Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Интерндерге арналған ортопедиялық стоматология бойынша 1000 тест сұрақтары тесттер (2013-2014) 10 страница



*+жақ сүйектерінің орталық ара қатынасын қайта анықтау керек

* тек алдыңғы тістерді ауыстыру керек

* барлық тістерді қайта салу керек

* барлық жоғарғы жақ сүйегінің тістерін қайта салу керек

* төменгі жақ сүйегінің тістерін қайта салу керек

! Протездің балауыз құрылымын тексергенде оң жақ бүйірдегі жасанды тістердің арасында саңылау бары байқалған және протетикалық жазықтық дұрыс анықталмаған, сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

* жоғарғы жақ сүйектегі жасанды тістерді ауыздың ішінде қайдан салу керек

* төменгі жақ сүйектің жасанды тістерін ауыз ішінде қарама-қарсы тістермен түйіскенше жөндеу керек

*+тығыз түйіспеген тістердің арасында жұмсартылған балауыз жолағын салып, науқастан тістерін бір-біріне тиістіруін сұрау керек

* бүйір тұстағы тістерді окклюдаторда қайтадан жөндеу керек

* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын қайтадан анықтап, жасанды тістерді қайтадан салу керек

! «Темір фреза» аспабы қандай мақсат үшін қолданылады?

* тістің қатты тіндерін егеу үшін

* тұрақты протездерді түзеп жөндеу керек

*+жеке дара қасықты және алмалы-салмалы протезді түзеп жөндеу үшін

* протез құрылымын тексеру үшін

* тістем білікті жасау үшін

! «Алмұрт тәрізді» тас аспабы қандай мақсат үшін қолданылады?

* тістің қатты тіндерін егеу үшін

* тұрақты протездерді түзеп жөндеу үшін

*+жеке-дара қасық пен алмалы-салмалы протезді түзеп жөндеу үшін

* тістегі қуысын егеп тазалау үшін

* тістем білік дайындау үшін

! Протез табанының (базисінің) қызыл етке батқан жері болса, оны қалай анықтауға болады?

* науқастың ауырған жерді айтуына қарай және ауызды дәрігердің өзі қарап анықтауға болады

*+шырышты қабықты тексеріп анықтауға болады және шырышты қабынған жерін бояп анықтауға болады

* функциональді сынамалардың көмегімен анықтауға болады

* пальпация арқылы анықтауға болады

* рентген арқылы анықтауға болады

! Анатомиялық қалыптың қырын ауыз ішінде қалыптастыру үшін не істеу керек?



* Гербст сынамаларын қолдану керек

*+тіл мен ерінді қаттырақ және жайлап қимылдату керек

* ауызды кең ашу керек

* ауызды барынша қатты ашып қалып алу керек

* ауызды сәл ғана ашып қалып алу керек

! Қалыптық массасы бар қасықты жоғарғы жаққа салудың реті қандай?

*+қасықты ең алдымен дистальді, сосын барып фронтальді (алдыңғы) бөлікте қысып ұстайды

* қасықты алдымен алдыңғы (фронталды) сосын дисталды бөлікте қысып ұстайды

* қасықты түгелдей бірқалыпты түрде жақ сүйекке салып ұстайды

* қасықты жақ сүйекке қалай болса солай салуға болады

* қасықты ауызға қырынан салады

! Қалыптық массасы бар қалыпты төменгі жаққа салу реті қандай?

* қасықтың ең алдымен дистальді, сосын барып фронтальді (алдыңғы) бөлікте қысып ұстайды

*+қасықты алдымен алдыңғы (фронтальді) сосын дистальді бөлікте қысып ұстайды

* қасықты түгелдей бірқалыпты түрде жақ сүйекке салып ұстайды

* қасықты жақ сүйекке қалай болса солай салуға болады

* қасықты ауызға қырынан салады

 

! Жоғарғы жақ сүйектен жұмыстық қалып алғанда, таңдайда кеуек тесік (пора) пайда болған. Сіздің іс-әрекетіңіз?

*+қалыпты қайтадан алу керек

* кеуек тесікті ғанышпен толтыру керек

* қалыпты балауызбен қайтадан мүсіндеу керек

* кеуекке тиіспеу керек

* кеуек тесікті балауызбен жабу керек

 

! Жоғарғы жақ сүйектегі альвеола өсіндісінің сему ерекшеліктері қандай?

* өскін таңдай мен ерінге қарай бір қалыпты семуі

* сему альвеола өсіндісінің ұшында анық байқалады

*+жоғарғы жақ сүйектің ерін жақ беті көбірек семеді

* жоғарғы жақ сүйектің таңдай жақ беті көбірек семеді

* альвеола өсіндісінің түбінде байқалады

 

! Жеке дара қасықты кигізіп көргеннен кейін функциональды қалып төменгі жадыхаттармен (материалдармен) алынған. Соның қайсысы дұрыс?

* репинмен, стенспен, балауызбен алынғаны дұрыс

* стомальгинмен, акрилмен, стадонтпен алынғаны дұрыс

*+репинмен, сиэластпен, дентофлекспен алынғаны дұрыс

* дентофлекспен, фторакспен алынғаны дұрыс

* ситаллмен, сиэластпен, эладентпен алынғаны дұрыс

 

! Модельдің қақпаша аймағын бұзып алмас үшін не істеу керек?

* қалыптың ернеуін балауызбен мүсіндеу керек

*+қалыптың ернеуін қалыңдығы 2-3 мм балауызбен жиектеу керек

* қалыптың ернеуін лейкопластырмен жиектеу керек

* қалыптың ернеуін воскалитпен жиектеу керек

* қалыптың ернеуін стенспен жиектеу керек

 

! Протездің тілді ары-бері қозғауда кедергі жасауы, сөздің бұзылуы, шайнау бұлшықеттерінің шаршауы неден болады?

* толық алмалы протездің дұрыс жасалмауынан болады

*+орталық окклюзияны анықтаған кезде альвеолааралық биіктіктің төмендеуінен болады

* толық алмалы-салмалы протездің балауыздан жасаған мүсінін тексеруде жаңғалақтық жіберуден (жөнді көңіл бөлмеуден) болады

* протездің үлкен болуына болады

* жеке дара қасықты дайындау кезде оның ернеуін көңілдегідей қалыптастырмаудан болады

 

! Жоғарғы сүйектің ара қатынасын анықтарда жоғарғы тістем балауыз білікті ауызға салып көргенде болатын кемшіліктер қалай түзетіледі?

*+тек төменгі тістем бөлігін жөндеу арқылы түзетіледі

* тек жоғарғы тістем білігін жөндеу арқылы түзетіледі

* төменгі және жоғарғы тістем білігін жөндеу арқылы түзетіледі

* тістем білікті ауызға салмай түзетіледі

* тістем білікті қайта жасайды

 

! Дәрігер протездің балауыз құрылымын анықтаған кезде науқас жасанды тістің өзіне жараспайтындығына қалыптан тыс аппақ екендігіне назар аударады. Жасанды тісті жасарда дәрігер нені ескермеген?

* науқастың өңі мен денесінің түсін ескермеген

*+науқастың жасын ескермеген

* науқастың бет-келбетін ескермеген

* шашының түсін ескермеген

* көзінің түсін ескермеген

 

! Протездің алдыңғы немесе бүйір тұстағы тістері өзара түйіспеген кезде, немесе айқасқан тістем пайда болғанда не істеу керек?

*+протезді қайтадан жасау керек

* протездегі алдыңғы тістерді ғана қайта жасау керек

* протездегі бүйір тістерді ғана қайта жасау керек

* тістер бір-бірімен түйіскенше протез табанын қайта жасау керек

* протездегі азу тістерді қайта жасау керек

 

! Жоғарғы жақ сүйек шырышты қабығының батымдылығы (податливость) шамалау болатын тұсты атаңыз?

*+қатты таңдайдың алдыңғы үштен бір бөлігінде

* қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігінде

* қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігінде

* таңдай жігінде

* жұмсақ таңдайда

! Жоғарғы жақ сүйектен алынған анатомиялық қалыпты қараған кезде, альвеолалық дөңестің бедері шықпай қалғаны көрінеді. Дұрыс қалып алу үшін не істеу керек?

* науқасқа жеке дара қасық жасау үшін алынған қалыпты тіс техникалық зертханасына беру керек

*+бұл қалыпты қайтадан алу керек

* басқа қалыптық жадығатпен қалып алу керек

* базистік балауыз жолағы мен қасықтың шеткі жағын ұзартып, басқа қалып алу керек

* базистік балауызбен қасықтың екі шетін (бортын) ұзарту керек

 

! Жеке дара қасықты төменгі жақ сүйекке кигізіп көріп жатқанда, тіл ұшын оң және сол ұртқа алма-кезек тигізгенде, қасықтың өз орнынан жылжығанын байқаймыз. Қасықты қалай жөндеу керек?

* төменгі жақ сүйек төмпешігінен бастап екінші үлкен азу тіске дейін қасықтың сырт қырын түзеу керек

* ұрт қартпарлары тұсына сай қасықтың сырт қырын түзеу керек

*+қасықты түзегенде оның тіл асты қырын ортаңғы сызықтан оңға және солға қарай 1см-дей қырып алу керек

* қасықтың тіл-иек асты бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекінген жеріне сай және оның тіл үзбесіне тұстас жерін қырнап түзету керек

* қасықтың иек асты және ұрт бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекитін орнына сай және оның төменгі ерін үзбе тұсына сай жерін қырнап түзету керек

 

! Жоғарғы жақ сүйекке жеке-дара қасықты кигізіп көру кезінде қасықтың таңдайды жабатын дисталды шеті қалай орналасқаны дұрыс:

* оның қатты және жұмсақ таңдай шекарасына 1мм жетпегені дұрыс

* оның жұмсақ таңдайға 3 мм жетпей орналасқаны дұрыс

*+оның қатты және жұмсақ шекарасында орналасып, тұйық тесікті 1-2мм жапқаны дұрыс

* оның жұмсақ таңдайда орналасқаны дұрыс

* оның қатты және жұмсақ таңдай шекарасына 3мм жетпегені дұрыс

 

! Протетикалық жазықтың алдыңғы тұсын қалыптастыру кезінде нені бағдар етіп алған дұрыс?

*+көз-қарашық сызығын алған дұрыс

* құлақ-мұрын сызығын алған дұрыс

* еріндері түйіскен сызықты алған дұрыс

* беттің физиологиялық тыныштық күйінде оның төменгі бөлігінің үштен бір биіктігін алған дұрыс

* орталық сызығын алған дұрыс

! Біздің кафедрада пайдаланатын протез орны шырышты қабық жіктемесінің авторы кім?

* Кеннеди

* Джексон

* Курляндский

*+Суппле

* Гаврилов

! Жоғарғы жақ сүйекке тістем білікті салып көріп жатқанда жоғарғы еріннің дүрдиіп алға қарай шыққаны байқалады. Дәрігер не істеу керек?

* тістем білік бар балауыз табанын (базис) дайындау керек

* тістем білікті кигізіп көру керек

*+жоғарғы жақ сүйектегі біліктің ерін-ұрт бетіндегі балауыз қабатын қырнап алу керек

* төменгі жақ сүйектегі біліктің ерін-ұрт бетіндегі балауыз қабатын қалыңдату керек

* қалыпты қайтадан алу керек

! Протетикалық жазықтықты анықтау кезде оны қалыптастыру неден басталады?

* таңдай бетінен басталады

*+маңдай алды (фронтальді) бөліктен басталады

* бүйір бөліктен басталады

* төменгі бөліктен басталады

* төменгі және жоғарғы жақ сүйек бөліктерінен бірдей басталады

! Протетикалық жазықтықты бүйір тұста қалыптастыру кезде бағдарға не алынады?

* көздің қарашық сызығы алынады

*+құлақ-мұрын сызығы алынады

* еріннің бір-біріне түйіскен сызығы алынады

* беттің физиологиялық тыныштық кезінде оның төменгі бөлігінің

үштен бір биіктігі алынады

* беттің орталық сызығы алынады

! Тістем биіктігі жоғары болған кезде сөйлеу сынамасы тістің бір-біріне тықылдап тиіп тұрғанын көрсетеді. Мұндайда алдыңғы тістер арасындағы саңылау неге тең болады?

* 4-5 мм-ге

*+0-2 мм-ге жетпейді

* 7-8 мм-ге

* 8-10 мм-ге

* 10-12 мм-ге

! Толық алмалы-салмалы протездің негізгі бөліктері:

* сауыт, жасанды тістер, доға

* сауыт, аралық бөлік, доға

*+& табаны (базисі), жасанды тістер, кламмерлер

* табаны, кламмерлер, вестибулярлық доға

* бюгель, табаны, кламмерлер, жасанды тістер

! Толық алмалы-салмалы протезді науқастың аузына салған соң, ол бір апта өткеннен кейін шырышты қабықтың жарақаттанғанын ауырсынғанын айтады. Протез салғанда қандай ақыл-кеңесті айтпаған?

* ауызды күнделікті шаю қажеттілігін айтпаған

* протезді мұқиятты түрде күту керектігін айтпаған

*+толық алмалы-салмалы протезді түзеп жөндеу үшін дәрігерге

келесі күні келу керектігін айтпаған

* протезді дұрыс сақтау керектігін ескертпеген

* протезді жөндеу үшін үш күннен кейін келуді айтпаған

! Толық алмалы-салмалы протезді науқастың жоғарғы жақ сүйегіне салғанда дәрігерге науқас кейін томпақ сүйектің (торустың) жарақаттанғанына, ауырғанына, протездің нашар бекітілгенін айтқан. Протезді әзірлегенде қандай қателіктер кеткен?

* протезді жасағанда оның табанын томпақ сүйектің бетіне бататындай етіп жасаған

*+протез табаны томпақ сүйекке сай жасалмаған, қамтығыш клапанның шеті таңдай жігінен аспаған

* қамтығыш клапанның шеті таңдай жігінен асып кеткен

* протез табаны қалың жасалған

* протездің шеті өтпелі қатпарға жетпеген

! Науқастың аузына толық алмалы-салмалы протез салған соң оның өңі төмендегідей болып шыққан. Ерін-мұрын, иек асты қатпарлары тереңдеген, езу төмендеген, иек алға қарай жылжыған. Дәрігер-ортопед протез саларда қандай қателік жіберген?

* науқастың бетіне, түріне сай емес бір қалыпты (майда) тістері бар протез салынған

*+бетінің төменгі үштен бір бөлік биіктігі қалпына келтірілмеген, қысқартылған

* толық алмалы-салмалы балауыз табаны (базисі) қалыңдаған

* орталық окклюзияны анықтарда науқастың сырт бейнесі қалпына келтірілмеген

* альвеолалы өскіннің шырышты қабығы мүлде семгенде қысым түсіру арқылы функциональді қалып алынған

! Науқастың аузына толық алмалы-салмалы протез салғанда оның өңі өзгерген: иек алға шығып кеткен, ерін-мұрын және иек асты қатпарлары тереңдеген, екі езуі салбыраған. Протез салудың қай кезеңінде қателік кеткен?

* қате 2-клиникалық кезеңде функциональді қалып алғанда кеткен

*+қате 3-клиникалық кезеңде орталық окклюзия күйінде тістем биіктігін анықтауда кеткен

* қате 4-клиникалық кезеңде протездің балауыз құрылымын тексергенде кеткен

* қате 2-зертханалық (лабораториялық) кезеңде-модель үлгісін (шаблонын) жасауда кеткен

* қате 3-зертханалық (лабораториялық) кезеңде тіс салу, протездің балауыз құрылымын ең соңғы рет мүсіндеуде кеткен

! Төменгі жақ сүйекке салынған толық алмалы-салмалы протез кезінде үзбесі не себептен жарақаттанады және протез не себептен ауыздан шығып кете береді?

* тіл астындағы протездің шеті ұзынырақ болған соң

* тілдің үзбесі жақсы дамыған соң

*+қымтағыш қақпаны жасарда тіл үзбесі биік орналасып кедергі болған соң

* протез табаны қалың болған соң

* толық алмалы-салмалы протез жөнді өңделмей жылтыратылмаған соң

! Толық алмалы-салмалы протезді ауызға кигізу кезінде науқас жоғарғы ерні салбырап, түрінің қарт адамның түрі сияқты боп көрінетінін айтады. Сонда орталық окклюзияны анықтаудың қай кезінде қате жіберілген?

* тістем білігін дайындау кезінде альвеоларлық өскін семуі ескерілмеген

* қате альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің қалыңдығы мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген

*+қате жоғарғы еріннің қызыл жиегі бойынша альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің биіктігі мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген

* қате төменгі жақ сүйек алға жылжыған кезде және жақ сүйектерді орталық окклюзияда бекіткен кезде жіберілген

* қате алдыңғы тісті салу кезде оны жасанды қызылиекке (етке) бекітпей, протездің базисіне тікелей бекіту кезінде (приточка) жіберілген

 

! Әңгіме кезінде, күлгенде толық алмалы-салмалы протездің жоғарғы тістердегі өткір қыры көрінбейді, неге? Жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтағанда қандай қате жіберілген?

* ауыз сәл ашық тұрған кезде анықталатын тістем біліктің биіктігі дұрыс анықталмаған. Тістем білікті жоғарғы еріннің астынан 1-2 мм-ге шығып көрініп тұратындай етіп, оның бетін балауызбен өсіру керек еді

*+тістем біліктің биіктігі дұрыс қалыптастырылмаған, бірақ қыры үстіңгі еріннің астынан 0,5-1 мм-ге шығып тұратын етіп алынған

* тістем біліктің биіктігін қалыптастырған кезде альвеоларлық өскіннің өзгерілуі ескерілмеген

* тістем біліктің биіктігі 2-4 мм шығып тұру керек

* орталық ара қатынасты анықтағанда білік 2-3 мм шығып тұру керек еді

! Толық алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын тексеру кезінде екі ерін бір-біріне керіліп тиіседі, бет пен жоғарғы ерін созылып тартылған, мұрынның екі жағындағы қатпар жазылған. Мұндай жағдайда қандай қателіктер жіберілген және қандай сынамалар бұл қателіктерді көрсете алады?

*+орталық ара-қатынасты анықтау кезде альвеолааралық биіктік дұрыс анықталмаған. Ол қалыптағы шамадан биік боп алынған. Бұл қателікті саусақты керілген (жымқырылған) ерінге тигізгенде оның сол сәтте ашылып кету сынамасы көрсетіледі

* протез табаны үлкен болып мүсінделген. Бұл қатені Гербстің ерінді керіп-созу функциональді сынамасы көрсетеді

* жасанды үлкен тістер салынған. Бұл қателікті тілмен жоғарғы ерінді жалау сынамасы көрсетеді. Жасанды тіс үлкен болғанда тілмен ерінді жалау күшке түседі

* протездің табаны үлкен болған әрі ірі жасанды тістер салынған

* орталық ара қатынас дұрыс анықталған

! Толық алмалы-салмалы протездің табаны қандай жағдайда өз пішінін өзгертеді, деформацияға ұшырайды?

* пластмассаның құрамындағы заттар дұрыс мөлшерде алынбаған жағдайда

* протез базисінің қалыңдығы дұрыс мүсінделген жағдайда

*+пластмассаның полимеризациясы бұзылған жағдайда

* протез жөнді өңделген, тегістелген, жылтыратылған

* протездің базисі дұрыс жағдайда

! Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай болады?

* қалай болса солай болады

*+тікелей болады

* жанама болады

* кері болады

* әртүрлі болады

! Толық алмалы-салмалы протездің жанама әсері қандай тіндерде байқалады?

* протез жайғасатын орындағы тіндерде байқалады

*+протезге тимей алыс жатқан тіндер мен ағзаларда байқалады

* шықшыт буында, ішек-қарында, жүйке тамырларында байқалады

* ішек-қарында, жүрек-қан тамарыларында байқалады

* протез орнындағы тіндерде, ағзаның барлық мүшесінде байқалады

! Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай?

*+жарақаттандырады, уландырады, аллергиялық және басқа қосымша әсер етеді

* тітіркендіреді, бірақ дұрыс тітіркендірмейді, яғни тіннің тітіркенуі протездің зиянды әсеріне сәйкес келмейді

* әртүрлі әсер етеді

* жайлы әсер етеді

* химиялық жолмен уландырады, механикалық жолмен жарақаттандырады

! Алмалы-салмалы протездің улағыш әсері неге байланысты?

* протездің құрамындағы полимердің аздығына байланысты

* протездің құрамындағы полимердің көптігіне байланысты

*+протездің құрамындағы мономердің көптігіне байланысты

* протездің құрамындағы гидрохинонның көптігіне байланысты

* протездің құрамындағы бояғыш заттардың көптігіне байланысты

! Протездің аллергиялық әсері неге байланысты?

*+протез жадығатының протез астындағы тіндердің ақуызына әсер етуден пайда болған аллергенге байланысты

* улағыш заттарға байланысты

* ауыз тазалығын сақтамауына байланысты

* жалпы соматикалық ауруларға байланысты

* сапасыз жасалған протезге байланысты

! Толық алмалы-салмалы протезден болатын қабынуды не деп атайды?

* протез орны тіндерінің реакциясы дейді

* тұрақты дымқылдану (парниковой эффект) дейді

*+протездік стоматит дейді

* протез орны тіндерінің ауруы дейді

* төзбеушілік дейді

! Науқас толық алмалы-салмалы протезге үйрену кезеңінде ұрттың шырышты қабығын тістейтінін, сөйтіп шырышты қабығының жарақаттанғанын айтады. Ол жарақаттанудың себебі не?

* тістем биіктігі жоғарылаған

* тістем биіктігі төмендеген

* жасанды тістер дөңес-сызаттық (фиссурно-бугорковый) түйіспеде

түйіседі

*+дөңес-сызаттық түйіспенің болмауынан

* жасанды тістер арасында тығыз окклюзиялық түйіспенің

болмауынан

! Науқас протезге үйрену кезеңінде «с» дыбысын дұрыс шығара алмайды. Протездің қай жерін жөндеп түзету керек?

* 13,12,11,21,22,23 тістер аймағындағы өтпелі қатпар тұсын жөндеу керек

* төменгі алдыңғы тістердің тіл беті тұсын жөндеу керек

*+протез таңдай бетінің алдыңғы үштен бір тұсын жөндеу керек

* таңдайдың ортаңғы үштен бір тұсын жөндеу керек

* протездің дистальді шекара тұсын жөндеу керек

! Толық алмалы-салмалы протезді жасау кезеңдерін атаңыз?

A) жақ сүйектердің орталық ара қатынастарын анықтау керек

B) жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден функциональды қалып алу керек

C) жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден анатомиялық қалып алу керек

D) протездің балауыз құрылымын тексеру керек

E) толық алмалы-салмалы протезді салу керек

* А.В.С.Е.Д.

* В.А.С.Д.Е.

* Е.А.Д.С.В.

*+С.В.А.Д.Е.

* А.В.С.Д.Е.

! Дайын толық алмалы-салмалы протездің сапасын тексерген кезде оның базисінде газ толған кеуек бары анықталды. Қандай технологиялық қателіктер жіберілген?

* протез жартылай (толық) полимеризацияланған

* полимер мен мономер қатынасы дұрыс анықталмаған

* кювета салқын ауға салынған

*+полимеризация жолы бұзылған

* кюветадағы протез бірден суытылған


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 99 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.044 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>