Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті



№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті

Нұсқа-6

 

?

Өкпелік гипертензияның белгілері:

+ екінші тонның акценті және оның 2 қабырғааралықта екі еселенуі

- екінші тонның акценті және оның оң жақта 2 қабырғааралықта екі еселенуі

- жүректің сол жақ шекарасы бойымен жүрек ұшы түрткісінің болуы

- голосистолалық шу

- мойындырық көктамырларының күшейген пульсациясы

 

?

Декомпенсирленген СӨЖ белгілері:

- сасық иісті қақырық

+ ортопноэ, суық акроцианоз, асцит

- жылы диффузды цианоз

- кеудедегі ауырсыну

- қиынбөлінетін қақырықты жөтел

 

?

Пневмония кезінде глюкокортикоидтарды тағайындауға жүргізуші көрсеткіш:

+ бронхоспастикалық синдромның болуы

- айқын интоксикациямен ауыр ағым

- айқын гипертермия

- инфильтраттың баяу сорылуы

- плевра қуысында жалқықтың пайда болуы

 

?

Инфекциялық эндокардит пен ревматизмнің ажыратпалы дагнозында шешуші маңызы бар:

- жүректің митральды ақауының болуы

- гепатомегалия

+ жүрек қақпақшаларында «вегетациялар»

- көкбауыр ұлғаюы

- ЭТЖ жоғарылауы

 

?

Жедел коронарлы жетіспеушілікпен асқынған гипертониялық криз кезінде таңдау препараты болып табылады:

- пентамин

- клофелин

- апрессин

+ пропранолол

- реджитин

 

?

Пульмонолог қабылдауында шылым шекпейтін 31 жастағы ер адам айына 3 болатын тұнгшығу ұстамаларына, түнгі ұстамалар айына 2 реттен көп емес. Анамнезінде 3жыл бойы – бронх демікпесі. Бронх демікпесінің ауырлығының сатысы:

+ Интермиттирлеуші

-Ауыр персистирлеуші

-Астматикалық жағдай

-Орташа персистирлеуші

-Жеңіл персистирлеуші

 

?

Әйел, 40 жаста ұзақ уақыт бойы антибиотиктермен және стероидты гормондармен ұзақ уақыт бойы қабылдады, сәуле терапиясы фонында үрдістің ары қарай сепсис типі бойынша генерализациямен пневмония белгілері пайда болды. Өкпесінде жұқақабырғалы іріңдеген қуыстар анықталды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөліністер пайда болды. Берілген жағдайдағы қоздырғыш:



+ Кандида

-Эхинококк

-Аспергилла

-Микоплазма

-Энтерококк

 

?

Науқас әйел, 38 жаста, стационарға артериальды қысымның кенеттен 270/130мм.сб. көтерілуіне байланысты жатқызылды ол интенсивті бас ауруларымен, жүрек маңындағы қысып ауыратын ауырсынулармен, жүрек соғуының жиілеуімен,терлегіштікпен, дене қызуының 380С көтерілуімен жүреді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды,өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, тахикардия, ұстама кезіндегі артериальды қысым – 260/120 мм.сб. Қан анализінде лейкоциттер – 9,2*109/л; эозинофилдер- 7%; глюкоза 7,6 ммоль/л., зәр анализі патологиясыз. Электрокардиограммада-синусты тахикардия 100 рет мин., электрлік осьтің солға ығысуы, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз үшін қандай тексеріс түрі қажет:

+ Қанда катехоламиндерді анықтау

-Қанда кортизолды анықтау

-Қанда альдостеронды анықтау

-Қанда электролиттерді анықтау

- Қанда ренинді анықтау

 

?

Науқас әйел, 30 жаста тез шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, аяғының ісінуіне шағымданады.Балалық шақта ревматикалық қызбамен ауырған. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систолалық шу, аяғының ісінуі. Диагнозды құру үшін қажетті тексеру түрі:

+ Доплерэхокардиографии

-Коронарографии

-Электрокардиографии

-Электромиографии

-Компьютерной томографии

 

?

Стенокардияның қай түрінде төс артындағы қысып ауырсынулар тән, олар таңертеңгі уақытта тез жүгіргенде пайда болып, физикалық жүктеме біткен соң өз бетімен басылады:

+ Тұрақты күш түсу стенокардиясы I ФК.

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы II ФК.

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы III ФК.

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы IV ФК.

-Тұрақсыз стенокардия

 

?

Әйел адам 29 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі тұншығу ұстамаларына шағымданады, тұншығулар аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта айына 2 реттен жиі. Ұстамалар сальбутамол ингаляциясымен басылады. Бір жыл бойы ауырады.Шылым шегеді. Жағдайының нашарлауын суықтанумен байланыстырады. Қарағанда – өзгерістер жоқ. Тыныс шығарудың пикті жылдамдығы (ПСВ – сальбутамолмен тыныс алған соң 20 минуттан кейін 25 %-ға жоғарылады). Ұстама болмаған кезде ПСВ қалыпты көрсеткіштен 80% құрайды, көрсеткіштердің шашыруы ПСВ-30%. Диагноз қандай:

-Бронх демікпесі, инфекция тәуелді форма, жеңіл интермиттирлеуші ағым

- Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы,жеңіл ағым

- Бронх демікпесі, инфекциятәуелді форма, персистирлеуші орташауыр ағым

-Бронх демікпесі, инфекция тәуелді форма, персистирлеуші ауыр ағым

+Бронх демікпесі, инфекциятәуелді форма, жеңіл персистирлеуші ағым

 

?

Ер адам 45 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауруы, лоқсу, жүрек маңындағы қысып ауырсынуға шағымданды. 2 жыл бойы артериальды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен диспансерлі тіркеуде тұр. Артериальды қысымы максимальды 150/95 мм. сб. дейін жоғарылайды. Клинико-зертханалық зерттеулердің нәтижелері өзгеріссіз. Артериальды гипертензияның қандай дәрежесі және тобы:

+ Артериальды гипертензия I дәреже, қауіп IV

- Артериальды гипертензия II дәреже, қауіп III

- Артериальды гипертензия II дәреже, қауіп IV

- Артериальды гипертензия III дәреже, қауіп III

- Артериальды гипертензия, III дәреже, қауіп IV

 

?

Ер адам 55 жаста дәрігерге кенеттен басталған ентігуге, кеуде ауырсынуына, тахикардияға, қанқақыруға, тершеңдікке шағымданып келді. Қарағанда цианоз, мойын веналарының кеңеюі, аяқтың төменгі бөлігінде көктамырлардың варикозды кеңеюі. Өкпесінде плевраның үйкеліс шуы тыңдалады. ЭКГ-да: SІQІІІ синдромы, Гисс шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасының белгілері. Алдын-ала диагноз:

- миокард инфарктісі

- астматикалық статус

+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- өкпе бөлігінің ателектазы

- өкпенің ошақты туберкулезі

 

?

Жас жігіт, 19 жаста дәрігерге жүрек маңындағы қысып ауырсынулары шағымдарымен келді. Анамнезінде физикалық жүктеме кезінде естен тануды байқаған. Анасы жағынан туысқандарының арасында жас кезінде кенеттен өлім жағдайлары болған. Қарағанда: физикалық дамыған, кеуде клеткасының деформациясы жоқ. Тері жабындылары қалыпты түсте.Аускультацияда жүрек ұшы түрткісінде дөрекі систолалық шу тыңдалады, ол төссүйек бойымен иррадиация береді. АҚ 120/80 мм.сб., ЖЖЖ 84 рет минутына. ЭКГ-да І, aVL, V5,V6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшелері анықталған. Эхокардиограммада қарыншааралық перденің және сол жақ қарыншаның күрт айқын гипертрофиясы анықталады. Берілен патологияда кардиалгия генезі қандай:

+ Коронарлы жетіспеушілік

- Бейспецификалық коронарит

- Тәж артерияларының спазмы

- Қандай эндорфиндердің төмен деңгейі

- Тәж артерияларының атеросклерозы

 

?

Ер адам, 23 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданып келді. Балалық шақта баспамен жиі ауырған.Қарағанда: пульсі әлсіз, баяу, каротидтер биі; жүрек ұшында І тонның және қолқада ІІ тонның әлсіреуі, қолқада және Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шу; шу қолқада жақсы тыңдалады, ұйқы артерияларына және қабырғааралық аймаққа иррадиация береді.Болжам диагноз қандай:

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

+ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармалы қақпақшаның стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақшаның стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы,қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

 

?

Жас жігіт, 20 жаста, бас ауруына, кезектесетін ақсаңдыққа және тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: тұлғасының жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі нашар дамыған. Қолындағы АҚ 190/100 мм.сб. Аяғындағы пульс біршама әлсіреген. ЭКГ — сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Диагноз қандай:

- Түйінді периартериит

- Феохромоцитома

+ Қолқа коарктациясы

- Кон синдромы

- Иценко—Кушинг синдромы

 

?

Ер адам 57 жаста, дәрігерге тұншығумен жүретін ентігуге, қызыл күрең түсті көпіршікті қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелге шағымданады. Жағдайының нашарлауын физикалық жүктемемен байланыстырады.Анамнезінен: 5 жыл бойы артериальды гипертензия бойынша диспансерлі бақылауда тұр.Қарағанда: Ортопноэ. Өкпесінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар екі жақта да тыңдалады. Жүрек аускультациясында жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс емес. АҚ 160/100 мм.сб. ЭКГ-да: жыбырлы аритмия, ЖЖЖ 120 рет минутына. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы жүктемемен. Берілген симптомдар қандай патологияға тән:

- бронх демікпесінің ұстамалары

+ жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- спонтанды пневмоторакс

- инфарктты пневмония

 

?

Жас бала 15 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл көлемге дейінгі шырышты-іріңді иісті жөтелге, қанқақыруға,дене қызуының 38,2 С жоғарылауына,дімкәстікке, ентігуге шағымданып келді. Балалық шақта жиі жөтелді байқаған. Соңғы 5 жыл бойы – жылсайынғы өршулер. Бірінші кезекте қандай ауруды терістеу керек:

- пневмония

- өкпенің созылмалы абсцессі

+ туберкулез

- өкпе поликистозы

- бронхоэктазды ауру

 

?

Әйел адам 32 жаста, 2 ай бойы ауырады, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуының 39*Сжоғарылауына, қалтырауға, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге шағымданады. Қызуды түсіретін дәрілермен, сульфаниламидтермен емделген, ампициллинмен 5 күндік ем жүргізілген. Дене қызуы 38,2*С, тері жабындылары бозғылт, бет терісінде және алақанда бірлік петехиальды экзантемалар, пульс 100 рет минутына, АҚ 140/90 мм.сб., жүрек тондары тұйықталған, төссүйектің сол жақ қыры бойымен жоғары жиілікті диастолалық шу естіледі, ол ІІ тоннан кейін жүреді, гепатоспленомегалия. Болжам диагноз:

- жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және митральды стеноз

+ инфекциялық эндокардит және қолқалық жетіспеушілік

- жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және қолқалық жетіспеушілік

- инфекциялық эндокардит және митральды жетіспеушілік

- инфекциялық эндокардит және митральды стеноз

 

?

Ер адам 27 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге қалтырауға, құрғақ жөтелге, оң жақ бүйірдің ауырсынуына, 38,50 С дейін қызбаға шағымданады. 3 күн бойы ауырады. Кеуде торының оң бөлігі тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда алдында 3 қабырғааралықта және жауырынаралық кеңістікте ортаңғы бөлігінен артқы жағында тұйық дыбыс байқалады, бұл аймақта тыныс жүргізілмейді. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Болжам диагноз қандай:

+ оң жақты экссудативті плеврит

- ошақты пневмония оң жақта төменгі бөлігінде

- оң жақты крупозды пневмония

- соызлмалы бронхиттің өршуі

- оңжақты гидроторакс

 

?

Ер адам 50 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге төссүйектің жоғарғы үштен бір бөлігінің түнгі ауырсынуларына шағымданады, ауырсынулар 15 минутқа созылады және өзбетімен немесе нитроглицерин қабылдаған соң басылады. АҚ - 120/80 мм.сб., пульс 62 соққы 1 минутта. Ұстама жоқ кезде түсірілген ЭКГ патологиялық өзгерістерсіз. Физикалық жүктемемен сынама күштемеге жоғары толеранттылығында болуында теріс. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да кеуделік тіркемелерде ST сегментінің жоғарылауы тіркелген. Болжам диагноз қандай:

- перикардит

- нейроциркуляторлы дистония

- күш түсу стенокардия

+ нұсқалы стенокардия

- обструкциялы кардиопатия

 

?

Ер адам 40 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге төс артындағы, мойынға берілетін және тыныс алғанда күшейетін ауырсынуларға шағымданады. Ауырсынулар кеше кешкі уақытта пайда болып, тұрақты күшейіп,таңертең максимумына жетті. Бір апта бұрын тұмаумен ауырған.Жөтел жоқ. Қандай патология туралы ойлауға болады:

- миокард инфарктісі

- жедел трахеобронхит

+ жедел перикардит

- остеохондроз

- Титце синдромы

 

?

Ер адам 43 жаста, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге аз мөлшерлі шырышты қақырықты, жеңілдік алып келмейтін жөтелге, жүктеме кезінде ентігуге шағымданады. 4 жыл бойы ауырады. 14 жасынан бастап шылым шегеді. Кеуде торы бөшкетәрізді формада, бұғанүстілік ойықтар үлкейген. Дауыс дірілі екі жақтан да әлсіреген. Перкуторлы – қорапты дыбыс. Тынысы қатқыл ұзарған тыныс шығарумен, бүйірлік бөліктерінде дискантты сырылдар, форсирленген тыныс шығару кезінде күшейеді. Науқасқа не тағайындау қажет:

- жөтелге қарсы препараттар

+ бронхкеңейтуші препараттар

- витаминотерапия

- антиагреганттар

- седативті препараттар

 

?

Ер адам 38 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге кеуде торындағы интенсивті ауырсынуларға шағымданып келді, ауырсынулар 20 минутқа дейін созылады, физикалық жүктемелерден кейін пайда болады, соңғы 2 күнде күшейді, нитроглицеринмен нашар басылады. ЭКГ: ST сегментінің 2 мм-ге ығысуы, теріс T тісшесі. Қандай диагностикалық тест диагнозды растайды:

- Жалпы қан анализі

- Холестерин, триглицеридтердің жоғарылауы

+ Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы

- Физикалық жүктемемен тест

- ЭхоКГ

 

?

Ер адам 62 жаста, миокард инфарктісін басынан кешірген, дәрігерге бас ауруы мен бас айналуға байланысты келді. Қарағанда: пульс – 86 рет минутына, артериальды қысымы – 200/100 мм.сб., жүрек жеткіліксіздігі белгілері жоқ, аяқтың төменгі бөліктерінің тамырларының облитерациялық атеросклероз көріністері бар. Артериальды гипертензияны коррекциялау үшін науқасқа қандай препарат тағайындау керек:

- Капотен.

- Анаприлин.

- Коринфар.

- Гипотиазид.

+ Верапамил.

 

?

Ер адам 23 жаста, дене қызуының 4 күн бойы 38oС жоғарылауына, сары жасыл түсті қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке байланысты шағымдарымен дәрігерді үйге шақырды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ТАЖ 20 мин., оң жақта жауырын бұрышынан төмен перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошағы, аускультацияда ұсақкөпіршікті сырылдар. Бұл науқас үшін ем:

-Макропен 0,2мг х 3 р/к ішке 5 күн.

-Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн.

+ Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн.

-Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн.

-Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн.

 

?

Ер адам 67 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге төс артындағы күйдіріп, қысып ауыратын ауырсынуларға шағымданады, ауырсыну 40 минутқа созылады. 10 жыл бойы жүректің ишеиялық ауруымен ауырады. Дәрігер тактикасы қандай:

+ Шұғыл госпитализация.

- Үй жағдайындағы стационар.

- Күндізгі стационар.

- Жоспарлы госпитализация.

- Амбулаторлы жағдайда бақылау.

 

?

Ер адам 72 жаста, ӨСОА-мен көп жылдар бойы ауырады, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуының жоғарылауына, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады шағымдары суықтанудан кейін пайда болды. Рентгенологияда өкпе тінінің оң жағында төменгі бөлігінде инфильтрация анықталды. Қандай ем жоспары дұрыс:

- Тетрациклин + метрогил + лазолван

- Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

- Кларитромицин + преднизолон + бромгексин

- Метронидазол + амброксол + ипратропиума бромид

+ Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

 

?

Синусты түйіннің әлсіздігі синдромымен науқаста мин 45 соққы, синусты брадикардия байқалады. Кардиостимулятор қоюдан бас тартады. Консервативті ем болып табылады:

-анаприлин

-кордарон

+ атропин

-дигоксин

-новокаинамид

 

?

Науқаста жүрек қағу ұстамасы басталды (160 соқы минутына), оны дәрігер каротидті түйін массажымен тоқтатты. Жүрекқағу ұстамасы негізделген:

-синусты тахикардиямен

-пароксизмальды жыбыр аритмиясымен

-пароксизмальды жүрекшелер жыбырымен

+ пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен

-пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен

 

?

Науқас әйел 52 жаста жүрек маңындағы қысқа уақытты ауырсынуларға шағымданады. ЖРА дан соң 2 апта бойы ауырады. ЭКГ - SТ сегментінің 1,5 мм төмендеуі және теріс Т тісшесі. ЭТЖ - 45 мм/сағ. Болжам диагноз:

-климактериялық кардиомиопатия

-ЖИА

-НЦД

+ миокардит

-перикардит

 

?

Науқас М 20 жаста, жүрек тұсындағы шаншып ауырсынуға жүрек қағысына,әлсіздікке, өзін нашар сезінуіне шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған.Қарау барысында жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған. барлық жүрек нүктелерінде систалалық шу естіледі, иррадиациясыз. ЧСС-90 1 минутта. температура 37.7 C. Лабороториялық зерттеуде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, С реактивті белок. ЭКГ-да реполизацияның бұзылуы қарынша ішілік өткізгіштігі баяулаған. Алғашқы диагноз:

-Перикардит

-Кардиомиопатия

-Миокардиодистрофия

-Нейроциркулярлы дистания

+Миокардит

 

?

Науқас 53 жаста, тыныштық уақытындағы айқын ентігуге, өлімнен қорқу сезіміне, ауа жетіспеуіне және кеуде торындағы түсініксіз ауырсынуға шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, тері жамылғылары цианозды, мойындырық көктамырларының пульсациясы. ТАЖ 38 соқы. мин. АҚ 150\90мм.сб. Жедел оңжақ қарыншалық жеткіліксіздіктің себебі:

+өкпе артериясының тромбоэмболиясы

-қолқалық өзек

-гипертониялық криз

-стенокардия

-вегетативті криз

 

?

Науқас 50 жаста, үнемі аз мөлшерді қақырықпен жүретін жөтел мазалайды, физикалық жүктемеде демікпе. Анамнезінен: 15 жылдан көп уақыт темекі тартады. Объективті кеуде клеткасы бочка тәрізді формасы. Бұғана үсті кеңістігі дүмпиген. дауыс дірілі екі жақта әлсіреген. перкуторлы қорапты дыбыс.Аускультативті демі қатқыл ұзарған, дем шығарғанда ұзарған. шеткері бөлімдерде сырылдар, дем шығарғанда күшейеді. Бұл жағдайда информативті диагностикалық зерттеу:

-Кеуде клеткасының рентгенографиясы

-Жалпы қақырық анализі

-Өкпенің компьютерлі томография

-Бронхоскапия

+Спирография

 

?

Жас бала 15 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл көлемге дейінгі шырышты-іріңді иісті жөтелге, қанқақыруға,дене қызуының 38,2 С жоғарылауына,дімкәстікке, ентігуге шағымданып келді. Балалық шақта жиі жөтелді байқаған. Соңғы 5 жыл бойы – жылсайынғы өршулер. Болжам диагноз:

- бронхоэктазды ауру

- өкпе обыры

- өкпенің созылмалы абсцесі

+ созылмалы бронхит

- өкпе поликистозы

 

?

Бронх демікпесімен ауыратын науқастың жанұя мүшелерінің арасында алдын алу мониторингісін өткізу үшін жалпы тәжірибелік дәрігердің ролі:

+ ЖРА уақытылы емдеу туралы хабарландыру

- бронхолитиктерді профилактикалық түрде тағайындау

- бронх демікпесінің дәрілік емес емдеу әдістерін өткізу

- пульмонолог кеңесіне бағыттау

- аллергендермен байланысты болдырмау туралы науқастарда гигиеналық дағдыларды білмеуі

 

?

Ер адам 55 жаста, ЖИА, күш түсу стенокардиясы ФК II ауырады,ауырсыну ұстамасы жүрексоғумен,беттің гиперемиясымен жүреді. Таңдау препараты болып табылады:

- нитроглицерин тіл астына (шектеусіз)

- кардикет 20 мг тәулігіне 3-4 рет

- тромбоАсс 100 мг тәулігіне

+ метопролол 100 мг тәулігіне 2 қабылдау

- симвастерол 10 мг тәулігіне

 

?

Митральды қақпақшаның пролапсымен байланысты кеуде ауырсынуының диагностикасының негізгі әдісі болып табылады:

- электрокардиография

+ эхокардиография

- коронарография

-рентгенография

- томография.

 

?

Төс артындағы және кеуде торының бүйір беттері бойынша тұйық ауырсыну мынаған тән:

-ЖИА

- қолқаның қатпарланған аневризмасы

+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- пневмоторакс

- перикардит

 

?

Миокард инфарктінің алдын алу кешені құрайды:

+липидтер деңгейін бақылау (концентрация ХС ТТЛП 2,57 ммоль\л аз).

-150\90 – 155\95 мм.сб. деңгейінде АҚ бақылау

-ҚД бақылау: аш қарынға капилляр қанында 6,5 ммоль\л көп болмау керек.

-ас тұзын шектеумен емдәм

-психо-эмоционалды жағдайдың транквилизаторлар көмегімен қалыпқа келуі

 

?

Өкпе абсцесінің дамуына алып келеді:

+ ішімдікті көп мөлшерде қолдану

- ЖИТС

- шылым шегу

- созылмалы бронхит

-гемобластоздар кезінде нейтропения.

 

?

Стенокардия эквиваленттері:

-ентігу;

-күрт шаршағыштық;

-жүрекқағу;

+ентігу және физикалық жүктеме кезінде күрт шаршағыштық

-жүктеме кезінде жүрекқағу

 

?

Жүрумен физикалық жүктеме болған кезде ЖИА ның нашар болжам белгісі болып табылады:

+ST сегментінің 2 мм жоғары депрессиясы;

-ST сегментінің физикалық жүктемені тоқтатқан соң 6 мин бойы депрессиясының сақталуы;

- сегмента STсегментінің бірнеше тіркемеде депрессиясы

- ЖЖЖ минутына 120 соққы болғанда ST сегменті депрессиясының пайда болуы;

-қарыншалық тахикарди пайда болуы

 

?

Тәж артерияларының атеросклерозы диагностикасының мағлұматты әдістері:

-ЭКГ;

-эхокардиография;

-стресс-эхокардиография;

+ангиография;

-ЭКГ-мониторирлеу.

 

?

Миокард инфарктісі кезінде кардиогенды шок миокардтың қанша ауданы зақымдалғанда дамиды:

-20%

-10%

+40%

-30%

-50%

 

?

Ірі бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы кезінде жиі дамиды:

-инспираторлы ентігу

+экспираторлы ентігу

-аралас ентігу

-ортопноэ

-тамақтан соң ентігу

 

?

«Атипиялы пневмония» термині туралы ойлауға болады:

-жоғары бөлікте орналасқан пневмококкты пневмония

-вирусты бронхопневмония

-эозинофильды инфильтрат

+легионеллалармен, хламидиялармен және микоплазмалармен шақырылған пневмония

- грамтеріс микрофлорамен шақырылған пневмония

 

?

Ауруханадан тыс пневмониямен науқастарды эмпирикалық емдеудің таңдау препараты болып табылады:

-ципрофлоксацин, пефлоксацин, офлоксацин

-стрептомицин и гентамицин

-линкомицин и левомицетин

-имипенем и меропенем

+пенициллин, эритромицин, азитромицин

 

?

Қазіргі уақытта бронх демікпесін былай қарастырады:

-спорадикалық ауру, тұншығу ұстамаларымен сипатталады

+тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы

-тыныс жолдарының жедел алллергиялық ауруы

-өкпенің созылмалы интерстициальды зақымдалуы

-өкпенің дәнекер тінінің жеделдеу зақымдалуы.

 

?

ЖРА дамуының басталуы:

+баспадан 2-3 апта өткен соң

-ЖРВИ дан 2 күн өткен соң

-Пневмониядан 1 ай өткен соң

- ЖРВИ дан 2 ай өткен соң

- баспадан 3 күн өткен соң

 

?

Жоғары белсенділікті ЖРА мен науқастарда «Д» мониторинг жиілігі:

+4 рет жылына

-2 рет жылына

-1 рет жылына

-3 рет жылына

-ай сайын

 

?

ЖРА мен ауырған науқастарға «Д» бақылауға алынғанда толтырылатын форма:

- е.ф. № 112

- е.ф. № 58

+ е.ф. № 030

- е.ф. № 072

- е.ф. № 088

 

?

Қабылдау кезінде жанұялық дәрігер Ж атты 40 жасар науқасқа мынадай диагноз қойды: "ЖИА, тұрақсыз стенокардия. Алғаш пайда болған". Дәрігер тактикасы қандай:

+Стационарға шұғыл бағыттау.

-Жоспарлы госпитализация

-Амбулаторлы ем

-Калыптастыру терапия бөлімшесінде емдеу

-Күндізгі стационарда емдеу

 

?

Ауруханадан тыс пневмониялардың 80% шақырылады:

+пневмококктармен

-цитомегаловируспен

-хламидиялармен

-клебсиеллалармен

-пневмоцисталармен

 

?

ЖИА мен науқастарды эффективті диспансерлі бақылау мен реабилитациялаудың ыңғайлы жас аралығы болып табылады:

-20-39 жас

+40-59 жас

-60-69 жас

-70 жас және жоғары

-Жастың мәні жоқ

 

?

Амбулаторияға науқас қалтырауға, дене қызуының 2 ай бойы 380С жоғарылауына шағымданып келді, қолқа ақауымен және сол жақ балтырдың тамырларының тромбозы белгілерімен. 6 айдан көп уақыт бұрын екіжақты пневмониямен ауырған, амбулаторлы бір апта бойы ем қабылдады.

Болжам диагноз:

-пиелонефрит

-бауыр абсцесі

+бактериалды эндокардит

-холангит

-лимфогранулематоз.

 

?

Гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар науқаста естен танулар пайда болды.ЭКГ да динамика пайда болмады ол алты ай бқрынғы ЭКГмен салыстырумен жүргізілді. Тағайындау қажет:

-Эхокардиографияны

- Бас миының компьютерлі томографиясын.

+Тәуліктік ЭКГмониторирлеу.

-Коронароангиографияны.

-Қан ферменттерін зерттеу.

 

?

Атопиялық генезді бронх демікпесімен жас әйелге тахикардия синдромымен қатар жүретін вегетотамырлық дистония бойынша минималды дозада обзидан тағайындалды. Науқс саяжайға кетіп қалды, сол жерде 5 күн өткен соң тұншығу ұстамасы дамыды. Тұншығу ұстамасы шақырылды:

+Аллергенмен байланыс

-Обзиданды қабылдау

-Респираторлы вируспен инфицирлену.

-Обзиданның жеткіліксіз дозасы

-Аралас себептер

 

?

Бронх обструкциясының скринингті әдісі болып табылады:

+ пикфлоуметрия

- пульсоксиметри

- рентгенография

- спирометрия

- флюорография

 

?

Жүктілік кезінде бронх демікпесінің емінде ингаляциялық ГКС топтарының (ПDА В категориясы) ыңғайлы препараты болып табылады:

+ альдецин

- беклазон

- бекотид

- будесонид

- флексотид

 

?

Жүйелі қабынуды сипаттайтын және ЖИА дамуының қауіп маркері деңгейі болып табылады:

- КФК-МВ

- миоглобин

- жүректік тропонин I

- жүректік тропонин T

+ фибриноген

 

?

Тұрақты стенокардияның медикаментозды терапиясының біріншілік мақсаты болып табылады:

- гиперлипидемияны коррекциялау

+ ауырсынуды басу

- атерома үдеуін тоқтату

- тромб пайда болуының алдын алу

- бляшка тұрақтануы

 

?

Сол жақ қарыншаның гипертрофиясын көрсететін Соколов-Лайон индексі бұл:

- сирақ- иықтық индекс

- рентгенологиялық критерий

- физикальды критерий

+ электрокардиографиялық критерий

- эхокардиографиялық критерий

 

?

Аритмия кезіндегі кіші қанайналым шеңберіндегі іркілумен шақырылған гемодинамикалық бұзылыстардың тобы қандай шағыммен білінеді:

- ангинозды ауырсыну

- бас айналуы

- дезориентация

+ ентігу

- естен тану

 

?

Гликозидтердің аз дозасымен емдеуді бастауға көрсеткіш:

- СЖЖ алдын алу

- СЖЖ I дәр.

- СЖЖ IIА дәр.

+ СЖЖ IIБ дәр.

- СЖЖ III дәр.

 

?

Жүктілерде ұзақ уақыттық гипотензивті терапия жүргізу қажеттілігінде қолданылады:

- атенолол

- дибазол

+ допегит

- нифедипин

- папаверин

 

?

Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрмағандарда қанайналым жүйесінің ауруларын ерте анықтау бойынша скрининг қандай жиілікпен жүзеге асырылады:

- жылына 1 рет

+ 2 жылда 1 рет

- 3 жылда 1 рет

- 4 жылда 1 рет

- 5 жылда 1 рет

 

?

Амбулаторияға созылмалы ЖИА, мезгіл-мезгіл қарыншаүстілік тахикардия ұстамасы бар науқас көрінді. Қолдаушы (поддерживающая) терапия ретінде таңдау препараты қайсысы:

+ кордорон

- новокаинамид

- эналаприл

- панангин

- атропин

 

?

Ауыр емес ағымды ауруханадан тыс пневмония кезіндегі еңбекке жарамсыздықтың болжамды уақыты:

- 3 күн

- 6 күн

- 9 күн

- 12 күн

+ 15 күн

 

?

74 жастағы науқас тыныс алуға байланыссыз төс артындағы қысып ауырсынуға және аурысынудың ұстама тәрізді үдеуіне шағымданады. Нитроглицеринді қабылдау еш нәтижесіз. Осы науқас үшін зерттеу әдістері:

+ ЭКГ, тропонин Т

- Tl201 –мен сцинтиграфия

- ЭхоКГ добутаминмен

- ЭКГ физикалық күштемемен

- ЭКГ тәуліктік бақылау

 

?

Ұзақ жылдар бойы бронхообструктивті синдромы бар 65 жастағы науқаста ентігу ұстамалары, аздаған көлемді қақырық бөлінумен жүретін жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, шыққан зәр мөлшерінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастральды аймақтағы пульсация, өкпе артериясы үстінде ІІ тонның акценті, тахикардия, бауырдың үлкеюі, ісінулер көрінеді. ЭКГ- дегі көрінісі:

- қарынша ішілік блокада

- сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

- сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы

+ оң жақ қарыншаның гипертрофиясы

- Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы

 

?

Келесі көріністер қандай пневмония үшін тән: анамнезінде - қонақүйлерде, пансионаттарда кондиционерлерді, душ бөлмелерін қолдану; айқвн интоксикациямен, миалгиямен, артралгиямен, жөтелмен, абдоминальды ауырсынулармен, диареямен жүретін фебрильді қызба; қанда – лимфоцитопениямен лейкоцитоз, ЭТЖ 50 мм/сағ:

- Хламидиялық

+ Легионеллездік

- Микоплазмалық

- Пневмококтік

- Стафилококтік

 

?

Науқаста ЭКГ мәліметтері бойынша жедел трансмуральды миокард инфаркті анықталған. Осы диагнозды ЭКГ-дегі қандай өзгерістер көрсетеді:

+ Терең, жалпақ QS тісшесі

- Теріс, коронарлы Т тісшесі

- ST сегментінің изолиниядан төмен түсуі

- ST сегментінің изолиниядан жоғары көтерілуі

- P-Q интервалының ұзаруы

 

?

67 жастағы пациент ентігу мен аздаған фикалық жүктемені істей алмайтындығына шағымданады. Қарағанда: бұғана үсті аймақтарының шығып тұрады, кеуде клеткасы бөшке тәрізді пішінді. Тынысы – тыныс шығарғанда аузын жауып жағын үріп (алқынып, ырсылдап) дем алады. Рентгенограмма жүргізілді: өкпенің жоғарғы айқындылығы, қабырға аралықтардың кеңеюі, көкет күмбезінің жазықтануы.

Берілген клиникалық көрініс тән:

- Спонтанды пневмотораксқа

- Өкпеден қан кетуге

- Өкпенің кавернозды туберкулезіне

- Ауруханадан тыс пневмонияға

+ Өкпе эмфиземасына

 

?

Денсаулық сақтау мекемелеріндегі денсаулық мектептерінің құрылу орны:

+ алғашқы медико-санитарлық көмекті көрсететін жерде

- стационарлық көмекті көрететін жерде

- Лабораторлы-диагностикалық көмекті көрсететін жерде

- Арнайы көмек көрсететін жерде

- Жоғары арнайы көмек көрсететін жерде

 

?

47 жастағы ер адам, анамнезінде – оң жақты аурууханадан тыс пневмония. Жөтелгенде күшейетін оң жақ кеуде қуысындағы ауырсынуға, қақырықсыз жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: тыныс алғанда кеуде қуысының оң жағының қалып қоюы, оң жақтан қабырға аралықтарынң тегістелуі. Аускультацияда – кеуде қуысының оң жақ бөлігінде тыныс шулары естілмейді. Бүйір проекциядағы рентгенограммада – артқы қабырға- көкеттік бұрышта сұйықтық бар. Берілген жағдайдағы ең бірінші зерттеу әдісі:

+ Плевра қуысын пункциялау

- Бронхоальвеолярлы лаваж

- Ультрасонография

- Радионуклидті сканирлеу

- Медиастиноскопия

 

?

Европалық кардиологиялық бірлестіктің 2008 (ESC) шешімі бойынша қазіргі таңдағы өкпе тамырларындағы тромбтың барлығын растайтын тиімді әдіс:

+ Компьютерлі томография

- Эхокардиография

- D-димер деңгейін анықтау

- Өкпе тамырларының ангиографиясы

- Вентиляционды-перфузионды сцинтиграфия

 

?

Иммунизационды тәжірибе бойынша кеңесшілер Комитетінің (Advisory Committee on Immunization Practice – ACIP, 1997) нұскауларына сәйкес тұмауға қарсы екпе жүргізудің қолайлы уақыты:

- тамыз – қыркүйектің алғашқы жартысы

- қыркүйек – қазанның алғашқы жартысы

+ қазан- қарашаның алғашқы жартысы

- қараша – желтоқсанның алғашқы жартысы

- желтоқсан-қаңтардың алғашқы жартысы

 

?

АИВ жұқтырған науқастардағы пневмонияның жиі қоздырғышы:

- Пневмококк

+ Пневмоциста

- Гемофильді таяқша

- Анаэробты микроорганизмдер

- Көк іріңді таяқша

 

?

67 жастағы пацент үйіне дәрігер шақырды. Шағымдары: аз қақырықты жөтел, ентігу, себепсіз әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, 38,5ºС дейін дене температурасының жоғарлауы. Жоғарыда айтылған шағымдар науқасты екі күн бойы мазалайды. Болжамды диагноз:

- Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

+ Ауруханадан тыс пневмонию

- Өкпе абсцесі

- Жедел жүрек жеткіліксіздігі

- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

?

57 жастағы пациент аз қақырықты жөтел, ентігу, себепсіз әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, 38,5ºС дейін дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Амоксициллин 0,5 г күніне 3 рет 3 күн бойы қабылдаған. Антибактериальды терапияның нәтижелілігінің критерийі:

- Бактериологиялық зерттегенде микрофлораның антибактериалды препаратқа деген жоғары сезімталдығының болуы

- ЭТЖ төмендеуі

+ Дене температурасының төмендеуі және интоксикацияның азаюы

- Жөтел қарқындылығының төмендеуі

- Бас ауырудың айқындылығының төмендеуі

 

?

68 жастағы пациент жөтелге, дене температурасының 38ºС дейін жоғарлауына, дем алғанда кеуде қуысындағы ауырсынуға, себепсз әлсіздікке, шағымданып келді. Жоғарыдағы шағымдар 1 күн бұрын тоңазығаннан кейін пайда болды. Анамнезінде – асқазанның ойық жаралы ауруы, қантты диабет, жүректің ишемиялық ауруы. Науқасты емдеудегі таңдау препараты:

- Макролидтер

+ Респираторлы фторхинолондар

- Иммуномодуляторлар

- «Қорғалған» аминопенициллиндер

- β-лактамды антибиотиктер

 

?

38 жастағы пациент, санитар. Шағымдары: 38,4°С дене температурасының жоғарлауы, аздаған көлемдегі қақырықпен жүретін жөтел, жалпы әлсіздік – соңғы күндері пайда болды. 4 ай бұрын тұмауға қарсы екпе алған. Қарағанда - өкпесінің оң жағында тыныс шуларының естілуінің төмендеуі, шектелген бөлігінде ылғалды сыңғырлаған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 24, ЖСЖ- минутына 102, АҚ 110/70 мм.сын.бағ.. Қан анализінде - лейкоциттер 16х109/л дейін.

Берілген жағдайдағы ең бірінші кезектегі зерттеу:

- Қанның биохимиялық анализі

- Артериалды қандағы газдардың мөлшерін анықтау

- Қақырық анализі

+ Кеуде қуысының рентгенографиясы

- Қанды антибиотиктерге сезімталдығына себу

 

?

49 жастағы ер адам 2 ай бойы таңертең шығатын шырышты қақырықпен жүретін жөтелге, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданып келді. 20 жыл бойы күніне 20 темекіден тартады, алкоголь шамадан тыс қабылдайды. Қарағанда- кеуде клеткасының деформациясы - «етікші кеудесі». Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) дамуының қауіп факторлары:

- кеуде қуысы құрылысының аномалиясы

- IgM өндірілуінің төмендеуі

- алкогольды шамадан тыс қабылдау

+ активті және пассивті темекі тарту

- біріншілік өкпелік гипертензия

 

?

28 жастағы әйел 2 апта бойы шырышты қақырықпен жүретін жөтелге, қосымша қойнаулар аймағындағы дискомфортқа, шырыштың тыныс жолдарына ағып кетуіне шағымданып келді. Берілген патологиядағы диагнотикалық зерттеу:

- Қақырықты бактериологиялық зерттеу

- Спирометрия

- Бронхография

- кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы

+ мұрынның қосымша қойнауларының рентгенографисы

 

?

Әйел 38 жаста, айқын ентігумен, аздаған шырышты қақырық бөлінуімен жүретін азапты жөтелге, дене температурасының 38,5ºС дейін жоғарлауына шағымданады. Тұмаудан кейін ауырған. Анамнезінен – 15 жыл бойы темекі тартады. Қарағанда – аңқасының гиперемиясы. Аускультативті – қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар. Спирометрияда – обструктивті синдром. Рентгенография - өкпе суретінің күшеюі. Осы жағдайды емдеудегі препараттар тобы:

- Антибактериальды

- Вирусқа қарсы заттар

+ β2-адреномиметиктерв

- Глюкокортикоидтар

- Жөтелге қарсы

 

?

Пациент кездейсоқ (туысымен бірге) өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОА) байланысты денсаулық мектебіне келді. Сонымен қатар әрдайым темекі тартатындығын айтты. Дәрігер темекі тартудың зияндылығы туралы әңгіме жүргізіп, егер темекі тартуды жалғастыратын болса ауру дамуы мүмкіндігін айтты. Осы пациентте темекі тартуын әрі қарай жалғастырса ӨСОА-ның айқын клиникалық көріністері қашан көрінеді:

- 3 жылдан кейін

- 5 жылдан кейін

- 7 жылдан кейін

+ 10 жылдан кейін

- 15 жылдан кейін

 

?

42 жастағы пациент тоңазығаннан кейін пайда болған жөтелге шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы бронхит. Дәрігер қақырық анализін тағайындады. Өршу кезінде қақырықта болуы мүмкін:

- көп мөлшерде атипиялық көріністері бар клеткалар

+ көп мөлшерде нейтрофильді лейкоциттер

- көп мөлшерде эозинофилдер

- көп мөлшерде эластикалық талшықтар

- көп мөлшерде эритроциттер

 

?

57 жастағы ер адам. Бірінші рет ұзақтығы 40 минуттан жоғары жүрек маңындағы қысып ауырсыну алаңдатты, аралас көріністі ентігу, өлім қорқынышының сезімі, әлсіздік. Объективті: жағдайы ауыр дәрежелі. Науқас басы көтерулі қалыпта жатуға мәжбүрлі. Тері қабаты боз, ылғалды. Өкпеден екі жақтың төменгі бөліктерінен майда және орташа көпіршікті сырылдар естіледі, бірен саран құрғақ сырылдар байқалады. ЖЖЖ 120 мин, АҚ – 110/80 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасының шетімен бір. ЭКГ – да III, AVF тіркемесінде ST сегментнінің жоғарылауы. Қарынша фибрилляциясы қандай мерзімде пайда болады:

+ ауру басталғаннан кейін 1,5-2 сағ ішінде

- ауру басталғаннан кейін 2-3 аптасында

- ауру басталғаннан кейін 7-10 тәулігінде

- ауру басталғаннан кейін 20 аптасында

- ауру басталғаннан кейін 30 тәулік өткеннен кейін

 

?

Пациент 56 жаста, 1 ай бұрын инфаркт миокардысын басынан өткерген, анамнезінде 2 типті қант диабеті. Қадағалаудың басында дәрігерге қаралудың ұсынылған жиілігі:

+ 1 айда 1 реттен кем емес

- 2 айда 1 реттен кем емес

- 3 айда 1 реттен кем емес

- 4 айда 1 реттен кем емес

- 6 айда 1 реттен кем емес

 

?

Пациент 74 жаста, анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, аортокоронарлы шунтирлеуді басынан өткерген. Емді уақытылы қабылдады. Төменгі тығыздықты липопротеидтердің мақсаттық дәрежесі (ЕОК ұсынысына сәйкес, 2012, 5 бірлескен жұмысық топ):

+ < 1.8 ммоль/л

- < 2,5 ммоль/л

- < 2,8 ммоль/л

- < 3,0 ммоль/л

- < 3,8 ммоль/л

 

?

Науқаста жедел инфарктті миокардтың 4-ші аптасында көкірек артында интенсивті қысып ауырсыну пайда болды, ЭКН – ге теріс динамика туындады және АСТ, АЛТ, КФК-МВ белсенділігі артты. Жағдайдың нашарлауын қалай бағалауға болады:

- ТЭЛА

+ рецидивті инфаркт миокарда

- қайталамалы инфаркт миокарда

- Дресслер синдромының дамуы

- нұсқалық стенокардия

 

?

44 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелі дәрігерді жүрек маңындағы ауырсынуға, жүрек соғуына шағымданып шақырды.Электрокардиография арқылы жедел инфарктты миокард фонында политопты топтық қарыншалық экстрасистола анықталды. Емдік шара:

- Этацизин.

+ Лидокаин.

- АТФ.

- Новокаинамид.

- Строфантин.

 

?

49 жастағы ер адам Q тісшесі жоқ алдыңғы таралған инфаркт миокардысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевра үйкеліс шуы пайда болған. Болжамды диагноз:

- Инфекционды эндокардит

+ Инфаркттен кейінгі синдром

- Перикардит

- Плеврит

- Сепсис

 

?

Қыз бала 6 жаста. Ұстама тәрізді жөтелге, шулы тыныс алуға шағымданады. Тұншығу ұстамасы шоколадты тұтынғаннан кейін пайда болды. Қаралу кезінде жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, жақын арадан естілетін тыныс алу, өкпеден қораптық көрінісі бар перкуторлы дыбыс, барлық өкпе беткейінен құрғақ сырылдар, тондар тұйықталған.Көкірек қуысының рентгеннограммасында – түбір маңы аймақтарында бронхөкпелік көріністің күшеюі, мөлдірлігінің жоғарылауы, ошақты көлеңкелер жоқ. Ұстаманы басу үшін не тағайындаған жөн:

- Адреналин

+ Сальбутамол

- Глюканат кальция

- Эуфиллин

- Глюкоза

 

?

Науқас 27 жаста, з күн бұрын аяқ астынан қалтырау, құрғақ жөтел, оң жағында ауырсыну, 38,5 С қызба пайда болды. Көкірек қуысының оң жақ бөлігі тыныс алу кезінде қалып қояды. Перкуторлы бұғана орта сызығы бойынша 3 – ші қабырғааралықта және артқы жауырынаралық аумағының ортаңғы аймағында - тұйыұталған дыбыс, бұл аймақ тыныс алуға қатыспайды. Жүректің сол жақ салыстырмалы тұйықтық шекарасы1,5 см ге ортаңғы – бұғаналық сызықтан сыртқа қарай жылжыған. Болжамды диагноз:

+ Оң жақты экссудативті плеврит

- Оң жақтың төменгі бөлігінде ошақтық пневмония

- Оң жақтағы крупозды пневмония

- Созылмалы бронхиттің асқынуы

- Оң жақтық гидроторакс

 

?

Балада 3 күннен бері қызба, ентігу, ылғалды жөтел, перкуторлы дыбыстың локальды қысқаруы бар. Осы белгілер қандай ауруға тиесілі:

- Жедел бронхитке

- Созылмалы бронхитке

+ Жедел пневмонияға

- Бронх демікпесіне

- Круп синдромына

 

?

Науқас Б. 16 жаста үшінші дәрежелі белсенділігі бар жедел ревматикалық қызбамен ауырады. Преднизолонның тағайындау дозасы қандай болу керек:

- 10 мг/тәу

+ 20 мг/ тәу

- 60 мг/ тәу

- 100 мг/ тәу

- 120 мг/ тәу

 

?

Учаскелік дәрігердің қабылдауында науқас соңғы ай ішінде жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температура пайда болуына,әлсіздікке, түнгі уақытта тершеңдікке шағымданады, 4 кгарықтаған. Анамнезінде:туберкулезбен ауыратын адаммен қатынаста болған. Объективті: өкпе аускультациясы кезінде тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді.

Болжам диагнозды растау үшін диагностикалық мағлұматты тексеру:

-жалпы қан анализі

+ қақырықтың бактериоскопиясы

-жалпы қақырық анализі

-қақырықтың антибиотикограммасы

-атипиялық клеткаларға қақырық

 

?

Науқаста аяқ астынан жүрек соғу ұстамасы пайда болды (160 мин), артынан дәрігер каротидті синустың массажы арқылы басты. Жүрек ұстамасының пайда болуының негізі:

- синусты тахикардиямен

- пароксизмальды жыбырлық аритмиямен

- пароксизмальды жүрек дірілімен

+ пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен

- пакроксизмальды қарыншалық тазикардиямен

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Прочитайте текст и выполните задания 1-3. | 1. ауырлық сарыаурудың пайда болуының себебі:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.221 сек.)