Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Интерндерге арналған ортопедиялық стоматология бойынша 1000 тест сұрақтары тесттер (2013-2014) 8 страница



* жоғарғы жақтың альвеола өсіндісі төмен және жоғары ерін ұзын болған кезде

* науқастың қалауы бойынша әр жағдайда

! Кеммени кламмері неден жасалады?

* +негіздік материалдан

* балауыздан мүсіндейді

* сымнан иеді

* балауыздан мүсіндеп эластикалық пластмассадан жасайды

* синма-М пластмассадан жасайды

! Орталық окклюзияны анықтау үшін ғаныш мүсіндер клиникаға қандай түрде келеді?

* окклюдаторда бекітілген

* +окклюзиялық білігі бар балауыз негізбен

* окклюдаторда бекітілген окклюзиялық білігі бар балауыз негізбен

* жасанды тістері бар білікпен

* негізі бар жасанды тістермен

! Жасанды тістерді орналастыру кезінде мұрын қанатынан өтетін сызық неге сәйкес келеді?

* сүйір тістің медиальді бетіне

* сүйір тістің дистальді бетіне

* +сүйір тістің ортасына

* бірінші азу тістің ортасына

* бүйір күрек тіс ортасына

 

! Беттің төменгі бөлігінің биіктігін өлшеудің ең объективті әдісі:

* +анатомиялық-физиологиялық әдіс

* анатомиялық әдіс

* антропометриялық әдіс

* физиологиялық әдіс

* биологиялық әдіс

! Беттің орталық сызығы не үшін жүргізіледі?

* жасанды тіс мойнын орналасуын анықтау үшін

* тістердің енін анықтау үшін

* тістердің пішінін анықтау үшін

* тістердің түрін анықтау үшін

* +орталық күрек тістердің орналасуын анықтау үшін

! Алмалы-салмалы пластиналы протездің құрылымын тексеру кезеңінде клиникаға не беріледі?

* ғаныш мүсіндегі окклюзиялық білігі бар балауыз негіз беріледі

* тістері және кламмерлер бар пластмассалы негіз

* +окклюдатордағы ғаныш мүсіндегі кламмерлері бар балауыз негіз беріледі

* ғаныш мүсінде тістері және кламмерлері бар балауыз негіз беріледі

* окклюдаторға орнатылған окклюзиялық білігі бар балауыз беріледі

! Алмалы-салмалы протездің табаны (базисі) үшін қажет АКР-7 пластмассаның авторларын атаңыз.

* +Б.Н.Бынин, М.В.Выгодский

* В.Н.Батовский, И.Я.Поюровский

* В.Н.Копейкин, В.Л.Гроссман

* В.А.Курляндский

* И.М.Оксман, М.Т.Бушан

! Бюгельді протез жасағанда отқа төзімді мүсінді қосарластырған (дублирование) кезде жұмысшы ғаныш мүсінінің кемерлерін немен толтырады?



* қарапайым ғанышпен

* жоғарғы сапалы ғанышпен

* +балауызбен

* отқа төзімді массамен

* мольдинмен

! Күрделі құрылымды бюгельді протездің қаңқасын қандай мүсінде мүсіндеген жөн?

* +отқа төзімді мүсінде

* ғанышты мүсінде

* аралас мүсінде

* құрамдастырылған мүсінде

* металл мүсінде

! Бюгельді протездің қаңқасын жұмысшы ғаныш мүсінде шақтап көргенде нені ескерген жөн?

* қаңқаны тек қана перпендикулярлы бағытта енгізу керек

* +параллеометрияда таңдап алынған енгізу жолдарын ескерген жөн

* көлденең бағытта енгізу керек

* тік бағытта енгізу керек

* орташа бағытты ескерген жөн

! Бюгельді протез қаңқасының ершігі қай жерде орналасуы керек?

* +альвеола өсіндісі қырының үстінде

* альвеола өсіндісінің ұшындағы оральді қырында

* альвеола өсіндісінің вестибулярлы қырында

* альвеола өсіндісінің вестибулярлы қырында

* вестибулярлы ылди мен қыры үстінде

! Төменгі жақ-бет жүйесіндегі (ТЖБЖ) тіс протезі шырышты қабық пародонт тістің өзара оңтайлы физиологиялық қызметін сақтайтын тіс протезін атаңыз?

* тіс салмасы жартылай сауыт, толық сауыт

* көпір тәрізді протез

* пластиналық протез, толық сауыт

* штифті тістер, салма

* +доғалы (бюгельді) протез

! Қанша тіс жоқ болғанда доғалы протезбен емдеу керек?

* +4-9 тіс

* 1-4 тіс

* 9-13 тіс

* 3-10 тіс

* 13-15 тіс

! Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын кламмері қаңқаның ертоқымымен тұрақты берік қосылған кезде (стабильді) протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

* +тістің өзіне

* тіс пен шырышты қабыққа

* шырышты қабыққа

* альвеола өсіндісіне

* пародонтқа

! Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын кламмері қаңқаның ертоқымымен босаңдау (лабильді) түрде қосылған кезде протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

* тістің өзіне

* тіс пен шырышты қабыққа

* +шырышты қабыққа

* альвеола өсіндісіне

* пародонтқа

! Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын ілгері қаңқаның ертоқымымен жартылай босаңдау (полулабильный) түрде қосылған кезде протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

* тістің өзіне

* +тіс пен шырышты қабыққа

* шырышты қабыққа

* альвеола өсіндісіне

* пародонтқа

! Тіс-жақ-бет жүйесінің шайнау тиімділігін тіректі (бюгельді) протез қаншалықты қалпына келтіреді?

* 55-70 ℅ -ке

* +70-90℅ -ке

* 35-100℅ -ке

* 45-55℅ -ке

* 90-95℅ -ке

! Тіректі доғалы протезге науқас қанша уақытта бейімделеді?

* +2 аптаға дейін

* 2 тәулікке дейін

* 1 тәулікке дейін

* жарты айдан 1,5 айға дейін

* 3 аптаға дейін

! Доғалы протездің кламмерлері қандай бөліктен тұрады?

* иық, дене, окклюзиялық бастырма

* дене, өскін, иық

* +дене, иық, өскін, окклюзиялық бастырма

* окклюзиялық бастырма, өскін, доға

* өскін, иық, доға

! Егер тіс сауытының пішіні дұрыс болса, бірақ тіс қатарындағы басқа тістерге қарағанда қисайып тұрса немесе қисайған қалпында бұрылып тұрса, тірек тістегі «шолу сызығы» қандай топографиялық жағдайда болады?

* бел ортада болады

* төменде болады

* биікте болады

* +диaгональді бағытта болады

* жоғарыда болады

 

! Толық алмалы-салмалы пластиналы протезді отырғызғаннан кейін сөйлеу қызметі бұзылса не істеу керек?

* жаңа протез дайындау керек

* протез жиегін қысқарту керек

* ауызды шаю керек

*+жоғарғы жақ протездің алдыңғы тістер аймағына коррекция жасау керек

* протезді жылтырату керек

! Науқас К-ға толық алмалы-салмалы пластиналы протезді отырғызғаннан кейін сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Курляндский бойынша бейімделу фазасын көрсетіңіз?

* тітіркендіру

*+жартылай тоқтау

* толық тоқтау

* қозу

* тежелу

! Толық алмалы-салмалы пластиналы протездің бекітілуі (фиксациясы) мен орнығуы (стабилизациясы) неге байланысты емес?

* тірек тістер санына

* кламмердің орналасуына

* қатты таңдай күмбезінің тереңдігіне

* альвеола өсіндісінің семуіне

*+тісжегі дәрежесіне

! Функциональді сорғыш қағидасы неге негізделген?

* шырышты қабықтың макро және микро бедерінің ізін алуға негізделген

*+протез астынан ауаның сорылып алуына негізделген

* сілекейдің желімдегіш қасиетіне негізделген

* протез базисінің бедеріне сәйкес келуіне негізделген

* протез базисінің көлемін үлкейтуге негізделген

! Жоғарғы жақтың вестибулярлы бетіндегі протез базисінің шекарасы қандай болу керек?

*+шырышты қабықтың жылжымалы тұсын шамалы жабатын болу керек

* шырышты қабықтың жылжымалы тұсын айтарлықтай жабатын болу керек

* шырышты қабықтың жылжымалы тұсына шамалы жетпеу керек

* өтпелі қатпар күмбезін жабатын болу керек

* өтпелі қатпар күмбезін толық жабатын болу керек

! Алмалы-салмалы протездің бекуі (фиксациясы) дегеніміз не?

*+бет-ауыздың тыныштық күйінде протезді жақ сүйекке салу, бекіту

* протезді функционалді сорғыштық әдіспен жақ сүйекке салу,бекіту

* тамақты шайнаған кезде протездің жақ сүйектен шығып кетуі

* жақ сүйектің қосымша қимыл-қозғалысы кезінде протездің жақ сүйектегі тұрақтылық күйі

* тамақты шайнаған кезде және шайнамаған тыныштық күйдегі жақ сүйектің күйі

! Тісі түгел түсіп қалған науқастың түрі өзгере ме?

* өзгереді, жұмсақ тіндердің домбығуынан беті қисаяды

* өзгереді, иегі мен астыңғы ерін бір шама шығып кетеді, астыңғы жақ сүйегі ұзарып кетеді, жоғарғы ерні салбырап кетеді

* өзгереді, бетінің төменгі жағы үлкейеді, жоғарғы ерні ашық болады немесе жұқарады, мұрынның екі жағындағы қатпар қисаяды, аузы сәл ашық болады

*+өзгереді, беті кәрілік кейіпке түседі, мұрынның екі жағындағы және иегінің астыңғы қатпарлары ойылып кетеді, екі езуі салбырап кетеді, бетінің төменгі үштен бір бөлігі әжептәуір қысылады

* өзгермейді, науқастың келбеті қалыпты жағдайда болады

! Тісі түгел түсіп қалған науқасты тексеріп қарағанда неге азу тістің сырт (ретромоляр) жағына көңіл бөлінуі тиіс?

* өйткені ол жақты тексеру қиын

*+өйткені ол протездің мөлшерін ұлғайту үшін керек

* өйткені ол араға қасық жетпейді

* өйткені ол арада патологиялық түзілістер жиі кездеседі

* өйткені ол арада жара болуы мүмкін

! Жоғарғы жақтағы шырышты қабықтың ең батымды жері қайсы?

* қатты таңдайдың алдыңғы үштен бірі

* қатты таңдайдың ортаңғы үштен бірі

*+қатты таңдайдың артқы үштен бірі

* алвеола өсіндісінің қыры

* жұмсақ таңдайдың беті

! Жоғарғы жақтан алынған анатомиялық қалыпты қарап бағалағанда алвеола төмпешігі түспей қалғандығы байқалады. Енді не істеу керек?

* жеке-дара қасық жасау үшін қалыпты тіс техникалық зертханасына беру керек

* көлемі кішілеу қасықпен қайта қалып алу керек

* басқа қалыптық жадығатпен қайта қалып алу керек

*+қалыптық қасықтың дистальді шетін балауызбен жиектеп барып қайта қалып алу керек

* қасықтың ернеуін (бортын) базисті балауызбен ұзарту керек

! Толық алмалы-салмалы протезді зертханада жасаудың ретін атаңыз:

A) ғаныштан мүсін құю тістем биіктері бар балауыз базис жасау

B) жасанды тістерді орналастырып шығу

C) мүсін құю, жеке дара қасық жасау

D) базисті соңғы рет мүсіндеу, балауызды пластмассаға ауыстыру

E) дайын протезді өңдеу, тегістеу орын жылжытуын атау

* B, A, C, D, E

* C, D, E, A, B

* D, E, A, B, C

*+C, A, B, D, E

* E, D, C, B, A

! Қай ғалым электронды-вакуумды аспап көмегімен шырышты қабықтың басымдылығын (податливость) анықтаған?

* Катц

* Оксман

* Гаврилов

*+Кулаженко

* Курляндский

! Қатты таңдай шырышты қабығының басымдылығы (податливость) неге байланысты?

* протезді пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты

* шайнау бұлшықет қызметтерінің өзгеруіне байланысты

* альвеолалық өскіннің семуіне байланысты

* науқастың жасына байланысты

*+қан тамырларының қызметіне байланысты

! Жеке-дара қасықты қалай, қайда жасауға болады?

* зертханалық (лабораториялық) жолмен жасауға болады

* клиникада жасауға болады

*+клиникалық және зертханалық (лабораториялық) жолмен жасауға болады

* жасамауға болады

* құю бөлмесінде жасауға болады

! Жеке-дара қасықты жасау үшін қандай жадығаттар (материалдар) жиі пайдаланылады?

* балауыз

*+пластмасса

* шеллак

* металл

* ғаныш

! Бірінші клиникалық кезеңде қандай қалып алынады?

* функционалды қалып

* компрестік қалып

*+анатомиялық қалып

* қысымды ыдырататын қалып

* қысым алынатын қалып

! Функциональді қалыпты алғанда қандай масса қолданылмайды?

* звгеномырышты сықпа

*+силиконды масса

* тиоколды масса

* эластикалық масса

* альгинатты масса

! Мүлде тісі жоқ науқасты тексергенде қандай әдіс негізгі әдіске жатпайды?

* сұрау әдісі

* тексеру әдісі

* пальпация әдісі

*+R – графия әдісі

* сырқатнама толтыру

! Протезді бекіте алатын қандай әдіс ең маңызды болып саналады?

* физикалық әдіс

*+физикалық-биологиялық әдіс

* механикалық әдіс

* хирургиялық әдіс

* физикалық-механикалық әдіс

! Жеке-дара қасық не үшін керек?

* анатомиялық қалып алау үшін керек

* тістем білігі бар балауыз базисті әзірлеу үшін керек

* функциональді қалып әзірлеу үшін керек

*+функциональді-сорғыш қалып әзірлеу үшін керек

* протездің базисін жасау үшін керек

! Функциональді-сорғыш қалыптың ернеуі қалай қалыптасуы керек?

*+Гербстің функциональді сынамасының көмегімен қалыптасуы керек

* ауыз тіндерінің емін-еркін қозғалысының көмегімен қалыптасуы керек

* шайнау қозғалысының көмегімен қалыптасуы керек

* ымдау қозғалысының көмегімен қалыптасуы керек

* тыныштық күйде қалыптасуы керек

! Функциональді қалыпты аларда нені ескерген жөн?

*+әр аймақтағы шырышты қабықтың қалпына келгіштігін ескерген жөн

* альвеолалық өскіннің сему дәрежесін ескерген жөн

* томпақ сүйектер (торус) мен экзостардың (шордың) болуын ескерген жөн

* мұндайда адамның қатты құсқысы келетінін ескерген жөн

* шырышты қабықтың өткізгіштігін ескерген жөн

! Жеке-дара қасықтың алшақтау (дистальді) шетінің шекарасы жоғарғы жақ сүйектің қай бөлімінде анықталады?

* «А» сызығында 1-2 мм жетпей аяқталуы керек

*+қасықтың шеті тұйық тесіктерді 1-2 мм-ге жабуы тиіс

* «А» сызығының бойында аяқталады

* «А» сызығын жұмсақ таңдайға қарай 5-6 мм-ге жабуы тиіс

* торустың тұсында

! Суппле жіктемесі шырышты қабықтың қандай қасиетін танып білуге негізделген?

* қалған тістердің жағдайына негізделген

*+протез орнындағы шырышты қабықтың түріне (типіне), батымдылығына

* таңдайдағы томпақ сүйек (торус) жағдайына негізделген

* жоғарғы жақ сүйек төмпешіктерінің жағдайына негізделген

* альвеоларалық өсінділер қырының жағдайына негізделген

! Люнд шырышты қабықтың қандай қасиетін анықтады?

* жылжымалы қасиетін анықтады

*+басымдылық (податливость) қасиетін анықтады

* түсін анықтады

* семуін анықтады

* шырышты қабық бетіндегі түзілісті анықтады

! «Бейімделу» атауы (термині) қандай мағына береді?

* артикуляция деген мағына береді

*+протезге үйрену деген мағына береді

* физиологиялық тістем деген мағына береді

* тітіркену деген мағына береді

* жиырылу деген мағына береді

! Дайын болған протездің сапасы, тиімділігі қалай анықталады?

* сөздің анықтығына, тазалығына қарап анықталады

* оның жақ сүйекке дұрыс бекуіне қарап анықталады

* науқастың сыртқы пішінін қаншалықты келтіруіне қарап анықталады

*+науқастың протезбен ішетін тағам түріне қарап анықталады

* науқастың түріне қарап анықталады

! Қандай аймақты Люнд орталықты фиброзды аймақ деп атаған?

* қатты таңдайды атаған

* жұмсақ таңдайды атаған

* альвеолалық өсіндіні атаған

* таңдайдың томпақ сүйегін (торусты) атаған

*+сагитальді жік аймағын атаған

! Қандай аймақты Люнд бездік аймақ деп атаған?

* қатты таңдайдың алдыңғы үштен бір бөлігін солай атаған

*+қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігін солай атаған

* қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігін солай атаған

* сагитальді жік аймақ бөлігін солай атаған

* вертикалды жік аймақ бөлігін солай атаған

! Буферлік аймақ деген не?

* жұмсақ таңдай аймағы

*+қатты таңдайдың шырышты қабығының қан тамырлары жағы

* альвеолалық өскіннің шырышты қабығы

* жоғарғы жақ сүйек төмпешігі

* төменгі жақ сүйек төмпешігі

! Тіссіз жақ сүйекке И.М.Оксман қандай жіктеу ұсынды?

* жоғарғы жақ сүйекке

*+жоғарғы және төменгі жақ сүйекке

* төменгі жақ сүйекке

* жоғарғы жақ сүйектің шырышты қабығына

* төменгі жақ сүйектің шырышты қабығына

! Оксман тіссіз жақ сүйектің қанша түрін ұсынды?

*+4 түрін

* 5 түрін

* 3 түрін

* 6 түрін

* 2 түрін

! Жақ сүйектің қай түрінде тіссіз жақ сүйектің альвеоларалық өскіні мен төмпешігінің биіктігі байқалады?

* 3-түрінде

* 4-түрінде

* 5-түрінде

* 2-түрінде

*+1-түрінде

! Тіссіз жақ сүйектің қай түрінде альвеоларалық өсінді әр түрлі болып семеді?

* 1-түрінде

* 2-түрінде

* 3-түрінде

*+4-түрінде

* 5-түрінде

! Жымию сызығы неге сәйкес келеді?

*+жоғарғы тіс мойындарына, сәл одан жоғары болуы мүмкін

* жоғары тіс мойындарына, сәл одан төмен болуы мүмкін

* жоғары тістердің кесу қырына тең болуы мүмкін

* төменгі тістердің кесу қырына тең болуы мүмкін

* төменгі тіс мойындарына, сәл одан төмен болуы мүмкін

! Жымию сызығы қандай мақсатпен жүргізіледі?

* тістерді түсіне қрай таңдау мақсатымен

* тістерді еніне қарай таңдау үшін

*+тістерді биіктігіне қарай таңдау үшін

* тістерді түріне қарай таңдау үшін

* тістерді көлеміне қарай таңдау үшін

! Төменгі жақ сүйектің альвеолалы өсіндісінің сему ерекшеліктері қандай?

* өсіндісінің ерінге қараған беті көбірек семеді

*+өсіндісінің тіл жақ беті көбірек семеді

* өсіндісінің ерінге қараған беті де, тіл жақ беті де бір қалыпты семеді

* сему альвеола өсіндісінің ұшында анығырақ байқалады

* сему өсіндісінің табанында байқалады

! Кәрілік кем иектің («старческая прогения») қалыптасуына қандай жағдайлар себеп болады:

*+жоғарғы және төменгі жақ сүйек альвеолалық өсіндісінің сему ерекшеліктері себеп болады

* төменгі жақ сүйектің алға қарай жылжуы себеп болады

* буын шұңқырындағы буын басының орналасу жағдайының өзгеруі себеп болады

* төменгі жақ сүйектің артқа қарай жылжуы себеп болады

* шықшыт буынының ауруы себеп болады

! Жоғарғы және төменгі жақ сүйектегі барлық тісі түгел жоқ науқастың бет-келбетін не үшін анықтау керек?

* жалпы анықтаудың керегі жоқ

*+әр бет-келбетке тістердің түрі сәйкес болғандықтан анықтау керек

* протездің құрылымын таңдау үшін керек

* тістем (прикус) биіктігін анықтау үшін керек

* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін керек

! Кіші азу тіс тұсындағы экзостозы бар төменгі жақ сүйекке толық алмалы-салмалы протез салынғанда науқас оның аузын жарақаттағанын айтқан. Протезді жасау жолының қай кезеңінде (клиникалық, зертханалық) қателіктер кеткен?

*+ғаныштан мүсін жасағанда экзостоз фольгамен бөлінбеген, протезде экзостоз жатқан жерге сай кертпе жасалмаған, протезді шақтап кигізіп көру әрі тапсыруды, көшірме қағаз арқылы тексермеген

* жақ сүйектегі экзостаздар көшірме қағазбен бөлінбеген

* протез жасағанда оның кіші азу тіс тұсында қызыл етке бататындай етіп жасалған

* дұрыс құйылмаған мүсінде экзостоз көрінбей қалған

* функциональді қалыптың дұрыс шықпауы, протез табанының бедерінің анық болмауы

! Тіссіз ауыздың протезіне жасанды тіс салғанда қандай әдіс жиі қолданылады?

* Гизи әдісі қолданылады

* Сфералық жазықтық әдісі қолданылады

* Ганау әдісі қолданылады

*+Васильев әдісі қолданылады

* Гельфанд-Катц әдісі қолданылады

! Тіссіз жақ сүйектен жұмыстық қалыпты алу не үшін керек?

* окклюзиялық білігі бар балауыз табанды (базисті) жасау үшін керек

*+жеке дара қасықты дайындау үшін

*модельді (мүсін) құю үшін керек

* орталық окклюзияны анықтау үшін керек

* жақ сүйектің ара қатынасын анықтау үшін

! Тіссіз жақ сүйектің қызыл еті «салпық жота» болғанда қалыпты қандай әдіспен алған дұрыс?

* кәдімгі анатомиялық қалып әдісімен алған дұрыс

* компрессиялық қысым әдісімен алған дұрыс

*+қысымды жеңілдету әдісімен алған дұрыс

* құрамалы әдіспен алған дұрыс

* функционалды қалып әдісімен алған дұрыс

! Мүлде тісі жоқ жақтан анатомиялық қалып алғанда қандай қасық қолданылады?

* жеке дара қасық

*+мүлде тісі жоқ жаққа арналған темір қалыпты (стандартты) қасық

* балауыз қасық

* пластмасса қасық

* тесігі бар пластмасса қасық

! Тіс түгел түсіп қалғанда қандай қосымша тексеру әдістерін қолдануға болады?

*+шайнау бұлшықеттерінің электормиографиясын қолдануға болады

* ЗОД-ты қолдануға болады

* эхоостеометрияны қолдануға болады

* Рубинов сынамасын қолдануға болады

* гнатодинаметрияны қолдануға болады

! Кампердің горизонталь сызығына түсінік беріңіз:

* тіс қатарының окклюзиялық бетіндегі сызық

* мұрын қанатынан құлақ сақиналығына дейінгі сызық

*+мұрын қанатынан сыртқы құлақ жанына дейінгі сызық

* езуден құлақ ортасына дейінгі сызығы

* мұрын қалтасының түбінен көз шарасына дейінгі сызық


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 252 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.057 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>