Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биік қабатты ғимараттарда өрттерді сөндіру белгілі бір қиындық түрінде болады, өйткені тағайындалуы, қабаттылығы және 2 страница



Қазіргі заманғы селолық елді мекендер өзінің архитектурасы, сәулеттенуі және жоспарлануы бойынша кішірек қалалардан аз ажыратылады. Мұндай елді мекендердің территориясы тұрғын және өндірістік болып бөлінеді. Тұрғын аймаққа тұрғын комплекстер мен қоғамдық орталықтар жатады. Елді мекендердің орталықтарында клубтар, кинотеатрлар, мектептер, балабақшалар және әкімшілік ғимараттары орналастырылады. Қоғамдық орталық, ереже бойынша, 3-4 қабатты, ал шеттері 1-2 қабатты тұрғын ғимараттардан салынады. Тұрғын аймақты ұзындығы және ені бойынша 300 м асатын екі жақты құрылыстары бар көшелермен бөледі. Қоғамдық орталықтарға баратын көшелерді кең етіп қарастырады. Әрбір үй жанындағы учаске 1-2 қабатты тұрғын ғимараттары орналастырылатын шаруашылық ауласынан, мал мен құстарды ұстайтын қоралардан, қоймалардан тұрады

Жеке үйоердің тығыз құрылысы, ағаш құрылысты қоймалардың бар болуы, ғимараттардың шатырлары жанғыш материалдардан жасалуынан тұрғын аулада және көршілес үйлерге оттың тез таралуына жағдай жасайды. Қарқынды жану және жел жылдамдығының нәтижесінде ауаға көтерілетін және желмен таралатын қуатты конвективті ағындар пайда болады. Практиада мынадай жағдайлар белгілі, өрттер кезінде ұшқындар 500-600 м және одан жоғары қашықтықтарда ұшқан, ал ыстық ауа райы және қатты жел кезінде оттың сызықты таралу жылдамдығы 25м/мин жеткен.

Асханада, верандаларда өрттер пайда болған кезде, практика көрсеткендей, от адамдарды тұрғын бөлмелерден көшіру жолдарына бөгет жасайды. Бұл егер тұрғын үйлерде балалар мен аурулар болған жағдайда өте қауіпті. Тұрғын аулалардың қоймалық бөлмелерінде оттың тез таралуы мал мен құстың өліміне әкеледі.

Селолық елді мекендердің тұрғын аймақтарындағы өрттерді сөндіру үшін РС-50 оқпандарын, шашыранды және жинақты су ағыстарын пайдаланады. Ашық өрттер кезінде өте қуатты РС-70, лафетті және т.б. оқпандарды қолданады. Оқпандар санын суды беру қарқындылығына байланысты анықтайды.



Ауылдық елдi мекендердегi өрт кезiнде:

оттың жанатын құрылыстар мен материалдар арқылы тез таралуы;

оттың (ұшқынның, шоқтың) айтарлықтай қашықтыққа ұшуы;

тұрмыстық газ құралдарының жарылуы мүмкiн.

Ауылдық елдi мекендегi өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:

iшкi iстер бөлiмiнiң кезекшiсi, жергiлiктi байланыс торабы немесе ББП арқылы аудандық жоспарда көзделген күштер мен құралдарды дер мезгiлде шақыруды ұйымдастыруға, өрт туралы ӨСБОП-не хабарлауға;

оттың таралуына жол бермеу жөнiндегi шараларды қолданумен бiрге адамдарды құтқаруды, малдарды және материалдық құндылықтарды көшiрудi ұйымдастыруға;

оттың таралуы мүмкiн жолдарды бөлiп тастау үшiн тракторларды, бульдозерлердi және басқа техникаларды пайдалануға;

өртке қарсы құрылымдары, өрт-қарауыл күзеттерi мүшелерiнен және тұрғын халықтан, жаңа жану ошақтары қауiпi болған кезде, от сөндiргiштерi және су құйған шелектерi бар бекетшiлер қоюға;

жергiлiктi атқару органдары, шаруашылық әкiмшiлiгi арқылы өршiген өрттi сөндiруге шаруашылық объектiлерiнiң техникасы мен тұрғындарды жұмылдыруға мiндеттi.

 

10-билет

Комплекс ғимараттары әр қайсысында 360 мал басы тұратын секцияларға бөлінген. Барлық бірінші және екінші периодты тамақтандыру ғимараттары корридорлармен қосылған, олар мал бөлмелерінен жанбайтын материалдардан жасалған есіктермен бөлінген. Шөп қорлары арнайы қоймалардағы штабельдерде пресстелген түрінде орналасқан, ал шөптің ашық қоймалары полиэтиленді қаптау астында сақталады. Мұндай қоймалар ауданы 30 мың м2 құрайды. Бұл комплекстерде трансформаторлы подстанциялар, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, сорғыш станциялары және т.б. орналастырылады. Жылына 24 мыңға дейін шошқа шаруашылығы комплекстеріне шошқа санын көбейту және өсіру кіреді. Ғимараттары толық каркасты, өтпесі 18 м дейін ішкі тіреулерсіз.

Мал шаруашылығы комплексі – бір аумақта орналасқан және мал шаруашылығы өнімдерінде технологиялық процесстерде біріккен ғимараттар мен имараттар жиынтығы. Комплекс құрамына ветиринарлы-тұрмыстық және көмекші құрылыстар, азықты дайындайтын және сақтайтын имараттар, инженерлік жүйелер, транспорт жолдары, өндіріс қалдықтарын утилизациялау бойынша имараттар жатады.

Мал шаруашылығы комплекстері ғимараттарының келесі негізгі түрлерін ажыратады: сиыр, бұзау тұрақтары, ірі мүйізді малдар ғимараттары, шошқа тұрақтары, құс фермалары, қой фермалары және т.б.

Мал шаруашылығы құрылыстары малдар тұратын бөлмелер, азықтарды дайындау және сақтау, өнімдерді сақтау және алғашқы өңдеу, тұрмыстық бөлмелер орналасқан бір қабатты ғимарат түрінде болады. Олар әр түрлі отқа төзімділік дәрежелі болуы мүмкін. Бөлмелердің жоспарлануы мен өлшемі тағайындалуына, түріне және мал басының санына байланысты, сол сияқты от төзімділік дәрежесіне. Мысалы, 200 басқа арналған сиыр тұрағы 87х20 м өлшемге ие. Ғимарат қабырғалары ішкі ағаш тіреулермен кірпішті. Мал тұратын орындар едендері ағашты, ал өтпелерде бетонды. Шатырлы жабынды ағаш, шлакомақтамен жылытылған, шатыры шиферлі. Мал тұратын орындар ғимарат ұзындығы бойынша төрт қатарда орналасқан ағашты.

Қазіргі уақытта мал шаруашылығы комплекстері, фермалар, жылқы, құс тұрақтары және басқа да малдардарды ұстайтын бөлмелер өте көп, олар ескі құрылысты және қазіргі талаптарға толығымен сәйкес келмейді. Мұндай ғимараттар, ереже бойынша, III-IV отқа төзімділік дәрежелі, бір қабатты, бөлмелер биіктігі 2-3 м, ғимараттар шатыры жанғыш материалдардан жасалған.

Ірі мүйізді малды байлаусыз ұстау фермалардың жеке бөлмелерінде топтар бойынша 50-100 баспен жүзеге асырылады. Фермаларда 50-1000 малдар тұратын мал аулары салынады.

Жылқыларды сыйымдылығы 150 басқа дейінгі жылқы тұрақтарында ұстайды. Жеке тұратын жылқылар тұрақтарын сыртқы қабырғалар немесе ғимараттың ортасында және бұған байланысты орталық немесе сақиналы техншологиялық өтпелерді орналастырады.

Тағайындалуына байланысты шошқалар жеке немесе топтық станкаларда тұрады.

Қойлар қой қораларында (1000-1500 бас), кошарларда (3000-5000 бас), сол сияқты ашық қоршауларда тұрады.

Жеңдік желілерді салу және сөндіруге оқпандарды енгізу малдардың көшірілуіне кедергі жасамайтындай етіліп жүзеге аысрылады. Өртті сөндіру және көшіру жолдарын қорғау үшін РС-50 және РС-70 оқпандарын енгізеді, сол сияқты шашыратқыш-оқпандарды. Дамыған өрттер кезінде аса қуатты – РС-70 және лафетті оқпандарын қолданады. Қабырғалардың, жабындылардың, шатырлардың ағаш конструкцияларын, сол сияқты шөпті, концентрациялы азықтарды сөндіру кезінде шашыранды су ағыстары пайдаланылады. Шөпті және түрлі азықтарды суландырғышы бар сумен сөндіру жіберілмейді

Мал шаруашылығы жайларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:

малдарды көшiрудiң шарасын қолдануға, оқпандарды отты сөндiруге және көшiру жолдарын қорғауға енгiзуге, малдарды байлаудан босату үшiн қызмет етушiлердi, өртке қарсы құрылымдар мен өрт-қарауыл қызметiнiң мүшелерiн тартуға, малды көшiрудi тездету үшiн су ағындарын пайдалануға, ал оларды кiретiн есiктен түкпiрде орналасқан малдарға қарай беруге;

көршілес объектілердің қорғауын ұйымдастыру.

26-билет

Өртті сөндіру бойынша негізгі жауынгерлік тапсырма сөндіруге жұмылдырылатын өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарымен анықталатын қысқа мерзім ішінде өртті тоқтату және жою бойынша болып табылады.

Негізгі жауынгерлік тапсырманың орындалуы өртке қарсы қызметінің басқару органдарының жеке құрамымен және бөлімшелерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларымен, ал өртке қарсы режим жағдайларында сол сияқты өрт-техникалық оқу орындарының профессорлік-оқытушылар құрамымен және ғылыми –зерттеу мекемелерінің мамандарымен қамтамасыз етіледі.

Жауынгерлік тапсырманы үздік орындау үшін қажет:

· өртте уақытында күштер мен құралдарды жұмылдыру;

· шешуші бағытты ескере отырып, белсенді іс-қимылдар.

Осының барлығы жоғары әмбебап деңгеймен, физикалық және психологиялық дайындықпен жүзеге асады.

Өртті сөндіру бұл заттарды, адамдарды құтқаруға және өртті тоқтатуға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі функциясы болып табылады. Өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдар тізімі келтірілген.

Жауынгерлік іс-әрекеттердің түрі:

- шақыруді өндеуі;

- өртке шығу және бару;

- өртті барлау;

- адамдарды және мұлікті құтқару;

- жауынгерлік қанат жаю;

- жануды жою;

- арнайы жумыстарды орындау;

- жиналу және бөлімге қайыту.

Өрттердi сөндiрудегi жауынгерлiк iс–қимылдар (бұдан әрі - жауынгерлік іс-қимылдар) өрт туралы мәліметті алу мезгілінен басталады және бөлімшенің үнемі дислокация орнына оралу, кезекші қарауылды және техниканы жауынгерлік даярлыққа келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:

· шақыруларды өңдеу;

· шығу және шақыру орнына (өртке) бағыт алу;

· өрттi барлау;

· адамдарды және мүлiктердi құтқару;

· жауынгерлiк қанат жаю;

· жануды жою;

· арнаулы, апаттық–құтқару және басқа да жедел жұмыстарды орындау;

· жиналу және бөлiмшеге оралу кiредi.

Жауынгерлiк iс–қимылдар өрт сөндiру тактикасына байланысты және өртте еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сәйкес орындалуы тиiс, сондай–ақ өрт сөндiруге қатысушылардың жоғарғы психологиялық және физикалық тапсырма, жоғарғы қауiп-қатер, өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпте өтуi мүмкiн.

Кәсiпорындардағы өрттердi сөндiру кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар, белгiленген тәртiпке сәйкес жасалынған табиғи және техногендiк сипаттағы аварияны тоқтату және жою жоспарының ерекшелiгi есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.

Барлау, адамдар мен мүлiктердi құтқару, жауынгерлiк қанат жаю, жануды жою және арнаулы, бiрiншi кезектегi авариялық–құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстар кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Жауынгерлiк шептегі аса қажеттi жағдайдағы жауынгерлiк iс-қимылдар өрттi сөндiруге қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпке байланысты еңбектi қорғаудың және техника қауiпсiздiгiнiң талаптарынан ауытқу арқылы ерекше жағдайда (ерікті жағдайда және өрт сөндіру басшысының шешімі бойынша ғана немесе АҚЖ) орындалады.

59-билет

Барлау жағдайды бағалау және жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша шешімдерді қабылдау үшін өрт туралы мәліметтерді жинау мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығын құрайды.

Өрттi барлау бөлiмнiң өртке шығу сәтiнен оны сөндiргенге дейiн үздiксiз жүргiзiледi.

Барлау табыстылығы оны дер кезiнде және үздiксiз жургiзу, мәлiметтердiң дәлдiгi, iс-қимылдың белсендiлiгiне және мақсаттылығына байланысты.

Барлауды жүргiзгенде:

1. адамдарға қауiптiң барлығын және олардың нақты орнын, қүтқарудың (қорғаудың) жолдары және тәсiлдерiн, сондай-ақ мүлiктердi қорғаудың (шығарудың) мүмкiндiктерiн;

2. ӨҚФ-ның, оның ішінде берілген объектідегі өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуының ерекшеліктеріне байланысты болуын және екінші рет қайталануын;

3. жанудың орны мен көлемiн, ненiң жанып жатқанын, сондай-ақ оттың таралу жолдарын;

4. өрт объектілерінде құрылыс құрылымдарының күйі мен жағдайы, оларды бұзу және ашу орындары;

5. өртке қарсы қызметiнiң күштерi мен құралдарының барын және қолдану мүмкiндiгiн;

6. таяу жердегi су көздерiнiң және оларды пайдалану тәсiлдерiнiң мүмкiндiгiн;

7. қуатта тұрған электр қондырғыларының бар екендiгiн және оларды ажыратудың мүмкінділігі мен қажеттiлiгiн;

8. құрылыс конструкцияларын ашу және бөлшектеу орнын;

9. өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдарды енгiзу жолдарының мүмкiндiгiн және шешушi бағытты анықтау үшiн басқа да керектi мәлiметтердi;

10. өрттi сөндiруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың жеткiлiктiлiгiн анықтау керек.

Барлау барысында өрт болған объектінің жайғастыру жоспарын білетін, өндірістің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, өрт болған объектінің лауазымды тұлғалары ұсынған құжаттарды және мәліметтерді қолдану қажет.

Барлауды ӨСБ және оның тапсырмасы бойынша басқа да тұлғалар басқарады.

Барлауды әрбiр командир және өрт сөндiруге қатысушы өзiнiң жұмыс учаскесінде жүргiзедi.

Барлау тобының құрамына:

· егер өртке бiр бөлiмше келсе ӨСБ және байланысшы;

· егер өртке екi және одан көп бөлiмше келсе ӨСБ, бөлiмшелердiң бiреуiнiң командирi және байланысшы кіреді.

Өрттегi жедел жағдайға байланысты ӨСБ барлау тобының құрамын және санын өзгертуi мүмкiн.

Әртүрлi бағыттарда барлау жүргiзу қажет болған жағдайда бiрнеше барлау топтары құрылады. Әрбiр топты бөлiмше командирi лауазымынан кiшi болмайтын тұлға басқарады және құрамы екi адамнан, ал ТОЖҚҚ жүргiзгенде – үш адамнан кем болмайды.

Жанып жатқан бөлмелерде қалып қойған адамдар туралы мәлiметтер болған жағдайда, зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында барлаудың құрамы күшейтiлуге тиiсті.

Барлау жүргiзетiн жеке құрам:

· барлық техникалық құралдарды, құжаттамаларды, ғимараттардың конструкциялық ерекшелiктерi мен жобаларын, өндiрiстiң технологиялық процесiн және құралдарын бiлетiн адамдардың мәлiметтерiн, технологиялық процесс пен өндірістің құрал-жабдықтарын пайдалануға;

· мүмкiндiгiнше, барлау жүргiзудiң қысқа жолдарын пайдалануға;

· адамдарға тікелей қауiп төнген жағдайда оларды құтқару жұмыстарын жүргiзуге;

· қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге;

· бiр мезгiлде өрттi барлаумен бiрге оны сөндiру және мүлiктердi қорғау үшiн мүмкiндiгiнше барлық құралдарды пайдалану шараларын қолдануға;

· от пен түтiннiң таралуы мүмкiн болатын жолдарда орналасқан бөлмелердi ашуға және тексеруге;

· техника қауiпсiздiгi талаптарын көру және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс iстеу ережесiн орындауға;

· барлаудың нәтижесiн және оны жүргiзгенде алынған ақпаратты ӨСБ (өрттегі жедел штабқа) өз уақытында белгiленген тәртiп бойынша баяндауға мiндеттi.

 

 

61-билет

Жауынгерлiк қанат жаю - өрт сөндiрудiң жауынгерлiк тапсырмаларын орындау үшiн шақыру орынына келген өрт сөндіру техникасындайындыққа келтiрудегi жеке құрамның iс-қимылдары.

Жауынгерлiк қанат жаю адамдарды құтқару мен басқа орынға көшiру жөнiндегi жұмыстың қалыпты барысын бұзбауы тиiсті.

Жауынгерлiк қанат жаю:

· қанат жаюға әзiрлiк;

· алдын-ала қанат жаю;

· толық қанат жаю кезеңдерінен тұрады;

Қанат жаюға әзiрлiк бөлiмнiң өртке келiсiмен, барлаумен бiр мезгiлде жүргiзiледi және оған:

· өрт автокөлiгiн су көзiне орналастыру, су жеңiн жалғау және сорғышқа су тарту;

· ӨТЖ-ды бекiткен орындарынан алу;

· жергiлiктi жағдайға байланысты басқа да әзiрлiк шараларын жүргiзу енеді.

Автоцистернаны қанат жаюға әзiрлеу (оны су көзiне орналатпастан):

· насосты жұмыс жағдайына келтiруден;

· оқпанды жең жолдарын насостың қысым түтiкшесiне жалғастырудан тұрады.

Егерде магистралдық жең желiсiнiң бағытын сыртқы белгiлері бойынша анықтау мүмкiн болса немесе келген өрт бөлімшелерін қарсы алуға бөлiнген тұлға көрсетсе, онда шақыру орнына келген бөлiмше алдын-ала қанат жаяды.

Алдын-ала қанат жаюға:

· осы Жарғының 61-тармағында көрсетiлген жұмыстарды атқару;

· магистралдық жең желiлерiн жүргiзу және тарам қондырғыларын орнату, тарамдарға қысым жеңдерiн, оқпандарды, сатыларды жеткiзу және басқа да өрт сөндiру үшiн қажеттi ӨТЖ енедi.

Шақыру орнында (өртте) толық қанат жаю ӨСБ нұсқауымен, сонымен қатар от сөндiру заттарын беру айқын қажет болған жағдайда өткiзiледi.

Толық қанат жаю кезiнде:

· осы Жарғының 62-тармағында көрсетiлген iс-қимылдарды орындайды;

· жұмыс жең жолдары жайылатын оқпаншылардың жауынгерлiк шептерін анықтайды;

· магистралды және жұмысшы (қайта жабу оқпаны бар болса) жең желiлерiн от сөндiргiш заттармен толтырады.

Жең жолдарын жаю және өрттiң ошағына кiру үшiн барлық кiретiн жолдарды, тұрақты сатыларды қолдану керек;

мүмкiндiгiнше адамды көшiрудiң негiзгi жолдарын (көшiру аяқталғанша) бос ұстау;

қысқа, оқпаншылар шебіне ең қолайлы жолдарды таңдау, егер жолдар бөгелген болса командир кедергiлердi алудың шараларын iске асырады (конструкцияларды ашу, бөлшектеу) немесе буынды автокөтергiштiң, өрт сатысының көмегiмен басқа шеп жолдарына шығуды қамтамасыз етедi;

жең жолдарын сақтауды және зақымданудан қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жең көпiрiн құру мен жең ұстағыштарын пайдалану арқылы;

жолдан тыс жерге жең тарамын қондыру;

жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағытына пайдалану үшiн өрт жеңдерiнiң қорын жасау керек.

Жең автокөлiктерiн жең желiлерiн тартуға қолданғанда оны пайдалану Нұсқауына сәйкес жүргiзу қажет.

Өрт орнына бiрiншi келген өрт автоцистернасынан жауынгерлiк қанат жаю шешушi бағытқа бiрiншi оқпанды беру арқылы жүзеге асырылады.

Басқа өрт автокөлiктерiнiң қанат жаюы, соның iшiнде арнаулы, оларды пайдалану Нұсқауына және сипаттамасына сәйкес ӨСБ нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде оқпаншылар өз шептеріне қысқа және барынша қауiпсiз жолдармен шығады.

Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде өрт автокөлiктерi мен ӨТЖ:

· келiп жатқан күштер мен құралдарды орналастыруға кедергi келтiрмеуге;

· қажеттi учаскелерде, күштер мен құралдарды шапшаң шоғырландыруды қамтамасыз етуге;

· жең жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге, өрт орнында мүмкiндiгiнше көше қозғалысын қиындатпауға;

· резервтегi техникалардың тұрақ орындарын қамтамасыз етуге және басқа өртті сөндіруге өту жолдарына кедергi келтiрмейтiндей болып орналасуға тиiсті.

4-билет

Мұражай, кітапхана және көрме ғимараттары үлкен отқа төзімділік дәрежесі бар жанбайтын материалдар конструкциясы жеке жобалар бойынша салынады. Бұл объектілердің бір ерекшелігі – бұл экскурсия жүрісі бойынша барлық демонстрационды бөлмелердің ортасыз хабарлануы.

Мұражайлар мен көрмелерді тарихи немесе архитектуралық құндылығы бар арнайы немесе лайықтандырылған ғимараттарда орналастырады. Бұл ескі құрулы ғимараттарында қабат аралық жабындылар, ара қабырғалар және басқа да конструкциялар мәнді бостықтармен. Едендерді дайындау үшін құнды ағаш тұқымдары пайдаланылады, ал бұл ғимараттың ішкі жасалуында көркем жазулар, жасаулар және архитектура-көркемдік ағаштан жасалған конструкциялар (колонналар, пилястрлар) кеңінен қолданылады.

Жабындылардағы қалыпты табиғи жарықталуды жарық фонарлары қамтамасыз етеді.

Мұражай және көрме ғимараттарында микроклиматты қолдау үшін тармақталған желдету, ауаны тазарту жүйесі орнатылады, ал кейбір кезде ағаштан жасалған арақабырғалар, жабындылар арқылы өткізілетін ауалы жылытылу.

Экспозиционды залдардағы өрттің тез дамуына түрлі экспонаттардың, ағаштан жасалған стендтердің және басқа да жанғыш материалдардың көптігі әсер етеді. Экспонаттардың бір бөлігі, әсіресе көркем суреттер, залдар мен өтпелердегі стендтерге ілінеді. Залдар мен өтпелер декоративты материалдардан және драппировкадан жасалады.

Мұражай және көрме ғимараттарында экспонаттардың көп мөлшері арнайы жеке бөлмелерде немесе жер асты үйлеріндегі қоймаларда сақталады.

Жұрттық кітапханалар арнайы салынған ғимараттарда немесе қоғамдық ғимараттардың, клуб және мәдениет сарайларында орналастырылады. Кітапханалар мен мұрағат сақтау орындарының негізгі бөлмелері әдебиет және құжаттарды сақтайтын қоймалар, оларды өңдеу бөлмелері және оқу залдары болып табылады. Қоймалар ғимараттардың көп қабатты бөлігінде орналасады, олардың қабат аралық жабындылары мықты төзімділікті, ауыртпалығы 200 кг/м2 және үлкен отқа төзімділік шегімен. Әдебиет және құжаттарды арасында өтпелері бар бір немесе бірнеше қабатты ағаш стеллажадрда сақтайды.

Әдебиеттерді және құжаттарды қоймадан беру үшін, кітапханалар мен мұрағат қатарында әдебиеттерді өңдеу және қойма бөлмелерімен қосатын тік және көлденең конвейерлер орнатылады. Орталық кітапханаларда сирек кездесетін кітаптар, қолжазба бөлімдері, кітаптар мен құжаттардың фотокөшірме қоймалары болуы мүмкін. Оларда өте бағалы кітаптар мен құжаттар сақталады.


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>