Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биік қабатты ғимараттарда өрттерді сөндіру белгілі бір қиындық түрінде болады, өйткені тағайындалуы, қабаттылығы және 4 страница



Жанып жатқан силостар жану ошағындағы температура 250°С аспаған кезде қыздырылған бумен сөндіріледі, ал өте жоғары температураларда шығыны 0,02-0,05 кг/с құрайтын инертті немесе түтінді газдарды береді. Газдарды силос көлемінде оттегі концентрациясы жанудың тоқтауына дейін төмендегенше береді. Қыздырылған су буын беру үшін тұрақты немесе тасымалы бутүзгіш қондырғыларды қолданады.

Жану ошағындағы температура 250°С төмен болған кезде көбіктүзгіштің сулы ерітінділерімен сөндіріледі. Егер жану ошағындағы температура 250°С үлкен болса, онда силостың астыңғы бөлігі инертті газдармен сөндіріледі (сур. 3). Бұл жағдайда көлемі бойынша кішірек өрттердің от сөндіргіш концентрациясы 6-7 кг/м3 өнімді құрайды, ал 1 кг өнімге көбіктүзгіш шығыны 0,04-0,06 л/с.

12-билет

Энергетикалық өнеркәсіптердің аграгаттары мен қондырғылары арнайы жобаланған І және ІІ от төзімділік дәрежелі ғимараттарда орналастырылады. Электростанциялардың бас корпусында қазандық цехі, машина залы, қызметтік бөлмелер орналасқан. Осы корпуста немесе одан бірнеше қашықтықтағы корпустарда басқару щиті және генератор кернеуінің таратқыш құрылғылары орнатылған. Жабық немесе ашық жоғары кернеулі таратқыш қондырғыларды (35; 110; 220; 500 кВ) бас корпустан бөлек орнатады.

Қазіргі заманғы электростанциялардың машина залдарындың ұзындығы 200 м, биіктігі 30-40 м, ал өтпелері 30-50 м. Қазандық цехінің биіктігі 80 м дейін жетеді.

Электростанциялардың қазандық цехінде көп мөлшерде жанармай болуы мүмкін. Шаң дайындау бөлімдерде көмір шаңының жарылуы мүмкін. Қазандық цехтерде мазутты пайдаланады. Бізге белгілі, мазутөткізгіштердегі қысым 3 Мла (30 кг/см3) дейін жете алады, температура – 120°С және одан да көп. Сондықтан да мазутөткізгіштерді құбыраралық кеңістігі апаттық сыйымдылықпен қосылған арнайы кожухтардан өткізіледі. Мұнымен қоса коммуникациялардың бұзылуы кезінде мазут цех едені бойынша тез таралады және оның булары тұтануы мүмкін. От сол мезетте үлкен аудандарды, қорғалмаған металл конструкцияларды қамтиды және қазандық агрегаттарының каркастары 10-12 мин ішінде деформацияланады.



Энергокәсіпорындарының барлық кабельді бөлмелерін кабельді жартылай қабаттарға, туннельдерге, каналдар және галереяларға бөледі. Кабельді галереялар мен жартылай қабаттар, ереже бойынша, электростанцияларда болуы мүмкін, ал кабельді туннельдер мен каналдар электростанцияларда және басқа да энергетикалық кәсіпорындарда. Кабельді туннельдер қимасы 2х2 м көлденең және тігінен болады. Ұзындығы бойынша оларды өртке қарсы бөгет отсектерімен және есіктермен бөледі. Ғимарат астында орналасқан бір кабельді туннельдің ұзындығы 40 м, ал ғимараттан тыс 100-150 м аспауы тиіс. Әрбір отсекте диаметрі 70-90 см екі люк, сол сияқты желдету жүйесі және канализация болуы тиіс. Кабельді теннельдердегі өрт ауыртпалығы 30-60 кг/м2 жете алады

Кернеу астындағы электрқондырғылардағы өрттерді сөндіру қажеттілігі келесі негізгі талаптармен анықталады:

· екіншілі тізбек коммутацияларынан 0,22 кВ кернеулі тұрақты немесе ауыспалы тоқты алып тастау мүмкінсіздігі, өйткені бұл бөлмелер арқылы жоғары механизмдердің кабельдері өтеді;

· жауапты тұтынушылардың жылу-, энерго жабдықталуын сақтау үшін электроэнергетикалық өндірісті сенімді қамтамасыз ету;

· басқа қондырғы және өнеркәсіп имараттарына таралуын болдырмас, тасушы конструкцияларға жоғары температураның әсер ету уақытын қысқарту үшін өртті тез тоқтату қажеттілігі;

· энергокәсіпорындарының қондырғыларынан кернеуді түсіру және ағыту бойынша ұзақ уақытты шектеу, ол энергожүйелердің жұмыс режимдері және технологиялық байланысқан өндірістер үшін өте үлкен зардаптар әкеледі.

Электрқондырғыларындағы өрттерді сөндіру міндетті шарттардың сақталуымен жүзеге асырылуы тиіс:

· өрт автокөліктерін және қол оқпандарын сенімді жерлеу;

· сөндіруге қатысатын жеке құраммен оқшаулағыш электрқороғағыш құралдарды қолдануы;

· кернеу астындағы электрқондырғылардан оқпандар немесе от сөндіргіштермен жұмыс істейтін өрт сөндірушілерге дейінгі минималды қауіпсіз қашықтықты сақтау;

· сөндіруге тек 1 кестеде келтірілген қол оқпандарын пайдалану;

· тиімді от сөндіргіш заттарды қолдану, оларды берудің әдістері мен тәсілдері.

Жоғарыда көрсетілген барлық жауынгерлік қанат жаю және күштер мен құралдарды жинаудың іс-қимылдары энергетикалық объектілердегі өрт-тактикалық үйретулер және дайындықтарды өткізу уақытында қызмет көрсетуші тұлғалармен бірге өңделеді.

Атом электр станциялары объектiлерiндегi өрттердi сөндiру кезiнде ӨСБ:

сөндiрудi осы Жарғының 243-247 тармақтарының талаптарына сәйкес ұйымдастыруға;

осы Жарғының 208-209 тармақтарының талаптарын сақтай отырып, радиациясы жоғары деңгейдегi аймақтағы немесе бөлмедегі өрттердi сөндiру жөнiндегi оқшау жауынгерлiк учаскелер құруға;

радиациясы жоғары аймақтарда iстейтiн бөлiмшелермен және буындармен тұрақты байланыс орнатуға және ұстауға, қажет болған жағдайда жұмысты атқарудың тәртiбi туралы нұсқау беруге мiндеттi.

Техника қауіпсіздігі

0,38 кВ жоғары кернеу астындағы энергетикалық жүйелер мен қондырғыларды жазбаша рұқсат берумен энергоқызметтің өкілдері ағытады, өрт автокөліктері мен оқпандар сөндіруге көбік немесе суды беру кезінде жерленуі тиіс.

Жүйенің фаздық кернеуі 220 В жоғары болғанда және жүйені басқа әдістермен тоқсыздандыру мүмкін емес болғанда, электр сымдарын кесу жолымен ағыту жіберіледі.

ӨҚҚ бөлімшелері жеке құрамының кернеу астында орналасқан сымдарды ағыту бойынша жұмыстары, кәсіпорынның әкімшілік өкілінің бар болуы кезінде орындалады.

Кернеу астында орналасқан сымдарды ағыту кезінде:

жүйе участогын анықтау, қай жерде электр сымдарын кесу қауіпсіз жәнеқажетті ауданда тоқсыздандыруды қамтамасыз ету;

қоректенуші сыртқы сымдарды тек оқшаулағыш жағынан кесу. Сымдарды төменгі қатардан кесу қажет.

Металл жеңдерде оқшаулағыш құбырларда салынған көп түйінді кабельдер мен сымдарды, сол сияқты бір түйінді кабельдер мен сымдарды бір уақытта кесуге тиым салынады.

13-билет

Машина құрылысы және металлургия кәсіпорындары үлкен ауданды алып жатыр, онда келесі негізгі аймақтарды бөлуге болады: өндірістік, энергетикалық имарат, қойма және зауыт алдындағы аудан. Ескі құрылысты қойма және өндірістік ғимараттардың көбі тұрмыстық және әкімшілік бөлмелерімен салынған бір қабатты корпустар түрінде болады. Ғимараттың қабырғалары, ереже бойынша, кірпіштен жасалған, тасушы конструкциялар мен тіреулер монолитті темірбетоннан, жабындылар мен жарық фонарлары ағашты. Бір корпустың мұндай жабындылар ауданы кейбір жағдайларда 80-100 мың м2 жетуі мүмкін. Жабындыларда ашылатын фрамугалары бар жарық фонарлары өте жиі орналастырылады. Оттың таралуын шектеу үшін бұл жабындыларда ені 5-6 м өртке қарсы аймақтарды жасайды. Бұл жабындылардың шатыры битумды мастикпен сыланған бірнеше қабат рубероидтан орындалады, ғимаратты қолдану процесінде оның қалыңдығы 6-10 см жете алады.

Машинақұрылысы және металлургиялық кәсіпорындардың технологиялық процесстерінде, әсіресе ұста-прессті цехтерде май құбырларымен берілетін және май тоннельдерінде өткізілген май мөлшері кеңінен қолданылады. Май жер төлелері өзінің ауданы бойынша бөлме биіктігі 4-5 м болғанда 1000 м2 жете алады. Майды жер төлелерде көлемі 40-50м3 сыйымдылықтарда сақтайды, жер төледегі майдың жалпы қоры 100-150 т жетеді. Май жер төлелерінің өрт ауыртпалығы 300-700 кг/м2. Май жер төлелерінен агрегаттарға май және бу құбырлары, электрокабельдер және басқа да жер асты коммуникациялары салынған бірнеше туннельдер барады.

Осындай учаскелердегі өрттер 10-15 мин ішінде біршама аудандарға таралады: бояғыш камераларына, майланған қондырғы бойынша, электршаруашылығына, сынақ стендтеріне. Жану процессінде жанғыш сұйықтықтың төгілуі және жарылуы мүмкін, бұл жағдайда от конвейер каналдарына, желдету жүйелері және жанғыш материалдардан жасалған жабындылар бойымен таралады.

Күмбез-бұлтша типті жанғыш материалдардан жасалған күмбезді, көп өтпелі жабындылар оттың тез таралу жылдамдығымен сипатталады. Оттың сызықты таралу жылдамдығы 1,7-3,5 м/мин құрайды, әсіресе фонарьлар мен күмбездер жанында. Кез-келген тасушы жабынды элементі немесе тасушы конструкцияның жануы және тасушы қабілетін жоғалтуы жабынды бөлігінің тез бұзылуына әкеледі. Жабындылардың металл тартпалары төзімділікті жоғалтқан кезде ғимарат қабырғаларына тігінен күш түсуі мүмкін және оның бөлшектеп бұзылуына соқтырады. Егер жану жабндының бос кеңістіктері бойымен таралса, өрт ошағының шектерін анықтау қиын, ал түтіннің көп мөлшерде бөлінуі өртті барлау және оны сөндіру кезінде қиындықтар туғызады. Бұл жабындылардың жануы кезінде жанып жатқан битумның ағындары еңістер, су құбырлары бойымен цех ішіне ағу жолында жанғыш материалдар мен конструкцияларды жандырады және жеке құрам үшін қауіп төндіреді. Ағаш конструкциялар өрт жағдайында өрттің басталуынан 25-40 мин кейін бұзылуы мүмкін.

Металлургия кәсiпорындарындағы өрт кезiнде:

· май өткiзгiштерде, кабельдiк тоннелдерде және қабаттарда, траспортерлiк галереяларда, үлкен көлемдi жамылғышта және жоғары қысымды гидравлика жүйелерiнде оттың тез таралуы;

· өрттiң жер деңгейiнен төмен және аса жоғарыда болуы және таралуы;

· жану ошағынан айтарлықтай қашықтыққа таралған үлкен көлемдегi қалың түтiннiң болуы;

· ерiген металдың және қождың төгiлуi;

· қысымда тұрған аппараттардағы және құбыр өткiзгiштердегi газдардың және сұйықтардың алаулап жануы;

аумақтың аммиакпен, кокс, домна және басқа газдармен газдануы, газдар мен күйенің жарылуы мүмкiн.

Машина құрылысы және металлургияның түрлі цехтерінде өрттерді сөндіру.

Түрлі цехтерде өрттерді сөндіру өздік ерекшеліктерге ие, ӨСБ бұларды бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын ұйымдастыру кезінде ескеруі тиіс. Металлдарды суық өңдеу цехтеріндегі өрттер кезінде, бірінші кезекте, жуу ванналарын, бөлек бөлмелерде орналасқан жанғыш және жеңіл тұтанғыш сұйықтықтарды, сол сияқты құнды қондырғыларды оттан қорғау шараларын қабылдайды. Шашыранды және жинақты ағысты Б оқпандарымен сөндіреді. Жанғыш сұйықтықтарды орташа қысқалықты көбікпен сөндіреді. Сөндіру процессінде желдету жүйелерін ағытады және қажеттілік кезінде оны қорғау үшін оқпандарды енгізеді.

Май жертөлелерінде өрттерді сөндіру.

Май жертөлелерінде өрттер пайда болған кезде, бірінші кезекте желдету жүйесін, электр жүйесін және май беруді ағыту қажет. Бұл жұмыстарды орындау үшін қызмет көрсетуші тұлғаларды жұмылдырады. Өртті барлау процессінде ӨСБ өрт орнын, жанып жатқан майдың ағу жолдарын, оттың май туннельдеріне таралу мүкінділігін, сол сияқты цехта оттың люктер мен саты торларының шахталары арқылы өтуін анықтайды. Май туннельдеріне оттың таралуын шектеу үшін, барлау процесінде есіктерді жабады, сол сияқты жану орнына таза ауаның енуін тоқтату бойынша шараларды қабылдайды. Май жертөлелеріндегі өрттерді сөндіру орташа және жоғары қысқалықты АМК көбікпен жүзеге асырылады. Оны беру үшін ГПС-600, ГПС-2000, сол сияқты көбікгенераторлы қондырғыларды қолданады. Май жертөлелерінде, ереже бойынша, екі кіру бар, сондықтан да көбікті бір есік ойығынан саты торлары арқылы ГПС немесе ПТУ көмегімен береді, ал көбік шабуылын бермес бұрын қызған жану өнімдерін шығару үшін екінші есікті ашады. Екінші есік ойығын тек май жертөлесіне көбік берудің толық дайындығы кезінде ғана ашуға болады, өйткені таза ауаның келуі өрттегі жағдайдың қиындауына әкеледі. Кейбір кезде жану өнімдерін жою және таза ауаны беру үшін түтінсорғыштар пайдаланылады. Тәжірибелер көрсетекендей, май және өндірістік жертөлелерді сөндіру бойынша жақсы нәтижелерді аэрозольді көміртекті өрт сөндіруді қолдану береді. Сөндіру кезінде жертөле көлемінде температура тез төмендейді және майдың жануы тоқтатылады. Егер биіктігі 2-2,5 м май бактары отпен қамтылса, онда крандар көмегімен ашылатын мрнтажды ойықтар арқылы ГПС немесе ПТУ береді, ал егер ол болмаса, онда жабындылар мен қабырғаларды бұзады және бұл ойытарға көбікті береді.

 

52-билет

Тоқыма кәсіпорындары табиғи, жасанды және синтетикалық талшықты материалдарды өңдеу үшін арналған. Оларда тігін, тоқыма т.б. трикотаждық шикізатарды тазалау бойынша әртүрлі өндірісі бар. Текстиль өндірісінің қазіргі заманғы мекемесі бір қабатты фонарсыз ғимараттарда орналасады. Бұл ғимараттар толық немесе бөлшектеніп табиғи жарықтанудан және айдау-тарту желдеткішті ауыстыратын табиғи желдетуден (аэрации) айырылған біріккен жабындармен және бітеу қабырғалардан тұрады. Оларды баған торы 12х18, 12х24 и 24х24 м болатын тікбұрышты форма етіп жоспарлайды және тұрғызады.

Олардың ауданы 80-150 мың м2 және одан жоғары болады. Бағандар таңдаулы темірбетоннан, қабырғалар өздік тасушы немесе төбелік панельден, жабындар темібетонды төсемеден жасалған темірбетон ферма бойынша байланысқан. Ферманың төменгі жағына профильді алюминилі беттерден, асбоцементті беттерден және басқа жеңіл материалдардан жасалған ілмелі төбелерді бекітеді. Байланысқан жабындармен ілмелі төбелер арасына сумен қамтамасыз ету, жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу, күштік және жарықтандыру кабельдері коммуникация жүйелерін салады. Ферманың төменгі белдеуінен ілмелі төбеге дейінгі арақашықтығы 0,5 м және жоғары. Ілмелі төбенің жеңіл конструкциясы белгілі бір ауырлыққа арналмаған, сондықтан жеке коммуникацияларды жабынның және бағанның тасушы конструкциясына бекітеді, ал оларға қызмет көрсету үшін жүргіш көпірлер мен аудандар құрады. Кейбір ғимараттарда, техникалық қабаттарда әртүрлі көмекші бөлмелер орналастырады.

Тоқыма өндіріс мекеме цехтарындағы өрттік жүктелуі 40-80, шикізат, жартылай фабрикаттар қоймасында 200-400 кг/м2 құрайды. Бұл мекемелер тұрақты өрт өшіру жүйелерімен жабдықталады. Цехтарда ішкі өртке қарсы құбырлар орнатады. Ені 60 м, категориясы А, Б және В фонарсыз ғимаратта, сондай-ақ тоқыма өндірісінің өрт қауіпті цехында, талшық материалдар, жартылай фабрикаттар және дайын өнімдер қоймасында спринклерлі қондырғылар, талшық кептіретін кептіру камерасында – дренчерлі қондырғылар орнатылады. Фонарсыз ғимараттың кейбір бөлмелерінде тұрақты лафетті оқпандарды және т.б. қарастырады.

Тоқыма өндіріс мекемелерінде өрт кезінде болуы мүмкін:

· Түтілген күйде және шаң тәрізді күйдегі жеңіл жанғыш материалдар арқылы оттың технологиялық саңылаулармен тез таралуы;

· Шаңның жиналуы болатын желдеткіш қондырғыларда және бөлмелерде болатын жарылыс;

· Түтіндеудің жоғарғы тығыздығы;

· Фонарсыз типтегі ғимараттан түтінді жою қиындығы;

Аражапқышы мен аражабыны жанғыш материалдардан жасалған цехтарда от бос жерлерен жасырын таралуы мүмкін, бұған жабдықтан аққан майлар, сондай-ақ төбенің болат жабынының аражапқышы ішіне жиналуы себеп болады. Тоқыма өндірісінің негізгі цехтарында оттың тарауының сызықтық жылдамдығының орташа жылдамдығы 0,2-0,5 м/мин құрайды. Тұнған шаң және үзілген талшық бойымен оттың тарауының сызықтық жылдамдығы 12-15 м/мин, ал сору айдау желдеткіші және пневмотранспорт арқылы біршама үлкен болады.

Текстильдік өндірісінің фонарсыз ғимаратында өрт кезінде бастапқы периодта өрттің дауы интенсивті, ал содан кейін бөлменің түтіндеінен оның интенсивтігі төмендейді. Бөлме көлемінде қызған массаның тез ығысуы туады, әсіресе ашық саңылауға қарай. Конвективті ағындардың таралу жылдамдығы 30-40 м/мин жетеді. Бөлменің тез түтіндеуі басталады, көлемі 5500 м3 дейінгі бөлмедегі қалдық жіптердің жануы кезінде 6-8 мин мерзімінде түтінге толады. Бұл жағдайда түтін люктері түтінді жою үшін ашылады, сондай-ақ желдеткіштің апаттық жүйесі өндірістік мекемелердегі түтіндеу мүмкіндігін жоймайды. Жану өнімдері аспалы төбелердегі саңылаулар арқылы техникалық шатырға жылдам өтеді және біршама үлкен ауданға таралып әрі қарай дамуына әкеп соғады.

Бөлме көлемінде температура тез өседі тәжірибе көрсеткендей 1,5-2 мин кейін 1,5 м еден деңгейінде оттың шығу мезгілінен температура 60-70°С жетеді.

Тоқыма өнеркәсiбi кәсiпорындарында өрт сөндiру кезiнде ӨСБ:

ГТҚЖ-ның күшейтiлген буындарымен бiрнеше бағытта барлау жүргiзуге;

оқпандарды есiк, терезе және технологиялық ойықтар арқылы, саты торлары, көршi жайлар жағынан жанған жердiң алдыңғы жағынан беруге, оқпандарды бiр мезгiлде төмен және жоғары орналасқан қабаттарды және аралас жайларды, тозаң тұратын камералар мен шатыр жайларын қорғау үшiн беруге;

тозаң бар жайларға су шашатын оқпандарды қолдануға және тек бөлмелер дымқылданғанан кейiн ғана оны жинақталған оқпанмен сөндiруге;

ойықтарды қорғау үшiн дренчерлiк қондырғыларды қосуға, қондырғы болмаған жағдайда ойықтарды оқпандармен қорғауға;

пневматикалық және монорельстiк көлiктiң желдеткiш жүйелерiн өшiруге, егер осы жүйелер бойынан от тараған жағдайда оны сөндiру үшiн көбiктi қолдануға;

техникалық шатырларда, тозаңды жертөлелерде және басқа жертөле жайларында өрт шыққан кезде шашыранды суды немесе көбiктi қолдануға мiндеттi.

63-билет

Тоқыма кәсіпорындары табиғи, жасанды және синтетикалық талшықты материалдарды өңдеу үшін арналған. Оларда тігін, тоқыма т.б. трикотаждық шикізатарды тазалау бойынша әртүрлі өндірісі бар. Текстиль өндірісінің қазіргі заманғы мекемесі бір қабатты фонарсыз ғимараттарда орналасады. Бұл ғимараттар толық немесе бөлшектеніп табиғи жарықтанудан және айдау-тарту желдеткішті ауыстыратын табиғи желдетуден (аэрации) айырылған біріккен жабындармен және бітеу қабырғалардан тұрады. Оларды баған торы 12х18, 12х24 и 24х24 м болатын тікбұрышты форма етіп жоспарлайды және тұрғызады.

Олардың ауданы 80-150 мың м2 және одан жоғары болады. Бағандар таңдаулы темірбетоннан, қабырғалар өздік тасушы немесе төбелік панельден, жабындар темібетонды төсемеден жасалған темірбетон ферма бойынша байланысқан. Ферманың төменгі жағына профильді алюминилі беттерден, асбоцементті беттерден және басқа жеңіл материалдардан жасалған ілмелі төбелерді бекітеді. Байланысқан жабындармен ілмелі төбелер арасына сумен қамтамасыз ету, жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу, күштік және жарықтандыру кабельдері коммуникация жүйелерін салады. Ферманың төменгі белдеуінен ілмелі төбеге дейінгі арақашықтығы 0,5 м және жоғары. Ілмелі төбенің жеңіл конструкциясы белгілі бір ауырлыққа арналмаған, сондықтан жеке коммуникацияларды жабынның және бағанның тасушы конструкциясына бекітеді, ал оларға қызмет көрсету үшін жүргіш көпірлер мен аудандар құрады. Кейбір ғимараттарда, техникалық қабаттарда әртүрлі көмекші бөлмелер орналастырады.

Тоқыма өндіріс мекеме цехтарындағы өрттік жүктелуі 40-80, шикізат, жартылай фабрикаттар қоймасында 200-400 кг/м2 құрайды. Бұл мекемелер тұрақты өрт өшіру жүйелерімен жабдықталады. Цехтарда ішкі өртке қарсы құбырлар орнатады. Ені 60 м, категориясы А, Б және В фонарсыз ғимаратта, сондай-ақ тоқыма өндірісінің өрт қауіпті цехында, талшық материалдар, жартылай фабрикаттар және дайын өнімдер қоймасында спринклерлі қондырғылар, талшық кептіретін кептіру камерасында – дренчерлі қондырғылар орнатылады. Фонарсыз ғимараттың кейбір бөлмелерінде тұрақты лафетті оқпандарды және т.б. қарастырады.

Тоқыма өндіріс мекемелерінде өрт кезінде болуы мүмкін:

· Түтілген күйде және шаң тәрізді күйдегі жеңіл жанғыш материалдар арқылы оттың технологиялық саңылаулармен тез таралуы;

· Шаңның жиналуы болатын желдеткіш қондырғыларда және бөлмелерде болатын жарылыс;

· Түтіндеудің жоғарғы тығыздығы;

· Фонарсыз типтегі ғимараттан түтінді жою қиындығы;

Аражапқышы мен аражабыны жанғыш материалдардан жасалған цехтарда от бос жерлерен жасырын таралуы мүмкін, бұған жабдықтан аққан майлар, сондай-ақ төбенің болат жабынының аражапқышы ішіне жиналуы себеп болады. Тоқыма өндірісінің негізгі цехтарында оттың тарауының сызықтық жылдамдығының орташа жылдамдығы 0,2-0,5 м/мин құрайды. Тұнған шаң және үзілген талшық бойымен оттың тарауының сызықтық жылдамдығы 12-15 м/мин, ал сору айдау желдеткіші және пневмотранспорт арқылы біршама үлкен болады.

Текстильдік өндірісінің фонарсыз ғимаратында өрт кезінде бастапқы периодта өрттің дауы интенсивті, ал содан кейін бөлменің түтіндеінен оның интенсивтігі төмендейді. Бөлме көлемінде қызған массаның тез ығысуы туады, әсіресе ашық саңылауға қарай. Конвективті ағындардың таралу жылдамдығы 30-40 м/мин жетеді. Бөлменің тез түтіндеуі басталады, көлемі 5500 м3 дейінгі бөлмедегі қалдық жіптердің жануы кезінде 6-8 мин мерзімінде түтінге толады. Бұл жағдайда түтін люктері түтінді жою үшін ашылады, сондай-ақ желдеткіштің апаттық жүйесі өндірістік мекемелердегі түтіндеу мүмкіндігін жоймайды. Жану өнімдері аспалы төбелердегі саңылаулар арқылы техникалық шатырға жылдам өтеді және біршама үлкен ауданға таралып әрі қарай дамуына әкеп соғады.


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 175 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>