Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Көздік артерия ненің соңғы тармағы болып есептеледі? 2 страница



В) көзге түскен бөгде денелерді алып тастау, бинокулярлы таңғыш тағу

Г) көзге түскен бөгде денелерді алып тастау, антисептиктер тамызу
Д) көзге түскен бөгде денелерді алып тастау, кортикостероидтар тамызу

 

73. ++Пресбиопияны түзеткенде, қандай факторларға мән беру керек?

А) +пациенттің жасына, көзінің клиникалық рефракциясына, жұмыс істеу қашықтығына

Б) пациенттің көзінің клиникалық рефракциясына, жұмыс істеу қашықтығына қарай пресбиопияны түзетуге арналған көзілдірікті таңдау

В) жұмыс істеу қашықтығына қарай пресбиопияны түзетуге арналған көзілдірікті таңдау, пациенттің жасына

Г) пациенттің жасына, көзінің клиникалық рефракциясына
Д)тек қана пациенттің жасына

 

74. Эмметроптың алыстағы анық көретін нүктесі қайда орналасады?

А) аккомодация барынша кернелгенде, көзден алыс қашықтықта
Б) +шексіздікте (егер аккомодация барынша тынышталғанда)
В) көздің алдында белгілі бір арақашықтықта
Г) көздің артында теріс кеңістікте
Д)аккомодацияның кернелуіне байланысты әртүрлі арақашықтықтарда

 

75. Эмметроптарда пресбиопия қай жастан басталады?

А) 30-35жас

Б) +40-45жас

В) 50-55жас

Г) 60-65жас
Д) 65 жастан асқанда

 

76. Науқас 27 жаста, екі көзіне (-) 6,5Д көзілдірік тағады, миопиямен сырқаттанады. Объективті: ОД – көру жітілігі түзеткенде 0,7,ал OS – 0,8 тең. Офтальмоскопиялық: КНД қызғылт, шекарасы көмескі, самай жақтан орақ тәрізді, артерия және вена тарылған, жолы өзгермеген, макулярлы рефлекс сақталынған, тор қабықтың шет жақтарының төменгі бөліктерінде пигменттер жайылған, хориоидеяның тамырлары көрініп тұр. Рефрактометрия нәтижесі: ОД sph (-) 7,5D, OS sph (-) 7,0D. Сіздің диагнозыңыз? Қандай зерттеу тәсілі қажет?

А) DS: OU – күрделі миопиялық астигматизм. Пахиметрия
Б) DS: OU – орташа дәрежелі миопия. Периметрия.
В) +DS: OU – жоғары дәрежелі асқынған миопия. Циклоскопия.
Г) DS: OU – күрделі миопиялық астигматизм, тор қабықтың шеткі дегенерациясы. Циклоскопия.
Д) DS: OU - әлсіз дәрежелі миопия. Скиаскопия.

 

77. Қабақтың созылмалы қабынудан болатын көлемді түзілімі:



А) папиллома
Б) фиброма
В) +халязион
Г) липома
Д) гемангиома

 

78. Аталғандардың ішінде қандай тәсіл клиникалық рефракцияның түрін және дәрежесін анықтамайды?

А) субъективті
Б) скиаскопия
В) рефрактометрия
Г) +офтальмоскопия
Д) кераторефрактометрия

 

79. ++Миоптың анық көретін алыстағы нүктесі қайда орналасады?

А) шексіздікте (егер аккомодация барынша тынышталғанда)
Б) көздің артында теріс кеңістікте
В) аккомодацияның кернелген дәрежесіне байланысты әртүрлі қашықтықта
Г) акомодация барынша кернелгенде көзден алыс қашықтықта
Д) +көздің алдында белгілі бір шектелген қашықтықта

 

80. Жақсы көру жітілігін беретін, гиперметропияны түзету үшін қандай көзілдірік беру керек?

А) барынша ең әлсіз оң шыны
Б) барынша ең әлсіз теріс шыны
В) барынша ең күшті теріс шыны
Г) +барынша ең күшті оң шыны
Д)пациент жақсы көтере алатын аталған бір шынылар

 

81. ++Астигматизмге не жатпайды?

А) бір көзде эмметропиямен миопияның бірге кездесуі
Б) бір көзде эмметропияның гиперметропиямен бірге кездесуі
В) бір көзде миопиямен гиперметропияның бірге кездесуі

Г) бір көзде әртүрлі дәрежедегі миопиямен гиперметропияның бірге кездесуі

Д) + бір көзде миопия немесе гиперметропиямен пресбиопияның кездесуі

 

82. 4,0 Д гиперметропияны жатқызамыз:

А) әлсіз дәрежеге
Б) + орташа дәрежеге
В) жоғары дәрежеге
Г) «В»-ға, егер қылилықпен бірігіп кездессе
Д) «В»- ға,егер қылилық және амблиопиямен бірігіп кездессе

 

83. Көздің физикалық рефракция тұрғысынан қарағанда миопия жатады?

А) әлсіз оптикалық жүйеге
Б) +күшті оптикалық жүйеге
В) «А»-ға, егер миопия дәрежесі 1,0Д-дан аспаса
Г) «Б» -ға, егер миопия дәрежесі 2,0 Д–дан аспаса
Д) «Б»-ға, егер миопия дәрежесі 3,0Д- дан аспаса

 

84. Кератопластика отасы қандай мақсатта жасалынады? Дұрыс емес жауабын атаңыз:

А) Оптикалық мақсатта
Б) +Көз іші қысымын төмендету үшін
В) косметикалық мақсатта
Г) рефракциялық мақсатта
Д) емдік мақсатта

 

85. Жоғары дәрежелі үдемелі асқынған миопияға жатпайды?

А) миопиялық конустың немесе артқы стафиломаның дамуы
Б) шыны тәрізді денеге немесе тор қабыққа қан құйылу
В)+ алдыңғы камераға қан құйылу
Г) дистрофиялық хориоретиналді ошақтардың түзілуі, Фукс дағы
Д) Тор қабықтың ажырауы және жыртылуы

 

86. Миопияны хирургиялық тәсілмен түзету ұсынылады, егер...

А) 3,0Д іштен туа біткен жәй үдемелі миопия болса
Б) жылына 1,0Д аспайтын жүре пайда болған орташа дәрежелі миопия болса
В) жылына 1,0Д асатын жүре пайда болған орташа дәрежелі миопия болса
Г) жылына 1,0Д асатын жоғары дәрежелі миопия болса
Д) +3- жыл бойы тұрақты орташа немесе жоғары дәрежелі миопия болса

 

87. Цилиарлы бұлшықеттің түйілуіне әкелмейді?

А) бұлшық еттердің іштен туа біткен әлсіздігі
Б) +физикалық жаттығулар
В) жақын қашықтықта ұзақ уақыт көру жүктемесі
Г) организмде улану ошақтары болғанда
Д) көзді шынылармен немесе жанаспалы линзалармен дұрыс түзетпегенде

 

88. ++Жақыннан аккомодация механизмі қосылғанда, көздің жалпы рефракциясымен не болады?

А) көздің жалпы рефракциясы азаяды
Б) +көздің жалпы рефракциясы күшееді
В) эмметроптарда көздің жалпы рефракциясы өзгермейді
Г) миоптарда көздің жалпы рефракциясы өзгермейді
Д) гиперметроптарда көздің жалпы рефракциясы өзгермейді

 

89. ++Төмендегі жауаптардың қайсысы миопияның ағымына сәйкес келмейді?

А) +солғын ағымды
Б) стационарлы (тұрақты)

В) жәй үдемелі
Г) тез үдейтін
Д) қатерлі

 

90. ++Жақыннан көргіштікке әкелетін факторлардың дұрыс емес жауабы?

А) склераның әлсіздігі
Б) аккомодацияның әлсіздігі
В) тұқым қуалау факторы
Г) +көз іші қысымының төмендеуі
Д) жалпы созылмалы аурулар және ошақты инфекциялар

 

91. Аккомодацияның түйілуін қандай медикаментозды дәрілермен жоюға болады?

А) альбуцид тамшыларын тамызу
Б) левомицетин тамшыларын тамызу
В) +атропин тамшыларын тамызу
Г) пилокарпин тамшыларын тамызу
Д) дексаметазон тамшыларын тамызу

 

92. Қасаң қабық немен қоректенеді:

А) +шеткі шумақты тамырлар жүйесімен
Б) хориоидеямен
В) тор қабықтың орталық артериясымен
Г) көзжас артериясымен
Д) көздік артериямен

 

93. Пресбиопия кезінде бұршақтың қандай қызметі бұзылады:

А) жарықты өткізу
Б) жарықты сындыру
В) +аккомодациялық
Г) зат алмасу
Д) трофикалық

 

94. Жанаспайтын тонометрмен анықтауға болады:

А) тонометриялық КІҚ
Б) эписклералді веналардағы қысымды
В) +шынайы КІҚ
Г)тонометриялық және шынайы КІҚ
Д) тор қабықтың орталық артериясының қысымын

 

95. ++Электроретинография тәсілімен нені анықтауға болады?

А) +тор қабықтың функциялық жағдайын бағалауға
Б) көз түбінің қантамырларын зерттеуге
В) тор қабықтағы тамырлардың қан ағысының жылдамдығын анықтауға
Г) алдыңғы камера бұрышын зерттеуге
Д) қасаң қабықтың сезімталдығын

 

96. ++Науқаста факоморфиялық глаукома. Емдеу тактикасын таңдаңыз:

А) жергілікті және жалпы гипотензивті терапия
Б) +катарактаның экстракциясы
В) базалді иридэктомия
Г)синусотрабекулэктомия
Д) емді қажет етпейді

 

97. ++Науқаста лимбтің маңында ақшыл-сарғыш түсті, қамыр сияқты консистенциялы, ауырмайтын түзілім бар. Көз тыныш жағдайда. Микроскопия жасағанда, түк элементтері анықталған. Бұл неге тән?

А) склеритке
Б) кератитке
В)+дермоидқа
Г) дистрофиялық кератитке
Д) птеригиумға

 

98. Науқаста жарақаттан кейін жоғарғы қабақтың птозы, офтальмоплегия, мидриаз және қасаң қабықтың сезімталдығы төмендегені анықталды. Бұл белгілер неге жатады?

А) эндокринді офтальмопатияға
Б) көз шарасының эмфиземасына
В) тенонитке
Г) көз шарасының тромбофлебитіне
Д)+ жоғарғы көздік саңылау синдромына

 

99. ++Науқаста бір жақты нұрлы қабықтың гетерохромиясы, қасаң қабығында шөгінділер, асқынған катаракта анықталды. Диагноз?

А) глаукомациклдік криз
Б) Бехчет синдромы
В) +Фукс синдромы
Г) нұрлы қабықтың эссенциалді мезодермалді дистрофиясы
Д) псевдоэксфолиативті синдром

 

100. Трахоманың (басыр) қоздырғышы болып табылады?

А) стрептококк
Б)стафилококк
В)+ хламидия
Г) саңырауқұлақ
Д) А және Б дұрыс

 

101. Қандай көрсеткіштер күрделі астигматизмге сәйкес келмейді?

А) тігінен -3,0Д, көлденеңінен -5,0 Д
Б) тігінен +5,0Д, көлденеңінен +3,0 Д
В) тігінен -5,0Д, көлденеңінен -1,0 Д
Г) +тігінен -3,0Д, көлденеңінен +4,0 Д
Д) тігінен -3,0Д, көлденеңінен -1,0 Д

 

102. Конъюнктивиттің белгілеріне жатпайды?

А) қабақ және көз алмасының дәнекер қабығының ісінуі, қызаруы
Б) конъюнктивалді қуыстан патологиялық бөлініс ағу
В) дискомфорт, құм түсендей сезім
Г) конъюнктивада жабындының, бүртіктердің және фолликуланың болуы
Д) +экзофтальм

 

103. ++Дакриоаденитке тән белгілер:

А) жас қапшығының ісінуі, ауырсыну

Б) +жоғарғы қабақтың сыртқы бөлігінің ісінуі, ауырсыну

В) цилиарлы дененің аймағының ісінуі, ауырсыну

Г) жас нүктелері аймағының ісінуі, қызаруы

Д) жас тұру

 

104. ++Көз шарасы флегмонасының белгілері:

А) +конъюнктивалді қуыстан әжептеуір бөліністің ағуы

Б) қабақтардың ісінуі
В) экзофтальм
Г) көз алмасы қимылының шектелуі немесе толық шектелуі
Д) қабақтардың қызаруы

 

105. Жасты әкететін жолдардың жабысу деңгейіне толық мәлімет береді:

А) өзектік сынама
Б) жас-мұрын сынамасы
В) жас жолдарын жуу
Г) диагностикалық мақсатта зондылау (сүңгілеу)
Д) +контрасты затпен рентген жасау

 

106. 40 жастағы +2,0Д көзілдірік тағатын науқасқа, пресбиопиясын түзету үшін қандай көзілдірік береміз:

А) 2,0Д жинағыш линза
Б) +3,0Д жинағыш линза
В) 2,5Д жинағыш линза
Г) 1,5Д жинағыш линза
Д) 1,0Д жинағыш линза

 

107. ++Қабақтардың айналмалы бұлшықетінің салында болатын көзден жас ағудың себебі:

А) жас нүктелерінің бітеліп қалуы
Б) жас безінің жедел қабынуы
В) жоғарғы қабақтың сыртқа айналуы
Г)+ төменгі қабақтың сыртқа айналуы
Д) мұрынжас өзегінен жастың өтпеуі

 

108. 70 жастағы 1,0Д миопиясы бар науқасқа жақыннна жұмыс істеу үшін қандай көзілдірік береміз?

А) shpera convex 2,0Д
Б) shpera concave 1,0Д
В) +shpera convex 3,0Д
Г) shpera concave 3,0Д
Д) shpera convex 3,5Д

 

109. Көру нерві іркілісінің алғашқы сатысында көру қалай өзгереді?

А) +өзгермеуі мүмкін
Б) айтарлықтай төмендемейді
В) айтарлықтай төмендейді
Г) 0-ге дейін жоғалады
Д) аздап жақсарады

 

110. Жедел эпидемиялық конъюнктивиттің қоздырғышы:

А) Френкель- Вексельбаум пневмококкы
Б) +Кох-Уикс таяқшасы
В) Нейссер гонококкы
Г) хламидия
Д) стафилакокк

 

111. ++Қандай белгі хламидиялық конъюнктивитке тән емес?

А) +конъюнктива астына қан құйылу
Б) қабақтардың конъюнктивасындағы фолликулалар
В) конъюнктива жағындысын алғанда жасушаішілік қосындылар
Г) урогениталді инфекция
Д) тетрациклин қатарындағы антибиотиктермен емдегенде нәтиже болмайды

 

112. ++Алдыңғы камерадағы өзгерістерді қандай тәсілмен зерттеуге болады?

А) офтальмоскопия
Б) +гониоскопия
В) көз ішіне жарық енгізу тәсілі
Г) периметрия
Д) тонометрия

 

113. ++Біржақты айқын птоз қандай асқынуға әкелуі мүмкін?

А) қасаң қабықтың қабынуына
Б) нұрлы қабық пен цилиарлы дененің қабынуына
В) жоғарғы қабақтың ішке айналуына
Г) +амблиопияға
Д) симблефаронға

 

114. Қасаң қабықтық синдромға тән:

А) жарықтан қорқу және жас ағу
Б) блефароспазм
В) +қабақтың астында бөгде дене тұрғандай сезім, көздің ауырсынуы
Г) жарықтан қорқу, жас ағу, ауырсыну, «бөгде дене» сезімі, блефароспазм
Д) А және Б дұрыс

 

115. ++Ұшықтық кератиттің әртүрлі түрлеріне тән:

А) нейротрофикалық зақымдану сипаты, соның себебінен қасаң қабықтың сезімталдығы төмендейді
Б) регенерация баяу
В) антибактериалды ем нәтиже бермейді
Г) А және Б дұрыс
Д) +А, Б, В дұрыс

 

116. Қандай синдромда алдыңғы камераға немесе шыны тәрізді денеге бұршақтың ығысуы мүмкін?

А) Дауна синдромында
Б)+ Марфан синдромында
В) Рейтер синдромында
Г) Фогта-Коянаги-Харада синдромында
Д) Маркус- Гунн синдромында

 

117. ++Астенопия –бұл:

А) бұршақтың болмауы
Б) жас-мұрын өзегінде стеноздың болмауы
В) екі көздің рефракциясы әртүрлі
Г) +көрудің талуы
Д) бір көзде әртүрлі рефракцияның болуы

 

118. Қасаң қабықтың эпителиінің бүтіндігін анықтау үшін конъюнктивалді қуысқа тамызамыз:

А) 0,5% алкаин ерітіндісін
Б) +1% флюоресцеин ерітіндісін
В) 1% колларгол ерітіндісін
Г) 30% сульфацил-натрий ерітіндісін
Д) 1% бетадин ерітіндісін

 

119. Амблиопияның түріне жатпайды:

А) дисбинокулярлы
Б) обскурациялық
В) +екіншілік
Г) рефракционды
Д) истериялық (ашудан кейін болатын)

 

120. Астигматизм дегеніміз не?

А) шыны тәрізді дененің біркелкі емес жарықты сындыруы
Б) екі көздің рефракциясы бірдей емес
В) екі көздің тор қабығына түсетін заттардың бейнесі көлемі бойынша әртүрлі
Г) +бір көздің перпендикулярлы меридиандарында клиникалық рефракцияның бірдей болмауы
Д) физикалық рефракцияның өзгеруі

 

121. Дұрыс түсті ажырату қалай аталады?

А) +қалыпты трихромазия
Б) ақаулы трихромазия
В) дихромазия
Г)монохромазия
Д) дейтеранопия

 

122. Жалақтанған (эрозивный) кератиттің диагностикасында және емінде қолдануға болмайды:

А) антибактериалды тамшыларды тамызу
Б) 1% метил көгін, 3% рибофлавин, 2% колларгол ерітінділерін тамызу
В) +кортикостероидтарды тамызу
Г) антисептикалық ерітінділерді тамызу
Д) кератопластикалық желе немесе майларды жағу (солкосерил, актовегин)

 

123. Науқаста күйіктен кейін конъюнктивасында терең шіру, «фарфор тәрізді қасаң қабық» анықталды. Бұл күйіктің қай сатысына тән?

А) Ісатысына

Б) ІІ сатысына
В) ІІІ сатысына

Г) +ІV сатысына

Д) V сатысына

 

124. ++Комберг-Балтин протезі керек:

А) рентген суреттерінен көз ішілік бөгде денелерді анықтау үшін
Б) +бөгде дененің рентгенде орналасуын анықтау үшін
В) ота жасағанда шыны тәрізді дене ағып кетпеу үшін конъюнктиваға тігіп қояды
Г) магнитті сынама жасау үшін
Д) анофтальм кезінде косметикалық мақсатта протездеу үшін

125. Жедел иридоциклитте көмек көрсетуде қажеті жоқ:

А) атропинді адреналинмен бірге немесе мезатон тамызу
Б) көк тамырға немесе бұлшықетке антибиотиктерді және антигистаминді дәрілерді егу
В) жиі антибиотиктерді және кортикостероидтарды тамызу
Г) өте қатты ауырсыну болғанда бұлшықетке анальгетиктер мен наркотиктерді егу
Д) +сіңдіретін терапия

 

126. Дәрігерге 45 жастағы әйел көзінің құрғақ сезіміне, қышуына, қабақтың астында бөгде дене тұрғандай сезімге шағымданды. Конъюнктивалді қуыста созылыңқы, жіп тәріздес бөлініс бар. Қасаң қабықтың төменгі бөлігі жылтыр емес. Көзге 1% флюоресцеин ерітіндісін тамызғанда, қасақ қабықтың эпителиі әлсіз боялды. Сіздің диагнозңыз?

А) Микулич ауруы
Б) конъюнктивит
В)+ көздің құрғақ синдромы
Г) блефарит
Д) каналикулит

 

127. Сидероз-бұл:

А) мыс ұшқынынан болатын көздегі өзгеріс
Б) +темір ұшқынынан болатын көздегі өзгеріс
В) аллюминий ұшқынынан болатын көздегі өзгеріс
Г) платина ұшқынынан болатын көздегі өзгеріс
Д) латун ұшқынынан болатын көздегі өзгеріс

 

128. Жастық катарактаның клиникалық ағымы бойынша кезеңдері қандай?

А) клиникалық суретіне дейін, бастапқы, жетілмеген, жетілген
Б) +бастапқы, жетілмеген, жетілген, өте жетілген
В) бастапқы, дамыған, өте дамыған, терминалді
Г) бастапқы, жетілмеген, сүт тәрізді, өте жетілген
Д) бірінші, екінші, үшінші, төртінші кезең

 

129. Емханадағы окулистке екі көзінің нашар көруіне шағымданып, бір әйел келді. Анамнезінен белгілі болғандай, ол балалық шағында тізе буындарының қабынып ауырғанын айтты. Қарап тексергенде: ОU - әлсіз жарықтан жасқану, көз алмасының инъекциясы, пальпациялағанда көз алмалары ауырмайды, қасаң қабықтың таспа тәрізді дегенерациясы, майда шөгінділер, қарашықтың пішіні жұлдызша тәріздес, жабысулар байқалады. Көру жітілігі ОU – 0,2. Сіздің диагнозыңыз?

А) увеит, Бехчет ауыруы
Б) туберкулезды-аллергиялық кератоувеит
В) +увеит, Стилл ауыруы
Г) увеит, Рейтер ауыруы
Д) увеит, Стивенс-Джонсон ауыруы

 

130. Офтальмологқа оң көзінен жас ағуына шағымданып науқас келді. Сыртқы байқап тексергенде, патология анықталған жоқ. Дәрігер науқастың оң көзіне 1% колларгол ерітіндісін тамызды және оң мұрын жолының төменгі қалқанына түбінде мақта тампоны бар зонд (сүңгі) енгізді. 5 минут өткен соң, сүңгі алынып тасталды, ал мақта тампоны колларголмен боялғаны анықталды. Осы зерттеудің мақсаты не? Бұл сынама қалай аталады? Оның нәтижесін суреттеп беріңіз.

А) өзектердің өткізгіштігін анықтау. Өзектік сынама. Оң.
Б) жастың бөлінуін анықтау. Вест сынамасы. Теріс.
В) +жасты әкетуді анықтау. Вест сынамасы. Оң.
Г) жастың түзулуін анықтау. Мұрын сынамасы. Оң.
Д) жасты әкетуді анықтау. Вест сынамасы. Теріс.

 

131. ++Егде жастағы әйел сол көзінің көру жітілігінің 2 тәуліктің ішінде 0,1 –ге дейін төмендегеніне шағымданды. Басқа шағымдар жоқ. АҚ- 180/100мм.сын.бағ. Көру кеңістігі қалыпты, КІҚ OU - 21мм.сын.бағ., көзі тыныш, қарашықтың диаметрі 3,0мм, қарашықтың жарыққа әсері жақсы. Көз түбін тексергенде «езілген помидор» белгісі анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

А) глаукоманың жедел ұстамасы
Б) тор қабықтың орталық артериясының жедел түйілуі
В) диабеттік ретинопатия
Г) жедел орталық хориоретинит
Д) +тор қабықтың орталық венасының тромозы

 

132. ++Көз түбіндегі «дене сүйектері» белгілері қандай патологияға тән?

А) шеткі хориретиналді дистрофияға
Б) +пигментті дистрофияға
В) гипертониялық ангиоретинопатияға
Г) миопиялық ауруға
Д) диабеттік ретинопатияға

 

133. Науқас оң көзінен жас ағуына, жарықтан жасқануына, ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен белгілі болғандай, ол кеше бақшада жұмыс істеп жүргенде, көзіне ағаштың бұтағы тигенін айтты. Қарап тексергенде: ОД – 0,4 түзетілмейді, OS – 1,0. Объективті: ОД – айқын қасаң қабықтық синдром, перикорнеалді инъекция, қасаң қабықты жанынан жарық түсіріп тексергенде ол бұлыңғыр, оптикалық маңы айнадай жылтыр қасиетін жоғалтқан. Алдыңғы камераның тереңдігі орташа, бірқалыпты. Дәрігер конъюнктивалді қуысқа 0,1% флюоресцеин ерітіндісін тамызғанда, қасаң қабықтың 2,0х1,5мм аймағы жасыл түске боялды. Сіздің диагнозыңыз? Емдеу тактикаңыз.

А) +қасаң қабықтың жалақтануы (эрозия), антисептиктерді, антибиотиктерді және витаминдерді тамызу
Б) қасаң қабықтың ноғаласы (бельмо), емдік кератопластика
В) қасаң қабықтың өршіме жарасы, антибиотиктерді және кортикостероидтарды тамызу және парабульбарлы аймаққа егу

 

Г) қасаң қабықтың жалақтануы, анестетиктерді және регенерациялық процесті жақсартатын дәрілерді тамызу
Д) қасаң қабықты тесіп өтпеген жарақат, анеститиктерді тамызу және ауруханаға жатқызу

 

134. Қасаң қабықтың түгелдей тамырланған ноғаласы бар науқасқа қандай ұсыныс бересіз? Процестің ұзақтығына 1жыл болған.

А) науқасқа ота жасауға болмайды, енді осылай қалады деп айтасыз
Б) +этиологиясын анықтап, көздің функциялық мүмкіндіктерін зерттеп, ота жасауға ұсыныс бересіз
В) көрмейтін көзді алып тастаңыз деп ұсыныс бересіз
Г) сіңдіретін ем бересіз
Д) жанаспалы косметикалық линза тағайындайсыз

 

135. Ш. есімді науқас сол көзінен 6 ай бұрын өндірістік жарақат алғаннан кейін, жарақаттанған көздің нұрлы қабығының түсі сұрдан қоңыр түске өзгергенін айтады. Жарақат алғаннан кейін ол МСБ (МСЧ) дәрігеріне барған, ол оған альбуцид беріп, үйіне жіберген. Қосымша зерттеу тәсілдерін жүргізбеген. Объективті:сол көзінің көру жітілігі – 0,4 түзетілмейді. Оң көзінде патологиялық өзгерістер жоқ. Көру жітілігі 1.0 тең. Дәрігер қандай қателік жіберген? Сол көзбен не болды?

А) рентген жасамаған, халькоз
Б) +рентген жасамаған, сидероз
В) офтальмоскопия жасамаған, халькоз
Г) RW анализін тексермеген, сидероз
Д) бактериологиялық зерттеу жүргізбеген, увеит

 

136. Дәрігерге келген 23 жастағы науқастың бойы ұзын, саусақтары ерекше ұзын. Алыстан нашар көреді, оқығанда басын бұрады. Науқастың сыртқы пішіні бойынша қандай ауыру туралы ойлауға болады? Бұл ауыру немен сипататталады?


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 55 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>