Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«ЖҚЖ, баяу ағымы, 3 дәрежедегі белсенділік. Полиартрит. Нефроз синдромымен асқынған нефрит. Лимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия.» диагнозы бар адамды емдеуге 2 страница



45 жастағы науқасқа рентгенологиялық тексеруде оң өкпенің үшінші сегментінде орталықты орналасқан шығыңқы түрде ыдырай бастаған 3,5 см-лі домалақ көлеңке анықталды. Маңайындағы өкпе тіндері өзгеріссіз. Дәрігерге кейінгі уақыттарда қан түкіруімен жүретін құрғақ жарықшақты жөтелмен, салмақ кемуімен, әлсіздік және тәбетінің төмендеуімен қаралған. Өкпе үстінде бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, жүрек тондары ашық, ырғақты. Пульсі - 80 рет мин., АҚ - 140/90 мм сын. бағ. Қанның жалпы анализі: Нв - 85 г/л, эр. - 3,6х1012/л, л - 5,18х109/л, ЭТЖ - 64 мм/час. Осы аурудың ақпаратты диагностикалық әдісін атаңыз Компьютерлі томография

 

46 жастағы ер адам артериялық гипертензия бойынша тексерілуде. Балтырларындағы және тізе мен тобықтарындағы ауырсынуларға шағымданады. Соңғы 2 ай бойы дене қызуының 37,5-38ºC дейін көтерілуін, жарты жыл ішінде 6 кг жүдегенін айтады. Объективті: білектеріндегі тамырлар бойында кішкентай тығыздалған түйіндер бар. АҚ 210/114 мм с/б. ҚЖА: НВ 116 г/л, лейкоциттер 10,8*109/л, эозинофильдер 22%. ЭТЖ 42 мм/сағ. НЖА: 1,015, белок 0,066 г/л, лейк. 4-5 к/а. Қандағы мочевина 10,8 ммоль/л, АЛТ и АСТ– қалыпты. НВSАГ анықталған. Осы аурудың негізіне не жатады? ұсақ және орташа тамырлардың аутоиммунды панартерииті

46 жастағы ер адамның оң жағындағы 2-ші қабырға аралығында және Боткин нүктесінде диастолалық шу, сан артериясында Траубенің қосарланған тоны мен Дюрозьенің қосарланған шуы естіледі.Болжама диагноз? қолқалық жетіспеушілік

 

47 жастағы әйел адамда Рейно синдромының басталуы, 1 жылдан соң полиартралгиялар, терісінің қалыңдауы мен оның гиперпигментациясы қосылған, 1 жылда 10 кг жүдеген. Соңғы 4 жылда саусақ ұштарында трофикалық жаралар, жүрегінің ауыруы, ентігу, дисфагия үнемі мазалайды. Патогенездік дәріні табыңыз: купренил

 

49 жастағы әйел адамды майлы ет тағамдарынан кейін эпигастрий аумағында қатты ауырсыну ұстамасы, толассыз құсулар мазалаған. При пальпации в Эпигастрийді басқанда әлсіз ауырсынады. Несептегі диастаза 1024 бірлікте. Тиімді емі: Платифиллин, Креон, Квамател



 

50 жастағы ер адам түнде сол жақ 1-ші бақайының табан-фалангалық буынындағы қатты ауырсынудан оянған. Сол жақ табан-фалангалық буыны қошқылданып көгерген, қатты ісінген, ауырсынады, қолға ыстық екені сезіледі. ЭТЖ 36 мм\сағ. Сол жақ табанының рентгенографиясы: сүйектерінде өзгерістер жоқ. Диагноз? подагра, сол жақ табан-фалангалық буынның жіті подагралық артриті

 

50 жастағы әйел адам жамбас пен тізе буындарындағы физикалық жүктемеде және кешқұрым күшейетін ауырсынуға шағымданады. Объективті: семірген, сүйектік өзгерістерге байланысты тізелері дефигурацияға ұшыраған, оң жақ тізесі аздап ісінген. Осы адамға тән рентгендік өзгерістерді табыңыз: көптеген остеофиттер, субхондралық остеосклероз

50 жастағы әйел әлсіздікке, эпигастриидағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған және субиктерикалық рең байқалады, тілі «лакталған», спленомегалия. ФГДС көрсеткіштері бойынша асқазан шырышты қабатының атрофиясы анықталған. Зертханалық көрсеткіштер: панцитопения, макроцитоз, нейтрофильдердің полисегменттелуі, билирубин – 32 мкмоль/л, миелограммада қан түзудің мегалобластикалық тип анықталған. Қандай ауру туралы ойлауға болады? В-12 жетіспеушілік анемия

 

50 жастағы семіз әйел адамды кенеттен оң жақ жауырын астына таралатын оң жақ қабырға астындағы қарқынды ауырсыну ұстамасы мазалаған. Өт қабы тұсын басқанда ауырсынады, Ортнер симптомы оң. Ең алдымен қажет зерттеуді атаңыз: іш ағзаларын УДЗ

 

51 жастағы ер адамды жауырын астына таралатын, белдемелі сипаттағы эпигастрийдегі ұзақ мерзімді ауырсынулар мен оң қабырға астының керу сезімі мазалайды. УДЗ: ұйқы безі құрылымының біркелкі емес екені мен сүлелі холецистит белгілері бар. Қай емдеу схемасы тиімді: кларитромицин, креон, квамател

 

55 жастағы ер адам ревматизмдік жетіспеушілігі басым қолқалық ақау бойынша стационарда жатыр. Ақауы 30 жасынан бері, соңғы жылдары – ангинозды ауырсынулар, жүктемедегі ентігу байқалған, гликозидтер мен диуретиктер қабылдайды. Соңғы жарты жылда ентігуі азайған, алайда аяқтарында ісінулер мен оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі пайда болған. Объективті: мойын веналары әлсіз білеуленген, күштемедегі ентігу мен алдыңғы қолтықасты сызығынан 7 қаб/арал жүрек ұшы соққысының күшейгені анықталады, пульсі минутына 90 рет, бауыры +6 см. Кардиохирургке жіберу жағы қарастырылуда. Қай тұжырым дұрыс? жүрек жетіспеушілігі емінен соң операцияның қажеттілігі анықталады

55 жастағы әйел адам физикалық күштемеде күшейетін тыныш кездегі ентігу мен жүрегінің қағуына, жөтелге, қан қақыруға шағымданады. Обьективті - акроцианоз. Өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек ұшында қатайған 1 тон, диастолалық шу митралды қақпақшаның ашылу тоны анықталады. Бауырдың төменгі шеті 2 см ұлғайған. Балтырлары ісінген. Осы адамда Эхо-КГ қандай өзгерістер тосасыз? митралды қақпақшаның жарналарының кальцинозы, митралды стеноз

 

55 жастағы әйел адамды терісінің қышуы мазалайды. Үнемі 15 мг преднизолон қабылдайды. Өңі сарғайған, пальмалық эритемасы мен гепатоспленомегалия бар. ҚЖА: ЭТЖ 50 мм/сағ., тромбоцитопения. Қанның биохимиясы: билирубин, сілтілі фосфатаза, ГГТП деңгейлері артқан. Осыған тән серологиялық маркерін табыңыз: антимитохондриялық антидене

 

55 жастағы науқаста кейінгі жылдары ентігу, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары, жүрек қағуы пайда болған. Анамнезінде 4 жыл бұрын миокард инфарктісін басынан өткізген. Науқаста қан айналым бұзылысының қай сатысы? Н II А

 

56 жастағы әйел адамда жіті холецистит. УДЗ: өт қабы қабырғалары қалыңдаған, көптеген конкременттері бар. Қандай тактика ұстанасыз? Холецистэктомия

 

57 жастағы науқас, дәрігерге кеудесіндегі ауырсыну, құрғақ жарықшақты жөтел, ентігу, субфебрильді дене температурасымен қаралды. Аз мөлшерлі қақырық ауыр бөлінетін сирек. 26 жыл бойы Семей ядролық полигон аймағында тұрған. Ауырғанына 4 ай болған. Осы уақыт ішінде тез шаршау, үдемелі әлсіздік, салмақтың 7 кг-ға кемуі болған. Өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, оң жақ жоғарғы бөлігінде біраз әлсіреген. Перифериялық түйіндер фасоль өлшеміне дейін ұлғайған. Осы аурудағы тиімді емдеу тактикасы қандай? Радикальді операция - региональді лимфотүйіндердің ревизиясын қосатын оң өкпенің жоғарғы бөлігінің резекциясы

 

60 жастағы ер адам ұзаққа созылған құрғақ жөтелге, қан түкіруіне, ентігуге, кеудесінің ауырсынуына, ұзаққа созылған лихорадкаға және жүдеуіне шағымданады. Рентгенограммада оң өкпенің ателектазы белгілері анықталды. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Бронхогенді обыр

 

60 жастағы ер адам ұзаққа созылған құрғақ жөтелге, қан түкіруіне, ентігуге, кеудесінің ауырсынуына, ұзаққа созылған лихорадкаға және жүдеуіне шағымданады. Рентгенограммада оң өкпенің ателектазы белгілері анықталды. Қорытынды клиникалық диагнозды негіздеуде келесі тексерулердің қайсысы бекітеді? Биопсиялы бронхоскопия

60 жастағы ер адамда кейде дербес несептік синдроммен сипатталатын несеп жолдары инфекциясы белгілері анықталады. Зерттегенде: лейкоцитурия, аздаған протеинурия анықталған. Қандай қосымша зерттеу қажет? несепті флораға және антибиотиктерге сезімталдыққа егу

 

60 жастағы созылмалы обструктивті өкпе ауруы нәтижесінде дамыған созылмалы өкпелік-жүрек диагнозы бар науқаста аяққы 3 күнде физикалық жүктемеге байланысты айқын ентігу, тұншығу, кеуде тұсында ауырсыну, қан түкіру. Аурудың мүмкін болатын асқынуын атаңыз? Өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбоэмболиясы

62 жастағы ер адам әлсіздікке, сарғайғанына, мұрыннан қан ағатынына, іш кебуіне, ентігуге шағымданады. Жас кезінде вирусты гепатитпен ауырған. Денесінде тамыр жұлдызшалары, пальмалық эритема бар. ҚЖА: эритр. 3,1 х1012/л, Нв-80г/л, ТК 0,9, лейк. 4,6х109/л, ЭТЖ-34 мм/сағ., тромб. 90 х109/л. Қанның биохимиясы: тура билирубин - 62,88 мкмоль/л, тимол сынамасы– 8,6 бірл. Осыған сәйкес бауырдың УДЗ көрінісі қандай болады? бауыры диффузды біркелкі емес, порталы гипертензия бар

 

62 жастағы жұмысшының профилактикалық түрде қанын тексергенде: лейкоциттер – 50,0 х 109/л, миелобластар - 1%, промиелоциттер - 1%, нейтрофильді метамиелоциттер -8%, таяқша ядролық -12%, с/я -55%, эозинофильдер -5%, базофильдер -2%, лимфоциттер -12%, моноциттер - 4%, Нв – 100г/л анықталды. Сіздің диагнозыңыз? созылмалы миелолейкоз

 

62 жастағы кеуде омыртқасының айқын кифосколиозы нәтижесінде дамыған созылмалы өкпелік-жүрегі бар науқасқа артериалды гипоксемия, гиперкапния әдісінің ең эффективтісін таңдаңыз? оттегі ингаляциясы,

 

63 жастағы ер адам қатты жүдеуге, эпигастрий мен оң қабырға астындағы үнемі ауырсынуларға, нәжісінің бұзылуы мен іш кебуіне шағымданады. Бұрыннан сүлелі панкреатитпен сырқат. Өңі сарғайған. ҚЖА: анемия, ЭТЖ 54 мм/сағ. Түпкі диагноз қоюға қайсысы көмектеседі? іш ағзаларының МРТ

 

64 әйел адам ұстамалары жиі болатын сүлелі тасты холециститпен ұзақ жылдар сырқат. Пероралды холецистографияда өте қабында көптеген ұсақ тастар анықталған. Тиімді консервативті ем тағайындаңыз? М-холинолитиктер

64 жастағы ер адамның рентгенограммасындаоң өкпенің жоғары бөлігінде орналасқан контурлары біркелкі емес 1 см диаметрлі біртекті емес және түбірге салынған жолағы бар домалақ көлеңке анықталды. Зертеу кезінде перифериялық қатерлі ісігі күмән. Ең бірінші кезекте қай аурумен ажырату керек? Өкпе туберкулезі

 

65 жастағы науқас түнгі кездегі тұншығу ұстамаларына, аяқтарының ісінуіне, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 2 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырған. Объективті: ерінінің көгеруі, өкшесі мен тобығының төменгі 3/1 бөлігінің ісінуі. Өкпесінің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген. ТАЖ 25 рет минутына. ЖСЖ минутына 100 рет. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Сіздің диагнозыңыз? ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз Н ІІ Б

 

65 жастағы темекі шегетін науқаста, жарты жыл бойы экспираторлы ентігу пайда болып асқына бастаған, сонымен қатар, 12 кг салмақ жоғалту, тәбетінің жоғалуы, әлсіздік. Дәрігер қараған кезде қосымша дауысының қырылдауы және терең тыныста, жөтелген кезде сол жақ кеуде клеткасында ауырсыну болған. Физикалық зерттегенде сол жақ жауырын асты аймағында тынысы естілмейді, перкуторлы тұйықталу естіледі. Болжам диагноз? Өкпенің қатерлі ісігі;

 

68 жастағы науқас дәрігерге қаралды. Тексеруде: НВ–100 г/л, Эр.-3,0х1012/л, Лейк.–48,0х109/л, лимфоц.-60%. Гумпрехт көлеңкелері бар. Миелограммада - 40% лимфоциттер. Төмендегі асқынулардың қайсысы берілген патология кезінде байқалмайды? Созылмалы лимфолейкоз

 

70 жасар ер адам жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ саусақтарының шаншып аупуына, тері қышуына, әлсіздікке шағымданады. Қараған кезде: бет және алақан терісі, көзге көрінетін шырышты қабаттары гиперемирленген. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс. АҚ 180/110 мм.счн.бағ. Көкбауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Лабораторлық мәліметтер: эр.-6,9 млн., Нв-198 г/л, лейк.-12 мың., т/я-7%, с/я-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-480 мың., ЭТЖ-1 мм/сағ. Қай ауру туралы ойлауға болады? Эритремия

 

70 жастағы ер адамда рентгенограммада өкпе түбірінде айқын емес контурларымен қараю анықталған, осыдан веер тәрізді сызықты көлеңклер таралады. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Өкпенің орталық қатерлі ісігі

 

75 жастағы әйел адам тұрақты іш қатуына, ішінің төменгі бөлігінің ауыруына шағымданады. Қан анализінде өте айқын анемия, ЭТЖ қатты артқаны бар. Тиімді зерттеу әдісін атаңыз? Колоноскопия

 

IV ФК-ты стенокардияға тән белгіні көрсет: Ауырсыну сезімі тыныштық жағдайда, кез келген физикалық жүктемеден пайда болады

ААААААА

АҚ төмендету барысындағы дәлелді іс шаралар: дененің жоғары салмағын төмендету

 

Алғашқы ревматизмдік шабуылды емдеуде қайсысы тиімді: антибиотикотерапия

 

Амбулаторияға 8-10 апталық жүктілігі бар әйел адам қалшылдауына, t 37,4- 38,0°С, беліндегі ауырсынуы бойынша келген. Анамнезінде: бұрын бүйрек ауруы бойынша емделген. Ұрғылау симптомы оң. НЖА: белок 0,066 г/л, лейкоцитер к/а 10-15, эритроциттер к/а 8-10, эпителий клеткалары к/а 6-8, бактериялар ++. Диагноз? сүлелі пиелонефрит

 

Антибактериялық терапия фонында пневмонияның созылмалы ағымының мүмкін себептеріне не жатады: Иммунитеттің бұзылуы

 

Апластикалық анемияға тән тері көріністерін анықтаңыз: петехиалды – дақты бөртпелер

 

Асқазанында сүлелі каллезді ойық жарасы бар ер адамға 4 компонентті эрадикациялық терапия жүргізілген. 4 аптадан соң ФГДА-да диаметрі 0,8 см болатын ойық жаралы дефект анықталған. Келесі емдік тактикаңыз? екінші қатардағы дәрілермен эрадикациялық емге көшу

 

Астмалық статустың 2 дәрежесіне тән аускультациялық белгілер: “ үнсіз өкпе” аймақтары

 

Атриовентрикулярлық экстрасистолияға тән белгілері: Экстрасистолиялық кешенінен кейін теріс Р тісшесінің болуы

БББББББ

Бета-адреноблокаторларды тағайындауға абсолютті қарсы көрсеткіш: синусты түйінінің әлсіздік синдромы

 

Бозбала тізе буынында гематоманың пайда болуына, оның ісінуі мен ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде: бала кезінен ауырады, тісін жұлған соң қан кетудің пайда болуы байқалады. Жалпы қарау кезінде: жұмсақ тіндерге қан құйылулар, тізе буынының ісінуі мен деформациясы анықталған. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Гемофилия

 

Бөлімшеге С науқас 49 жаста, бухгалтер. Үйде екі сағат бұрын пайда болған тұншығу ұстамасына, аз мөлшерлі тұтқыр қақырықпен жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Мәжбүрлік жағдай: науқас төсекте қолымен тіреліп отыр. Кеуде клеткасы эмфизематозды. Тыныс қөзғалыстарының саны минутына 30 рет, тыныс шығаруы қиындаған Науқаста айқын диффузды цианоз, мойын веналарының ісінуі. Тыныс жетіспеушілігінің нақты себебін атаңыз. ұсақ бронхтар спазмы

 

Бүйректің сүлелі жетіспеушілігінің дәрежесі қай заттың клиренсі бойынша анықталады? Креатинин

В 12 жетіспеушілік анемия кезінде сүйектің қызыл кемігінде болатын өзгерістерді көрсетіңіз: қан түзілуінің мегалобластық түрі

ВВВВВВ

Вольф – Паркинсон – Уайт синдромына тән: QRS – тің көтерілген буынында Δ-толқынының болуы

ГГГГГГГ

Гастроэзофагорефлюкстік ауру қайсысында дамиды: кардия бөлігінің медиастинумге қарай пролапсында

 

Геморрагиялық васкулит кезінде қандай жағдайда гормондық емес иммунодепрессанттар тағайындалады?. нефротикалық синдромы бар бүйректік формасы

 

Гемофилия кезіндегі клиникалық көрініс келесі симптомдармен көрінеді: Жайылған гематомалардың пайда болуымен

Гемофилия патогенезі келесі механизмдердің бұзылысына тән: Протромбиназа түзілу

 

Гудпасчер синдромы кезінде бүйрек зақымдануына қайсысы тән? гематурия, протеинурия

 

ДДДДДД

Дерматомиозитке қайсысының деңгейінің артуы тән? трансаминазалар, креатинфосфокиназа

 

Деформациялық остеоартроздың айқын белгісі: остеофиттер

 

ЕЕЕЕЕЕЕ

Е. есімді әйел адам бүкіл денесіне тараған ісінуге, артралгияларға, басының ауыруына, бетінің қызаруына, дене қызуының 38-39оС дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр халде, беті мен денесі және аяқтарында ірі ісінулері бар, бетінде «көбелек» түріндегі эритема бар, буындары өзгермеген. Жүрек тондары тұйықталған. Қолқада 2-ші тонның акцепті бар. АҚ 180/110 мм с/б. Ұрғылау симптомы оң. Тәуліктік диурезі 300 мл. Клиникалық диагноз: ЖҚЖ. Дерматит. Нефроз синдромымен асқынған нефрит

 

Егер адамда тұрақты лейкоцитурия, несептің сілтілі реакциясы мен ультрадыбыспен зерттегенде бүйрек тостағаншаларының деформациясы анықталса қай ауру деп ойлайсыз? сүлелі пиелонефрит

 

Ер адам белдемеге ұқсас эпигастрийдегі ауырсынуға, жүдегеніне, ішінің өтуі мен кебуіне шағымданады. УДЗ: ұйқы безі басының ұлғайғаны мен құрылымының біркелкі емес екені анықталған. Осы адамда қандай биохимиялық өзгерістер тосасыз? билирубиннің, амилазаның, сілтілі фосфатазаның артулары

 

Ер адам далада жүрегінің айнуын, эпигастрий аймағында ауырсынуды сезген. 2 рет жеген тамағын құсып тастаған. Науқасты аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіп, асқазанын шайған. Осы процесстің соңында ауырсыну сезімі төс артына және одан солға қарай ауысты. Мүмкін болатын диагнозыңыз? жедел миокард инфарктысы

Ер адам екі жыл бұрын тасты холецистит бойынша холецистэктомия жасатқан. 6 айдан соң оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар мен несебінің қошқылданғаны мазалаған. Билирубині 120 мкмоль/л. Қандай зерттеу қажет? экскреторлы ретроградты холангиопанкреатография

 

Ер адам әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, жүрек қағуына, мұрыннан қан кетуге шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, денесінің терісінде петехиальді бөртпелер. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. Пальпацияда көкбауырдың төменгі бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз. ЖҚА: эр – 2,5 млн, Нв – 85 г/л, ТК – 0,9, лейк – 14,2 мың, бластар - 40%, т/я - 5%,с/я - 34%, эоз - 1%, лимф. - 20%, тромб. – 38 мың, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Барлық цитохимиялық реакциялар теріс. Қай ауру жайлы ойлауға болады? жедел дифференцирленген лейкоз

Ер адам ішінің ауыруына, қан мен көбік араласқан іш өтуіне шағымданады. Колоноскопияда: ирек және тік ішек шырыштары ісінген, қызарған, тигенде қанталайды, қуысында көп мөлшерде жалқық анықталады. Ем тағайындаңыз: Нош-па, дюфалак, линекс

 

Ер адам іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға ішінің кебуі мен шұрылдауына, күніне 3-4 ретті іш өтулеріне шағымданады. Копрограммада: стеаторея, амилорея бар. Осы адамдағы УДЗ белгілері қандай болады? ұйқы безінің ұлғаюы мен құрылымының біркелкі болмауы

 

Ер адам кіндік үстіндегі ауырсынуға, іш кебуіне, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішімдікке салынған. УДЗ: стеатогепатоз белгілері, ұйқы безі құрылымының біркелкі еместігі анықталған. Қандай көрсеткіштер өзгеруі мүмкін? амилаза, сілтілі фосфатаза, билирубин

 

Ер адам қыжылға, ас қабылдағаннан кейін 15-20 минуттан соң эпигастрийдегі ауырсынуға, іш қатуына шағымданады. Иммуноферменттік анализ тәсілімен тексергенде пилориялық хеликобактердің титрі 1:4 болған. Осы адамдағы эндоскопиялық көрінісі қандай болады? асқазанның кіші иінінің жарасы

 

Ер адам қыжылдауға, тамақ ішкеннен соң болатын төс артындағы ашыу сезіміне шағымданады. Объективті: толық, гиперстениялық конституция, тілі ақ жалқықты, эпигастрийін басқанда ауырсынады. ФГДС: өңеші өтімді, шырышы болбыр, ісінген, қызарған, өңештің төменгі бөлігінде 0,5 мм болатын бірен-саран эрозиялары бар. Болжама диагноз: гастроэзофагеалық рефлюксті ауру 2 дәрежесі

 

Ер адам қызыл иегінің қанталауы, петехиялардың пайда болуы, жалпы әлсіздікке шағымдарымен ауруханаға түсті. Қанында: Нв- 52 г/л, эритроциттер - 2,0∙1012/л, лейкоциттер- 1,0∙109/л, тромбоциттер - 20∙109/л. Клиникалық диагнозды қою үшін ақпаратты мол зерттеу түрін таңдаңыз? сүйек миын зерттеу

 

Ер адам тамақ ішкенен соң мазалайтын эпигатрийдегі ауырлық сезіміне, ауамен кекіруге, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Асқазан секрециясын зерттегенде гистаминге рефрактерлі ахилия анықталған. Ең алдымен қай зерттеу жасалғаны жөн? Биопсиялы гастродуоденоскопия

 

Ер адам тамақ ішкенен соң мазалайтын эпигатрийдегі ауырлық сезіміне, ауамен кекіруге, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. ФГДС: асқазан шырышы бозарған, сөлі азайған. Таңдаулы дәріні атаңыз: фестал

 

Ер адам тамақ ішкеннен кейін эпигатсрийдегі ауырсынуға, ішкен аспен құсуына, қатты жүдегеніне шағымданады. Көп жыл бойы асқазан ауруымен сырқат, емделмеген. Тілі ақ жалқықпен жабылған. Эпигастрийді басқанда ауырсынады. Тілі ақ жалқықпен көмкерілген. Ішін басқанда ауырсынбайды. Осы аурудың асқынуын анықтайтын зерттеуді атаңыз: асқазан рентгеноскопиясы

 

Ер адам терісіндегі бөртпеге, буындарындағы ұшпалы ауырсынуларға, ішінің ауырсынуына, дегтетәрізді нәжіске, қызбаға шағымданады. Объективті: аяқтарының терісінде – басқан кезде жоғалмайтын папулезді бөртпелер. Қанда: лейк-12,8 мың., тромб-320 мың., ЭТЖ - 25 мм/сағ, гипер-альфа 2 және гаммаглобулинемия, фибриноген-5,2 г/л. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Шенлейн – Генох ауруы


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 239 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>