Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курстық жұмыс «Кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауы»-деп аталады. 1 страница



Курстық жұмыс «Кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауы»-деп аталады.

Кіріспеде, зерттеу жұмысының көкейкестілігі, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зеттеу мақсаты, зеттеу міндеттері беріледі.

Зерттеу тақырыбының нысаны- кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуының негізгі әдіснемелері;

Зерттеу тақырыбының пәні - кәсіпке оқыту мұғалімдерінің оқушыларды кәсіби іс-әрекетке баулудағы кәсіби-педагогикалық іскерліктерін қалыптастыру процесі;

Зерттеу тақырыбының мақсаты- кәсіпке оқыту мұғалімінің оқушыларды кәсіби білім мен іс- әрекетке баулуды зерттеп, оқыту жұмысын жоспарлауы.

Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер орындалады:

- кәсіпке оқытудың териялық аспектілеріне талдау жасау;

- кәсіпке оқытудағы конструкторлық технологияларды жіктеп көрсету;

- кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауының әдістемесінің ерекшелігін көрсету;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша сабақ дайындамаларын жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбына жалпы кіріспе, осы зерттеу тақырыбының нысаны, зерттеу тақырыбының пәні, зерттеу тақырыбының мақсаты, міндеттері беріледі.

Курстық жұмыстың бірінші тарауы «Кәсіпке оқытудың теориялары» деп аталады. Бұл тарауда жалпы кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалу теориялары беріледі

Курстық жұмыстың екінші тарауы «Кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауының әдістемесі» деп аталынады.

Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Қосымшада күнтізбелік-тақырыптық жоспары берілген.


 

1 Кәсіпке оқытудың теориялық аспектілері

 

1.1 Сабақтың түрлері, құрылымы және мұғалімнің сабаққа дайындалуы



 

Сабақ дегеніміз - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ қоғаммен, оның идеологиясымен, саясатымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты.

Сабақ- бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты, мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады.

Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу. Сабақтың мақсатын дұрыстап қою мұғалімнің оқу бағдарламасына, оқулыққа, әдістемелік құралдарға, дидактикалық материалдарға сүйеніп оқу материалын тиімді түрде таңдап алуына мүмкіндік береді.

Сабақтың негізгі міндеті - мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.

Сабақ мазмұны төмендегідей талаптарға сай келуі тиіс:

- сабақ мазмұны бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай ма;

- оған дидактикалық өңдеу жасалған ба;

- қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған;

- оқушылар қандай материалдармен алғаш жұмыс жүргізді, сабақта қандай білім, білік, дағдылар қалыптастырылды және бекітілді;

- сабақ материалы оқушылардың шығармашылықтарын дамытуға қалай ықпал етті;

- қандай жалпы білімділік және арнайы дағдылар дамытылды;

- пәнішілік байланыстар іске асырылды ма;

- сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын арттыруға жағдай жасады ма.

Сабақ түрлері және оның құрылымы

Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.

Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.

Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.

Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.

Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.

Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.

Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.

Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.

Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.

Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.

Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.

Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.

Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.

Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.

Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.

Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.

Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.

Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау [1].

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар

І. Сабақ мазмұнының халықтығы.

ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.

Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек.

ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды.

1. Ақыл-ой тәрбиесі.

2. Адамгершілік тәрбиесі:

а) ұлтжандылық;

ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы;

б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.

3. Саяси-идеялық тәрбие.

4. Еңбек тәрбиесі.

5. Әсемдік тәрбиесі.

6. Дене тәрбиесі.

7. Құқық тәрбиесі.

8. Экологиялық тәрбие.

9. Экономикалық тәрбие.

10. Отбасы тәрбиесі.

ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.

Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.

Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.

V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.

Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.

VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар.

Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы [2].

Сабаққа қойылатын тағы бір талап сабақты талдау болып табылады.Сабақ талдауға ғылыми көзқарас – психологиялық-педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйенеді. Талдаудың жан-жақтылығы мен тереңдігі – сабақ құрылымындағы кезеңдердің байланыстылығын, дидактикалық қабысуы мен логикалық жүйелілігін ескере отырып бағалау. Жаңа тақырыпты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыра қарастыру. Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайын, оқушылардың танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінеді.

Сабақ оқыту әрбір кезде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады.

Мұғалім - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі болып табылады.

Мұғалімнің шеберлігі, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.

Мұғалім шеберлігінің төрт негізгі бөліктерін атауға болады: балалардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру шеберлігі, өз ой-пікірін мақұлдату шеберлігі, білім беру және тәжірибе қалыптастыру.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Мұғалім әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияларды қолдану керісінше ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өздік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне осы мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады.

Мұғалімнің міндеттеріне мыналар жатады:

- ұжымды ұйымдастыру және дамыту;

- оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу;

- оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау;

- баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу;

 

- оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды

таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия [3].

Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.Сонымен қатар мұғалім. педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.

Мұғалім не істей білуі керек:

- мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;

- өз жұмысында басқару функциясын орындай білу;

- мақсатқа жету және оны дәлелдеу үшiн нақты мiндет қоя бiлуі;

- кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану;

- мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу; Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді.

Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз. Осы айтылған білімді, білікті, дағдыны оқушы бойында қалыптастыру үшін мұғалім сабаққа жоспарлы түрде дайындалуы қажет [4].

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.

Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет [5].

Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:

1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқыңыз.

2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біліңіз.

3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жазыңыз.

4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.

5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап алыңыз.

6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақтаңыз.

7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жазыңыз.

8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластырыңыз.

9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.

10. Жоспардың негізгі тұстарын қайталаңыз (оқу материалының).

Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі мұғалімнің сабақты талдауына байланысты. Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады [6].

Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:

1. Сабақ туралы жалпы мәлімет: күні, топ, мұғалімнің аты-жөні, оқытылған пән, сабақтың өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты.

2. Сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері.

3. Оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар мен тек пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолдары; өздік жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй тапсырмасының көлемі.

4. Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары.

5. Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі.

6. Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар [7].

 

1-кесте - Мұғалім сабағының құрылымы

 

Құрылым

Мұғалiм мен оқушы iс-әрекетiнiң болжамды тәртiбi мен тәсiлi анықталатын оның элементтерiнiң өзара берiк байланысы.

Сабақтың негiзгi элементтерi

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Жаңа материалды оқыту..

Бiлiм мен дағдыларды қалыптастыру

Қалыптасқан бiлiм, бiлiк, дағдыларын бекiту және жетiлдiру

Игерiлген бiлiм,бiлiк, дағдыларын қолдану.

Сабақта оқытудың нәтижелерiн талдау.

ББД тексеру және бағалау

үй тапсырмасы.

Сабақты қорытындылау.

өз-өзiне талдау жасау.

Сабақты ұйымдастыру

Нысандары

Жеке.

Фронтальды.

Топтық.

Ұжымдық.

Әр түрлi жастағы..

Тәсiлдер

Түсiндiру.

Талқылау.

Жалпы мiнездеме.

Оқыту әдiстерi.

Сөздiк әңгiме, әңгiмелесу,түсiндiру,оқу дәрiсi, баяндамалар)

Көрнектi(бақылау, көрсету, серуен-теледидарлық және компьютерлi технология)

Машықтық(әр түрлi жаттығулар)

Жалпы дидактикалық

Әдiстер

Қызықты түрде түсiндiрулер.

Бiр сәттiк iзденулер.

Проблемалық.

Зерттеулiк.

Дидактикалық мiндеттер

бойынша әдiстердi iрiктейдi

Бiлiм алу.

Бiлiм, дағдыны қалыптастыру.

Бiлiмдi қолдану.

Шығармашылық iс-әрекет.

2-кесте – Мұғалімнің сбаққа дайындалу түрлері мен типтері

 

Сабақ типтерi.

Сабақ түрлерi.

1.Жаңа тақырыпты оқу.

Дәрiс.

Әңгiмелесу.

Кино-сабақ.

Компьютер, теледидар т.б.пайдалану сабағы.

2.ББД жетiлдiру.

Өздiк жұмыс.

Сарамандық жұмыс.

Зертханалық жұмыс.

Семинарлар.

Пiкiрталастар.

3.ББД жүйелеу және қорыту.

Әңгiмелесу.

Семинар.

Пiкiрталас.

4.Аралас.

Сабақтың барлық түрлерi.

5.Бақылау.

Бақылау жұмысы.

Сұрау.

Сынақ.

Бiр-бiрiн бақылау.

6.Бiрiккен

Өндiрiс еңбегi арқылы теориялық окыту.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 551 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>