеуде мүшелерінің шолу рентгенографиясы кезінде анықталды: сол жақ өкпесінде – дөңгелек, қоюлығы мол, айқын контурлы, өлшемі 1см 0,9 көлеңке анықталды. Бұл сурет қандай патологиялық жағдайға сәйкес келеді?
* +кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезбен ауырып өтуі
* инфекциялық мононуклеоз
* Ходжкин лимфомасы
* созылмалы лимфоденит
* Бек саркойдозы
! Көкбауыр сол қабырға астында қай деңгейінде орналасқан?
* 6 қабырғадан 9-қабырғаға дейін
* +9 қабырғадан 11-қабырғаға дейін
* 5 қабырғадан 8-қабырғаға дейін
* 8 қабырғадан 10-қабырғаға дейін
* 7 қабырғадан 9-қабырғаға дейін
! УДЗ кезінде көкбауыр капсуласы мына түрде көрінеді:
* қалыңдығы 2-3 мм дейін гиперэхогенді үзікті сызықты құрылым
* қалыңдығы 3-4 мм дейін гиперэхогенді үзікті сызықты құрылым
* +мүше қақпасынан басқа барлық контурында қалыңдығы 2-3 мм дейін гиперэхогенді үзіксіз сызықты құрылым
* мүше қақпасынан басқа барлық контурында қалыңдығы 5 мм дейін үзіксіз гиперэхогенді сызықты құрылым
* қалыңдығы 1 см дейін гиперэхогенді үзікті сызықты құрылым
! Қалыпты жағдайдағы көкбауыр паренхимасының құрылымы:
* біртекті емес, ұсақ дәнді
* +біртекті, ұсақ дәнді
* біртекті, гипоэхогенді ошақтар
* біртекті, ұяшықты
* біртекті, ірі дәнді
! Созылмалы сплениттің эхографиялық сипаты:
* +көкбауыр өлшемі қалыпты болуы мүмкін, көптеген, ретсіз орналасқан, пішіні мен өлшемі әртүрлі гиперэхогенді қосындылары болуы нәтижесінен паренхима эхоқұрылымы «ала» болып көрінеді
* көкбауыр өлшемі ұлғайған, паренхимасы гипоэхогенді, контуры айқын, тегіс, пішіні мен өлшемі әртүрлі көптеген анэхогенді ошақтары болуы
* көкбауыр өлшемі күрт кішірейген, паренхима шеттері тегіс, анық, дөңгелек пішінді, көптеген ауалы кисталар әсерінен эхоқұрылымы ұяшықты.
* көкбауыр өлшемі өзгермеген, паренхимасы біртекті, гипоэхогенді.
* көкбауыр өлшемі ұлғайған, контурының доғалдануы нәтижесінен пішіні өзгеруі, мүше паренхимасының эхогенділігінің диффузды төмендеуі
! Лимфа түйіндерін іздеуде анатомиялық маркер қызметін атқаратын не?
* +қантамырлар
* сүйек құрылымы
* әр аймақтың ерекше маркері
* құрсақ қуысы мүшелері
* кеуде қуысы мүшелері
! Көкбауыр инфаркты кезінде алғашқы сағаттардағы көрінетін эхографиялық көрністері:
* +инфаркт болған аймақ үшбұрыш пішінді, эхогенділігі төмендеген
* инфаркт болған аймақ дөңгелек пішінді, гиперэхогенді
* инфаркт болған аймақ алғашқы тәуліктерде басқа сау тіндерден ерекшеленбейді
* инфаркт аймағы бұрыс пішінге ие болған, шеттері тегіс, анық, түзу шекераланған, эхогенділігі жоғарылаған
* инфаркт аймағы дөнгелек пішінге ие болған, сау тінінен гиперэхогенді капсуламенен шекараланған
! Түтікті сүйектің сүйек қуысын құрайтын бөлігі:
* метафиз
* эпифиз
* +диафиз
* метадиафиз
* апофиз
! 8 жасар баланың кеуде торының тура бағыттағы шолу рентгенограммасында: жоғарғы кеудеаралықта төс сүйегі сабының көлеңкесінен сыртқа шығып тұрған, сыртқы контуры айқын томпайған біртекті қою көлеңке байқалады. Бүйір бағыттағы рентгенограммада көлеңкенің төменгі жиегі жүрек-қантамыр шоғыры көлеңкесіне қосылып кетеді. Бұл рентгенологиялық көрініс қандай үрдіске сәйкес келеді?
* өкпенің ошақты туберкулезіне
* +айырша без гиперплазиясына
* қалқанша без гиперплазиясына
* лимфогранулематозға
* мадиастенитке
! Көкбауырдың мынадай екі бетін ажыратады:
* асқазандық және бүйректік
* қабырғалық және висцералдық
* +диафрагмалық және висцералдық
* диафрагмалық және ұйқыбездік
* жоғары және төменгі
! Көкбауырдың пішінін, орналасуын, көлемін, шеттерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы рентгенологиялық әдіс:
* құрсақтың жалпы шолу рентгенографиясы
* құрсақтың дәлдеп алынған рентгенографиясы
* ирригография
* +пневмоперитонеум
* пневмомедиастинум
! Тыныс алу мүшелерін рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері:
* Бронхография
* Ангиопульмонография
* +Рентгеноскопия, рентгенография
* Томография
* Рентгенокимография
! Рентген сәулесімен ағзаны экранда көре отырып тексеру:
* Рентгенография
* +Рентгеноскопия
* Флюорография
* Электрорентгеноскопия
* Ангиопульмонография
! Рентгенологиялық зерттеудің контрастық арнайы әдістері:
* КТ, МРТ
* Томография
* +Бронхография, ангиопульмонография диагностикалық пневмоторакс
* Пневмополиграфия
* Рентгенокинемотографи
! Тура бағыттағы рентгенографияда қабырғалардың артқы және алдыңғы бөліктерінің орналасуы:
* +қабырғалардың алдыңғы бөлігі төменге ойысталған, артқы бөлігі – жоғарыға дөңестелген, төс ұшы анықталмайды
* қабырғалардың алдыңғы бөлігі - дөңестігі жоғарыға, артқы бөлігі ойыстығы төменге
* қабырғалардың алдыңғы бөлігі - дөңестелген, алдыңғы бөлігі – көлденең тура
* Алдыңғы тура көлденең артқы қиғаш
* Артқы тура, көлденең, алдыңғы қиғаш
! Рентгенограмманың қалыпты қаттылығы кезінде анық көрінеді:
* І кеуде омыртқасының денесі, басқалары көрінбейді
* І-II кеуде – омыртқа денесі көрінеді, басқасы көрінбейді
* +I-II-III- кеуде омыртқасының денесі көрінеді
* 5 кеуде омыртқасының денесі көрінеді
* 6 кеуде омыртқасының денесі көрінеді
! Ересектерде диафрагма оң күмбезі көлеңкесінің орналасу деңгейі:
* III- қабырғаның алдыңғы шеті
* IV- қабырғаның алдыңғы шеті
* +V-VI- қабырғалардың алдыңғы шеті, X-қабырғаның артқы шеті
* VII- қабырғаның алдыңғы шеті
* VIII- қабырғаның алдыңғы шеті
! Тура бағыттағы рентгенограммада екі өкпе алаңындағы қалталар (синустар)
* +Оң және сол жүрек көкет синусы, қабырға көкет синусы
* Жүрек синусы
* Қабырға синусы
* Оң өкпе синусы
* Сол өкпе синусы
! Қалыпты жағдайда ересектердің оң өкпе түбірі көлеңкесінің орналасуы деңгейі:
* I – III қабырға алдыңғы шеті
* I – IV қабырға алдыңғы шеті
* II–III қабырға алдыңғы шеті
* +IІ–IV қабырға алдыңғы шеті
* II –V қабырға алдыңғы шеті
! Қалыпты жағдайда ересектердің оң өкпе түбірі көлеңкесінің ені дене тұсында:
* 0,5см
* +1–1,5см
* 2 см
* 2–2,5см
* 2,5–3см
! Бүйір бағытта жасалған рентгенограммада кеуде қуысы кеңістіктері:
* Жүрек алды
* Омыртқа алды
* +Төс арты (ретростерналды), жүрек арты (ретрокардиалды)
* Өкпе түбірі алды
* Өкпе түбірі арты
! Тура бағыттағы рентгенограммада оң өкпе жоғары және ортаңғы бөліктерінің шекарасы шамамен:
* II- қабырғаның алдыңғы шеті деңгейіндегі көлденең сызық
* III- қабырғаның алдыңғы шеті деңгейіндегі көлденең сызық
* +IV- қабырғаның алдыңғы шеті деңгейіндегі көлденең сызық
* VI- қабырғаның артқы шеті деңгейіндегі көлденең сызық
* VII- қабырғаның артқы шеті деңгейіндегі көлденең сызық
! Ортаңғы бөліктің төменгі шекарасының деңгейі:
* V- қабырғаның алдыңғы шеті деңгейінде
* +VI- қабырғаның алдыңғы шеті деңгейінде
* V- қабырғаның артқы шеті деңгейінде
* VI- қабырғаның артқы шеті деңгейінде
* VII- қабырғаның артқы шеті деңгейінде
! Нәрестенің тура бағыттағы кеуде рентгенограммасының ерекшеліктері:
+кеудеаралық көлеңкесі енді, қабырғалары көлденең, көкет күмбездері бір деңгейде
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |