Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Cеминар сабағының тақырыбы: Адам саналы іс әрекет субьектісі.



Cеминар сабағының тақырыбы: Адам саналы іс әрекет субьектісі.

Жоспар:

1. Психиканың табиғат туралы түсінік-терінің дамуы.

2. Психиканың негізгі деңгейлері.

3. Тітіргенгіштік, сезгіштік және инстинкт.

4. Адам санасының дамуы.

5. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы.

Сабақ мақсаты: Психиканың пайда болуы мен филогенездегі дамуы, сананың қоғамдық мәні туралы түсінік беру.

Қысқаша теориялық мәліметтер: Молекуланың зат алмасу процесінде сыртқы әсерлерге жауабын тітіркенушілік деп аталады. Өсімдіктер мен жәндіктердің түрлі сыртқы ортаға бейімделу формасы тропизм деп аталады. Тропизмнің түрлері: фитотропизм – жарықтың әсерінен органиканың өзгеруі, термотропизм – температураның әсерінен органиканың өзгеруі, химотропизм – органикаға белгілі бір физикалық және химиялық ортаның берілуі, топотропизм – механиканың тітіркендіргіштерінің әсерінен органиканың қозғалуы. Сезгіштік –органиканың сыртқы ортаны түйсіне алу сезімі. Инстинкт дегеніміз – органиканың белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтардың түрі. Оның 3 түрі бар: қорғаныс, тамақтану, жыныстық.

Біртіндеп жәндіктердің ми құрылысы күрделене бастайды. Жануарларда түрлі иіс сезу, дәм сезу қабықтары пайда бола бастайды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да тез және оңай болады. Дағды –бір әрекеттің қайталана берілуінің нәтижесінде бірте-бірте жасалынатын іс-әрекет. Инстингтің физикалық негізі шартсыз рефлекс, дағдының физиологиялық негізі шартты. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың берілуіне интелектуалдық мінез-құлық тән. Жоғарғы сатыдағы жануарларға тән ол – еліктеушілік.

Психиканың 2 деңгейі бар: жоғарғы деңгейі – сана, төменгі деңгейі – санасыздық. Сана – психиканың ең жоғарғы формасы. Бұл адамның еңбек әрекетінде басқа адамдармен бірқалыпты қатынасуында қалыптасқан қоғамдық тарихи жағдайлардың нәтижесі. Сана заттар мен құбылыстардың адам миында сезім мүшелері арқылы байқалады.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

-«Жануарлар мінез-құлқының инстинктілік түрлері» тақырыбына реферат қорғау;

-«Психика» тақырыбына кроссворд шешу;

-Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері;

-«Психика мен сананың дамуы» тақырыбына глоссарийлер жазу.

- Қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1.Тітіркендіргіштік дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

2.Сезгіштік дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

3.Психика дамуының сенсорлық кезеңін түсіндіріңіз.

4.Психика дамуының перцептивтік кезеңіне сипаттама беріңіз.

5.Инстинктер (соқыр сезім) дегеніміз не? Нақты мысалдар келтіріп, түсіндіріңіз.

6.Дағдылар дегеніміз не? Нақты мысалдар келтіріңіз

7.Дағдының жүйке-физиологиялық қызметіне не жатады?

8.Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы туралы не білесіз? Нақты мысалдармен түсіндіріңіз.

9.Сана –психика дамуының жоғары сатысы деген ұғымның мәнін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері:

1. Психиканың дамуы жөніндегі жалпы көзқарас байланысты:

а) діни ұғымдармен;

б) теориялық заңдылықтармен;

в) практикалық қажеттілікпен;

г) догмалық түсініктермен;

д) жеке пайымдауларымен;

2. «Панпсихизм теориясының мәні;

а) психика барша жанды материяның қасиеті;

б) психика жүйке жүйесіне ие болғандарға тән;

в) психика адамның келіп шығуымен байланысты;

г) психика бүкіл табиғатқа тән;

д) психика – табиғаттан тыс құбылыс;

3. Каоцерваттардың зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті:

а) сезім;

б) тітіркену;

в) қабылдау;

г) ойлау;

д) диссимиляция;

4. Жәндік – жануарлар дүниесі кезеңіне сай психикалық құбылыс:

а) сезім;

б) қабылдау;

в) тітіркену;

г) ойлау;

д) сөйлеу;

5. Көпжасушалылар деңгейіне көтерілумен пайда болған жүйке жүйесі:

а) орталық жүйке жүйесі;

б) торлы – тармақты жүйке (диффузды);

в) нүктелі жүйке (ганглиозды);

г) ми;

д) жұлын;

6. Жәндіктер қылығының туылғанда болатын және ұрпақтан ұрпаққа берілетін қасиеті:

а) сезімдік;

б) инстинкт;

в) дағды;

г) интеллект;

д) саналық;

7. Жануардың жеке ауыспалы әрекет формаларын қажет еткен өмір кезеңі:

а)молекулярлық;

б) өсімдік;

в) су сферасындағы өмір,

г) құрлықтағы өмір;

д) интеллектті дүние;

8. Төменгі дәрежелі жүйке құрылымдарына жетекшілік ететін ми бөлігі:

а) ми қабығының астыңғы жүйкесі;

б) ежелгі қабық;

в) қарақұс;

г) еңбек;

д) үлкен ми жартышалары;

9. Ауысқан жағдайға икемді әрекет түрлерін дайындап, оларды жадта сақтап қалу қызметін атқаратын ми бөлігі:

а) жаңа қабық;

б) ежелгі қабық;

в) ми асты қабық;

г)мишық;

д) үлкен жартышалар;

10. Жануардың табиғат аясында белсенді бағыт-бағдар таңдай алу қабілетін эксперимент жүзінде дәлелденген ғалымдар:

а) Аристотель,Платон;

б) Павлов,Сеченов;

в) Толмен,Керч;

г) Бромштедт, Декарт;

д)Трондайк, Кречмер;

11. «Интеллектуалды» деп белгіленген жеке ауыспалы қылықтың жаңа формасы тән:

а) судағы тіршілік иелеріне;

б) каоцерваттарға;

в) өсімдіктерге;

г)жербауырлаушыларға;

д) приматтарға;

12. Жануардың зат қозғалысын бақылай отырып, болуы мүмкін өзгерісті алдын-ала тану қасиеті:

а) тітіркену;

б) сезім;

в) қиялдау;

г) экстрапологиялық рефлекс;

д) перцептивтік таным;

13. Жануардың табиғат байланыстарын сезе отырып, кезіккен жағдайдың нәтижесін алдын-ала білу қабілетін дәлелдеген ғалым:

а) Сеченов;

б) Павлов;

в) Выготский;

г) Лернер;

д) Рубинштейн;

14. Адам психикасының дамуы тәуелді.

а) қоғамдық-тарихи шарттарға;

б) биологиялық заңдылықтарға;

в) табиғаттан тыс күштерге;

г) биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға;

д) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге;

15. Қарапайым сенсорлық психика – бұл:

а) қоршаған ортаның айырым қасиеттерін бейнелеу;

б) тұтастай нақты бейнелеу;

в)сөздік-логикалық бейнелеу;

г) эмоциональды бейнелеу;

д) қозғалысты бейнелеу;

16. Жануардың өзі тектестерге қатынасы:

а) инстинктті сипатта;

б) дағдылық сипатта;

в) интеллектті сипатта;

г) логикалық-ойлау;

д) эмоционалды сипатта;

17. «Әлемнің субъективті бейнеге енуі-адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры» деп атаған ғалым:

а) Выготский;

б) Леонтьев;

в) Рубинштейн;

г) Сеченов;

д) Павлов;

18. Адам санасының негізгі қызметі:

а) тітіркенуге жауап;

б) сезімді талдау;

в) рефлекстік әсерге ықпал;

г) нақты бейнелеу;

д) терең заңдылықтарды тану;

19. Адамның жануардан түпкі ерекшелігі:

а) еңбек қаруын дайындау;

б) қару пайдалану;

в) әрекет тәсілін білу;

г) биологиялық қажетті сезу;

д) нысанды тану;

20. Адамның ақпарат топтауының негізі:

а) көру;

б)сезу;

в) тітіркену;

г) қабылдау;

д) тіл;

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.

2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.

3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005

5. Джакупов С. Психология позновательной деятельности. Алматы, 1992.

6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.

7.Жақыпов С., Бердібаева С. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. Алматы, 1998.

8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992.

9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.

10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.

Қосымша:

1.Павлов И.П. Условный рефлекс. Хрестоматия по психологии. Под. ред. проф. А.В.Петровского. М.; «Просвещение», 1987.

2.Лурия А.Р. Мозг и психика. Хрестоматия по психологии. М.; «Просвещение», 1987.

3.Чуприкова Н.И. Психика и сознание как функции мозга – М.; 1985.

4.Шабельников В. Психика-функциялық жүйе. Алматы, 1998.

5.Тинберген Н.Поведение животных.-М; 1985.

6.Фрейд З. Психология бессознательного. –М.;Просвещение,1989.

7.Выготский Л.С. Поведение животных и человека. В кн: Развитие психических функций. М., изд. АПН.РСФСР, 1996.

8.Леонтьев А.Н.Проблемы развития психики. Изд. 3-е. Изд-во МГУ, 1972.

9.Войтонис Н.Ю. Предистория интеллекта.Хрестоматия по психологии. М., «Просвещение»,1977.

Үй тапсырмасының тақырыбы: Психика дамуы жолындағы түсініктер


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
27(1) Задачи и цели систематизации товаров. Значение классификации товаров в товароведной практике. Классификация товаров, общие принципы и правила классификации, классификационные признаки. Методы | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)