Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Науқас 30 жаста, І типті қантты диабетімен ауруды. Науқас инсулин енгізгенен кейін 3 сағаттан кейін комалық жағдайда клиникаға әкелінді. Тез арада



1 вариант

1.Науқас 30 жаста, І типті қантты диабетімен ауруды. Науқас инсулин енгізгенен кейін 3 сағаттан кейін комалық жағдайда клиникаға әкелінді. Тез арада қандай шара қолдану керек?

+ 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізу

2.Науқас 8 жаста, тісін жұлдырғанан кейін қан тоқтамай қойды. Аамнезінде кейінгі 4 жылда буындарына қан құйылулар және иектен қан кетулер болған. Осындай көріністер атасында байқалған. Объективті қарағанда: жұлынған тістің орнынан қан кетуде, тері қабаттары таза, қалыпты түсті, тізе буынының аздаған деформациясы байқалады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, манжеттік сынама теріс мәнді. Лабораторлы көрсеткіштерде: НЬ 135 г/л, лейкоциттер 5,0 х 10 9 /л, тромбоциттер 250 х 109/л, қан ұюының басталуы: 10 минут, аяқталуы19 минут, аутокоагуляционды тест 15 секунд, қан кету ұзақтығы 3 минут, протромбинді индекс 90%. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?

+ гемофилия

3.16 жастағы жасөспірім жігітте дене тұлғасының жоғарғы жағы жақсы дамыған. Әскери комиссариатта тексеру барысында артериалық гипертензия анықталды. Қарағанда дене бітімі пропорциональды емес, мойын тамырларының пульсациясы күшейген, аяқ артерияларының пульсациясы әлсіреген, жауырын аралық аймақтан систолалық шу естіледі. Аяқтарында қан қысымы төмен. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?

+ қолқа коарктациясы

4.Клиникаға жас босаңған әйел жалпы әлсіздікке, тез шаршауға, буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: бір ай бойы қызба, буындарының ауырсынуы байқалған. Объективті қарағанда: бетінде эритематозды бөртпелер, перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?

+ жүйелі қызыл жегі

5.Ауруханаға 40 жастағы әйел босаңғаннан кейін пайда болған әлсіздікке, саусақ буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Рентенологиялық зерттегенде саусақ буындарында кертіктену мен остеопороз белгілері анықталды. Қандай патологиялық процесте рентгенограммада буындардың кертіктенуі мен остеопорозыанықталады?

+ ревматоидты артритте



6.Науқас 38 жаста, анамнезінде 15 жылдан бері ревматизммен ауырады. Кейінгі уақытта төс артында шаншып, қысып ауырсыну пайда болды. Қарағанда белсенді ревматизмдік үрдістер белгісі жоқ.. Жүрегін тексергенде сол жақ қарыншаның гипертрофиясы анықталды, жүрек ұшында систолалық шу, қолқаныңы үстінен диастолалық шулестіледі. АҚ 160/40 мм. Сынап бағанасында, пульсі ырғақты, 72 рет минутына. Сан артериясының үстінен Траубе қос үні және Виноградов-Дюрозье шуы естіледі. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

7.Науқаста климакстық кезеннен бастап тізе буындарының ауырсынуы, ауырсынудың кешкі уақытта күшеюі байқалады. Буындарының қозғалысы шектеліп, механикалық түрдегі ауырсыну, қозғалғанда буындарында крепитация байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ деформирлеуші остеоратроз

Науқас 35 жаста, босаңғанан кейін тері қабаттарының ісінуі, бетінің «маска» тәрізді тырысуы, терідегі іріңдіктер мен тырнақтарының деформациясы, шашының түсуі, ауыз қуысының тартылып тырысуы, терісінің қатаюы пайда болды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ жүйелі склеродермия

8.Жалпы тәжірибелік дәрігердің қарамағына келген науқастың жалпы қан анализінде келесі өзгерістер анықталды: эритроциттер – 3,6 х 109г/л, гемоглобин – 100 г/л, түсті көрсеткіш – 0,83, қан сарысуындағы темір – 9мкмоль/л, қан сарысуының темірді байланыстыру қасиеті – 76мкмоль/л. Осы науқасқа қандай емдеу шарасын тағайындау керек?

+ темір сульфаты 150 мг/тәулігіне

?

9.Гиперхромды макроцитарлы анемиямен (пернициозды) науқасқа қандай ем тағайындаған дұрыс?

+ цианокобалаин инъекциясын

10.Науқас 38 жаста, тексеру барысында гипергликемия анықталды. Қарағанда: бетінің формасы мұрыныңы, құлағының, жағының ұлғаюымен іріленіп дөрекіленген, аяқ-қолдарының басы ұлғайған. Бас қанқасын рентгенологиялық зерттегенде бас сүйектері іріленген, шүйде бүйірлері ұлғайған, түрік ершігі ұлғайған. Соматотропты гормон гиперпродукциясы анықталды. Осы науқаста қандай патология дамыған?

+ акромегалия

11.Науқас 35 жаста, кенеттен ұстама түрінде басының қатты ауырып, жүрегі айнып, құсуға шағымданып келді. Қарағанда: тершеңдік байқалады, тері қабаттары бозарған, денесінде діріл бар. Тахикардия, АҚ 230/140 ммсынап бағанасына жоғарлауы, гипергликемия, глюкозурия, протеинурия, лейкоцитоз анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

+ феохромоцитома

12.Науқас 52 жаста, кенеттен есінен танып қалды. Баласының айтуы бойынша қантты диабетпен ауратынына байланысты тері астына инсулин қабылдайды. Науқастың жағдайы өте ауыр, тері қабаттары бозарған, шылқылдап терлеген. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 90 рет, АҚ 100/60 мм сынап бағанасында. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасы бойымен. Науқаста қантты диабет аясында қандай асқынуы дамыған?

+ гипогликемиялық кома

13.Науқас 40 жаста, кенеттен іштегі ұстамалы ауырсынулар пайда болды, ауырсыну кіндік маңында және сол жақ қабырға астында байқалады. Сонымен қатар, жүрегінің айнуы, құсу мазалайды. Жағдайының нашарлауы майлы тағамды көп мөлшерде жегенен кейін басталған. Объективті қарағанда: Мейо-Робсон, Керт симтомдары оң мәнді. Нәжісі майлы және сұйық, күніне бірнеше рет бөлінген. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ жедел панкреатит

14.Қандай ауруда кардиогенді шок дамиды?

+ миокард инфарктісінде

15.Науқас әйел 25 жаста. Кеудесінің сол жақ бөлігіндегі жедел шаншып, қысып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну терең дем алғанда, басын бұрғанда, кеуде клеткасын пальпациялағанда күшейеді. Ауырсынудың пайда болуын 2 сағат бұрын жұмыстағы жайсыз жағдаймен байланыстырады. Осы жағдайдағы сіз тактикаңыз?

+ электрокардиограммаға түэюэсіру

16.Науқас К, ревматоидты артритпен ауырғанына 5 жыл болды. Соған байланысты индометацинді 25 мг мөлшерде күніне 3 рет, метотрексатты 7,5 мг мөлшерде аптасына қабылдайды. Жалпы қан анализінде: Нb - 92 г/л, эритроциттер - 3-10¹²/л, лейкоциттер - 6,8 * 109 /л, ЭТЖ - 48 мм/сағат. Қан сарысуындағы темір мен трансферрин концентрациясы төмендеген. Григерсен реакциясы теріс. Науқастағы анемияның себебі немен байланысты?

+ аутоиммунды гипохромды анемия

17.Науқас 60 жаста, салмағы -93 кг, бойы -160 см. Қантты диабеттің ІІ типімен аурады, кейінгі уақытта 24 ЕД инсулин қабылдайды. Қандағы қант мөлшері - 22.2 ммоль/л. Науқастағы инсулинге резистентілік немен байланысты дамыған?

+ семіздікке байланысты

18.Науқас 45 жаста, оң жақ аяғының үлкен саусағының қатты ауырсынуы мазалайды. Науқас кеше қонақта болып, ет тағамдарын және ішімдікті көп мөлшерде қабылдаған. Ауырсыну кенеттен, таңғы 6 сағатта басталған. Буын маңындағы тері ісінген, гиперемия байқалады, ұстағанда ыстық, ісіну буын маңындағы жұмсақ тіндерге таралған. Буынды пальпациялағанда қатты ауырсынады, жүруі қиындаған және қозғалысы шектелген. Сонымен қатаржалпы әлісіздік, дене қызуының 37,60С дейін жоғарлауы, басының ауруы мазалайды. Осындай жағдай науқаста бірінші рет байқалған. Сіз науқаста подагралық артритті болжадыңыз, қандай зерттеу тағайындайсыз?

+ табанды рентгенологиялық зерттеу

19.Науқас 72 жаста, ауыр дәрежелі бөліктік пневмония барысында дене қызуы күрт төмендеп, әлсіздік, басының айналуы, құлақтың шулауы, жүректің айнуы белгілері пайда болды. Объективті қарағанда: тері қабаттары бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының бәсеңдеуі, АҚ күрт төмендеуі анықталды. Науқаста пневмонияның қандай асқынуы дамыған?

+ инфекционды-токсинді шок

20.Науқас 63 жаста, ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіленіп, 7-9 минутқа дейін ұзарған, ұстаманы басуға нитроглицериннің бірнеше таблеткасын қабылдау қажет болды. Берілген жағдайда аймақтық дәрігердің дұрыс тәсілін көрсетіңіз.

+ стационарға, кардиологиялық бөлімге емделуге бағыттама беру

21.Науқас 50 жаста, аз мөлшерді қақырық бөлінуімен жөтелуге, жүктемеде пайда болатын демікпеге шағымданады. Анамнезінде: 15 жыл бойы темекі тартады. Объективті: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, бұғана үсті аймағы ісінген. Дауыстың дірілі екі жақта әлсіреген. Перкуторлы: қорапша дыбыс. Аускультативті: ұзақ дем шығаруымен, қурғақ сырылдар естіледі, форсирленген тыныс шығаруы кезінде белсенді. Мұндай ауру кезінде берілген зерттеулердең қайсысы жоғары диагностикалық ақпаратты болады?

+ спирография

22.Науқас 56 жаста, аумақтық дәрігердің қабылдауында соңғы ай бойы ақшыл – сұр түсті қақырықты жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температураға, әлсіздікке, түнгі уақытта терлеуге, 4 кг арықтауға шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым қатынаста болғанын айтады. Объективті: өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді.

Айтылған зерттеулердің қайсысы алдын ала диагнозды қоюға дәлелді болады?

+ қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі

23.50 жастағы cеміздігі бар әйел, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Ауры сезімі оң жақ бұғана үсті аймағына беріледі. Анамнезінде созылмалы холециститі бар. Науқас мазасыз, қозғыш, қарағанда тері түсі қалыпты, пальпацияда өт қабы нүктесінде ауру сезімі анықталады. Ортнер симптомы оң, температурасы қалыпты, қан анализі паталогиясыз. Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз:

+Созылмалы калькулезді холецистит

24. 44 жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп рет құсуға шағымданып дәрігерді үйге шақырды. Науқас үш күн бойы алкоголь ішкен. Жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт, құрғақ, дене қызуы 38,6 С. Пульс 110 рет минутына. ҚҚ 80/40 сын.бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөлігінде екі жағында да әлсіреген. Тілі жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, біраз кепкен, эпигастрий аймағында ауырсынады. Кера, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Қандай тексеру диагнозын анықтауда нақты мәлімет береді?

+УДЗ

25. 65 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да барынша мүмкін анықталатын белгі:

+ оңжақ қарынша гипертрофиясы

26. Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антралды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулар байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

+ созылмалы гастрит В тип

27. 68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады?

+ В-12 витамині

28. 36 жастағы науқас, ішінің ұстама тәрізді ауыруына, жиілеген сұйық қанды үлкен дәретке шағымданады. Антибиотиктермен емдегенде профузды ішектік қан кетулер болған. Об-ті: тамақтануы төмен, іші жұмсақ, тоқ ішек бойында ауырсыну сезімі бар, нәжісі тәулігіне 20 рет, қанды бөліністер. Ирригоскопия: тоқ ішек қабаттары жоқ, псевдополиптер бар. Қанында: ЭТЖ-20 мм/сағ., белок-54г/л. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізіледі?

+ аспирациялы биопсиямен колоноскопия

29. 86 жастағы науқас беліне берілетін ішінің ауыру сезіміне, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында кілегей мен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен жүдеуге шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішек бөлігінде полиптер. Об-ті: тамақтануы төмен, бозарған, тілі ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауыру сезімі бар. Қанында: лейк-10 мың, ЭТЖ-52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см бос жердің циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Клиникалық диагнозы қандай?

+ ішек обыры

30. Науқас, 60 жаста, қақырықтың қиын шығуымен жөтелге, шамалы физикалық жүктемеден кейінгі демікпеге, дене температурасы 38°С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінде: 10 жыл бұрын жөтел пайда болған, терапевтте «Д» есебінде тұрады, жағдайының нашарлағанына бір апта болды. Өкпе аускультациясында: ұзақ дем шығаруымен, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ сырылдар естіледі. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

+ созылмалы обструктивті өкпе ауруы, бронхылық түрі

31. 45 жастағы науқас шахтер. 12 елі ішектің ойық жарасының өршу сатысы, орташа ауырлық дәрежесімен ауру қағазын аштырған. Уақытша жұмысқа жарамсыздық уақытын анықта:

+ 30-35 күн

32. Жедел пневмонияның жеңіл дәрежесінде уақытша еңбекке жарамсыздықты анықта:

+ 13-15 күн

33. Бас дәрігердің рұқсаты бойынша басқа қалалардан келгендердің еңбекке жарамсывздық парағына виза қай күні қойылады:

+ ауру парағының 1 күні беріледі

34. 7 жасар бала, суық тигеннен соң жедел ауырды, дене қызуы 390С дейін көтерілді, құрғақ жөтел, бас ауыруы пайда болды. Тексерген соң балаға оң жақты пневмония диагнозы қойылып, ауруханаға жіберілді. Жазылған соң емханада бақылау ұзақтығы:

+ 1 жыл

35. 2 жастағы баланы жиі ауырады деп санауға болады, егер:

+ бала өмірінің екінші жылында жедел аурулар 7 рет байқалса

36. ОЖЖ зақымдануының даму қаупі бар нәрестелер қай денсаулық тобына жатады:

+ екінші Б тобына

37. Отбасылық дәрігердің қабылдауында алты жасар дені сау бала. Оған қандай алдын-алу екпе қажет:

+ АДС

38. 14 жасқа дейінгі бала күтіміндегі анаға амбулаторлық жағдайда уақытша еңбекке жарамдылық парағы қандай уақытқа беріледі:

+ 10 күнге дейін

39. Санаторийге түскен науқасқа уақытша еңбекке жарамдылықты кім береді:

+ емдеуші дәрігер мен жақын маңдағы емхананың бас дәрігері

40. 3 айлық бала. Күніне жетіп туған, салмағы 4 кг. Табиғи тамақтандырылында. Витамин D қабылдамаған. Ұйқысының бұзылуына, мазасыздық, емізу кезінде терлегіштікке шағымданады. Қарау кезінде: тері қабаты дымқыл, қызыл дермографизм, шүйде аймағының тақырлануы байқалады. Еңбегі үлкен 1,5x1,5 см шеті жұмсарған, әлсіз бүлшық еттік гипотония. Қаңқа мен ішкі мүшелер өзгерісі жоқ. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

+ кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза

?

41. 10 айлық шала туған бала. Салмағы 2300г, 1 айынан бастап жасанды тамақтандыруда, 1 аптада 2-3 рет 1 сағаттан таза ауаға шығады. Қосымша тамақ 6 айдан бастап манка және күріш ботқасы енгізілді. Кейбір кезде көкөніс ұнтағы берілген. Пневмония, стафило­коккты энтероколитпен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, мандай және төбе төмпешігі байқалады, омыртқаның қисаюығ қабырғасында «тасбиік», буындары әлсізденген, терлегіштік, адинамия. Қандай спецификалық ем тағаындау керек?

+ Д витамин курсі

42. Бала 5 жүктіліктен, өз уақытында 3000г салмақпен 4 босанудан туылған, бойы 50см. Туылған кезде терісінің сарғыштығы, әлсіздік, дауысы әлсіз. Емуі нашар, лоқсыды, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталған. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?

+нәрестенің гемолитикалық ауруы

43. Балаға 3 ай. Перзентханада гемолитикалық аурудын (Rh фактор бойынша сәйкестелмеген), сарғаю түрі диагнозы қойылды. Екі реттік қан алмастыру жүргізілген. Қазіргі уақытта бала табиғи тамақтануда, 3 ай ішінде 2200г салмақ қосқан. Бала қандай маманда қаралу керек?

+ педиатр және невропатолог

44. Бала 7 жаста. Анамнезінде: әжесі бронх демікпесімен ауырады, 6 айынан бастап цитрустарға аллергиясы бар. 3 жасында жедел есекжемен ауырған. 1 сағат бұрын, жөтел, қиын шулы тыныс пайда болды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбырыштының цианозы, экспираторлы ентігу 1 минутта 50 рет, тынысы әлсіз, құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуссияда өкпеде қороб тәрізді дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

+ демікпе

45. Балаға 2 жас, бірден қатқыл жөтел пайда болды, тыныстың қиындауы, мазасыздық, 1 сағат бұрынбала балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, инспираторлы ентігу, қатқыл тыныс. Анамнезінде: балада бірнеше рет терісінде бөртпелер байқалды. Баланың анасында нейродермит. Көрсетілген клиникалық көріністер қай ауруға тән?

+ аллергиялық ларинготрахеит

46. Бала 6 жаста. Шағымы: тізе табан буынының ауырсынуына, дене қызуы 37,6° дейін. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, екі жақ тізе буынының ісінуі, қозғалғанда ауырсынуы байқалады. Бөксе аймағымен бүкіл буындарда симметриялық геморрагиялық бөртпелер бар. Диагноз қойылған: геморрагиялық васкулит. Бұл ауру немен қауіпті?

+ Асқазан ішектен қан кетумен

47. 5 жасар бала. Шағымдары: оң жақ тізе буынының ауырсынуына. Анамнезінде: жиі мұрыннан қан кету, жарақттан кейін буын мен теріге қан құйылу байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт. Денесінде экхимоз диаметірі 6 см. Оң жақ тізе буыны шар тәрізді, бірден қозғалыстың тежелеуі байқалады. Буын сұйықтығында – гемолизденген қан алынған. Қан анализінде: эр.- 3,6х1012, НЬ - 100 г/л, СОЭ - 20 мм/сағ, тромб. - 200x10%, Ли-Уайт бойынша қан ұю ұзақтығы 18 мин. Рекальцификация уақыты 450мин. Доннорлық плазма құйғаннан кейін рекальфткация қалыпына келді. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+ А гемофилиясы

48. 8 жасар бала. Ылғалды жөтел мен дене температурасы жоғарлауына шағымданады. Объективті: тері қабаты бозғылт. өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ жайылған сырылдар, өкпенің барлық жерінде естіледі. Рентгенде: өкпе суретінің, өкпе түбірінде күшеюі көрінеді. Перифериялық қанда: L — 5,0 х 10 /л (п - 8 %, с - 51%, л - 39 %, м - 6 %); СОЭ - 6 мм\сағ. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+ жай бронхит

49. Балаға 3 ай. Жиі қинайтын жөтел, тыныстың қиындауы. Объективті: жағдайы ауыр, қосымша бұлшық ет қатысуымен экспираторлы ентігу. Өкпеде «короб» тәрізді дыбыс, әлсіреген тыныста ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің желденуі, интерстиция мен тамыр суретінің күшеюі, перибронхиалды тығыздалу. Перифериялық қан анализінде лифоцитоз бен ЭТЖ жоғары. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+ бронхиолит

?

50. Бала 3 жаста. Шағымы: дене температурасы жоғарлауына, ылғалды жөтел, тыныс қиындауына. Объектвиті: жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт, экспираторлы ентігу. өкпеде «қороб» тәрізді дыбыс. Аускультация кезінде тынысы қатан, құрғақ және әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар. Болжам диагнозы қандай?

+ обструктивты бронхит

51. 12 жасар бала. Шағымдары: дене қызуы 39,8°, бас ауруы, ішінің және оң жақ кеудесінің ауырсынуы, құрғақ жөтел. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, терісі бозғылт. Перкуссияда: оң жақ жауырые астында өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда қысқарған аймақта тынысы әлсіреген, пальпация кезінде ішінің қатаюы байқалады, «Щеткин-Блюмберг» симптомы оң. Қан анализінде: L - 18х109/л, э - 2%, жас жасушалар - 5%, таяқшалар - 12%, с - 52%, л - 21%, м - 8%, ЭТЖ - 56 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

+ крупозды пневмония

52. 10 жасар бала. Шағымы: тұрақты жөтел, азаңда кілегей – іріңді қақырықтың бөлуіне. Жүгіргенде ентігу, әлсіздік, тәбеттің төмедеуі. 2 жасында жедел деструктивті пневмониямен ауырған. Содан бері жыл сайын пневмониямен немесе бронхитпен ауырады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t - 37,3°, терісі бозғылт, физикалық дамуы арта қалған. Микрополиаденит. Перкуссияда: 4-5 қабырға аймағында өкпе дыбысы қысқарған, тынысы қатан, әртүрлі калибырлы ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелгеннен кейін сырылдар өзгермейді. Қандай диагноз дұрыс?

+ созылмалы пневмония

53. Бала 7 жаста. Стационарға ауыр жағдайымен түсті. Шағымдары. Бір неше реттік «кофе» тәрізді құсу, жүрек айну, ауырсынуы, полидипсия, әлсіздік, бай айналу, көздің көруі нашарлайды.Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, үйқының, аузынан ацетон иісі шығады. Бетінде доғанарында қызару, тілі құрғақ, ауыз бұрыштарында жаралар. Пульс минутына 120 рет, әлсіз толуы. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек үні – ритмді, әлсіреген. Тынысы шулы (Куссмауль). Өкпеде перкуссияда және аускультацияда өзгерістер жоқ. Үші – жұмсақ, пальпациялағанда ішінің жоғарғы бөлігі ауырсынады. Үлкен дәреті қалыпты. Температура 35,8°. Қандай диагноз дұрыс?

+ диабеттік кетоацидоз

54. Бала 11 жаста, стационарға бала есін жоғалтқанда әжесі әкелген. Анамнезінде: қант диабетпен ауырады, инсулин қабылдайды. Соңғы рет инсулинді 1,5 сағ алдын қабылдаған. әжесінің сөзіне қарағанда бала бірден бозарған, термен жабылған, есін жоғалтқан. Қарағанда: терісі бозарған, ылғалді; бұлшық ет тонусы қалыпты, ацетон иісі жоқ, пульсі минутына 110 рет, қанағаттанарлық толады. АҚ - 90/60 мм; тынысы қалыпты, іші жұмсақ, бауыр ұлғаймаған, температура 36,4°. Қандай диагноз тура келеді?

+ гипогликемиялық кома

55. Бала 4 жаста. Шағымдары: тәбеті төмен және кіндік тұсында кезендік ауырсыну, тамақ қабылдауымен байланысты емес. Ауырсыну қысқа уақытта және өздмгінен жойылады. Объективті: жағадйы қанағаттанарлық. Тамақтануы қалыпты. Тілі өнізбен жабылған. Іштің пальпациялағанда ауырсынусыз. Үлкен дәреті қалыпты, дизуриялық белгілер жоқ. Үлкен нәжісінде құрттар табылмаған. Қандай диагноз дұрыс?

+ функционалдық бұзылыстар

56. Бала 11 жаста. Шағымдары: эпигастрий аймағында әлсіз ауырсыну, тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды, кекірік, эпигастрий аймағында ауырлық сезімі. Анамнезінде: осы шағымдары 2 жасынан мазалайды. Анасында – созылмалы гастрит. Объективті: баланың жағадйы қанағаттанралық. Тыныс алу, жүрек қан тамыр жүйелерінде өзгерістер жоқ. Ішті пальпациялағанда – эпигастрий аймағында белгісіз ауырсыну, үлкен дәреті қалыпты. Қандай аурумен диф.диагноз жүргізуге болады?

+ созылмалы гастродуоденитпен

57. Бала 13 жаста. Шағымы: іштің түнде және ашқарында ауырсынуы, әртүрлі интесивті, тамақ қабылдағанда айырсыну қайтады, қыжылдау, кекірік, жүрек айну, үлкен дәреті қатуға бейім. Анамзінде: 10 жасынан аурады, гастродуоденит диагнозы қойылған, мерзімдік өрші байқалады. Диета ұстамайды. Анасында, атасында – ойық жара ауруы. Объективті: баланың жағдайы қанағаттанарлық, физикалық дамуы орташа. Тілі ақ өнезбен жабылған. Ішін пальпациялағанда эпигастрий және пилородуоденалды аймағында ауырсыну, Мендель симптомы оң. Бауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз тура келеді?

+ 12елі ішектің ойық жарасы

58. Бала 3 жаста. Шағымдары: жиі іш өті, тәбеті нашар, салмақ қоспауы. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, 3 кг400 г салмақпен туған, бойы 51см. Алғашқы күннен бастап үлкен нәжісі тұрақсыз. Ол стафилококкты энтероколит немесе дисбактериоз деп бағаланған. 11 айлығында энтероколлитпен ауырған. Бір жаста салмағы 8кг 700г, 2 жасында -10 кг, 3 жасында 10,5 кг.сүт тағамдарды жақтырмайды. Ферменттермен және биопрепараттарды қабылдаған. Әкесі сүтті жақтырмайды. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағатты. Жұмсақ тін тургоры төмен, терісі бозғылт. Іші кебуі байқалады. Пальпация кезінде тоқ ішектін қорылдауы байқалады. Бауыр +1,5см. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

+лактоза жақпауы

59. Бала 1 жаста. Шағымы: сұйық нәжіс (1 күнде 3 рет), салмақ қоспау. Анамнезінде: қалыпты жүктілік, туған салмағы 3300 г, бойы 51 см, 4,5 айға дейін табиғи тамақтануда. Тамағына: манни ботқасын қоспасынан, лоқсу пайда болған, жиі, көлемді, көпіршікті, иісі жағымсыз, сұйық нәжіс. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Салмақты - 7500 г. Бозару және терінің құрғауы, глоссит, афтозды стоматит. Іші үлкен, үрленген, пальпациялағанда ауырсынусыз, копрограммада май қышқылдары және сабындар көп, бауыры +2см, көк бауыры ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыныз?

+ целиакия

60. Интра неонаталды кезеңде балалардың церебралды салдануына алып келетин, ми қан айналымының бұзылыстарының алғышарты

+ антенаталдық гипоксия немесе асфиксия

61. Айқын тетрапарез, психикалық арта қалу, псевдобульбарлы синдромы байқалады

+ окклюзионнды гидроцефалия үшін

62. Қайталама субарахноидалды қан құйылудың балаларда пайда болуы

+ мальформация кезінде

63. Айқын білінетін нәрестелердің бұлшықет гипотониясы нені көрсетеді?

+ көрсетілген барлық себептер болуы мүмкін

64. Ерте жастағы балаларға Фенобарбиталды немен қоса қолдану тиімді?

+ кальция

65. Балаларда бас ми соғылу, нәтижесі қандай болуы мүмкін:

+ церебрастеникалық және гипертензиондық-гидроцефалды синдром

66. Истериялық талма ұстамасы үшін, қандай симптом тән екенін көрсетіңіз:

+тілді тістеу, сілекей ағу, цианоз, еріксіз зәр шығарумен жүрмейтін ошақталған ұстамалар.

67. Науқасқа генерализацияланған талма ұстамасы кезінде сол жерде жүргізу керек:

+ бас және дене жарақатының алдын алу (жатқызу, ұстау).

68. Жасөспірімде себепсізден температурасы 39 – қа дейін көтерілді?, әлсіздік пайда болды, бас ауруы, құсу, есінің тежелуі, психомоторлы қозумен алмаса жүреді, жарықтан қорқу. Айқын менингиальді симптомдар. Сіздің диагнозыныз:

+ Бактериалды менингит

69. Жасөспірімде себепсізден температурасы 39 – қа дейін көтерілді?, әлсіздік пайда болды, бас ауруы, құсу, есінің тежелуі, психомоторлы қозумен алмаса жүреді, жарықтан қорқу. Айқын менингиальді симптомдар. Бактериалды менингит диагностикаланды. Сіздің диагнозыныз:

+ Жедел түрде интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу.

70. Науқас шағым жасады, барлық елдің милициясы оның артынан ауруханада да аңдиды – осында көп "тыңшы".Осын аңдуда оның ақшасын алмақшы, атқарған лауазымынан түсірмекші болады. Санасының бұзылуы. Критиканың болмауы. Тәртібі өзінің уайымдауына сәйкен: әділеттілікті орын алғанын қалайды, арыз жазады, - "тыңшылар" өзінен алшақтатқанды сұрайды, Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

+парафренді

?

71. Науқас 29 жаста,заводта электрослесарь болып жүмыс істейді. Зиянды әдеттері жоқ. Жағдайының нашарлағанын 1 ай шамасында байқаған. Барлық уақытта иығының қысып тұрған сияқты сезімге шағымданады. Өзінің жайсыз жағдайда екенін мойындайды, бірақ ешнәрсе істей алмайды. Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

+ обсессивті синдром

72. Науқас А, 15 жасында ауырған. Өзінің бойында ерекше жеңілдікті сезінген көңіл күйі көтеріңкі бәрін істей алатын сияқты өне бойын күш билеп алды. 2 аптадан кейін осы көріністер жоғалған. 20 жасында осы жағдай қайталанған: көңілділік байқалып, ойлауы жылдамдап, қимыл әрекеті жоғарылаған. Психиатриялық ауруханаға жатқызылды және күні бойы ән айтып, өлең шығарумен айналысты.

Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

+аниакальді синдром

73. 14 жастағы жасөспірім, түнгі уақытта тұрып пәтерді аралайды. Тіпті терезені ашып немесе жабық есікті ашады, далаға шықпақшы болады. Төсекке жатқызу мүмкін емес. т.б. қарсылық көрсетеді, агрессивті күйде болады, атын атағанда үндемейді. Кейін біраз уақыттан соң бағындырмалы болды. Таңертең басым аурады деп шағымдалады, болған жағдай есінде жоқ. Ерте жаста сирек эпилепсиялық ұстама белгілері байқалды. Мектепте оқу үлгерімі нашарлады. Энуретикалық эпизодтар түнгі уақытта айқын белгіленді,

+ сомнамбулизм

74. 17 жастағы науқас мектепке барудан бас тартып барғысы келмейтіндігіне шағымданды. Кейін достарымен қарым-қатнастарын үзіп, үйде отырып, бір өлеңді дөрекі мәнімен айта береді. Стационарға келгенде бөлімшеде осы өлеңді айта береді ескертуге қарамастан. Бет әлпеті ақымаққа ұқсайды кейде мағынасы жоқ күлкілермен қоздырып, тамақтарды лақтырып, басқа науқастардың тамақтарын тартып алып медицина қызметкерлерін тыңдамайды. Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

+ гебефренді синдром

75. Науқас 18 жаста. Бірден ауырды. Жұмыста қорқынышпен айналасына қарай бастады. Мағынасыз бірдеңелер айтты, орманға қашып кетті. Табылған соң есіктің алдында тұрып, сұрақтарға жауап бермеді. Ауруханада: үндемейді, шақырғаннан кейін орындыққа отырмайды. Салғырттық,белсенді негативизм анықталады. Іщкі ағзалар жағынан ақау жоқ. Жүйке жүйесі ошақты өзгерссіз. Науқаста қандай жетекші синдром?

+ кататоникалық синдром

76. Науқастың туыстары кеңес сұрап келеді. Олар науқастың балалық шақтан қанағаттанарлық жағдайда өсіп жетілгенін айтады. 1 жыл бүрын 25 жасында мінез құлқы өзгерді, үндемейтін, күні бойы бөлмесінің есік терезесін жауып отыратын болды. Науқастың күнделігінен «оны құпия қылмыстық ұйымның адамдары өлтіргісі келетінін» анықталды. Науқаспен әңгімелесу барысында кейбір қабылдау процесі бүзылғаны анықталды. Науқас қорғанып отырады. Тек ұзақ әңгімелесіп отыру барысында науқастың көршілері оның ізіне түскені, олардың жаңағы организация мүшесі екені анықталды. Науқас диагнозы қалай?

+ параноидты шизофрения

77. 15 жастағы жас өспірім. 4-5 ай бойы өзінің сырт бейнесіне өте көп көңіл бөле бастады, сағат бойы өзі-өзіне айнадан қарайды, өзіне әр түрлі ақаулар табады, өзін-өзі «қорқынышты» етеді (Тарбиған құлақ, мұрыны қисайған тәрізді). Қоршаған ортадағы адамдар оның артынан мазақ етіп күледі деп ойлады. Айтып түсіндіру мүмкін емес. Ол бет әлпетіне операция жасау мақсатында косметологқа барады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?.

+дисморфоманикалық

78. Науқас эпилепсия ауруымен ауырғанына 5 жыл болды. Туған туысқандарының айтуынша бір уақытта түнеріп,үндемей бір орнында жылжымай, көз қарасы тұйықтанып,тәртібі қалыпты.Талмасы ұстағанда дем алатын үйге кіріп,тығылып,аяқ астында дем алып жатқан адамды өлтіріп тастаған.Полиция жауап алғанда өзі туралы ақпаратты шашыранқы,өзінің жасын шатастырды,кенеттен қатты ұйқыға кетті.Жетекші синдромды ата.

+ сананың күңгіртенуі

79. Науқас гипертониялық ауруы бойынша ем алуда.Бір дәрігердің қарауында (таңертең қан қысымы 200\110 мм.с.б болды.) төсектен секіріп түсті, қайшыны алып дәрігер мен кіші медицина қызыметкерін жаралады. Содан кейін психиатриялық ауруханаға жатқызылды, қобалжыған, айналасына қорқынышпен қарайды, қашуға тырысады.Уақыт және тұрған орнының бағдарын жоғалтқан, бірақ жеке басына бағыты сақталған. 10% кальции глюканатын тамыр ішіне жасағаннан кейін жылдам тыныштанды, қобалжыған түрде айналысына қарады, қайда жатқанын сұрады, не үшін оны терапиялық ауруханадан ауыстырды деп сұрады. Ал болған жағдайды білмейді. Науқаста қандай жетекші синдром?

+ делириозды синдром

80. Перинаталды өлім көрсеткіші келесі жолмен есесптелінеді:

+ (Өлі туылғандар саны + туылғаннан кейін алғашқы 168 сағатта өлген нәрестелер саны)/(тірі және өлі туылғандар саны) х 1000

81. Ана өлімінің көрсеткіші:

+ 100000 тірі туылған нәрестелер арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңнің 42 тәулігіне дейін өлген әйелдер саны

82. Перинаталді өлімді азайту үшін жасалынатын маңызды шаралардың біріне нені айтуға болады?

+Ұрықтың қауіпті жағдайын өз уақытында диагностикалауды

83. 22 жастағы әйел, жанұяны жоспарлау сұрағымен контрацепция әдісін таңдау үшін дәрігерге келді, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық серіктесі болған. Осы жағдайда ұсынылатын контрацепция әдісі, қандай әсер ету механизміне ие болуы керек?

+Барьерлік эффект

84. Жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейінгі 42 күннің ішінде, жүктілікті жүргізумен байланысты немесе қандайда бір себептердің салдарынан асқынған, бірақ, бақытсыз жағдай немесе кездейсоқ пайда болған себептерге байланыссыз болған әйелдің өлімі – бұл?

+Ана өлімі

85. 20 жастағы тұрмыстағы әйел, өзін жүктімін деп санап (етеккірі 10 күнге тежелген), әйелдер кеңесіне есепке тұруға келді. Қарау кезінде анықталды: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ-120/80 мм.сын.бағ., тамыр соғуы минутына 72 соққы. Гинекологиялық қарау кезінде: қынаптың шырышты қабаты көгерген, жатыр ұлғаймаған, оң жақ жатыр қосалқыларының ұлғаюы анықталды. Осы клиника аталған диагноздардың қайсысына сай келеді?

+Үдемелі түтіктік жүктілік

86. 20 жастағы тұрмыстағы әйел, өзін жүктімін деп санап (етеккірі 10 күнге тежелген), әйелдер кеңесіне есепке тұруға келді. Қарау кезінде анықталды: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ-120/80 мм.сын.бағ., тамыр соғуы минутына 72 соққы. Гинекологиялық қарау кезінде анықталды: қынаптың шырышты қабаты көгерген, жатыр ұлғаймаған, оң жақ жатыр қосалқылары ұлғайған. Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбысты зерттеу кезінде үдемелі түтіктік жүктілікке күдік туды. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы қандай?

+Науқасты шұғыл түрде госпитализациялау

87. Акушер-гинекологтың негізгі міндетіне не жатады?

+ана мен бала ауруларын төмендетіп, өлімді азайту

88. Төменде аталған негізгі құжаттардың қайсысы перзентхананың атқарған қызметі туралы жоғары медициналық статистика органдарына жолданады?

+№ 32 формадағы есеп

89. Қай кездегі ұрықтың өлімін антенаталді өлім көрсеткішіне енгіземіз?

+Жүктіліктің 22-42 аптасындағы

90. 24 жастағы жүкті әйел, әйелдер кеңесіне жүктілік мерзімінің 30 аптасында, ұрық маңы суының 15 минуттан бері кете бастағанына шағымданып келді. Анамнезінен: жүктілігі үшінші, оның біріншісі мерзімінен алдын босанумен аяқталған, баласы тірі, кейінгі жүктілігі 18 апталық мерзімде үзілді. Аймақтандыру бұйрығына сай, әйелді стационарлық көмек көрсетудің қай деңгейіне жолдау керек?

+III деңгейіне

91. Босану ісігі дегеніміз не?

+ алда келе жатқан, туылатын бөлігінің ең төменгі жағындағы тіннің ісінуі

92. Перзентхананың қабылдау бөліміне, 2 сағат бойы ішінің төменгі бөлігінің әрбір 6-7 минут сайын 10-15 секундтан толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданған әйел түсті. Іш айналымы – 108 см, жатыр түбінің тұру биіктігі – 39 см, жамбас өлшемдері - 24-26-29-19см. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жетілген жүктілік. Босанудың І кезеңі. Жалпыбірдейтарылған жамбас І дәрежесі. Ірі ұрық

93. Перзентхананың қабылдау бөліміне қайта жүкті, қайта босанушы әйел, жүктілігінің 38 аптасы+5 күнінде, ішінің төменгі бөлігінің 6 сағаттан бері толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып түсті, толғақтары әрбір 4-5 минут сайын 25-30 секундтан, ұрық маңы суы 1,5 сағат бұрын төгілген. Анамнезінен: алдыңғы босануы 13 ай бұрын болған. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жүктіліктің 38 аптасы+5 күн. Босанудың І кезеңі. Ұрық маңы суының ерте төгілуі. Жиі босану.

94. Перзентхананың қабылдау бөліміне қайта жүкті, бірінші босанатын әйел, жүктілігінің 37 аптасы+4 күнінде, ұрық маңы суының 4 сағат бұрын төгілгеніне, ішінің төменгі бөлігінің бір сағаттан бері толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып түсті. Толғақтары әрбір 6-7 минут сайын 10-15 секундтан. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жүктіліктің 37 аптасы+4 күн. Босанудың І кезеңі. Ұрық маңы суының босануға дейінгі төгілуі. Акушерлік анамнезі ауыр.

95. Қайта босанушы әйел, 12 сағат бойы босануда. Ұрық маңы суы бүтін. Ішінің бірден бүріп, қатты ауырсынуы басталды, тері жабыны бозарды. Ұрықтың жүрек қағысы – брадикардия. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр аңқасының ашылуы толық, ұрық қапшығы кернелген, ұрық басы кіші жамбас қуысының тар бөлігінде. Сіздің тактикаңыз қандай?

+ұрық қапшығын жарып, акушерлік қысқыштар салу

96. Қайта босанушы әйел, 41-42 апталық жүктілігімен 8 сағат бойына босануда, сусыз кезеңі 10 сағат. Акушерлік статусы: іш айналымы – 110 см, жатыр түбі биіктігі – 39 см. Ұрықтың жатысы ұзынынан, кіші жамбасқа кіре беріске басымен тіреліп тұр, жүрек қағысы минутына 140 соққы. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы 2 см, ұрық қапшығы жоқ. Ұрық басы кіші жамбасқа тіреліп тұр. Мүйісіне қол жетпейді. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жүктіліктің 41-42 аптасы. Босанудың І кезеңі. Ұрық маңы суының босануға дейін төгілуі. Босану

97. Жүргізуші нүкте деп нені айтады?

+Кіші жамбас кіре берісіне бірінші түсетін және жыныс саңылауынан бірінші көрінетін нүкте

98. Әйелді қынаптық зерттеу кезінде анықталды: қасаға қосылысының ішкі беткейінің 2/3 бөлігі және сегізкөз ойығының жоғарғы жартысы баспен толған. 4-5 сегізкөз омыртқасы және отырғыш сүйек еркін анықталады. Садақ тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде тұр. Ұрық басы жамбастың қай жазықтығында тұрғанын анықтаңыз?

+бас, кіші жамбастың кең бөлігінде тұр

99. Әйел, мерзімді жүктілігімен 7 сағат бойына босануда, толғақтары әрбір 3-4 минут сайын 30-35 секундтан. Анамнезінде: үшінші жүктілігі, алдыңғы екі жүктілігі медициналық түсікпен аяқталған, соңғысы эндометритпен асқынған. Жыныс жолдарынан аздап қан кетудің басталғанына шағымдана бастады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыр мойны жазылған, ашылуы 7-8 см, ұрық қапшығы бүтін, сол жақ шетінде борпылдақ тін анықталады. Сіздің тактикаңыз қандай?

+амниотомия жасап, босануды табиғи жолмен жалғастыру

100. Гангрена кезінде, өкпенің бір бөлігіне өршіген кездегі жағдайда, колалды

ем болып табылатың?

+ лобэктомия

101. Бронхоэктатиқалық ауруымен наукастарға бронхиальды талщық санация

ушін ең тиімді әдіс болып табылатың?

+ емдеу бронхоскопия

102. Өкпедегі ірінді ағып кетуге қандай әдіс жағдай жасайды?

+ постуралді дренаж

103. Бронхоэктоникалық ауру ең жиі жаралайды?

+ сол жақтын жоғарғы бөлігінін тілдік сегменттермен үйлестірілген

базальді сегменттердін төменгі бөлігін

104. Науқастын «қарапайым» плевра эмпиемасы толық емделген белгісі

болып есептелмейды егер?

+ плевра қуысы азайған жағдайда

105. Диафрагма рамолиционды кисталар үдерістердің қандай себептер кезінде дамиды?

+ қатерсіз ісіктің ыдырауы кезінде

106. Диафрагманың ретростернальді жарығынан ретрокостостернальді жарықтың негізгі айырашылығы не болып табылады?

+ жарық қақпасының қатаң ортада орналасуы

107. Он жақты диафрагмы релаксациясының клиникалық суреті өзине мына

сипаттаманы қоспайды?

+ сол жағынан дем алу қаблеті әлсіреуі

108 Пилефлебит емінде не колданбайды?

+ қақпа көк тамырының тромбэктомиясың

109. Аппендэктомиядан кейін пайда болған дуглас абсцесіне не тән емес

болып табылады?

+ диафрагма қозғалысының азаюы

110. Жарықтың өз орнына түспеуі-байланасты?

+ жарық қалтасы мен ішіндегі мүшелер арасында жабыспалардың болуы

111. Тік шап жарығына не тиісті?

+ ұрық шұлбырының элементтерінің ішіне қарай орналасады

112. Шап жарықтарының жіктелуінде не артық?

+ мықын-шаптық

113. Қысылу түрлері. Не артық?

+ "Т"-тәрізді

114. Туа пайда болған шап жарығына тиісті коріністерді атаныз

+ жарық қалтасында ата без орналасады

115. Аппендицит асқыну ретінде пилефлебит клиникасына не жатпайды?

+ дене температурасы 32-34°С

116. Дуглас абсцессінің диагностикасында ең бастысы боп не табылады?

+ саусақпен тік ішекті зерттеу

117. Жедел аппендициттің жиі кездесетін көрнісін атаңыз?

+ оң жақ мықын пальпация кезінде ауырсыну

118. Жедел аппендицит кезіндегі аурудың мінездемесі қандай?

+ ұстамалы

119. Кардия ахалазиясы – ол?

+ кардиальді сфинктерінің жұтқанда спазм болуы

.120. Науқас 40 жаста. Жедел жәрдемге ішіндегі өткір ауырсынуға, бір реттік құсуға, «таңқурай желесі» тәріздес шырышты үлкен дәреттің болуына шағымданады. Жағдайының нашарлауы жедел жәрдем келгенге дейін 1 бір сағат бұрын, үлкен дәретке отыру кезінде жедел басталған. Анамнезінде науқас ішқатумен ауырады, тексерілмеген. Берілген патологияға тән қандай клиникалық белгілер орын алады:

+ұстамалы ауырсынулар

.Феохромацитомадағы гипертониялық криздің негізгі көріністері:

+САҚ күрт көтерілуі, вегетативті сипмтоматика

121..Фосфорорганикалық заттармен жеңіл деңгейде уланған жарақаттанушының есі сақталған, басы ауырсынуы, әлсіздік, аңғарылмаған қорқыныш, жүрек айнуы мазалайды. Осы жағдайда қандай сипат жоқ?

+қанмен құсу

122. Науқас 40 жаста. Жедел жәрдем келгеннен кейін, кенеттен басталған басының ауырсынуы, жүрегінің айнуы, құсу, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы мен қан қысымының 300/110 мм сын. бағ жоғарлауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын психо-эмоционалді қобалжумен байланыстырады. Өзін 1 жылдан бері аурумын деп санайды: науқас қатты салмақ тастаған және осындай ұстамалардың диуретиктер қабылдағаннан және психо-эмоционалді жүктемелерден кейін болып тұратынын байқаған. Тексерілмеген, медициналық көмекке жүгінбеген. Жедел жәрдем дәрігерімен алғашқы болжам диагноз қойылды:

+ феохромоцитома кезіндегі гипертониялық криз

123. Науқас Л, 47 жаста, 20-25 минут бұрын пайда болған кеуденің қатты ауырсынуына, ентігуге, бас айналуына, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, іштің кебуіне, құсуға, күрт әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр. Денеңің үстіңгі жағында терінің айқындалған цианозы, мойын тамырлары ісінген, аяғы ісінген. Тынысы сирек, аритмиялық, аускультацияда-оң жақ бөлігінде тынысы әлсізденген. Жүрек тондары әлсіреген, өкпе артериясында акцент және ІІ тон екіеселенуі, сол жерде систолиялық шу. ЖЖЖ 120 рет минутына. АҚ 80/50мм с.б.б. Іші кепкен, оң жақ қабырға асты ауырсынады. Бауыры +4 см, ауырсынады.

Осы клиникалық жағдайда қандай препаратты енгізу қауіпті?
+эуфиллин

124. Артериялық гипертензиямен сырқаттанатын 65 жастағы науқаста тұншығу және инспираторлық ентігу дамыды. Науқас мәжбүр қалпында отыр. Өкпесінде кқп мқлшердегі құрғақ сырылдар естіледі. АҚ қалыпты, тахикардия. Сіздің алғашқы болжам диагнозыңыз:

+ өкпенің интерстициальді ісінуі

125. Жұмыс барысында шлифтейтін дисктің кескіні жас азаматтың ұйқы артериясын жарақаттады. Профуздық қан кету басталды. Сіздің алғашқы әрекетіңіз:

+ тамырды басу

126. Егде жастағы науқаста төс артында кенет ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы пайда болды. Сәл кейінірек инспираторлық ентігу және терінің бозаруымен қосарласқан цианоз пайда болды. Визуалді эпигастралдық аймақта патологиялық пульсация анықталады. Перкуторлық – жүректің оң жақ бөлігінің кеңеюі, аускультативті- ІІ тонның акценті және оның өкпе артериясының үстінде екіеселенуі байқалады.

Қандай патологияны болжауға болады?

+өкпе артериясының тромбоэмболиясы

124. 32 жасар электрик, электр тоғымен әсерлескен. Есінен танған. Қараған кезде: жағдайы өте ауыр. Терісі боз, ұстағанда суық. Тынысы жоқ. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Қарашықтар жарыққа әсер етпейді.

100А күшті электр тоғымен жарақттанудан кейінгі клиникалық өлімнің себебін көрсетіңіз:

+ қарыншалар фибрилляциясы

125. 60 жастағы ер адам, басының айналуы мен кенеттен пайда болған әлсіздікке байланысты жедел жәрдем шақырған. Анамнезінде: көп жылдар бойы қант диабетімен аурады. Қараған кезде: тері жамылғылары ылғалды, қол саусақтарының треморы. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары әлсіреген,ырғақты. ЖСЖ 90 минутына, АҚ- 160/100 мм сын. бағ. Глюкометриялық тест нәтижесі: қандағы қант мөлшері 2,5 ммоль/л.

Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы:

+ 40% глюкозаны тамыр ішіне құю;

126. Жедел жәрдем бригадасы шақыртылған. Науқас С, 54 жаста, туыстарының айтуы бойынша 17 жыл қант диабетімен ауырады. Қаран кезде: науқас ес түссіз. Объективті: тері жамылғылары боз, құрғақ, тургоры төмендеген. Қарашығы тарылған, пульсі жіптәрізді, аузынан ацетон иісі шығады, патологиялық Куссмауль тынысы байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚ 100/60 мм с.б.б., қандағы глюкоза мөлшері 30 ммоль/л. Сіздің алғашқы болжам диагнозыңыз?

+Гиперкетонемиялық кома

127. Берілген дәрілік заттардың қайсысы, ауруханаға дейінгі кезеңде гипертониялық криздің 2 типін емдеудегі таңдаулы дәрілік зат болып табылады?

+ Нифедипин


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Мужчина 32 лет предъявляет жалобы на интенсивную головную боль, рвоту, не приносящую облегчения, непереносимость яркого света, громких звуков. При осмотре: кожный покров бледный, петехиальная сыпь

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.092 сек.)