Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. ауырлық сарыаурудың пайда болуының себебі:



1. ауырлық сарыаурудың пайда болуының себебі:

A. билирубинді өт капиллярына тасымалдайтын протеиннің ақауы

B. УДФ-глюкоронилтрансфераза синтезінің бұзылысы

C. тікелей және тікелей емес билирубиндер мөлшерінің жоғарлауы

D. эритроциттердің күшті гемолизі

E. өт бөлінуінің бұзылысы

 

2. Артық темір бауыр мен басқа да ұлпаларда келесі гранула құрамында аккумуляцияланады:

A. ферритиндік гранула

B. трансферриндік гранула

C. апоферритиндік гранула

D. гемосидериндік гранула

E. церулоплазминдік гранула

 

3. Гем құрамындағы Fe2+ пирролдық сақинадағы азот атомына байланысады:

A. 2 ковалентті және 2 координациялық байланыстармен

B. 3 ковалентті және 1 координациялық байланыстармен

C. 3 координациялық және 1 ковалентті байланыстармен

D. 3 координациялық және 2 ковалентті байланыстармен

E. 4координациялық және 1ковалентті байланыстармен

 

4. Орақ тәрізді жасуша анемиясы кезіндегі гемоглобиннің молекулалық ақауы – бұл:

A. β-тізбектегі глутаматвалинге ауысады

B. β-тізбектегі валинглутаматқа ауысады

C. β- тізбек α-тізбекке ауысады

D. α-тізбек β-тізбекке ауысады

E. α-тізбек γ-тізбекке ауысады

 

5. Эндогендік және экзогендік заттар бауырға түскен соң өт жолымен өт құрамында (40-тан астам қосылыс) шығарылады немесе қанға өтіп бүйрек арқылы шығарылады. Бауырдың бұл қызметі аталады:

A. гомеостатикалық қызмет

B. метаболиттік қызмет

C. деполаушылық қызмет

D. экскреторлық қызмет

E. бөгеттік қызмет

 

6. Қызыл-сары түсті өт пигменті:

A. билирубин

B. биливердин

C. стеркобилин

D. уробилиноген

E. порфобилиноген

 

7. Бауырдағы метаболиттер мен ксенобиотиктерді залалсыздандырудың І этапы:

A. конъюгация реакциясы

B. дезаминдену реакциясы

C. гидроксилдендіру реакциясы

D. фосфорландыру реакциясы

E. декарбоксилдендіру реакциясы

 

8. Дәрілік заттар инактивациясының ІІ этапы:

A. элиминация

B. конъюгация

C. сіңірілу

D. ыдырау

E. химиялық түрлену

 

9. Ішектегі микроағзалар тіршілігінің бауырда залалсызданатын улы өнімдері:

A. крезол, скатол

B. креатин, креатинин

C. триптофан, гистамин

D. мочевина, несеп қышқылы



E. азоқосылыс жәнеафлатоксиндер

 

10. Н2О2 түзілуін катализдейтін фермент:

A. каталаза

B. глутатионредуктаза

C. супероксиддисмутаза

D. глутатионпероксидаза

E. глюкозо -6- фосфатдегидрогеназа

 

11. Оксидативті стресс антималяриялық (безгекке қарсы) препарат прихманинмен дамытылуы мүмкін, бұл эритроциттердің гемолизіне әкеледі. Осы құбылысқа сезімтал фермент:

A. глюкокиназа

B. цитратсинтаза

C. алкогольдегидрогеназа

D. карнитинацилтрансфераза

E. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа

 

12. Протеиндер – бұлар келесі полимерлер:

A. олар эфирлік байланыспен қосылған 3-гидроксибутират қалдығынан тұрады

B. олар қайталанатын дисахаридтік звеносы болуы арқылы сипатталады

C. олар фосфодиэфирлік байланыспен қосылған нуклеотидтерден тұрады

D. олар гликозидтік байланыстармен қосылған моносахаридтерден тұрады

E. олар полипептидтік табиғаттағы молекулалар

 

13. Қарапайым глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы келесі байланыстар арқылы тұрақтанады:

A. әлсіз ковалентсіз байланыстармен

B. 3'-5'-фосфодиэфирлік байланыстармен

C. координациялық байланыстармен

D. гликозидтік байланыстармен

E. пептидтік байланыстармен

 

14. Протеиндердің ерігіштігі тәуелді:

A. протеин молекуласы ішінде орналасқан аминоқышқыл радикалдарының суға байланысушылық қабілетіне

B. молекула ішіндегі коваленттік және ковалентсіз байланыстардың ара қатынасына

C. молекула ішіндегі дисульфидтік байланыстардың көп болуына

D. протеин молекуласындағы молекулааралық әсерлесу күшіне

E. протеиннің молекулалық массасына

 

15. Протеин молекуласы формасы бойынша бөлінеді:

A. күрделі, жай протеиндер

B. глобулалы, фибриллалы протеиндер

C. альфа, бета, гамма- протеиндер, домендар

D. гидрофильді, гидрофобты, амфифильді протеиндер

E. полианионды, поликатионды, бейтарап протеиндер

 

16. Протеиндердің изоэлектрлік нүктесі – бұл:

A. протеиннің гидрофобтық қасиетін жоғалтатын кезіндегі жағдайы

B. протеиннің гидрофилдік қасиетін жоғалтатын кезіндегі жағдайы

C. протеиннің электр өрісінде анодқа жылжыйтын кезіндегі сутек иондарының концентрациясы

D. протеиннің электр өрісінде катодқа жылжыйтын кезіндегі сутек иондарының концентрациясы

E. протеиннің электр өрісінде жылжымайтын кезіндегі сутек иондарының концентрациясы

 

17. Окситоциннің негізгі қызметі:

A. су балансын реттеу

B. жатырдың жиырылуын стимулдеу

C. қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарлату және бауырдағы гликогенді ыдырату

D. бүйрекүстілердің қызметін реттеу

E. ерлердің екінші реттік белгілерін дамыту

 

18. Адреналин:

A. бауыр мен бұлшықеттегі гликогенннің мобилизациясын стимулдейді

B. гипогликемиялық әсер көрсетеді

C. бұлшықет протеиндерінің синтезін стимулдейді

D. гликогенездістимулдейді

E. липогенездістимулдейді

 

19. Ерлердің жыныс безі гормондары:

A. прогестерон,эстрадиол

B. альдостерон,окситоцин

C. кортизол,гидрокортизон

D. паратиретин, паратгормон

E. дигидротестестерон, тестостерон

 

20. Қалқанша безінің қызметі бұзылысымен байланысты ауру:

A. Вильсон-Коноваловауруы

B. Аддисонауруы

C. Кушингсиндромы

D. феохромоцитома

E. микседема

 

21. Бұлшықеттегі гликогенолиздің активаторы:

A. инсулин

B. глюкагон

C. адреналин

D. гидрокортизон

E. кортиколиберин

 

22. Галактоза мен глюкоза арасында гликозидтік байланыспен жалғасқан дисахарид аталады:

A. лактоза

B. мальтоза

C. сахароза

D. изомальтоза

E. седогептулоза

 

23. Крахмалдың ферменттік гидролизінің соңғы өнімі:

A. глюкоза

B. галактоза

C. фруктоза

D. манноза

E. рибоза

 

24. Ауыз қуысында крахмалға α-амилаза әсер еткен кезде аралық өнім ретінде түзіледі:

A. глюкоза мен фруктоза

B. лактоза мен фруктоза

C. крахмал мен галактоза

D. галактоза мен фруктоза

E. декстриндер

 

25. Аэробтық гликолиздің І этапының барлық реакциялары өтеді:

A. цитозолда

B. рибосомада

C. митохондрияда

D. Гольджикомплексінде

E. Эндоплазмалық ретикулумде

 

26. Ағзаның барлық жасушаларына арналған глюкоза резерві (гликоген) қай мүшелер мен ұлпаларда жасалынады:

A. қаңқа бұлшықеттерінде

B. бас миында

C. миокардта

D. бауырда

E. бүйректе

 

27. Глюконеогенез үдерісі нәтижесінде...

A. қандағы глюкоза мөлшері жоғарлайды

B. қандағы глюкоза мөлшері азаяды

C. гликогеннің ыдырауы өтеді

D. май қышқылдарының ыдырауы атқарылады

E. глюкозаның фосфорлануы өтеді

 

28. Фермент гликогенсинтетаза:

A. глюконеогенездің негізгі ферменті

B. гликогенолиздің реттеуші ферменті

C. инсулинмен ингибирленеді (дефосфорланған формасы)

D. глюкагонмен активтенеді (фосфорланған формасы)

E. гликоген молекуласындағы α-1,4-гликозидтік байланыстың түзілуі реакциясын катализдейді

 

29. НАДФ×Н2, май қышқылдарының синтезі үшін қажетті:

A. гликогеногенезде түзіледі

B. пентоздық циклде түзіледі

C. аэробтық ыдырауда түзіледі

D. анаэробтық ыдырауда түзіледі

E. Кребс циклінде

 

30. Ерлердің бүтін қанындағы гемоглобиннің қалыпты мөлшері:

A. 100 - 120 г/л

B. 120 - 140 г/л

C. 130 - 160 г/л

D. 160 -180 г/л

E. 200 - 220 г/л

 

31. Жедел қабыну үдерісі кезінде, жарақаттануда, күюде қан плазмасындағы қай протеиндердің мөлшері жоғарлайды:

A. жылулық шок протеиндерінің

B. ерте жауап протеиндерінің

C. жедел фаза протеиндерінің

D. жедел реакцияласушы протеиндердің

E. индикаторлық протеиндерінің

 

32. Криоглобулиндер – бұл протеиндер:

A. ағза тоңған кезде максимальді активтілік көрсетеді

B. қансарысуын салқындатқан кезде тұнбаға түседі

C. қансарысуында қалыпты жағдайда кездеседі

D. төмен температурада ыдырамайды

E. антибактериялық әсер көрсетеді

 

33. Дельта-аминолевулинатсинтазаингибирленеді:

A. геммен

B. глицинмен

C. витамин В6-мен

D. барбитуратпен

E. Fe2+-жоғары концентрациясымен

 

34. Гемопротеиндердің метаболизміндегі гаптоглобиннің ролі қатысуына байланысты:

A. гемоглобиннің синтезіне

B. Fe3+ иондарын деполауға

C. Fe3+ иондарын байланыстыруға және тасымалдауға

D. билирубинді байланыстыруға және тасымалдауға

E. гемоглобинді байланыстыруға, бұл ағза үшін маңызды Fe3+ -тің бүйрек сүзгілері арқылы жоғалтылуын болдырмайды

 

35. Ішектен шырыштарынан сіңірілетін Fe3+ ионының мөлшерін реттеу келесі протеиндердің мөлшерлік қатынасы өзгеруі есебінен атқарылады:

A. трансферин менферритиннің

B. альбумин ментрансфериннің

C. лигандин мен протеинZ-тің

D. гемосидерин менферритиннің

E. альбумин менглобулиннің

 

36. Гемнің синтезі үшін болатын бастапқы субстраттар:

A. глицин мен ацетил-КоА

B. глутаматменсукцинил-КоА

C. глутаматмен ацетил-КоА

D. глутаматмен кобаламин

E. глицин менсукцинил-КоА

 

37. Ересек адамдағы гемоглобин А –ның қалыпты мөлшері:

A. 1 - 2%

B. 2 - 3%

C. 20 - 30%

D. 40 - 50%

E. 96 - 98%

 

38. Гипогемоглобинемияныңнегізгі зертханалық белгісі:

A. анемиялар

B. қант диабеті

C. гиперальдостеронизм

D. семіздіктің бастапқы стадиясы

E. бүйрекүстілердің гипоқызметі

 

39. Бауырда холестериннің синтезі ацетаттық блоктардан өтеді. Ацетаттық блоктардың синтезі жүретін үдеріс аталады:

A. гликогенніңмобилизациясы

B. аэробтық гликолиз

C. ұлпалық тынс алу

D. анаэробтық гликолиз

E. Кребс циклі

 

40. Сарғаюдың барлық түрінде қандағы концентрациясы жоғарлайды:

A. тікелей емес билирубиннің

B. жалпы билирубиннің

C. гемоглобин S-тің

D. гемоглобин А-ның

E. трансферриннің

 

41. Микросомалық тотығу - бұл:

A. субстартқа оттекті ОН- тобын түзілдіріп байланыстыру

B. глюкурон немесекүкірт қышқылдары арқылы глюко- жәнесульфоконъюгаттар түзілдіру

C. тотыққан субстарт пен сутек асқын тотығын түзетін протон мен электрон тасымалдану үдерісі

D. өнімнің ФАФС-пен әсерлесуі

E. УДФ-глюкурон қышқылын анаэробтық жағдайда қосылдыру

 

42. Науқас ағзасындағы дәрінің фармактивтілігінің төмендеуі байланысты:

A. олардың бауырдағы инактивациясына

B. науқастың сауығуына

C. дәрінің нашар сапасына

D. дұрыс сақталмауына

E. дұрыс аталмауына

 

43. Эритроциттер мембранасында болатын протеин:

A. миоглобин

B. гемоглобин

C. спектрин

D. трансферрин

E. ферритин

 

44. Супероксид анионның сутек асқынтотығына айналуын катализдейтін фермент:

A. каталаза

B. глутатионредуктаза

C. глутатионпероксидаза

D. супероксиддисмутаза

E. метгемоглобинредуктаза

 

45. Оттекті байланыстыру көмір қышқылы газын шығарумен қосарланады. Бұл қайтымды құбылыс аталады:

A. Бор эффектісі

B. Кребс циклі

C. Пастер эффектісі

D. Лавуазье эффектісі

E. Ленинджер эффектісі

 

46. ротромбиназакатализдейді:

A. протромбиннің тромбинге айнауын

B. фибриногеннің фибринге айналуын

C. пепсиногеннің пепсинге айналуын

D. трипсиногеннің трипсинге айналуын

E. проэластазаныңэластазаға айналуын

 

47. Ферменттік реакцияның жылдамдығын өзгертуші заттар:

A. аллостерлік эффекторлар

B. стабилизаторлар

C. витаминдер

D. металл иондары

E. гликопротеиндер

 

48. Қызметші топтың ауыстырылу реакциясын катализдейтін ферменттер:

A. оксидоредуктазалар

B. трансферазалар

C. гидролазалар

D. лиазалар

E. лигазалар

 

49. Протеин молекуласының беткейінде тар гидрофобтық ойыста (саңылауда) орналасқан, субстратты байланыстыру, бекіту және катализдеу қызметіне тікелей қатысатын кішкене бөлік аталады:

A. аллостерлік орталық

B. лиганд

C. субстрат

D. активті орталық

E. домен

 

50. Жедел панкреатит диагностикасының фермент – маркері:

A. α-амилаза

B. АЛТ/АСТ

C. креатинкиназа (КК)

D. лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

E. сілтілік фосфатаза (СФ)

 

51. Қандағы мочевина концентрациясын анықтау үшін аналитикалық реактив ретінде қолданылатын фермент:

A. уреаза

B. глюкооксидаза

C. холестеролоксидаза

D. липаза

E. нуклеаза

 

52. Ацилдік топтарды тасымалдауға қатысатын карбоксилазалық ферменттердің коферменті:

A. биотин (витамин Н)

B. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

C. флавин-мононуклеотид (ФМН)

D. кофермент А (CоА)

E. флавинадениндинуклеотид (ФАД)

 

53. Бұл витаминнің ащы ішектен сіңірілуі үшін арнайы ішкі Кастл факторымен байланысуы керек (ол асқазанның париеталдық жасушаларында синтезделеді). Сіңірілген соң витамин порталдық қанағысымен гепатоцитке өтеді. Ол асқорыту трактісінің бездерінде, (өт құрамында түседі), бүйректерде өндіріледі. Ол -:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. витамин В12

D. витамин В5

E. витамин В6

 

54. Майда еритін витамин:

A. В2

B. Н

C. С

D. РР

E. F

 

55. Ацилдік топтарды ауыстыру реакциясы келесінің коферменті қатысуымен өтеді:

A. биоцитиннің

B. тиаминпирофосфаттың

C. флавинадениндинуклеотидтің

D. пиридоксальфосфаттың

E. коэнзима А-ны

 

56. Пируватдекарбоксилазалық комплекс келесі органелланың ішкі мембранасында болады:

A. ядроның

B. лизосоманың

C. жасушаның орталығында

D. митохондрияның

E. Гольджи комплексінің

57. Изоцитраттан α-кетоглутараттың түзілетін декарбоксилденіп - дегидрлену реакциясын катализдейтін фермент:

A. α-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

B. пируватдегидрогеназалық комплекс

C. цитратсинтаза

D. аконитаза

E. изоцитратдегидрогеназа

 

58. Гемдік емес темір құрамды электрон тасымалдаушы комплекстердің компоненті:

A. цитохром с

B. FeSпротеиндер

C. цитохромb

D. цитохром а

E. цитохром а3

 

59..Үшінші комплекстің негізгі қызметі электрондарды ауыстыру:

A. убихинонға

B. бірінші комплекске

C. екінші комплекске

D. цитохром с-ға

E. төртінші комплекске

 

60. ҮКҚЦ-дағы изоцитратдегидрогеназаның ингибиторы:

A. СО (йіс газы)

B. АДФ

C. АТФ

D. НАДН

E. кальций ионы

 

61. Тыныс алу тізбегі компоненттерінің кезектесіп орналасуының себебі:

A. редокспотенциалдарының мәндерінің біртіндеп жоғарлауы

B. тотығу

C. редокспотенциалдарының төмен болуы

D. амфотерлік

E. редокспотенциалдарының теңесуі

 

62. Майлардың эмульгациясын өткізеді:

A. слекей амилазасы

B. панкреаттық липаза

C. 7-α – гидроксилаза

D. өт қышқылының тұздары

E. ГМК-КоА-лиаза

 

63. Мембрананың компоненті, өт қышқылдары мен стероидтық гормондар синтезінің алғызаты болатын липидтер классы:

A. глицерофосфолипидтер

B. триацилглицериндер

C. холестерин

D. сфингофосфолипид пенсфингомиелин

E. гликолипидтер

 

64. Лептинді синтездейтін жасушалар болады:

A. гепатоциттерде

B. эритроциттерде

C. адипоциттерде

D. энтероциттерде

E. альвеолоциттерде

 

65. Ганглиозидтер құрамындағы көмірсулық компонент:

A. моносахарид

B. крахмал

C. олигосахарид

D. целлюлозу

E. гликоген

 

66. Адамнан тер, несеп және шығарылған дем құрамында бөлінетін кетон:

A. β-гидроксибутират

B. ацетоацетат

C. ацетон

D. малонат

E. ацетоацетил-Е

 

67..Май қышқылдарының синтезін полиқызметті фермент май қышқылдарының синтазасы катализдейді. Бұл ферменттік комплекстің бір активті орталығынан екіншісіне май қышқылдары радикалы тасымалданады:

A. ацилтасымалдаушы протеинмен

B. ацетилтасымалдаушы протеинмен

C. ацилорынауыстырғыш протеинмен

D. ацилтрансформациялаушы протеинмен

E. ацетилтрансформациялаушы протеинмен

 

68. Аминоқышқылдар ішектің шырышты жасушалары қабықшасына түседі:

A. активті тасымалдану жолымен (симпортпен)

B. активті тасымалдану жолымен (антипортпен)

C. активті тасымалдану жолымен (унипортпен)

D. эндоцитоз жолымен

E. диффузия жолымен

 

69. Аминоқышқылдан аминотопты амммиак түрінде бөліп, ал қалған бөлігін кетоқышқылға айналдыратын реакция үдерісі аталады:

A. тотықсыздандырып аминдендіру

B. тотығып дезаминдену

C. амидтендіру

D. аммоний тұздарының түзілуі

E. амидтертің гидролизі

 

70. Глутамат+оксалоацетат«α-кетоглутарат+аспартатреакциясын катализдейтін фермент:

A. аланинаминтрансфераза

B. аспартатаминотрансфераза

C. тирозинаминотрансфераза

D. гексокиназа

E. гликозилтрансфераза

 

71. Орнитиндік циклде жұмсалатын макроэргиялық қосылыс мөлшері:

A. 3 АТФ

B. 1 АТФ

C. 2 АТФ

D. 5 АТФ

E. 6 АТФ

 

72. Креатин АТФ қатысуымен фосфорлану реакциясына түседі, нәтижесінде макроэргиялық байланысы бар қосылыс:

A. креатинфосфат түзіледі

B. ГТФ түзіледі

C. ЦТФ түзіледі

D. УТФ түзіледі

E. ТТФ түзіледі

 

73. Қандағы кейбір аминоқышқылдар мөлшерлерінің жоғырылауы аталады:

A. аминоацидурия

B. ацидурия

C. гипераминоацидемия

D. гипераммониемия

E. аутоинтоксикация

 

74. Пиримидиндікнуклеотидтердіңкарбомоилфосфат пенглутаминненбиосинтезі кезінде АТФ пен СО2 және келесі зат түзіледі:

A. карбомоилфосфат

B. дегидроротат

C. карбамоиласпартат

D. оротат

E. УМФ

 

75. Бауыр мен бүйректе гомогентизин қышқылы тотығуы реакциясын катализдейтін оксидазаның туабіткен жетіспеушілігі кезінде дамиды:

A. альбинизм

B. алкаптонурию

C. фенилпирожүзімдік олигофрению

D. қант диабеті

E. гепатит

 

76. Ангиотензин I ангиотензин-айналдырушы фермент үшін субстрат. Ол фермент:

A. ренин

B. катепсин

C. кальпаин

D. кальмодуллин

E. карбоксидипептидилпептидаза

 

77. Пуриндік алмасудың соңғы өнімі болатын несеп құрамының органикалық компоненті:

A. креатинин

B. несеп қышқылы

C. мочевина

D. урохромдар

E. метаболиттік трансформация өнімдері

 

78. Аммониогенезге қабілеттілік тән:

A. бауырға

B. бүйрекке

C. бас миына

D. эритроциттерге

E. жүрекке

 

79. Вазоактивті пептидтер артериялық қысымды төмендетеді, ол -:

A. кининоген

B. брадикининменкаллидин

C. карбоксикатепсин

D. калликреинменпрекалликреин

E. серотонин мен гистамин

 

80. Рахит – жас балаларда сүйек ұлпасына минералденудің жетіспеушілігінен дамитын ауру. Сүйек ұлпасы минералденуінің жетіспеушілігінің себебін көрсетіңіз:

A. калий жетіспеушілігі

B. натрийжетіспеушілігі

C. натрийжетіспеушілігі

D. фосфат жетіспеушілігі

E. кальций жетіспеушілігі

 

81. Негізгі зат компоненттерінің (дәнекер ұлпасы) катаболизмі:

A. трансферазалар әсерінен өтеді

B. лигазалар әсерінен өтеді

C. лиазалар әсерінен өтеді

D. гидролазалар әсерінен өтеді

E. оксидоредуктазалар әсерінен өтеді

 

82..Миофибрилланыңколлагені жатқызылады:

A. коллагеннің I типіне

B. коллагеннің II типіне

C. коллагеннің III типіне

D. коллагеннің V типіне

E. коллагеннің VI типіне

 

83. Тропоколлагендер мөлшерінің жоғарлауы дәнекер ұлпа мықтылығының төмендеуіне әкеледі. Ол ағзада жетіспеушілігіне байланысты болады:

A. кальций ионының

B. магний ионының

C. фосфат ионының

D. мыс ионының

E. натрий ионының

 

84. Паратгормонның сүйек пен бүйректен басқа әсер ететін нысана-мүшесі:

A. бұлшықет ұлпасы

B. бауыр

C. ащы ішек

D. тері

E. бүйрек

 

85. Сүйек ұлпасының минералдық компонентінің аморфтық фазасының құрамы:

A. гидроксиапатит

B. магний

C. витамин С

D. аморфтыкальцийфосфат

E. коллаген

 

86. Ақ бұлшықеттер жұмыс істейді:

A. аэробтық режимде

B. тек жүгірген кезде

C. тек отырған кезде

D. тек тұрған кезде

E. тек анаэробтық режимде

 

87. Ер адам, 40 жаста. Алкогольді жиі қабылдайды, шылым шегеді. Анамнезінде тәбеті кенет жоғалған, ішек перистальтикасының баяулаған, есте сақтау нашарлаған (жиі түрде жақында болған ситуацияларды ұмытқан), галлюцинацияға бейімділік болған. Мұнан басқа, ентігу, жүрек қағысының жиілеуі, жүректегі ауырсынулар, аяқ-қолдарының шаншулары мен жансыздануы байқалған. Бұл симптомдар қай ауруға бағыттайды:

A. витамин В2-нің авитаминозы

B. витамин В3-тің авитаминозы

C. витамин В5-тің авитаминозы

D. витамин В1-дің авитаминозы

E. витамин В9-дың авитаминозы

 

88. Медициналық практикада (мысалы, онкологияда) бұл витаминнің кейбір синтетикалық аналогы қолданылады. Мысалы, 4-аминоптерин нуклеин қышқылдарының синтезін тежеуші препарат ретінде ісік ауруларын емдеу үшін қолдануға ұсынылады, мысалы, балалар мен ересектердің созылмалы және жедел лейкоздарын емдеу кездерінде. Бұл қай витамин:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. витамин В9

D. витамин В5

E. витамин В6

 

89. Өт-тасы ауруы ерлермен салыстырғанда әйелдерде 3-4 есе жиі кездеседі себебі өт қышқылы синтезінің негізгі ферментінің корепрессоры:

A. эстроген болғандықтан

B. андроген болғандықтан

C. Т3пен Т4болғандықтан

D. глюкокортикоид болғандықтан

E. пептидтік гормондар болғандықтан

 

90. т-тасы ауруынан зардап шегуші әйелдің бауыр аумағында ауырсыну пайда болды, склера, тері сарғаюы жылдам дамыған, нәжісі түссізденген, несеп қанық қою шай тәрізді түсті. Бұл пациентте сарыаурудың қай типін болжауға болады?

A. Жильбер синдромы

B. обтурациялық сарғаю

C. гемолиттік сарғаю

D. физиологиялық сарғаю

E. паренхиматоздық-жасушалық сарғаю

 

91. Гликолиздің бір негізгі ферментінің ақауы кезінде науқаста эритроциттердің гемолизі байқалады. Бұл жағдайда қай ферменттің ақауы болуы мүмкін?

A. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның

B. глюкозо-6-фосфатазаның

C. пируваткиназаның

D. гексокиназаның

E. глюкокиназаның

 

92. «Қант диабеті» диагнозын науқастың полиурияға, полидипсияға, ауыз құрғауын сезінуіне арыздануынан кейін жиі тағайындайды. Бірақ арнайы келесі зертханалық зерттеуді жүргізу қажет (қансарысуынан да):

A. мочевинаны анықтау

B. жалпы липидтерді анықтау

C. несеп қышқылын анықтау

D. жалпы гемоглобинді анықтау

E. глюкозаланған гемоглобинді анықтау

 

93. Офтальмологке, пациент, түнде автомобильді басқаруда қиындықтар болуы туралы арызданады. Аз жарықтанған аймақта көзінің көру қабілетінің нашарлауы туралы шағымданады. Ал күндіз көру қабілеті қалыпты болады. Тағам қабылдауы режимді емес. Анамнезінде - панреатит. Пациентке не болған?

A. витамин D-ның авитаминозы

B. витамин E-нің авитаминозы

C. витамин А-ның авитаминозы

D. витамин K-ның авитаминозы

E. витамин C-ның авитаминозы

 

94. Ер адам, 40 жаста. Алкогольді жиі қабылдайды, шылым шегеді. Анамнезінде тәбеті кенет жоғалған, ішек перистальтикасының баяулаған, есте сақтау нашарлаған (жиі түрде жақында болған ситуацияларды ұмытқан), галлюцинацияға бейімділік болған. Мұнан басқа, ентігу, жүрек қағысының жиілеуі, жүректегі ауырсынулар, аяқ-қолдарының шаншулары мен жансыздануы байқалған. Бұл симптомдар қай ауруға бағыттайды:

A. витамин В2-нің авитаминозы

B. витамин В3-тің авитаминозы

C. витамин В5-тің авитаминозы

D. витамин В1-дің авитаминозы

E. витамин В9-дың авитаминозы

 

95. Бұл витамин әртүрлі уақытта әртүрлі аталған: - өсу факторы L. casei; витамин М, маймылдардың қалыпты қанжасуы үшін қажет, витамин Вс, балапандардың өсу факторы. необходимый для нормального кроветворенияу обезьян; витамин Вс, фактор роста цыплят. В 1941 941 жылы ол өсімдіктердің жасыл жапырақтарынан бөлініп алынған, соған байланысты өзінің соңғы атауын алды. Бұл қай витамин:

A. витамин В9

B. витамин В2

C. витамин В3

D. витамин В5

E. витамин В6

 

96. Ерлермен салыстырғанда әйелдер не себепті атеросклероз ауруымен сиректеу ауырады?

A. эстрогендер холестериннің өт қышқылдарына айналуын катализдейтін ферментті активтендіреді

B. эстрогендер транскрипция деңгейінде ГМГ-СоА-редуктазаны активтендіреді

C. ерлер холестеринге бай тағамды көп қабылдайды

D. эстрогендер өт қышқылдарының тасымалдануын атқарады

E. эстрогендер холестериннің қаннан бауырға тасымалдануын төмендетеді

 

97. Гликолиздің бір негізгі ферментінің ақауы кезінде науқаста эритроциттердің гемолизі байқалады. Бұл жағдайда қай ферменттің ақауы болуы мүмкін?

A. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның

B. глюкозо-6-фосфатазаның

C. пируваткиназаның

D. гексокиназаның

E. глюкокиназаның

 

98. 1916 жылы жануарларға жүргізілген тәжрибеде шикі жұмыртқа ақуызының уландырушы әсері анықталған. Бауырды немесе ашытқыларды қабылдау бұл әсерді болдырмайды. Кейін бауырдың ашытылған экстрактісінде және тауық жұмыртқасының сары уызында сол кезеңде белгілі болған тағам факторларынан өзгеше витамин бар екені анықталған. Бұл фактор ашытқылар мен азотбекіткіш бактериялардың Rhizobium көбеюуін стимулдейді. Соған байланысты ол коэнзим R атауын алған. Қазіргі кезде ол аталады:

A. витамин Н

B. витамин В2

C. витамин В3

D. витамин В5

E. витамин В6

 

99. Синиль қышқылы препарат «Циклон Б» негігі бөлігін құрайды. Бұл препаратты Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ұлтшылдар концентрациялық лагерлерде адамдарды өлтіру үшін қолданған. АҚШ-тың кейбір штаттарында газ камераларында өлім жазасын орындау үшін газ камераларында синиль қышқылы пайдаланылған. Соңғы рет бұл 1999 жыл Аризона штатында қолданылған. Өлім 5 - 15 минуттан кейін болады. Синиль қышқылының адам үшін у болуының себебі неде?

A. ол МЭТТ-ның 3 комплексінің ингибиторы

B. ол МЭТТ-ның 2 комплексінің ингибиторы

C. ол МЭТТ-ның 4 комплексінің ингибиторы

D. ол МЭТТ-ның 1 комплексінің ингибиторы

E. ол МЭТТ-ны 5 комплексінің ингибиторы

 

100. Жедел жәрдем бөліміне 55 жастағы әйел жеткізілген. Оң жақтағы қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, жауырын асты ауырсынуына, асқазан күюі сезілуіне, ауызында ыстық сезілуіне арызданады. Әйелде тері мен склераның сарғаюы байқалады. Пациентте семіздіктің үшінші дәрежесі және айтуы бойынша гипертиреоз бар. Бастапқы диагнозды болжаңыз:

A. өт-тасы ауруы

B. ИТҚД

C. сарыауру

D. атеросклероз

E. майлы гепатоз

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.113 сек.)