Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

7-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты



7-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер

Осы стандарт 1994 ж. 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енді.

 

Мазмұны

7-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер

МАҚСАТЫ

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ Параграфтар 1-3

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 4-5

АНЫҚТАМАЛАР 6-9

Ақша қаражаттары және ақша қаражаттарының баламалары 7-9

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ 10-17

Операциялық қызмет 13-15

Инвестициялық қызмет 16

Қаржыландыру жөніндегі қызмет 17

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ 18-20

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ 21

НЕТТО-НЕГІЗДЕ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ 22-24

ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
ҚОЗҒАЛЫСЫ 25-28

ТӨТЕНШЕ БАПТАР 29-30

ПАЙЫЗДАР МЕН ДИВИВДЕНТТЕР 31-34

ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР 35-36

ЕНШІЛЕС, ҚАУЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАРҒА
ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ИНВЕСТИЦИЯЛАР 37-38

ЕНШІЛЕС КӘСІПОРЫНДАР МЕН БАСҚА ДА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
БӨЛІМШЕЛЕРДІ ИЕМДЕНУ МЕН ОЛАРДЫҢ ШЫҒЫП КЕТУІ 39-42

АҚШАЛАЙ ЕМЕС ОПЕРАЦИЯЛАР 43-44

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ МЕН АҚША
ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ БАЛАМАЛАРЫ 45-47

ХАБАРЛАМАНЫҢ БАСҚА ДА АШЫЛУЫ 48-52

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ 53

ҚОСЫМШАЛАР

А. Қаржы мекемесі болып табылмайтын кәсіпорын үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

В. Қаржы мекемесі үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

 

7-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер

7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының (7-ХБЕС) 1-53-параграфтар мен А және В қосымшаларында мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші болады, бірақ нағыз стандартты ХБЕСБ қабылдаған кезде ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 7-ХБЕС мақсаты «Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөз», сондай-ақ «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамалары» мағыналы мәтінінде оқылғаны жөн. Олар егжей-тегжейлі басшылыққа алатын әдебиет болмаған жағдайда есеп саясатын таңдау мен қолдану үшін негізді қамтамасыз етеді.



 

Мақсаты

Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабарлама қаржы есептілігін пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысын пайдалануда кәсіпорынның қажеттерін бағалау үшін негіз береді. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.
Бұл стандарттың мақсаты кәсіпорынның өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы өзгерістер туралы хабарлама беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын саралау жүргізіледі.

Қолданылу саласы

1. Кәсіпорын осы стандарттың талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп әзірлеуі және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуы керек.
2. Осы стандарт 1977 жылғы шілде айында бекітілген 7-«Қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы есеп» ХБЕС-ын ауыстырады.
3. Кәсіпорынның қаржы есептілігін пайдаланушылар кәсіпорынның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасауы мен пайдалануы туралы хабарламаға мүдделілік танытады. Бұл кәсіпорын қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының кәсіпорын өнімі ретінде болатынына қарамастан, мысалы, қаржы мекемесінің жағдайына байланысты талап етіледі. Кәсіпорындар олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады. Тиісінше, осы стандарт барлық кәсіпорындардан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруін талап етеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабарламаның тиімділігі

4. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде хабарлама береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабарлама кәсіпорынның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі кәсіпорындардағы ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарының келтірілген құнын бағалау мен салыстыру үшін үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ мына себептен де әр түрлі кәсіпорындар қызметінің нәтижелері туралы есептіліктің салыстырмалығын жақсартады: хабарлама бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.
5. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи хабарлама жиі ретте деңгейіне, уақытына қарай бөлудің және болашақ ақша қаражаттарының қозғалысы айқындығының қозғаушысы ретінде пайдаланылады. Ол сондай-ақ болашақ ақша қаражаттарының қозғалысының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы мен бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.

Анықтамалар

6. Осы стандартта төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады:

Ақша қаражаттарына кассадағы ақша қаражаттары мен талап ету депозиттері жатады.

Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.

Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.

Операциялық қызмет – кәсіпорынның негізгі, кіріс келтіретін қызметі және инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен өзгеше қызмет.

Инвестициялық қызмет - ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу мен олардың шығарылуы.

Қаржыландыру жөніндегі қызмет – кәсіпорынның меншік капиталы мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.

Ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары

7. Ақша қаражаттарының баламалары инвестиция мен басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған.. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастылуы үшін инвестиция ақша қаражаттарының бұрын белгілі сомасы оңай айналысқа түсуге және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауға тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламалары анықтамасына оның өтеудің қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз мерзімі болған кезде ғана түседі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.
8. Банк қарыздары әдетте қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде қарастырылады. Алайда кейбір елдерде талап ету бойынша өтелетін овердрафттар кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың ажырағысыз бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайларда банк овердрафттары ақша қаражаттары мен баламаларының құрамдас бөліктері ретінде жатқызылады. Банктегі шот бойынша сальдоның оң сипатынан теріс сипатына жиі ретте өзгеріп тұруы банктермен осындай келісімдердің сипатты белгісі болып табылады.
9. Ақша қаражаттарының қозғалысына ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары болатын баптары арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметінің бөлігі емес, кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың бөлігі болып табылады. Ақша қаражаттарын басқаруға ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

10. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оларды операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызмет бойынша саралай отырып, кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылуға тиіс.
11. Кәсіпорын ақша қаражаттарының қозғалысын өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетін әдіспен операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен береді. Қызмет түрлері бойынша топтастыру пайдаланушыларға қызметтің осы түрлерінің кәсіпорынның қаржы жағдайына әсерін және ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін хабарламамен қамтамасыз етеді. Бұл хабарлама сонымен бірге жоғарыда аталған қызмет түрлері арасындағы өзара баланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
12. Бір операцияда әр түрлі топтастырылған ақша қаражаттарының қозғалысы болуы мүмкін. Мысалы, қарызды ақшалай өтеген кезде оған пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да, пайыз болатын бөлігі жатқан кезде операциялық қызмет ретінде саралануы, ал негізгі сома болып табылатын бөлігі қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде саралануы мүмкін.

Операциялық қызмет

13. Операциялық қызмет нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының тасқынының деңгейі кәсіпорын операциялары қарыздарды өтеу, кәсіпорынның операциялық мүмкіндіктерін ақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен баға инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының тасқынын жинақтайды. Басқа хабарламамен ұштастыра отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бұрынғы тасқындарының нақты құрамдары туралы хабарлама операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бұрынғы тасқындарын болжау үшін пайдалы болады.
14. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының тасқындары көбінде кәсіпорынның кіріс келтіретін негізгі қызметінен алынады. Сөйтіп, әдеттегісіндей, олар таза пайда мен залалды есептеу кезіндегі операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары тасқындарының мысалдары мыналар болып табылады:

(а) тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түcімдер;

(b) роялтиден, алымдардан, комиссиялық сыйақылардан алынатын ақшалай түсімдер мен басқа да табыс;

(с) тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;

(d) қызметшілерге және олардың атынан ақшалай төлемдер;

(е) кәсіпорынның сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары бойынша төлемдері, жыл сайынғы жарналары және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;

(f) егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтерге жатқызылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық өтемі; және

(g) мәмілелер жасасу үшін немесе сауда мақсатында ұсталатын келісім-шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.

Жабдық бірлігін ұстау сияқты кейбір операциялар пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, ол таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жатады. Алайда осындай операциялармен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады.
15. Кәсіпорынның мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатында бағалы қағаздары мен займдары болуы мүмкін, бұл кезде олар арнайы қайта сату үшін сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, дилингтік немесе сауда бағалы қағаздарын сатып алумен және сатумен байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде топтастырылады. Осыған ұқсас, қаржы мекемелері беретін аванстар мен кредиттер де әдетте операциялық қызмет ретінде топтастырылады, өйткені олар қаржы мекемесінің кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.

Инвестициялық қызмет

16. Инвестициялық қызмет нәтижесінде туындаған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабаламаны жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарының тасқындарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатымен жүргізілген шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады:

(а) жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алу үшін ақшалай төлемдер. Оларға кәсіпорындардың өздері құрған талдап жасауға жұмсалған капиталдандырылған шығындармен және жылжымайтын мүлікпен, үйлермен және жабдықтармен байланысты төлемдер жатады.

(b) жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;

(с) басқа кәсіпорындардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының ақша баламалары ретінде қарастырылатын құралдар үшін немесе мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатына арналғандары үшін төлемдерден басқалары);

(d) басқа кәсіпорындардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының ақша баламалары ретінде қарастырылатын құралдар үшін немесе мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатына арналғандары үшін ақшалай түсімдерден басқалары);

(е) басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен кредиттер (қаржы мекемелері берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары);

(f) басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы мекемелерінің аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары);

(g) осы келісім-шарттар мәмілелер жасасу немесе сауда мақсаты үшін ұсталып қалынатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде бағаланатын жағдайларын қоспағанда, фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және

(h) осы келісім-шарттар мәмілелер жасасу немесе сауда мақсаты үшін ұсталып қалынатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде бағаланатын жағдайларын қоспағанда, фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.

Келісім-шарт белгілі бір позицияның хеджі ретінде ескерілген кезде ол бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы, хеджирленетін позиция бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы сияқты бағаланады.

Қаржыландыру жөніндегі қызмет

17. Қаржыландыру жөніндегі қызметінен ақша қаражаттарының тасқындары туралы хабаламаны жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл хабарлама кәсіпорынға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ қозғалысына өздерінің құқықтарын мәлімдеулерін болжау үшін пайдалы болады. Қаржы қызметінен ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:

(а) акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан ақша түсімдері;

(b) кәсіпорынның акцияларына ие болу немесе сатып алу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер;

(c) қамтамасыз етілмеген облигациялардан, займдардан, вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік қарыз қаражаттарынан ақшалай түсімдер;

(d) қарызға алынған сомаларды өтеу есебіне ақшалай төлемдер; және

(e) қаржылық жал жөніндегі өтелмеген берешекті азайту үшін жалгердің ақшалай төлемдері.

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру

18. Кәсіпорын операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруі, не:

(а) тікелей әдісті, бұл әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы хабарлама ашылады; не

(b) жанама әдісті пайдалануы керек, бұл әдіс кезінде ақшалай емес сипаттағы операциялардың, операциялық қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелерін ескере отырып, таза пайда мен залал түзетіледі.

19. Кәсіпорындардың операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабалама беру үшін тікелей әдісті қолдануы құпталады. Бұл әдіс жанама әдісті қолдану кезінде болмайтын болашақ ақша қаражаттарының қозғалысын бағалау үшін пайдалы хабарламаны беруге мүмкіндік жасайды. Жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы хабарлама тікелей әдісін пайдаланған кезде мыналардан алынуы мүмкін, не:

(а) кәсіпорынның бухгалтерлік жазбаларынан; не

(b) сатудан түскен табысты, сатудың өзіндік құнын (пайыздар түріндегі кірістер мен осы тәріздес кірістер, сондай-ақ қаржы мекемелері үшін пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар мен осы тәріздес шығыстар жұмсалған) мыналарды:

(і) кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерулерін;

(іі) басқа да ақшалай емес баптарын; және

(ііі) инвестициялық немесе қаржы қызметтеріне ақша тасқындарының туындауына әкеп соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал туралы есептегі басқа да баптарды түзету арқылы.

20. Жанама әдісті қолданған кезде операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының таза қозғалысы мыналарды:

(а) езең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерулерін;

(b) амортизация, бағалау міндеттемелері, мерзімі кейінге қалдырылған салықтар, шетелдік валютамен жүргізілген операциялардан келген өткізілмеген пайда мен залал, қауымдасқан кәсіпорындардың бөлінбеген пайдасы мен азшылықтың үлесі сияқты ақшалай емес баптарды ескере отырып; және

(c) нәтижесі инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылатын барлық басқа да баптарды ескере отырып, таза пайданы немесе залалады түзету арқылы анықталады.

Балама ретінде операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының таза қозғалысы туралы деректер жанама әдісті қолдану арқылы кезең ішіндегі пайда мен залал туралы есепте ашылатын кірістерді және босалқылар мен операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектерді көрсету арқылы жанама әдісті пайдаланумен ұсынылуы мүмкін.

Ивестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру

21. Кәсіпорын, 22 және 24-параграфтарда айтылған ақша қаражаттарының нетто-негіздерінде берілген кездегі жағдайларды қоспағанда, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен туындайтын жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы хабарламаны бөлек берулері керек.

Нетто-негізде ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру

22. Келесі операциялық, инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректер нетто-негіздегі есептерде берілуі мүмкін:

(а) қша қаражаттарының қозғалысы ең алдымен кәсіпорын қызметін емес, клиенттің қызметін көрсеткен кезде клиент атынан түсетін ақша түсімдері мен төлемдері; және

(b) тез айналысқа түсумен, үлкен сомаларымен және өтелуінің қысқа мерзімдерімен өзгешелігі бар ақша түсімдері мен төлемдері.

23. 22(а)-параграфында аталған ақша түсімдері мен төлемдерінің мысалдары мыналар болып табылады:

(а) банктің талап ету депозиттерін қабылдауы мен өтеуі;

(b) инвестициялық кәсіпорын клиенттері үшін сақталатын қаражаттар; және

(c) меншік иелері атынан жиналатын және оларға берілетін жалдау ақысы.

22(b)-параграфында аталған ақша түсімдері мен төлемдерінің мысалдары жүргізілген аванстық төлемдермен өтеу болып табылады:

(а) кредиттік карточкалардың иелеріне қатысты негізгі сомалар;

(b) инвестициялар сатып алу мен сату; және

(c) мысалы, мерзімі үш айлық және одан да аз, басқа да қысқа мерзімді займдар.

24. Қаржы мекемесі қызметінің мына төмендегі түрлерінің бірі нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы нетто-негіздегі есептерде берілуі мүмкін:

(а) қабылдау үшін ақша түсімдері мен төлемдері және өтеудің белгіленген мерзімі бар депозиттер төлемдері;

(b) депозиттерді орналастыру және басқа қаржы мекемесінен алу; және

(c) клиенттерге берілетін ақша аванстары мен несиелер және осы аванстар мен несиелерді өтеу.

Шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы

25. Шетелдік валютадағы операциялардың нәтижесінде туындаған ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорынның есептілігінде ақша қаражаттарының қозғалысы туындаған күнгі валюта есептілігі мен шетелдік валюта арасындағы шетелдік валютадағы сомасына қатысты валютаның айырбас бағамын қолдану арқылы көрінісін табуға тиіс.
26. Шетелдік еншілес кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы ақша қаражаттарының қозғалысы туындаған күнгі валюта есептілігі мен шетелдік валюта арасындағы валютаның айырбас бағамы бойынша қайтадан есептелуге тиіс.
27. Шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы есептерде 21- «Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің ықпалы» ХБЕС-ына сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, кезең ішіндегі орташа өлшемді айырбас бағамы шетелдік валютада жүргізілетін операциялардың есебі немесе шетелдік еншілес кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысын қайта есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда 21-ХБЕС шетелдік еншілес кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысын қайта есептеу кезінде баланс күніндегі жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді.
28. Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің нәтижесінде туындаған өткізілмеген пайда мен залал ақша қаражаттары қозғалысы болып табылмайды. Алайда қолда бар және алынуы күтілетін шетелдік валютадағы ақша қаражаттары мен олардың баламаларына валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің ықпалы кезеңнің басында және аяғында ақша қаражаттары мен олардың баламаларын салыстырып тексеру үшін ақша қаражаттары қозғалысы туралы есепте беріледі. Бұл сома операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысынан бөлек беріледі және оған кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары бойынша есептілікте ақша қаражаттары қозғалысы туралы деректер берілген жағдайда туындайтын айырма жатады.

Төтенше баптар

29. Төтенше баптармен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы тиісінше операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысы ретінде бағалануға және бөлек ашып көрсетілуге тиіс.
30. Төтенше баптармен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық, инвестициялық қызметтің немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте бөлек ашып көрсетіледі, мұның өзі пайдаланушыларға кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы ақша қаражаттарының қозғалысы сипатын және оның әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай ашып көрсету 8-«Кезең ішіндегі таза пайда немесе залал, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХБЕС-ына сәйкес талап етілетін төтенше баптардың сипаты мен деңгейі туралы хабарламаны ашуға қосымша ретінде жүргізіледі.

Пайыздар мен дивидендтер

31. Алынған және төленген пайыздармен және дивидендтермен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы жеке ашылуға тиіс. Әрбір осындай түсім немесе төлем операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде кезең-кезеңімен жүйелі түрде бағалануға тиіс.
32. Кезең ішінде төленген пайыздың жалпы сомасы оның пайда мен залал туралы есепте шығыс ретінде танылуына немесе 23-«Қарыздар бойынша шығындар» ХБЕС-ына сәйкес есептің жол берілетін баламалы тәртібіне орай капиталдануына қарамастан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте ашылады.
33. Қаржы мекемелері үшін төленген пайыздар мен дивидендтер әдетте операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағаланады. Ал басқа кәсіпорындарға қатысты ақша қаражаттарының осы тасқындарын бағалау туралы өзге пікір жоқ. Төленген пайыздар мен алынған пайыздар және дивидендтер операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануы мүмкін, өйткені олар таза пайданың немесе залалдың есептілігінде ескеріледі. Сонымен бірге төленген пайыздар мен алынған пайыздар және дивидендтер тиісінше қаржылық және инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануы мүмкін, өйткені олар қаржы ресурстарын тартуға немесе инвестициялардан кіріс алуға жұмсалған шығындар болып табылады.
34. Төленген дивидендтер қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануы мүмкін, өйткені олар қаржы ресурстарын тартуға жұмсалған шығындар болып табылады. Сонымен бірге, операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарынан дивидендтер төлеудегі кәсіпорынның қабілетін бағалауда пайдаланушыға көмектесу үшін төленген дивидендтер инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының құрамдас бөлігі ретінде бағалануы мүмкін.

Пайдаға салынатын салық

35. Пайдаға салынатын салықпен байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы, егер тек ол бөлек ашылуға және қаржылық немесе инвестициялық қызметпен нақты ұштаса алмайтын болса, операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары ретінде бағалануға тиіс.
36. Пайдаға салынатын салық ақша қаражаттарының қозғалысын туғызатын операциялар бойынша туындайды, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте бағаланатын операциялық, инвестициялық, немесе қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағаланады. Ал бұл ретте салық төлемі бойынша шығыстар инвестициялық қызметпен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметпен оңай ұштасуы мүмкін, салық ақша тасқындарына қатысты мұндай ұштасуды жүзеге асыру іс жүзінде жиі ретте мүмкін болмайды, сондықтан олар тиісті операциядан түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болған кезеңде туындамауы мүмкін. Сондықтан төленген салықтар әдетте операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағаланады. Алайда тәжірибеде салық ақша тасқындарын ақша қаражаттарының қозғалысын туғызатын бөлек операциямен байланыстыру және инвестициялық қызметтен, немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын бағалау мүмкіндігі болған кезде, мұндай қозғалыс тиісінше инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағаланады. Салық ақша тасқындары қызметтің кемінде бір түріне қатысты болған кезде төленген салықтың жалпы сомасы ашылады.

Еншілес, қауымдасқан кәсіпорындарға және бірлескен қызметтерге берілетін инвестициялар

37. Қауымдасқан немесе еншілес кәсіпорынға үлестік қатысу әдісі немесе іс жүзіндегі шығындар жөніндегі есеп әдісі бойынша берілетін инвестициялар есебі жағдайында инвестор ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте өзара және инвестициялау объектісі арасындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, мысалы, дивидендтер мен аванстар туралы хабарламамен шектеледі.
38. Бірлесіп бақылаушы кәсіпорынның өзінің үлестік қатысуы туралы есебінде хабарлама кәсіпорын беретін кәсіпорын (қараңыз: 31-«Бірлескен қызметке қатысу туралы қаржы есептілігі» ХБЕС) тепе-тең бірлесу әдісін пайдалана отырып, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы өзінің бірлескен есебіне бірлесіп бақылайтын кәсіпорнының ақша қаражаттарының қозғалысындағы тепе-тең үлесін жатқызады. Үлестік қатысу әдісінің көмегімен өзінің үлесі туралы есеп беретін кәсіпорын өзінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне бірлесіп бақылайтын кәсіпорнына беретін оның инвестиясымен байланысты ақша қаражаттары тасқынын, бірлесіп бақылайтын кәсіпорны олардың арасында бөлуді және басқа да ақша түсімдерін немесе төлемдерін жатқызады.

Еншілес кәсіпорындар мен басқа да құрылымдық бөлімшелерді сатып алу мен олардың шығып кетуі

39. Еншілес кәсіпорындар мен басқа да құрылымдық бөлімшелерді сатып алу мен олардың шығып кетуі нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының жиынтық қозғалысы бөлек берілуге және инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде бағалануға тиіс.
40. Кәсіпорын кезең ішінде еншілес кәсіпорындарды, басқа да құрылымдық бөлімшелерді сатып алуларға, сондай-ақ олардан шығып кетуіне қатысты мына төмендегі кездердің әрқайсысын жиынтығында:

(а) сатып алуы немесе шығып кетуі кезінде жиынақтап өтеу;

(b) сатып алуы немесе шығып кетуі кезінде ақша қаражаттарымен немесе олардың баламаларымен өтелген құнының бір бөлігін;

(с) сатып алынған немесе шығып кеткен еншілес кәсіпорындағы немесе құрылымдық бөлімшедегі ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының деңгейін; және

(d) ақша қаражаттарынан немесе олардың баламаларынан өзгеше сатып алынған немесе шығып кеткен еншілес кәсіпорындағы немесе құлылымдық бөлімшедегі негізгі санаттарының әрқайсысы бойынша жинақталған активтер мен міндеттемелердің сомасын ашуға тиіс.

41. Сатып алынған немесе шығып кеткен активтер мен міндеттемелердің құныны жеке ашумен қатар сатып алынған немесе шығып кеткен кеткен еншілес кәсіпорындар немесе құрылымдық бөлімшелер жеке бап түрінде ақша қаражаттарының қозғалысына жасайтын әсері туралы деректерді бөлек беру осы ақша қаражаттарының қозғалысын басқа операциялық, инвестициялық қызметінің немесе қаржыландыру қызметінің нәтижесінде болатын ақша қаражаттарының қозғалысынан бөлуге көмектеседі.
Ақша қаражаттарының қозғалысына шығып кетулер әсерінің нәтижелері сатып алулар әсерінің нәтижелерінен шегеріледі.
42. Сатып алу немесе сату кезінде өтеу ретінде төленген немесе алынған ақша қаражаттарының жалпы сомасы алынған немесе шығарылған ақша қаражаттарының және олардың баламаларының таза сомасы ретінде беріледі.

Ақшалай емес операциялар

43. Ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінен алынып тасталуға тиіс. Мұндай операциялар басқадай қаржы есептілігінен бұл ашу осындай инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызмет туралы барлық орайлы хабарламаны беруі үшін ашылуға тиіс.
44. Инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтің едәуір бөлігі, ол кәсіпорын капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптардың ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына қатысы болмайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:

(а) не тікелей өзіне тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;

(b) акциялар шығару көмегімен кәсіпорынды сатып алу; және

(c) борыш міндеттемелерін меншікті капиталға аудару.

Ақша қаражаттарының құрамдас бөліктері мен ақша қаражаттарының баламалары

45. Кәсіпорын ақша қаражаттарының құрамдас бөліктері мен ақша қаражаттарының баламаларын ашуға және баланста берілген баламалы баптарымен бірге оның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінде сомалардың салыстырып тексеруін беруге тиіс.
46. Дүние жүзінің әр түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару тәсілдерінің және банк келісімдері түрлерінің әр алуандығын ескере отырып, сондай-ақ 1-«Қаржы есептілігін беру» ХБЕС-ын сақтау үшін кәсіпорын ақша қаражаттарының құрамы мен ақша қаражаттарының баламаларын анықтау үшін қабылданған әдісті ашады.
47. Ақша қаражаттарының құрамдас бөліктерін және олардың баламаларын анықтау әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын кәсіпорынның инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын топтастырудағы өзгерістің ықпалы 8-«Кезең ішішндегі таза пайда мен залал, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХБЕС сәйкес есептілікте беріледі.

Хабарламаның басқа да ашылуы

48. Кәсіпорын өзінде бар, бірақ басшылықтың түсіндірмесімен бірге топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары мен олардың баламаларының елеулі сомасын ашуы керек.
49. Орын алған әр түрлі жағдайда кәсіпорынға тиесілі ақша қаражаттары мен олардың баламаларының қалдықтарын пайдалануға топтың қолы жетпейді. Мұның мысалы – елде жұмыс істейтін еншілес кәсіпорнындағы ақша қаражаттары мен олардың баламаларының қалдықтары, онда осы қаражаттарды бас кәсіпорынның немесе басқа да еншілес кәсіпорындарының жалпы пайдалануына жол бермейтін валюта бақылауы немесе басқа да заңдық шектеулер қолданылады.
50. Қосымша хабарлама пайдаланушылардың қаржы жағдайы мен кәсіпорынның өтімділігін түсіну үшін орынды болуы мүмкін. Басшылықтың түсіндірмелерімен осы хабарламаны ашу көтермеленеді және оларға мыналар жатуы мүмкін:

(а) осы қаражаттарды пайдалану жөніндегі орын алған шектеулерді көрсете отырырып, болашақтағы операциялық қызметке және капитал жөніндегі міндеттемелерді өтеуге жұмсалуы мүмкін пайдаланылмаған қарыз қаражаттарының сомасы;

(b) бірлескен қызметке қатысу үлестеріне қатысты операциялық, инвестициялық және қаржыландыру жөніндегі қызметке бөлініп көрсетілген ақша қаражаттары қозғалысының жалпы деңгейлері, олар туралы деректер тепе-тең топтасу әдісі бойынша беріледі;

(с) ақша қаражаттары тасқындарының жалпы деңгейі, олар операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті ақша қаражаттары тасқынынан бөлек операциялық мүмкіндіктердің артуын дәлелдейді;

(d) есептерде көрсетілген әрбір сала немесе географиялық сегмент бойынша операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттары қозғалысының деңгейі (қараңыз: 14-«Сегменттік есептілік» ХБЕС).

51. Операциялық мүмкіндіктердің артуы болып табылатын ақша қаражаттарының тасқындары, сондай-ақ операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті тасқындар туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға кәсіпорынның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсауын анықтауға мүмкіндік береді. Өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат бөлмейтін кәсіпорын ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайда алуын қиюы мүмкін.
52. Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ашуы пайдаланушыларға кәсіпорынның тұтастай алғанда ақша қаражаттарының қозғалысы мен оның бөліктері болып табылатын ақша қаражаттарының қозғалысы арасындағы өзара байланысты сондай-ақ сегменттер ақша қаражаттарының болуы мен өзгерушілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Күшіне ену күні

53. Осы Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты 1994 жылғы 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейін кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.

А қосымшасы

Қаржы мекемесі болып табылмайтын кәсіпорын үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

Бұл Қосымшаның тек қана бейнелеп көрсету сипаты ғана бар және осы стандарттың бір бөлімі болып табылмайды. Қосымшаның мақсаты - оның мағынасын түсіндіруге көмектесу үшін стандарттың қолданылуын көрсету.

1. Мысалдар тек ағымдағы кезеңнің сомасын ғана көрсетеді. Мұның алдындағы кезең үшін тиісті сомалар 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» ХБЕС-ына сәйкес ұсынылуға тиіс.

2. Пайда мен залал туралы есептен және баланстан хабарлама тікелей және жанама әдістер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің қалай алынғанын көрсету үшін берілген. Пайда мен залал туралы есеп те, баланс та Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың хабарламасын беру мен ашу жөніндегі Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес берілмеген.

3. Келесі қосымша хабарлама да ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті әзірлеген кезде орынды болады:

● еншілес кәсіпорынның барлық акциялары 590 ақша бірлігіне сатылып алынған. Сатып алынған активтердің және қабылданған міндеттемелердің әділ құны мына мәндерінде бірдей болады деп көзделуде:

босалқылар 100

дебиторлық берешек 100

ақша қаражаттары 40

жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар 650

сауда кредиторлық берешегі 100

ұзақ мерзімді борыш міндеттемелері 200

● 250 ақша бірлігі акционерлік капиталдың акцияларын шығару кезінде алынды, тағы да 250-і ұзақ мерзімді қарыз алу арқылы тартылды.

● пайыздық шығыс 400 ақша бірлігі болды, одан 170 ақша бірлігі кезең ішінде төленген. Бұдан бұрынғы кезеңнің пайыздық шығысына жататын 100 ақша бірлігі сондай-ақ есепті кезең ішінде төленген.

● төленген дивидендтер 1 200 болды.

● кезеңнің басындағы және аяғындағы салық бойынша міндеттеме тиісінше 1 000 және 400 ақша бірлігіне тең болды. Кезең ішінде салық бойынша 200 ақша бірлігі мөлшерінде қосымша резерв қалыптасты. Алынған дивидендтерден ұсталған салық 100 ақша бірлігі болды.

● кезең ішінде топ жиынтық құны 1 250 ақша бірлігі тұратын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып алды, одан 900 ақша бірлігіне қаржылық жал арқылы сатып алынды. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып алу кезінде ақша төлемдері 350 ақша бірлігі көлемінде жүзеге асырылды.

● бастапқы құны 80 ақша бірлігіндегі және жинақталған амортизациясы 60 ақша бірлігіндегі агрегат 20 ақша бірлігіне сатылды.

● 19-2 ж. аяғында дебиторлық берешекке алынуға тиіс 100 ақша бірлігіндегі пайыздар жатқызылды.

19-2 ж. аяқталған кезең ішіндегі пайда мен залал туралы шоғырландырылған есеп

Сатулар 30 650

Сатудың өзіндік құны (26 000)

Жалпы пайда 4 650

Амортизация (450)

Әкімшілік және коммерциялық шығыстар (910)

Пайыздар бойынша шығыстар (400)

Инвестициядан түскен табыс 500

Валюта айырбасынан келген залал (40)

Салыққа дейінгі және төтенше жағдайлардың нәтижелері
бойынша таза пайда 3 350

Төтенше баптар – жер сілкінісінің зардаптары өтемі ретінде
алынған сақтандыру түсімдері 180

Төтенше баптан кейінгі таза пайда 3 530

Пайдаға салынатын салық (300)

Таза пайда 3 230

19-2 ж. аяғындағы шоғырландырылған баланс 19-2 19-1

Активтер:

Ақша қаражаттары және ақша

қаражаттарының баламалары 410 160

Дебиторлық берешек 1 900 1 200

Босалқылар 1 000 1 950

Инвестициялық портфель 2 500 2 500

Бастапқы құны бойынша жылжымайтын мүлік,
үйлер мен жабдықтар 3 730 1 910

Жинақталған амортизация (1 450) (1 060)

Жылжымайтын мүліктің, үйлер мен жабдықтардың
таза құны 2 280 850

Активтердің жиынтығы 8 090 6 660

Міндеттемелер:

Сауда операциялары

бойынша берешектер 250 1 890

Төленуге тиіс пайыздар 230 100

Төленуге тиіс пайдаға салынатын 400 1 000

салық

Ұзақ мерзімді берешек 2 300 1 040

Міндеттеме жиынтығы 3 180 4 030

Акционерлердің меншікті капиталы

Акционерлік капитал 1 500 1 250

Бөлінбеген пайда 3 410 1 380

Акционерлердің меншікті капиталының жиынтығы 4 910 2 630

Міндеттеме мен акционерлердің
меншікті капиталының жиынтығы 8 090 6 660

Тікелей әдіс бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (18а-параграфы)

19-2

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Клиенттерден ақша қаражаттарының түсімдері 30 150

Жеткізушілер мен қызметкерлерге төленген ақша қаражаттары (27 600)

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары 2 550

Төленген пайыздар (270)

Пайдадан төленген салық (900)

Төтенше баптарға дейінгі ақша қаражаттарының қозғалысы 1 380

Жер сілкінісі зардаптарының өтемі ретіндегі ақша
қаражаттарының түсімдері 180

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының
таза сомасы 1 560

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Иемденіп алынған ақша қаражаттарын қоспағанда,
Х еншілес кәсіпорнын сатып алу (А ескертпесі) (550)

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып алу (В ескертпесі) (350)

Жабдық сатудан алынған түсімдер 20

Алынған пайыздар 200

Алынған дивидендтер 200

Инвестициялық қызметте пайдаланылған
ақша қаражаттарының таза сомасы (480)

Қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Акционерлік капитал шығарудан түсімдер 250

Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарынан түсімдер 250

Қаржылық жал бойынша міндеттемелер төлемі (90)

Дивидендтер төлемі ** (1 200)

Қаржыландыру жөніндегі қызметте пайдаланылған
ақша қаражаттарының таза сомасы (790)

Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының таза артуы 290

Кезеңнің басындағы ақша қаражаттары мен олардың
баламалары (С ескертпесі) 120

Кезеңнің аяғындағы ақша қаражаттары
мен олардың баламалары (С ескертпесі) 410

Жанама әдіс бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (18b-параграфы)

19-2

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Салық салынғанға және төтенше баптарға дейінгі таза пайда 3 350

Мыналарға түзетулер:

Амортизацияға 450

Валюта айырбасынан келген зиянға 40

Инвестициядан түскен табысқа (500)

Пайыздар бойынша шығысқа 400

3 740

Сауда және басқа да дебиторлық берешектің артуы (500)

Босалқылардың кемуі 1 050

Сауда кредиторлық берешегінің кемуі (1 740)

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары 2 550

Төленген пайыздар (270)

Пайдадан төленген салық (900)

Төтенше баптарға дейінгі ақша

қаражаттарының қозғалысы 1 380

Жер сілкінісі зардаптарының өтемі ретіндегі

ақша қаражаттарының түсімдері 180

Операциялық қызметтен түскен ақша
қаражаттарының таза сомасы 1 560

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Иемденіп алынған ақша қаражаттарын қоспағанда,
Х еншілес кәсіпорнын сатып алу (А ескертпесі) (550)

Жылжымайтын мүлік, үйлер

мен жабдықтар сатып алу (В ескертпесі) (350)

Жабдық сатудан алынған түсімдер 20

Алынған пайыздар 200

Алынған дивидендтер 200

Инвестициялық қызметте пайдаланылған
ақша қаражаттарының таза сомасы (480)

Қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Акционерлік капитал шығарудан түсімдер 250

Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарынан түсімдер 250

Қаржылық жал бойынша міндеттемелер төлемі (90)

Дивидендтер төлемі* (1 200)

Қаржыландыру жөніндегі қызметте пайдаланылған
ақша қаражаттарының таза сомасы (790)

Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының таза артуы 290

Кезеңнің басындағы ақша қаражаттары
мен олардың баламалары (С ескертпесі) 120

Кезеңнің аяғындағы ақша қаражаттары
мен олардың баламалары (С ескертпесі) 410

Ақша қаражаттарының қозғалысы есебіне ескертпелер (тікелей әдіс пен жанама әдіс)

А. Еншілес кәсіпорынды сатып алу

Кезеңнің ішінде топ Х еншілес кәсіпорнын сатып алған. Сатып алынған активтер мен қабылданған міндеттемелердің әділ құны мынадай болды:

Ақша қаражаттары 40

Босалқылар 100

Дебиторлық берешек 100

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар 650

Сауда кредиторлық берешегі (100)

Ұзақ мерзімді борыш міндеттемелері (200)

Сатып алудың жалпы бағасы 590

Алып тастау: Х ақша қаражаттары (40)

Иемденіп алынған ақша қаражаттарын қоспағанда, сатып алумен
байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы 550

В. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар

Кезең ішінде топ жалпы құны 1 250 ақша бірлігі тұратын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып алды, одан 900 ақша бірлігіне қаржылық жал арқылы сатып алынды. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып алу кезінде ақша төлемдері 350 ақша бірлігі көлемінде жүзеге асырылды.

С. Ақша қаражаттары мен олардың баламалары


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Конструктивно вагонные колёса можно разделить на (цельные); бандажные (составные, состоящие из колёсного бандажа и предохранительного кольца); упругие, имеющие между бан­дажом и колёсным центром | 1. Общая техническая характеристика токоприемника Л-13у. 4

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.1 сек.)