Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. 1990 жылдардағы ERP-жүйелердің дамуы 1 страница



МЕНЮ ҚАЗАҚША

1. 1990 жылдардағы ERP-жүйелердің дамуы

2. ERP-жүйедегі жаңа әдістер

3. ERP-жүйедегі жаңа идеялар

4. ERP-жүйедегі тесттің 3 фазасы

5. ERP-жүйедегі тесттің құжаттары

6. ERP-жүйедегі функционалдық модульдер

7. ERP-жүйелер арқылы жұмыс күшін басқару

8. ERP-жүйелер арқылы қаржы ресурстарын басқару

9. ERP-жүйелерді басқарудың стандарттары

10. ERP-жүйелерді жүзеге асыру барысындағы негізгі проблемаларды шешу жолдары

11. ERP-жүйелерді орнатудың мүмкіндіктері

12. ERP-жүйелердің даму тарихының бірінші кезеңі

13. ERP-жүйелердің даму тарихының екінші кезеңі

14. ERP-жүйелердің даму тарихының үшінші кезеңі

15. ERP-жүйелердің жүзеге асыру уақыты

16. ERP-жүйелердің заманауи құрылымы

17. ERP-жүйелердің кластары

18. ERP-жүйелердің құрамы

19. ERP-жүйелердің шектеулілігі

20. ERP-жүйені қолданудың артықшылықтары

21. α-тестілеуді сипаттаңыз

22. β-тестілеуді сипаттаңыз.

23. Бизнес-процесс дегеніміз не?

24. Жүйе байланысын тексеру тесті

25. Интеграциялық тест және оның түрлері

26. Кодтың дұрыс жұмыс жасауын тексеру тесті

27. Қабылдау тесті дегеніміз не?

28. Мамандардың жұмыс жасау мүмкіндігін тексеру тесті.

29. Реинженеринг және оны жүзеге асыру жолдары

30. Санау жүктемесін тарту тесті дегеніміз не?

31. Симуляция дегеніміз не? Оны ERP-жүйеде қандай мақсатта қолданады?

32. Франчейзинг дегеніміз не?

33. Функционалды тестті қалай жүзеге асырамыз?

34. Функциялардың байланысын тексеру тесті

1.1990 жылдардағы ERP-жүйелердің дамуы

ERP ұғымын MRP II дамуын зерттеу барысында Гарнер Ли Уайли 1990 жылы енгізді. Уайли ұйымның барлық ресурстарын теңгерімді басқаруды қамтамасыз ететін ортақ деректерді біріктіру ғана емес, сондай-ақ өндіру, сатып алу, маркетинг, қаржы сияқты көп қолданушылық жүйелердің пайда болуын болжады. 1990 жылдардың басында ERP түсінігі қолданбалы программалық жабдықтаудың өндірушілерінің қолдауы арқасында танымалдылыққа ие болды, атап айтқанда, 1992 жылы SAP R/2 материалдық ағындар басқару пакетінің мейнфреймдер мен Oracle үшін интеграции мен реинжиниринг негізінде жасалған SAP R/3 өнімінде іске асты. 1990 жылдардың ортасында ERP жүйесін енгізу жөніндегі консультациялық қызметтер нарығы қалыптасты. Жүйені енгізумен тек программалық жабдықтаудың өндірушілері ғана емес, сонымен қатар консалтингтік компаниялар да айналысты. Осылай 1996 жылы Andersen Consulting-та R/3 енгізумен айналысатын 3200 консультант, SAP-тың өзінде 2800, PricewaterhouseCoopers-те 1800, Deloitte & Touche-те 1400 консультант болса, 1999 жылы 50 мың R/3 консультанттарының SAP-та 10% ғана жұмыс істеді. 1998 жылы PricewaterhouseCoopers ERP жүйелер нарығын сипаттай отырып, ортақ айналымдағы қолданысқа BOPSE акронимін, Oracle, Peoplesoft, SAP, JD Edwards сияқты ERP жүйесін жеткізетін негізгі бестікті енгізді. 1990 жылдардың соңында нарықта бұл жүйелерден басқа Lawson, Great Plains, QAD, Ross and Solomon сияқты қосымша елеулі ойыншылар болды. Сондай-ақ 1998 жылғы трансұлттық корпорациялардың 60%-дан астамы SAP R / 3 жүзеге асырдық деп атап отыр. 1999 жылға қарай алғашқы ашық ERP-жүйесін дамыту бастамасы Compiere болса, содан кейін одан басқа еркін ERP пакеттер пайда болды. Олардың ішіндегі ең атақтылары - Dempiere, Openbravo, ERP5, OpenERP болып табылады.



 

2.ERP-жүйедегі жаңа әдістер

Заманауи ERP жүйелер қолданбалы басқару жүйесін, белгілі бір даму сатысынан өткен және көптеген компаниялар тәжірибесімен тексерілген әр түрлі әдістерді қолдайды. Бұл әдістер әр түрлі - қарапайым басқару тапсырыс нүктесінен, синхронды жоспарлау және оңтайландыру үлгілеріне дейін. APS (Advanced Planning and Scheduling) әдістемесі 90-ыншы жылдардың ортасында пайда болған, сондықтан өндірісті басқару теориясының соңғы әзірлемелерінің бірі ретінде қарастыруымызға болады. Бұл әдіс екі бөлімнен тұрады: өндірісті жоспарлау және жабдықтау, өндірісті диспетчерлеу. APS әдістемесінің бірінші бөлігі MRP II алгоритміне ұқсайды. Басты айырмашылығы – APS жүйесінде материалдардың келісілімдігі мен қуаттылығы итеративті емес, синхронды болып келеді. Синхронды болуы қайта жоспарлаудың уақытын күрт қысқартады. Бұл көрсетілімдік өндірісте, сондай-ақ тапсырыстың уақыты жағынан қатаң бәсекелестік кезінде әсіресе өзекті болып табылады. APS әдістемесінің екінші бөлігі – өндірістік диспетчерлеу, оңтайландыру элементтері мен әр түрлі шектеулерді ескере отырып, өндірістік қадағалау. APS функциялары қазіргі таңда тек Ресейде ғана емес, сондай-ақ Батыс елдерінің компанияларының көпшілігінде жаңа болып табылады. Алайда, уақыт өте келе APS алгоритмдері көптеген өндірістік компаниялар үшін жалпы қабылданған болады деп күтілуде.

Жалпы жағдайды ASP жүйе өзара байланысқан төрт процесті біріктіреді:

• өндірістік тізбегінің жоспарлау;

• кәсіпорын жұмысын жоспарлау;

• Өндірістік жоспарлау;

• орындау мүмкіндігін бағалау.

 

3. ERP-жүйедегі жаңа идеялар

90-жылдардың ортасында ERP концепциясының кейбірлері өндірістік динамикалық жүйелердегі басқарудың талаптарына қарсы болады. Өнімді тапсырыс берушілер мүмкіндігі болғанша тапсырыстың нақтылықпен өз уақытында дайын болғанын талап етеді. Көбінесе бұл мерзім күн немесе апта бойынша емес, сағаттар мен минуттармен өлшенеді.

Мекемелерді басқарудың автоматтық жүйесінің құрылу концепциясын толықтыруда келесі бағыттарды көрсетуге болады:

1. Көп жоспарлау шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін шешімдерді қуатты жоспарлау кезінде дәрежесін жоғарылату;

2. Біруақытта шешімдердің дәрежесін көтеру және талдау мен модельдеу есептерінің уақытын нақты масштабта шешуге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;

3. Қолжетімді материалдық ресурстар мен қуаттарға шектеу қоя отырып жоспарлау есебін қарау;

4. Көп зауыттар (мекемелер) үшін бірмезгілде жоспарлау шешімдерін қалыптастыру;

5. Кері байланыстардың нақтылық пен тұрақтылықтың артуына орай процесстің нақты жағдайының есебі түрінде дамуы;

6. Жоспарлау шешімдерінде тиімділік әдістерін кеңінен қолдану;

7. Өндірістік цикл туралы ақпаратқа динамикалық тәсіл.

Мекемелерді басқару құралдары мен әдістері, идеялардың дамуы жаңа технологияның пайда болуына себепші болды. Бұл APS (Advanced Planning and Scheduling) технологиясы – «Синхронды жоспарлау және тиімділеу»).

APS технологиясы материалдар мен қуатқа тиісті синхронды жоспарлауды қамтамасыз етеді. Жоспарлау кезінде белгілі барлық нақты шектеулер саны бар жоспарлау процессінде жүктемелердің ағымдағы есептелген мәндерімен салыстандырылады. Осыдан кейін өндірістік жоспарлау жоғары тиімділікпен құрылады. Тапсырысты алған сәтте оның орындалу мерзімін нақты анықтауға мүмкіндік туады, ал кейін осы мерзім бойы бақылап отыра алады. Жүйе бүкіл өндірістік ресурстар – жабдықтар, персонал, құрал жабдық, тақы да өндіріске қажетті өнімдердің бәрінің есебінің нақты жоспарын құруға мүмкіндік болады.

Бұл технология екі бөлімнен тұрады:

· өндірістік жоспарлау және жабдықтау;

· Өндірісті жоспарлау.

Технологияның бірінші бөлімі MRPII алгоритміне ұқсас. Арасындағы негізгі айырмашылық – APS технологиясында материалдар мен өндірістік қуаттарға қажеттілік итерациялық түрде емес, жоспарлау мерзімін қысқартатын синхронды түрде болады.

Бұл әсіресе тапсырыс берілетін өндіріс үшін, сонымен қатар тапсырысты орындау мерзімінде және осы мерзімді нақты қадағалауда болатын қатал бәсекеде аса актуальды.

Технологияның екінші бөлімі – өндірісті жоспарлау тиімділік элементтерін әр түрлі жағдайда қоладнуға мүмкіндік береді.

Жалпы жағдайды ASP жүйе өзара байланысқан төрт процесті біріктіреді:

• өндірістік тізбегінің жоспарлау;

• кәсіпорын жұмысын жоспарлау;

• Өндірістік жоспарлау;

• орындау мүмкіндігін бағалау.

 

4. ERP-жүйедегі тесттің 3 фазасы

Программалық жабдықтың өмірлік циклының бір кезеңін програмалық жабдықты тестілеу процесі құрайды. Программалық жабдықтарды тестілеу өте көп уақытты қажет ететін күрделі де ұзақ процесс.

Программалық жабдықты тестілеудің мақсаты бұл құрылған программаның бастапқы техникалық тапсырмаға сәйкес толық орындалуын тексеру және оны қолданысқа енгізгенге дейін мүмкін болатын қателерін табу болып есептеледі.

Тестілеу процесі программалық жабдыққа қатысты жасалатын валидация және верификация процесстерінің құрамына кіреді.

Программалық жабдықты уақытқа қатысты алғанда тестілеудің төмендегідей түрлері қолданылады:

- альфа-тестілеу (alpha testing)

- бета-тестілеу (beta testing)

- қабылдау кезіндегі тестілеу (smoke testing)

Альфа-тестілеу – өнімді құрамас бұрын кодтың қаншалықты дұрыс жасайтындығын тексеру, бірақ кейде аяқталған өнімді ішкі қабылдау тесті сияқты тексеру мүмкін. Кейде альфа тестілеуде табылған қате дұрысталады немесе тестілеушілерге қайтадан өңдеуге жіберіледі. Екі сатыдан тұрады:

1. Ақпарат беру арқылы кодты тексеру;

2. Кодты тексеріп шығу;

Бета-тестілеу – кодтың, интерфейстің толық жүйе ретінде тексерілуі. Екі этаптан тұрады:

1. Бір жұмысшы бір күн бойы программаның жұмысын істеп, батырмаларын басып, табылған ақауларды журналына жазып отырады;

2. Бір мезгілде мекеменің қызметкерлері программаны қолданып көреді.

Қабылдау тесті- жүйені толықтай тексереді, бір күн бойы шыққан проблеманы талқылайды. Бұл процесс бір айға дейін созылуы мүмкін. Оны «пилоттық сынақ» деп те атайды.

Программалық жабдықтардың сапасын көтеру мақсатында жыл өткен сайын тестілеу процестерінің қатары жаңа әдістермен, жабдықтармен толығып келе жатқанын байқауға болады

5. ERP-жүйедегі тесттің құжаттары

Тест-план – QA инженердің басқаруымен жүргізілетін басты құжат. Негізінде тест-план мыналарды сипаатап, қамтуы керек:

· Тестілеу обьектісін(тестілеуден өтетін өнім)

· Тестілеу мақсаттарын

· Тестілеу стратегиясын(тестілеу қалай өтетінін, қандай құралдар қолданылатындығы)

· Проекттің приоритеттері мен процесстегі тестілеу ролін

· Тестілеу процессін(тестілеуді бастау уақытын, шешімдерді қалай интерпретациялау қажеттігін)

· Тестілеу ортасын

· Жеке тестілеу сценарийлерін

Жоғарыдағыдай тест план құрып, сол бойынша жұмыс жасау нақтсында көп бола бермейді. Көбінесе мұндай тест планнан ауытқуға уақыт жетіспеушілігі мен ресурстардың жетіспеушілігі себеп болады. Ондай жағдайларда тест-план тестілеу ортасын минимум сипатталуымен аяқталады.

Тест протокол нақты анықталған тестілеуді сипаттайды. Тест протокол жүйенің анықталған элементі тексеретін прцеденттер жиыны.

Әр прецедент тестілеу мақсатын, тестілеу алдында жүргізілетін кез-келген алдын ала тексерулерді өзіне қосуы керек. Әр прецендент тестілеу қадамдарынан құралған. Әр қадам нұсқамадан, күтілетін шешім мен нақты шешімнен тұруы қажет.Нұсқама тестілеуші тестіні дұрыс қадаммен жүргізе алатындай дәл болуы міндетті. Және де тестілеушінің арнайы орны болуы керек, себебі тестілеу дұрыс жүргізілуін немесе әр қадамның құлдырауын анықтау қажеттілігін қамтамасыз етеді.Кез-келген күтілген шешім мен нақты шешім арасындағы сәйкессіздік бұзылу деп анықталуы керек. Бұзылулар тпестілеу біткенге дейін жөнделуі керек.

Бағдарламалық қамтаманы тестілеуден өткізу үшін 3 тестілеу протоколын қолданады:

1. IQ жүйенің бағдарламалық қамтамаға сай машинада орналасқанын тексереді, жүйенің дұрыс орнатылуы мен конфигурациялануын қарайды.Бұл шарттар дизайн спецификациясының жалпы сипаттамаларында суреттеледі.

2. OQ протокол жүйе күтілгендегідей жұмыс жасауын тексереді. Ол функционалды шарртардың жалпы сипаттамаларында көрсетіледі.

3. PQ жүйе есептеулерді нақты жағдайларда шешуңн тексереді. Ол оны қолданушы спецификациясының шарттарындағы жалпы сипаттамалар бойынша тексереді.

Техникалық тексерулер кейде тағы 2 қосымша протоколды қажет етеді:

1. FAT – фабрикалық қабылдап алу тест протоколы

2. SAT – қабылдап алушы өзі берген шарттарға сай жұмыс жасауын қарау протокол тесті.

 

6. ERP-жүйедегі функционалдық модульдер

ERP жүйе келесідей басты функционалдық модульдерден тұрады:

· Сатылым мен өндірісті жоспарлау. Бұл модуль бойынша өнімнің негізгі түрлерін өндіру жоспарын ойлап табу басты іс-әрекет болып табылады.

· Сұранысты басқару. Бұл модуль өнімге болашақта болатын сұранысты болжауға,клиентке нақты уақыт аралығында дайын болатын тапсырыс көлемін анықтауға, дистрибьюторлар сұранысын анықтауға, кәсіакерлік шегіндегі сұранысты болжау үшін қажет және т.б.

· Ірілендірілген қуат көзін жоспарлау. Өндіріс жоспарын нақтылап, оның орындалу деңгейін анықтап отыру үшін қажет.

· Өндірістік басты жоспар(өнімді шығарудың жоспар -графигі). Өнім дайындалу уақытымен және жалпы санымен шыққан соңғы деңгей.

· Қажетті материалдар қорын жоспарлау. Материалдық ресурстардың түрлері анықталады(дайын агрегаттар, сатып алынатын өнімдер, жартылай фабрикаттар, жинақталған орамдар және т.б.) және жоспар орындау үшін жеткізіп берудің нақты уақыты көрсетіледі.

· Бұйым санын анықтау. Соңғы шыққан бұйым құрамын, оған қажет материалдық ресурстарды анықтайды.Нақтылап айтқанда спецификация өндірістің басты жоспары мен материал қажеттілігі жоспарының арасындағы байланыс болып табылады.

· Қажеттіліктерді қуатпен жоспарлау. Бұл этапта жоспарлау өткен деңгейлерге қарағанда тиянақты түрде жүргізіледі. Өндірістік қуат анықталады.

· Маршрутизация/жұмыс орталықтары. Бұл модуль арқылы әр түрлі деңгейдің өндірістік қуаттары, бұйым шығарылатын маршрут жоспары да анықталады.

· Цехтық жоспарлауды қуаты бойынша тексеріп, жөндеу жұмыстары.

· Сатып алуды, басы артық затты, сатылымды басқару.

· Финансты басқару(Негізгі кітапты кіргізу, дебиторлар мен несие берушілер үшін есеп жүргізіу,негізгі құралдар санағы, бар құралдар санын басқару, финанстарды басқару және т.б.)

· Шығындарды басқару(өнеркәсіптің барлық шығындарының есебі және дайын өнім немесе қызмет көрсетудің өзіндік құндылығын калькуляциялау)

· Проекттер мен программаларды басқару.

 

7. ERP-жүйелер арқылы жұмыс күшін басқару

Systems ERP (Enterprise Resource Planning) – компанияны толық бақылап және автоматтандыру тұрғысынан компанияның қажеттіліктерін жабу және де бизнесті ұйымдастыру қызметін атқарады. ERP жүйесі - кәсіпорынның қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің негізгі аспектілерін кешенді басқаруды және өндірістік, жоспарлау, қаржы және бухгалтерлік есеп, сатып алу, жұмыс күшін басқаруды, маркетинг, менеджмент және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басындағы ERP жүйесін жетекші өндірушілердің бірі - PeopleSoft – өз қызметін кадрлық жазбаларға пакеттерді әзірлеуден және жалақыны есептеуден бастады.

2000 жылдардың басында жетекші өндірушілер жұмыс күшін басқару қажеттілігін ұйымның адами капиталы ретінде түсінікті ілгерлетті (тиісінше, қолданысқа қысқартылған HCM – human capital management аббревиатурасын енгізді) және де осы тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында персоналды басқару модулінің функционалды мүмкіндіктерін кеңейтті. Қаржылық басқаруды дұрыс ұйымдастыру үшін қызметкерлердің білім беру жоспарын, кәсіби дағдылары жайлы және карьерасы туралы ақпаратты енгізіп, сақтап, соны қолдана отырып, негізгі көрсеткіштерді есептеп, ұйымды стратегиялық басқаруды қолға алды.

2000-шы жылдардың ERP-жүйесіндегі жұмыс күшін басқару модульдер ішінде: кадрлық жазбалар, жұмыс тапсырмаларын басқару, еңбек өнімділігін есептеу, іссапар, еңбекақы төлемін басқару, сыйлықақы, өтемақы және есептеу, зейнетақы есеп, персоналды бағалау, біліктілікті басқару (дағдылары, оқыту), жұмыс күшін іріктеу.

 

8. ERP-жүйелер арқылы қаржы ресурстарын басқару

Көп жағдайда қазіргі заманғы ұйымдардың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің басқару негізі ERP-жүйесі болып табылады. Оның басты артықшылығы ұйымның толық операциялық циклін басқаруда, ол жоспарлау, бақылау, орындау және еңбек қызметін талдау сатыларынан тұрады. Осылайша бұл - сенімділігі жоғарғы дәрежедегі ұйымның жұмысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Көп жағдайларда, ERP-жүйесі қаржы басқару мәселелерін шешу үшін жүзеге асырылады.

Компанияның қаржылық (ақшалай) функциясына бухгалтерлік, басқарушылық есепке алу, бақылауды жүргізу және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру кіреді. Ұйымның ақпараттық жүйеге қатысты басқаруын жүзеге асыру үшін ұйымның қаржылық моделі құрастырылады. Бұл модельге қаржылық көрсеткіштер мен қаржы ағындарында көрсетілетін операциялық цикл кіреді. Қаржылық көрсеткіштер қаржылық есеп принциптері бойынша жасалады және активтерді, шығыстарды, табыстар мен капиталды көрсетеді.

Қаржы ағындары кәсіпорындағы активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың қозғалысын білдіреді. Қаржы ағындары қаржылық және іскерлік операциялармен параллельді түрде жүреді. Олар операциялық цикл мәселесінде ресурстардың ағынын білдіреді және ERP-жүйесінмен тығыз байланыста болып табылады.

Қаржылық ERP модульдер арасында әр түрлі функционалдық блоктар көрсетіледі, әр түрлі жүйелерде және әр түрлі нұсқаларда олардың әр түрлі орналасу түрлері ұсынылады, ең кең таралғандары (ұйымдық бірлік бойынша):

Бухгалтерлік есеп: жалпы кітап, дебиторлық (дебиторлардың) шоттар, кредиторлық қарыз (кредиторлар), шоғырландыру;

Бухгалтерлік есеп және басқару: шығындардың шоты мен табыстардың пайда болуын есепке алу, өнім, жоба құны;

Қазынашылық: өтімділікті басқару, қолма-қол ақша басқару (соның ішінде банк шоттары және қолма-қол ақша,), банктермен өзара іс-қимыл, қарыздарды басқару;

Қаржылық менеджмент: Активтерді басқару, инвестициялық менеджмент, қаржылық бақылау және тәуекелдерді басқару.

 

Кейде қаржылық жоспарлау құрамына қаржылық жоспарлау мен негізгі көрсеткіштерді басқару кіреді, бірақ программаны әзірлеушілер бұл үшін арнайы жеке мамандандырылған бағдарламаны ұсынады.

 

 

9. ERP-жүйелерді басқарудың стандарттары

90 жылдардың басында аналитикалық Gartner Group компаниясы жаңа түсінік енгізді. ERP бір жүйеден екніші жүйеге мәліметтер жолдау қажеттілігін құртуға көмектеседі. Сонымен қатар өнеркәсіптегі кез-келген санды қызметкерлердің ақпаратқа бір уақытта қол жеткізуін қамтамасыз етеді. ERP жүйе өнеркәсіптердің шаруашылық саласы мен қаржыны басқарумен айналысуға арналған. Бұл өнеркәсіп басқару жүйесінің иерархиясындағы жоғарғы деңгей. Ол өндірісті, жоспарлауды, финанс пен бухгальтерияны, материалдық-техникалық қамтаманы және кадрларды басқаруды, шығын, басы артық заттарды басқаруды, тапсырыстарды қабылдауды, қызметтерді жеткізуді жақсы және толыққанды ұйымдастырып беруге арналған жүйе. Мұндай жүйелер басқарушыларды қол астындағыларды дұрыс басқаруға қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.Және де өнеркәсіптің жеткізіп берушілер мен қолданушылар арасындағы электрондық мәлімет алмасуға қажет инфраструктура құруға мүмкіндік жасайды.

ERP методологиясы келесі элементтерден құралады:

· Қажеттіліктерді материалдық түрде жоспарлау(MRP)

· Қажеттіліктерді қуат ретінде жоспарлау(CRP)

· Қажеттіліктерді финанстық ресурстар түрінде жоспарлау(FRP).

ERP жүйелердің басты модульдері:

· Финанстарды басқару

· Материалдық ағынды басқару

· Өндірісті басқару

· Проекттерді басқару

· Сервистік қызмет көрсетуді басқару

· Сапаны басқару

· Қызметкерлерді басқару

ERP – дің қосымша модульдері

· Логистикалық тізбекті басқару

· Өндірістік графиктерді құру мен жоспарлау

· Клиенттермен қарым қатынасты басқару

· Электрондық коммерция

· Бұйым туралы мәліметтерді басқару

· ERP дамуының негізгі бағыттары:

· ERP функцияналдылығының маңызы

· Арнайы салалық шешімдерді жасап шығару

· Корпорациялар арасындағы бизнес процестерді басқару модульдерін дамыту.

· Архитектураны дамыту

ERP жүйелер мысалдары:

• Oracle E-Business Suite

• Sap Business One

• 1С:Предприятие 8.0

• Microsoft Dynamics

 

10. ERP-жүйелерді жүзеге асыру барысындағы негізгі проблемаларды шешу жолдары

ERP- жүйесі кәсіпорынның өнімін арттыру және ақпараттардың бірқалыпты ағынын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. ERP-жүйені енгізу үшін кәсіпорын бұл жүйе туралы мұқиятты түрде мәліметтер жинап,зерттеуді, анализдеуді және де жүйені енгізер алдында көптеген маңызды сұрақтарды ескеруі қажет. ERP-жүйені енгізу түбегейлі өзгерістерге ғана емес, сондай-ақ көптеген қауіпке әкеледі. Сондықтан ERP-жүйені қолданған жағдайда қателіктерді уақытылы шешу қажет.

ERP-жүйелерді жүзеге асыру барысындағы негізгі проблемаларды шешу жолдары:

*Тиісті инфрақұрылымының болмауы. Инфрақұрылым мен қуаттың жеткіліксіз болуы жүйенің дұрыс жүзеге асыру процесіне ықпал етеді. Бұл жүйені іске асыру рәсімдерін істен шығаруы мүмкін. Бұл жүйені іске асыруды қолдау үшін қажетті қуат пен инфрақұрылымның болуы маңызды. Қажетті ресурстар жүйені жүзеге асыру процесіне дейін алдын-ала дайын болуы тиіс.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 306 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>