Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ҚазаҚстан республикасыныҢ білім жӘне Ғылым министрлігі 3 страница



 

СОӨЖ тапсырмаларын орындау жоспары

 

 

Тақырыптар

Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклад, кейс, эссе, ғылыми талдау, құрал жасау т.б.)

Тапсырманы қабылдау орны (каб №, уақыты)

 

Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар мен ой-пікірлер

Реферат

Пікір алмасу

Педагогика кафедрасы

 

Ғылыми психологияның принциптері, зерттеу әдістері. Адам дамуындағы жас ерекшелік және педагогикалық психологияның өзара байланысы, даму бойынша зерттеу әдістері.

Реферат

Пікір алмасу

Педагогика кафедрасы

 

Жүйке жүйесінің психологиялық қызметі

Сурет бойынша талдау

Пікір алмасу

Педагогика кафедрасы

 

Бала және оның оқу іс-әрекеті.

Реферат

Пікір алмасу

Педагогика кафедрасы

 

Оқытуда оқушылар зейінімен жұмыс істеу, тәрбиелеу

Реферат

Пікір алмасу

Педагогика кафедрасы

 

Оқу материалдары және түйсік

Реферат

Пікір алмасу

Педагогика кафедрасы

 

Есті тәрбиелеуде мұғалім қызметінің орны мен ролі

Реферат

Пікір алмасу

Педагогика кафедрасы

 

Оқушының ойлауын дамыту

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Баланың қиялын дамыту

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Оқушының сөйлеуін дамыту

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Оқушыны сезімге тәрбиелеу психологиялық мәселесі

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер. Оқушының тұлғалық ерекшеліктері

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Оқушылардың бойында жарасымды мінезді қалыптастыру

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Әр түрлі темперамент типтегі оқушылармен жұмыс

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Оқытуда қалыптасатын дағдылар. Оқушылар қабілетін тану

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Психология пәнiнің дамуы мен қалыптасуы

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

17.

Психологияның негiзгi және қосымша зерттеу әдiстерi

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Инстинктердiң психологиялық сипаты қандай

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Есту түйсiктерiнiң механизмдерi қандай



Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Даму принциптерi.

 

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Қазiргi психологияның мақсат-мiндеттерi, ғылымдар жүйесiнде алатын орны

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Психологиялық iлiм-бiлiм мен ой түсiнiктердiң тарихы Аристотельден бастап 20ғ. екiншi жартысына дейiн

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Адам психикасы мен жануарлар психикасы арасындағы айырмашылықтар қандай

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Ойлаудың даралық ерекшелiктерi қандай

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Психология ғылымының анықтамасы

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Арман мен мұңның адам қиялындағы орны қандай

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Психология ғылымының құрылымы. Басқа ғылымдармен байланысы.

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Сана-психиканың жоғарғы сатысы екенiн дәлелде

Реферат

 

Педагогика кафедрасы

 

Жүйке жүйесiнiң құрылымы қандай

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Психология - түрлi мамандарды даярлаудың негiзi

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Талдағыштардың түйсiктер үшiн маңызы қандай

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Рецепторлардың орналасуына қарай түйсiктердi қандай топтарға бөледi

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Зейiн түрлерiнiң психологиялық мазмұны

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Түйсiктердiң заңдылықтарын қандай түрлерге бөлуге болады

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

 

Өзiндiк сана

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Кинестетиткалық, органикалық, статикалық, вибрациялық түйсiктердiң адам өмiрiндегi маңызы

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Зейiн түрлерiнiң психологиялық мазмұны

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Тұлғаның психикалық белсендiлiк сипатына қарай ес түрлерiнің ажыратылуы

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

Қабылдаудың «апперцепциялық» сипаты

Реферат

Дискуссия

Педагогика кафедрасы

 

Ойлаудың психологиялық мазмұны

Реферат

Сұрақ-жауап

Педагогика кафедрасы

 

СӨЖ тапсырмаларын орындау жоспары

Рет саны

Тақырыптар

CОӨЖ қысқаша мазмұны.

(лекция материалдарын пысықтау,

семинар және зертханалық

сабақтарға дайындық)

     
 

Тақырып №1 Сұрақтар бойынша конспекті жазу

 

1. Психикалық құбылыстар жүйесі және оның жіктелуі

2. Психика мен сана

3. Л.В. Выготский еңбегіндегі психика дамуы

 

Тақырып№6

Конспектілеу:

 

 

1. Адамдағы түйсіктің түрлері мен олардың атқаратын қызметі

2. Естің негізгі процестері

3. Қиял мен шығармашлық әрекет

4. Ақыл-ой дамуы мен қалыптасуы

 

 

Тақырып №12 Конспектілеу

 

 

1. Эмоцияның көрінісі мен өмірдегі рөлі

2. Көңіл-күй жеке адамның эмоциялық жағдайы

3. Аффект және стресс

 

 

Тақырып№13

Рефереттар мен баяндамалар жазу

 

 

1. Мінез түрлері экстраверсия, интраверсия

2. Темперамент типтері және оның психологиялық ерекшеліктері

3. Қабілеттілік, дарындылық, таланттылық, данышпанды-лық

4. Әлеуметтік қабілеттілікті дамыту

5.Данышпандылық, дарындылық, талант.

6.Нышандар.

 

Тақырып№5

Реферат жазу

 

1. Студенттік топтарда социометрия әдісін жүзеге асыру

2. Топтардағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктері

 

 

Тақырып №4 Әрекет құрылымы.

1.Әрекет бірліктері: қозғалыстық

2.Ақылдылық (ішкі)

3.Әрекеттің негізгі қызметтері

4.Әрекеттің ерекшеліктері.

5.Адам және жануарлар әрекеттерінің ерекшеліктері.

 

Барлығы

 

 

Глоссарий.

 

Анимизм – латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның жан-жануардың, өсімдік және басқа нәрселердің бәрінде жан болады дейтін қияли түсінік. Алғашқы қоғам мен діни нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.

Апперцепция – латынша ап – префикс, сөз алды қосымша, перцепция – қабылдау.Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан-дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды.

Ассоциация – 1.Белгілі бір заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылыстардың байланысты болуы. 2.Адамдардың өзара бірлесіп,әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым қатынасжзасайтын тобы.

Ассоциацциялық психология – психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы.Бұл бағыт ХҮІІ-ХІХ ғасырлада пайда болып, негізінен, Англияда өрістеп дамыды. Бұлбағыттың материалистіік те, идеалистік те ағымдары болды. Материалистік ағым психологиялық құбылыстарды зерттеуге детерминизм принципін еңдіруді көздедеі. Ал ХХ ғасырда Англияда психология механикалық бағытты ұстанған бихевиоризммен ұштасты.

Афазия – сөйлеудің бұзылуы. Мидың белгілі алабының зақымдалуына байланысты адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды.

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның күйініш, сүйініш сезімдеріүстіндегі көңіл-күйінің көрінісі (сезім мен эмоциясы).

Әрекет – белгілі бір мақсатқа бағытталған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бағдарлау реакциясы – жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргішке әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің бойындағы күш-қуаты мен сезімталдығы күшейіп, жүйке талдағыштарының жұмысы арта түседі. Бағдарлау организмдерде (адам мен жоғары сатыдағы хайуанаттарда) таңданудан басталады.

Бихевиоризм - психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған механиқалық теориялық және тәжірибелік бағыт. Бұл бағыт психиқалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды.

Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді. Бұл - психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік псиологиялық бағыт. Ассоциациялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсіну де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Дағды – сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип.

Дедукция, индукция, аналогия. Дедукция – жалпыдан жекеге дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукцилық ойдың кең тараған түрі – силлогизм. Екі не бірнеше пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару.

Индукция – 1.Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой қорытындысы.

Аналогия – Жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы. Аналогия – ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады.

 

Детерминизм принципі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғатпен құбылысрадың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс- әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әр-бір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды.

Динамикалық стереотип - шартты рефреторлық байланыстардың жасалуы жене оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Мұндай жүйе организм тұтастық үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі.

Жоғары жүйке қызметінің типі - жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болып табылады.

Инстинкт (соқыр сезім) - 1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.

Интериоризация, экстериоризация - сыртқы болмыс әрекетінің ішкі идеалдық факторлаға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

Интроверт пен экстраверт - Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері - интроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар -экстраверттер.

Қажеттілік - адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілік қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс жасауына байланысты. Бұл-организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Қозғыштық - әсерленгіштік. Сезімнің тез қозып, тез әсерленуі.

Қоғамдық тәжірибе - адам баласының тарихи дамуында магериалық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қалыптасқан біліктері мен әдет-дағдылары жайындағы білім жүйесі.

Ниет - қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады.

Психика дамуының қозғаушы күші - психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды реттеу мәселесі болып табылады.

Проблемді ситуация - күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжірибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның «шешімін» табуға әрекеттенеді. Мысалы, маймыл іліп қойған алманы «құрал» қолданып алып жейді.

Рефлекторлық теория – адамның мінез-құлқы мен психикасы оның белсенді қызметімен іс-әрекеті нәтижесінде реттеліп отыратын материалисттік көз-қарас. «Рефлекс» сөзінің мәні - бейнелеу. Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы И.М.Сеченов өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың шығуы мен дамуын материалисттік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді.

Сана – тек адамға ғана тән ең жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықиың бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеу арқылы бейнелеп,оның мән-жайын танып біледі.

 

Темперамент – жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераметтің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темперамнттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына өзгеріп, жаңа қасиет сипаттарға ие болады.

Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. «Тест» - ағылшын сөзі. Мағынасы сыақ дегенді білдіреді.

Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

Топ жетекшісі - жора-жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.

Тітіргенгіштік - әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйесінің әр алуан сыртқы және ішкі әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыдағы микроорганизмдердегі психиканың көрінісі – тітіргендіргіштік. Тітіркенудің төменгі өте қарапайым түрі – тропизмдер.

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ой қорытындысы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады.

Ұжым – қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүддесінің бірыңғай болуында.

Үнсіз сөйлеу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады.

Фрейдизм – бүл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейдтің атымен байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеу бойынша адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Даму психологиясы – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.

Психология – (грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді) психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.

Рефлекс – (латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.

Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).

Динамикалық стереотип – (грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.

Инстинкт – (латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

Интеллект – (латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді) жануарлар психикасының ең икемді түрі.

Эволюция – (латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.

Детерминизм – (латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.

Фрустрация – (латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.

Антиципация – (латын тілінен енген «күні бұрын» деген мағынаны білдіреді) адам тексттің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алуы.

Плато – «француз тілінен енген «үстірт жердегі тегістік» деген мағынаны білдіреді) дағдыға қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі.

Автоматизм – (грек тілінен алынған «өздігінен қозғалатын» деген мағынаны білдіреді) дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды айтамыз.

Доминанта – (латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздыратын алапты айтамыз.

Адаптация – (латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.

Сенсибилизация – (латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.

Синестезия – (грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.

Спектр – (латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді).

Пигмент – (латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді).


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 189 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>