|
* сұйықтығы бар мүшеге
* +паренхиматозды мүшеге
* аралас кистозды-солидті құрылымы бар мүшеге
* қуысты мүшеге
* мультикистозды құрылым
! 23 жасар науқас Е., УД зерттеуде ұйқы без күрт ұлғайған, паренхима біртекті, гипоэхогенді. Контуры айқын емес, нашар көрінеді, бездің артында ірі қантамырлар көрінеді, ол тән:
* +жедел панкреатитке
* созылмалы панкреатитке
* жарақаттық панкреатитке
* ұйқы без түзілісіне
* ұйқы безінің қалыпты УД-көрінісі
! Ұйқы безі басының қатерлі ісігінің негізгі эхографиялық белгілері:
* контуры тегіс, бездің локальді ұлғаюы
* ұйқы без басында шеттері тегіс ошақты зақымдану анықталуы
* басының эхоқұрылымы біртекті емес
* бауырішілік холестаз, бауырға метастаз беру
* +шеттері тегіс емес ошақты зақымдану және бездің бөліктік ұлғаюы
! Қалқанша безі аурулары кезіндегі рентгенологиялық зерттеу әдістеріне жататыны:
* қалқанша бездің томографиясы
* мойынның тура бағаттағы рентгенографиясы
* мойын-кеуде бөлімінің тура және бүйірлік бағыттағы рентгенографиясы
* өңештің мойын бөлімін контрастап тексеру
* +компьютерлік томография
! УДЗ қалқанша без кисталары мынадай түзіліс түрінде көрінеді:
* +дұрыс, домалақ пішінді, айқын контуры бар
* дұрыс емес пішінді, контуры айқын
* дұрыс домалақ пішінді, контуры айқын емес
* дұрыс емес пішінді, контуры айқын емес
* эхогенділігі жоғары
! Қалқанша безі қатерлі ісігінің ультрадыбыстық белгісі:
* +гипоэхогенділік, микрокальцинация, шекарасы тегіс емес, шетінде жуан және біркелкі емес доға болуы
* біркелкілік, гиперэхогенділік, шекарасы айқын
* біркелкі еместік, анэхогенділік, шеті айқын
* біркелкі еместік, гиперэхогенділік, жайылмалы, айқын емес шекарсасы
* біркелкілік, анэхогенділік, шеті айқын
! Бүйрекүсті без патологияларын анықтауда жетекші әдіс болып табылады:
* рентгенография
* +КТ
* МРТ
* УДЗ
* сцинтиграфия
! Қалқанша маңы безін зерттеуде ақпараттылығы көп әдісті атаңыз:
* +КТ
* рентгенография
* зонография
* сызықтық томография
* рентгеноскопия
! Айқын метеоризм кезінде ұйқыбезді тексеруге ыңғайлы әдіс:
* Рентгеноскопия
* +КТ
* МРТ
* УДЗ
* сцинтиграфия
! Қалқанша безді ультрадыбыстық зерттеу кезінде бағаланбайды:
* Без толығымен (бездің орналасуы, өлшемдері, контуры; пішіні, эхоқұрылымы)
* Мүшеішілік өзгерістері (өзгеріс сипаты (диффузды, ошақты), өзгеріс орны, саны, контуры, эхоқұрылымы)
* Қалқанша бездің маңындағы құрылымдармен қатынасы
* регионарлық аймақ лимфоағымының жағдайы
* +Кеудеішілік лимфа бездерінің жағдайы
! Қандай жаста қалқанша безінің өлшемдері максимальді?
* 1-15 жас
* +25-45 жас
* 15-25 жас
* 0-6 ай
* 60-70 жас
! Диффузды зоб кезінде қалқанша без өлшемі қандай болуы мүмкін?
* ұлғайған, қалыпты, кішірейген
* өлшемінің мәні жоқ
* кішірейген
* қалыпты
* +Ұлғайған
! Қалқанша без бөліктері мен қылтасының қатынасы:
* +бөліктер бездің негізгі массасын алады
* 50/50
* алқымы бездің негізгі массасын алады
* 70/30
* 30/70
! Мойын аймағының УДЗ кезінде өңеш көрінісін қандай құрылыммен жиі шатастырады?
* бұлшықетпен
* қантамырымен
* +қалқанша без түзілісімен
* қалқанша маңы безімен
* қалқанша без кистасымен
! Қалқанша безін динамикалық және статикалық сцинтиграфия жасауға (радионуклидтік зерттеуге қолданылатын радионуклидтер:
* 15О (оттегі 15, 11С (көміртегі 11.
* +131I (йод-131., 123I (йод-123., 99mТс (технеций 99м)
* 67Gа (галий 67), 201Tl (талий 201.
* 18F (фтор 18), 13N (азот 13)
* 111In (индий 111, 113mIn (индий 113m)
! Қалқанша бездің қалыпты жағдайда I131-ді сіңіруі.
* 2 сағатан кейн 2.5 %; 4 сағатта 7-10%; 12-20%
* 2 сағатан кейн 10-15 %; 4 сағатта 20-35 %; 24 сағатта 45-60%
* +2 сағатан кейн 7-10%; 4 сағатта 15-17%; 24 сағатта 29-32%
* 2 сағатан кейн 15-20%; 4 сағатта 25-35%; 24 сағатта 35-45%
* 2 сағатан кейн 20-25%; 4 сағатта 35-40%; 24 сағатта 45-60%
! Қалқанша безінің қалыпты жағдайда I131-ді сіңіруі көрсеткіші қалыпты жағдайда:
* Гипотиреоз
* Гипертиреоз
* +Эутереоз
* Дифузды уландырушы жемсау
* Бездің қызметіне байланысты емес
! Қалқанша бездің I131- сіңіру көрсеткіші қалыпты жағдайдан жоғары:
* Гипотиреоз
* +Гипертиреоз
* Эутереоз
* Хошимото тиреоидиті
* Без қызметіне байланысты емес
! Қалқанша безінің I131-сіңіру көрсеткіші қалыпты жағдайдан төмен.
* +Гипотиреоз
* Гипертиреоз
* Эутереоз
* Қалқанша без аденомасы
* Без қызметіне байланысты еме3.
! I131- ді қабылдағаннан кейн қалқанша безді сканнерлеуге қолайлы уақыт.
* 2-сағаттан кейн
* 4-сағаттан кейн
* 6-сағаттан кейн
* 12-сағаттан кейн
* +24-сағаттан кейн
! Қалқанша безді радионуклидті зерттеудің әдісін атаңыз:
* КТ, МРТ
* УДЗ
* томография
* ТДК
* +радиометрия
! Ұйқы безін зерттеуде төменде көрсетілгендердің қайсы әдіс қолданылады
* эхокардиография
* уротомография
* спленопортография
* +ЭРХПГ
* ЭЭГ
! Берілген сурет бойынша ұйқы безін зерттеу әдісін анықтаңыз
* +КТ
* УДЗ
* ЭРХПГ
* ПЭТ
* РНЗ
! Ұйқы безінің біріншілік зерттеу әдісі
* +УДЗ
* рентгенография
* КТ
* МРТ
* ЭРХПГ
! Ұйқы безі өзегі және өт өзегінің анатомиялық қатынасын, олардағы патологияны анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі
* +ЭРХПГ
* УДЗ
* КТ
* холангиография
* ангиография
! Асқазан ішек жолдары ағзалары қабырғасының қалыңдығын анықтайды
* пневмографиямен
* екілік контрастау
* +КТ
* ангиографиямен
* рентгенографиямен
! Асқазан немесе ішек қабырғасы құрылымын анықтауға болады
* париетографиямен
* қосарлап контрастау
* КТ
* +УДЗ
* МРТ
! Ұйқы безінің тінімен шектелген көлемді түзілістерді анықтауға болатын ең ақпаратты әдіс:
* +УДЗ
* сызықты томография
* релаксациялық дуоденография
* ретроградты панкреатография
* пневмоперитонеография
! Өт қабын контрастау үшін контрасты затты пероралды қабылдау мен рентгенологиялық зерттеудің арасындағы тиімді уақыт:
* 8-10 с
* 10-12 с
* +12-15 с
* 15-20 с
* 6-8 с
! Өт-тас ауруы кезінде билиарлы жүйені тексерудегі ең ақпаратты әдіс
ЭРХПГ
* +УДЗ
* тамырішілік холецистохолангография
* инфузионды холеграфия
* сплено-портография
! Аз мөлшерде рентгенконтрасты зат қабылдағанда асқазанда анықталады:
* шеттері
* жиырылуы
* +рельефі
* қабырғасының эластикалығы
* эвакуация
! Аш ішектің толық босау уақыты:
* 1,5-2 сағ
* 4-6 сағаттар
* +8-9 сағаттар
* 10-12 сағаттар
* 12-16 сағаттар
! Асқазан жарасының тікелей рентгенологиялық белгілері:
* шетінің тегіс еместігі
* перистальтикасының күшеюі
* ашқарында сұйықтықтың көптігі
* +«ойық» белгісі және тыртықты-жаралы деформация
* қатпарларының кеңеюі және біртегіс еместігі
! Асқазан рентгеноскопиясында анықталды - шеті тегіс және анық, дөңгелек пішінді ығыспайтын толу дефекті, шырышты қабатының рельефі өзгермеген, бұл сәйкес келеді:
* асқазанның қатерлі ісігіне
* асқазан жарасы
* +аяқшасы жоқ полипке
* асқазандағы аяқшасы бар полипке
* асқазан дивертикулына
! Жұтқыншақтың жоғарғы полюсінің орналасу деңгейі:
* +бас сүйегінің негізі
* хоана
* тілдің түбі
* тіласты сүйегі
* бадамшалар
! Ересектерде жұтқыншақ пен өңештің шекарасының орналасу деңгейі:
* ожау тәрізді шеміршек
* 5 мойын омыртқасы
* +6 мойын омыртқасы
* 7 мойын омыртқасы
* алмұрт тәрізді қойнауларда
! Тубулярлы өңешті толық толтырған кезде оның қуысының орташа ені мынадан аспайды:
* 1 сантиметр
* +2 сантиметр
* 3 сантиметр
* 4 сантиметр
* 5 сантиметр
! Контрасталған өңештің қалыпты жолын өзгертпейді:
* аорта
* сол жақ басты бронх
* сол жақ жүрекше
* +жұпсыз вена
* қалқанша безі
! Пероральді холецистографияда өт қабының контрасталуы байланысты:
* +ағзаның контрасты затты өтпен бірге бөлу қабілеті және өт қабының контрасталған өтті концентрациялау мүмкіндігіне
* өт қабының қабырғасынан контрасты заттың шығуына
* контрасталған өттен таңдамалы түрде ақуыздың абсорбциясына
* аталып кеткен үрдестердің барлығына
* майлардың эмульгациясына
! Көктамырішілік холеграфия әдісінің ақпараттылығын жоғарлатуға болатыны:
* фармакологиялық заттардың көмегімен, яғни бауырдың контрасты затты экскрециялау қызметін күшейту
* бүйректен шығуын ескеріп контрасты заттың қосымша бөлігін көк тамырға енгізу
* дегидратациялаушы заттардың көмегімен
* +контрасты заттарды көк тамырға тамшылатып енгізу немесе бір уақытта контрасты затпен бірге қан сарысуының альбуминдерін енгізу
* зәйтүн майымен «таңғы ас сынамасы» есебімен
! Ультрадыбыстық зерттеуде толып тұрған өт қабы қабырғасының қалыпты жағдайдағы қалыңдығы мынадан аспайды:
* 1мм
* +2 мм
* 3 мм
* 4 мм
* 5 мм
! Қуысты ағзалардың перфорациясы кезінде құрсақ қуысына бос ауаның жиналу орнын көрсетіңіз:
* тік тұрған қалыпта құрсақтың алдыңғы қабырғасы артында, горизонталды – көкеттің сол жақ күмбезі астында
* +тік тұрған қалыпта көкеттің оң жақ күмбезі астында, горизонталды –құрсақтың алдыңғы қабырғасының астында
* тік тұрған қалыпта көкеттің сол жақ күмбезі астында, горизонталды – қалыпта көкеттің оң жақ күмбезі астында
* Екі қалыптада да құрсақтың алдыңғы қабырғасының астында
* Екі қалыптада да кіші жамбас аймағында
! "Штопор тәрізді өңеш" термині – бұл:
* даму аномалиясында
* даму ақауында
* +жүйке бұлшықетті ауруда
* қабыну аурулары
* қатерлі ісік аурулары
! Рентгенологиялық зерттеуде контрасталған соқыр ішек қалыпты жағдайда:
* оң жақта бауыр астында
* сол жақ мықын аймақта
* +оң жақ мықын аймақта
* кіші жамбас аймағында
* көкеттің сол жақ күмбезінің астында
! Өңештің ойық жаралары жиі кездесетін орны:
* алдыңғы қабырғасында
* алдыңғы бүйір қабырғасында
* тек бүйір қабырғасында
* +артқы және бүйір қабырғасында
* заңдылықтар жоқ
! Өңеш рагының жиі орналасатын орны
* өңештің жоғарғы бөлігінде
* +өңештің ортаңғы бөлігінде
* өңештің төменгі бөлігінде
* өңештің абдоминалды кесіндісінде
* жұтқыншақтың-өңешке өтетін жері
! Өңештің жоғарғы бөлігінде жалпақ бөгде заттың (тиын) орналасуы:
* көлденең
* сагитталды жазықта
* +фронталды жазықта
* қиғаш
* заңдылықтар жоқ
! Бауырды визуалды зерттеуде ақпараттылығы көп әдіс
* Құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
* УДЗ
* Спленопортография
* +КТ, МРТ
* Радионуклидті зерттеу
! Бауырдың эхогенділігінің жоғарлауы бұл:
* бауыр тінінің дыбыс өткізгіштігінің жоғарлауы
* +бауыр тінінің дыбыс өткізгіштігінің төмендеуі
* ультрадыбысты құралдардың сапасының жақсаруы
* ультрадыбысты құралдарды дұрыс орналастыру
* ауа толған ішек ілмегінің қабаттасуы
! Паренхимасы өзгермеген бауыр құрылымының УДЗ-гі көрінісі:
* +ұсақ дәнді, орташа эхогенділік
* ірі дәнді
* эхогенділігі жоғары аймақтар
* эхогенділігі орташа аймақтар
* эхогенділігі төмендеген аймақтар
! Асқазанның шырышты қабатының рельефінің (асқазан алаңдары) анықтаудағы ең негізгі техникалық және әдістемелік шарттары:
* рентгенотеледидарды қолданумен жасалған рентгеноскопия
* арнайы күшейткіш экрандар, пневморельеф жағдайындағы рентгенологиялық зерттеулер
* рентген түтігінің микрофокусы, қатты сәулелену
* +қысқа экспозициядағы рентгенограммалар, ұсақ дисперсті барий қойыртпағы, мөлшерлі компрессия
* асқазанның санды рентгенографиясы
! Асқазанның денесі мен кардиалды бөлігінің артқа және солға ығысуы, ал шығаберіс бөлігі – төменге ығысуы байқалады:
* порталды гипертензияда
* өт қабының шемені (водянка)
* +бауырдың сол бөлігінің ұлғаюы кезінде
* ұйқы безінің ұлғаюы кезінде
* көкеттің релаксациясы кезінде
! Жарты шар пішіні тәрізді шектеліп ісінген, контуры тегіс және орақ немесе үйілген тастар тәрізді әктенген аймақтары болып бауырдың ұлғаюы тән:
* бауырдың рагы
* +эхинококк кистасы
* көкеттің шектелген релаксациясы
* қабырға шеміршегінің әктенуі
* гематома
! Өт қабындағы тастардың 80% неден тұрады?
* холестеролдан
* көмір қышқылды кальциден
* билирубинат кальциден
* +аралас
* ақуыз
! Балаларда бауыр паренхимасының эхогенділігін бүйректiң паренхимасы қыртысты қабаты эхогенділігімен салыстырғанда қандай болады?
* салыстыруға келмейді
* бірдей
* төмен
* +жоғары
* ешқандай мағынасы жоқ
! Бауыр циррозының УД негізгі белгісі:
* асцит
* спленомегалия
* қақпа венасы мен көкбауыр венасының ұлғаюы
* бауыр шетінің доғалдануы
* +бауыр өлшемдерінің өзгеруі, шетінің доғалдануы, дыбыс өткізгіштігі мен эластикалығының төмендеуі
! Құрсақ қуысында бос сұйықтық болуының рентгенологиялық белгiлеріне біреуінен басқа барлық аталған симптомдар жатады:
* латеральді каналдың кеңеюі: анотомиялық бөлшектердің айқын еместігі
* +шеттері доғаланған аш ішектің ауалы «аркасының» болуы
* ішек ілмектері арасындағы ұшбұрышты, жарты ай тәрізді, жолақ тәрізді көлеңке
* науқастың қалпын өзгерткен кезде көлеңке дәрежесінің өсуі
* Клойбер табақшаларының болуы
! Өзгермеген бауыр тінінің эхогенділігі:
* жоғарлаған
* төмендеген
* бүйректің қыртысты заты эхогендігімен бірдей
* +бүйректің қыртысты заты эхогендігінен жоғары
* бүйректің милы заты эхогендігінен жоғары
! Ультрадыбыс сигналының сөнуіне кіреді:
* таралуы
* шағылысуы
* жұтылуы
* +таралуы және жұтылуы
* таралуы, шағылысуы, жұтылуы
! Созылмалы гепатиттің орташа дәрежесінің УД белгілерін көрсетіңіз:
* бауырдың өлшемдерінің кішіреюі
* эхогендігі төмендеген
* +эхогенділігі жоғарлаған
* эластикасы төмендеген
* бауырдың шетінің доғалдануы
! Ішек өтімсіздігі кезінде бірінші рентгенологиялық симптомдары пайда болады:
* 1-1,5 сағаттан соң
* 1,5-2,5 сағаттан соң
* +2,5-3 сағаттан соң
* 4-5 сағаттан соң
* 6-8 сағаттан соң
! Ұйқы бездің көлемді түзілісі және оның механикалық сарғаюмен асқынуын дәлелдейтiн әдiстеме:
* барий қойыртпағымен асқазан және iшектердiң рентгенологиялық зерттеуi
* релаксационды дуоденография
* +инфузионды тамырішілік холеграфия
* ретроградты холангиопанкреатография
* құрсақ қуысы ағзаларының КТ
! Өт тастарының дәлелді ультрадыбыстық белгiлерi болып табылады:
* +акустикалық көлеңкесі бар гиперэхогенді түзіліс, науқас қалпын өзгерткен кезде орнын аустыруы
* акустикалық көлеңке жоқ гиперэхогенді түзіліс
* қабырғалық гиперэхогенді түзіліс, науқас қалпын өзгерткен кезде ығыспайды
* акустикалық көлеңкесі жоқ, құрылымы әртүрлі түзіліс
* акустикалық көлеңкесі жоқ, изоэхогенді түзіліс
! Жалпы өт өзегі деңгейіндегі обтурацияның УДЗ-гі негізгі белгілері:
* +өт қабы ұлғайған және өттік таңғы астың әсерінен жиырылмайды, бауырішілік және бауырдан тыс өзектің кеңеюі
* өт қабы ұлғайған және өттік таңғы астың әсерінен жиырылуы
* бауырішілік өзектің кеңеюі
* өт қабы ұлғайған, өзектер кеңеймеген
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |