Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

<Metadata name=Title>Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы</Metadata> 1 страница



<!--

<Section>

<Description>

<Metadata name="Title">"Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы"</Metadata>

</Description>

<Section>

<Description>

<Metadata name="Title">Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1353 Қаулысы</Metadata>

</Description>

-->

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 50, 565-құжат

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1353 қаулысымен
бекiтiлген

"Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын
талаптар" техникалық регламентi

1. Қолдану саласы

1. Осы "Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне, оларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату процестерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.
Мыналар осы Техникалық регламенттiң техникалық реттеу объектiлерi болып табылады:
1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген металл конструкциялар;
2) металл конструкцияларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста және кәдеге жаратуда пайдалану процестерi.
Осы Техникалық регламент металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiндегi қауiптi сипаттамалардың пайда болу мүмкiндiгiн ескередi.
2. Металл конструкцияларды сәйкестендiру Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) кодтарын және оларға жиынтығында оларды тану үшiн жеткiлiктi болатын таңбалау және iлеспе құжаттар, өлшемдер, көрсеткiштер және талаптар бойынша ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуiшi (ЭҚТ ӨЖ) бойынша тиiстi кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi.
3. Металл конструкциялардың механикалық қауiпсiздiгiне, өрт
қауiпсiздiгiне, радиациялық, термикалық қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар және қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiмен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Еңбек кодексiмен және Қазақстан Республикасының " Өрт қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы " 1998 жылғы 23 сәуiрдегi, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi, " Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы " 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарымен белгiленедi.
4. Металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiнде сақтану қажет негiзгi қауiптi факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
1) металл конструкцияларды жасау және құрастыру кезiнде қауiпсiздiк техникасы және еңбектi қорғау ережелерiн сақтамауға байланысты қауiптi өндiрiстiк факторлар орын алуы мүмкiн;
2) шу мен дiрiлдiң жоғары деңгейi;
3) қоршаған ортаның, жабдықтың, материалдардың бетiнiң жоғары
немесе төмен температурасы;
4) жабдықтың, аспаптың жылжымалы бөлiктерi, жылжымалы бұйымдар, дайындамалар, материалдар;
5) металдың және абразивтiк материалдардың бөлiнiп кететiн сынықтары және бөлшектерi;
6) дайындамалардың, аспаптардың, жабдықтардың, қалдықтардың
беттерiндегi өткiр жиектер, қылтанақтар, кедiр-бұдырлықтар;
7) ауаның металл және абразивтiк шаңмен, дәнекерлеу аэрозольдарымен жоғары дәрежеде шаңдануы;
8) жұмыс аймағының жеткiлiксiз жарықтандырылуы;
9) қызметкерге электр тогының әсер ету мүмкiндiгi;
10) қауiптi сәулелердiң (радиоактивтiк, рентген, ультракүлгiн, жылу) болуы;
11) дәнекерлеу жұмыстары кезiнде электр доғасы сәулелерiнiң көру мүшелерi мен бетке терiс әсер етуi;
12) адам денсаулығына зиян немесе өмiрмен үйлеспейтiн жарақаттар келтiруге қабiлеттi металды сәндеу/қорғау үшiн өңдеуге арналған сұйықтықтардың, заттардың және құрылыс ерiтiндiлерiнде кездесетiн өрт қауiптi және жарылыс қауiптi химиялық компоненттердiң және қосылыстардың болуы;
13) ерiтiндiлердiң, лактардың, сырлардың және ерекше иiсi бар басқа материалдардың және уландыруға қабiлеттi уытты заттардың бөлiнуi;
14) металл конструкцияларды монтаждау және пайдалану кезiнде олардың астында жүрген қызметкерлерге құлап кетуi немесе опырылып түсуi мүмкiн жоғары орналасқан және әлсiз бекiтiлген заттар және конструкциялардың берiктiгi нашар бөлiктерi;
15) құрылыстың бастапқы кезеңiнде бұрандамаларға шамадан тыс
салмақтар түсуi мүмкiн және көлбеулер, тартпалар түрiндегi тиiстi уақытша байланыстар орнатылмаса, конструкциялардың қирау қаупi бар;
16) тасымалдау кезiнде жүктiң бiркелкi бөлiнбеуi тежеу немесе бұрылыстағы қозғалыс кезiнде көлiктi басқара алмай қалуға алып келуi, ал бекiтiлмеген жүк қозғалыс кезiнде жылжып немесе құлап кетуi мүмкiн;
17) дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу орнында өрттiң шығуы;
18) өндiрiстiк телiмдерде шегiнде және құрылыс-монтаждау алаңдарында қозғалыстағы көлiк құралдарынан, жүк көтергiш машиналардан, тетiктерден және олардың бөлiктерiнен келетiн қауiп.
5. Осы Техникалық регламенттiң талаптары қолданыста болған және
құрылыста қайтадан пайдаланылатын металл конструкцияларына
қолданылмайды.



2. Терминдер және анықтамалар

6. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу саласындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамалық актiлерде пайдаланылатын негiзгi түсiнiктер қолданылады, мынадай терминдер мен айқындамалар қосымша пайдаланылады:
1) бетондау — болат конструкцияларының бетiне бетон қабатын жағу немесе монолиттiк бетон қабықшаға құрамалы қимадағы прокаттық профильдерден болат сырықтарын орнату;
2) болат конструкциялар - элементтерi әртүрлi маркалы болаттардан жасалған, салыстырмалы жеңiлдiгiмен, конструкциялық нысандарының сан-алуандығымен, аса берiктiгiмен ерекшеленетiн, өнеркәсiпте дайындауға және монтаждауға, басқа материалдармен үйлесiмдiкте пайдалануға болатын конструкциялар;
3) дәнекерлеу жиектегiшi — дәнекерленетiн бөлiктердi дәнекерлеуге ыңғайлы жағдайға орнатуға арналған құрылғы;
4) жұмыстар жүргiзу жобасы — жұмыс сызбаларының негiзiнде және құрылысты ұйымдастыру жобасын есепке ала отырып жасалған, онда осы объектiде негiзгi жұмыстарды орындау және жұмыстар жүргiзудi ұйымдастыру тәсiлдерi көрсетiлген құжат;
5) кондуктор - металл конструкциялардың жекелеген элементтерiн дәнекерлеу, бұрғылау және өңдеу кезiнде бөлшектердi жинау және бекiту кезiнде пайдаланылатын құрал-саймандардың орналасуын анықтайтын құралдың әртүрлiлiгi;
6) қатердi бағалау - қатердi талдаудың және оны бағалаудың жалпы процесi;
7) құрылыс конструкциясы - белгiлi бiр функциялармен ғимараттың немесе құрылыстың бөлiгi болып табылатын түпкiлiктi құрылыс өнiмi;
8) металл конструкциялар - ғимараттардың және басқа инженерлiк құрылыстардың қаңқаларында, үлкен аралықты жабындарда, қабырғалық және шатырлық панельдердi қаптауда ұстап тұратын ретiнде қолданылатын құрылыс конструкциялары;
9) өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғамның және мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi;
10) санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк - адамның мекен ету ортасына факторлардың зиянды әсерi жоқ және оның тұруының қолайлы жағдайы қамтамасыз етiлетiн халықтың денсаулығының жай-күйi;
11) сәйкестiк презумпциясы - оған сәйкес үйлестiрiлген мемлекеттiк стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп саналатын заңнама немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.

3. Металл конструкциялардың Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

7. Құрылыс объектiлерiн тұрғызу кезiнде пайдаланылатын металл конструкциялары осы Техникалық регламенттiң талаптарына, сондай-ақ металл конструкцияларына қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келулерi тиiс.
8. Айналымға шығарылатын (оның iшiнде импортталатын) металл конструкциялары мыналарды қамтуы тиiс арнайы ақпаратпен сүйемелденуi тиiс:
1) бұйымға немесе iлеспе құжаттамада тiкелей сәйкестендiру таңбалауы;
2) сапа паспорты немесе одан үзiндi көшiрме;
3) металл конструкцияларды монтаждау бойынша қажеттi техникалық
құжаттама;
4) өрт сөндiру тәсiлдерi және құралдары (қажеттiлiк кезiнде);
5) сәйкестiктi растау туралы құжаттар.
9. Ескерту таңбалауына енгiзiлетiн ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын ең аз талаптар "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар" техникалық регламентiне және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келулерi тиiс.
10. Ескерту және сәйкестендiру таңбалауы мәтiн, символдар, пиктограммалар түрiнде салынады (жазылады).
11. Тұтынушыға арналған ақпарат анық және оңай оқылатын болуы тиiс.
12. Ақпаратты жазу құралдары таңбалаудың өнiмдi сақтау, тасымалдау және қолдану кезiндегi берiктiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

4. Жалпы техникалық талаптар

13. Осы Техникалық регламент металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiндегi (өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату кезiнде) механикалық қауiпсiздiктi, өрт қауiпсiздiгiн, радиациялық, термикалық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең аз қажеттi талаптарды белгiлейдi.
14. Болат конструкциялар металл конструкциялардың жұмыс сызбалары (МК) бойынша әзiрленген металл конструкциялардың егжей-тегжейлi сызбаларына (МКЕ) сәйкес дайындалуы тиiс.
Металл конструкциялардың егжей-тегжейлi сызбаларын әзiрлейтiн ұйым олардың металл конструкциялардың сызбаларына сәйкестiгiн, металл конструкциялардың сызбаларында көзделмеген конструкциялардың барлық зауыттық және монтаждық қосылыстарының есептiк берiктiгiн, конструкциялар элементтерi өлшемдерiнiң және олардың арасындағы өзара байланысуының дұрыстығын, сондай-ақ монтаж жұмыстарының технологиясымен айқындалатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс. Металл конструкциялардың сызбаларынан ауытқуға рұқсат берiлмейдi. Қажеттiлiк жағдайында олар металл конструкциялары сызбаларының авторларымен келiсiлген болуы тиiс.
15. Металл конструкцияларды жасау кезiнде осы Техникалық регламенттiң, металл конструкциялардың егжей-тегжейлi сызбаларының, технологиялық процестiң, зауыттың цехаралық тапсыру құжаттамасына бақылау нәтижесiн енгiзе отырып, нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етiлуi тиiс.
Металл конструкцияларды монтаждау кезiнде осы Техникалық регламенттiң, жұмыстарды жүргiзу жобасының, монтаждау жұмысына (актiсiне, журналға) атқарушылық құжаттаманың нәтижелерiн енгiзе отырып, нормативтiк-техникалық құжаттың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етiлуi тиiс.
16. Өндiрiс кезiнде бақылау мынадай кезеңдерде жүзеге асырылуы тиiс:
1) металпрокатты цехқа беру;
2) бөлшектердi жасау;
3) элементтердi және конструкцияларды дәнекерлеуге немесе бұрандамаларды орнату арқылы жинау;
4) конструкцияларды дәнекерлеу;
5) жалпы немесе бақылау жинауы;
6) конструкциялардың алдын-ала кернеуi;
7) беттердi астарлауға дайындау;
8) беттердi сырлауға дайындау;
9) астарлау және сырлау;
10) конструкцияларды сынау.
17. Монтаждау кезiнде бақылау мынадай кезеңдерде жүзеге асырылуы тиiс:
1) металл конструкцияларды құрылыс алаңына беру;
2) iрiлендiрiп жинау;
3) конструкцияларды орнату;
4) конструкцияларды дәнекерлеу және бұрандамаларды орнату;
5) конструкцияларды сынау (жобаның немесе басқа нормативтiк
құжаттаманың талабы бойынша);
6) беттердi сырлауға дайындау;
7) металл конструкцияларды сырлау.
18. Конструкцияларды жасау кезiнде сапаны бақылау дайындаушы кәсiпорынның техникалық бақылау бөлiмi, ал монтаждау кезiнде - желiлiк инженерлiк-техникалық персонал жүргiзуi тиiс;
19. Есептiк температурасы минус 40 о С-тан және минус 65 о С-қа дейiн қоса алғандағы аудандарда салынатын немесе пайдаланылатын С 390 қоса алғанда, болаттан жасалатын металл конструкцияларды әзiрлеудi оң температурада кезiнде жүргiзу қажет.
20. С 390 дейiнгi қоса алғандағы болат үшiн минус 25 о С-тан төмен температура кезiнде, ал С 440 болат үшiн 0 о С-тан төмен температура кезiнде әзiрлеу және монтаждау кезiнде соққымен әсер етуге, сондай-ақ қайшымен кесуге және тесiктердi басып тесуге тиым салынады.
0 о С-тан жоғары температура кезiнде С 440 болаттан жасалған конструкцияларда тесiктердi басып кесуге тесiктердiң атаулы диаметрлерi кезiнде (15-25) мм қоса алғанда 10 болаттың қалыңдығы 10 мм дейiнгi кезiнде рұқсат берiледi.

4.1. Механикалық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

21. Металл конструкцияларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату кезiнде олардан болуы мүмкiн механикалық (соққылық) әсерден қорғану үшiн қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн мынадай талаптар орындалуы тиiс:
1) жекелеген металл конструкциялары, сондай-ақ қоймалау кезiнде оларды қабаттап жинау көзделетiн жұмыс жағдайларында аударылу, құлау немесе опырылу қатерiнсiз пайдалануды қамтамасыз ететiндей орнықты болулары тиiс;
2) металл конструкциялары құрылыс объектiлерiнде пайдалану кезiнде персоналды жобалық жағдайда орнату орнына жылжытылатын металл конструкциялардан келетiн қауiптен қорғау үшiн қауiпсiздiк шаралары қолданылуы тиiс;
3) жобалық жағдайда орнату кезiнде құрылыс металл конструкциялардың, сондай-ақ қоймалау кезiнде оларды қабаттап жинау тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн тиiстi бекiткiштер қолдануды көздеу қажет.
22. Конструкциялардың тұрақсыз элементтерi құрастыру кезiнде мүкәммалдық тiреулермен және кергiштермен бекiтiлуi тиiс.
23. Iрi көлемдi кеңiстiктiк конструкцияларды жалпы құрастыруды бөлшектердi орнату тәртiбiн және бұл үшiн қажеттi құрастыру құралдары да көзделуi тиiс алдын-ала әзiрленген технологиялық процестерге сәйкес қана жүргiзiлуi қажет.
24. Конструкцияларды кеңiстiктiк құрастыру және жекелеген құрастыру бөлшектерiн тiк немесе көлбеу жағдайда орнату кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн, конструкцияларды және бөлшектердi құлаудан сақтайтын тiреуiштердi және кергiштердi қолдану қажет.
25. Биiк кеңiстiктiк конструкцияларды құрастыру кезiнде жұмыс орны сатылармен және жұмыс алаңдарымен жабдықталуы тиiс. Арнайы сақтандырғыш қалқасыз бiрнеше қатарда бiр мезгiлде жинауға тыйым салынады.
26. Бөлшектер пакетiнен тұратын конструкцияларды құрастыру кезiнде бөлшектердегi тесiктердiң тура келуiн саусақпен тексеруге тыйым салынады. Ол үшiн сүймендi, кiлттiң ұшын немесе арнайы құралды пайдалану қажет.
27. Құрастыру кондукторлары мен жиектегiштер құрастырылатын элементтердiң өлшемдерiне, салмағына және конфигурациясына сәйкес болуы және элементтердiң жылжуына кедергi келтiретiн, шығып тұратын бөлiктерi болмауы тиiс.
28. Итарқалық және итарқа астылық фермаларды және осындай торлы конструкцияларды құрастыруға арналған көшiрмелер дәл жасалған, мұқият тексерiлген, сөрелерде тұрақты және сенiмдi бекiтiлген болуы тиiс, элементтердi әрбiр жиектеу алдында олардың сенiмдi бекiтiлгендiгiне алдын-ала көз жеткiзу керек.
29. Ұстатуды орындауға тек дәнекерлеушiлерге арналған, арнайы оқудан өткен және дәнекерлеу аппаратымен жұмыс iстей алатын жұмысшыларға ғана рұқсат берiлуi мүмкiн.
30. Болат конструкцияларды құрастыру және монтаждау кезiнде ұстау сәтiнде электрмен дәнекерлеу арқылы ұстату жөнiндегi жұмысты орындайтын жұмысшылар беттерiн және көздерiн қорғаушы шынылары (жарық сүзгiлерi) бар қалқаншалармен жабулары тиiс.
31. Дайындау процесiнде құрастырылатын конструкцияларды көтерудiң, жылжытудың немесе жиектеудiң алдында ұйымның техникалық қызметтерi конструкцияларының әрбiр типi үшiн белгiлеген қаттылығын тексеру, ал қажеттiлiк жағдайында оны дайындаудың техникалық құжаттамасында көрсетiлген қосымша бекiткiштер орнату қажет.
32. Жұмыс басталардың алдында жүк қармағыш құралдардың (тростардың, шынжырлардың, қармағыштардың, қысқыштардың, траверстердiң және т.б.) бар екендiгiн және жарамдылығын тексеру қажет. Жұмысқа жарамсыз жүк қармағыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
33. Элементтер жинау құралдарымен, бұрандалармен немесе ұстатумен берiк бекiтiлген соң ғана iлгiш бауларды iлгектен немесе жүк қармағыш құралдарды жиналатын конструкциялардың элементтерiнен шешуге болады.
34. Құрал-саймандардың және әмбебап құрастырушы құралдардың
(струбциналардың, қол домкраттарының, тартпалардың, балғалардың және
басқа құралдардың) жарамдылығын үнемi тексерiп отыру қажет.

4.2. Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

35. Металл конструкциялардың тiршiлiк циклiнiң барлық процестерiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, техникалық регламенттерге және өрт қауiпсiздiгi саласындағы басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес талаптар орындалуы тиiс.
36. Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн отандық және импорттық металл конструкцияларға нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауiпсiздiгi бойынша бiлiктiлiк берiлуi тиiс.
37. Металл конструкциялар өрт кезiнде ашық от әсер еткен кезде, олардың түрiне байланысты көтергiш қабiлетiн және (немесе) тұтастығын, ал оттан қорғау қолданған жағдайларда жылудан қорғау қабiлетiн белгiленген уақыттың iшiнде сақтаулары тиiс. Металл конструкциялардың отқа төзiмдiлiк шегiн және өрт қауiптiлiк класын тиiстi нормативтiк құжаттар бойынша сынақтардың негiзiнде анықтайды және жұмыс құжаттамасында көрсетедi.
38. Болат конструкциялардың отқа төзiмдiлiк шегiн жобаға сәйкес нормаланған мәндерге дейiн жоғарылату үшiн оттан қорғаудың мынадай тәсiлдерi қолданылады: бетондау, оттан қорғаушы қаптаулар, оттан қорғаушы жабындар, iсiнетiн оттан қорғаушы жабындар.
39. Оттан қорғаудың әртүрлi тәсiлдерiн қолдану саласын мыналарды есепке ала отырып, анықтау қажет:
1) отқа төзiмдiлiк шегiнiң талап етiлетiн шамасы;
2) қорғалатын конструкциялардың түрi және қорғалатын беттердiң (бағаналар, тiреуiштер, ригельдер, арқалықтар, байланыстар) кеңiстiкте бағытталуы;
3) конструкцияға түсетiн салмақтың түрi (статикалық, динамикалық: ауыр, орташа, жеңiл режим);
4) пайдаланудың және оттан қорғау жұмыстарын жүргiзудiң
температуралық-ылғалдық жағдайлары;
5) қоршаған ортаның оттан қорғауға және конструкцияның материалына қатысты агрессивтiк деңгейi, сондай-ақ оттан қорғаушы материалдың болатқа қатысты агрессивтiк деңгейi;
6) конструкцияға түсетiн салмақтың оттан қорғаушы салмағы есебiнен өсуi;
7) оттан қорғаушы монтаждау сәтi (ғимаратты салу немесе оны қайта жөндеу кезiнде);
8) конструкцияларға қойылатын эстетикалық талаптар.
40. Болат конструкцияларды оттың әсерiнен қорғау тәсiлдерi осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.
41. Металл конструкцияларды пайдалану кезiнде өрт қатерiн азайту үшiн бұл қатерлердi барынша төмендететiн не болдырмайтын шаралар көзделуi тиiс.
42. Металл конструкцияларды пайдалана отырып, құрылыс процесiнде мыналарды қамтамасыз ету қажет:
1) жобада көзделген, нормаларға сәйкес әзiрленген және белгiленген тәртiпте бекiтiлген өртке қарсы iс-шараларды басымдықпен орындау;
2) өртке қарсы ережелердi өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiне сәйкес сақтау, салынып жатқан және қосалқы объектiлердi өрттен қорғау, құрылыс және монтаждау жұмыстарын өртке қауiпсiз жүргiзу;
3) өртпен күресу құралдарының болуы және оларды жарамды жағдайда ұстау;
4) салынып жатқан объектiде және құрылыс алаңында өрт кезiнде
адамдарды қауiпсiз эвакуациялау және құтқару, сондай-ақ материалдық
құндылықтарды қорғау мүмкiндiгi.
43. Металл конструкцияларды пайдалану процесiнде мыналар қажет:
1) ғимараттың және оны өрттен қорғау құралдарының жұмыс қабiлетiнiң оларға жобалық және техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес ұсталуын қамтамасыз ету;
2) белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
3) конструктивтiк, көлемдiк-жоспарлық және инженерлiк-техникалық шешiмдердi қолданыстағы нормаларға сәйкес әзiрленген және белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобасыз өзгертуге рұқсат бермеу;
4) жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданыстағы нормалардың талаптарына жауап бермейтiн конструкцияларды және материалдарды қолдануға рұқсат бермеу.
44. Жарылысқа қауiптi, жарылыс-өртке қауiптi, өртке қауiптi өндiрiстi осындай жұмыстарға арналмаған басқа үй-жайларға ауыстыруға тыйым салынады.
45. Жарылысқа қауiптi, жарылыс-өртке қауiптi, өртке қауiптi өндiрiстермен шектейтiн конструкциялық үй-жайларда жобада көзделмеген ойықтар немесе тесiктер жасауға рұқсат берiлмейдi.
46. Құрылыс конструкцияларының немесе олардың элементтерiнiң
қорғанысын оттан қорғаушы материалдармен немесе сырлармен кезеңдi түрде (оның күшiнiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң) жаңғыртып отыру қажет.
47. Жанғыш (отынның) шаң бөлумен байланысты үй-жайлардағы болат конструкцияларың беттерiн жанғыш шаңнан, май дақтарынан және басқа ластанудардан үнемi тазартып отыру қажет.


Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>