Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

<Metadata name=Title>Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы</Metadata> 4 страница



4.9. Сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аудандарда қолданылатын болат конструкцияларға қойылатын талаптар

198. Ригельдерде, диафрагмаларда, бағаналардың тiрек траверстерiнде болат қаңқаларды қолданған кезде есептiк мәндерден артық сейсмикалық салмақтар кезiнде серпiмдi емес деформациялардың дамуы мүмкiн жағдайларда жұмыс iстеуге арналған белгiлi бiр учаскелердiң, ал болат байланыстарда - арнайы конструкциялық элементтердiң болуын көздеу ұсынылады.
199. Серпiмдi-пластикалы кезеңде жұмыс iстейтiн элементтер үшiн құрамында көмiртегi аз, кәдiмгi сапалы пластиналы көмiртектi болат және салыстырмалы ұзаруы кем дегенде 20 % төмен дәрежеде легирленген болат қолданылуы тиiс.
Болат конструкциялар элементтерiнiң пластикалық деформациялар дамитын учаскелерi дәнекерленген және бұрандалық қосылыстардың сыртына шығарылуы тиiс.
200. Көпқабатты ғимараттардың рамалық қаңқаларының болат бағаналарын бас осьтерге қатысты тең орнықты, тұйықталған қорап түрiндегi қимылы, ал рамалық-байланыстық қаңқаларда қос тавр қимылы болат бағаналарын қолдану ұсынылады.
201. Қаңқалар бағаналарының түйiспелерiн рамалар тораптарына жатқызу ұсынылады. Рамалық қаңқалардың бағаналарында ригельдер белдеулерiнiң деңгейiнде диафрагмалар орнатылуы тиiс.
202. Қаңқалардың болат ригельдерiн прокаттық және дәнекерленген қос таврлардан жасау ұсынылады.
Рамалық каркастар ригельдерiнiң тiрек қималарын сөрелердiң енiн үлкейту немесе доғалқиыс есебiнен үлкейту ұсынылады.
203. Сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын ғимараттардың болат байланыстарында есептiк мәндерден артық салмақтар түскен кезде пластикалық деформациялар дамуы мүмкiн арнайы конструкциялық элементтер - энергия жұтқыштар (сақиналық, түтiктiк, фрикциялық және басқадай) қарастыруға рұқсат берiледi.
204. Жабын тақталары мен болат ригельдер арасындағы көлденең жiктерде созу және жылжу күштерiн қабылдайтын байланыстар қарастырылуы тиiс.
205. Жабынның және оның элементтерiнiң кеңiстiктiк қатаңдылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жабынның көтергiш конструкцияларының арасында байланыстар жүйесi болуын қарастыру керек.



4.10. Алюминийден және алюминий қорытпалардан жасалған конструкцияларға қойылатын талаптар

206. Алюминийден жасалған конструкцияларды және алюминий
қорытпаларын қолданған кезде мыналар қажет:
1) ғимараттың негiзгi өлшемдерiне және пайдалану режимiне (аралықтардың конструктивтiк кестесiне, температуралық әсерлерге) байланысты белгiлей отырып, монтаждау және пайдалану процесiнде ғимараттың және оның элементтерiнiң тұрақтылығын және кеңiстiкте өзгермейтiндiгiн қамтамасыз ететiн байланыстарды көздеу;
2) металл конструкцияларды әзiрлеушi кәсiпорынның өндiрiстiк мүмкiндiктерiн және монтаждау ұйымдардың жүк көтеру-көлiк жабдығының қуатын есепке алу;
3) конструкциялар элементтерiн бөлшектердiң барынша аз санынан құрастыру;
4) конструкциядағы түйiспелердi тиiстi түрде орналастыру арқылы металды барынша аз қалдықтармен және ысыраптармен пайдалану;
5) конструкцияларды құрылысқа ұтымды және үнемдi тасымалдауды есепке ала отырып, конструкциялық шешiмдер қарастыру және конструкцияларды жөнелтiлетiн элементтерге бөлу;
6) конструкцияны құрылыс алаңында iрi блоктармен монтаждау және монтаждау процесiңде жекелеген элементтерi мен блоктарының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн, конструкцияның жөнелтiлетiн элементтерiн iрiлендiру мүмкiндiгiн қарастыру;
7) элементтердi оңай құрастыруды және монтаждау кезiнде қосылыстарды ыңғайлы орындауды, сондай-ақ конструкцияны жылдам қамтамасыз ететiн монтаждық бекiткiштердi және құрылғыларды монтаждау үстелдерiнiң құрылғысы және басқаларды) қарастыру;
8) элементтердiң монтаждық қосылыстарын бұрандалармен орындауды қарастыру, дәнекерленген және тойтарма шегелiк қосылыстарды бұрандамаларды қолдану ұтымсыз болған немесе нормативтiк құжаттарда рұқсат берiлмеген жағдайларда ғана қолдану.
207. Иiлетiн элементтердiң майысымын нормативтiк салмақпен динамикалық коэффициенттерiн және қималардың тойтарма шегелер мен бұрандамаларға арналған тесiктерден әлсiреуiн есепке алмай анықтайды.
208. Бiр қабатты ғимараттардың алюминийден және оның қорытпаларынан жасалған алюминий конструкцияларына температуралық климаттық әсерлер нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес температуралық жiктердiң арасында барынша қашықтықтарды сақтау, сондай-ақ қоршау конструкцияларын, олардың түйiспелерiн және саңылау жапқыштарын жобалау кезiнде конструкциялық шараларды қолдану арқылы есепке алынады.
209. Ғимараттардың қоршау конструкцияларын (қабырғалар және жабындар, жекелеген панельдер, төсемдер және олардың түйiспелерi), сондай-ақ қоршауларды ғимарат қаңқасына бекiту бөлшектерiн қоршаулардың жылу техникалық қасиеттерiн және герметикалығын сақтай, температуралық деформациялардың еркiндiгiн қамтамасыз ете отырып, температураның жыл бойында өзгеруiн есепке алып жобалау қажет.
210. Қоршау конструкцияларын есептеу кезiнде сыртқы беттердiң температураларының өзгеру мәндерi нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес сыртқы ауаның жылдың жаз және қыс мезгiлiндегi есептiк температураларына байланысты анықталады. Бұл ретте, жаз уақытында күн радиациясының әсерi есепке алынуы тиiс.
211. Қоршау конструкцияларының сыртқы және iшкi беттерiнiң арасындағы есептiк температура айырмашылықтары ғимараттың iшкi температуралық режимi есепке алына отырып қабылданады.
212. Қоршау конструкцияларының жылытқышы, желiмi және
герметиктерi үшiн материалды қоршау конструкцияларының сыртқы және
iшкi беттерiнiң арасындағы есептiк температура айырмашылықтарының
шамаларын есепке ала отырып таңдау керек.
213. Техникалық-экономикалық негiздеу кезiнде конструкцияларда алюминийдi басқа құрылыс материалдарымен (есiк және терезе конструкцияларында - алюминий мен ағаш, қабырғалық және шатырлық конструкцияларда - алюминий мен полимерлер және басқалар) үйлестiрiп қолдануға рұқсат берiледi. Бұл ретте, материалдардың серпiмдiлiк модульдерi және сызықтық ұлғаю коэффициентерi шамаларының айырмашылықтарын есепке алу, сондай-ақ алюминийдi байланыстық тоттан қорғау жөнiндегi iс-шараларын қарастыру қажет.
214. Жиналмалы-құрамалы ғимараттардың конструкцияларында алюминий қабырғаларға, шатырға, арақабырғаларға, есiк және терезе ойықтарына арналған қоршаулық толық жиналған элементтер, бұрандалы монтаждық қосылыстары бар толық зауыттық дайындықты көтергiш элементтерi ретiнде қолданылады.
215. Жиналмалы-құрамалы ғимараттардың қоршаулық және көтергiш конструкциялар элементтерiн қолдану кезiнде олардың өзара алмасымдылығын қарастыру керек. Монтаждық бөлiктердi және түйiспелердi кiрдiң, шаңның, ылғалдың жиналуын болдырмайтын орындарда орналастыру қажет.
216. Алюминийден және алюминий қорытпалардан жасалған алюминий конструкцияларын және сәулеттiк мақсаттағы бұйымдарды қорғау мен сәндеу мақсатында әрлеу үшiн нормативтiк құжаттарға және конструкциялардың тиiстi түрлерiнiң типтiк сызбаларына сәйкес қолдану керек.
217. Алюминийден және алюминий қорытпалардан жасалған қоршаулық алюминий конструкцияларын қолданған кезде жылдам ескiретiн, тозатын немесе жөнделуi тиiс элементтердi (мысалы, тығыздағыш төсемдердi, әйнектi) оңай алмастыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету қажет.
218. Агрессивтi орталардың әсерiне ұшырайтын өндiрiстiк және ауыл шаруашылықтық ғимараттардың алюминийден және алюминий қорытпалардан жасалған алюминий конструкцияларының тоттануға төзiмдiлiгi алюминийдiң маркасын және жай-күйiн таңдау, конструкциялық нысандарды және ең аз қалыңдықтарды нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұтымды белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.
219. Қосылыстың түрi (дәнекерлеу, бұрандамалық, тойтарма шегелiк және басқадай) қосылысты орындау жұмысының сипатына байланысты және қосылыстың түрiмен айқындалатын алюминийдiң босау деңгейi есепке алына отырып таңдалады.
220. Жұқа табақты қоршау конструкцияларын және олардың қосылыстарын дәнекерлеумен немесе тойтарма шегелермен (қаптамаларды қаңқаларға зауыттық және монтаждық бекiткiштер, жұқа парақтық
элементтердi iрiлендiруге арналған түйiспелер, шатырлық жабындардағы
түйiспелер), сондай-ақ қайырмалармен, iлгiшектермен қолданылған
қосылыстармен жобалау қажет.
221. Дәнекерленген жұқа табақты конструкцияларды қолданған кезде олардың сыртқы түрiнiң сақталуын дәнекерлеу қосылыстарының қажеттi сыртқы түрiн қамтамасыз ететiн тәсiлiн таңдау, дәнекерленген қосылыстарға саңылау жапқыштар және басқа да конструкциялық элементтер құру, қатты кондукторларды қолдану, дәнекерлеу деформациясын азайту үшiн жiктердi соғу арқылы қамтамасыз ету қажет.
222. Тоттанудан анодтау арқылы қорғауға арналған конструкцияларда дәнекерленген қосылыстарды қолдануға арнайы негiздеумен рұқсат берiледi.
223. Алюминийден және оның қорытпаларынан жасалған алюминий конструкцияларының жартылай фабрикаттарының ең аз қалыңдығын есептеу бойынша және оларды тасымалдау және монтаждау жағдайларына байланысты белгiлеу керек. Қоршау конструкциялары элементтерiнiң қалыңдығы оларды қалыпты пайдаланған кезде 0,8 мм кем болмауы тиiс.
224. Күштердiң бiр бөлiгi тойтарма шегелерге, ал бiр бөлiгi
дәнекерленген жiктерге түсетiн қосылыстарды қолдануға тыйым салынады.
225. Алюминийдi мынадай құрамда:
1) конструкцияның әртүрлi элементтерi алюминийден немесе болаттан жасалған кезде бiр конструкцияда;
2) конструкцияның бiр элементi алюминийден жасалып, болат қосылыспен (болттармен) жалғанған кезде болатпен бiрге қолдануға рұқсат берiледi.
226. Қоршау конструкциялары элементтерiнiң (витриналардың, витраждардың, терезелердiң, есiктердiң және басқаларының) iшпектермен жасалатын қосылыстары тәжiрибелiк үлгiлерде тексерiлуi тиiс.
Әйнектiң алюминий каркастың элементтерiмен тiкелей жанасуына рұқсат берiлмейдi.

4.11. Металл конструкцияларды кәдеге жарату кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары

227. Металл конструкцияларды айналымнан шығару, қалдықтарын кәдеге жарату немесе жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Техникалық регламентпен және кәдеге жарату барысында қауiпсiздiк шараларын көздейтiн техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк шаралары сақтай отырып, жүзеге асырылады.
228. Металл конструкцияларды кәдеге жарату, оларды тұрғызу кезiнде пайдаланылған ғимараттарды және құрылыстарды бөлшектеу, бұзу, жаңғырту нәтижесiнде жүзеге асырылуы тиiс.
229. Жарамсыз материалдарды және қалдықтарды өнеркәсiптiк қайта өңдеу арқылы қайталама шикiзат алу мақсатымен пайдаланумен байланысты, кәдеге жаратудың басымдықты тәсiлдерiн таңдау қажет.
230. Металл конструкциялардың қалдықтарын кәдеге жарату процесiне қатысуға қажеттi бiлiктiлiгi бар және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы қажеттi бiлiктiлiгi бар және тиiстi дайындықтан өткен персоналға рұқсат берiледi.
231. Металл конструкцияларды газбен кесу жұмыстары белгiленген тәртiпте әзiрленген және бекiтiлген технологиялық нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
232. Металл сынықтарын газбен кесуге арналған жұмыс алаңдары жүк көтеру құралдарымен жарақтандырылуы тиiс.
233. Биiктiгi 1,5 м асатын iрi металл конструкцияларды кесу кезiнде кесiлген бөлiктердiң құлап кетуiн болдырмайтын шаралар қарастырылуы тиiс.
234. Қабаттап жиналып жатқан металл конструкцияларды кесуге тыйым салынады. Кесу жұмыс алаңының еденiнде жүргiзiлуi тиiс.
235. Ыдыстарды және қуыстары бар бұйымдарды кесу кезiнде олардың қақпақтары және есiктерi ашылған, тығындары алынған, ал жабық қуыстары ашылған болуы тиiс.
236. Жарамсыз металл конструкцияларды не олардың қалдықтарын кәдеге жарату және жою кезiнде жұмыс аймағы ауасындағы, атмосфералық ауадағы, ашық су қоймаларының суындағы зиянды заттардың концентрациясы шектi рұқсатты концентрациялардан аспаулары тиiс.

5. Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiктiгiн растау

237. Сәйкестiктi мiндеттi және ерiктi растау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына, "Сәйкестiктi растау рәсiмi" техникалық регламентiне және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
238. Сәйкестiктi мiндеттi растау нақты өнiм осы өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау қарастырылған халықаралық келiсiмдер, конвенциялар және Қазақстан Республикасы қосылған басқа құжаттар күшiнде болатын салаға жатқан жағдайларда да қолданылады.
239. Үйлестiрiлген стандарттардың талаптарына сәйкес әзiрленген металл конструкциялары осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келедi деп саналады.
Үйлестiрiлген стандарттарда өнiмнiң тұтынушылық қасиеттерiн (сапасын) сипаттайтын көрсеткiштермен бiрге, қауiпсiздiктi анықтайтын көрсеткiштердiң нақты сандық мәндерi түрiндегi мөлшерлiк сипаттамалар және сәйкестiк презумпциясының қағидаты көрсетiлген.
240. Металл конструкциялары өзге нормативтiк құжаттар бойынша, егер олардың талаптары үйлестiрiлген стандарттарда көрсетiлген талаптардан төмен болмаса, ал ол болмаған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген нормалардан төмен емес, құжаттар бойынша жасалуы мүмкiн.

6. Үйлестiрiлген стандарттар тiзiмi

241. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн үйлестiрiлген
стандарттар тiзiмi (дәлелдер қоры) осы Техникалық регламенттiң
3-қосымшасында көрсетiлген.
242. Металл конструкциялардың қолданыстағы стандарттарын үйлестiру осы Техникалық регламентте белгiленген қауiпсiздiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiндей, техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

7. Өтпелi ережелер

243. Осы Техникалық регламент күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құжаттар металл конструкциялардың қауiпсiздiгi осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын және сәйкес келмейтiн бөлiгiнде түзетуге немесе белгiленген тәртiпте жоюға жатады.
244. Осы Техникалық регламент күшiне енген соң, қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау бойынша берiлген құжаттар, олардың күшiнде болу мерзiмдерi аяқталғанға дейiн заңды деп саналады.
245. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты айдан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Техникалық регламентке
1-қосымша

Металл конструкциялардың тiзбесi

ҚР СЭҚ ТН коды

Түрлерi бойынша металл конструкциялардың атауы

   

Болат құрылыс конструкциялар

9406 00

Ғимараттар қаңқаларының конструкциялары (жеңiл конструкциялармен шешiлетiндерден басқа)
Ғимараттар қаңкаларының конструкциялары (жақтаушалық, арқалық және жабындардың бiлiктерi)
Кеңiстiктi және аспалы жабындар (құрылымды жабындар, торлы қабықшалары, кермелi жүйелер)

 

Бiр қабатты қаңқалардың бағаналары мен фахверкi
Кран астылық арқалықтар мен фермалар, кран астылық арқалықтарға арналған тежеуiш құрылымдар
Жабындық фермалар (итарқалық, итарқа астылық итарқа, фермалар тiреуiштерi)
Байланыстар (өндiрiстiк ғимараттар қаңқасы бойынша)
Жүгiртпелер (тұтас қабырғалы, керегеторлы)

7308 20 000 0

Керегеторлы мұнаралар мен мачталар

7308 90

Этажерка тәрiздi ғимараттардың көп қабатты қаңқаларының конструкциялары (көп қабатты қаңқалардың бағаналары мен жабындары, бағаналық байланыстар, көп қабатты қаңқалар фахверктерi және өзгелерi)

Ғимараттардың қоршауыш және салынатын конструкциялары

7308 30 000 0

Есiктер, терезелер, олардың рамалары және есiк табалдырықтары

7308 90

Оқшаулағыш толтырмалар салынған гофрленген (қырлы) табақшадан жасалған екi қабырғадан тұратын панелдер
Қалқандар және қабырға жабын панелдерi, аспалы төбелер
Арақабырғалардың қаңқалары мен панелдерi
Ғимараттар баспалдақтары мен алаңдары
Ғимараттардың баспалдақ бөлiктерiнiң көлбеу арқалықтары
Өзгелерi

7314 20
9406 00

Қоршауыш конструкциялар (жақтаулардан, импостардан, витраждардан басқа), терезе және балкон торлары, баспалдақтар, шатырлар және ғимарат алаңдары қоршаулары, ғимараттардың өзге де қоршауыш және салынатын құрылымдары)

9406 00

Өндiрiстiк ғимараттардың салынатын құрылымдары (баспалдақтар мен алаңдардан басқа)
Цех iшiлiк үйшiктер
Өндiрiстiк конструкциялардың конструкциялары
Эстакадалар және галереялар (крандарға, бетон жатқызғыштарға, құйылуға, материалдар тасымалдауға, тасымалдауыш астыларына, бункер үстiлерiне арналған)

7322 90 000 0

Ауа алмастырғыш суырма және түтiн шығару құбырлары (қаңқалары мен құбырлары)
Өзгелерi

9406 00,
7326 90

Әр түрлi өндiрiс құрылыстарының конструкциялары (технологиялық құрал-жабдықтарды қадағалауға, күтуге арналған қоршаулы алаңдар мен баспалдақтар, шұғанақтар, науашалар, өлшемдi бункерлер, технологиялық құрал жабдықтар мен құбырлар тiреуiштерi (бағаналары)

9406 00

Инженерлiк құрылыстар конструкциялары (антенна құрылғыларының конструкциясы, тiреуiш бөлiктi және тiреуiштi өткел көпiрлi аралық құрылыстар, тарту подстанциялары мен темiр жол түйiсу желiлерi конструкциялары, шахта құрылыстарына арналған конструкциялар, аспалы жолдар конструкциялары, гидротехникалық құрылыс конструкциялары, электр беру желiлерi конструкциялары және ашық подстанциялар)

7309 00 100 0
7309 00 300 0
7309 00 510 0
7309 00 590 0
7310 10 000 0
7311 00
9406 00,

Арнайы құрылыстар конструкциялары:
- газгольдерлер, резервуарлар, цистерналар, бактар және басқа да қара металдан жасалған кез-келген заттарға (қысылған және сұйықтатылған
газдардан басқа) арналған сыйымдылығы 300 л жоғары, әрленген немесе жылу оқшаулағыш пен қапталған немесе оларсыз, бiрақ механикалық емесе жылу техникалық құрал жабдықсыз ыдыстар;
- цистерналар, бөшкелер, барабандар, канистралар, жәшiктер және сол сияқты қара металдан жасалған кез-келген заттарға арналған (қысылған және сұйықтатылған газдардан басқа) арналған сыйымдылығы 300 л жоғары, әрленген немесе жылу оқшаулағыш пен қапталған немесе оларсыз, бiрақ механикалық немесе жылу техникалық құрал жабдықсыз ыдыстар;
- сығылған немесе сұйытылған газдарға арналып қара металдан жасалған ыдыстар.
Арнайы мұнаралар конструкциялары (суарындатқыш мұнара, грануляциялық мұнара конструкциялары, өрт-қадағалау мұнарасы).
Әртүрлi арнайы құрылыс конструкциялары (градирндер, этажеркалар, өлшемсiз бункерлер, тазалағыш құрылыстар)

9406 00

Кокстыхимиялық құрылыс конструкциялары (анкераж, тығындар, қалқандар және басқалар)

9406 00

Ауыл шаруашылығында қолданылатын конструкциялар (мал өсiру кешендерiнiң қаңқасы, жылыжай қаңқаларының конструкциялары, оранжерея және парник қаңқалары, пiшендеме мұнарасы)

Алюминийден және алюминий қорытпасынан жасалған құрылыс конструкциялары

7610 10 000 0

Ғимараттардың қоршау конструкциялары (терезелер, есiктер, витраждар, витриналар, тамбурлы блоктар)

7610 90

Қабырға конструкциялары (қаңқалы, қаңқасыз қабырға панелдерi және арақабырғалар, аспалы төбелер, балкон қоршаулары, лоджиялар, баспалдақ бөлiктерi мен алаңдары)
Ғимараттардың көтергiш және қоршауыш қызметтерiн бiрiктiре атқаратын конструкциялар
Ғимараттар мен құрылыстардың көтергiш конструкциялары
Инженерлiк құрылыстар конструкциялары
Құрастырмалы-бұзылмалы және көлемдi-блоктi конструкциялар

Жеңiл болатты және аралас құрылыс конструкциялары

9406 00,
7610 90

Ғимараттардың көтергiш қаңқаларының конструкциялары (жабындар, рамалы құрылымдар, тiреуiштер мен ригельдер, бағаналар, байланыстар, фахверктер, жүгiртпелер, кран асты конструкциялары)

7308 90,
7610 90

Қоршауыш конструкциялар (қаңқалы және қаңқасыз қабырғалық панелдер, қаңкалы және каңқасыз шатырлық панелдер, арақабырғалар, аспалы төбелер, терезе жақтаулары, қақпалар, есiктер)

7308,
7610

Конструкциялық элементтер (жинақтау элементтерi, ғимараттардың қаңқа элементтерi, қоршауыш конструкциялар элементтерi, ғимараттардың жайластыру элементтерi, қосалқы элементер, бекiту элементтерi)

Техникалық регламентке
2-қосымша

Болат конструкцияларды от әсерiнен қорғау тәсiлдерi


Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>