Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Жедел бүйрек жетіспеушілігін диагностикалау критерийлері 5 страница



Науқаста жүректің ишемия ауруы бар деп жорамалдауға болады, егер

*а)нақты ангинозды ұстамасы байқалса

б)қан айналымының жетіспеушілігінің белгілері байқалса

в)ритмнің бұзылуы байқалса

г)ЖИА қауіп-қатер факторлары болса

д)кардиомегалия анықталса

Созылмалы панкреатитте ауыру сезімін басу үшін...... қолданбайды

а)новокаинді

б)баралгинді

в)морфинді

г)анальгинді

*д)сандостатинді

Тассыз холециститтің ремиссия кезеңіндегі ауруы бар науқасқа тән ерекшелік

а)дене терісінің сарғыштығы

*б)майлы тағамның жақпауы

в)қышқылмен кекіру

г)белбеу тәрізді ауыру

д)дене қызуы жоғары

Сау адамның қанындағы қанттың мөлшері (ммоль)

а)2,8-4,5

*б)3,3-5,5

в)3,5-6,7

г)2,5-7,8

д)2,0-5,0

Гипогликемияның алдын алуына кірмейді

а)тамақ ішу мезгілін өткізбеу

б)уақытымен тамақтану

в)дене шынықтыру алдында және кейін қосымша тамақтану

г)инсулиннің дозасын өлшеу

*д)ұзақ уақыт тамақ ішпеу

Инсулинді мөлшерінен тыс қолданғанда пайда болатын асқыну

а)гипергликемиялық ес-түссіз күй

*б)гипогликемиялық ес-түссіз күй

в)кардиологиялық шок

г)бауыр ес-түссіз күйі

д)гиперосмолярлы ес-түссіз күй

Атопиялық бронх демікпесі бар науқас жіберіледі

а)терапевтке

б)санаторийге

в)пульмология бөлімшесіне

*г)аллергологиялық орталыққа

д)нефрология бөлімшесіне

Инспираторлы ентікпе... байқалады

а)өкпе абсцессінде

б)өкпе туберкулезінде

*в)жүрек демікпесінде

г)бронх демікпесінде

д)крупозды пневмонияда

Экспираторлы ентікпе... байқалады

а)өкпе абсцесінде

б)өкпе туберкулезінде

в)крупозды пневмонияда

*г)бронх демікпесінде

д)плевритте

Бронх демікпесіндегі қақырықтың сипаты

а)алқызыл көпіршікті

б)тотты

в)шырышты

*г)әйнек тәрізді

д)іріңді

Асқазан жарасы ауруында мына препараттардың ішіндегі қолданылмайтыны

а)антибактериалды препараттар

б)спазмолитиктер

в)антацидтер

г)эпителиеге әсер ететін препараттар

*д)сөл қышқылын күшейтетін препараттар

Ингалятордағы бронхоспазмолитик препаратын қолданғаннан кейін баллон - ингалятордан

а)демді тез шығару керек

б)демді ақырын шығару керек

*в)демді 10 сек. тоқтату керек



г)демалыс өзгермейді

д)демді 60 сек. тоқтату керек

Жүкті әйелдің пневмониясын емдегенде қолдануға болмайды

а)пенициллинді

**б)тетрациклинді

в)ампициллинді

г)цефомизинді

д)кефзолды

Өкпенің обырына........ ғана әкеліп соқтырмайды

а)маскүнемдік және тұрмыстағы мастық

б)шылым шегу

в)нашахорлық

г)уытты заттарға әуестік

*д)дұрыс тамақтану

Дене қызуын әсерлі...... басады

а)бруфен

б)вольтарен

*в)ацетилсалицил қышқылы

г)промидол

д)папаверин

Жүрек гликозидтермен уланудағы клиникалық белгілерге жатпайды

а)жүрек ритмінің бұзылуы, брадикардия

б)мазасыздық, депрессия

*в)гипертермия

г)жүрек айну, құсу

д)бас ауруы

"Пневмонияны" анықтау диагнозына жатпайды

а)аурудың клиникалық белгілері

б)клиникалық тексерулердің нәтижесі

в)өкпенің рентгенологиялық зерттеу нәтижесі

г)қанның лабораториялық анализдер көрсеткіштері

*д)зәрдің лабораториялық анализдер көрсеткіштері

Пневмонияда келесі дәрілер тағайындалмайды

а)антибиотиктер

б)қақырық түсіретін

в)бронхоспазмолитиктер

г)дене қызуын түсіретін

*д)наркотиктер

Туберкулез ауруының қауіпі жоқ жағдайлар

а)туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз қарым-қатынаста болу

б)иммунодепрессивтік әсерлі және кортикостероидты дәрілерді қабылдағанда

в)маскүнемдікте,нашахорлықта

г)қант диабетінде

*д)БЦЖ екпесін салғанда және екпені қайта жүргізгенде

ДОТS-терапия бойынша өкпенің туберкулезін анықтайтын негізгі әдістер

*а)қақырықтың бактериоскопиясы және оны туберкулездің микобактериясына себу

б)бронхоскопия

в)өкпе рентгенографиясы

г)өкпенің компьютерлік томографиясы

д)иммунологиялық зерттеулер

Жүректің ишемия ауруының дамуына жатпайтын қауіп-қатер факторы

а)артериалдық гипертензия

б)психикалық күш

в)шылым шегу

г)семіздік

*д)салауатты өмір салты

Стенокардия ұстамасының тікелей пайда болу себебіне жатпайды

а)уайым

б)суыққа шығу

в)физикалық күш

г)қан қысымының жоғарылауы

*д)қандағы қант мөлшерінің жоғарылауы

Артериалдық гипертензияның қауіп-қатер туғызу факторларына... жатпайды

а)тұқым қуалаушылық

б)тұзды мөлшерден тыс пайдалану

*в)асқазанның ойық жарасы

г)семіздік

д)созылмалы күйзелістер, қимылдың аздығы

Дәрілер кесірінен болатын ойық жараны тудыратын дәрі -дәрмектерге жатпайды

а)кортикостероидтар

б)ацетилсалицил қышқылы

в)индометацин

г)резерпин

*д)"В" тобы витаминдері

Холециститті емдегенде пайдаланылатын дәрі

*а)но-шпа

б)эуфиллин

в)эфералган

г)промедол

д)гастрофарм

"Холециститтегі физиотерапиялық емдік шаралардың әсері

1. жылулық

2. спазмолитикалық

3. седативті

4. өтті бөлу, өт бөлінуінің күшеюі

5. бронхолитикалық"

а)1, 2, 4, 5

б)2, 3, 4, 5

*в)1, 2, 3, 4

г)1, 3, 4, 5

д)2, 3, 5

Панкреатит кезіндегі ауырудың сипаттамасы

а)іштің жоғары жартысында жиі орналасады

б)эпигастрий аймағында жиі орналасады

*в)шалқалап жатқанда күшейеді, белбеу тәрізді айнала ауырады

г)оң жақ қабырғалық астында жиі орналасады

д)оң жақ мықын бөлігінде жиі орналасады

"Тұмаудың белгілері

1. анурия

2. аурудың жедел басталуы

3. респираторлық синдромнан жалпы улану синдромының басым болуы

4. қызба

5. сарғаю"

а)1, 2, 3

*б)2, 3, 4

в)3, 4, 5

г)1, 4, 5

д)2, 4, 5

"Тұмауда антибиотиктерді... тағайындайды

1. әр уақытта

2. аурудың жеңіл және орташа барысында

3 ауыру барысының ауыр түрінде

4. асқынулар пайда болғанда

5. қауіп-қатер тобының науқастарына"

а)1, 2, 3

б)2, 3, 4

*в)3, 4, 5

г)1, 4, 5

д)2, 4, 5

"Тұмаудың симптоматикалық емінің дәрілеріне жатады

1. кортикостероидтер

2. қабынуға қарсы және қызбаны басушылар

3. антибиотиктер

4. антигистаминді препараттар

5. витаминдер"

а)1, 2, 3

б)2, 3, 4

в)3, 4, 5

*г)2, 4, 5

д)1, 4, 5

Ботулизмдегі жұқпа ошағына жатпайды

а)консервіленген саңырау құлақ

б)консервіленген көкөніс

*в)жеміс, сүт, сүтті тағамдар

г)тұздалған, сүрленген балықтар

д)қазы, май, колбасалар

Столбняктың (сіреспе) негізгі клиникалық белгілеріне жатпайды

а)тризм

б)беттің, арқаның,желкенің, іштің, аяқ-қолдың, қабырға аралық бұлшық еттерідің тырысуы

в)қызба

г)сіреспе

*д)жүрек айну, құсу

Менингококк жұқпасына жатпайды

а)жедел басталуы

*б)баяу басталуы

в)бастың қатты ауыруы

г)жоғары қызба

д)жеңілдік әкелмейтін құсу

Каротин және "А" тобы витаминдерінің құрамында бар негізгі тағамдарға жатпайды

а)бауыр

б)балық майы

*в)картофель

г)қызыл бұрыш, помидор, қымыздық

д)сәбіз

Құрамында "С" витамині бар негізгі тағамдарға жатпайды

*а)сары май

б)қырықжапырақ

в)лимон, қарақат

г)итмұрын

д)апельсин

Бауырдан болатын ес-түссіз күй..... асқынуы

а)жедел гепатиттің

б)бауыр циррозының

в)уытты гепатиттің

г)гепатоцеллюлярлық обырдың

*д)созылмалы пилонефриттің

Іш өткенде ішектің қызметін реттейтін тағамдарға жатпайды

*а)жүзім

б)жүзім

в)қара жидек

г)емен қабығының қайнатпасы

д)күріш қайнатпасы

Ішек микрофлорасының қалыпты құрамын бұзатын препараттарға жатпайды

а)сульфадемизин

б)ампициллин

*в)лактобактерин

г)пенициллин

д)фуразолидон

Климактериялық кезең аталған белгімен қатарласа өтпейді

а)қызу

*б)қызба

в)жүрек тұсының ауыруы

г)ауа жетіспеушілік сезімі

д)диэнцифальдық криздер

Антиген - бұл

а)бактерия

б)нәруыз

*в)иммундық жауап тудыратын кезкелген зат

г)полисахарид

д)вирус

"Темір жетіспеушілік қан аздығыың негізгі емдеу принципі

1. таза қанды уақытында ауыстыру

2. темір препараттарын ұзақ және байқап көктамырға енгізу

3. темір жетіспеушілік себебін жою

4. темір препараттарын ұзақ уақытқа тағайындау

5. гемодиализ"

а)1, 2

б)2, 3

*в)3, 4

г)4, 5

д)1, 4

Диабеттік ес-түссіз күйдің белгілеріне.... жатпайды

а)шөлдеу

б)есінен тану

в)көз торының липемиясы құрғауы

*г)тырысу

д)терінің құрғақтығы

Туа біткен, тұқымдық ақаулар...... дамымайды

а)ұрықтанғаннан кейін зиготаға әсер ететін зиянды факторлар

б)вирустардың, кейбір дәрілердің ұрыққа зиянды әсерлері

в)ата - ана гаметасына әсер ететін зиянды факторлар

г)гипоксияның, сәуленің ұрыққа зиянды әсері

*д)тамақтану

Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығының қалыпты көлемі

а)10-20м/моль

б)20 - 40 ммоль/л

*в)40 - 60 ммоль/л

г)60 - 80 ммоль/л

д)80 - 100 ммоль/л

"ВИЧ жұқпасының негізгі жұғу жолдары:

1. ауалы-тамшылы

2. парентаральды

3. қарым-қатынастық

4. жыныстық

5. трансмиссивтік"

а)1, 2

б)2, 3

в)3, 4

*г)2, 4

д)1, 3

Нәжіс бояуына... әсер етеді

*а)нәжіске араласқан қан

б)витаминдер қабылдау

в)антибиотикті бұлшық етке енгізу

г)сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау

д)ауа температурасы

ВИЧ жұқпасының негізгі жұғу көздеріне жатпайды

а)гетеросексуалистер

б)гомо, бисексуалистер

в)жезөкшелер

*г)қан реципиенттері

д)нашахорлар

Ауыз арқылы регидрация үшін...... қолданылады

а)физиологиялық ерітінді

б)10% глюкоза ерітіндісі

*в)регидрон, глюкозалар

г)реополиглюкин

д)трисоль

Ауыз жұтқыншақ күлі кезінде бадамшалардың қабыршығын алғаннан кейін

*а)қанап тұрған эрозия қалады

б)бадамшалардың беті қанамайды

в)бадамшалардың беті алқызыл

г)бадамшалардың бет жағы өзгермеген

д)бадамшалардың бетінде іріңді өңез бар

Қызылшаның алғашқы сатысына төменде көрсетілгендердің біреуінен басқасы тән

а)қызба

б)жөтел

в)мұрыннан су ағуы

г)буындардың ауыруы

*д)Бельский-Филатов дағы

"Тұмаудағы жалпы улану синдромының белгілері

1. қызба

2. артралгия

3. бастың ауыруы

4. жөтел

5. көз алмасының ауыруы"

*а)1, 2, 3

б)2, 3, 4

в)3, 4, 5

г)1, 4, 5

д)2, 4, 5

13 жастағы балаға ертеңгісін егу бөлмесіне қанды биохимиялық зерттеулер алуға ашқарын келуі тағайындалған. Қан алынып жатқанда бала бозарып, ақырындап жерге құлай бастаған. Балаға не болды

а)анафилактикалық шок

б)гипогликемиялық ес-түссіз күй

в)коллапс

г)гипергликемиялық ес-түссіз күй

*д)естен тану

50 жастағы науқас шұғыл жәрдем дәрігеріне мына шағымдарымен келді: басы қатты ауырып, жүрегі айнып, қан қысымы с.б. 200/115 мм болғаны анықталды. Анамнезінде 7 жыл артериалдық гипертензиямен ауырады. Уақытында емделмеген. Науқасқа қандай препараттар тағайындайсыз

а)бұлшық етке дибазол

б)көктамырға фуросемид

*в)көк тамырға магний сульфаты ерітіндісі

г)бұлшық етке паповерин

д)тіл астына нифедипин

Өзін сау деп есептеген 47 жастағы ер кісі эпигастрий аймағының қатты ауырып, бір рет құсқанына, басының айналатынына шағымданды. Анамнезінде - ащы тағамнан кейін ауыратынын айтады. Дәрігерге қаралмаған. Алғашында қандай зерттеуден өту керек

а)зәрдің клиникалық анализінен

*б)фиброгастроскопиядан

в)асқазан рентгенінен

г)ЭКГдан

д)УЗИден

63 жаста, пенсионер. Науқас келесі шағымдармен емханаға жеткізілді: жүрек тұсының ұстамалы ауыруы, сол қолға, иыққа таралуы. Қандай қосымша клиникалық белгілер миокардтың өлі еттенуін" дәлелдейді

*а)бозару, тершеңдік, акроцианоз, қан қысымының төмендеуі, жіп тәрізді әлсіз пульс

б)бозару, тершеңдік, тырысу, шулы демалыс

в)бозару, тершеңдік, қан қысымының жоғарылауы

г)тері жабынының құрғауы, әлсіздік, ауыз қуысынан ацетон иісі

д)терісінің қызаруы, қызба, жөтел

Бронх демікпесімен ауыратын 22 жас. науқас жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Түскен кезде мазасыз, t С 36,9, жүрек соғу жиілігі минутына 120, дем алысы минутына 32 рет. Тәулік бойы беротек ингаляциясын 10 рет алған. Төмендегі көрсетілген шаралардың ішінен осы жағдайда қайсысы болмайды

а)эуфиллин парентеральды

б)көк тамырлы регидратация

в)кортикостероидтар

*г)симпатомиметиктердің дозасын ұлғайту

д)оттегі ингаляциясы

Аяқ көк тамырларының кеңеюімен ауыратын 46 жастағы науқастың аяқ астынан төс арты ауырып, аралас сипаттағы ентігу, шулы сырыл, қан қысымы төмендеген. Аурулардың қайсысы аталған шағымдарды тудырады

а)артериалдық гипотония

б)пневматоракс

в)бронх демікпесі

*г)өкпе артериясының тромбоэмболиясы

д)ошақты пневмония

Гастродуоденоскопиямен дәлелденген ұлтабардың ойық жарасы бар науқастың екі жыл уақытша тәуір болғаннан кейін ауруы қайталанған. Ауруының асқынуына байланысты Диета, режиммен қатар Сіз қандай дәріні тағайындар едіңіз

*а)алмагель

б)промедол

в)фестал

г)анальгин

д)плантаглюцид

Артериалдық гипертонияның I сатысы аурумен ауыратын науқастың кенеттен жағдайы нашарлаған, қатты басы ауырып, басы айналып, көз алды торланып, жүрек тұсы ауырады, Қарап көргенде: науқас мазасыз, тітіркенгіш. Денесі ыстық, бетінде қызыл дақтар, қан қысымы с.б. бойынша 210/110 мм.. Науқасқа не болған

а)миокардтың өлі еттенуі

б)стенокардия

*в)гипертониялық криз

г)гипоглекимиялық ес-түссіз күй

д)есекжем

Қант диабетімен ауыратын 30 жасар науқастың ФАП-қа келгендегі шағымдары: әлсіздік, шөл, эпигастрий аймағы ауырып, есінен танған. Жағдайы тұмаудан кейін нашарлаған. Қарап көргенде: ессіз, ауызынан ацетон иісі шығып тұр, терісі құрғақ, тілінің бетін ақ өңез басқан. Пульс минутына -100 ҚҚ. Сынап бағанасы бойынша 100/60 мм. Науқастың жағдайы қандай

а)гипоглекимиялық ес-түссіз күй

б)өкпенің қабынуы

в)созылмалы гастриттің асқынуы

*г)гипергликимиялық ес-түссіз күй

д)артериальды гипотония

Жедел жәрдем шақырылған. 32 жастағы науқас 6 жыл бойы ұлтабардыңң ойық жарасымен ауырады. Соңғы аптада ашқарынға және түнде ауырады. Аяқ астынан әлсіздік пайда болып, суық тер басып, ауыру сезімі басылған. Қолмен зерттегенде: эпигастрий аймағы ауырады, қан қысымы сынап бағанасы бойынша 90/60 мм. Науқастың қай ауруы асқынған

*а)асқорыту жолынан қан кету

б)миокардтың өлі еттенуі

в)артериалдық гипотония

г)жедел аппендицит

д)жедел панкреатит

Екі жастағы бала ФАП қабылдауына келді. Анасының шағымы: баланың жөтелгеніне 3 тәулік болды. Фельдшер баланың көк жөтел екеніне күмәндәнді. Осы диагнозды дәлелдейтін белгіні атаңыз

а)ауыз - мұрын үшбұрышының көгеруі

б)денеде эксудатты диатездің дамуы

в)39 С дене қызуы

г)папуллезді бөртпе

*д)көз склерасына қан құйылу және тіл астының жарасы

ЖРВЖ (ОРВИ) мен ауырған балада түнде ит үрген тәрізді жөтел, дауысы қырылдап, инсператорлы ентігу пайда болған. Сіздің диагнозыңыз

а)жедел пневмония

б)жедел бронхит

в)бронх демікпесі

*г)жедел стенозды ларинготрахеит

д)жедел тонзиллит

10 жастағы бала жәншаумен ауырғаннан кейін беті мен балтыры ісінген. Қан қысымы с.б 130/100 мм., зәрдің түсі ет шайындысындай, протеинурия, эритроцитурия. Бұл өзгерістер қандай ауру белгілеріне сәйкес келеді

*а)жедел гломерулонефрит

б)жедел пиелонефрит

в)созылмалы гломерулонефрит

г)жедел цистит

д)бүйректік тас ауруы

11 айлық бала ана сүті көптігінен осы уақытқа дейін негізінен ана сүтімен қоректенеді, сирек шырын беріледі. Диспансерлеу кезінде балада темір тапшылықты қан аздық анықталған. Аурудың пайда болу себебі

а)ана сүтінің сапасыздығы

б)бала күтімінің кемшілігі

в)жиі ауыруы

*г)қосымша тағамның болмауы

д)баланың тамақтануы жеткіліксіз

3 жасар балада бірінші рет Манту реакциясы оң болған. Ең бірінші қандай тексеру әдісі жүргізіледі

д)Кох бактериясына зәрді себу

а)зәрдің жалпы анализі

б)қанның биохимиялық анализі

*в)кеуде клеткасының рентгенограммасы

г)ішкі мүшелерді УДТ (ультрадыбыспен) тексеру

ФАП фельшері 2 жасар баланы көруге үйіне барды. Қарап көргенде: науқастың денесінде әр түрлі көптеген бөртпелер: папулалар, везикулалар, қабыршықтар байқалды. Баланың ауруы қандай

а)қызылша

б)менингококкемия

*в)жел шешек

г)жәншау

д)қызамық

6 күндік бала. Бойы 52см, 3.800 г салмақпен туылды. Туылғанда Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Қарап көргенде: жалпы жағдайы жақсы, терісі таза, сарғайған, бала белсенді, тамыр соғуы минутына 140 рет, тыныс алуы минутына 46, дене қызуы 36,5°С кіндік жарасынан ұйыған сұйық бөлінеді. Баланың жағдайын анықта

а)жаңа туылған кезеңі, дамыған бала, кіндіктің қабынуы

б)уақытында туылған бала, I сатыдағы тұншығу

*в)уақытында туылған бала, физиологиялық сарғаю

г)уақытында туылған бала, жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы

д)уақытында туылған бала, пневмония

Жасанды тамақтандырылған 3 айлық бала тамақтанған кезде және ұйықтағанда желкесі терлеп, қорқатын болған. Бұл қандай жағдай

*а)мешелдің алғашқы кезеңі

б)мешелдің күшіне енген кезеңі

в)экссудатты талаурау диатезі

г)қан аздық

д)3 айлық баланың физиологиялық жағдайы

5 жасар қыз баланың ұйқысы бұзылып, тітіркенгіш болып, көтен ішегі қышып, зәрін ұстай алмауы байқалған. Қандай ішек құрты ауруы деп ойлайсыз

а)аскаридоз

*б)энтеробиоз

в)гемино липедоз

г)власоглов

д)жалпақ құрт

Баланың жалпы қан анализінде Нв-60 г/л, ТК-0,65.Бұл қан көрсеткіші төменгі аурулардың қайсысына тән

а)гемолитикалық қан аздық

б)В12-тапшылықты қан аздық

*в)темір жетіспеушілік қан аздық

г)апластикалық қан аздық

д)бұл қалыпты жағдай


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 375 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.052 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>