Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті



;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

;Жалпы хирургия және травматология кафедрасы

;Қорытынды бағалауды өткізуге арналған емтихандық сұрақтар 3 курс;;«Жалпы медицина және стоматология» факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін

 

ВАРИАНТ 101

 

1. Науқаста микрожарақаттан кейін сол аяғының балтыры аймағында гиперемия мен ісіну пайда болған. Дене қызуы 40°С қа жоғарылаған. Қараған кезде гиперемия шекаралары анық, шеттері «карта тәрізді».

Болжамды диагноз кандай?

 

2. Бала емізетін әйелде, босанғаннан кейін 1,5 айдан соң, сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында ауыратын инфильтрат пайда болды. Дене қызуы 37,5°С қа жоғарылады.

Болжамды диагноз кандай?

 

3. Қабылдауға 40 жастағы ер кісі, сол жақ білегінің қышуы мазалайтынына шағымданып келді. Үш күн бұрын I-II ші дәрежелі термиялық күйік алған. Білегіне асептикалық таңу жасалған. Қараған кезде, білектің ортаңғы бөлігінің сыртқы беткейінде дәкелік байлам сұрғылт-сарғыш бөлініспен суланған, құрғақ.

Байламды қалай шешкен дұрыс?

 

4. Қабылдауға 40 жастағы ер кісі, сол жақ білегінің қышуы мазалайтынына шағымданып келді. Үш күн бұрын I-II ші дәрежелі термиялық күйік алған. Білегіне асептикалық таңу жасалған. Қараған кезде, білектің ортаңғы бөлігінің сыртқы беткейінде дәкелік байлам сұрғылт-сарғыш бөлініспен суланған, құрғақ.

Байламды қалай шешкен дұрыс?

 

5. 68 жастағы науқастың, оң жақ балтырының төменгі ішкі үштен бір бөлігінде түбі некроздалған, көлемі 1,5*2 см трофикалық ойық жарасы бар, терісі гиперемиялы айналасы ауырсынады. Ойық жара антисептик ерітіндісімен өңделген, құрғатылған, «Ируксол» майын жағып салфеткамен жабылған.

Бекіту үшін қандай дәкелік байламды қолданады?

 

6. Науқас С., 36 жаста, жол апаты салдарынан зардап шеккен. Оң иық буынының жоғарғы бетінде шабылған – жыртылған жарақаты бар. Иық сынуының белгілері жоқ.

Алғашқы көмек көрсеткенде науқасқа қандай байлам жасау керек?



 

7. Бала оң қол басына қайнап тұрған суды төгіп алып күйдіріп алды, ауырсынудан айкайлап жатыр. Қол басы мен саусақтарының сыртқы бетінде серозды сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Үйдегі дәрі қобдишасында фурацилин ерітіндісі (1:5000), ал шкафта таза орамалдар бар.

Бірінші көмек көрсету мақсатында науқасқа қандай байлам жасаған дұрыс?

 

8. Бала оң қол басына қайнап тұрған суды төгіп алды күйдіріп алды, ауырсынудан айкайлап жатыр. Қол басы мен саусақтарының сыртқы бетінде серозды сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Үйдегі дәрі қобдишасында фурацилин ерітіндісі (1:5000) және қорапта стерильды бинт бар.

Бірінші көмек көрсету мақсатында науқасқа қандай байлам жасаған дұрыс?

 

9. Аймақтық балалар дәрігері, нәрестені үйінде қарап, оң құлағына қыздыратын компресс жасауды ұсынды. Баланың анасы бұл шараны жасай алмайтынын айтып, көмектесуді сұрады.

Қандай байламның көмегімен компрессті бекітіп қояды?

 

10. Ауылдық амбулатория дәрігеріне 11 жасар ұл бала келді, бір сағат бұрын хоккей ойыны кезінде доптаяқпен сол жақ көзі аймағына соққы алған. Бірден біріншілік көмек корсету мақсатында сол көзіне қар басқан. Визуальді қарағанда көз алмасының бірқалыпты гиперемиясы, торлы қабықтың эрозиясы анықталады. Пальпация кезінде көзі ауырсынады. Қойылған диагноз: сол көздің тұйық жарақаты.

Қандай байлам жасаған жөн?

 

11. Автобус пассажирі автобуста келе жатқанда оң қолын терезеден шығарып отырды. Қарама – қарсы жүк машинасы келе жатып, сол адамның қолын бортымен соғып өтті. Білектің ортаңғы үштен бір бөлігі деңгейінде оң қолдың жарақаттық ампутациясы жасалды (қолы терісінде ілініп тұр). Зақымданған артериядан ал – қызыл түсті қан атқылап кетіп жатыр.

Қан кетуді қалай тоқтату керек?

12. Емханаға бетіндегі ісік тәрізді қызыл түсті түзілімнің пайда болуына науқас шағымданып келді. Қараған кезде қатты кеңейген тамырлардың ырғақты соғуымен сипатталатын түзіліс пайда болған, оңай қысылады. Болжамды диагноз - Ангиома.

Науқасты қайда жатқызу керек?

 

13. Қабылдау бөліміне 17 жасар науқас дене қызуының 39°С қа дейін жоғарылауына, әлсіздікке, оң аяғының төменгі бөлігінде қозғалған кезде күшейетін ауырсынуға шағымданып келді. Осьтік жүктеме симптомы оң. Гематогенді остеомиелитке күмән туды.

Әрі қарай іс – әрекет қандай?

 

14. Қан тобын анықтау кезінде изогемоаглютинация стандартты А/ІІ/ және В/ІІІ/ тобы қан сарысуларында оң және О/І/ және АВ/ІV/ тобында теріс.

Нәтижені қалай бағалайды?

 

15. Қан тобын анықтау кезінде изогемоаглютинация стандартты О/І/ және А/ІІ/ тобы қан сарысуларында оң болды.

Тексерілетін қан қай топқа жатады?

 

16. Науқас оң қол алақанының жарақатынан кейін 5-ші тәулікте үйінде жер аударып жатқан кезде дене қызуы көтерілген 38°С, бұлшықеттерінде ауырсыну байқалған, жұтынуы қиындаған, аузының жабылуы қиындаған, сардоникалық күлкі байқалған.

Науқаста қандай асқыныс туындады?

 

17. Мектепке дейінгі мекемеде алдын алулық қарау кезінде 3 жасар баланың басы төмен және оңға түсірілген. Ата – анасының айтуы бойынша балада бұл ақау туылғаннан бері байқалады.

Болжамды диагноз қандай?

 

18. Ер адам шахтада сол жамбасына соққы алды. Қарағанда көгеру бар, ауырсынады және ортан жіліктің төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде деформация мен қысқару байқалады.

Қандай тасымалдаушылық иммобилизацияны жүргізген дұрыс?

 

19. Науқас оң жақ сан флегмонасын ашудан кейінгі жалпы жағдайының нашарлауын байқаған, дене қызуының көтерілуі, жара маңайындағы ауырсынуының күшеюін. Жара ішінен реңі кеткен бұлшықеттің шығып тұрғанын, пинцетпен ұстаған кезде дұрыс ұсталынбайды, қансызданған, қоңырқай қабынулық сұйықтықпен суланған.

Науқаста жара инфекциясының қай түрі?

 

20. Санның жұмсақ тіндеріне оқ тиген жарақат 4 тәулік өткен соң, науқастың жағдайы күрт нашарлай бастаған. Науқас жара ішіндегі шаншып ауырсынуға және ауырсынудың соңғы 12 сағатта күшеюіне шағымданады.Тері және тері асты шел майының ісінуі күрт жоғарылауда. Дене қызуы 38,2°С. Пульсі-102 рет мин. Жараның жан жағыашық, реңі кеткен, кеше ғана сау болған бұлшықеттер – жараға қарай ісінген, піскен ет секілді, сұршыл дақтанған, пинцетпен ұстағанда жыртылады.

Науқаста жара инфекциясының қай түрі?

 

21. Автокөлік бамперінен соққы алған ер адамды қарау кезінде, жедел жәрдем дәрігері гематоманы байқаған, балтырдың бүйірлік және осьтік жүктемесін түсіргенде және соққы алған аймаққа пальпация жасағанда ауырсынады. Науқас тізе және толарсақ буындарын қозғалтқан кезде қатты ауырсынуға шағымданады.

Зардап шегушіде қандай клинико-анамнездік белгі сирақ сүйектерінің сынуына күмәндандырады?

 

22. Ер адам сол жақ жанымен еденге құлап қалған. Объективті қарағанда: сол жақ аяғының қысқаруы, санының сыртқы ротациясы, еденге жабысқан өкше симптомы байқалады. Пальпация кезінде науқастың өкшесінен соққылаған кезде жамбас – сан буынында ауырсынуды сезінеді.

Осындай клиникалық көрініс басым қандай патологияда кездеседі?

 

23. Науқас М., 50 жаста, тайып кетіп, сатыға құлады, оң жақ санын соғып алды. Санының ауырсынуына шағымданады. Тұра алмайды. Оң жақ аяғы сол жақ аяғынан 5 см қысқа. Оң жақ табанның сыртқы артериясының соққысы қанағаттанарлық. Саны үлкейген, деформацияланған, пальпацияда ортаңғы 1/3 бөлігі деңгейінде ауырсынады. Осы жерде жалған қозғалғыштық анықталады.

Болжамды диагноз?

24. Футбол ойыны кезінде, жас өспірімнің аяғына қарсыласы құлап қалған. Тізе буынының ауырсынуына шағымданады. Балтыр осьі сыртқа қарай ығысқан. Санның төменгі үштен бір бөлігі мен тізе буынының ісінуі байқалады. Балтырдың крепитациясы мен сыртқы бүйірлік қозғалғыштығы анықталады.

Зардап шеккен адамда жарақаттын қай түрі?

 

25. Жамбас сүйектерінің сынуына күдік бар науқасты қарау кезінде, дәрігер екі қолымен мықын сүйектерінің қырларынан ұстап, қарама – қарсы бағытта ақырындап басты.

Осы кезде болған ауырсыну синдромы немен байланысты?

 

26. Науқас Ш., 18 жаста, санның жоғарғы үштен бір бөлігінде абсцедирлеуші фурункул клиникасымен келді, қосалқы диагнозы: фурункулез. Іріңдікті ашу жасалды.

Науқасқа қосымша қандай ем – шараларын тағайындау қажет?

 

27. Бала емізетін әйелде, босанғаннан кейін 1,5 айдан соң, сүт безінің сол жақ жоғарғы – сыртқы квадрантында ауыратын инфильтрат пайда болды. Температурасы 37,5°С-қа дейін жоғарлайды. Қойылған диагноз – жедел іріңді мастит.

Хирургтің емдік тактикасы қандай?

 

 

28. Науқас А., 35 жаста, клиникаға сол жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, бас айналуға шағымданып түсті. Түсерден бір сағат бұрын белгісіз біреулер ұрып кеткен. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ 80/60 мм с.б., пульс 110 соққы минутына, әлсіз толуымен. Сол жақ IX-X қабырға астында тұйықталу анықталады. Іші қатайған және жоғарғы бөлігінде ауырсыну. Щеткин-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Hb=90 г/л, эритроциттер – 2,7 дейін төмендегені байқалды.

Болжамды диагноз қандай?

 

29. Қабылдау бөліміне оң жақ кеуде клеткасының жабық жарақатымен жас ер адам жеткізілді. Тері жамылғысы бозғылт. Пульс - 100 соққы минутына. АҚҚ-110/65 мм с.б. Ортаңғы қолтық асты сызығы бойынша оң жақ VII, IX және X қабырға проекциясында сүйек сынықтарының крепитациясы және ауырсынуы анықталады. Перкуссия кезінде кеуде клеткасының оң жақ төменгі бөлігінде тұйық дыбыс естіледі, тыныс алуы естілмейді (науқас отырған кезде). Рентгенограммада қабырғаның сынуынан басқа, қосымша VII қабырға шекарасында горизонтальды деңгейде интенсивті көлеңке анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

30. Емханаға 25 жастағы науқас оң жақ жамбас-сан буынындағы ауырсынуға шағымданып келді. 3 ай көлемінде ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, аяқтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы анықталады (сау жағымен салыстырғанда, зақымданған аяғында тері қатпары қалыңдау болады).

Қандай патологияға күмәндануға болады?

 

31. Қабылдау бөліміне мойнындағы ойық жараға шағымданып науқас келді. Қарағанда: терісі сұр-қошқылт түсті ішінен сұр түйіршікті ірің ағатын ойық жаралары, айналасында тығыз инфильтраты бар.

Болжамды диагноз қандай?

 

32. Қабылдау бөліміне мойнындағы ойық жараға шағымданып науқас келді. Қарағанда: терісі сұр-қошқылт түсті ішінен сұр түйіршікті ірің ағатын ойық жаралары, айналасында тығыз инфильтраты бар. Болжамды диагноз – актиномикоз.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

 

33. Науқаста мойын тамырларының жарақатына АХӨ жасау кезінде ентігу, мұрын – еріндік үшбұрыштың көгеруі, кеуде клеткасында ауырсыну, АҚҚ төмендеуі байқалды.

Болжамды диагноз қандай?

 

34. Науқас В., клиникаға білектің кесілген жарасынан профузды қан кетумен түсті. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ-70/50 мм с.б. Пульс-120 соққы минутына. Әлсіз толумен.

Геморрагиялық шоктың қандай дәрежесін қою керек?

 

35. Клиникаға түскен науқас қанды құсыққа, меленаға, кенеттен жалпы әлсіздік шағымданады. Анамнезінде алкогольді қолданады. Оң жақ қабырға астында тығыз, бұдырлы, ұлғайған бауыр пальпацияланады.

Болжамды диагноз қандай?

 

36. Емханада науқасты тексеру барысында, науқастан аяқ басының сыртқы артқы беткейінен көлемі 3 см-ге дейін жететін ойық жара анықталды, ойық жараның жиектері валик тәрізді ортасында құрт көрінеді. Анамнезінде 13 ай бұрын Үндістанда болған.

Қандай ауру жайлы күдіктенуге болады?

 

37. Қабылдау бөліміне науқас қызба жағдайында жеткізілді, іштегі ауырсынуға, бұлшықеттің өршімелі тырысуы мен ауырсынуына шағымданады. R-графияда бұлшықет қабатында диамерті 0,3-тен 1 см-ге дейінгі көптеген түзілімдер анықталады.

Қандай ауру жайлы күдіктенуге болады?

 

38. Қабылдау бөлімшесіне науқас жедел холециститтің клиникасымен түсті. Қараған кезде: пальпацияда бауыры ұлғайған, тығыз, өт қапшығы ауырсынуы байқалады. УДЗ зерттеу кезінде тассыз холецистит анықталған.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

 

39. Қабылдауға мерзімді пайда болатын есекжемге, терісінің қышуына және сарғыштануына шағымданған науқас келді. Науқасты тексеру кезінде бауырдың оң жақ бөлімінде жылауықты бір камералы түзілім анықталды, қабырғасы қалың, өлшемі 9х8,5 см., сұйықтыққа толы екені анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

40. Қабылдауға мерзімді пайда болатын есекжемге, терісінің қышуына және сарғыштануына шағымданған науқас келді. Науқасты тексеру кезінде бауырдың оң жақ бөлімінде жылауықтың көптеген бір камералы түзілімдері анықталды, қабырғалары жұқа, өлшемі 0,9 см-ден 1,2 см-ге дейін, сұйықтыққа толы екені анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

41. Емханаға 46 жастағы П. есімді науқас төменгі жақ астында белгісіз түзілімнің пайда болуына шағымданып келді. Қарағанда: төменгі жақ астында ортаңғы сызық бойында қалқан шеміршегінің үстінде ісік тәрізді құрылым анықталған. Өлшемі 4,5-3 см, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Ауырсынусыз.

Болжамды диагноз қандай?

 

42. Мектепке дейінгі мекемеде алдын алулық қарау кезінде 3 жасар баланың басы төмен және оңға түсірілген. Ата – анасының айтуы бойынша балада бұл ақау туылғаннан бері байқалады.

Болжамды диагноз қандай?

 

43. Емханаға 6 айлық нәрестенің анасы нәрестенің сол жақ қолының толық болмауына шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде сол жақ қолының толық болмауы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

44. Емханаға 3 айлық нәрестенің анасы нәрестенің сол жақ қолының толық болмауына шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде сол жақ қолының дистальді бөлімінің болмауы анықталған, иықтың соңы ампутациялық тұқыл тәрізді болып тұр.

Болжамды диагноз қандай?

 

45. Емханаға 2 айлық нәрестенің анасы нәрестенің сол жақ қолының толық болмауына шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде: сол қолының проксимальды бөлігінің болмауы (иықтың) анықталды, ал білек тура кеуде тұсынан басталады.

Болжамды диагноз қандай?

 

46. Механикалық сарғаюы бар науқаста операциядан кейнгі кезеңде құрсақ қуысына орнатылған бақылау дренажынан қан аққан. Геморрагиялық шоктың белгілері жоқ.

Қандай асқыну түрін ойлауға болады?

 

47. Ішек өтімсіздігіне жасалған операциядан кейінгі науқаста жарадан геморрагиялық бөлінді және ішек ілмектерінің түсіп қалуы байқалған.

Қандай асқыныс түрі дамыған?

 

48. Емханаға 60 жастағы науқас мезгілді ақсақтыққа шағымданып келді. Объективті: екі аяғы бозарған реңді, түктенуі жоқ, сан артериясындағы тамыр соғысы әлсіз, дистальді бөлімінде пульсация анықталмайды.

Болжамды диагноз қандай?

 

49. Емханаға 25 жастағы науқас екі жақ қол басының суық мезгілде спастикалық сипаттағы ауырсынуға шағымданып келді. Қараған кезде қол бастары көк – мәрмәр түсті, тамыр соғысы сақталған, «суықтық» сынамасы оң.

Болжамды диагноз қандай?

 

50. Қабылдау бөлімшесіне қол басының кесілген жарасымен науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. Жарақат 4 күн бұрын болған. Қарау кезінде жақтың қарысуының, тризмді, шайнау бұлшық еттерінің шаршағыштығын көреміз.

Қандай асқыныс түрін бірінші кезекте ойлау керек?

 

51. Науқас 1 сағат бұрын іштен жарақат алды. Науқасты мазалайды жарақат алған жерде ылги ауырсыну, іш куысына күш түскенде ауру күшейеді. Қарағанда: іш қозғалмалы, пальпацияда іштің сол жағында кіндіктен жоғары 8х10 см болатын инфильтрат анықталған, ішке күш түскенде қатты ауырсыну, симптом іш куысының қозғыш симтомы күмәнді, АД-120/70, пульс-84.

Болжамды диагноз кандай?

 

52. Әйелді көшеде машина қағып кеткен. Қарағанда: оң жақ жамбаста ісіну, «галифе» тәріздес деформацияға ұшыраған, крепитация тәрізді жамбаста ауырсыну.

Қандай клиникалық симптом сынуға тән?

 

53. Спаринг ойыны кезінде дзюдо мен айналысатын спортсмен кұлап калды. Сол кезде сол жақ иық үсті белдеуі зақымдалды. Дәрігер қараған кезде иық үсті белдеуінің ісінгені, пальпация кезінде ауырсынатыны байқалған, бұғананың перифериялық шетінде серіппелі қарсылық белгісі байкалған. Иық буынының қозғалысы ауырсынуға байланысты шектелген.

Болжамды диагноз кандай?

 

54. Дәрігер иық буынында жазылған және әкетілген қолына құлаған жасөспірімді қарап жатыр. Иық үсті белдеуінің ауырсынуына шағымданады. Иығын қозғалта алмайды. Сол қолын оң қолымен шамалы әкету қалпында ұстап тұр. Акромиальды өсіндінің астында жұмсақ тіндердің деформациясы байқалады.

Болжамды диагноз кандай?

 

55. Науқас 27 жаста, өртенген киімнен кейін күйік алған. Қарағанда дене аймағына локализациясын берген: алдыңғы жақтан- шап аймағынан моиынға дейін, артынан-арқадан сегізкөзге дейін.

Науқаста күйіктің көлемі кандай?

 

56. 4 тәуліктен кейін сәйкес келмейтін қан құйғаннан кейін науқаста диурез тез азайған, анурия пайда болған, жалпы жағдайы тез нашарланған, қан қысымы көтерілген. Лабораторлык тексеріс көрсеткіші-плазмада креатин-680 мкмоль/л, плазма мочевина-24 мкмоль/л.

Бірінші кезеңде қандай ауру туралы және қандай стадия туралы ойлау керек?

 

57. Бұғана асты венаға кейін катетеризациядан кейін осы мақсатта науқасқа интенсивті терапия жүргізді. Науқаста жедел асқазан- ішек жолдарынан қан кетті. 3 тәуілікте бұғана асты венадан жедел тромбофлебит байқалды. Жағдайы ауыр, дене қызуы-40°С, қанда лейкоцитоз15 г/л жас формасы сол жаққа ығысқан, сопор, жалпы билирубин-34 мкмоль/л. Сепсис деген диагноз қойылған.

Бұл сепсистің қандай түрі?

 

58. Науқас кезекті тәртіп бойынша больницаға жатқызыды. 1апта өткеннен кейін аурудың басында жедел іріңді лактациоды ретромаммарлы мастит клиникалық белгілері байқалды. Дене температурасы өзгермелі, кешке 40°С болады. Іш куысы органдарының сонография жасағанда оң жақ бауырда 3 см болатын абсцесс табылған.

Болжамды диагноз кандай?

 

59. Науқас шағымданады оң жақ аяғында ауырсыну, ауызы құрғақ, тізе аймағында ісіну, қысылу сезімінің болуы, гипертермия 39°С. 3 күн бұрын тобықтан жарақат алған. Обективті қарағанда: қозғыштық, терісінің шырышты қабаттында бозару, құрғақ. Пульс - 108 уд.минутына. Жарақатты қараған кезде – сонғы диаметрі 3 мм, одан белгісіз мөлшерде іріңді қоныр түсті бөліністер. Табан мен тізеден көп көлемді ісінуі, аяқпен қозғалу шектелген.

Болжамды диагноз кандай?

 

60. Науқас 10 күн бұрын сол жақтың бірінші саусағын зақымдап алған, амбулаторлы алақан қырының жыртылуын ашу кезінде терілік панариций байқалды. Ірініңді жыланкөздер пайда болды, ісіну күшейді, бөліністердің кешігуі байқалды. Рентгенологиялық тексеру кезінде – дактық остеопороз байқалды.

Болжамды диагноз кандай?

 

61. Науқас 3 тәулік бойы иык алдында беткейлік ісік тәріздес тартылып ауырсынуға шағымданады, дене температурасы 37,8°С дейін көтерілген. Оң жақ иык үстінде диаметрі 4 см болатын инфильтрат анықталған, ісіну, субэпидралды аймақта ортасында 0,2 см болатын іріндеу бар.

Болжамды диагноз кандай?

 

62. Науқас шағымданады артқы мойын беткейінде іріңді жараға, дене температурасы 38,5°-ке дейін көтерілген. Аурудың басталғанына 2 тәулік болған. Жарақат жоқ. Жалпы жағдайы орташа. Мойынның артқы бетінде диаметрі 6 см болатын инфильтрат бар, пальпация жасағанда қатты ауырсыну байқалады, ұшында некроз көлемі, 2 см “араның ұясы” сияқты түрде, сығылған жерден ірінді бөлінеді.

Болжамды диагноз кандай?

 

63. Науқас шағымданады оң жақ тізе аймағында ісінудене температурасы 40,0°С, жалпы әлсіздік. Он жақ тізе 4 см калындаған, тері айналмалы қызарған, қызару шекарасы анық емес, пальпация ауырсынусыз, артериялық тамырлардың пульсі сақталған, ісіктін әсерінен әлсіреген.

Болжамды диагноз кандай?

 

64. Науқас арқасында димаетрі 7 см болатын қабынулық инфильтрат, түсі көк. Жүмсақ ткань айналасы инфильтратпен зақымдалған. Инфильтрат ортасында диаметрі 1,5 см болатын ошақ ты некроз. Пальпация жасағанда қатты ауырсыну, температурасы 39,1°С.

Болжамды диагноз кандай?

 

65. Науқаста оң жақ бұлшықет астында тыгыз ауырсынумен диаметрі 5 см болатын инфильтрат анықталған. Тері багровой түске боялған. Инфильтрат ортасында ошақтық жайылу және флюктуация анықталған. Инфильтратқа күш түскен сайын оның жыланкөздері ашылып сол жерлерден іріңді бөліністер бөлінуде. Ауру терілік инфильтраттан басталды, оның диаметрі 0,8 см.

Болжамды диагноз кандай?

 

66. Ер кісі көп уақыттан бері запормен қиыналады, дефекация кезінде ішке ауа жібергенде есін жоғалтып еденге қүлады.Тері бозалған, брадикардия.

Болжамды диагноз кандай?

 

67. Науқасқа деструктивті аппендициттен операция жасаған, 2 сағаттан кейін перитонит пайда болған. Аппендэктомиядан кейін іш куысын антисептикалық ерітіндімен жуған және дренаж жасаған. 6 сағат өткеннен кейін детоксионды терапия жүргізгеніне қарамастан АД-65/40 мм рт.ст, пульс-140 минутына, орталық веналық қан қысымы 6 см сулық қысыммен.

Болжамды диагноз кандай?

 

68. Стационарға жабық іштен жарақат алған науқас түсті, онда ентігу, тахикардия, терінің бозаруы, орталық веноздық қысым төмендеген және артериялық гипотония.

Болжамды диагноз кандай?

 

69. Қызды стационарға жеткізген, ара уыннан кейін терісі бозарған, ылгалды, суық. Бетінде ернінде және тілінде ісіну, тыныс алуы беткейлік, ЧДД-36 мин, АД-50/0 мм рт.ст, пульс-160уд минутына, іші ісінген, құсу. Қарағанда эритремия, лейкоцитоз.

Болжамды диагноз кандай?

 

70. Науқасқа пенициллинмен инъекция жасағаннан 15-20 минуттан кейінтез көгеру, артериалды гипотония, ентігу, пароксизмалды тахикардия, тыныс алуы шуммен, дистанционды жөтел. Науқас шағымданады кеуде аймағында ауырсыну. 1тәулік бұрын аппендэктомия жасалған.

Болжамды диагноз кандай?

 

71. Науқас іштің жабық жарасынан кейін, ішке қан кету күдігімен ауруханага жатқызылды. Пальпациялау кезінде, іш жұмсақ, жарақаттанған жердің кішкене ауырсынуы байқалады.

Диагнозды анық қою үшін не істеу керек?

 

72. 6 сағат бұрын бел аймағынан зақым алған науқас, ішінің қатты ауруына, ішектерінің үрілуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Объективті қарауда: АҚ-110/70 мм.сын.бағ., пульс-98 соғыс/мин. Іші біркелкі үрілген, жұмсақ, тыныс алуға байланысты жоғарғы жағының кішігірім ауырсынуы. Көкірек қуысының тітіркену симптомдары байқалмайды.

Болжамды диагноз кандай?

 

73. Науқас 40 мин бұрын ішінен зақымым алған, қатты ауырсыну сезімімен ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Іштің барлық аймағының ауырсынуына шағымдалады. Тыныс алуы кезінде қатты ауырсынады. Пальпациялау кезінде іштің тырысуы байқалады. Тік ішекті зерттегенде, алдыңғы қабырғасы ауырсынады, ауырсыну сезімі ішектің саңылауына қарай беріледі. АҚ-90/60 мм.сын.бағ., пульс-132 соғыс/мин.

Болжамды диагноз кандай?

 

74. Ұл бала 3 метр биіктіктен жерге сол жақ ішмен құлаған. Ауыр жағдайымен ауруханаға түседі. Тері жамылғысы және көрінетін шырышты қабықшасы бозарған. Ақ-70/40 мм.сын.бағ. Іші симметриялы, сол жақ қабырға асты мен сол жақ аймақтың ауырсынуы мен тырысуы байқалады. Қан анализінде – ауыр дәрежелі анемия, зәр анализінде еш өзгеріссіз.

Болжамды диагноз кандай?

 

75. Ер адам уйінде тайып құлап, оң аяғын қайырып алды. Қарау кезінде: аяғы сыртқа еніп орналасқан, 3-4 см қысқарған, шап аймағының ауырсынуы, өкшенің «жабыспалы өкше» симптомы, жамбас-сан осі бойына күш түскенде ауырсынады.

Болжамды диагноз кандай?

 

76. 72 жастағы әйел мұзтайғақ кезде оң қолы жазылған күйде алақанмен құлаған. Обьективті: оң жақ иығының төменгі 1/3 бөлігіндегі ошақты ауырсынуға щағымданады, осы қолында кәрі жілік сүйегі проекциясында ”үшкірленген” өзгеріс байқалады. Қарау барысында науқастың алақанында ісіну пайда болған, білезігі I саусақ жағына керілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз-оң жақ кәрі жілік сүйегінің “қарапайым жерінде” жабық сынығы.

Травматологиялық пункте нені жасауға болмайды?

 

77. Анасы өзінің кішкентай қызының алақандық беткейіндегі сүйелді азот қышқылының концентрациясын қолданып алып тастаған. Осыдан кейін диаметрі 1 см болатын жазылмайтын ойық жара пайда болған.

Науқасқа емнің қандай әдісін тағайындайды?

 

78. Науқас В., 52-жаста сан артериясының стенозына байланысты мықын-тізеастына шунтирование операциясын жасады. Шунт аутовенадан тұрады.

Берілген операция трансплантацияның қандай түріне жатады?

 

79. Науқасқа П., 42 жаста сол жақ бүйрекке трансплантация операциясы жасалған. Біржұмыртқалы егізі болып табылатын ағасы бүйрек доноры болды.

Қандай трансплантация типіне мына операция жатады?

 

80. Науқасқа П., 42 жаста сол жақ бүйрекке трансплантация операциясы жасалған. Үлкен ағасы бүйрек доноры болған.

Қандай трансплантация типіне мына операция жатады?

 

81. 1 жастағы ұл балаға шаптық эктопия формасындағы крипторхизм диагнозы қойылған. Анамнезінде ауырсыну ұсталып қалған жұмыртқа аймағында.

Оған міндетті түрде не ұсынуға болады?

 

82. 2 айлық ұл балада шаптық ретенция формасындағы крипторхизм анықталды. Айқын клиникалық жарықпен бірге қосылған.

Оған міндетті түрде не ұсынуға болады?

 

83. Аудандық поликлиниканың хирургиялық кабинетіне науқас түскен. Оны 3 сағат бұрын қанғыған ит тістеп тастаған. Тексеру барысында оң жақ балтырында 6 тістеліп жыртылған жара анықталған. Ол жер қан ұйындыларымен толған, жеңіл ісіну мен ауырсыну бар.

Қандай көмек көлемі көрсетілмеу керек?

 

84. Қабылдау бөліміне сол жақ иығының соқыр тесіліп кесілген жарамен зардап шеккн адам келген. Жарақатты 4 күн бұрын алған. Жара аймағында кішкене ісіну мен ауырсыну анықталған. Жарадан аз мөлшерде іріңді бөліністер шығады. Қабылдау бөлімінің хирургі жараны толық өңдеді, тығыз тампонадамен тампонада жасады, дымқылданған гипертониялық натрий хлориді ерітіндісімен тану салды. Пациентке тырысқаққа қарсы жедел спецификалық профилактика жасалған.

Хирург қандай қателік жіберді?

 

85. Қабылдау бөліміне табанының кесілген жарасымен науқас түскен. Травманы бақшада жұмыс істеп жүргенде алған. Сіз АХӨ жараға жасадыңыз.

Немен сіреспеге профилактика жасау керек?

 

86. Оң жақ қабырғалардың сынығымен, іштің жабық травмасымен және санының сынуымен автокөлік катастрофасы орнынан травмотология бөлімшесіне травматикалық шок жағдайында зардап шеккен жеткізілген. Пульсі - 118 минутына, АҚҚ - 70/40 с.б.б.

Біріншілік кезектегі шаралар қандай?

 

87. Зардап шеккен адам бір сағаттан соң мойнының оң жағының тесіліп кесілген жарасымен жеткізілген. Жалпы хирургиялық бөлімшеде операция жүргізілген. Операцияда жараның ревизиясын жасағанда сыртқы ұйқы артериясының толық кесілгені анықталды. Қан ағу жалғасқан. Артерия жалпы ұйқы артериясынан бөлінген жерден кесілген.

Хирургтың тактикасы қандай?

 

88. Науқас суық қарумен санның ортаңғы үштен бір бөлігіне соққы алған. Жарадан қан атқылап ағып тұр.

Хирургия бөлімшесіне жатқызғанға дейін қандай алғашқы көмек көрсетеді?

 

89. Жарақаттан соң 1сағаттан кейін 2 аяғының жалынды күйігімен науқас түскен. Күйік беткей қара қабыршақпен жабылған. Тек күйіктің перифериясында гиперимия және эпидермис ойылып, көпіршіктермен жабылған аймақтар бар.

Қандай жергілікті ем ұсынады?

 

90. Науқас оң жақ қол басының 2-ші саусағындағы ауырсынуға шағымданады. 2 күн ауырады. Түнде ұйықтамаған. Микрожарақаттар науқас үшін жай көрініс, яғни микрожарақаттарға жиі шалдығады. Ортаңғы фаланг аймағында бүйір беткейінде 2 см-ге дейін қабынулық инфильтрат бар, тығыз, гиперимияланған, қатты ауырсынады. Фаланг аралық буындарда қозғалыс сақталған.

Хирургтың тактикасы?

 

91. Тоқ ішек рагі бойынша хирургиялық бөлімшеде жатқан 70 жастағы науқаста кенеттен тыныс алу мен қан айналым тоқтады.

Бұл науқасқа байланысты қандай тактика жүргізіледі?

 

92. Нашақор көк тамыр ішіне наркотик енгізген соң қабылдау бөлімшесіне сопорозды жағдайда жеткізілген. Тынысы ырғақсыз, минутына 12, ернінде, терісінде және шырышты қабатында цианоз.

Науқасқа бірінші кезекте қандай емдік шараларды көрсетеді?

 

93. Науқасқа тамыр ішіне кальций хлоридінің орнына қателесіп строфантин енгізілген, ал 5 минуттан кейін клиникалық өлім болған. Реанимация. Өкпе вентиляциясына «ауызға ауыз» әдісі тынысты сақтау үшін жүргізілуде.

Өкпе вентиляциясының осы әдісінің эффективтік критерий қандай?

 

94. Қабылдау бөліміне есі жоқ жағдайда науқас түскен. 15 минуттан кейін тері беткейінде цианоз, кеуде клеткасының қозғалысы жоқ және ұйқы және сан артериясында пульсация, қарашығы кеңейегн.

Науқасқа қандай жедел көмек көрсетілу керек?

 

95. Науқаста ұзақ уақыт жаншылу синдромынан кейін ауыр түрді посткомпрессионды уақытша аралық улану, аяқ-қолдарының флегмонасы, гипергликемия байқалады. Анурия.

Осындай жағдайда қандай зерттеу әдістері қолданылады?

 

96. Ер адам мотоциклмен келе жатып жеңіл көлікпен соқтығысты. Сол жақ балтырын қатты соғып алған. Қарау барысында сол жақ асықты жіліктің сынығы анықталған.

Остеосинтездің қандай түрі ең тиімді болып табылады?

 

97. Науқас жол апатынан кейін ауыр бас ми жарақатынан соң комалық жағдайда. Эхо –энцефалография кезінде мидың ортанғы құрылымының 11 мм солға ығысқанын көремиз. Маңдай тігісінің аймақтық КТ кезінде оң жақты субдуральді гематомасы анықталды, көлемі 6х5х6 см.

Науқасқа көрсетілетін ең оптимальді ем?

 

98. Травмалық орталықтың қабылдау бөліміне травмалық шок деген диагнозбен науқас жеткізілді. Қабырғалардың сынығы, іштің жабық жарақаты, жабық бас-ми жарақаты. Тыныс алу жеткіліксіздігі анық, оң жақ өкпесі тыныс алуға қатыспайды.

Науқасқа көрсетілетін ең оптимальді ем?

 

99. Науқас сол жақтан 3 қабырғааралықтан жаншитын затпен жарақат алған соң бір сағат аралығында жеткізілген. АҚ - 120/80 мм рт ст, эр. - 3,7 г/л. Кеуде клеткасының рентгенографиясы кезінде: жоғары интенсивті көлемі 2 см бөгде зат көлеңкесі көрінеді. Жүрек белі тегістелген.

Хирургтың келесі іс әрекеті?

 

100. Науқаста өкпе эмфиземасымен ауыратын, перфорациялық жараны тіккеннен кейін 4 тәулікте кенеттен пневмоторкс пайда болды. Осыны жоққа шығару үшін плевралық қуысты дренаждау көрсетілген.

Қандай жерді дренаждау ең тиімді болып табылады?

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Экзамен по высшей математике для студентов ФОДО (2 семестр) | ;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.069 сек.)