Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Логистикалық шығынның жіктелуі.Логистикалық процессті басқару логистикалық жүйе эффективтілігін жоғарылатуды мақсатына қояды. Бұл



Логистикалық шығынның жіктелуі. Логистикалық процессті басқару логистикалық жүйе эффективтілігін жоғарылатуды мақсатына қояды. Бұл мақсатқа жету үшін жоспарлау жұмыстарына, есеп және логистикалық шығынды қысқартуға үлкен мән береді. Осы шығындардың үлесі өнім өндірудің жалпы үлесінің үлкен мөлшерін алады, көлікқұрылысының шығыны 10-15%, тағам өндірісінің шығыны 30-45%-ға дейін алады, жалпы тұрақты емес.

Логистикалық жүйеде ұстанымдар үлкен 2 топқа бөлінеді:

1. Мекеме ішіндегі материалдық ағым ұйымдарымен байланысқан шығындар;

2. Өнімді жеткізу процесінде жүзеге асатын шығындар.

Мекеме ішіндегі материалдық ағым ұйымдарымен байланысқан

шығындар материалдық ресурстарды сатып алу кезінде, қоймалау жұмыстарының барлық түрінде, сонымен қатар тасымалдау, жеткізу жұмыстары кезінде пайда болады.

Мекеме ішіндегі материалдық ағым ұйымдарымен байланысқан шығындар тобына келесі функцияларды орындаумен байланысқан шығындар жатады:

· Әртүрлі қолданыстағы зауыттық қорлар эксплуатациясы;

· Қорлардың құрамы мен құрастырылуы;

· Ішкіөндірістік тасымалдау ұйымы;

· Жіберуге тауарларды жинау және оларды қаттау;

· Құжаттарды рәсімдеу.

Логистикалық ұстаным тобына сонымен қатар несие пайыздары мен қорларда сақталатын тауарлық массамен байыланысты заттар жатады.

Өнімді жеткізу процесінде жүзеге асатын шығындар. Өнімді жеткізу процесінде жүзеге асатын шығындарға келесі түрлері жатады:

· Тұтынушыға тауарды жеткізуге кеткен шығындар;

· Тиеу-тасымалдауға кеткен шығындар;

· Жолда тауардың ұсталып қалуымен байланысқан ұстанымдар;

· Жүктерді сақтандырумен байланысты шығындар;

· Тұрмыстық және сауда-сатып алу ұйымдарындағы қорларды сақтау мен құрастыруға кеткен шығындар;

· Материалдық ресурстарға шектеу қоюмен байланысты қосымша шығындарды көрсететін «дефицит ұстанымдары»;

· Көліктік-экспедиторлық функциялармен байланысқан шығындар;

· Әкімшілік шығындар, жүктік жинаулар және ұстанымның басқа түрлері.



Логистика процессін оптимизациялау. Логистика процессі оптималдылығының критериі. Мұндай критерилерге мекеменің табысы кіреді. Табыс – мекеме қызметінің сандық бағасын береді. Бірақ табыс деңгейіне және басқа да мекеме қызметінің финанстық, шаруашылық және өндірістік факторлары әсер етеді, сонымен қатар, табыстың жалпы суммасынан логистиканың үлесін бөліп қарау айтарлықтай қиын. Сондықтан критерий оптималдығы ретінде келтірілген біріктірілген шығынның минимум көрсеткішін қолданса болады:

Cn + Cоб → min,

Мұндағы Cn – өндірістің шығысы; Cоб – айналымның шығысы.

Меншік канал бойынша ұйымдастырылатын тауарайналымның эффективтілігі мына формула бойынша анықталуы мүмкін:

R ,

Мұндағы R – тауарайналым процессінде табыс нормасы; S – мекеменің саудалық кірісі; - тауарайналым шығысы.

Тауарайналымның жоғары эффективтілігін қамтамасыз ету үшін қызметтің мүмкін бағыттары деп мыналарды санауға болады:

· Қорлаудың, тасымалдаудың интергациясы, қорлардың бірдей механизмін құрастыру жүйесі;

· Қамсыздандыру, өндіріс және үлесті экономикалық қамтамасыз ету;

· Тиеудің мөлшерін үнемдеудің тиімдісін анықтау;

· Тасымалдау мен көліктің түрін таңдау әдісі;

· Қорларды толтыру тактикасы мен қорлаудың оптималды жобасын құрастыру.

Тауарайналым процессінің оптимизациясы кезінде келесі сұрақтарды шешу үшін бірнеше мәселе қатарын қарастыру керек:

· Тауарайналым уақытын қысқартумен байланысқан, тауар қорларын сақтауды үнемдеу сияқты, тауар өтілімі көлемінің өсуінен кірістің жоғарылауы шығынның қандай мөлшерінде?

· Тауарайналым шығысын азайту және бір уақытта кірісті қысқарту тәуекелін жоғарылату кезінде мекемеге қызмет көрсету деңгейін төмендету керек пе?

· Өндіріс орнында тауарды қорлаудың қайсысы мақсатты болып табылады: үлес нарығында немесе басқа пунктте? (қолданылатын көліктің түрі, тасымалдау маршруты және басқа да факторларды санағанда).

Әдебиеттер

 


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Искусственный интеллект – одна из новейших наук, появившихся во второй половине 20-ого века на базе вычислительной техники, математической логики, программирования, психологи, лингвистики, | Міністерство освіти і науки України

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)