Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Көздік артерия ненің соңғы тармағы болып есептеледі? 4 страница



А) рентгенография
Б) ультрадыбысты зерттеу
В) +биомикроскопия
Г) компьютерлі томография
Д) ядерлік-магнитті резонанс

 

202.Блефаритке тән белгілер:

А) қабақтың сыртқа айналуы, жас ағу, көзден іріңді бөлініс ағу
Б) қабақтар толық жабылмайды, жарықтан жасқану, жас ағу
В) +қабақтардың қырлары қызарған, кірпіктердің түбінде қабыршақтар, қабық және жараның бар
Г) кірпіктердің өсуі дұрыс емес, көзден жіп тәрізді бөлініс ағады, қабақтар таңертең жабысып қалады
Д) қабақтың бүкіл қабаттарының қызарған, тремор, кірпіктердің түскен

 

++203.Науқастың көру кеңістігін тексергенде битемпоралдық гемианопсия анықталды. Патологиялық процесс көру анализаторының қай бөлігінде орналасқан?

А) оң көздің макуласында
Б) сол көздің көру нервінің көзұялық бөлігінде
В) шүйде бөлігінде
Г) +хиазмада
Д) төрттөбешіктің төмпесінде

 

204.Жастық катарактаның қай сатысында консервативті ем ұсынылады?

А)+ бастапқы
Б) жетілмеген
В) жетілген
Г)өте жетілген
Д) консервативті ем жүргізілмейді

 

++205.Диабеттік ретинопатияның екінші сатысына тән көз түбіндегі өзгерістер:

А) тор қабықта және КНД жаңадан қантамырлары түзіледі
Б) тор қабықтың тамырларында микро – және макроаневризмалар
В)+ шыны тәрізді денеге және тор қабыққа қан құйылу
Г) пролиферативті өзгерістер, глиоз
Д) тор қабықтың сылынуы

 

206.Көру нервінің невритінде дисктің түсі:

А) өзгермейді
Б) +қызарады
В) бозғылт
Г) воск тәріздес
Д) сұр

 

++207.Тор қабықтың әртүрлі себептерден болатын патологиясына тән емес шағым:

А) көру жітілігінің төмендеуі
Б) көру кеңістігінде әртүрлі өзгерістер
В) +көздің қатты ауырсынуы және оның иррадиациясы
Г) фотопсия
Д) заттардың қисайып көрінуі

 

208.Атеросклерозға тән емес көз түбіндегі өзгеріс:

А) тор қабық артериясының тарылуы
Б) «күміс сым» белгісі
В)+ «шие сүйегі» белгісі
Г) макулодистрофия
Д) тор қабықта ошақты дистрофиялар

 

209.Склера не үшін керек:

А) көзді қоректендіреді, көздің ішкі бөліктерін қорғайды, оған экстрабульбарлы бұлшықеттер бекітіледі
Б) +көздің ішкі бөліктерін қорғайды, көз алмасының пішінін түзеді, оған экстрабульбарлы бұлшықеттер бекітіледі
В) жарықты сындырады, оған экстрабульбарлы бұлшықеттер бекітіледі, көз алмасының пішінін түзеді
Г) көз алмасының пішінін түзеді, оған экстрабульбарлы бұлшықеттер бекітіледі, көзді қоректендіреді
Д) оған экстрабульбарлы бұлшықеттер бекітіледі, көздің ішкі бөліктерін қорғайды, көзді қоректендіреді



 

210.28 жастағы электросварщик бірнеше минут қорғаныш көзілдіріксіз жұмыс істеген. Содан 5 сағат өткен соң, көзі ауырсынған, ашыған. Өзіне жақын орналасқан емханаға барған. Қарап тексергенде: көз алмасы мен қабақтың конъюнктивасы қызарған, қасаң қабық ісінген және көптеген жалақтанған аймақтар көрінеді. Науқаста жарықтан қорқу, жас ағу, блефароспазм анықталды. Не істеуге болмайды?

А) мұздай басуға
Б) 30% сульфацил-натрий тамызуға
В)0,25% левомицетин тамызуға

Г) 0,25% дикаинді бір рет қана тамызуға
Д) +1 % гидрокортизон ерітіндісін тамызуға

 

++211.Ұзақ уақыт жанаспалы линза тағатын науқаста көзінің қызаруы, жарықтан қорқу, жас ағу, көрудің тұмандануы, ауырсыну пайда болған. Қарап тексергенде: қасаң қабықтың орталық бөлігінде сақина пішінді инфильтрат көрінеді. Сіздің алдын – ала диагнозыңыз?

А) мейбомилік кератит
Б) эпидемиялық кератоконъюнктивит
В)везикулезді ұшықтық кератит
Г)+ акантамебті кератит
Д)нейропараличтік кератит

 

++212.Панофтальмит кезінде қандай ота ұсынылады?

А) энуклеация
Б) көз шарасының экзентерациясы
В) +эвисцерация
Г) эвисцероэнуклеация
Д) витрэктомия

 

213.Қасаң қабықтың тесіп өткен жарақатына тән емес:

А) қасаң қабықтың бүкіл қабаттарын алып жатқан жараның болуы
Б) алдыңғы камера саяз
В) нұрлы қабықтың түсіп қалуы
Г) гифема
Д)+тор қабықтың сылынуы

 

214.Қандай жарақаттар орналасуы бойынша тесіп өткен жарақатқа жатпайды?

А) қасаң қабықтық
Б) +конъюнктивалық
В) корнеосклералық
Г) склералық
Д) лимбтік

 

215.Көзді тесіп өткен жарақаттың белгісіне жатпайды:

А) гипотония
Б) алдыңғы камера тереңдігінің өзгеруі
В) қасаң қабықта және склерда жараның болуы
Г) +бұршақтың орнынан таюы
Д) нұрлы қабықта тесіктің болуы

 

216.Окулистке 32 жастағы жүргізуші сол көзінің ауырсынуына, жарықтан жасқануға, көзінің қызаруына шағымданды. Оның сөзіне қарағанда, 2 сағат бұрын көліктің терезесі сынып, көзіне оның ұшқыны түскен. Көру жітілігі ОД – 1,0, OS-0,7 түзетілмейді. Оң көз – патология жоқ. Сол көз – көз саңылауы айқын тарылған, көз алмасының аралас инъекциясы. Қасаң қабықта сағат 3-тің тұсында, лимбке жақын оның терең қабаттарына жетпейтін, сызықтық, ұзындығы3-4мм. жара көрінеді. Алдыңғы камераның тереңдігі орташа, біркелі, ылғалы мөлдір, қарашық домалақ пішінді, ортасында орналасқан, көз түбінен рефлекс қызғылт. Көз түбінде патология жоқ. Көз іші қысымы палпаторлы қалыпты. Диагноз таңдаңыз:

А) қасаң қабықты тесіп өткен жарақат

Б) +қасаң қабықты тесіп өтпеген жарақат
В) қасаң қабықтың жарасы
Г) иридоциклит
Д) қасаң қабықта бөгде дене

 

217.Науқастың жарақаттан кейін нұрлы қабығының түсі тат басқандай өзгерген. Бұршақтың алдыңғы қабаттарында таттың түсіндей дақтар көрінеді. Диагноз?

А) жарақаттық увеит

Б) эндофтальмит
В) сұр катаракта
Г) +сидероз
Д) халькоз

 

218.Науқастың жарқаттан кейін көзі мүлдем көрмей қалған (0нөл). Оның себебі:

А) +тор қабықтың толық ажырауы

Б) көздің тесіп өткен жарақаты
В) көру нерві бүтіндігінің бұзылысы
Г) А және В дұрыс
Д) жарақаттық гемофтальм

 

219.Ересек адамның алдыңғы камера тереңдігінің қалыпты мөлшері:

А) +3мм

Б) 1,5мм
В) 6мм
Г) 7-8мм
Д) 0,3-0,5мм

 

++220. Жарақаттан кейінгі эндофтальмитке тән емес:

А)+ көз алмасы қимылының шектелуі

Б) конъюктиваның хемозы
В) көз түбінен сары-жасыл түсті рефлекс
Г) қарашық маңында сұрғылт-сары түсті жалқықты жабынды
Д) жарақаттанған көзде ауырсынудың күшеюі

 

++221.Иридоденез деген не?

А) нұрлы қабықта жаңадан қантамырлардың түзілуі

Б) қарашықтық жиектің жыртылуы
В)+ нұрлы қабықтың дірілдеуі
Г)нұрлы қабықтың түбінен ажырауы
Д) нұрлы қабықтың семуі

 

222.Ширмер сынамасында тестілік сорғыш қағаз неше уақыттан кейін бағаланады?

А) 10 минут

Б) 1 минут
В) 2 минут
Г) +5 минут
Д) 3 минут

 

223.Норн сынамасын жүргізгенде көзге тамызамыз:

А) +флюоресцеин ерітіндісін

Б) пилокарпин ерітіндісін
В) колларгол ерітіндісін
Г) алкаин ерітіндісін
Д) атропин ерітіндісін

 

224.Жасырын қылилық емді қажет ете ме?

А) +қажет етпейді

Б) қажет етеді, егер бір көздің ауытқуы 3-5º болса
В) қажет етеді, егер бір көздің ауытқуы 5-7 º болса
Г) қажет етеді, егер бір көздің ауытқуы 3 айға созылса
Д) қажет етеді, егер пациент үш жастан үлкен болса

 

++225.Қандай өзгерістер жарықты сезудің бұзылыстарына әкелмейді?

А) жарықтандырудың әлсіз деңгейінде қараңғыға адаптацияның төмендеуі
Б) жарықтандырудың жоғарғы деңгейінде қараңғыға адаптацияның төмендеуі
В) +ахромазия
Г) симптомдық гемералопия
Д) функциялық гемералопия

 

226.Электроретинография әдісі не зерттейді?

А) +тор қабықтың функциялық жағдайын бағалайды
Б) көз түбіндегі қантамырлардың қанға толуын анықтайды
В) тор қабықтағы қантамырлардың қан ағымының жылдамдығын анықтайды
Г) көру нервінің өткізгіштігін анықтайды
Д) тор қабықтың қалыңдығын анықтайды

 

227.Науқаста факоморфиялық глаукома. Емін таңдаңыз:

А) медикаментозды гипотензивті ем
Б) +ИОЛ қондырумен катарактаның экстракциясы
В) базалдік иридэктомия
Г) синусотрабекулэктомия
Д) лазерлік ем

 

++228.Науқаста лимбтің тұсында ақшыл-сарғыш түсті, қамыр сияқты консистенциялы, ауырмайтын түзілім бар. Көзі тыныш. Микроскопия жасағанда түзілімнен түк элементтері анықталған. Бұл неге тән:

А) эписклеритке
Б)+шеткі кератитке
В) дермоидқа
Г) көктемгі катарға
Д)птеригиумге

 

229.Науқаста тұйық жарақаттан кейін жоғарғы қабығында птоз, офтальмоплегия, мидриаз, қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі анықталды. Бұл белгілер неге тән:

А) эндокринді офтальмопатияға
Б) көз шарасының эмфиземасына
В) жоғарғы көздік саңылау синдромына
Г) +көз шарасының тромбофлебитіне
Д) тенонитке

 

++230.Науқас оң көзден жас ағуына және қызаруына шағымданады. Бұл белгілер бас миына 1жыл бұрын жасалған отадан кейін болған. Объективті бет нерві парезінің көріністері байқалады. Көз саңылауы толық жабылмайды, төменгі қабақтың шеті көз алмасына жетпейді. Диагнозды таңдаңыз?

А) блефарохалязис
Б) қабақтың сыртқа айналуы
В) трихиаз
Г) +лагофтальм
Д)блефароспазм

 

++231.Акантамебты кератиттің дамуы немен байланысты?

А) +жанаспалы линзаны ұзақ кигенде

Б) антибиотиктерді ұзак қолданғанда

В) тері саңыраукұлақты ауруларында

Г) Іріңді дакриоциститте

Д) жұкпалы конъюнктивит, блефарит, мейбомиттерде

 

++232.Дәрігерге жастағы наұқас екі көзінің оқтын оқтын кызаруына, ауырсынуына көру жітілігінің төмендегеніне шағымданды. Ал стоматологка стоматит жөнінде және дерматологка терінің жараларына шағымданды. Екі көзді объективті тексергенде, қасан қабық маңайлык инъекция,гипопион, артқы синехиялар, шыны терзді дененің карауытуы. Диагнозды танданыз?

А) +увеит Бехчет синдромы

Б) туберкулезды аллергиялық кератоувеит

В) увеит Стилл синдромы

Г) панофтальмит

Д) ревматоиды артрит

 

 

233.Жаракат алған науқастын бұршағы «күнбағыс» терізді сарғыш -жасыл түске өзгерді. Диагнозды танданыз

А) рентгенді катаракта

Б) сидероз

В) +халькоз

Г) контузионды катаракта

Д) инфракызыл сәулесінен болган катаракта

 

++234.Наукас жарақат алганнан кейін түшкіргенде және сіңбіргенде экзофтальмнін пайда болуына шағымданды. Қабақтарды пальпациялағанда серпімді кернелу және крепитация сезіледі. Алдын ала диагноз?

А) тенонит

Б) пульсациялық экзофтальм

В) +көз шарасының эмфиземасы

Г) көз шарасы веналарының эмфиземасы

Д) көз шарасының флегмонасы

 

235. Экзофтальмге шағымданып келген 75 жастағы науқастың қабақтарын жұмғызып көз алмасын аускультациялағанда, гуілдеген шу естіледі. Ол мойындағы ұйкы артериясының соққысымен күшееді және оны басқанда жойылады. Бұл белгілер неге тән?

А) көз шарасы тініне кан құйылғанға

Б)эндокринді экзофтальмге

В) көз шарасының эмфиземасына

Г)+ пульсациялық экзофтальмге

Д) көз шарасының тромбофлебитіне

 

236. Кандай витамин жетпегенде гемералопия дамиды?

А) С витамині

Б)Д витамині

В) Р витамині

Г) +А витамині

Д) К витамині

 

++237.24 жастағы пациенттің көру жітілігі тез төмендеп, оны шынылармен түзету жақсы нәтиже бермеген. Офтальмометрияда қасаң қабықтың радиус қисықтығының азайғаны, дұрыс емес қасаң қабықтық астигматизмі анықталды. Биомикроскопиялық зерттеуде қасаң қабықтың стромасында қарауыту және десцемет қабатында қатпалар байқалды. Алдын-ала диагноз?

А) кератит
Б) қасаң қабықтың дистрофиясы
В) +кератоконус
Г) үдемелі миопия
Д) астигматизм

 

238.Науқас 3 метр қашықтықтан көру жітілігін тексеретін кестенің тек бірінші қатарын ғана көреді. Оның көру жітілігі неше?

А) +0,01

Б) 0,03

В) 0,05

Г) 0,06

Д) 0,08

 

++239.Алдыңғы камераның сұйықтығы керек емес:

А) қасаң қабықты және бұршақты қоректендіру үшін

Б) жарықты сындыру үшін

В)зат алмасудың қалдықтарын шығару үшін

Г)офтальмотонусты ұстап тұру үшін

Д) +нұрлы қабықты және цилиарлы денені қоректендіру үшін

 

240.Қандай тәсіл конъюнктиваны зерттеуге қажет емес?

А) биомикроскопия

Б) сыртқы байқау

В)бифокалдік жарықтандыру тәсілі

Г)+ көз ішіне жарық енгізу тәсілі

Д) бактериологиялық, цитологиялық зерттеулер

 

241.40 жастағы 1,0 миопиясы бар пациенттің пресбиопиясын түзету үшін қандай көзілдірік береміз?

А) shpera concave 1,0Д
Б) shpera convex 1,0Д
В)+ түзетудің қажеті жоқ
Г) shpera convex 2,0Д

Д) shpera concave 1,5 Д

 

242.Көз күйігінің ІІІ сатысындағы өзгеріс:

А) қасаң қабықтың жалақтануы

Б) конъюнктиваның ишемиясы, қасаң қабық кедір-бұдыр

В)конъюнктиваның қызаруы, қасаң қабықта беткейлік жалақтану

Г) қасаң қабық «фарфор» тәрізді

Д)+ қасаң қабық «матовый»

 

243.Айналы офтальмоскопты кім ойлап тапты?

А) Ломоносов

Б) Филатов

В) + Гельмгольц

Г) Карл Цайс

Д) Вест

 

244.Көз іші қысымының қалыпты жоғарғы шекарасы (тонометриялық):

А) +26мм.сын.бағ.

Б) 28мм.сын.бағ.

В) 21мм.сын.бағ.

Г) 24мм.сын.бағ.

Д) 27мм.сын.бағ.

 

245.Науқасқа көзілдірік таңдағанда, мына жинағыш шынылар: 4,0Д; 4,25Д; 4,5Д; 4,75Д;5,0Д - 1,0 көру жітілігін берді. Қандай көзілдірік бересіз?

А) 4,0Д
Б) 4,25Д
В) 4,5Д
Г) 4,75Д
Д) +5,0Д

 

246.60 жастағы эмметропты пациенттің пресбиопиясын түзету үшін қандай көзілдірік береміз?

А) shpera convex 2,0Д
Б) shpera concave 2,0Д
В)+ shpera convex 3,0Д
Г) shpera concave 3,0Д

Д) shpera convex 4,0Д

 

247.++Көру нерві дискіне қарағанда сары дақ қайда орналасады?

А) көру нерві дискінен 3мм. қашықтықта, ішке қарай орналасқан
Б) +көру нерві дискінен 4мм. қашықтықта, сыртқа қарай орналасқан
В) көру нерві дискінен 2мм. қашықтықта, жоғарғы- ішке қарай орналасқан
Г) көру нерві дискінен 3мм. қашықтықта, төменгі-сыртқа қарай орналасқан
Д) көру нерві дискінен 6мм. қашықтықта, сыртқы-жоғары қарай орналасқан

 

++248.Қандай рефракцияда аккомодация үнемі кернелген жағдайда?

А) миопияда
Б) эмметропияда
В) +гиперметропияда
Г) пресбиопияда
Д) астигматизмде

 

++249. Гемералопия деп атаймыз?

А) көру кеңістігінің тарылуын
Б) бір түстің түсіп қалуын
В) көру кеңістігінің екіжақты жартысының түсіп қалуын
Г) +ымырттық көрудің бұзылуын
Д) аккомодацияның бұзылысын


250. Оң жақ көру жолы зақымданғанда болады:

А) +сол жақты гемианопсия
Б) оң жақты гемианопсия
В) битемпоралдық гемианопсия
Г) биназалдық гемианопсия
Д) оң жақтан көру кеңістігінің толық түсіп қалуы

 

++251.Үдемелі миопияға тән:

А) түзететін шыны күшінің 1,0 дптр.аса күшеюі
Б) қасаң қабықтың қисықтық радиусының азаюы
В) 1 жыл ішінде рефракцияның 1,0дптр. аса күшеюі
Г) 1 жыл ішінде көз алмасы өлшемінің 1 мм. аса үлкеюі
Д) +дұрыс В және Г

 

252. 45 жастағы науқас, слесарь болып жұмыс істейді. Ол жоғарғы қабақтың аймағына орналасқан ауырмайтын түзілімнің 5 ай бұрын пайда болғанын айтады. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінде шетінен 3мм. қашықтықта диаметрі 4мм.-дей ауырмайтын түзілім бар. Оның бетіндегі тері қимылдайды, өзгермеген, түзілімнің үстіндегі конъюнктива қызарған. Көздің қалған бөліктерінде өзгеріс жоқ. Көру жітілігі ОД – 1,0; OS – 1,0.Диагноз? Ұсынылатын ем?

А) теріскен, жергілікті антибиотик
Б) теріскен, бриллиант көгімен өңдеу
В) шиқан, Вишневский майымен компресс жасау
Г) халазион, сары сынап майын конъюнктивалық қуысқа салу
Д) +халазион, хирургиялық жолмен алып тастау

 

253. Қабақтың абсцесін хирургиялық жолмен ашуға көрсетім:

А) қабақ терісінің қызаруы
Б) қабақтың ісінуі
В) +флюктуацияның болуы
Г) пальпациялағанда ауырсыну
Д) қабақ терісінің кернелуі

 

254. Науқас 25 жаста, аспазшы. Оң көзінің қызаруына, көзден көп мөлшерде бөліністің ағуына, таңертең қабақтарының жабысып қалуына, жарықтан жасқану және көзден жас ағуына шақымданады. Ауырғанына екі күн болған. Объективті: ОД – көз саңылауы тарылған, қабақтары ісіңкі, кірпіктері бөлініспен жабысып қалған. Қабақтың және күмбездің конъюнктивасы қызарған, ісіңкі, инфильтрация байқалады. Күмбездің конъюнктива қатпарында іріңді бөлініс. Көздің алдыңғы бөлігінде патология жоқ. Сол көз – сау. Vis ОД – 1,0; Vis OS- 1,0. Диагноз? Зерттеу?

А) жедел конъюнктивит, вирусологиялық зерттеу
Б) аллергиялық конюнктивит, цитологиялық зерттеу
В) гонобленнорея, бактериологиялық егу және гонореяға тексеру
Г) +жедел конъюнктивит, бактериологиялық егу
Д) көктемгі катар, вирусологиялық зерттеу \

 

255. Қандай қылилықта амблиопия жиі кездеседі?

А) монолатералдық кезектес
Б) +монолатералдық тұрақты
В) билатералдық тұрақты
Г) билатералдық кезектес
Д) жасырын

 

++256. Амблиопияның жоғары дәрежесіне қандай көру жітілігі сәйкес келеді?

А) 0,1
Б) 0,2
В)+ 0,02
Г) 0,05
Д) 0,08

 

++257. Артифакия – бұл:

А) бұршақтың қарауытуы
Б) бұршақтың болмауы
В) +көзде жасанды бұршақтың болуы
Г) бұршақтың орнынан жартылай таюы
Д) бұршақтың орнынан толық таюы

 

258. Ядролық катарактасы бар науқасқа тән:

А) көру жітілігі көзге 1% пилокарпин тамызғанда жақсарады
Б) +көру жітілігі көзге 1% атропин тамызғанда жақсарады
В) көру жітілігі күндіз жақсарады
Г) көру жітілігі көзге квинакс тамызғанда жақсарады
Д) көру жітілігі түнде жақсарады

 

259.Боумен қабаты.... орналасқан:

А) +қасаң қабықтың эпителиі мен стромасының арасында
Б) строма және десцемет қабатының арасында
В) десцемет қабат және эндотелидің арасында
Г) строма және эндотелидің арасында
Д) эпителий мен десцемет қабатының арасында

 

260. Р. есімді науқас сол көзінің нашар көруіне шағымданады. Көруі біртіндеп төмендеген. Бұдан бұрын дәрігерге көрінбеген. Тексергенде оң көздің көру жітілігі – 1,0, КІҚ – 19мм.сын.бағ. Көзі тыныш. Көздің оптикалық орталары мөлдір, көз түбінен рефлекс қызғылт. Көз түбінде патология жоқ. Сол көздің көру жітілігі – 0,08; түзету көру жітілігін жақсартпайды. КІҚ – 18мм.сын.бағ. Көзі тыныш. Қарашықтың тұсында бұршақ диффузды бұлыңғыр. Көз түбінен рефлекс жоқ. Диагноз қойыңыз. Науқасқа қандай ем ұсынасыз?

А) ОД – бастапқы жастық катаракта, катарактаның интракапсулярлы экстракциясы, көзілдірікпен түзету
Б) OS - бастапқы жастық катаракта, катарактаның экстракапсулярлы экстракциясы, ИОЛ қондыру
В) OД - жетілмеген жастық катаракта, катарактаның интракапсулярлы экстракциясы, ИОЛ қондыру
Г) +OS - жетілген жастық катаракта, катарактаның экстракапсулярлы экстракциясы, ИОЛ қондыру
Д) OS - өте жетілген жастық катаракта, емнің қажеті жоқ

 

261. Дәрігерге келген науқас оң көзінде бөгде дене тұрғандай сезімге, әлсіз жарықтан жасқануға, көзден жас ағуға, қызаруына шағымданды. Науқас бұдан бір апта бұрын салқын тиіп ауырғанын айтты. Қарап тексергенде: оң көзінің көру жітілігі 0,6; сол көзі – 1,0. Оң көзінде жеңіл қасаң қабық маңайлық инъекция. Биомикроскопия: ОД - қасаң қабықтың эпителиінде бірнеше көпіршіктер анықталды және олар беткей бөлігінде бірігіп сұр түсті, ағаштың бұтағы тәрізді инфильтрат түзген, бұл көзге флюоресцеин ерітіндісін тамызғанда жақсы көрінеді. Диагноз қойыңыз:

А) терең ұшықтық кератит
Б) +беткей ұшықтық кератит
В) шеткі кератит
Г) кератомикоз
Д) қасаң қабықтың жарасы

 

262. Ісінген өте жетілген катарактада қандай асқыну болады?

А) факолизистік глаукома
Б) факотоксикалық иридоциклит
В) +факоморфиялық глаукома
Г) бұшақтың алдыңғы капсуласының жыртылуы
Д) бұршақ ядросының алдыңғы камераға таюы

 

++263. Тор қабықтың пигментті дегенерациясында көру кеңістігі қалай өзгереді?

А) көру кеңістігі мұрын жақтан тарылады
Б) көру кеңістігі самай жақтан тарылады
В) +концентрациялық тарылады
Г) көру кеңістігі жоғарыдан тарылады
Д) Бьеррум дағы

 

264. «Шие сүйегі» белгісі тән:

А) орталық хориоретинитке
Б) тор қабықтың орталық венасының тромбозына
В) диабеттік ретинопатияға
Г) +тор қабықтың орталық артериясының түйілуіне
Д)көз алмасының тұйық жарақатына


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.037 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>