Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курстық жұмыс «Кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауы»-деп аталады. 2 страница



 

1.2 Кәсіпке оқыту мұғалімінің.бейнесі

 

Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп беріледі. Жоғары педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс [8].

Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Қазіргі таңда кәсіби оқыту мамандығы өте қажет мамандықтардың бірі болып табылады. Кәсіби оқыту мамандары оқу-тәрбие мекемелерінде және кәсіптік білім оқу орындарында психологтық-педагогтық қызмет жасай алады. Әрбір ұйымның жақсы қызмет жасауы үшін шарттарының бірі мамандарының кәсіптік дамуы болып табылады. Қазақстандағы өндірісті негізге алсақ ондағы жиі әрі жылдам өзгерістер жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды қажет етеді.

Кәсіби педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық кәсіпкерлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз [9].



Кәсіпке оқыту мұғалімінің жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:

- педагогикалық іс – әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

- педагогикалық кәсіби білгірлігі;

- педагогикалық іс-әрекеттеке бейімділігі;

- педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

Кәсіпке даярлық, кадрларды кәсіпке даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды

мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш

кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті жұмыскерлерді (жұмысшыларды,

қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіпке оқыту барысында мұғалім белгілі бір прициптерді қолданылуы қажеттілік болып табылады.

Оқытудың ғылымилық принципі. Кәсіпке баулу сабағының мазмұны өндірістің негізгі компоненттері бойынша анықталатындығы белгілі. Кәсіпке баулу сабағының техника, технологиялық процестердің және экономикалық көрсеткіштерді оқыту барысында олардың негізгі анықтамаларын, заңдылықтарын ғылыми негізде түсіндіру қажет. Техника мен технологиялық ғылыми негізі жаратылыстану негізінде түсіндіріледі, экономикалық көрсеткіштер сандық-саналылықпен анықталынады. Сонымен бірге мұғалім пайдаланған ғылыми ұғымдар мен терминдерді түсіндіріп, дұрыс қолдана білуге үйретеді. Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға бұйым жасауда материалды таңдау үшін олардың қасиеттерін, технологиялық өңдеу барысында болатын құбылыстарды ашып ғылыми тұрғыда түсіндіру, оқушының ойлау қабілетін дамытады.

Оқытудың жүйелілік және бірізділік принципі. Білімнің жақсы меңгерілуі үшін жаңа білім бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуге тиіс. Таным қызметінің бұл жағы жүйелілік және бірізділік принципі деп аталады. Мұғалім оқу материалына, мазмұнына байланысты әрбір сабақтың оқу материалын, мазмұнын дидактикалық талаптарға сай логикалық байланыста, оқуға жүйелі қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпке баулу сабақтарының барлығында әрбір оқушы жүйелі түрде политехникалық және арнайы еңбек дағдыларын және сол сияқты өндірістің ғылыми негізін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Міне, сондықтан оқушыларды сыныптан сыныпқа көшкенде еңбек операциялары, технологиялық процестерін, техника негіздерін және еңбек құралдарымен жұмыс істеуді біртіндеп қарапайымнан күрделіге өтіп меңгерілуі тиіс. Кәсіпке баулу сабақтарында бірізділік, жүйелілік принципті жүзеге асыру бағдарлама мазмұнында көрсетілген. Егер бұйымдарды мұғалім енгізуді қажет деп санасы онда, бұл қағиданы естен шығармауы тиіс. Бағдарлама мазмұнында алдымен өңделетін материалдың қасиетін оқып үйрету қарастырылса, содан соң оларды өңдеу технологиясы меңгеріледі. Сабақ барысында бірізділік, жүйелілік принциптерін іске асыруда мұғалімнің қызметі мына бағытта жүзеге асырылуы тиіс: кәсіпке баулу сабақтарының барлық кезеңдерінде оқушылардың жалпыеңбектік, жалпыөндірістік дағдыларын қалыптастыру көздеуі; өндірістің ғылыми негізін, бір тұтас жүйелі білімді қалыптастыруды қарастыруы; оқушылардың әрбір сабақта меңгерген оқу материалы бұрынғы өтілген сабақтардың негізінде жүргізуі; әрбір сабақты жоспарлауда ол сабақтардың өткен сабақтармен байланысты болуын қарастыруы; сабақта өткен техника-технологиялық мағлұматтар бағдарламалы тиянақты белгілеуді.

Оқытудың түсініктілігі мен ауқымдылық принципі. Білімнің жақсы меңгерілуі үшін олар түсінікті келтірілген болуы керек. Оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылығы берілген сыныпқа, оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай болуы тиіс.

Оқытудың көрнекілік принципі. Оқушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдауынан басталады. Көрнекілік принципі нақтылық пен абстрактіліктің бірлігі негізінде алынып қарастырылады. Бұл принцип оқушылар білімдерді игергенде оқылып зерттеліп отырған заттармен құбылыстарды немесе олардың кескінін жанды қабылдаудан жинақтауға, қорытындылауға немесе керісінше, жалпыдан жалқыға, нақтыға қарай оқытуды осылай етіп қою талаптарын білдіреді.

Оқытудың саналылық және белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік оқушылардың таным-білім және практикалық іс-әрекетіне жасалатын педагогикалық басшылықтың дәрежесіне байланысты. Саналылық пен белсенділік дәрежесі көп жағынан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасына байланысты болады. Белсенділік пен саналылық oқытудың бүкіл барысында қалыптасады. Оқу материалын саналы игеру мұғалім оңайлатып жібермей баяндаған жағдайда мүмкін болады. Мұғалім пайымдауының, айқындығының, нанымдылығының және дәлелдігінің үлкен маңызы бар. Материалды саналы игеру балалар жаңа бейтаныс сөздердің түсінігін дербес табуға ұмтылған жағдайда мүмкін болмақ. Оқытудың өмірмен байланыс - білімдерді саналы игерудің маңызды алғы шарты. Саналылық - оқу ісіндегі формализмді жеңудің маңызды жолы. Оқу ісіндегі формализм - оны жеткілікті түсінбей және практикада қолдана білмей оқу материалын жайдан-жай жаттап алу.

Саналылық, белсенділік, өзіндік принципі еңбек әрекетінде айқын байқалады. Сондықтан оқушыларды еңбек әрекетін, қабілетін саналы түрде, белсенді түрде, белсенді өзіндік жұмыс атқару арқылы қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті. Кәсіпке баулу сабақтарында оқушылардың еңбегі өз бетінше орындалатын жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар арқылы оқу өндірістік тапсырмалар арқылы техникалық құжаттарды талдауы, техникалық, технологиялық есептерді, экономикалық есептерді шешу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қарастырып отырған принцип оқу материалын меңгеру деп проблемалық оқыту тұрғысынан шешу арқылы қарастырылады. Себебі оқушы тапсырма алу арқылы өз бетінше сол тапсырманы орындайды. Практикалық жұмыс барысында еңбек құралдарын анықтайды, схема, сызба, есептеу жолдарын қарастырады. Бірақ ол әрекеттердің барлығын оқушы бір мезгілде шеше алмауы мүмкін. Сондықтан мұндай әрекетке мұғалім біртіндеп оқытуды үйретеді.

Оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру принципі. Кәсіпке баулу сабағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады және оның 75%ға жуық уақыты практикалық сабақтың үлесіне тиеді. Осы практикалық жұмысқа бөлінген уақытта оқушыларға міндетті түрде сабақтың барысында пайдалы өнімді өндірумен шұғылдануы тиіс. Мұндағы ескеретін нәрсе оқушының еңбегі үйретілетін, шеберлігін қалыптастыратын алғашқы оқу еңбегі, маман жұмысшының еңбегіндей емес.

Білімді игеру беріктігінің принципі. Білімді игерудің беріктілік принципі оқушының оқыған оқу материалын ұзақ уақыт есте сақтауды көздейді. Жалпы білім беретін мектептер мынадай міндет қояды: оқушыларға берілетін білімдер олардың өмір бойы есінде сақтайтындай ету. Ол үшін мұғалім оқыту процесінде оқушының білімді саналы игеруін, белсенділігін туғызуы керек. Сонда білімдер берік игеріліп, оқушының дамуына ықпал ете алады. Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға икемділік пен дағдыны дұрыс қалыптастырсақ және теориялық білімді саналы игертіп белсенділігін тудыра алсақ, онда оқушылар практикада орындаған еңбек операциялардың өмір бойы ұмытпайтын болады.

Теорияның практикамен байланыстылық принципі. Оқушылардың ғылым негіздері болып саналатын сабақтардан алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуді айқындайды.

Кәсіпке баулу сабағындағы негізгі құраушы принциптердің бірі -политехникалық білім беру принципі. Политехникалық білім беру дегеніміз өндірістің негізгі элементтері туралы экономикалық байланыстары туралы білім беріп, өндірісте көп кездесетін еңбек құралдарымен жұмыс істеумен дағдыландыру.

Мұғалім қызметінде оқыту принциптерін әрқайсысын жеке емес, бірімен бірі тығыз байланысты жүзеге асыруы қажет [10].

 

 

1.3 Кәсіпке оқытудағы конструкторлық технологиялар

 

Қазіргі маманның зерттеушілер ұсынған әртүрлі модельдерінен мына екі модель ажыратылады: даярлық моделі және іс-әрекет моделі. Даярлық моделін болашақ маманға қойылатын қазіргі талаптардың оқу процесінде бейнеленуін есепке алып жасайды. Ол ең әуелі оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әр түрлі шараларды, өндіріс пен байланыс формаларын және берілген сала мамандарын даярлаудың басқа да формаларын қамтиды. Іс-әрекет моделі түлектердің болашақ кәсіби іс-әрекеті саласын, олардың еңбек жағдайларын, қажетті білімдері мен іскерліктерін, тұлғалық сапаларын зерттеуге және сипаттауға бағдарланған.

Маман моделін оның іс-әрекетінің негізінде құру ЖОО-дағы оқу процесі арқылы оның даярлық моделін құруға мүмкіндік берді.

Даярлық моделінде мыналар басшылыққа алынды: 1) қандай кәсіби маңызды іскерліктерді, білімдер мен дағдыларды бірінші кезекпен қалыптастыру керек; 2) оқу процесін жетілдірудің жолдары мен құралдарын анықтау қажет [11].

Осы мақсатта маман іс-әрекетін сипаттайтын параметрлердің көп санынан осы іс-әрекетті барынша елеулі анықтауға болады.

Сонымен, маман моделін оның мынадай екі компоненті түрінде көрсетәледі: іс-әрекет моделі және даярлық моделі.

Конструкторлық-технологиялық жүйе ХХ ғасырдың 80-жылдары КСРО ПҒА еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру ҒЗИ негізінен V-VІІ сынып оқушыларын еңбекке баулу бағдарламасын әзірлеуде қолданыс тапты. Бұл жүйенің негізгі идеясы - оқушылардың орындаушылық және шығармашылық іс-әрекеттерін үйлестіру. Осы жүйеге сәйкес еңбек объектісін дайындауда алдымен оның конструкциясын және технологиясын әзірлеу қажет болды. Сонымен бұл жүйеде оқушылар алдымен бірқатар техникалық сұрақтарды шешеді, содан кейін барып, бөлшекті өңдеуді, оларды құрастыруды, т.б. орындайды [12].

Кәсіптік оқыту мұғалімінің оқушыларды конструкторлық-технологиялық білімдер мен іскерліктерге баулу іс-әрекетін (мұғалімнің өзі жүзеге асыратын — білімдеріне сүйеніп орындайтын іс-әрекетін) игеру нәтижесі — оның оқушыларды конструкторлық-технологиялық іс-әрекетке баулу іскерлігі (ОКТІО); берілген іс-әрекетті кәсіптік оқыту мұғалімі оны сипаттайтын тәсілдер мен амалдарды, оқушылар мен өзінің және оқушылар игеретін КТ іс-әрекеттің – КТ білімдер мен іскерліктердің қасиеттерін сипаттайтын сәйкес ақпаратты алып және өңдеп игеруі ретінде қарастырылады. Кәсіптік оқыту мұғалімінің оқушыларды КТ іс-әрекетке окытумен байланысты әрекеттерінің жүйесі мен тізбектілігінде де белгілі бір логика, кезеңділік, мынадай құраушылар болуы тиіс. Танымдық құраушы мыналарды зерделеуді қамтамасыз ететін іскерліктерді қамтиды:

1) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқытудың мазмұны мен тәсілдерін;

2) КТ іс-әрекетке оқыту кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін;

3) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқытудағы өз іс-әрекетінің ерекшеліктері мен нәтижелерін.

Жобалаушылық құраушы мынадай стратегиялық мәселелер шешуді қамтиды:

1) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің жүйесін тұжырымдау (алыс мерзімдік КТ мақсаттар мен міндеттер тұжырымдау);

2) оқушылардың КТ іс-әрекетін алыс мерзімге жоспарлау;

3) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқыту жөніндегі өз іс-әрекетін ұзақ мерзімге жоспарлау.

Конструктивтік құраушы мынадай тактикалық мәселелер шешу іскерліктерін қамтиды:

1) оқушыға берілуі тиіс КТ ақпарат мазмұнын іріктеп алу және композициялау;

2) оқушыларды КТ іс-әрекетке оқыту барысындағы өз іс-әрекетінің қандай болуы тиістігін жобалау [13].

Ұйымдастыру құраушысы мыналарды ұйымдастырумен байланысты шұғыл мәселелер шешу саласындағы іскерліктерді қамтиды:

1) оқушыларға берілетін ақпаратты;

2) КТ ақпаратты игеруге мүмкіндік беретін оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін;

3) оқушыларға КТ ақпаратты беру процесіндегі өз іс-әрекетін.

Коммуникативтік құраушы педагогикалық мақсатты өзара қарым-қатынас орнату саласындағы мәселелер шешу іскерліктерін қамтиды:

1) оқушыларды КТ іс-әрекетке баулу міндетін мемлекеттік тапсырмалармен үйлестіру;

2) КТ іс-әрекетті үйренетін оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату;

3) педагогикалық жүйені құрайтын мектеп жетекшісімен, әріптестерімен, өндіріс шеберлерімен дұрыс қарым-қатынас жасау [14].

Мұғалімнің жетілмеген іс-әрекетінің тәсілдері оқушылардың да танымдық іс-әрекетінің сондай жетілмеген тәсілдерін қалыптастырады. Олай болса оқушылардың конструкторлық- технологиялық іскерліктерінің төмен болу себебі, оларды оқытатын мұғалімдердің конструкторлық-технологиялық іскерліктерінің төмендігінде.

Осы бағытта әртүрлі зерттеулер жүргізілген. Бұл зерттеулерде болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің оқушыларды конструкторлық-технологиялық білімдер мен іскерліктерге баулу іс-әрекетінің құрылымы мен мазмұны анықталған. Сонымен қатар олардың мектепте оқушыларды конструкторлық-технологиялық іс-әрекетіне баулу жұмысы мен болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін берілген жұмысқа ЖОО-да даярлаудың жайы зерделенген. Оқушыларды конструкторлық-технологиялық білімдер мен іскерліктерге баулу іс-әрекетінің моделі жасалынған және оның негізінде оларды даярлаудың моделі зерттелініп әзірленген. Сонымен қатар мұғалімнің зерттеліп отырған іс-әрекет түріндегі іскерліктерді қалыптастырудың әдістемесі жасалынған.

Конструкторлық-технологиялық жүйе тек оқушылардың интеллектуалдық іс-әрекетінің мазмұнын алдын ала анықтайды, ал практикалық еңбектік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әртүрлі жүреді. Дегенмен көп жағдайда шеберханаларда оқу заттық-операциялық жүйеде өтеді. Бұл жүйе мектеп оқушыларын өндіріс жағдайында кәсіптік еңбекке дайындығын жеделдету ұмтылысынан туындады.

Дегенмен кәсіптік оқыту (еңбекке баулудың) жүйелерінің нәтижелі қолданыс табуы оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты болды [15].

Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ жалпытехникалық пәндер, технология және кәсіпкерлік мұғалімін дайындаудағы “Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы” – пәнін оқыту операциялық-заттық жүйеге негізделеді. Бұл жүйе жұмысшы кадрларын кәсіптік оқытуда қолданылады.

Оқытуды жетілдіру бағытында аталған жүйелерден бөлек кәсіптік оқыту жүйелері жөнінде ұсыныстар жасалды. Солардың бірі білікті жұмысшыларды дайындаудың аяқтаушы кезеңі үшін ұсынылған технологиялық процестердің мәнін тереңінен түсінуге және қажетті шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін өндірістік оқытудың проблемалық-талдау жүйесі. Бұл жүйе жоғары оқу орындарында технология және кәсіпкерлік пән мұғалімдерін даярлауда қажетті оқыту жүйесі болып табылады.

Білім беру жүйесін қайта құру талаптары және бәрінен бұрын шығармашыл жеке тұлғаны дайындауға, үйлесімді дамытуға шығармармашылық заттық-операциялық жүйе жауап береді. Оның негізіне жеке тұлғаның шығармашылық және заттық-пайдалы іс-әрекеті алынды. Бұл іс-әрекет үрдісінде материалдық құндылықтарға ысырапшыл қатынас төмендейді. Сонымен қатар, шығармашылық элементтері (шығармашылық іс-әрекет объектілерін іріктеу, оның конструкциясын сызу және дайындау технологиясын әзірлеу), белсенділік және іскерлік (пайдалы бұйымдарды дайындау), еңбектік мақтаныш, абырой (тұтынушылар қолданатын, сапасы жоғары бұйым дайындау) артады. Мектеп оқушыларын еңбекке дайындау практикасына шығармашылық заттық-операциялық жүйенің енуі шығармашыл ойлайтын және әрекет ететін мұғалімді талап етеді [16]. Бұл жүйе жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлауда, сәндік қолданбалы өнер, техникалық (көркем) шығармашылық негіздері курстарын оқытуда кеңінен қолданыс табуда.

 

 


 

2 Кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауының әдістемесі

 

 

2.1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

 

Оқу жоспары – оқу орнында берілетін оқу пәнінің құрамын оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін әр пән бойынша жылдық, апталық, бөләнген сағат санын, оқу жылының бас- аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап беретін құжат.

Оқу жоспары (ОЖ): о рта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.

Базистік оқу жоспары: Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының құрылымдық бөлігі; орта білім мазмұнының инвариантты және вариативті компоненттері мен олардың қатынасын, оқу жүктемесінің көлемін бекітетін; типтік, жеке және жұмыс оқу жоспарының әзірлеуге негіз болатын нормативтік құжат [17].

Базистік оқу жоспарына негізделген жаңашылдығы оқу жүктемесінің тұрақты бөлігінде қоғамдық- гуманитарлық циклдағы пәндердің үлес салмағының артуынан тұтастай алғанда мектептегі тұрақты оқу жүктемелерінің 53,4%-ын қоғамдық- гуманитарлық циклдағы пәндер құрап отыр; тіл мен әдебиет пәндеріне кең көңіл бөлуінен көрінеді. Оларға бастауыш сатыдағы тұрақты жүктеменің 45,5%-ы негізгі сатыда 37,5%-ы беріледі [18].

Оқу жопспарының екі түрі ажыратылады. Олар: типтік оқу жоспары және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары.

Типтік оқу жоспары(ТОЖ): оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті білім беру деңгейі оқу пәндерінің тізбесін және көлемін реттейтін нормативтік құжат.

Типтік оқу жоспарына мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жоспарына орай жүргізілетін барша оқу пәндерінің тізімі беріледі.

- міндетті (базалық- мемлекеттік бөлік);

- оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік);

- мектеп (ЖОО) кеңесі бекітумен өтілетін пәндер.

Типтік оқу жоспарында әрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстаға арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.

Типтік жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарын жасайды. Оқу формаларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай қашықтықтан оқыту жоспарлары да әр қилы келеді [17].

Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі.

Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат. Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>