Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«ЖҚЖ, баяу ағымы, 3 дәрежедегі белсенділік. Полиартрит. Нефроз синдромымен асқынған нефрит. Лимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия.» диагнозы бар адамды емдеуге 1 страница



«ЖҚЖ, баяу ағымы, 3 дәрежедегі белсенділік. Полиартрит. Нефроз синдромымен асқынған нефрит. Лимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия.» диагнозы бар адамды емдеуге қандай дәрілерді қолданасыз? преднизолон, цитостатиктер, тамырлық дәрілер

 

16 жасар науқас қан кетумен ерте жастан бері ауырады. Тісі түскеннен кейін қан кету мен жарақат алған соң гематоманың бар екендігіне шағымданады. Ауруханаға оң жақ тізе буынының жедел гемартроз клиникасымен түсті. Қай ауру туралы ойлауға болады? Гемофилия

 

16 жастағы бозбалада сол жақтағы 2-ші қаб/арал үзіліссіз систолодистолалық шу, ЭКГ-да сол қарыншаға күш түсу белгілері, рентгеноскопияда – өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының шығыңқы болуы, қолқаның өрмелі бөлігінің пульсациясы, сол қарынша мен жүрекшенің ұлғаюлары анықталады. Қандай ақауға тән? боталлов өзегінің бітелмеуіне

 

19 жастағы бойжеткен қан мен жалқық араласқан күніне 6-7 рет болатын іш өтуіне, көбіне сол жағынан ішінің ауыруына, жүдегеніне, субфебрилитетке шағымданады. Фуразолидон көмек бермеген. Тиімді дәрісін атаңыз: сульфосалазин

 

19 жастағы науқас. Гематологтың диспансерлі қарауында тұрады. Қарау кезінде: балтырының терісінде папулезді көгілдір – қызғылт түсті, жиектері анық, симметриялы – шығыңқы, басқан кезде кетпейтін бөртпелер анықталады. Анамнезінде: антибиотиктер қабылдаған. Жалпы қан және зәр анализдерінде өзгеріс жоқ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады? Геморрагиялық васкулит

 

20 жастағы келіншекте 9 апталық жүктілік кезінде кенеттен дене қызбасы, басының ауыруы, әлсіздік, дизурия мен беліндегі ауырлық сезімі мазалаған. Объективті: ұрғылау симптомы екі жағынан да (+). НЖА: 1020, белок – 0,66 г/л; лейкоциттер–к/а өте көп; бактериялар++; оксалаттар++. ҚЖА: Л- 12х109/л; ЭТЖ – 40 мм/сағ; Осы адамға қолдануға болмайтын дәріні атаңыз? Ампициллин

 

22 жастағы бойжеткен стресстен соң ішінің сол бөлігіндегі ауырсынуға, қан мен ірің және көбіктенген жиі іш өтулеріне, дене температурасының 38°С шағымданады. Осы адамға колоноскопияда қандай өзгерістер тән? шырышының көп бөлігінің эрозиялануы



 

22 жастағы ер адам денесіндегі ірі ісінулерге, бас ауыруына, аздаған күштемедегі ентігуге шағымданады. Объективті: өңі бозарған, беті ісінген, аяқтарында, белінде және іш аумағында ірі ісінулері бар. АҚ-160/70 мм с/б. Жүрек тондары тұйық. Өкпесінің төменгі бөліктерінде тыныс естілмейді, ЖЖЖ минутына 24 рет. ҚЖА: Нв-140 г/л, эр-3,7 х 10 12 /л, Л-6,7 х 10 9 /л, ЭТЖ-48 мм/сағ. НЖА: 1019. Белок-10-12%, микрогематурия, уызды цилиндрлер-10-12 к/а, қанда креатинин 1,0 мг% мен холестерин-15,3 ммоль/л. Жетекші синдромын атаңыз? Нефроз синдромы

 

22 жастағы науқас дене қызуының көтерілуіне, аз мөлшерлі қақырықты жөтел, шамалы физикалық күш түскенде, кеуде клеткасының ауырсынуы, әлсіздік, тәбеттің жоқтығы шағымдармен стационарға түскен. Бір апта бұрын ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тыныштықтағы ентігу мен жиі тыныс алу 22 рет минутында. Беттің диффузды цианозы. Тыныс алу жүйесінің ағзаларын зерттегенде оң жақ жауырынның төменгі бұрышының перкуторлы дыбысының тұйықталуы және дауыс дірілінің күшеюі анықталған, аускультация кезінде қатан дыбыс, қүрақ, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар.Жүрек тондары тұйықталған, пульсі – 96 рет минутына, АҚҚ – 120/75 мм..сын.бағ. Диагнозды қою үшін қай зерттеу әдісі көбірек ақпарат береді? кеуде клеткасының ағзаларын рентгеналогиялық зерттеу

 

23 жастағы жұмысшы әйел адам аяқ-қолдарының бұлшық еттеріндегі ауырсынулары мен үдемелі әлсіздікке, беті мен алақандарының қызаруларына, жүдегені мен артралгияға шағымданады. Жыныс бездерінің қатерлі ісігіне байланысты 2 жыл бұрын операция жасатқан. Объективті: көз аумақтарында, алақан-фалангалық буындары мен шынтақтары үстінде лилді эритема анықталады. Проксималды бұлшық еттеріндегі әлсіздік айқын білінеді (аяқ-қолдарын көтеру шектелген). Болжама диагноз? Дерматомиозит

 

24 жастағы ер адам беліндегі ауырсынуға, ауырсынатын поллакиурияға, аздаған протеинурия мен лейкоцитуриясы бар айқын несептік синдромға шағымданады. Қандай зерттеу қажет? ультрадыбыспен зерттеу

24 жастағы ер адамды оң қабырға астындағы ауырсынулар мен сарғаюы мазалайды. 3 ай бұрын косметологиялық шаралар жасатқан. Диагноз қоюға қандай лабораторлық зерттеулер көмектеседі: ПЦРмен қанда вирустық маркерлерді анықтау

25 жастағы әйел адам дисфагияны, саусақ ұштарының жансыздануын, миалгия мен артралгия, кейде жүрегінің ауырсыну мен жүдегенін айтады. Объективті: алақандары мен бет терілерінің тығыздалған ошақтары, кисет симптомы бар. Жүректің қандай зақымдануы осы ауруға тән? Кардиосклероз

 

25 жастағы әйел адам ішінің түйіліп ауыруына, көп мөлшерде көбіктенген іш өтуіне, әлсіздікке шағымданады, түйілген ирек ішегі қолға білінеді және басқанда ауырсынады. Ем тағайындаңыз: Но-шпа + смекта

 

26 жастағы әйел адамды сүлелі тонзиллиттің өршуінен кейін 1 ай бойы денесінің 39-40 град дейінгі жоғарғы қызбасы, қалшылдап тоңу мен қатты тершеңдік, әлсіздік және дегбірсіздік мазалайды. Балтырларының төменгі 1/3 бөлігінде ұсақ геморрагиялық бөртпелер бар, өңі бозарған, мойын тамырларының айқын пульсациясы бар, пульсі биік және жылдам, минутына 96 рет. АҚ 130\50 мм с/б. Жүрек шекаралары солға қатты ығысқан, жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, тондары тұйықталған, тахикардия, Боткин нүктесі мен төстің сол қанатында протодиастолалық шу естіледі. ҚЖА: Нв 86, Эч 2,8; Л 12,4; ю2,п6,м5,л20, ЭТЖ 60 мм\сағ. НЖА:1020, белок 1,32%,Л 5-7 к/а., цилиндры гиалин цилиндрлері бірен-саран к/а. Қанды зарарсыздыққа егу: жылтырауық стафилококк анықталған. Диагноз? инфекциялық эндокардит

 

28 жастағы әйел адам босанғаннан соң дене қызбасы, лимфоаденопатия, беті мен мұрын үстінде эритемалық бөртпелер бар, алақандарының ұсақ буындары ісінген. ҚЖА: лейкопения, анемия, ЭТЖ 46 мм/сағ. Емін таңдаңыз: преднизолон, трентал

 

28 жастағы әйел адам ЖҚЖ сырқат. Соңғы апта бойы беліндегі ауырсыну, беті мен денесінде ісінулер, АҚ 240/120 мм с/б. Пульсі минутына 120 рет. ҚЖА: Нв 70 г/л, Л 2,6, ЭТЖ 55 мм/сағ. НЖА: 1010, белок 9,9%, макрогематурия, цилиндрурия. Қандай асқыну дамыған? нефроз синдромымен асқынған нефрит

 

28 жастағы әйел адамда фебрилитет, өте айқын интоксикация, олигоурия байқалған. ҚЖА–лейкоцитоз, лейкоциттер формуласының солға ығысуы, ЭТЖ–25 мм/сағ; НЖА– протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия. Диагноз: жіті пиелонефрит

 

28 жастағы әйел адамда фебрилитет, өте айқын интоксикация, олигоурия байқалған. ҚЖА–лейкоцитоз, лейкоциттер формуласының солға ығысуы, ЭТЖ–25 мм/сағ; НЖА– протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия. Диагноз: жіті пиелонефрит

 

29 жасар әйел адам физикалық күштемедегі ентігуге, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, жүрек ұшында 1 тон күшейген және диастолалық шу, «бөдене» ырғағы, жыпылық аритмиясы анықталады. Кеуде R-графиясы: контрастты өңеш кіші радиус доғасында ығысқан. Қандай ақау? митралды стеноз

 

29 жастағы әйел адам қол-аяқ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: алақан буындарының «итбалық қанатына» ұқсас деформациясы, алақан-фалангалық, білезік, шынтақ буындарының ісінулері, шынтақтарында анкилоз анықталады. Рентгенограммада: остеопороз, білезік, алақан және фалангалық сүйектерінде өрнектелулер (узуры) мен шынтақтарында анкилоз белгілері анықталады. Клиникалық диагноз: ревматоидты артрит

 

29 жастағы әйел адамды медициналық тексеруде жүрек ұшында шапаоақты 1-ші тон, диастолалық шу мен 3-ші қосымша тон анықталған. Болжама диагноз? митралды стеноз

 

30 жастағы ер адам физикалық күштемеде төс сыртындағы қысып ауырсынуға, бас айналуына, есінен тануларға шағымданады. Оң жағында 2-ші қаб/арал дөрекі систолалық шу естіледі. Болжама диагноз? қолқалық стеноз

 

30 жастағы ер адамды жарты жыл бойы оң жақ мықынындағы ауырсыну, диарея, полиартралгиялар, дене қызбасы мазалайды. Кейіннен түйінді эритема қосылған. Қандай дәрі қажет? Гормондар

 

30 жастағы әйел адам 2 ай бұрын ревматизмдік митралды стенозға ота жасатқан болатын. Қазір шағымдары жоқ. Тексергенде ішкі ағзаларында - өкпе, жүрек және асқорыту - өзгерістер анықталмаған. Стеноздың қайталануының алдын алуда қайсысы маңызды орын алады? жыл бойғы бициллинопрофилактика

 

30 жастағы әйел адам аяқ буындарының ауырсынуына, сол балтырындағы қошқыл-көгілдір түсті тығыздалған және ауырсынатын диаметрі 4-5 см болатын өсінділерге шағымданады. ҚЖА: Hb 119 г/, лейкоциттер 9,0 ×109 /л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Осы дерттің этиологиялық факторын табыңыз: жіті респираторлық вирустық инфекция

30 жастағы мейірбике 10 жыл бойы саусақтарының тоңғыштығын, көгеретінін, біртіндеп қысқарғанын және қайталанатын ойық-жараларын айтады. Соңғы 2 жылда суыққа шыққанда тілі мен еріндерінің жансызданатыны мен тартылатынын, жұтынуының қиындағаны мен жүдегенін байқаған. Объективті: беті пен алақан терілері тығыздалған, саусақтары қысқарған және көгерген. Тілі лилді түсте. ҚЖА: Нв – 120 г/л, лейкоциттер – 6,8*109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ, гамма-глобулиндер – 23%. Бұл адамда қандай синдром дамыған? Рейно синдромы

 

30 жастағы науқас тұншығу ұстамаларына, қиындықпен бөлінетін қақырықты жөтел, жүрек қағуына шағымданады. Шамамен 5 жыл ауырады, дәрігерге қаралмаған. Объективті: ортопноэ, диффузды цианоз, қосымша тыныс бұлшықеттердің қатысуымен беткей тыныс, тыныс шығаруы ұзарған, өкпенің жоғарғы бөліктерінде құрғақ, ысқырықты сырыл, төменгі бөліктерінде «үнсіз» өкпе алаңы. АҚҚ 165/95 мм.сын.бағ. ЖСЖ 110 рет/мин. Тыныс жетіспеушілігінің негізгі себебі: бронхиальді астма, астматикалық статус ІІ дәрежесі

32 жастағы әйел адам барлық буындарындағы уырсынулар мен ісінулерге, күні бойына созылатын ертеңгілік құрысуға шағым айтады. Объективті: буындары қатты ауырсынады, ісінген, қолға ыстық сезіледі, шынтақтары мен тізелерінде бүгулік контрактуралары бар, «ревматоидты алақан», аяқ-қолдары бұлшық еттерінің атрофиясы анықталады. Осы адамның қан анализіндегі тән өзгерістерді табыңыз? ЭТЖ артуы, + СРБ

 

33 жастағы ер адам суық тигеннен соң қалшылдау, дене қызуының 39,5°С көтерілуі, беліндегі ауырсынулар, поллакиурия, никтурия мазалаған. Бұрын ештеңемен ауырмаған. НЖА: 1014, Лейкоциттер к/а өте көп, бактериялар+++, эритроциттер к/а 25-30. Ультрадыбыспен зерттеу: оң бүйректің астауша-тостағанша кешенінің деформациясы бар. Емдеу тактикасын таңдаңыз: пенициллин, дезинтоксикациялық терапия, фитотерапия

35 жастағы ер адам 2 жыл бойы майлы тағамнан кейін оң жақ қабырға астындағы ұстамалы ауырсынуларға шағымданады. Холецистографияда: өт қабы контрастпен жақсы толыққан, жұмыртқаның сарысын жеген соң өт қабы 2/3 бөлігіне жиырылды, тастардың көлеңкесі жоқ. Ұстаманы басатын дәріні атаңыз: Атропин

 

36 жастағы ер адам қолмен жұмыс атқарғанда қатты шаршайтынына шағымданады. Объективті: сол жақ білезік артериясында пульсі әлсіреген, сол мен оң қолдарындағы АҚ айырмашылығы с/б 25 мм құрайды. ЭТЖ 27 мм/сағ. Осы дертке қандай өзгерістер тән? бейспецификалық аортоартериит

 

36 жастағы ер адам нефроз синдромымен асқынған сүлелі гломерулонефрит, БСЖ0 бойынша ем қабылдауда. Объективті: жағдайы ауыр халде. Анасарка, жалпы белок –35 г/л, АҚ-130/80 мм с/б. Патогенездік емінің негізгі дәрісін атаңыз? Преднизолон

 

36 жастағы ер адам соңғы 3 ай бойы түйінді полиартериит диагнозымен қадағалауда: дене қызбасы, миалгиялар, ұсақ және ірі буындарындағы артралгиялар, оң аяғының сезімталдығының нашарлауы мен жансыздануы мазалайды. АҚ-160/100 мм с/б. ҚЖА: Нв-104 г/л, Эр-4,2, Л-12,0, ЭТЖ-48 мм/сағ, п1%, с62%, э-24%, м 3%, л 10%. НЖА: 1020, белок-1,65%, Эр.7-8 к/а, Л 2-3 к/а. Емдік тактикасы? преднизолон + энам + трентал

36 жастағы ер адамды соңғы 3 ай бойы дене қызбасы, миалгиялар, ұсақ және ірі буындарындағы артралгиялар, оң аяғының сезімталдығының нашарлауы мен жансыздануы мазалайды. АҚ-160/100 мм с/б. Пульсі минутына 100 рет. ҚЖА: Нв-104 г/л, Эр-4,2, Л-12,0, ЭТЖ-48 мм/сағ, п1%, с62%, э-24%, м 3%, л 10%. НЖА: 1020, белок-1,65%, Эр.7-8 к/а, Л 2-3 к/а. Диагноз? түйінді полиартериит

 

36 жастағы әйел адам алақандарының ұсақ буындарындағы, білезік пен шынтақ буындарындағы ауырсынулар мен ісінулерге шағымданады. Объективті: II, III алақан-фалангалық, проксималды фалангааралық буындарының ісінгені мен ауырсынатыны анықталады. Алақандарында аздаған ульнарлы девиация белгісі бар. Базистік ем тағайындаңыз: метотрексат

 

38. Ер адамды белдемеге ұқсас эпигастрийдегі қатты ауырсыну, ішінің өтуі менкебуі мазалайды. Қандай дәріні қолданған жөн? Сандостатин

 

39 жастағы ер адам ас қабылдағаннан соң күшейетін және белдеме түрінде арқасына таралатын эпигастрийдегі ауырсынуларға, қыжылдауға, жүрегінің айнуына шағымданады. 7 жыл бойы асқазанның ойық жара ауруымен сырқат. Қандай асқыну дамыған? ұйқы безіне пенетрация

 

39 жастағы ер адамдағы аускультациялық көрініс: жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, одан соң систола фазасын толық қамтитын, үрлемелі сипаттағы және біртіндеп әлсірейтін, қолтық астына таралатын систолалық шу естіледі: митралды жетіспеушілік

 

4 жыл бұрын жіті гепатитпен ауырған ер адамды оң қабырға астындағы ауырсынулар, көз ақтығының сарғаюы мазалайды. Қанның биохимиясы: АлАТ 0,80, АсАТ 0,24, тура билирубин 46,27, тимол сынамасы 6,0 бірл. УДЗ: бауыры диффузды өзгерген, өт қабы қабырғалары қалыңдаған. НВsAg (+), ДНК ПЦР гепатит В (+++). Емі: Пегинтрон

 

40 жастағы ер адам 2 жыл бұрын жіті вирустық гепатитпен ауырған. Оң қабырға астында батып ауырсынулар, көз ақтығы мен шырыштарының аздаған сарғаюлары мазалайды. УДЗ: бауыры диффузды өзгерген, өт қабы қабырғалары қалыңдаған. Емдеу тактикаңыз: Гепатопротекторлар

 

40 жастағы ер адам нитроглицеринмен басылатын және 5 минутқа дейін созылатын төс сыртындағы ауырсынуға, бас айналуы ұстамаларына шағымданады. Мойын тамырларында айқын пульсация анықталады. Жүрек шекаралары солға ығысқан, қолқа мен Боткин нүктесінде диастолалық шу естіледі, қолқада 2-ші тон жоғалған, АҚ 140\20 мм с/б. Осы ақауға қандай рентгендік өзгерістер тән? сол қарыншаның гипертрофиясы

 

40 жастағы әйел адам білезік және алақандарының ұсақ буындарындағы ауырсынуларған және тізе мен тобық буындарындағы ауырсынулар мен ісінулерге шағымданады. Объективті: проксималды фалангааралық және алақанфалангалық буындарының ісінулері мен ауырсынулары және қозғалыстарының шектелулері, ульнарлы девиация белгілері анықталады. ҚЖА: Нв–100 г/л, Эр–3,1*1012/л, Л–6,4*109/л, ЭТЖ – 56 мм/с. Осыған тән рентгендік көріністі таңдаңыз: буын аралығының тарылуы, көптеген өрнектелулер (узуры)

 

40 жастағы әйел адамның бұлшық еттерінде басқанда күшейетін ауырсыну мен қатты әлсіздік салдарынан қозғалысы қатты шектелген. Көз аймақтарында қатты ісінулер мен қошқылданған эритема бар, бөксе мен шынтақ және алақандарының алақан-фалангалық пен фалангааралық буындары аумақтарында қабыршақтанған эритемалар анықталады. Жиі қақалатынын айтады. ЭТЖ – 25 мм/сағ. LE-клеткалар жоқ. Патогенездік дәрісін таңдаңыз: преднизолон

 

40 жастағы науқас, Дәрігерге кейінгі уақыттарда қан түкіруімен жүретін құрғақ жарықшақты жөтелмен, салмақ кемуімен, әлсіздік және тәбетінің төмендеуімен қаралған. Өкпе үстінде бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, жүрек тондары ашық, ырғақты. Пульсі - 80 рет мин., АҚ - 140/90 мм сын. бағ. Қанның жалпы анализі: Нв - 85 г/л, эр. - 3,6х1012/л, л - 5,18х109/л, ЭТЖ - 64 мм/час. Рентгенологиялық тексеруде оң өкпенің үшінші сегментінде орталықты орналасқан шығыңқы түрде ыдырай бастаған 3,5 см-лі домалақ көлеңке анықталды. Маңайындағы өкпе тіндері өзгеріссіз. Сіздің болжам диагнозыңыз? өкпенің ыдыраулы обыры

 

42 жастағы ер адам оң жақ 1-ші табан-фалангалық буынының ауырсынуына шағымданады. Объективті: оң жақ 1-ші табан-фалангалық буыны көгерген, қолға ыстық, тигенде ауырсынады, қозғалысы шектелген. ЭТЖ 25 мм/сағ. Л–7,9*109/л, ЭТЖ–54 мм/с. Несеп қышқылы 680 ммоль/л. Патогенездік емі? Аллопуринол

 

42 жастағы ер адамды дизурия, субфебрильді температура мазалайды. НЖА: 1010, белок 0,033 г/л, лейкоциттер к/а 20-30, бактериялар+++. Бүйректі ультрадыбыспен зерттеу: екі бүйректегі астауша-тостағаншалардың деформациясы бар. Осы ауруды емдеуге дәрі таңдаңыз: амоксициллин

 

42 жастағы ер адамның несебінде белок 0,033 г/л, лейкоциттер к/а 20-30, бактериялар +++, үлес салмағы 1010, рентгенграммада–екі бүйректің астауша-тостағаншаларының деформациясы анықталған. Осы ауруға қайсысы тән? Дизурия

 

42 жастағы науқас тамағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Кеудесіндегі ауырсыну, дауысының қырылдауы. Дене қызуының 4 күн бойы 380С-қа дейін көтерілуі, қатты жөтел. Кейде қан қосындыларымен. Объективті мәліметтері: конъюктивит. Мойынның лимфа түйіндерінің ұлғаюы, өкпенің оң жақ жауырын асты аймағының перкуторлық дыбысының қысқаруы, қатаң тыныс және жауырынның төменгі бұрышынан оңға ылғалды ұсақ, орташа көпіршікті сырылдар. Өкпе рентгенограммасында: ұсақ ошақты қараюлар және оң жақ өкпе түбінің лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Сіздің диагнозыңыз? аденовирусты пневмония

 

43 жастағы науқас М., ЖИА. Принцметал стенокардиясы анықталды. ЭКГ – да қысқа уақытты ST сегментінің жоғарлауы байқалды. Қандай зерттеу түрі өзгерісті тіркеуге мүмкіндік береді: ЭКГ тәуліктік мониторлау

 

43 жастағы ер адам буындарындағы ауырсынуларға шағымданады. Ауырғанына 5 жыл. 1-ші бақайындағы табан-фалангалық буынының қатты ауырсынып қызарғанынан басталған. ЭТЖ–32 мм/с. НЖА: 1016, белок 0,66 г/л, эр – бірен-саран, несеп қышқылы тұздары көп мөлшерде, Л–5-6 к/а. Патогенездік механизмін табыңыз? несеп қышқылы алмасуының бұзылуы

 

43 жастағы ер адам майла тағамнан кейінгі оң қабырға астындағы ұстамалы ауырсынуларға, жүрегінің айнуына, құсуға шағымданады. Терісі аздап сарғайған. Керр, Мейо-Робсон симптомдары оң, нәжісі тұрақсыз. Емдеу тактикасы? Ферменттер +спазмолитик + Н2 – гистаминоблокатор

 

43 жастағы ер адам тез шаршағыштыққа, бас ауыруы мен айналуына шағымданады. Объективті: сол жақ білезік артериясында пульс анықталмайды, АҚ сол қолында оң қоылмен салыстырғанда төмендеген. Қандай зерттеу қажет? аортография

 

43 жастағы П.есімді ер адам 1 жыл бұрын нефроз синдромымен асқынған жіті гломерулонефритпен ауырған. Стационарда емделген. Ем нәтижесіне қарамай әлі күнге аздаған протеинурия, цилиндрурия, микрогематурия сақталған. Жіті гломерулонефриттің сүлелі түріне ауысуын қайсысы дәлелдей алады? пункциялық нефробиопсия

44 жастағы ер адам оң қабырға мен эпигастрийіндегі ауырсынуларға. Тлассыз құсуларға шағымданады. 3 күн бойы ішімдік ішкен. УДЗ: майлы гепатоз, ұйқы безі өлшемдері 35-23-20 мм, қырлары тегіс емес, құрылымы біркелкі емес, тығыздығы артқан. Осы адамның биохимиялық көрсеткіштері қандай болады? амилаза, сілтілі фосфатаза артады

45 жасар әйел адамда 2 жыл бойы плеторикалық синдром және тромбтың асқынусыз. УДЗ – да көкбауыр ауданы - 52 см2. Терапияның ең тиімді түрін таңдаңыз: қан жіберу

 

45 жасар науқас 2 жыл бұрын жайылған миокард инфарктысын басынан өткерген. Қарқынды ем бөлімшесіне жеткізілді, төс артында ауырсыну ұзақтығы 45 минутқа дейін. Тынысы көпіршікті, қызғылт қақырық.. Өкпеде бар аймақта әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Жүректе шоқырақ ырғағы, тахикардия, АҚ 100/80 мм.с.б. Сіздің диагнозыңыз? ЖИА. Қайталанған миокард инфарктысы. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Өкпе ісінуі Н ІІ А

45 жастағы науқас. Бас ауруына, әлсіздікке, жүрегіндегі ауырсынуға, терідегі бөртпелерге шағымданады. Анамнезінде жиі мұрыннан қан кету, жиі терідегі көгерулер, мұрыннан қан кеткеннен кейін жағдайының нашарлауы. ЖҚА: эритроциттер – 4 млрд, гемоглобин – 87 г-л.ТК – 0,6 лейкоциттер – 7,4 млрд, э – 2, п – 3, с- 70, л- 20, м- 5, тромбоциттер – 12 млрд, ЭТЖ – 18 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз? Тромбоцитопениялық пурпура

 

45 жастағы науқас. Бас ауруына, әлсіздікке, жүрегіндегі ауырсынуға, терідегі бөртпелерге шағымданады. Анамнезінде жиі мұрыннан қан кету, жиі терідегі көгерулер, мұрыннан қан кеткеннен кейін жағдайының нашарлауы. ЖҚА: эритроциттер – 4 млрд/мл, гемоглобин – 87 г-л.ТК – 0,6 лейкоциттер – 7,4 млрд/л, э – 2, п – 3, с- 70, л- 20, м- 5, тромбоциттер – 12 млрд/л, ЭТЖ – 18 мм- сағ. Осы патологияға қандай асқыну тән: Ішкі мүшелерге қан кету


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>