Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті



;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

;Жалпы хирургия және травматология кафедрасы

;Қорытынды бағалауды өткізуге арналған емтихандық сұрақтар 3 курс;;«Жалпы медицина және стоматология» факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін

 

ВАРИАНТ 102

 

1. Науқасқа теріасты көк тамырының варикозды кеңеюі салдарынан субкомпенсация кезеңінде оң жақ жамбас және балтырдың үлкен тері асты көк тамырларының венэктомиясы жасалған. Жарақаттар тігілген, 1% йодонат ерітіндісімен өңделіп, салфеткамен жабылған.

Таңу материалын бекіту үшін қандай дәкелік таңғышты қолданған дұрыс?

 

2. Науқас К., 20 жаста, омыртқасының мойын бөлігінің жарақаты және жұлынның зақымдалуына байланысты, декомпрессия мақсатында жедел түрде ламинэктомия жасалған. Мойынның артқы бөлігіндегі жарақат тігілген, салфеткамен жабылған.

Таңу материалын бекіту үшін қандай дәкелік таңғышты қолданады?

 

3. Кеуде куысының оң жағында енген жарақаты бар науқасқа шақырды. Жарақаттанушы жағдайы ауыр. Ол оң жағына еңкейіп, жарақатын қолымен жабады. Жарақатты қараған кезде дем алғанда ауа жарақаттың ішіне енеді, ал дем шығарғанда жарақаттан ауа шумен шығады.

Қандай дәкелік таңғышты қояды?

 

 

4. Науқас С., 28 жаста, шынтақтың іріңді бурситіне оперативті ашу жасалды. Қапшық антисептик ерітіндісімен жуылған, натри хлорид гипертоникалық ерітіндісімен суланған турундамен дренаждалған, марлелі салфеткамен жабылған.

Таңу материалын қалай бекітеді?

 

5. Науқас С., 36 жаста, жол апаты салдарынан зардап шеккен. Оң жақ самай аймағында көп мөлшерде қан кетіп жатқан кесілген жарасы бар.

Алғашқы көмек көрсеткенде науқасқа қандай таңу жасау керек?

 

6. 47 жастағы ер адам, велосипедтен құлаған. Оң жақ иық үсті аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Визуальді қарағанда ісінген, деформация, оң бұғананың ортаңғы үштік проекциясында ауырсыну және крепитация анықталады. Оң жақ білек артериясының пульсі қанағаттанарлық.



Иммобилизациялайтын бинттік таңғыштың қай түрін қолдану керек?

 

7. Оң иығын шығарып алған науқастың қолын қайта қалпына келтірген. Енді 1-1,5 аптаға оң қолының жоғарғы бөлігіне иммобилизация жасау керек.

Қандай иммобилизациялайтын бинтті таңғышты қолдану керек?

 

 

8. Ауылдың учаскелік емханасына 52 жасар совхоз жұмыскері келіп түсті, төбе аймағында соғылған-шабылған жарақаты бар. Жарақатын науқас өз бет орамалымен басып отыр.

Науқасқа қандай көлемдегі медициналық көмек көрсету қажет?

 

9. Емханаға 25 жастағы науқас оң жамбас сан буынындағы ауырсынуға шағымданып келді. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті қарағанда: ісінген, буын деформациясы, қол аяқтардың атрофиясы, Александров симптомы оң (сау жақтағыға қарағанда, зақымдалған терінің қатпары қалың болады). Дәрігер - туберкулезді кокситке күдіктенді.

Хирургтың алдағы тактикасы қандай?

 

10. Операция кезінде науқас бір уақытта 450,0 мл қан жоғалтты.

Жоғалтқан қанның орнына науқасқа қан құю керекпа?

 

11. Қан тобын анықтау кезінде изогемоаглютинация стандартты А/ІІ/ және В/ІІІ/ тобы қан сарысуларында оң және О/І/ және АВ/ІV/ тобында теріс.

Мұндай нәтиже нені көрсетеді?

 

12. Анти – А және анти – В цоликлондар көмегімен қан тобын анықтағанда агглютинация жоқ.

Зерттелетін қан қай топқа жатады?

 

13. Науқас М., ұста, емханаға оң қолы білегінің жыртылған жарақатына байланысты келді. Науқастың сөзі бойынша жарақатты жұмыс кезінде алған. Хирург науқастың уақытша жұмысқа қабілетсіздігінің белгілерін анықтады. Оқыс жағдай жөніндегі акт көрсетілмеген.

Уақытша жұмысқа қабілетсіздік қандай құжатпен куәландырылады?

 

14. Азамат А. 18 жасар институттың бірінші курс студенті, зертханалық жұмыстар кезінде соқырлыққа алып келген көзі және басында күйіктер алды. МСЭК мүгедектіктің бірінші тобын қойды.

Мүгедектіктің себебі қандай?

 

15. Қабылдауда науқас Р. 40 жаста, 12 елі ішек ойық жарасымен ауырады, қан кетумен асқынған (айына 1-2 рет) және постгеморрагиялық 2-ші дәрежелі анамиямен.

Хирургтың алдағы әрекеті қандай?

 

16. Науқас оң жақ кеудесінің жарақатымен 1 сағ сон орташа дәрижелі жағдайдайымен жеткізілген. Өкпенің рентгенологиялық зерттеуі кезінде орташа гематоракс және V, VI қабырғаларының ортанғы -бұлшықет асты сызығы бойымен сынуы анықталған. Қанды қақырық жоқ. Бұрын өкпе туберкулезімен ауырған.

Плевра қуысына қан кетудің көзі қандай?

 

17. Науқас оң жақ кеуде жарақатымен жеткізілген. Алдыңғы бұлшықетасты сызық бойынша V қабырға аралықта көлемі 1,5x0,4 см жара байқалады, аздаған көлемді қан кетумен.АҚ-120/70 мм рт. ст., пульс-88 рет мин. Тыныс алысы 20 рет/1мин.

Терең жарақаттануға не себеп?

 

18. Ер адамды жеңіл автокөлігі қағып кеткен. Сол жақ аяғының ауырсынуына шағымданады. Аяғына тура алмайды. Балтырының арт жағында деформация байқалады, патологиялық қозғалыспен.

Асықты жілік сынуының сипаты қандай?

 

19. Жас қыз коньки теуіп жүріп, оң жақ коньки мұз жарығына түсіп, құлап қалған, оң жақ балтырында ауырсыну мен сүйек шыққандай сезіледі, аяғына тұра алмаған.

Рентгенде сынудың қандай түрін көруге болады?

 

20. Ер адам мотоциклмен автокөлікке соғылған, сол жақ балтырына соққы алған. Қарау кезінде балтырының алдыңғы беткейінде жарақат бар, сонымен қатар қан кету май шариктерімен, патологиялық қозғалу, қатты ауырсыну, балтыр деформациясы байқалады.

Сынудың ашық түріне себепші қай белгі?

 

21. Тау-кен жұмыскерге шахта ішінде тас көмір құлаған. Бел аймағында аурсынуға шағымданады; жауырын аралықта соғылу салдарынан қалған іздер, арқаның бойлық бұлшықеттерінің тырысқаны байқалады. Аяқ қолдары зақымдалмаған.

Науқаты тасымалдаудың ең тиімді түрі?

 

22. Зардап шеккен, солдат қол гранатасының жарылуынан жарақаттанып екі тәуліктен кейін госпитальға жеткізілген. Басының ауруына, естен таңуына, жүрегінің айнуына, дене қызуының 37,8°С дейін көтерілуіне, сол жақ құлағынан қан тамшыларының бөлінуіне шағымданады. Естен таңу 10 минуттай, антеро-ретроградты амнезия элементтері байқалған. «Көзілдірік» симптомы, вестибуло-атактикалық синдром, менингеальдық симптомкомплексі анықталған. Оң жақ құлақ жарғақшасының жарылуы, отоликворея анықталады.

Ликворея себебі қандай?

 

23. Дәрігер - жамбас сүйектерінің сынуына күмәнданған науқасты қарау барысында, мықын сүйектерінің қанаттарына қарама – қарсы бағытта абайлап басып тексерді.

Науқаста ауырсыну синдромының себебі неде?

 

24. Науқас 66 жаста, жедел жуанішек өтімсіздігімен экстренді түрде операцияға алынған. Лапаротомия кезінде циркулярлы стинозирленген сигма тәрізді ішектің ісігі анықталған, парааорталық лимфа түйіндері үлкейген, бауырға метастаз берген. Гартман операциясы жасалған (колостома шығарылған).

Бұл операция қандай болып табылады?

 

25. Науқас 50 жаста, 8 жыл бойы он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Ақырғы 5 күнде көптеп күнделікті құсуына шағымданады. Қарқынды дегидратация байқалған. Науқасқа операция жасау көрсетілген. Операция алдындағы дайындық жүргізілгенде қышқыл-негіздіктің бұзылуын болдырмауымыз керек.

Қандай зат ең бірінші енгізілуі тиіс?

 

26. Поликлиникаға 25 жастағы науқас оң жақ жамбас-сан буынындағы ауырсыну шағымымен келді. 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, төменгі жақтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (зақымданған төменгі жақтың терісі жиырылған, қалыңдаған, зақымданбаған бөлігіне қарағанда). Болжамды диагноз-туберкулезді коксит.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

 

27. Емханаға 35 жастағы науқас оң жақ тізе буынының ауырсыну шағымымен келді, 3 ай көлемінде ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, аяқтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (сау аяғымен салыстырғанда зақымданған аяқ терісі қатпарының қалыңдауы).

Қандай патология жайлы ойлауға болады?

 

28. Емханаға 35 жастағы науқас оң жақ тізе буынының ауырсыну шағымымен келді, 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, аяқтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (сау аяғымен салыстырғанда зақымданған аяқ терісі қатпарының қалыңдауы). Дәрігерде - туберкулезді гонитке күдік туды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

 

29. Қабылдау бөліміне мойнында ісік тәрізді түзілімнің болуына байланысты шағыммен науқас жеткізілді. Қарау барысында шайнау бұлшықетінде тығыз бұдырлы конгломерат, теріасты май қабатының жабысуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

30. Қабылдау бөліміне мойнында ісік тәрізді түзілімнің болуына байланысты шағыммен науқас жеткізілді. Қарау барысында шайнау бұлшықетінде тығыз бұдырлы конгломерат, теріасты май қабатының жабысуы анықталды. Болжамды диагноз-туберкулезді лимфаденит.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

 

31. Науқаста санның жоғарғы үштен бір бөлігінің ішкі беткейінде болған тесілген – кесілген жарадан соң ауруханадан шығарылғаннан кейін 1,5 айдан соң ісік тәрізді, аздап ауырсынатын, толқынды солқылдаушы түзілім анықталады. Аускультативті – систолалық шу.

Болжамды диагноз қандай?

 

32. Науқасқа таңертең шап жарығына операция жасалды, кешке жарасындағы таңғышы қанды бөлініспен суланған. Бір сағат көлемінде жергілікті мұзды және қапшықтағы құмды қойғанда әсер болған жоқ.

Ерте операциядан кейінгі кезеңде науқаста қандай асқыныстар пайда болды?

 

33. Травмпунктке жасөспірім мопедтен құлағаннан кейін оң жақ балтырының ауырсынуына және оның ісінуіне шағымданып келді. Жарақатты жарты сағат бұрын алған. Қараған кезде балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігі деңгейінде көлемі 10х6х5 см ісіну анықталады, терісі көгерген. Пальпация кезінде ауырсыну және флюктуация байқалады. Оң жақ аяқ басының сыртқы бетінің артерияларында пульсация сақталған.

Болжамды диагноз қандай?

 

34. Операция барысында науқаста асқазанның барлық қабаттарынан өтетін ісік анықталды, регионарлы метастаздары бар, алшақ метастаздары жоқ. Ісік қозғалмалы.

Процестің стадиясы қандай?

 

35. Қабылдау бөліміне қызба жағдайында науқас жеткізілді, ішінің ауырсынуына, өршімелі ригидтілікпен бұлшықет ауырсынуына шағымданады. R-графиясында бұлшықеттерінде көлемі 0,3 – тен 1,0 см-ге дейін ізбестелген түзілімдер анықталады. Дәрігер трихенеллезге күдіктенді.

Науқасқа қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

 

36. Ауруханаға тексерілуге келген науқастан дәрігердің анықтауы бойынша ісік тәрізді қалың бұлшық ет, консистенциясы тығыз құрылым анықталды. R-графияда көлемі 0,3 см-ден 1,0 см-ге дейінгі құрылымдар байқалған.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

 

37. Қабылдау бөлімшесіне жедел холециститтің клиникасымен науқас түсті. Пальпация барысында бауыры қаттыүлкейген, тығыз, өт қапшығы проекциясында ауырсыну күшееді. УДЗ зерттеу кезінде тассыз холецистит анықталған.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

 

 

38. Мектепке дейнгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 3 жастағы баладан жоғарғы ерінінің бітпей қалуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

39. Мектепке дейінгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 2 жасар баладан жиі сілекейінің ағыуы, езуі толық жабылмайтындығы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

40. Мектепке дейінгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 3 жастағы баладан жұмсақ таңдайының бітпей қалуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

41. Дәрігердің қабылдауына 3 жастағы баланың анасы, бала қолын қиын қозғалтатынына шағымданып келді. Қарау кезінде шынтақты және кәрі жіліктік буындарында симметриялық контрактуралар анықталған.

Болжамды диагноз қандай?

 

42. Ауруханаға 2 айлық нәрестенің анасы, бала аяғының қисықтығына шағымданады. Қарағанда: екі табанның да сыртқа қарай бұралуы, аяқты бүккен кезде аяқ басының ішке қайырылуы байқалады.

Болжамды диагноз қандай?

 

43. 5 жастағы қыздан сол жақ сүт безі аймағынан құрылым анықталды. Құрылымның консистенциясы тығыз, ауырсынады, көлемі 0,5х0,5 см, сүт безі емізікшесімен байланысты орналасқан.

Болжамды диагноз қандай?

 

 

44. Операциядан кейінгі науқаста операциядан соң 3 күннен кейін операциядан кейінгі тыртық аймағында пальпация кезінде ауырсынатын және жергілікті гипертермиясы бар тіндердің тығыз қабынуы анықталды.

Қандай асқыну түрі дамиды?

 

45. Операциядан кейінгі науқаста операциядан соң 5 күннен кейін операциядан кейінгі тыртық аймағында пальпация кезінде ауырсынатын, флюктуациясы және жергілікті гипертермиясы бар тіндердің тығыз қабынуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

46. Қабылдау бөлімшесіне қол басының кесілген жарасымен науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуы, шайнау бұлшықеттерінің шаршағыштығы, тризм, “сардоникалық күлкі” анықталады. Науқас қатты жүдеген.

Қандай асқыныс түрін ойлауға болады?

 

47. Қабылдау бөлімшесіне қол басының кесілген жарасымен науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуы, шайнау бұлшықеттерінің шаршағыштығы, тризм, “сардоникалық күлкі” анықталады. Науқас қатты жүдеген. Қарау кезінде опистотонус байқалады.

Қандай асқыныс түрін ойлауға болады?

 

48. 17 жастағы жігіттің медициналық тексеру кезінде оң жақ санның алдыңғы бетінің жоғарғы үштен бiр бөлігінде құрылым анықталған, көлемі 2,0 см-ден 1,0 см-ге дейн, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, саусақпен сипау кезінде ауырсынусыз.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақты коюға тиімді?

 

49. 56 жастағы З. есімді науқас әйел аурухананың жүрек – тамыр бөлімшесінде аяқтарындағы күре тамырларының патологиясына байланысты тұрақты емделіп отырған. Консервативті ем қабылдаған. Ем қабылдауының бесінші күні науқаста өкпе артериясының эмболиясының клиникасы дамыған.

Қандай ауру кезінде осындай асқыныс жиі кездеседі?

 

50. Кеудесін ауыртып алған науқас 1,5 сағаттан кейін кеудесінің ауырсынуына, демалудың қиындығына, қан құсуға шағымданады. Қарау кезінде IV-V қабырғаларының сынғаны анықталды. Тындау кезінде оңнан солға тыныс алуы әлсіреген. АҚҚ - 110/70 мм с.б.б., тамыр соғысы - 96 минутына, эр-4,0.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақты коюға тиімді болып табылады?

 

51. Науқас оң жақта VI, VII қабырғаларының сынуымен түсті. Кеуде клеткасын рентгендік тексергенде оң жақ плевра қуысында ауа анықталған. Ауаның аспирациясы жасалды. Бір күн өткен соң бақылау рентгенінде ауа анықталды.

Науқаста қандай асқыну пайда болған?

 

52. Науқас іштің жабық жарақатымен жарақат алған соң 2 сағаттан кейін жеткізілді. Науқас соққы алған жерде ауырсынуға, ауыздың құрғауына, шамалы әлсіздікке шағымданады. Қараған кезде эпигастральды аймақта гематома анықталады. Іші жұмсақ, барлық аймақтарда аздап ауырсынады, перкуссияда арнайы аймақтарда тұйықталу анықталады.

Науқаста қандай асқыну пайда болған?

 

53. Науқас іш жарақатынан кейін 1сағаттан соң түскен. Шағымдары: іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, қозғалыс жасаған сайын ауырсыну сезімі күшейеді, ауыздың құрғауы. Обективті қарағанда: іші жұмсақ, симметриялы, төменгі жағында ауырады, төменгі бөлігінде іш бұлшықеттерінің тырысуы бар, перитонеальды симптомдар анық емес. Қанда лейкоциттер-14*10-9. Іш қуысы жалпы шолу рентгенограммасында патология жоқ.

Болжам диагноз қандай?

 

54. Науқас жарақат алғаннан кейін 1 сағаттан соң іштің сол жағының ауырсынуына шағымданып жеткізілді. Жалпы жағдайы орташа. Пальпация кезінде ауырсыну көбінесе іштің сол жағында, қабырға астында. Науқас отырған қалыпта болғысы келеді. Жатқан жағдайда ауырсыну сезімі күшейеді. Ішек перисталтикасы сақталған. АҚҚ-100/60 мм с.б.б., пульс – 96 соққы минутына.

Болжам диагноз қандай?

 

55. Науқас іштің сол жақ бөлігінің ауырсынуымен жеткізілген. 1сағат бұрын сол жақ бүйірінен соққы алған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа, ыңырсиды. Тыныс алу минутына 30 рет, кеудемен дем алады. Іші жұмсақ, сол жақ бөлігі қатты ауырсынады. Соққылау симптомы сол жақта әлсіз оң. Жатқанда ауырсыну сезімі күшейеді, науқас мәжбүрлі қалыпта отырады. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б., пульс – 108 соққы минутына.

Негізгі патологияға қандай симптом тән?

 

56. Науқас бөлімшеге 3 сағат бұрын дене беткейінің 60% қамтыған көлемді күйіктермен түскен, оның ішінде 30% терең күйіктер. Жалпы жағдайы ауыр, есі сақталған, сұрақтарға адекватты жауап береді. АҚҚ-120/70 мм с.б.б., пульс-100 соққы минутына. Шокқа қарсы терапия жүргізілуде. Түскен кезде қуықтан 200 мл өзгермеген зәр шығарылған. 3 сағат өткен соң -20 мл қою түсті зәр шығарылған. Қанда гематокрит мөлшері жоғарылаған.

Науқастың жағдайын немен түсіндіріледі?

 

57. Науқас күйік алғаннан кейін бөлімшеде жатқанына 16 тәулік болды. Науқас токсемия сатысында. Бірінші тәуліктен бастап ем толық көлемде жүргізіліп жатыр.

Белгіленген кезең қай кезден басталады?

 

58. Науқас жалынмен күйік алғаннан кейін 2 сағаттан соң түскен. Жалпы күйік көлемі-50%, оның ішінде терең – 30%. Зеңбілмен тасымалдаудан бас тартып, өз еркімен палатаға келген. Сұрақтарға қысқа жауап береді, палатада жүреді, қозғалыстық қозғыштығы айқын.

Науқас әрекетін немен түсіндіруге болады?

 

59. Науқас 40% дық жалынмен көлемді күйікпен ем қабылдауда, соның ішінде терең күйіктер 25%. Жалпы жағдайы орташа. Жарақаттан соң 10 тәулік. Жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене температурасының 37,6-38°С дейін жоғарлауы мазалайды. Таңу кезінде терең күйіктің беті қабыршақпен жабылған. Сау тіндер мен қабыршақ арасында қабыршақ жиектерінде демаркация анықталады.

Науқаста күйік ауруының кай кезеңі?

 

60. Нашақор ауруы басталғаннан 7 күн өткен соң сол жақ санының ауырсынуына шағымданып жатқызылды. Оң жақ санымен салыстырғанда сол жақ санының көлемі 17 см үлкейген. Дене температурасы 39,9°С. Қалтырау. Сол жақ санның көк флегмазиясы пайда болған. Сол жақ санның жоғарғы үштен бір бөлігінде жұмсақ тіндері тығыздалған, флюктуация анықталады. Санның сопақ ойығының аймағында инъекция іздері қалған. Іш, қол және арқа терісінде көптеген іріңді папулалар бар. Рентгенологиялық тексеру кезінде – екі жақты милиарлы пневмония анықталған. Соңғы 6 сағатта катетермен зәр алынбады.

Қандай болжамды диагноз?

 

61. Науқас шошқа етін бөліп жатқанда сол жақ қол басының бірінші саусағын жарақаттап алды. 1 тәулік өткеннен кейін дене температурасы жоғарлағанын, саусағының керіп ауырғанын байқады. Ісінуге байланысты саусақтың шекарасы айқын емес, белсенді қозғалыстар шектелген, ауырсынады, саусақтың терісі гиперемирленген, пальпацияда ауырмайды.

Болжамды диагноз қандай?

 

62. Науқас бақшада жұмыс істеген соң оң жақ қол басының алақандық беткейінде мүйізгек (мозоль) пайда болғанын байқады, 3 тәуліктен соң мүйізгек өздігімен ашылды, ішінен ірің бөлінді, ауырсыну күшейді, дене температурасы жоғарлады. Қол басы саусақтары фаланга аралық буындарда бүгілген, аралары ашылған және алақан – фалангалық буындарда жазылған, қол басы “тырма” тәріздес, қол басының сыртқы жағы ісінген, алақандық ойығы анық.

Болжамды диагноз қандай?

 

63. Ағаш шебері (столяр) жұмыс уақытында сол жақ қол басының ІІ саусағын жарақаттап алды. Ауырсыну сезімі пайда болған соң және дене температурасы көтерілген соң хирургке қаралды. Саусақтың тырнақтық фалангасы ісінген, дистальды фалангалық буында қозғалыс көлемі шектелген. Саусақ терісінің гиперемиясы бар, саусақтың бүйірінде ашықтау аймақ анықталады, пальпация кезінде қатты ауырады және ортасында жұмсаруы бар.

Болжамды диагноз қандай?

 

64. Науқас маникюр жасағаннан кейін оң жақ қолдың ІІІ саусағының ауырсынуын байқады. Қараған кезде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,0°С, саусақтың тырнақтық фалангасының бүйірінде тырнақтық валик проекциясында ісіну және терінің гиперемиясы анықталады, тырнақтық валиктің астынан аздаған ірің бөлінеді.

Болжамды диагноз қандай?

 

65. Науқас оң жақ қолдың 2 саусағының қызаруына, қышымалы ауырсынуға шағымданады. Ауруын балықты бөліп жатқанда сүйегімен тесіп алуымен байланыстырады. Оң жақ қолдың 2 саусағы ісінген, терісі ал қызыл түсті, саусақ негізіндегі сау тіндерден гиперемия айқындалған. Инфильтрация жоқ, дене температурасы 36,9°С.

Болжамды диагноз қандай?

 

66. Науқас дене температурасының 39°-ға дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, бастың ауруына, бұлшықеттердің ауырсынуына, анда – санда пайда болатын қалтырауға, сан бұлшықеттерінің тырысуына, оң жақ жамбас – сан және тізе буындарында жүргенде және физикалық күштемеден кейін пайда болатын ауырсынуға, оң жақ санның төменгі үштен бір бөлігінде басқан кезде және соққылағанда күшейетін тұрақты ауырсынуға шағымданады. Кеше санның төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде ісіну пайда болған. Үш апта бұрын ЖРВИ ауырған.

Болжамды диагноз қандай?

 

67. Науқас 2 аптадан бері оң жақ мықын аймағында ауырсынуға, өршімелі әлсіздікке, дене температурасының 37,50С дейін жоғарлауына, ал соңғы үш күнде 38,4°С-ке дейін көтерілуіне шағымданады, ауырсыну аяқты жазған кезде күшейеді. ЖРВИмен жиі ауырады. Іші жұмсақ, оң жақ мыкын аймағында ауырады, перитонеальды симптомдары айқын емес. Оң жақ мықын қырының пальпациясында қатты ауырсыну пайда болады. Рентгенологиялық бүйірлік проекцияда сүйектің кемігінде өлшемі 4х3,5см, гомогенді емес қараю ошағы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

68. Шахтер шап аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. Қараған кезде оң жақта шап қатпарынан төмен ұлғайған, ауырсынатын, қозғалысы шектелген лимфа түйіндері анықталады. Оң жақ аяқ басының бармақ аралықтарында табанның эпидермофитиясына тән өзгерістер бар.

Болжамды диагноз қандай?

 

69. Науқаста ерте операциядан кейінгі кезеңде гипоксия салдарынан тілінің көмейге кептелуінің нәтижесінде клиникалық өлім пайда болды.

Аталған белгілердің қайсысы қан айналым тоқтауының сенімді белгісі болып табылады?

 

70. Туысқандардың айтуынша науқас бел аймағындағы кезекті ауырсынуға шағымданған. Бұрын ауырсыну спазмолитиктер қабылдаған соң, жылы суға түскен соң басылатын. Осы жолы ауырсыну сезімі басылмады, дәрігер науқасты еденде есінен талып жатқан жерден тауып алды, беті бозарған, пульсі жиі, брадикардия.

Болжамды диагноз қандай?

 

71. Қабылдау бөлімшесіне қан кетумен қосарланған аралас жарақатпен науқас жеткізілді. Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының бозаруы, тахикардия байқалады. АҚҚ мен ОВҚ (ЦВД) төмендеген.

Болжамды диагноз қандай?

 

72. 19 жастағы пилонефритпен ауыратын науқас жеткізілді, кең спекторлы антибиотиктің бір реттік жоғары мөлшерін енгізген соң 2 сағаттан кейін науқаста қалтырау, тері беткейінің бозаруы, тахикардия, АҚҚ – 65/50 мм с.б.б., дене температурасының 40,0° дейін көтерілгені байқалды. Зәрден алтын түсті стафилококк табылған.

Болжамды диагноз қандай?

 

73. Екі жақты пневмониямен ауыратын науқаста дене температурасы 39,0° дан 37,2° ге күрт түскен соң, 25 минуттан кейін жалпы жағдайы нашарлаған. Қатты әлсіздікке және қалтырауға шағымданады. Аяқ – қолдары суық. Терісі бозарған. Пульс минутына-100 соққы. АҚҚ-60/30 мм рт.ст.

Болжамды диагноз қандай?

 

74. Компрессиядан кейінгі ерте кезеңде ұзақ жаншылу синдромының ауыр түрімен зардап шеккен адамда гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақсыз, зардап шегуші қозған.

Компрессиядан кейінгі уақытта қай кезеңге аталған симптомдар тән?

 

75. Жер сілкінісі кезінде зардап шегуші басылып қалғаннан кейін 4 сағаттан соң босатылды. Екі аяғы да басылып қалған.

Зардап шегушіде ұзақ жаншылу синдромы ағымының түрі қандай?

 

76. Қабылдау бөліміне мойнында ісік тәрізді түзілімдерге шағымданып науқас жеткізілді. Қараған кезде: басты игіш бұлшықет бойында тері асты шел май қабатымен біріккен тығыз бұдырлы конгломерат анықталды. Болжамды диагноз – туберкулезді лимфаденит.

Әрі қарай қолданатын емдеу іс-әрекеті қандай?

 

77. Қабылдау бөліміне мойын жарасымен науқас келді, тері түсі қызғылт-көкшіл, ойық жарамен. Жарасынан сұр түсті іріңді қалың инфильтрат шығып тұр. Болжамды диагноз-актиномикоз.

Әрі қарайғы әрекеті қандай?

 

78. Хирургиялық бөлімшеге тізе астының шабылған жарақатымен науқас түсті. Анықтау барысында тізе асты артериясының зақымдалғаны анықталды. Кезекші хирург қан тамырды тігу техникасын біледі.

Қандай іс-әрекет жасауы керек?

 

79. 35 жастағы К. деген науқас хирургқа бөксе сан қатпарында үлкен көлемді түзілімнің (көлемі 10х5 см) пайда болғанына шағымданып келген. Ісік отыруға кедергі келтіреді, пальпациялағанда аздап қозғалады, ауырсынусыз, консистенциясы жұмсақ.

Науқасқа қандай ем көрсетілуі керек?

 

80. Дәрігерлер конференциясында оң жақ ортан жіліктің созылмалы гематогенді остеомиелитімен ауыратын, 23 жастағы ер адамның ауру тарихы талқыланды. Рентгенограммада оң жақ ортан жіліктің дистальді метафизінде диаметрі 1,5 см болатын еркін жатқан секвестрі бар қуыс анықталған. Науқасқа оперативті ем тағайындады.

“Секвестрлі қабір” санациясы мен секвестрэктомиядан кейінгі секвестральді қуысты толтыруға нені қолданған дұрыс?

 

81. Науқас Е., 45 жаста жүрегіне трансплантация операциясы көрсеткіш бойынша жасалған. 34 жастағы ер адам донор болды.

Бұл операция қандай трансплантация типіне жатады?

 

82. Науқас 56 жаста жамбас сан буынына протездеу операциясы көрсеткіш бойынша жасалған.

Бұл операция қандай трансплантация типіне жатады?

 

83. Ер адамға IV дәрежелі үсінуден кейін оң жақ қол басының II-V саусақтарына ампутация жасалған. Ол хирургқа қол басының қызметін жақсарту үшін көмек сұрады.

Науқасқа қандай көмек көрсетуге болады?

 

84. Зардап шегушінің қолы ыстық пресстің астына түскен, нәтижесінде сіңір мен сүйектің жалаңаштануымен қол басының сыртқы жағында терең күйік пайда болған.

Қол басы қызметін сақтап қалу үшін қандай пластика түрін қолданған жөн?

 

85. Науқаста сан артериясының ортаңғы сегментінде атеросклеротикалық окклюзия. Диагнозы контрасты ангиография көмегімен негізделген.

Науқасқа қандай ем әдісін ұсынған жөн?

 

86. Кеуде қуысының тыныс алу кезіндегі ауырсынуына травпунктке науқас көрінді. Анамнезінде автокөлік апаты болған. Объективті қарау мен кеуде клеткасының рентгенографиясынан кейін көптеген қабырғалардың сынықтары анықталды.

Қандай ауырсынуды басатын әдіс қолданған дұрыс?

 

87. V-VII қабырғалардың оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша сынықтармен науқас түскен. Тыныс алудың қиындығы мен сынық аймағындағы кенеттен ауырсынуына шағымданған. АҚҚ - 110/70 с.б.б., пульс - 80 соққы минутына.

Алғашқы көмек көрсеткенде не қолданған дұрыс?

 

88. Науқас ауыр жағдайда іштің жабық жарақатын алған соң 1 сағаттан кейін жеткізілген. Жағдайы ауыр. Бозғылт. Іші жұмсақ. Пальпацияға жауап бермейді. АҚҚ - 70/40 с.б.б., пульс - 140 соққы минутына.

Көмек көрсетуге не қолданған дұрыс?

 

89. Науқас жол көлік апаты салдарынан ауыр бас қаңқасы - милық зақым алды, коматозды жағдайда түскен. М-ЭХО-энцефалография мидың ортаңғы құрылымында оң жаққа ығысу 12 см-ге дейін, КТ-да сол жақта маңдай-төбе аймағында субдуральді гематома 6х7х7 см табылған.

Қандай емдеу тактикасы дұрыс болады?

 

90. Әйел адамды жолда автокөлік соғып кеткен. Жедел жәрдем дәрігері оң жақ ортан жіліктің жоғарғы үштен бір бөлігінің жабық жаңқаланған сынығы диагнозын қойды.

Ауырсынудың қандай түрін қолдану керек?

 

91. Маникюр жасатқан соң 2 аптадан кейін іріңді хирургия бөлімшесіне науқас түскен. Оң жақ қол басының III саусағының дистальді фалангісінің сыртқы беткейінде тырнақ маңайында қызару, кішкене ісіну және қақсайтын ауырсыну емханаға көрінуге мәжбүр етті. Хирург тырнақ аймағын тесті, бірақ ірің алмаған. Сырқат созылмалы қайталамалы сипат алған.

Дәрігер қандай қателік жіберді?

 

92. Науқас оң жақ табанының тесілген жарақатына вакцинациямен ем алған. Емденген соң 3 аптадан кейін оң жақ шап жағында 13 см диаметрге дейін тас тәрізді қабынулық инфильтрат пайда болған. Түнде ұйықтамаған. Температурасы 38,2°С.

Хирургтың тактикасы қандай?

 

93. Нашақор жоғары температурамен 37,7°С, шап пен бұғанаасты аймағындағы лимфа түйіндердің үлкеюіне, әлсіздік, диареяға шағымданған. Шап аймағындағы лимфа түйіндер тығыз және ауырсынады. Соңғы жарты жылда әрдайым үлкен теріасты көк тамырына инъекция жасайды.

Хирургтың тактикасы қандай?

 

94. Науқаста миокард инфарктіне байланысты клиникалық өлім болған. Реанимациялық шаралар жүргізілуде, адреналин, атропин енгізген, бірақ жүрек жұмысы қалыптаспаған.

Енді қандай әрекеттерді жүргізуге болады?

 

95. Науқаста үйінде жүрек аймағында кенеттен ауырсыну пайда болған. Жедел жәрдем бригадасы ЭКГ жасаған соң миокард инфаркты диагнозын қойған, ал 10 минуттан кейін клиникалық өлім болғанын айтқан.

Қандай реанимациялық шаралар жедел бастау керек?

 

96. Науқас оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығымен 4 қабырға аралық бойынша кеуденің жарақатымен түскен. Хирургиялық өңдеуден соң плевра аралық кеңістікке жарақаттын енгені анықталды. Рентгеноскопия кезінде плевра аралық кеңістікте ауа анықталған. Ауа аспирациясы көрсетілген.

Қай жерден пункция алынады?

 

97. Науқас 2 сағаттан кейін жарақат алғаннан соң жағдайы қанағаттанарлық болып түсті. Қараған кезде: алдыңғы бұлшық ет сызығы бойынша 3 қабырға аралықта жарақат табылған, ұзындығы 3 см, шеттері тегіс. Хирургиялық өндеу барысында тереңге бойлаған жарақат анықталған. Рентгеноскопия кезінде орташа гемоторокс анықталған.

Сұйықтықтың аспирациясы үшін қай жерден пункция жасалады?

 

98. Науқас кеуде жарақатымен түскен. Артқы қолтық асты сызығы бойынша 4 және 5 қабырға аралықта көлемі 1х0,5 см екі жарақат табылған. Рентгенографиясында пневмоторкс көрінісі табылған, тұйық байлам салу арқылы хирургиялық өңдеу жасалған. Бақылау ренгтгенографиясында-пневмоторакс.

Хирургтың әрекеті?

 

99. Науқас жағдайы қанағаттанарлық болып іш жарақатымен түсті. Қараған кезде: кіндіктен сол жақта 2,5х0,5 см жарақат анықталған. Жара түбінде шарбы өрімі көрініп тұр. Іші пальпация барысында жұмсақ, жара аймағында сәл ауырсынады.

Хирургтың әрекеті?

 

100. Науқас ауруханаға іштің жарақатынан соң 30 мин соң жеткізілді, ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Қараған кезде: сол жақ қабырға доғасынын астында ұзындығы 2 см қанталайтын жара анықталды.

Хирургтың әрекеті?

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті | ;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.069 сек.)