Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Жедел бүйрек жетіспеушілігін диагностикалау критерийлері 4 страница



1. АҚТҚ - жұқпасы

2. жедел бронхит

3. жедел өкпе қабынуы

4. жедел трахеит

5. өкпе туберкулезы

Диагнозды тұжырымдау үшін қандай зерттеуді жасау керек

А. қанның жалпы талдауы

Б. қақырық талдауы

В. нәжістің жалпы талдауы

Г. антиденеге қанды

Д. зәрдің жалпы талдауы"

а)2 - А

б)3 - Б

в)4 - А

*г)1 - Г

д)5 - Б

"Науқастың жасы 56 -да. 2 күн бұрын ауырып қалды, дене қызуы 38 -38,5 ° -қа дейін көтерілді, ол бүйірінің ауыратынына шағымданады. Қарап көргенде: 4-5-6- қабырғаларының аумағында қатты қызарып кеткен, тері ішінде мөлдір сұйықтығы бар күлбіреуіктер топтары бар екен, бөрітпелер бір - бірімен бірігіп кету бағытында. Жел шешекпен бала кезінде ауырған

Қандай ауру туралы ойлауға болады"

а)қайталанған жел шешек

б)кәдімгі ұшық

*в)айналмалы теміреткі

г)қызамық

д)жәншау

Ер адам жамбасынан жарақат алған, жүргенінде ауыру күшейе түсетініне шағымданады. Қарап көргенде саны қисайған, жүруге талпынғанда санының ортаңғы бөлігінің қимылдауы байқалады. Қандай жарақат туралы ойлауға болады

а)жамбас сүйектерінің сынуы

б)сан бұлшық еттерінің жыртылуы

*в)сан сүйегінің сынуы

г)жамбас-сан буынының шығып кетуі

д)санның ортаңғы бөлігінің қанды ісігі

Қан құйып жатқанда науқастың жағдайы нашарлап кетті, басы, көкірегінің арты және белі ауырады, басы айналып жалпы әлсіздік пайда болды. Бұл көрсетіп тұр

а)қан кету шогы

б)цитратты шок

*в)қан құю шогы

г)анафилаксиялық шок

д)пирогендік реакция

9 жасар бала жедел ауырып қалды. Ішінің ауыратынына шағымданады, қайта-қайта құсады6 дене қызуы 38,6° С Сигма тартылып қалған. Дәреті нәжісcіз, лайлы шырыш, қан. Қандай ауру деп болжауға болады

а)иерсиниоз

б)сальмонеллез

*в)дизентерия

г)колижұқпа

д)тырысқақ

8-жасар қыз бала жедел ауырып қалды, дене қызуы 38,2°С, Жағы шайнағанда ауырады, келесі күні құлақ айналысы аумағы екі жағында ісіп кетті. Аздаған катаралдық белгілер байқалады. Анамнезінде парта бойынша көршісінде 12 күн бұрын лимфаденит болды, бірақ мектепке келе берген. Қандай ауру туралы ойлауға болады



а)күл

б)инфекциондық мононуклеоз

*в)эпидемиялық паротит

г)ОРВИ

д)жәншау

13-жасар ер баланың ауруының алғашқы тәулігінде дене қызуының қалыпты болып тұрғанында жүрегі айнып, 3-рет құсу, бас ауруы болды, аурудың екінші күйінде басының айланатынына, көз алдында,"туман"болып, анамнезінен анықталды бірнеше күн бұрын қонақта әртүрлі үйде жасалған салаттар жеген. Қандай ауру туралы ойлауға болады

а)тағамдық уытты жұқпа

б)менинго энцефалит

*в)ботулизм

г)полиомиелит

д)сальмонеллез

"Науқастың жасы 45-те жедел ауырып қалды. Бүгін дене қызуы 39,5°С -ке көтерілді Жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, денесін ""ұрып тастағандай"" сезінетініне Басының ауыратынына шағымданады. Көз алмасының қимылдағанда ауыратыны анықталды. Тәбеті қатты төмендеген, мұрнымен тыныс алуы қиындаған, тамағы қызарған.

Болжамалы диагноз"

*а)тұмау сүзек

б)иерсиниоз

в)менингит

г)менингоэнцефалит

д)вирустық гепатит

32 жасар науқас әйел соңғы 3 аптадан бұрын басталған: Тез көзге түсетін әлсіздікке, өзін нашар сезінетініне шағымданады.Температурасы мен катаралдық белгілері жоқ анда-санда ірі буындары ауырады. Қарап көргенде оң жақ эпигастрий аумағы ауырады, бауыры қабырға шетінде; Анализінен белгілі болды: 4-ай бұрын әйел тіс дәрігерінде емделген. Қандай ауру туралы ойлауға болады

а)бруцеллез

б)иерсиниоз

в)вирустық гепатит А

*г)вирустық гепатит В

д)вирустық гепатит Е

Өрттен зардап шеккеннің арқасында іші кілегейлі сұйықтықтармен толған күлбіреуіктері бар күйген жаралар бар. Эпидерместің кейбір түрлері жиырылған зақымның жалпы көлемін ж/е түңдігін деңгейлер бойынша анықтаңыз

*а)18% -IIдеңгей

б)36% -IIдеңгей

в)45%-IIIБдеңгей

г)27% -IIIА деңгейі

д)40% -IIIБ деңгейі

Қант диабетінен зардап шегетін 60 жасар науқас ер адам, мойын аумағының арт жағының ісінгеніне, сол жердің ауруларына, қызарып кеткеніне көптеген некроздық таяқшалардың пайда болғанына шағымданады. Қандай ауру туралы ойлауға болады

а)тілме

б)мойын экземасы

*в)мойын карбункулы

г)эризепилоид

д)Квинке ісігі

"Науқас әйел жүрегінің айнынуына, құсатынына, ішінің оң жағының ауыратынына шағымданады. Дене қызуы 37,5°С-ке дейін көтерілді, қарап көргенде тіл үстінде қабат бар. Іші оң жақ қабырға асты аумағында қатайған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң Қандай ауру туралы ойлауға болады

1 жедел аппендицит

2 жедел холецистит

3 асқазан ойық жарасының жарылуы

4 жедел панкреатит

5 жедел парапроктит

Дәрігерге дейінгі көмек

А) науқасты жатқызып, жылы орау, ішіне жылытқыш басу

Б) науқасты ыңғайлап жатқызып анальгетиктер беру

В) науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызып ішіне суық басу

Г) науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызып спазмолитиктер беру

Д) дәрігер келгенше ештеңе істемеу керек"

а)1 - А

*б)1 - В

в)2 - Д

г)3 - Б

д)4 - В

"25 жасар ер адам. Шағымы: жыныстық қатынастан соң 4 аптадан кейін байқауы бойынша, тез шаршап қалжырау үдей бастады. 5 аптадан кейін дене салмағын жоғалта бастады. Дене қызуы жоғары көрсеткіштен түспей тұр, диарея жедел респираторлық аурулар қалыптағыдан ұзақ сақталатын болды, бұлшық еттері мен буындары ауырады. Жадында сақтауы төмендеген. Сіз қандай ауру туралы ойлайсыз

*а) АҚТҚ жұқпасы

б) дизентерия

в) жедел респираторлық вирустық жұқпа.

г) қан тамырлар дистониясы.

д) гонорея

Осы аурудың шығу жолдары:

А) жыныстық қатынас арқылы

Б) қан құйғанда

В) плацента арқылы

Г) тұрмыс заттары арқылы

Д) ауру жұқтырған адаммен бірге сау адамға бір аспаптарды қолданғанда"

*а)1 - Г

б)2 - А

в)3 - В

г)4 - А

д)5 - Б

"48 жасар науқас мамандығы зоотехник. Шағымы: дене қызуының көтерілуі әлзіздік, басының ауруы, кеуденің ауруы, ентікпе. Қарап көргенде: жағдайы ауыр,t 39,° С, көзі қызарып, беті домбығып тұр. Жүрек тондары басыңқы. Сол жақ өкпесінің жоғарғы бүрышында майда кепіршікті сырыл естіледі. Көбікті құрамында қаны бар қақырық бөлініп шығады. Анамнезінен: науқас көршісіне ауру түйені союға көмектескен.

Болжамалы диагноз"

*а)оба (чума)

б)туляремия

в)күйдіргі

г)бруцеллез (сарп)

д)өкпе қабынуы

Жас бала бөтелкедегі белгісіз сұйықтықты ішіп қойды. Аузы, іші, еріндері, жіті қатты ауыра бастады. Ауыз қуысының шырышты қабаттары қабынған, ақшыл- сүр бедерлі жұмсақ қабықпен қапталған, қайта-қайта қан аралас құсып жатыр. Тыныс алуы қиындаған. Бала қандай затпен уланып қалды

а)сілтімен

*б)қышқылмен

в)дәрілік затпен

г)алкогольмен

д)химиялық затпен

"Науқас әйел: әлсіздікке, нашар сезінетіне, кеудесінің ауратынына, 3 аптадан бері жөтелетініне шағымданады. Қарап көргенде: терісі бозарған, регионалдық лимфа бездері үлкейген. Қандай ауру туралы ойлауға болады

1) бронхит

2) өкпе қабынуы

3) демікпе (бронхиалдық астма)

4) туберкулез

5) жүрек астмасы

Осы ауруды зерттеудің приоритетті әдісін көрсетіңіз

А) қанды жалпы тексеру

Б) зәрді Зимницкий әдісі бойынша тексеру

В) каннның биохимиялық тексеруін өткізу

Г) қақырықты бактериоскопиялық тексеру

Д) электрокардиография өткізу"

а)2 - Б

б)3 - А

*в)4 - Г

г)5 - Д

д)1 - В

"4 сағат бұрын жас әйелдің ішінің төменгі жағы аяқ астынан қатты ауыра бастады. Содан кейін басы айналу ""көз алдында тор"" пайда болды, ауа жетіспей жатқанын айтады. Науқастың етеккірі 2-3 аптадай кідіріп қалғаны белгілі болды. Тексергенде науқас боз, пульс 110 соқ мин..Іші қатайған, ішінің төменгі жағы пальпация жасағанда ауырады. Осы ауру әйелде қандай патологиялық жағдайдан күдіктенуге болады

1) жедел аппендицит

2) қаназдық

3) жатырдан тыс жүктілік

4) бүйрек тас ауруы

5) ішеутің түйіліп қалуы (инвагинация)

Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің шаралары

А) тыныштандырып ішіне суық басу

Б) тазалау клизмасын, спазмолитиктер беру

В) жылы ванна, ішіне жылу басу

Г) ішіне суық басу, спазмолитиктер беру

Д) ішіне суық басу, анальгитиктер беру"

а)1 - А

б)2 - Б

*в)3 - А

г)4 - Г

д)5 - Д

Қан тобын анықтаған кезде АВ (IV) топтың сарысуын қандай жағдайда қолданады

а)егер барлық пробиркаларда агглютинация жоқ болса

*б)егер агглютинация қанның 0(І), А(ІІ), В (ІІІ) топтарының сарысуымен байқалса

в)аталған қан тобының сарысуымен агглютинация 10 мин. өткенде байқалса

г)барлық жағдайда пайдаланылады

д)қанның 0 (І) тобы сарысуымен агглютинация болса

Донор мен реципиенттің жеке үйлестілігін байқау заттары

а)донор плазмасы және реципиент сывороткасы

б)реципиент плазмасы және донор сывороткасы

в)донор плазмасы және реципиент қаны

*г)реципиент сывороткасы және донор қаны

д)донордың және реципиенттің сывороткасы

Омыртқа сынығының қайсысы асқынған болып есептеледі

а)омыртқа денесі

б)тік және көлденең өсінділері

в)жамбастың зақымдануы мен сынуы

*г)жұлынның зақымдануы мен сынуы

д)омыртқаның аралық дискісінің зақымдануымен қосыла сынуы

Жұлын зақымдануының тұрақты белгісі

а)буындардың бұзылып қатаюы

*б)жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылуы

в)жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы

г)тыныс алудың бұзылуы

д)бет жүйкесінің кесілуі

Асқазан жарасының тесілуіндегі ауырудың орны мен сипаты

а)оң жақтағы мықын қатты, үнемі ауыруы

б)оң жақ қабырға асты қатты, үнемі ауырады

в)іштің айнала сырқырап ауыруы

*г)эпигастрий аймағының пышақ сұққандай ауыруы

д)сол жақ қабырға астының ауыруы

Жедел холециститтегі ауырудың сипаты мен орны

а)іштің оң жағының қатты, үнемі ауыруы

*б)оң жақ қабырға астының қатты, үнемі ауыруы

в)белінің айнала сырқырап ауыруы

г)эпигастрий аймағының пышақ сұққандай ауыруы

д)сол жақ қабырға астының ауыруы

Жедел аппендицитте ауырудың сипаты мен орны

*а)іштің оң жағының қатты, үнемі ауыруы

б)оң жақ қабырға астының қатты, үнемі ауыруы

в)белінің айналып сырқырап ауыруы

г)эпигастрий аймағының пышақ сұққандай ауыруы

д)сол жақ қабырға астының ауыруы

Қатерсіз ісіктің белгісі

а)іріңнің пайда болуы

*б)баяу өсуі

в)тез өсуі

г)қан қысымының төмендеуі

д)метастаздың болуы

Қатерлі ісіктің белгісі

*а)тез өседі

б)метастаз жоқ

в)баяу өседі

г)нақты шекарасы

д)қапшығы бар

Қуық түбі безі аденомасымен ауыратын науқастың зәрі жүрмей қалғанда жүргізілетін емдік шаралар

а)іштің төменгі бөлігіне жылу қою

б)мұзды мұйық қою

в)зәрдің рефлекстік жүргізу

*г)зәр қуығын катетерлеу

д)лазикс тағайындау

Өт тас ауруына тән

*а)оң жақ қабырға астының иыққа берілуімен ауыруы

б)дизуриялық бұзылыстар

в)белбеу тәрізді ауыруы

г)түнгі, ашқарын ауыруы

д)бел тұсының ауыруы, шат аралығына берілуі

Күйіктік шокқа тән негізгі белгі

а)қан қысымының төмендеуі

*б)эриктельді кезеңнің ұзақтығы

в)қансырау

г)есінен тану

д)бүйрек қызметінің жетіспеушілігі

Қабынудың инфильтрация кезеңінде бактерияларға қарсы терапия көрсетіледі және

а)натрий хлорид ерітіндісімен таңғыш салынады

*б)физио-ем мен спирт араластырып компресс істеледі

в)майлы компресс жасалады

г)инфильтратты кеседі

д)инфильтратты теседі

Егер жарада ірің көп болса, тазалағаннан кейін таңғыш салады

а)антибиотикпен

*б)гипертониялық ерітіндімен

в)фурациллин ерітіндісімен

г)асептикалық құрғақ

д)"Левомеколь" жақпа майымен

Шоктың эриктилді кезеңінің белгісі

*а)қан қысымының жоғарылауы

б)тежелушілік

в)есінен тану

г)қан қысымының төмендеуі

д)ес-түссіз күйтоздық жағдай

Шоктағы сезімсіз кезеңінің белгісі

а)өте көп сөйлейді

*б)қан қысымының төмендеуі

в)қан қысымының жоғарылауы

г)тынышсыздану қимылдары

д)ес-түссіз күйтоздық жағдай

Қан бойынша топқа жатуын анықтау белгісі

а)резус-фактор

б)сыйысушылық байқауы

*в)агглютиногендердің және агглютининдердің болуы

г)эритроциттердің днңгейі

д)гемоглобиннің жалпы деңгейі

Қан кұйғанда биологиялық байқау жүргізу үшін не істеу керек

а)бір рет үзбей 25 мл қанды сорғалатып енгізіп, науқастың жағдайын 5 мин бақылау

*б)20 мл -ден қатарынан үш рет әрбір 5 мин сайын қанды сорғалатып құйып, науқастың жағдайын бақылайды

в)тамшылайтып 25 мл-ден үш рет қан құйып, науқастың жағдайын бақылайды

г)қатарынан үш рет әрбір 10 мин сайын 15 мл қанды сорғалатып құю

 

Жараны алғашқы хирургиялық тазалау- бұл

*а)жараның шеттерін, түбін және қабырғаларын қиып, содан кейін тігу

б)жараны жуу

в)жарадан бөгде заттарды, ұйып қалған қанды алып тастау

г)жараның шеттерін қиып, гиперпониялық ерітіндімен таңғыш салу

д)жараның шеттерін қиып тастап, оған білте түтік салу

Кеуде клеткасы қысылып қалғанда зардап шеккен адамға ауру сезімін басатын дәрі енгізеді және

а)етбетінен жатқызу керек

б)арқасына жатқызу керек

в)бір қырына жатқызу керек

*г)жартылай отырғызу керек

д)бір қырына жатқызу керек

Жараның алғашқы жазылумен бітуі үшін керек жағдай

*а)шеттері тегіс, бір-біріне жақсы жетіп тұруы

б)шеттері тегіс емес, олардың арасында қуыс бар

в)жараның іріңдеуі

г)жараға білте қою

д)жақпамайлы таңғыштың болуы

Жарақаттанудың ең қауіпті симптомы

*а)қан ағу

б)іріңдеуі

в)терінің ақауы

г)дененің жарақат алған бөлігі қызметінің бұзылуы

д)жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы

Ұзақ уақыт қысылып қалу синдромының алғашқы көмегіне кіреді

*а)промедол енгізу, оттегін беру, аяқ- қолға тығыз таңғыш салу, аяқ қолды салқындату, тасымалдау үшін таңу

б)атропин енгізу, сілтілі су ішкізу, аяқ-қолын таңу, тез арада тасымалдау

в)новокоинмен блокада жасау, аяқ- қолын таңу, ауыру сезімін басатын дәрі-дәрмек енгізу, оттегін беру

г)оттегін беріп, тез арада тасымалдау

д)ауыруды басатын дәрі-дәрмек енгізу, аяқ-қолға тығыз таңғыш салу, тез орнықтырып таңу

"құрсақ қуысының ішек ілмегі шығып жарақаттануындағы алғашқы көмек

көрсетудің ізбе-ізділігі

1.ішекті қайта орнына салу

2.ішекті стирилді ылғалды салфеткамен жауып қою

3.""тоқашпен"" асептикалық таңғыш салу

4.ауыру сезімін басу

5.жара айналасының терісін тазалап шығу"

а)4, 2, 3, 1;

б)5, 4, 1, 2;

в)3,5, 1, 2;

*г)4, 5, 2, 3;

д)4, 5, 1, 2.

Көз ішіне енген жарақаттың абсолюттік белгісі

а)жас ағуы

*б)көз қысымының төмендеуі

в)көздің шырышты қабығының қызаруы

г)көздің мөлдір қабығы немесе склера аумағының жарасы

д)көздің шырышты қабығының ісінуі

Көз жарақаты кезіндегі көмек

а)сумен жуу

б)ештеңе жасамай емханаға жіберу

*в)көзді таңып, емханаға жіберу

г)екі көзіне бірдей жақпамайлы таңғыш салу

д)жарақат алған жерді қарап шығу

Жараны тазалауды тездету үшін қолдану керек

а)антибиотиктерді

б)фурациллинді

в)гибитанды

*г)протеолитикалық ферменттерді

д)повидан-иодты

Жамбас сүйектері сынғанда зардап шеккенді қалай жатқызу керек

*а)"бақа" сияқты қалыпта

б)жартылай отырғызып

в)етпетінен

г)жамбасын жоғарылау

д)бір қырына

Қандай жағдайда сіреспенің алдын алу керек

а)қолдың жұмсақ ұлпаларының жарақатында

б)иықтың жабық сынығында

*в)табанның тесілген жарақатында

г)шынтақ буынының созылып кетуінде

д)тері астында қан ұйып қалғанда

Сіреспе анатоксині не үшін енгізіледі

а)қабыну симптомын басу үшін

б)сепсистің алдын алу үшін

*в)белсенді төтемелілік қалыптастыру үшін

г)енжар төтемелілік қалыптастыру үшін

д)ауыру синдромын азайту үшін

Жұлынның зақымдану белгілері

*а)салдану

б)омыртқаның қырлы сүйектерінің крепитациясы

в)омыртқа аумағының майысып, ісініп тұруы

г)бастың ауыруы

д)жарақат аумағында қанды ісіктің болуы

Жеңіл дәрежедегі ми шайқалуының негізгі белгілері

а)бастың ауыруы және АҚ көтерілуі

б)құсу, бірнеше сағат бойы ес - түсін жоғалту

*в)бастың ауыруы, жүрек айну, әлсіздік

г)құсу және АҚ -ның төмендеуі, ретрогратты амнезия

д)құсу және ес - түсінен айрылу

Ми шайқалуының мидың соғылуынан айырмашылығы

а)құсу болмайды

б)АҚ - жоғарғы болуы

*в)симптоматика ошағының болмауы

г)"жарық аралықтың" болуы

д)АҚ төмен болуы

Мидың қысылып қалуына тән белгілер

*а)"жарық аралықтың" болуы

б)симптоматика ошағының болмауы

в)мұрыннан және құлақтан қан кетуі

г)көзілдірік симптомы

д)ес - түсін жоғалту

Бас сүйек-ми жарақатында қандай препараттарды қолдануға тыйым салынған

а)гемостатикалық заттарды

б)зәр айдайтын

в)есірткілік емес анальгетиктерді

*г)есірткілік анальгетитерді

д)ұйықтататын (седативті) дәрілерді

Ашық пневмоторакста зардап шеккенге көмек көрсету үшін не қажет

а)асептикалық таңғыш салу

б)көліктік шендеуіш салу

*в)окклюзиялық (п - тәрізді) таңғыш салу

г)кеуде клеткасын қысып бинтпен таңып тастау

д)дөңгелек қоршау таңғыш салу

Бүйректің зақымдануындағы алғашқы көмек

а)жүрек препараттарын енгізу

б)қуықты жедел катетерлеу

*в)мұзды мұйық қойып, ургентті хирургияға жіберу

г)паранефральды блокада жасау

д)зәр айдайтын препараттар беру

Манту байқауын жүргізгенде қолданады

а)БЦЖ құрғақ екпесін

*б)2. г.б. туберкулин

в)АКДС екпесін

г)АДС-М- анатоксинін

д)қызылша екпесін

Қызылшаға қарсы екпе неше жастағы қызылшамен ауырмаған балаларға салынады

а)6 ай

б)9 ай

в)12 ай

г)2 жас

д)6 жас

"Гельминтоздың таралуына және жұғуға әсер етеді

1. балалардың жиі тұмауратып ауыруы

2. балалардың сан-гигиеналық ережелерді білмеуі

3. тазаланбаған жеміс,көкөніс

4. шыбын-шіркей, кір қолдар

5. тұрғылықты жерде санитарлық жағдайдың болмауы"

 

а)1, 2, 3, 5

б)1, 3, 5

*в)2, 3, 4, 5

г)1, 4, 5

д)1, 2, 5

Жұтқыншақ күлінің белгісіне жатпайды

а)өңез түсі жылтыр, ақшыл - сұр

б)шпательмен өңез қиын алынады

*в)өңез шпатель арасында тез езіледі

г)өңезді қырып алғанда шырышты қабығы қанайды

д)шпателдер арасында өңездер жаман езіледі

Зәр айдайтын дәрілерді қабылдағанда қандай микроэлемент шығарылады

а)кальций

*б)калий

в)магний

г)фосфор

д)темір

Қан қысымын өлшегенде манжета қай көрсеткішке дейін ауаны қысады

а)200 мм с.б.

б)170 мм с.б.

*в)фонендоскопта дыбыс тоқтағанда және 20-30 мм с.б.

г)фонендоскопта дыбыс естілмегенше

д)250 мм с.б.

Асқазан тұсының "ашқарынға " және "түнгі" ауыру5а шағым..... ауыруына тән

а)гастрит

б)асқазан ойық жарасы

в)асқазан обыры

*г)ұлтабар ойық жарасы

д)жедел холецистит

Жүрек демікпесінің ерекшелігі

*а)тұншығу ұстамасы демді ішке алуымен қиындалады

б)тұншығу ұстамасы демді сыртқа шығарумен қиындайды

в)төс артының ауыру ұстамасы 30 мин. артық

г)қысқа уақытқа естен тану

д)көпіршікті алқызыл қақырықты сырылды тыныс алу

Өкпенің ісінуінде морфийді пайдалану мақсаты

а)ауыру сезімін басу үшін

*б)тыныс алу орталығына қысым көрсету үшін

в)көпіршікті басуға

г)жүрек ырғағын сиректету үшін

д)тыныс алу орталығын тітіркендіру мақсатымен

Стенокардия ұстамасында ауыру сезімін нитроглицерин..... басады

а)20 мин. кейін

*б)1-5 мин кейін

в)1 сағ. өткенде

г)15 мин кейін

д)2 сағ өткенде

Миокардтың өлі еттенуіндегі медициналық алғашқы шұғыл жәрдем

а)жүрек гликозидтері

б)кардиамин

*в)наркотикалық анальгетиктер

г)қан ағызу

д)папаверин

Гипергликемиялық естен танудағы стационарға дейінгі шаралар

а)инсулинмен емдеу

*б)изотониялық ерітінді к/т

в)дәрігер шақырту

г)асқазанды жуу

д)40% глюкоза ерітіндісін енгізу


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 394 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.073 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>