Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті



№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті

Нұсқа-2

 

?

Науқас М., 40 жаста төс артындағы жедел ауырсынуларға шағымданады, ауырсынулар мойынға беріледі және тыныс алғанда күшейеді. Ауырсыну кеше кешкі уақытта пайда болды, біртіндеп күшейіп, таңертеңгі уақытта жоғарғы шегіне жетті. Бір апта бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ. Қандай патология деп ойлауға болады:

- Миокард инфарктісі

- Жедел трахеобронхит

+ Жедел перикардит

- Остеохондроз

- Титце синдромы

 

?

Қабылдауға 30 жасар М. атты науқас келді, анамнезінде: шырышты қақырықты жөтел, дауыстың қарлығуы, тамағының қырылдауы, дене қызуының 38С жоғарылауы. Дәрігерге 4 күн бұрын қаралды. Тексеру барысында (ЖҚА, рентгенологиялық тексеру) мынадай диагноз қабылды: Жедел пневмония. Пенициллинмен ем тағайындалды. Емнен эффект болған жоқ. Дәрігерлік тактика:

- емді 10 күнге

+ азитромицин тағайындау

- стационарға жедел госпитализациялау

-пенициллинді алып тастау және кефзол тағайындау

-сульфаниламид қосу

 

?

Қашан пайда болған пневмонияны нозокомиальды деп атайды:

-бұрын ем қабылдамаған адамда

-науқастың госпитализациясынан 48 сағ бұрын

- жүкті әйелде жүктіліктің 20 аптасынан кейін

+ науқастың госпитализациясынан 48 сағ өткен соң

- үй жағдайында басқа аурудан емделген науқаста

 

?

Абсцеспен асқынған ауыр пневмонияда дәрігер бірінші кезекте жасауға міндетті:

+бронх ағашының дренажын қалпына келтіру

-жөтелді рефлексті басу арқылы жөтелді жою

-пневмококк барына қақырықты зерттеу

-Квейн сынамасын жүргізу

-медиастиноскопия жүргізу

 

?

Науқас 20 жаста, студент, жөтел ұстамасымен кезеңдік экспираторлы тұншығуға және кедесінде сырылдар сезінуіне шағымданады. 2 жыл ауырады. Ұстама жиі түнде дамып бір сағат ішінде барлық симптомдардың қайтуымен жүреді. Дәрі қабылдамаған. Жастық шағынан көктем мезгілінде вазомоторный ринит байқалған. Күніне 1,5 қорап темекі тартады. Анасында бронхиальді демікпесі. Объективті және рентгенологиялық тексеруде патология анықталмады. Қан анализінде 6% эозинофилдер. Қандай ауру жайлы ойлауға болады:



- Атопиялық бронхиальді демікпе, орташа ауыр ағымы

- Инфекционды-тәуелді бронхиальді демікпе, жеңіл ағымы

- Созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағымы, өршуі

- Жедел катаральді бронхит, орташа ауырлық дәрежесі

+ Атопиялық бронхиальді демікпе, жеңіл ағымы

 

?

Кеуде торының бөшкетәрізді формасы, қол саусақтарының тырнақтарының формасының өзгеруі («сағат әйнектері»), ентігу – жиі белгілері болып табылады:

- Пневмоторакстың

- Жедел респираторлы аурудың

- Жедел пневмонияның

- Жедел бронхиттің

+ Өкпе эмфиземасының

 

?

Науқаста физикалық жүктемеден кейін ентігу ұстамасы пайда болды, ол тұншығумен, ақшыл қызыл түсті көпіршікті қақырықты жөтелмен қатар жүреді. Қарағанда: өкпеде екі жақта ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар, жыбыр аритмиясы, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі. Берілген симптомдар қандай патологияға тән:

- Бронх демікпесінің ұстамасы

+ Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік

- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- Спонтанды пневмоторакс

- Инфарктты пневмония

 

?

Әйел 69 жаста, әлсіздіке, тәбеттің жоғалуына, аз мөлшерлі шырышты қақырықты жөтелге, ұйқышылдыққа, көңіл күйінің түсуіне, кей кезде санасының бұлыңғырлануына шағымданады. Аурудың басталуын ешнәрсемен байланыстырмайды. Анамнезінде ЖИА, туберкулез. Қарағанда: аздаған ерін цианозы, терісі құрғақ,дене қызуы- 37,20 С, АҚ -85/40 мм.сб. Жүрек тондары тұйық, қолқа үстінен күшейген ІІ тон. ЖЖЖ-80 рет 1мин. Өкпесінде оң жақта жауырын бұрышында әлсіреген тыныс. Басқа бөлімдерінде – везикулярлы тыныс, тілі ылғалды, түбірінде ақ жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ. Болжам диагноз:

- Депрессия

- Этиологиясы белгісіз обыр

+ Оңжақты пневмония

- ГА – ағымының нашарлауы

- ЖИА, жедел жүрек жеткіліксіздігі

 

?

Науқас 22 жаста, спортшы, қалтыраумен қатар дене қызуының 390С дейін жоғарылауымен, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігумен, тәбеттің жоқ болуымен түсті. Бір ай шамасында ауырады. Қарағанда: тері жабындылары сарғыш, бозғылт, аяғында петехиальды бөртпелер. Өкпесінде – аздаған ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйық, Боткин нүктесінде систолалық шу. Пульс - 106 соққы/мин. АҚ - 120/40 мм.сб. Бауыры қабырға доғасынан 5см шығыңқы, пальпацияда ауырсынады. Балтырдың аздаған ісінуі. Болжам диагноз:

+ Инфекциялық эндокардит

- Пневмония

- Бауыр циррозы

- Ревмокардит

- Миокардит

 

?

ІІ дәрежелі артериальды гипертензиямен ауыратын науқастарға еңбектің келесі түрі көрсетілген:

- Аса жоғары физикалық жүктемемен жұмыс

- Аса жоғары жүйке−психикалық жүктемемен жұмыс

- Түнгі ауысым

- Шу, вибрация

+ Орташа физикалық жүктемемен жұмыс

 

?

Бронх демікпесімен ауыратын науқастың жанұя мүшелерінің арасында алдын алу мониторингісін өткізу үшін жалпы тәжірибелік дәрігердің ролі:

+ ЖРА уақытылы емдеу туралы хабарландыру

- бронхолитиктерді профилактикалық түрде тағайындау

- бронх демікпесінің дәрілік емес емдеу әдістерін өткізу

- пульмонолог кеңесіне бағыттау

- аллергендермен байланысты болдырмау туралы науқастарда гигиеналық дағдыларды білмеуі

 

?

МИ науқас стационардан шыққан соң амбулаторлы жағдайда қандай ем тағайындалады:

- антибиотиктер

+ В-блокаторлар, нитраттар

- адреномиметиктер

- СЕҚҚЗ

- аортокоронарлы шунттау

 

?

Миокард инфарктісінің алдын алу кешені қарастырады:

+ липидтер деңгейін бақылау (концентрация ХС ТТЛП 2,57 ммоль\л аз).

- АҚ 150\90 – 155\95 мм.сб. деңгейінде бақылау

- ҚД бақылау: капиллярлы қанда аш қарындағы гликемия 6,5 ммоль\л жоғары емес.

- тұзды шектеумен емдәм

- транквилизаторлар көмегімен жүйке эмоционалды статус арқылы қалпына келтіру

 

?

Миокард инфарктісінің нақты ЭКГ-критерилері болып табылады:

- ST сегментінің элевациясы;

- ST сегментінің депрессиясы;

+екі тіркемеде Q тісшесі 30 мс көп және тереңдігі 2 мм көп;

- екі тіркемеде J нүктесінен 1 мм 20 мс соң ST сегментінің жоғарылауы немесе депрессиясы;

- ST сегментінің депрессиясы;

 

?

47 жастағы ер адам, 2 ай бойы төс артының қвсвп ауруына шағымданады, ауырсыну 500 м орташа темппен жүргенде пайда болады, немесе баспалдақпен 3қабатқа көтерілгенде, өте сирек ауырсыну тыныштық күйде пайда болады. Бұл стенокардияны қалай жіктеуге болады

-Тұрақты емес стенокардия

-Жүректің ишемиялық ауруының аралық формасы

+Тұрақты күш түсу стенокардиясы

-Вариантты стенокардия

-Бірінші рет дамыған стенокардия

 

 

?

Науқас М 20 жаста, жүрек тұсындағы шаншып ауырсынуға жүрек қағысына,әлсіздікке, өзін нашар сезінуіне шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған.Қарау барысында жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған. барлық жүрек нүктелерінде систалалық шу естіледі, иррадиациясыз. ЧСС-90 1 минутта. температура 37.7 C. Лабороториялық зерттеуде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, С реактивті белок. ЭКГ-да реполизацияның бұзылуы қарынша ішілік өткізгіштігі баяулаған. Алғашқы диагноз:

-Перикардит

-Кардиомиопатия

-Миокардиодистрофия

-Нейроциркулярлы дистания

+Миокардит

 

?

Науқас 50 жаста, үнемі аз мөлшерді қақырықпен жүретін жөтел мазалайды, физикалық жүктемеде демікпе. Анамнезінен: 15 жылдан көп уақыт темекі тартады. Объективті кеуде клеткасы бочка тәрізді формасы. Бұғана үсті кеңістігі дүмпиген. дауыс дірілі екі жақта әлсіреген. перкуторлы қорапты дыбыс.Аускультативті демі қатқыл ұзарған, дем шығарғанда ұзарған. шеткері бөлімдерде сырылдар, дем шығарғанда күшейеді. Бұл жағдайда информативті диагностикалық зерттеу:

-Кеуде клеткасының рентгенографиясы

-Жалпы қақырық анализі

-Өкпенің компьютерлі томография

-Бронхоскапия

+Спирография

 

?

Жас бала 15 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл көлемге дейінгі шырышты-іріңді иісті жөтелге, қанқақыруға,дене қызуының 38,2 С жоғарылауына,дімкәстікке, ентігуге шағымданып келді. Балалық шақта жиі жөтелді байқаған. Соңғы 5 жыл бойы – жылсайынғы өршулер. Болжам диагноз:

- бронхоэктазды ауру

- өкпе обыры

- өкпенің созылмалы абсцесі

+ созылмалы бронхит

- өкпе поликистозы

 

?

Науқас Р жұмыстан кеуде ауруына байланысты 1.03. - 6.03 аралығында босатылған. 6.03 дәрігер қабылдауына келген,әлі сырқаттанған. Қабылдауға келгенде науқас дәрігердің рұқсатынсыз 3.03 күні жұмысқа шыққаны турвлы белгілі болды. Осы жағдайда науқастың еңбекке жарамсыздық парағы жасалу керек

-095/у формалы анықтама 1.03 бастап

+Еңбекке жарамсыздық парағын 7.03 жалғастырып, бұзылған режим туралы белгілеу

-Еңбекке жарамсыздық парағын жабу

-094/у формалы анықтамасын 1.03 бастап

-ВКК анықтамасын беру

 

?

Науқас Қ 38 жаста, ұзақ уақыт бойы тұншығу ұстамасы, экспираторлы демікпе мазалайды. Тұншығу ұстамасын беротекпен басады,Екі жыл көлемінде күніне 10мг преднизолон қабылдайды. Дем шығарудың жылдамдық шыңы - 65 %. Науқастың базисті терапиясы

-Теофиллин

-Ипротропиум брамит

+Беклометазон

-Сальмитерол

-Дексаметазон

 

?

Науқас М 60 жаста.Қайталанатын бас ауырсынуына, бір жыл көлемінде бас айналуына шағымданады. Бірнеше рет бас ауырған соң АД-ың 170/100 мм с.б. жоғарлауын айтқан. Сұрастыру барысында анасында АҚ жоғары болған, 57 жасында инсульттан кейін қайтыс болған. Науқастың тамақтануы көп, темекіні көп тартады, сыра мен майлы тағамдарды жақсы көреді.Алғашқы диагноз

-Артериальді гипертензия, I дәрежелі, қауіп III

+Артериальді гипертензия,II дәреже, қауіп III

-Артериальді гипертензия,II дәреже, қауіп IV

-Артериальді гипертензия,III дәреже, қауіп III

-Артериальді гипертензия,III дәреже, қауіпIV

 

?

ИМ ерте кезенінде 7-10күн аралығында ВЭМ сынамасын қандай мақсатпен жасайды

+әртүрлі физикалық күштемеден түсетін аритмияларды анықтау

-рецедивтиі ауырсынулардың генезін анықтау

Аурудың болжамын анықтау және адегватты шараларды тандау

Зақымдалған тәж артерияларының санын және олрдын стенозының дәрежесін анықтау

Зақымдалған тәж артерияларының дәрежесін анықтау

 

?

Сол жақта ІІ қабырға аралықта науқаста үздіксіз систолодиастолық шу анықталды: ЭКГ – сол жақ қарыншаға куш түсу белгілері. Рентгеноскопияда – өкпе суретінін күшеюі,өкпе артериясының доғасының ісінуі,жоғарлаған қолқа пульсациясы, сол жақ қарыншамен жүрекшенің ұлғаюы. Науқаста қандай ақау:

- қолқа коарктациясы

- Эбштейн аномалиясы

- Лютембаше синдромы

+ артериальды өзектің бітелмеуі

- өкпе артериясының стенозы

 

?

Науқаста соңғы ай ішінде жөтелу, әлсіздік, түнгі уақытта тершеңдік,3 кг арықтады. Объективті: өкпе аускультациясы кезінде өкпе тыныс алуы везикулярлы, сырылдар естілмейді. ЖТД өкпе туберкулезді болжайды. Болжам диагнозды растау үшін нақты тексеріс түрі:

- жалпы қан анализі

- жалпы қақырық анализі

+ МТға қақырық

- қақырықтың антибиотикограммасы

- атипиялық клеткаларға қақырық

 

?

Гипертензияның екінші дәрежесіне артериальды қысымның қандай сандары тән

- 130/80 - 150/95 мм. сб.

- 140/90 - 159/99 мм. сб.

- 180/110 - 200/120 мм. сб.

- 120/70 -140/85 мм. сб.

+ 160/100 - 179/109 мм. сб.

 

?

Жедел миокард инфарктісін басынан өткерген науқаста кеуде торында ауырсыну, қызба, перикардтың үйкеліс шуы,ЭТЖ жоғарылауы, ЭКГда өзгеріс динамикасы ерекшеліктерсіз.Болжам диагноз:

- миокардтың зақымдалу зонасының таралуы

- идиопатиялық перикардит

+ Дресслер синдромы

- миокардтың жыртылуы

- жүрек хордаларының жыртылуы

 

?

22 жастағы жас жігітте қарыншааралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігінің айқын гипертрофиясымен және шығу трактісінің обструкциясымен жүретін сол жақ қарыншаның бос қабырғасымен қатар жүретін кардиомегалия анықталды. Қандай топ препараттарын тағайындау дұрыс:

- Нитраттарды

- ААФ ингибиторларын

+ в-адреноблокаторларды

- Кальций антагонистерін

- Жүрек гликозидтерін

 

?

38 жастағы әйел,ЖСРАмен ауырады,тыныштық кезде айқын ентігуге, тұншығу ұстамаларына, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: дене бітімі астеникалық, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпесінде іркілген сырылдар; жүрек ұшында иррадициясыз диастолалық шу естіледі, жыбыр аритмиясы. Митральды тесіктің ауданы – 1,2 см2, айқын өкпе гипертензиясы. Науқасқа қандай ем түрі көрсетілген:

- Инотропты терапия

- Дезагрегантты терапия

- Аритмияға қарсы терапия

- Антикоагулянтты терапия

+ Ақаудың хирургиялық коррекциясы

 

?

58 жастағы ер адамда кең тараған миокард инфарктісінен бір жыл уақыт өткен соң ортопноэ, түнгі жөтел, 120 рет мин жоғары тахикардия пайда болды.Қарағанда мойын көктамырларының ісінуі, гепатомегалия, аяқтардың ісінулері. ЭХОКГ: кардиомегалия. Науқаста СЖЖ қай сатысы дамыды:

- 0

- I

- IIА

+ IIБ

- III

 

?

15 жастағы жас бала екі апта бұрын баспамен ауырған соң беттің ісінуіне, басының ауыруына шағымданады. Үш күн бойы - диурездің азаюы. Қарағанда: беттің ісінуі, АҚ 140/100 мм.сб. Зәрде: белок – 0,99 г/л, эритроциттер 10 к/а. Артериальды гипертензияны басу үшін қандай препарат қажет:

- Капотен

- Верапамил

+ Фуросемид

- Амлодипин

- Спиронолактон

 

?

Әйел 58 жаста горизонтальды бағытта күшейетін инспираторлы ентігу ұстамасымен госпитализацияланды. Өкпесінде көптеген ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйық, тахикардия, өкпе артериясында II тон акценті. Анамнезінде: артериалды гипертензия, қант диабеті. ЭКГ: QS жәнеSТV2-V6 элевациясы ; қарыншалық экстрасистолия. Қандай терапияны бірінші кезекте тағайындайды:

- Аритмияға қарсы

+ Тромболитикалық

- Антиагрегантты

- Оксигенотерапия

- Метаболикалық

 

?

Ер адам 72 жаста төс артындағы интенсивті, нитраттармен басылмайтын ауырсынуларға,әлсіздікке шағымданады. Об-ті: жүрек тондарының тұйықтығы, тахикардия, гипотония.ЭКГ: сол жақ қарыншаның артқы бүйірлі қабырғасының зақымдалуы. Дамыған жағдайдың диагностикасы үшін мағлұматты зертханалық көрсеткіш:

- Жүрекшелік натрийуретикалық пептид

- С-реактивті белок

- Трансаминазлар

- Гомоцистеин

+ Тропонин I

 

?

Әйел 25 жаста бас айналуға, қысқа уақытқа естен тануға шағымданады. Қарауда: жүрек ұшында және төстен оң жақта мойын қан тамырларына берілетін систоланың ортасында максимальды естілетін дөрекі систолалық шу. ЭКГ -да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологиялық: жүрек конфигурациясы "жүзетін үйрек"түрінде. Қандай жүрек ақауы дамыды:

- Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы

- Трикуспидальды клапанның жеткіліксіздігі

- Митральды клапанның жеткіліксіздігі

- Өкпе артериясы саңылауының стенозы

+ Аорта сақылауының стенозы

 

?

Әйел 69 жаста,әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, аз мөлшердегі шырышты қақырықты жөтелге, ұйқышылдыққа, кейде қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын ешнәрсемен байланыстырмайды. Анамнезде: бастан өткерген туберкулез, АГ. Қарауда: терісі құрғақ, аз көлемдегі ерінінің цианозы, дене температурасы- 38,3°С, тілі ылғалды,ерінде герпес. Өкпеде: оң жақ жауырынның төменгі бұрышында тынысы әлсіреген, қалған аймақтарда тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйық, аортада П тонның акценты, ЖЖЖ-80 рет мин., АД - 145/80 мм сн.бағ. Науқастағы болжам диагноз:

+ ошақты пневмония

- өкпе туберкулезі

- АГ, гипертониялық криз

- өкпе ісігі

- астеникалық синдром

 

?

Еркек 76 жаста, артериальды гипертензияның ІІ дәрежесімен соңғы бірнеше күн дәрі-дәрмек қолданбаған. Жағдайының нашарлауын кешегі күннен байқалған, қатты бастың ауырсынуынан, жүрек маңындағы ауырсынумен басталғанын айтады. СВА қаралғанда АҚ-170/100 мм.сн.бағ. Госпитализациядан бас тартты. Дәрігер тағайындаған гипотензивті препараттардан кейін ауыздағы құрғақтық, құрғақ жөтел, еріннің аллергиялық ісінуі, диурездің жиілеуі. Осы перепараттардың кайсысы осы асқынуларды шақырады:

- Верапамил

- Атенолол

+ Эналаприл

- Гипотиазид

- Физиотенс

 

?

Рентгенограммада өкпенің күшейген мөлдірлігі, қабырғааралықтардың кеңеюі, көкет күмбезінің тегістелуі ненің белгілері болып табылады:

-спонтанды пневмоторакстың

+өкпе эмфиземасының

-өкпе абсцесінің

-өкпенің кавернозды туберкулезінің

-пневмонияның

 

?

Кенет пайда болған ентікпеде, кеудедегі ауырсыну, тахикардия, қан түкіру, плевраның үйкеліс шуы, цианоз тіпті аяқ веналарының варикозды кеңеюі бар науқастарда бірінші кезекте жоққа шығару қажет:

- асқазан ойық жарасының тесілуі

- астматикалық статус

+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- өкпе бөлігінің ателектазы

- өкпенің ошақты туберкулезі

 

?

ИМ ерте кезенінде 7-10күн аралығында ВЭМ сынамасын қандай мақсатпен жасайды

+әртүрлі физикалық күштемеден түсетін аритмияларды анықтау

-рецедивтиі ауырсынулардың генезін анықтау

- аурудың болжамын анықтау және адегватты шараларды тандау

- зақымдалған тәж артерияларының санын және олрдын стенозының дәрежесін анықтау

- зақымдалған тәж артерияларының дәрежесін анықтау

 

?

Науқас 29 жаста жүрек маңында анықталмаған түрде ауырсынуларға, тұрақты әлсіздікке,ұйқышылдыққа, жүрек қағысының бұзылуына, физикалық жүктеме кезінде тершеңдікке шағымданады. Кешкі уақытта дене қызуы 37,30С дейін жоғарылайды. Өткен айда суықтанудан кейін басқа ешқандай аурулармен ауырмаған. Пәтерінде туберкулезбен ауыратын, қарт жұмыссыз адам тұрады. Қан анализі, зәр анализі қалыпты. Жүрек үстінен систолалық шу тыңдалады,ЖЖЖ 100 рет 1 мин. ЭКГ: PQ 0,26с. Өткізгіштіктің қарыншаішілік бұзылуы.Алдын-ала диагноз:

- Өкпе туберкулезі

- Тұрақсыз стенокардия

- Жүрек ырғағының пароксизмальды бұзылысы

+ Миокардит

- Перикардит

 

?

Науқас П 43жаста. анамнезі созылмалы ревматикалық жүрек ауруы. Объективті: аускультацияда жүректін онлжақ ІІ қабырға аралық та журек негізінде диастолі шу, шетекері сан артерияларында екі еселенген тон Траубе және екі еселенген Дюрозье шуы естіледі. Жүректін қандай жүре пайда болған ақауында беріледі:

- Қолқа стенозы

+ Қолқа жеткіліксіздігі

- митральды стеноз

- митральды жеткіліксіздік

- үш жармалы қарыншанын жеткіліксіздігі

 

40 жастағы ер адам түнгі уақытта және ерте таңалды сағаттарда пайда болатын кеуде ауырсынуларына шағымданады.Күндізгі уақытта физикалық күштемені жақсы көтереді. Коронароангиографияда атеросклеротимия өзгерісі анықталған, сынама кезінде эргометриномия оң.Болжамды диагноз:

- ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ҚЖ II

- ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ҚЖ III

- ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ҚЖ IV

- ЖИА.Үдемелі стенокардия

+ ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

 

?

Артериальды өзектің бітіспеуінің негізгі аускультативті белгісі болып:

+ төстен сол жақта II қабырғааралықта үздіксіз шу мен діріл

- төстен оң жақта II қабырғааралықта систолалық шу

- жүрек ұшында протодиастолалық шу

- тһI нүктеде ерте диастолалық шу

- жүрек ұшындағы систолалық шу

 

?

Еркек 67 жаста нитроглицеринмен басылмайтын кеуде артындағы қысып ұстамалы тәрізді ауырсынуға шағымданады. Жалпы қарауда: жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс, ЖЖЖ - 80 рет мин, АҚ - 110/70 мм сн.бағ. Таңдау препараты болып:

- Милдронат

- Промедол

+ Кардикет

- Корвалол

- Баралгин

 

?

Дилатациялық кардиомиопатияның негізгі диагностикалық әдісі болып:

- ЭКГ

+ ЭхоКГ

- Сцинтиграфия

- Коронароангиография

- Позитронды-эмиссионды томография

 

?

Еркек 49 жаста Q тісшесіз алдыңғы-таралған миокард инфарктысы бойынша емделді. Үшінші аптада қалтырау, артралгия, плевра мен перикард үйкеліс шуы пайда болды. Болжам диагноз:

- Инфекционды эндокардит

+ Постинфарктты синдром

- Перикардит

- Плеврит

- Сепсис

 

?

Ауру А., 48 жаста, бронхиальды демікпемен ауырады, оның фонында ГЭРБ көріністері байқалды. Қандай дәрілік препараттарды науқасқа тағайындау қажет:

- домперидон, метоклопрамид

- папаверин, но-шпа, баралгин

- фенотерол, сальбутамол

+ теофиллин, нитраты

-омепразол, лансопразол

 

?

Науқас М., 40 жаста төс артындағы жедел ауырсынуларға шағымданады, ауырсынулар мойынға беріледі және тыныс алғанда күшейеді. Ауырсыну кеше кешкі уақытта пайда болды, біртіндеп күшейіп, таңертеңгі уақытта жоғарғы шегіне жетті. Бір апта бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ. Қандай патология деп ойлауға болады:

- Миокард инфарктісі

- Жедел трахеобронхит

+ Жедел перикардит

- Остеохондроз

- Титце синдромы

 

 

?

Еркек 45 жаста, амбулаторияға жүрек аймағындағы ауырсынумен келді. ЭКГ - да синусты ритм фонында кезексіз жиі қалыпты QRS комплекстер, деформирленген Р тісшесі, РQ интервалының қысқаруы және толық емес компенсаторлы пауза:

-синусты аритмия

-ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы блокада

+жүрекшеаралық экстрасистолия

-қарыншааларық экстрасистолия

- жыбыр аритмиясы.

 

?

Еркек 50 жаста, жалпы тәжірибе дәрігеріне бүкіл денесіндегі ісінуге шағымданып келді. 5 жыл ішінде оң жақ балтырында жыланкөз болды. АҚ жоғары емес. Қан анализінда гемоглобин 45 г/л, зәр анализінда – салыстырмалы тығыздығы 1015, ақуыз 10 г/л, көп гиалинді және түйіршікті цилиндрлер. Мочевина, креатинин қалыпты. Зимницский сынамасы өзгермеген. Болжам диагноз:

+ бүйректің екіншілік амилоидозы

-созылмалы гломерулонефрит

-созылмалы пиелонефрит

-жедел пиелонефрит

-біріншілік бүйрек амилоидозы

 

?

Әйел 45 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге тамақтанудан кейінгі жарты сағаттан соң пайда болып, физикалық жүктемеден соң және еңкейгенде күшейетін семсер тәрізді өсіндінің негізіндегі ашытып ауырсынуға, иррадиациясы жүрек маңына берілуіне; алмагельмен толығымен ауырсыну басылмауына шағымданып келді. Сонымен қатар ауамен кекіру, тұншығу ұстамалары, жөтел байқалады.Барий қосындысымен рентгендік тексеруде – контрастты заттың асқазаннан өңешке кері кетуі көрінеді. Науқаста қандай патология:

- рефлюкс-эзофагит

- өңеш рагы

+ кардия ахалазиясы

-бронх демікпесі

-созылмалы гастрит

 

?

Еркек 43 жаста,аспазшы, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін аз көлемдегі шырышты қақырықты жөтелге, жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14 жастан бастап темекі шегеді. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді формада, бұғанаүсті аймағы ісінген.Дауыс дірілі екі жақ бөлігінде де әлсіреген. Перкуторлы - қорапты дыбыс. Тынысы қатты тыныс шығаруы созылыңқы. Форсирленген тыныс шығаруда күшейетін бүйір бөлімдерінде дискантты сырылдар естіледі. Науқасқа қатысты дәрігердің тактикасы:

- жөтелге қарсы дәрілер

+ бронх кеңейтуші дәрілер

-витаминотерапия

-антиагреганттар

-седативті дәрілер

 

?

Еркек 30 жаста, участкелік дәрігерге бір айдан бері мазалайтын антибиотикке тұрақты 38 0С қызбаға, гипергидрозға шағымданды. Жалпы қарауда: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаю, нейтрофильді лейкоцитоз,ЭТЖ 50 мм/сағ дейін ұлғайған. Диагнозды анықтау үшін дәрігер тактикасы:

- цитостатиктерді сынамалы тағайындау

-антибиотиктерді жергілікті тағайындау

+ спецификалық емес терапияны сынамалы тағайындау

-кортикостероидтарды сынамалы тағайындау

-антибиотиктерді сынамалы тағайындау

 

?

Науқас К., 50 жаста он бес жылдан аса уақыттан бері созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлі учётте тұрады. Соңғы 15 жылдан бері созылмалы обструктивті бронхит бойынша тұр, соңғы 3 жылда АҚ 170/90 мм рт. ст. жоғарылауы байқалған. АҚ коррекциялау үшін науқасқа қай топ препараттарын тағайындауға болмайды:

-диуретиктер

-АПФ ингибиторлары

-нитраттар

-кальций антогонистері

+ β-адреноблокаторлар

 

?

Науқас әйел К., 56 жаста, типті қант диабеті бойынша диспансерлі бақылауда тұр, соңғы жыл ішінде стенокардия ұстамаларын байқаған. Берілген науқаста ЖИА емінде эффективті антиангинальды препараттар тобы:

+ кардиоселективті бета-блокаторлар

-селективті емес бета-блокаторлар

-нитраттар (монотерапия түрінде)

-ААФ ингибиторлары

-кальций антагонистері

 

?

Науқас, 63 жаста,ЖИА, стенокардия ФК ІІІ диагнозымен диспансерлі бақылауда тұр. Соңғы апта ішінде ангинозды ұстамалар жиіледі, ұзақтығы 7-9 минутқа жетті, бұл ұстамаларды басу үшін нитроглицериннің бірнеше таблеткасын қабылдау керек. Берілген жағдайда учаскелік дәрігердің тактикасы:

-қабылдайтын препараттар дозасын жоғарылату

-кардиолог кеңесіне бағыттама беру

+ кардиология бөлімшесіне стационарлы емге жіберу

-ұзақ уақыт әсер ететін нитраттарды тағайындау

-үй жағдайында стационар ұйымдастыру

 

?

50 жасар науқасты аз көлемді шырышты қақырықты жөтел, күштеме кезінде ентігу мазалайды.Анамнезінде:15 жылдан көп шылым шегеді. Объективті: кеуде торы бөшкетәрізді формада, бұғанаүстілік кеңістіктер шығыңқы. Екі жақта дауыс дірілінің әлсіреуі. Перкуторлы: қорапты дыбыс. Аускультацияда: тынысы қатқыл ұзарған тыныс шығарумен, бүйірлік бөлімдерінде сырылдар, форсирленген тыныс шығарғанда күшейеді. Берілген ауруда диагностикалық маңызды зерттеу:

-кеуде торының рентгенографиясы

-жалпы қақырық анализі

-өкпенің компьютерлі томографиясы

-бронхоскопия

+ спирография

 

?

Учаскелік дәрігердің қабылдауында науқас соңғы ай ішінде жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температура пайда болуына,әлсіздікке, түнгі уақытта тершеңдікке шағымданады, 4 кгарықтаған. Анамнезінде:туберкулезбен ауыратын адаммен қатынаста болған. Объективті: өкпе аускультациясы кезінде тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді.

Болжам диагнозды растау үшін диагностикалық мағлұматты тексеру:

-жалпы қан анализі

+ қақырықтың бактериоскопиясы

-жалпы қақырық анализі

-қақырықтың антибиотикограммасы

-атипиялық клеткаларға қақырық

 

?

30-жасар әйелге ревматикалық этиологиялы митральды қақпақшаның стенозы бойынша 2 ай бұрын ота жасалған. Қазіргі уақытта шағымдары жоқ. Объективті тексерген кезде өкпеде, жүректе, құрсақ қуысы мүшелерінде ауытқулар анықталған жоқ. Стеноз рецидивінің алдын алудың факторы:

-ацетилсалицил қышқылын кезеңді тағайындау

-тонзиллэктомия

-бициллинді маусымды тағайындау

+жыл бойы бициллинопрофилактика

-клопидогрель

 

?

Артериальды гипертензияның І дәрежесімен ауыратын 40 жасар науқасты тексеруді неден бастау керек:

-урография

-Зимницкий бойынша зәр анализі

-бүйректердің сцинтиграфиясы

+жүрек пен бүйректің УДЗсы

-бүйрек ангиографиясы

 

?

Антибактериальды терапияның эффективтілік критерилеріне жатпайды:

+жоғары дене қызуы

-интоксикация белгілерінің азаюы

-лейкоцитарлы формуланың қалпына келуі

-аускультативті берілгендердің оң динамикасы

-науқас жағдайының жақсаруы

 

?

Жыбыр аритмиясымен қатар толық АВ блокада синдромы қалай аталады:

- Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

- Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы

-Дресслер синдромы

+ Фредерик синдромы

-Синусты түйіннің әлсіздік синдромы

 

?

Аталған препараттардың қайсысы соңғы мәліметтер бойынша жүректің ишемиялық ауруымен науқастың өмірін ұзартады:

-Кальций антагонистері

-Статиндер

-Ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары

-Антиагреганттар

+ Бета-адреноблокаторлар

 

?

Науқас М., 63 жаста, кенеттен пайда болатын қатты бас ауырсыну ұстамаларымен бірге жүретін естен тануға шағымданады, ұстамалар 3 жыл бұрын басынан өткерген инфекциялық миокардиттен кейін пайда болды. Соңғы уақытта ұстамалардың жиілеуі айына 2-3 ретке дейін. АҚ 110/70 мм.сб., ЖЖЖ 57соққы 1 мин.ЭКГда PQ интервалының ұзаруы, тұрақты иоды Самойлова-Венкебаха кезеңдері. Берілген науқасқа оптимальды ем:

-Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау

-Бета-адреноблокаторлады тұрақты қабылдау

-М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау

+ Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу

-Аортокоронарлы шунттауды өткізу

 

?

Өзінің жағдайының нашарлауына байланысты 68 жастағы М атты науқас келді, ол ЖИА. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Артериальды гипертензия II, қауіп IV. ҚЖIIБ диагнозымен бақыланады. Әлсіздікке, бас ауруына, іштің кезеңді ауруына, көздің алдында екіеселенуге шағымданады. Дәрілерді үнемі қабылдайды. АҚ 150/90 мм.сб., ЖЖЖ 50 соққы 1 мин. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS кешені деформацияланған, барлық тіркемелерде ST интервалының изоэлектрлік линиядан «астаутәрізді» ығысуы, бигеминия типі бойынша қарыншалық экстрасистолиялар. Науқастың жағдайының нашарлауының себептері:

-Гипертониялық криз

-Жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы

+ Гликозидті интоксикация

- Қайталамалы миокард инфарктісі

-Ми қанайналымының бұзылуы

 

?

Алғаш пайда болған стенокардия кезінде дәрігерлік тактика:

- Амбулаторлы жағдайда емдеу

- Емхананың күндізгі стационар жағдайында емдеу

- Жоспарлы госпитализация

+Шұғыл госпитализация

- Ем жүргізілмейді

 

?

Әйел адам 55 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек маңындағы қысып ауыратын, физикалық жүктемемен байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин қабылдаған соң басылатын ауырсынуларға шағымданады. Аяқтардың төменгі бөліктерінің варикозды кеңеюімен ауырады, артериальды қысымның 160/90 мм.сб. жоғарылауы байқалады.12 стандартты тіркемелерде ЭКГ-да спецификалық өзгерістері жоқ. Келесі диагностикалық зерттеу қандай болады:

- Велоэргометрия

- Обзиданмен сынама

+Тәуліктік мониторирлеу

- Коронароангиография

- Қанда ферменттер деңгейін анықтау

 

?

Ревматикалық емес кардитте клиникалық байқалады:

+ Тұйық тондар және жүрек шекараларының ұлғаюы

- Тұйық тондаржәне дөрекі систолалық шу

- Тұйық тондар және диастолалық шу

- Қатты тондар, систолалық шу

- Қатты тондар, және жүрек шекараларының ұлғаюы

 

?

Әйел 32 жаста, ЖДАға профилактикалық тексерілуге келді. Анамнезінде – 14 жасында алғашқы ревматикалық қызба, ол буындар зақымдалуымен және эндокардитпен өтеді. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, физикалық жүктемеден соң ентігуге, кешкі уақытта табанның сыртқы жағында ісінулер пайда болуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары таза, бозғылт.Жүрек тондары тұйық, аса дөрекі пансистолалық шу естіледі. Балтырлары сәл ісінген. Дәрігерлік тактика:

- Динамикада бақылау

- Ревматолог кеңесіне бағыттау

- Кардиохирург кеңесіне бағыттау

- Антибиотиктер мен фуросемид тағайындау

+ Жүрек УДЗсы допплерографиямен бағыттау

 

?

Төссүйектің семсертәрізді өсіндісінде орналасқан кеуденің күйдіріп ауырсынуы, кеуде торының сол бөлігіне, қолға иррадиация береді, горизонтальды бағытта пайда болып, вертикальды бағытта жоғалады немесе әлсірейді:

- Миокард инфарктісі

- Перикардит

+ Көкеттің өңеш тесігінің жарығы

- Плевропневмония

- Қабырғааралық невралгия

 

?

Ер адам 50 жаста кеуде торының сол жақ бөлігінің ауырсынуларына шағымданып келді, ауырсыну күрт физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Сол қолды қимлдатқанда және терең тыныс алғанда ауырсыну күрт күшейеді.Аускультацияда өкпеде тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит. Қандай патология туралы ойлауға болады

- ЖИА. Стенокардия

- Остеохондроз

- Қабырғааралық невралгия

+ Спонтанды пневмоторакс

- Жалқықты плеврит

 

?

Науқас М., 40 жаста төс артындағы жедел ауырсынуларға шағымданады, ауырсынулар мойынға беріледі және тыныс алғанда күшейеді. Ауырсыну кеше кешкі уақытта пайда болды, біртіндеп күшейіп, таңертеңгі уақытта жоғарғы шегіне жетті. Бір апта бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ. Қандай патология деп ойлауға болады:

- Миокард инфарктісі

+ Жедел трахеобронхит

- Жедел перикардит

- Остеохондроз

- Титце синдромы

 

?

Амбулаторияда қабылдау кезінде науқаста пульс дефициті анықталды. Науқастың ырғақ бұзылысы:

- Синусты аритмия

- Жүрекшелік экстрасистолия

+ Жыбыр аритмиясы

- Қарыншаүстілік тахикардия

- Толық атриовентрикулярлы блокада

 

?

ЭКГда синусты тахикардияның белгісі болып табылады:

+ RR интервалының қысқаруы

- РQ интервалының қысқаруы

- Теріс Q тісшесі

- Өзгермеген QRS кешені

- ТР интервалының қысқаруы

 

?

Ырғақтың қай бұзылысында Морганьи-Эдемса-Стокса синдромы дамиды:

- Жүрекшелер жыбыры

- Синусты тахикардия

- Синусты аритмия

+Толық атриовентрикулярлы блокада

- Қарыншаүстілік тахикардия

 

?

Кандай аритмиялар миокард инфарктісінің диагностикасын қиындатады:

+ WPW синдромы

- Қарыншалық тахикардия

- Синусты аритмия

- Синусты тахикардия

- Қарыншалық экстрасистолия

 

?

Амбулаторияға жүрек маңындағы қағыстың бұзылуы шағымдарымен науқас келді. ЭКГ-да синусты ырғақ фонында жиі кезектен қалыпты QRS кешендері деформацияланған Р тісшесімен, РQ интервалының қысқаруы және толық емес компенсаторлы пауза.Науқаста ырғақтың қандай бұзылысы:

- Синусты аритмия

- ІІ дәр. атриовентрикулярлы блокада

+ Жүрекшелік экстрасистолия

- Қарыншалық экстрасистолия

- Жыбыр аритмиясы

 

?

Әйел адам 25 жаста. Кеуде торының сол жақ бөлігінде жедел шаншып қысып ауырсынатын ауырсыну мазалайды. Тыныс алғанда, басты, қолды қимылдатқанда, кеуде торының пальпациясы кезінде ауырсыну күшейеді. Ауырсыну 2 сағат бұрын жұмыстағы жағымсыз жағдайлардан кейін пайда болды. Сіздің тактикаңыз қандай:

- Ем тағайындау

- Невропатологқа бағыттау

+Электрокардиограмма түсіру

- Госпитализациялау

- Рентгенге бағыттау

 

?

Митральды қақпақшаның пролапсымен байланысты кеуде ауырсынуларының диагностика әдісі болып табылады:

- Электрокардиография

+ Эхокардиография

- Коронарография

- Рентгенография

- Томография

 

?

Ақаудың қай түріне шапалақты І тон, диастолалық шу, әсіресе пресистолалық және митральды қақпақшаның ашылу тоны тән:

- Митральды жетіспеушілік

+ Митральды стеноз

- Үшжармалы қақпақшаның стенозы

- Қолқа жетіспеушілігі

- Қолқа стенозы

 

?

Қай ақау түріне жиі төссүйектің оң жағында ІІ қабырғааралықта дөрекі систолалық шудың естілуі және сол жерде ІІ тонның жоғалуы тән:

+ қолқа стенозы;

- өкпе артериясының стенозы;

- жүрекшеаралық перде дефектісі;

- қарыншааралық перде дефектісі;

- митральды жетіспеушілік.

 

?

Оң жақта ІІ қабырғааралықта систолалық «мысық пырылы» жиі мына жағдайда кездеседі:

- қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

- митральды стеноз

+ қолқа өзегінің стенозы

- митральды жетіспеушілік

- қолқа коарктациясы

 

?

Қандай ақауға мына аускультативті көрініс тән: жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, оның артынан бірден бүкіл систоланы алатын систолалық шу жүреді, ол мінездемесі бойынша - үрлемелі, интенсивтілігі бойынша - азаятын, қолтықасты аймағына өткізіледі:

- митральды тесіктің стенозы

+ митральды қақпақша жетіспеушілігі

- қолқа өзегінің стенозы

- өкпе артериясы өзегінің стенозы

- үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

 

?

29 жастағы Л атты науқас әйелді физикалық жүктеме кезінде ентігу, жүрек маңындағы ауырсынулар, жауырынаралық аймақта ауырсынулар мазалайды. Анамнезінде ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, 1 тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шу, «бөдене бытпылы» ырғағы, жыбырлы аритмия. R-графия: контрастталған өңеш кіші радиусты доға бойынша ығысады. ЭКГ: Р - mitrale,оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Болжам диагноз:

- митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

- қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

- митральды қақпақша пролапсы

+ сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы

- қолқа өзегінің стенозы

 

?

Науқас әйел 35 жаста, лоқсумен және құсумен жүретін курт бас ауырсыну ұстамаларына шағымданады. Анықталды: тершеңдік, терінің бозғылттығы, дірілдеу, тахикардия, АҚ 230/140 мм.сб дейін жоғарылауы. Гипергликемия. Глюкозурия. Протеинурия. Лейкоцитоз. Болжам диагноз:

- Қантты диабет

+ Феохромоцитома

- Иценко-Кушинга ауруы

- Конн синдромы

- Гипоталамикалық синдром.

 

?

Науқас әйел 60 жаста, салмағы 93 кг, бойы 160 см ИТҚД ауырады,240 бірлік инсулин қабылдайды. Сарысудағы глюкоза 22.2 ммоль/л. Инсулинге резистенттіліктің себебі:

- Инсулинді алмастыру қажет

- Пероральды қанттөмендетуші препараттарды тағайындау қажет

+Семіздік

- Бұндай қант деңгейінде инсулин дозасы төмен

- Осы жасқа қалыпты болып табылады

 

?

65 жастағы науқас 3 жыл бұрын жедел МИ басынан өткерген, біртіндеп ентігу күшейіп жатыр, плевралық жалқық, қызба және қан анализінде өзгерістер анықталды, бірақ кеуде торында ауырсынулар мазаламайды. Жалқықтың пайда болу себебі:

+ іркілген жүрек жеткіліксіздігі

- инфаркттан кейінгі синдром

- өкпе туберкулезі

- ЖҚЖ

- өкпе инфаркті

 

?

30жастағы науқаста оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараю және көкірекаралықтың зақымдалу жағына қарай ығысуы анықталды, не туралы ойлауға болады:

- экссудатты плеврит

- өкпенің циррозды туберкулезі

+ өкпе обыры

- казеозды пневмония

- спонтанды пневмоторакс

 

?

Науқаста аурудың жедел ағымы,ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғытөменгі бөлімдерінде жұмсақошақты көлеңкелер, тез оң динамика. Болжам диагноз:

- аденоматоз

- милиарлы туберкулез

- саркоидоз

- пневмокониоз

+ ошақты пневмония

 

?

Науқас 67 жаста орташаауыр дәрежелі бронх демікпесімен және инфаркттан кейінгі кардиосклероз фонында қарыншалық экстрасистолиямен ауырады. Экспираторлы ентігуді басудың таңдау препараты:

+ беродуал

- беклометазол

- беротек

- биопарокс

- изадрин

 

?

Науқас И., 14 жаста тізе, балтыртабан, білезік буындарында ауырсынуларға, дене қызуының 39 С жоғарылауына,жүрекқағуға,денесінде бөртпелерге шағымданады. Екі апта бқрын баспамен ауырған. Об-: терісінде - сақиналы эритема. Буындар дефигурацияланған,ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде күрт ауырсынулы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық. ЖЖЖ-52 рет мин. Қанда: эр-4,2 млн., Нв-140 г/л, л-15 мың,ЭТЖ-40 мм/сағ. Емдеу бағдарламасы:

- диклофенак + преднизолон + конкор

- амоксициллин + диклофенак + дигоксин

- амоксициллин + диклофенак + гипотиазид

+ амоксициллин + диклофенак + преднизолон

- диклофенак + преднизолон + ингибитор АПФ

 

?

Науқас 18 жаста денесінің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған военкоматта әскер қатарына алу комиссиясын өту барысында жоғары артериальды гипертензия анықталды. Қарағанда денесінің жоғарғы және төменгі бөліктерінің пропорциональды емес дамуы, мойын көктамырларының күшейген пульсациясы, ал аяқтарда пульсация азаюы анықталған. Аускультацияда жауырынаралық аймақта систолалық шу анықталады, ЭКГ – сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен күштенуі белгілері. Артериальды гипертензия себебі:

- Иценко-Кушинга ауруы

- Такаясу синдромы

+ қолқа коарктациясы

- ашық артериальды өзек

- Кон синдромы

 

?

Науқас 62 жаста,миокард инфарктісін басынан өткерген, дәрігерге бас ауруы мен бас айналуларға шағымданып келді.Қарағанда: пульс – 86 рет минутына, артериальды қысым – 200/100 мм.сб.,жүрек жеткіліксіздігі белгілері жоқ, аяқтың төменгі бөліктері тамырларының облитерирлеуші атеросклероз көріністері бар. Артериальды гипертензияның коррекциясы үшін науқасқа қажет:

- капотен.

- анаприлин.

- коринфар.

- гипотиазид.

+ верапамил.

 

?

Ер адам 60 жаста суық термен қатар жүрген екі қолмен мойынға иррадиация беретін төс артындағы қатты ауырсынудан оянды. Нитраттардың алты таблеткасын бес минутты интервал жасау арқылы қайта қабылдаған соң ауырсыну азайды, бірақ толығымен жоғалмады. Қарағанда: жүрек тондары тұйық, ырғақты, пульс – 100 рет минутына, артериальды қысыме – 100/80 мм сб.,өкпенің төменгі бөлімдерінде –қатқыл тыныс және ылғалды сырылдар. Болжам диагноз:

+ жедел миокард инфаркті

- қолқаның қатпарлы аневризмасы

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

- жедел перикардит.

- Принцметал стенокардиясы

 

?

Басынан миокард инфарктісін өткерген науқаста кеуде торында ауырсыну,қызба, перикардтың үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарылауы пайда болды,ЭКГ өзгерістерінің динамикасы ерекшеліктерсіз. Болжам диагноз:

- миокардтың зақымдалу зонасының таралуы

- идиопатиялық перикардит

+ инфаркттан кейін пайда болған Дресслер синдромы

- миокардтың жыртылуы

- жүрек хордаларының жыртылуы

 

?

Науқас 42 жаста, шамалы физикалық жүктеме кезінде пайда болатын, төменгі жаққа иррадиация беретін жүрек маңындағы ауырсынуларға шағымданады. Ауырсынулар 2 апта шамасында пайда болды. Ұстама кезіндегі ЭКГ да – сол жақ кеуде тіркемелерінде ST сегментінің 1 мм көп горизонтальды депрессиясы. Болжам диагноз:

- НЦД кардиалгиялық синдроммен.

- ЖИА.Тұрақты күш түсу стенокардиясы II ФК.

+ ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия.

- ЖИА.Үдемелі стенокардия.

- ЖИА.Вазоспастикалық стенокардия.

 

?

Жоғары пульсті қысым,тамырларда екіеселенген Траубе тоны және Дюрозье шуы, басты шайқатып отыру мынаған тән…

- қолқа өзегінің стенозы

- жүректің митральды ақауы

- үшжармалы қақпақшаның ақауы

+ қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

- жүректің туа біткен ақаулары

 

?

Науқас Г., 27 жаста кардиология бөлімшесіне жүрекқағу ұстамаларымен және төс артындағы қысу сезіміне шағымдарымен түсті. Ұстамалар естен танумен жүреді. Жүрек тондары сәл тұйықталған,ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 88 соққы/мин. АҚ – 90/60 мм.сб. ЭКГ- ST сегментінің V2-V3 тіркемелерінде элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Тексеру бағдарламасына қосу дұрыс…

- стресс – ЭхоКГ.

- эхокардиография

- вентрикулография

- коронароангиография

+ тәуліктік ЭКГ мониторирлеу.

 

?

Науқас С., 54 жаста физикалық жүктеме кезінде пайда болатын төс артындағы күйдіретін ауырсынулар шағымдарымен госпитализацияланды. 10 жыл бойы ауырады, 2 миокард инфарктісін басынан өткерді.Соңғы 2 аптада төсартындағы ауырсынулар ұстамалары жиіледі, аса интенсивті бола бастады,жеке ұстамалар 15 мин дейін созылды. ЖЖЖ-68 соққы/мин. АҚ-110/70 мм. сб. ЭКГ: SТ сегментінің I, II, aVL, V3 - V6 тіркемелерінде 2,5 мм депрессиясы. Емдеу жоспарына қоспау қажет…

- изокет.

- конкор.

- аспирин.

+ строфантин.

- фраксипарин.

 

?

Науқас В., 67 жаста 40 минут бойы созылатын төс артындағы қысып, күйдіретін ауырсынуларға шағымданады. 10 жыл бойы ЖИАмен ауырады. Дәрігерлік тактика:

+ шұғыл госпитализация.

- үй жағдайындағы стационар.

- күндізгі стационар.

- жоспарлы госпитализация.

- амбулаторлы жағдайда тексеру

 

 

?

Науқас К., 42 жаста төс артындағы интенсивті ауырсынуларға шағымданады, олар ерте таңалды уақытта пайда болады. Жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсынуларды сезінбейді. Коронароангиографияда атеросклероздық өзгерістер анықталмаған,эргометринмен сынама оң. Болжам диагноз:

- ЖИА. Үдемелі стенокардия.

- ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II.

+ ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия.

- ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК III.

- ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV

 

?

Әйел 45 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге тамақтанудан кейінгі жарты сағаттан соң пайда болып, физикалық жүктемеден соң және еңкейгенде күшейетін семсер тәрізді өсіндінің негізіндегі ашытып ауырсынуға, иррадиациясы жүрек маңына берілуіне; алмагельмен толығымен ауырсыну басылмауына шағымданып келді. Сонымен қатар ауамен кекіру, тұншығу ұстамалары, жөтел байқалады.Барий қосындысымен рентгендік тексеруде – контрастты заттың асқазаннан өңешке кері кетуі көрінеді. Науқаста қандай патология:

- рефлюкс-эзофагит

- өңеш рагы

+ кардия ахалазиясы

-бронх демікпесі

-созылмалы гастрит

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті | 0 - Вариант контрольной работы по дисциплине «Колличественные методы в менеджменте»

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.237 сек.)