Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Билирубиннің залалсыздануы атқарылады:



1. Билирубиннің залалсыздануы атқарылады:

A. бауырда

B. өкпеде

C. бүйректе

D. бас миында

E. ащы ішекте

 

2. Гем ыдырауының қай өнімі ішекте кездеседі:

A. билирубинглюкуронидтер

B. уробилиноген

C. вердоглобин

D. билирубин

E. биливердин

 

3. Ксенобиотиктерді залалсыздандыру реакцияларына қатысатын трипептид:

A. анкерин

B. карнитин

C. карнозин

D. глутатион

E. аквапорин

 

4. Химиялық канцерогендер – бұлар:

A. полициклді ароматтық көмірсулар

B. онкогендік вирустар

C. путресцин

D. кадаверин

E. УФ-сәулелер

 

5. Глюкоза эритроцитке келесі жолмен түседі:

A. жеңілдетілгендиффузия

B. активті тасымалдану

C. қарапайым диффузия

D. эндоцитоз

E. экзоцитоз

 

6. Тотыққан глутатионды тотықсыздандыратын фермент:

A. каталаза

B. глутатионредуктаза

C. глутатионперокидаза

D. метгемоглобинредуктаза

E. глутатион-S-трансфераза

 

7. Фибрин-полимердің жеке пептидтерге ыдырау үдерісін катализдейді:

A. плазмин

B. плазминоген

C. тромбостенин

D. протромбиназа

E. антитромбин

 

8. Глутаматты карбоксилдендіру үшін қажет витамин:

A. витамин А

B. витамин Д

C. витамин С

D. витамин К

E. витамин Е

 

9. Дефосфорландыру үдерісіне қатысушы фермент аталады:

A. фосфатаза

B. киназа

C. трансфераза

D. оксидоредуктаза

E. лигаза

 

10. Радикалы оң зарядталған аминоқышқыл:

A. триптофан

B. аспарагин

C. глутамат

D. пролин

E. лизин

 

11. Пептидтік байланыс:

A. кезкелген бағытқа және бұрышқа айнала алады

B. белгісіз конфигурацияда болады

C. ковалентсіз байланыс

D. әлсіз байланыс

E. ковалентті байланыс

 

12. Олигомерлік протеиндердің жеке полипептидтік тізбектері аталады:

A. суббірліктер

B. мультимерлер

C. проламиндер

D. тримерлер

E. димерлер

 

13. Протеиндердің денатурациясын жүргізетін физикалық фактор:

A. сульфосалицил қышқылы

B. этил спирті

C. сәулелену

D. мочевина

E. танин

 

14. Протеин эластиннің адам ағзасындағы атқаратын қызметі:

A. қоректік (резервтік)

B. гормоналдық

C. тасымалдау

D. құрылымдық

E. қорғаныстық

 

15. Либериндер және статиндерөндіріледі:

A. гипоталамуста

B. гипофиздің ортаңғы бөлігінде

C. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

D. бүйрекүстілердің милы қабатында



E. бүйрекүстілердің қыртысты қабатында

 

16. Соматостатинсоматотропиннің секрециясын келесі жолмен тежейді:

A. тура кері байланыс типі бойынша

B. тура оң байланыс типі бойынша

C. кері оң байланыс типі бойынша

D. ұзын кері теріс байланыс типі бойынша

E. қысқа кері теріс байланыс типі бойынша

 

17. Қандай қосылыс ұлпалық гормондарға жатқызылады:

A. простагландиндер

B. норадреналин

C. кальцитонин

D. токоферол

E. тироксин

 

18. Келтірілген сигналдық молекуланың қайсысы триптофанның аминоқышқылдық туындысы болып табылады:

A. кальцитонин

B. серотонин

C. адреналин

D. гистамин

E. дофамин

 

19. Жасушаішілік цАМФкелесі ферменттің аллостерлік активаторы:

A. аденилатциклазаның

B. протеинкиназа А-ның

C. протеинкиназа G-ның

D. протеинкиназаС-ның

E. фосфолипазаС-ның

 

20. Қантсыз диабеттің себебі болып табылады:

A. инсулинніңгиперсекрециясы

B. вазопрессинніңгиперсекрециясы

C. инсулин секрециясының жетіспеушілігі

D. вазопрессин секрециясының жетіспеушілігі

E. кальцитонинсекрециясының жетіспеушілігі

 

21. Гетерополисахаридтерге жатқызылатын көмірсу:

A. целлюлоза

B. мальтоза

C. крахмал

D. гепарин

E. лактоза

 

22. Ішектің жоғарғы бөлігінде крахмал гидролизге түседі панкреаттық:

A. липаза арқылы

B. лактаза арқылы

C. нуклеаза арқылы

D. сахараза арқылы

E. амилаза арқылы

 

23. Гликолиздегі энергияны АТФ түрінде пайдаланып реакцияны катализдейтін ферментті таңдаңыз:

A. альдолаза

B. гексокиназа

C. пируваткиназа

D. фосфоглицераткиназа

E. фосфоглицератмутаза

 

24. Бауырдағы гликогенолиздің соңғы өнімі:

A. пирожүзім қышқылы

B. сүт қышқылы

C. СО2және Н2О

D. гликоген

E. глюкоза

 

25. Бауырдағы гликолиз үдерісінің глюконеогенез үдерісіне немесе керісінше ауыстырылуы қатысуымен өтеді:

A. инсулин және глюкагонның

B. адреналин және вазопрессиннің

C. вазопрессин және альдостеронның

D. тестостерон және альдостеронның

E. соматотропин жәнекальцитриолдың

 

26. Көмірсулардың қай спецификалық алмасуы жолында глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа және транскетолаза ферменттері қатысады:

A. анаэробтық тотығуы жолында

B. аэробтық тотығуы жолында

C. пентозофосфаттық циклде

D. глюконеогенезде

E. гликогенолизде

 

27. Гипогликемиялық патологиялық жағдай кездеседі:

A. қант диабетінде

B. миокард инфарктісінде

C. қантсыз диабетте

D. инсулин мөлшерінің артық егілуінде

E. жедел алкогольдік интоксикацияда

 

28. Қанплазмасының коллоидтық-осмостық қысымын ұстауға, май қышқылдары мен билирубинді тасымалдауға қатысатын протеині:

A. альбумин

B. протромбин

C. фибриноген

D. гаптоглобин

E. преальбумин

 

29. Жедел фаза протеині:

A. фибрин

B. тромбин

C. альбумин

D. трансферрин

E. С-реактивті протеин

 

30. Темірдің (Fe3+) сіңірілуі үшін болуы қажет:

A. витамин Е-нің

B. трансферриннің

C. Кастл факторының

D. церулоплазминнің

E. аскорбин қышқылының

 

31. Қай мүше мен ұлпаларда гем синтезі аса интенсивті өтеді:

A. бүйректе

B. көкбауырда

C. эритроциттерде

D. ащы ішекте

E. сүйектің қызыл майында

 

32. Қансарысуындағы билрубин мөлшерінің бос билирубин есебінен жоғарлауы байқалады:

A. вирустық гепатитте

B. Жильбер синдромында

C. несеп тасы ауруында

D. өттасы ауруында

E. темір жетіспеушілік анемияда

 

33. Қан плазмасында темірді тасымалдайтын протеин:

A. альбумин

B. ферритин

C. трансферрин

D. апоферритин

E. апотрансферрин

 

34. Реттеуші фермент аминолевулинатсинтаза синтезінің аллостерлік ингибиторы және корепрессоры болатын зат:

A. гем

B. ферритин

C. трансферрин

D. протопорфинIX

E. аминолевулин қышқылы

 

35. Оксигемоглобин гемоглобиннің келесімен әсерлесуінен түзіледі:

A. тотықсыздандырғыш агенттермен

B. көміртек қос тотығымен

C. көміртек тотығымен

D. оттекпен

E. цианидтермен

 

36. Қант диабеті кезінде ұлпалар зақымдалуының негізгі механизм протеиндердің түрленуі арқылы өтеді (гемоглобин де түрленеді). Бұл жағдай атқарылады:

A. йодтандыру реакциясы арқылы

B. глюкозаландыру арқылы

C. карбоксилдендіру арқылы

D. фосфорландыру арқылы

E. гидроксилдендіру арқылы

 

37. Микросомалық тотығу жүйесі шоғырланған:

A. эндоплазмалықретикулумде

B. митохондрияда

C. цитоплазмада

D. лизосомада

E. ядрода

 

38. Тікелей билирубин бұл билирубиннің келесімен комплексі:

A. глицинмен

B. ферритинмен

C. альбуминмен

D. глюкуронатпен

E. трансферринмен

 

39. Микросомалық тотығудың негізгі цитохромы:

A. цитохром в

B. цитохром с

C. цитохром а1

D. цитохром а2

E. цитохром Р-450

 

40. Канцерогендік қасиетке қабілетті зең метаболиттері:

A. афлатоксиндер

B. нитрозаминдер

C. онкогендік вирустар

D. ароматтық аминдер

E. путресцин, кадаверин

 

41. Қан айналысындағы эритроциттер өмірінің ұзақтығы:

A. 10 күн

B. 30 күн

C. 60 күн

D. 120 күн

E. 360 күн

 

42. Эритроциттердің протеиндік бөлігі глобин және протеинсіз бөлігі гем болатын күрделі протеині:

A. альбумин

B. ферритин

C. гемоглобин

D. трансферрин

E. церулоплазмин

 

43. Тромбоциттердің адгезиясы қан плазмасында, эндотелий жасушаларында, тромбоциттерде, субэндотелийде келесі заттың болуы есебінен атқарылады:

A. Виллебрандфакторының

B. Кристмасфакторының

C. Стюартфакторының

D. Кастлфакторының

E. Пауэрфакторының

 

44. Қан ұюының прокоагулянттық жолында активтендіруші протеин:

A. фактор VIIа

B. фактор IXа

C. фактор Vа

D. тромбин

E. факторХ

 

45. Ферменттің ұқсас субстраттар тобына әсерлесу қабілеті аталады:

A. топтық субстраттық әсерлесу ерекшелігі

B. абсолютті субстраттық әсерлесу ерекшелігі

C. стереоспецификалық

D. каталиттік әсерлесу ерекшелігі

E. ферменттік әсерлесу ерекшелігі

 

46. Ферменттік катализдің бірініші этапы - бұл:

A. субстраттың фермент активті орталығына сорбцияланып ES-комплексі түзілуі

B. субстраттың реакция өніміне айналуы

C. ES-комплексіқұрамындағы субстарттың химиялық өзгеріске түсуі

D. ЕР комплексінің диссоциациялануы

E. субстрат және реакция өнімінің ассоциациялануы

F. субстраттың ыдырауы

 

47. Қарапайым заттардан күрделі заттардың синтезін катализдейтін ферменттер:

A. трансферазалар

B. лигазалар

C. оксидоредуктазалар

D. лиазалар

E. гидролазалар

 

48. Декарбоксилазалық ферменттердің коферменті:

A. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

B. кофермент А (CоА)

C. флавин-мононуклеотид (ФМН)

D. тиаминдифосфат (ТДФ)

E. флавиндинуклеотид (ФАД)

 

49. АІТ-де протеиндер қорытылуы үдерісі бұзылған кезде дәрілік зат ретінде қолданылады:

A. пепсин

B. хемотрипсин

C. урокиназа

D. гиалуронидаза

E. уреаза

 

50. В9витаминінің коферменттік формасы:

A. тиаминдифосфат (ТДФ)

B. флавинадениндинуклеотид (ФАД)

C. флавин-мононуклеотид (ФМН)

D. никотинамидидадениненуклеотид (НАД)

E. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

 

51. «Үш Д синдромы» қай витамин гиповитаминозының симптомы:

A. витамин В1

B. витамин В2

C. витамин В3

D. витамин РР

E. витамин В6

 

Гемералопия – соқыр тауық, қараңғыдағы адаптацияның бұзылуы, қараңғыда көру қырағылығының біршама төмендеуі; ксерофтальмия – көз қабықшасының құрғауы және кератомаляция – қабықшасының жұмсаруы; ксеродермия, папулездік бөрпе, қабыршақтану – бұл:

A. витамин А-ның гиповитаминозы

B. витамин К-ның гипервитаминозы

C. витамин Е-нің гипервитаминозы

D. витамин Р-нің гиповитаминозы

E. витамин D-ның гиповитаминозы

 

52. Витамин Сқатысады:

A. коллаген синтезінде пролин мен лизин қалдықтарын гидроксилдендіреді

B. шеткері жүйкелердің миелиндік құрылымдарының дегенерациясына

C. ацилдендіру реакциясына

D. коллаген синтезінде пролин мен лизин қалдықтарының дегидрленуі

E. аминоқышқылдардың декарбоксилдендіру мен аминотоптарды ауыстырады

 

53. FADжәнеFMNқатысатын реакциялар типі:

A. ацилдендіру

B. карбоксилдендіру

C. тотығу – тотықсыздану

D. трансаминдену

E. нитроландыру

 

54. Бери-бери ауруының себебі келесі коферменттің болмауы:

A. НАД-тың

B. ФАД-тың

C. ФМН-ның

D. ТДФ-тың

E. ТГФК-ның

55. Фумараттан малат түзілетін гидраттану реакциясын катализдейтін фермент:

A. фумараза

B. сукцинаттиокиназа

C. сукцинатдегидрогеназа

D. α-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

E. малатдегидрогеназа

 

56. МЭТТ-дағы 2 электрон тасымалдануынан тотықсызданған оттектің суға айналуында түзілетін АТФ мольінің мөлшері аталады:

A. диссоциация коэффициенті

B. молярлықэкстинкция коэффициенті

C. трансформация коэффициенті

D. фосфорландыру коэффициенті

E. дефосфорландыру коэффициенті

 

57. Гипоэнергетикалық жағдайға гиповитаминоз әкелуінің мүмкін себебі:

A. витаминдер адаптерлік молекулалар (НАД, ФАД)

B. витаминдер тотғудың субстарттары

C. витаминдер ұлпалық оттек асымалдауға қатысады

D. витаминдер АТФ – синтетаза құрамына кіреді

E. витаминдер АДФ транслоказа АТФ-і құрамына кіреді

 

58. Митохондриядағы АТФ синтезін төмендететін гормон:

A. инсулин

B. паратгормон

C. тироксин

D. эстрадиол

E. соматостатин

 

59. Коэффициент Р/О – бұл:

A. синтезделген АТФ-тің О2-нің 1 молекуласына қатынасы

B. тәулікте синтезделген АТФ мөлшері

C. АТФ пен СО2 қатынастары

D. синтезделген АТФ-тің Н2-нің 1 молекуласына қатынасы

E. синтезделген АТФ-тің О2-нің 1 молекуласына қатынасы

 

60. Майлардың қорытылуы мен сіңіріліунің жылдамдықтары төндеуі фекалий құрамында қорытылмаған өнімдері пайда болуына әкеледі. Бұл құбылыс аталады:

A. гипербилирубинемия

B. холестаз

C. стеаторея

D. порфиринурия

E. уропорфирия

 

61. Қандағы хиломикрондар тамыр эндотелийлері беткейінде орналасқан ферменттің әсеріне түседі. Ол аталады:

A. ацетил-КоА-карбоксилаза

B. липопротеинлипаза

C. май қышқылдарының синтазасы

D. колипаза

E. тиолаза

 

62. Панкреаттық липазаның активаторы:

A. ацил-КоА

B. ацетил-КоА

C. колипаза

D. проколипаза

E. липопотеинлипаза

 

63. Ацилкарнитинмитохондрияның ішкі мембранасы арқылы өту реакциясын келесі фермент катализдейді:

A. транслоказа

B. карнитинацилтрансфераза II

C. ацил-КоА-синтетаза

D. карнитинацилтрансфераза I

E. май қышқылдарының синтазасы

 

64. Адам мен жануардағы семіздік генінің (obesegene) өнімі:

A. лептин протеині

B. липаза

C. гастрин пептиді

D. холецистокинин пептиді

E. грелин

 

65. Экзопептидазаларға жатқызылады:

A. карбоксипептидазалар, аминопептидазалар

B. α-жәнеβ-амилазалар

C. β-фруктофуранозидаза, фосфодиэстераза

D. пепсин, трипсин, химотрипсин, эластаза

E. три-, ди- жәнемоноацилглицероллипаза

 

66. Фенол, крезол, сероводород, меркаптоэтанол, индол, скатол – бұл келесі үдеріс өнімдері:

A. тоқ ішекте протеиндер шіруінің

B. липидтер ферменттік гидролизінің

C. көмірсулар ферменттік гидролизінің

D. витаминдер ферменттік гидролизінің

E. нуклеин қышқылдары ферменттік гидролизінің

 

67. Аминоқышқылдағы аминотопты α-кетоқышқылға ауыстыратын (аммиактың бөлінуінсіз) нәтижесінде басқа аминоқышқыл мен кетоқышқыл түзілетін реакция үдерісі аталады:

A. декарбоксилдендіру

B. трансметилдендіру

C. трансаминдену

D. дезаминдену

E. карбоксилдендіру

 

68..Бауырда аммиак СО2-мен байланысып түзеді:

A. карбомоилфосфатты

B. цитрулинді

C. орнитинді

D. аргининді

E. фумаратты

 

69. Мочевинадағы (карбамидтегі) екі аминотоптың біріншісінің (N*) шығу көзі:

A. амидтер гидролизі кезінде түзілетін аммиак

B. глицинніңаминотобы

C. аргининніңаминотобы

D. орнитинніңаминотобы

E. тотығып дезаминдену кезінде түзілетін аммиак

 

70. Экзогендік нуклеин қышқылдарының сіңірілуі негізінен:

A. нуклеопротеин түрінде өтеді

B. динуклеотидтер түрінде өтеді

C. мононуклеотидтер түрінде өтеді

D. олигонуклеотидтер түрінде өтеді

E. бос азоттық негіздер және пентозалар түрінде өтеді

 

71. Инозин қышқылы кезектескен екі реакция арқылы айналады:

A. АМФ немесе ГМФ-ке

B. оротатқа

C. карбамоилфосфатқа

D. ЦДФ және ЦТФ-ке

E. ТМФ немесе ГДФ-ке

 

72. Цитозиныдырағанда түзіледі:

A. CO2, NH3жәнеβ-аланин

B. несеп қышқылы

C. β-аминоизобутират, CO2мен NH3

D. мочевина

E. аммоний тұздары

 

73. Бұлшықет ұлпасындағы алмасу реакциясының соңғы өнімі болатын несеп құрамының компоненті:

A. мочевина

B. несеп қышқылы

C. креатинин

D. билирубин

E. 3-метилгистидин

 

74. Бүйректің метаболитік қызметінің бірі – бұл активті формасын түзілдіру:

A. витамин А-ның

B. витамин С-ның

C. витамин Е-нің

D. витамин К-ның

E. витамин Д-ның

 

75. Йод қалқанша безінде келесі түрде деполанады:

A. тиреоглобулин

B. гемосидерин

C. ферритин

D. сталактит

E. апатит

 

76. Глюконеогенезбүйректе активтеледі:

A. аштық кезінде

B. тоқтық кезінде

C. семіздік кезінде

D. бірінші реттік несеп түзілген кезде

E. екінші реттік несеп түзілген кезде

 

77. Газдық гангренаның қоздырғышы (Clostridiumhistolyticum) адам ағзасына өтіп дәнекер ұлпалық бөгетті бұзады. Ол келесі ферментті бөлу арқылы атқарылады:

A. эластазаны

B. коллагеназаны

C. нуклеазаны

D. глутаминазаны

E. редуктазаны

 

78. Жасушааралық матрикске жасушалар мембранасындағы рецепторлармен әсерлесіп бекітілуін қамтамассыз ететін протеин:

A. коллаген

B. эластин

C. протеогликандар

D. адгезивті протеин

E. глюкозамингликандар

 

79..Коллагендегі әрбір үшінші аминоқышқыл:

A. глицин

B. метионин

C. цистеин

D. триптофан

E. глутамин

 

80. Глюкоза мен галактозаның оксипролиннің (коллаген құрамындағы) гидроксилдік топтарына байланысуын катализдейді:

A. аспартатаминотрансфераза

B. аланинаминотрансфераза

C. гликозилтрансфераза

D. глутатионпероксидаза

E. глутатионтрансфераза

 

81..Эластиннің құрамында басым түрде (90%):

A. гидрофобты радикалды аминоқышқылдар болады

B. гидрофильді радикалды аминоқышқылдар болады

C. қышқыл радикалды аминоқышқылдар болады

D. негіздік аминоқышқылдар болады

E. бейтарап радикалды аминоқышқылдар болады

 

82. Сүйек ұлпасының протеиніне жатқызылады:

A. актин

B. коллаген

C. миозин

D. альбумин

E. миоглобин

 

83. Креатинфосфаттық энергия материалын түзуші реакцияның кемшілігі:

A. АТФ ресинтезінің тездігі

B. оттек болмауы

C. жанама өнімінің болмауы

D. ілезде қосылуы

E. субстраттық қорының аз болуы

 

84. Жасушадантыс матриксте ерімейтін молекула, ал ағзаның сұйық ортасында ерігіш молекула ретінде болатын кең таралған гликопротеин:

A. коллаген

B. фибронектин

C. ламинин

D. нидоген

E. тромбоспондин

 

85. Қанмен аз жабдықталған, гликогені көп, анаэробтық гликолиз ферменттерінің активтілігі жоғары бұлшықет түрі аталады:

A. қызыл «баяу» бұлшықет

B. қызыл «баяу» оксидативті

C. қызыл «баяу» гликолиттік бұлшықет

D. ақ «жылдам» гликолиттік бұлшықет

E. ақ «баяу» оксидативті

 

86. Бұл витаминнің жетіспеушілігі адам қанында пирожүзім қышқылының жиналып қалуына және оның мидағы концентрациясының жоғарлауына әкеледі. Бұл зат алмасуының биохимиялық бұзылысының салдары Вернике энцефалопатиясы (бұл орташа мидың жедеол қабыну) немесе полиневрит (жүйке ұлпасының зақымдалуы) болып табылады. Мұндай ауру негізінен басым түрде қабықшасынан терең тазартылған күріш және басқа дәнді дақылдарды қабылдаушы адамдарда пайда болады. Себебі неде:

A. витамин В2-нің авитаминозы

B. витамин В3-тің авитаминозы

C. витамин В1-дің авитаминозы

D. витамин В5-тің авитаминозы

E. витамин В9-дың авитаминозы

 

87. Ұқсас биологиялық активтілік көрсететін заттар тобы: - катехиндер, халкондар, дигидрохалкондар, флавиндер, флавонондар, изофлавонондар, флавонолдардың шығу көздері жалпы ортақ болады. Олардың құрылымдарының негізіне дифенилпропандық көмірсутектік тұлға «хромон» немесе флавон жатқызылады. Бұл топтағы заттар бір витамин атауымен аталған. Бұл қай витамин:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. витамин Р

D. витамин В5

E. витамин В6

 

88. Адам калий цианидін қабылдаған соң бірнеше секундта тұншығудан өледі. Тыныс алу тізбегі қай ферментінің ингибирленуі себеп болады:

A. амилаза

B. НАДФН-дегидрогеназа

C. АТФ-синтетаза

D. лактатдегидрогеназа

E. цитохромоксидаза

 

89. Науқасқа инсулиннің артық мөлшерін енгізген соң ауыр гипогликемиялық кома (естен танумен бірге) дамыды. Бұл құбылыс немен байланысты?

A. гликогенді интенсивті деполауға

B. май қышқылдары ыдырауын активтендіруге

C. кетондық дене синтезін активтендіруге

D. гликогеннің интенсивті ыдырауына

E. глюконеогенезактивтенуіне

 

90. α-Талассемия кезінде ұрықтың жатырішілік өлімінің жоғары пайызы байқалады. Бұл құбылыстың себебі неде?

A. ауыр гипоксия дамиды

B. фоль қышқылының жетіспеушілігі

C. эритроциттердің күшті гемолизі жүреді

D. гемоглобин F синтезі күшті жүреді

E. эритроциттер мембранасы эластикалығын қамтамассыз ететін протеиннің ақауы

 

91. Науқаста байқалады: ұлпаларының айқын ісінуі, брадикардия, енжарлық, маужыраушылық, негізгі алмасулар мен оттек қабылдауы жылдамдығының төмендеуі, дене температурасының төмендеуі, гиперхолестеринемия, аздаған гипогликемия. Бұл симптомдардың себебі не?

A. антидиуреттік гормонныңгипосекрециясы

B. тиреоидтық гормондардыңгипосекрециясы

C. өсу гормоныныңгипосекрециясы

D. вазопрессинніңгипосекрециясы

E. инсулинніңгипосекрециясы

 

92. Жедел жәрдем бөліміне 55 жастағы әйел жеткізілген. Оң жақтағы қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, жауырын асты ауырсынуына, асқазан күюі сезілуіне, ауызында ыстық сезілуіне арызданады. Әйелде тері мен склераның сарғаюы байқалады. Пациентте семіздіктің үшінші дәрежесі және айтуы бойынша гипертиреоз бар. Бастапқы диагнозды болжаңыз:

A. өт-тасы ауруы

B. ИТҚД

C. сарыауру

D. атеросклероз

E. майлы гепатоз

 

93. Науқастың терісі, склерасы, шырышты қабықшалары ашық сары түсті, несеп қоңыр сыра түсті, нәжіс түсі әлсіз. Қанындағы конъюгирленген билирубиннің мөлшері жоғарылаған, несептен билирубин анықталады. Бұл науқаста сарыаурудың қай типі?

A. Жильбер синдромы

B. обтурациялық сарғаю

C. гемолиттік сарғаю

D. физиологиялық сарғаю

E. паренхиматоздық-жасушалық сарғаю

 

94. Көшедегі адам естен танып құлаған. Аурухананың қабылдау бөлімінде әлсіз тырысуларды анықтаған, ацетон иісі жоқ, қанындағы глюкоза – 1,66 ммоль/л, кетондық денелер мен глюкоза несеп құрамында жоқ. Естен тануының себебі не болуы мүмкін?

A. гипогликемия нәтижесіндегі қан қысымының төмендеуі

B. гипогликемияны компенсациялау үшін қан қысымының жоғарлауы

C. кетондық дене болмағандық энергия жетіспеушілігі

D. гипогликемия нәтижесіндегі энергия жетіспеушіліг

E. стресс реакциясы

 

95. Күшті тотықтырғыш дәрілік препараттарды (аспирин, сульфаниламидтер) қабылдау эритроциттер гемолизі мен гемолиттік анемияның дамуына әкеледі. Қай ферменттің генетикалық ақауы кезінде осындай құбылыстар байқалады?

A. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның

B. глюкозо-6-фосфатазаның

C. пируваткиназаның

D. гексокиназаның

E. глюкокиназаның

 

96. Науқастың қанынан пневмококктың С-полисахаридімен преципитация реакциясына түсетін протеин анықталған, денісау адамда бұл протеин болмайды. Бұл протеин қалай аталады?

A. α-фетопротеин

B. церулоплазмин

C. С-реактивті протеин

D. Бенс-Джонс протеині

E.

 

97. Пациентте байқалады: ми қызметінің бұзылысы, енжарлық, тұрақты гипогликемия (ашқарында ерекше байқалатын), тәбеттің жоғарлауы, оң азоттық баланс. Бұл қай эндокриндік бұзылыстың симптоматикасы?

A. бүйрекүстілер милы қабатының гипоқызметі

B. бүйрекүстілер милы қабатының гиперқызметі

C. гиперинсулинизм

D. гипоинсулинизм

E. гипокортицизм

 

98. Зерттелушіде байқалады: негізгі алмасу және оттек қабылдау жылдамдығының жоғарлауы, дене қызуы жоғарлауы, тахикардия, тершеңдік, күйгелектік. Бұл симптомдардың себебі неде?

A. кортизолдың гиперсекрециясы

B. тироксиннің гиперсекрециясы

C. инсулиннің гиперсекрециясы

D. адреналиннің гиперсекрециясы

E. кортикотропинніңа гиперсекрециясы

 

99. Тұрмыс қаражаты жеткілікті жанұядағы бала жақсы, толыққанды қоректенсе де және күн шуағында ұзақ мерзімді болса да рахит ауруымен ауырады. Сіздің ойыңызша баладағы рахит дамуының себебі:

A. асқазанда витамин Д синтезінің бұзылысы, 1-α-гидроксилазаның ақауы, нысана-жасушадағы кальцитриол ақауының рецепторы

B. ащы ішектегі витамин Д сіңірілуінің бұзылысы, 1-α-гидроксилаза ақауы, нысана-жасушадағы кальцитриол ақауының рецепторы

C. нысана-жасушадағы кальцитриол ақауының рецепторы

D. терідегі кальцитриол синтезінің бұзылысы

E. бүйректердегі холекальциферол синтезінің бұзылысы

 

100. Инфекциялық полиартритті емдеу үшін науқас кортизолдың құрылымдық аналогы преднизолонды ұзақ қабылдаған. Жақсаруды сезінген соң преднизолон қабылдауды өздігінен тоқтатады. Аздан кейін кенет нашарлау пайда болады. Зерттеген кезде артериялық қысымның төмендеуі байқалады, несебінде 17-кетостероид мөлшері төмендеген. Преднизолонды қабылдауды тоқтатқан соң науқастың жағдайы неге нашарлаған? Себебін көрсетіңіз:

A. гиперкортицизм дамыған (тікелей байланыс механизмі бойынша активтену)

B. гиперкортицизм дамыған (кері байланысмеханизмі бойынша активтену)

C. гипокортицизм дамыған (ұзын тура байланыс бойынша тежелу)

D. гипокортицизм дамыған (ұзын кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

E. гиперкортицизм дамыған (қысқа кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Клиническое течение тромбофлебита лицевых вен:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.102 сек.)