Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

2012 – 2013 оқу жылына емтихан тапсыруға арналған Әлеуметтану пәнінен барлық мамандықтар бойынша қортынды бақылаудың 3 страница



- адамдар дәстүр мен салтты сақтауы

- жас жұбайлар ата-аналармен тұруы

101?

Отбасы және неке әлеуметтануы отбасының пайда болуын, шығу тарихын, өмір сүруін, дамуы мен өзгеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және қоғамдағы әлеуметтік функцияларды атқаруын зерттейді. Әлеуметтану отбасына тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт ретінде қарайды. Отбасы институтының пайда болуын әлеуметтану қай кезеңмен байланыстырады?

- мемлекеттің пайда болу кезеңі

- ұлттың қалыптасу кезеңі

- халықтықтың қалыптасу кезеңі

- феодальдық құрылыс кезеңі

+алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі

102?

Американың ірі әлеуметтанушысы және экономисті, буржазиялдық-реформалық бағытты сынай отырып, екі топты бизнесмендер негізінен алып сатушылық пен айналысатындар және техникалық мамандарды, яғни «индустриалдық жүйенің» оларсыз жүзеге аспайтындығын жария етеді. Автор алғашқы топты ол реакцияшыл және қоғамға зиянды ретінде қарастыра отырып, материалдық өндірістен олардың бас тартуын ұсынады, бар шаруашылық пен билікті техникамен маманданған интелегенцияға беру керек деп қаржы олигархтарына қарсы шығады.Ол осы ойларын - “Теория праздного класса” еңбегінде білдіреді. Бұл еңбектің авторы кім?

- Э. Дюркгейм

- О. Конт

+Т. Веблен

- Н. Смелзер

- Э. Гидденс

103?

Адамдар арасындағы қарым-қатыныстар белгілі бір тәртіппен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтарымен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Бұл анықтама әлеуметтік құрылымның басты элементтерінің қайсысына берілген?

- әлеуметтік қоғамдастық;

- әлеуметтік топ;

+ әлеуметтік институт;

- әлеуметтік қатынас;

- әлеуметтік іс-әрекет;

104?

Жеке тұлғаларға клиникалық тәжірибе сабағын қандай құжатсыз рұқсат етілмейді?

-ғылыми дәрежесі туралы куәлік



+маман сертификаты

-біліктілікті жоғарлату туралы куәлік

-халықаралық үлгідегі сертификат

-мемлекеттік үлгідегі диплом

105?

«Дәрігер анты» қай нормативтік құжатта көрсетілген?

-"ҚР халық денсаулығы туралы" заңы

+«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі

-ҚР Конституциясы

-денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

-ҚР медициналық қызмет ұйымдарының типтік ережесі

106?

Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерің ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан формалары. Әлеуметтік институттардың қоғамдағы негізгі функциясы қандай?

- кәсіби дайындық.

+индивидтердің қарым-қатынастарын бақылау

- әлеуметтік мәдени тәрбие

- жазалау

- марапаттау

107?

Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. “Страта” ұғымы социологияға қай ғылымнан келді?

+геологиядан

- биологиядан

- географиядан

- физикадан

- математикадан

108?

Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі страталардын болғанын білеміз. Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Кез – келген стратификация жүйелерінің негізінде не жатыр?

- гендерлік стереотип

+теңсіздік

- теңдік

- этноцентризм

- эгалитаризм

109?

Әлеуметтік мобильдік деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір

әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.

Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, соларды көрсетіңіз.

+ Вертикальды және горизонтальды;

-Ұрпақ ішілік және ұрпақ аралық;

-Вертикальды және ұрпақ аралық;

-Горизонтальды және ұрпақ ішілік;

-Көлденең және горизонтальды;

110?

Әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің

арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық қоғам орнату мүмкін емес екендігін

әлемдік даму тәжиребесі дәлелдеп отыр. Жыныс бойынша иерархиялық бөліну

стратификацияның қай түріне жатады?

- биологиялық.

- физиологиялық.

- кәсілдік.

+гендерлік.

- этникалык

111?

ҚР эвтаназияның жүзеге асырылуы:

+тыйым салынады

-науқасты қиналудан құтқару мақсатында оның келісімімен рұқсат етіледі

-жазылмайтын ауруға кеңес беретін дәрігерлер консилиумнің келісімімен рұқсат етіледі

-науқастың заңды өкілінің келісімімен рұқсат етіледі

-науқастың жақын туысқандарының келісімімен рұқсат етіледі

112?

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»,- деп кім айтқан?

- С. Орынбаева

- М. Мақатаев

+ Н. Назарбаев

- Д. Қонаев

- О. Сұлейменов

113?

Отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың – еркек пен әйелдің арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

+ неке;

- отбасы;

- топ;

- тап;

- каста;

114?

Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады.

Балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске

асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б. қай

күшке жатады?

- сыртқы күш:

+ ішкі күш;

- қоғамдық күш;

- әлеуметтік күш;

- экономикалық күш;

115?

Ережеден ауытқу, қоғамның басым бөлігімен жарамсыз және кешірімсіз болып табылатын іс-әрекеті қалай аталады?

- аномия

- делинквентілік

+ девиация

- сигматизм

- конфликт

116?

Қімнің пікірінше адамның тұлғаға айналу процессі мынадай үш түрлі сатыдан құрылады:

имитация, ойын сатысы, ұжымдық ойын?

- Ч. Кули

- Т. Парсонс

+ Дж. Мид

- З. Фрейд

- Дж. Герберт

117?

М. Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Ол осындай іс-әрекеттін біреуге бағытталуын, нысаналауын тосу, күту, үміт ету дейді. Вебер әлеуметтік іс-әрекетті, қимылды қандай 4 типке бөліп көрсеткен?

+ Ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы, іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы, аффективтік, дәстүрлік

- Қажеттілікке бағытталуы, іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы, аффективтік, дәстүрлік

- Ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы, үміт етуі, аффективтік, дәстүрлік

- Ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы, іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы, деффект, дәстүрлік

- Ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы, іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы, аффективтік, діни

118?

Республикада аналар және перинаталь өлімдерін азайту жөніндегі бағдарлама, ұрықтық денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама, СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу жөніндегі ұлттық іс-қимылдар бағдарламасы қай жылдарға арналған?

- 1995-2000

+1996-2000

- 1998-2001

- 1999- 2002

- 1995- 2001

119?

Кімнің анықтауы бойынша денсаулық деген – тек қана ауру мен физикалық кемтарлықтардын жоқтығы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, рухани және әлеуметтік денсаулық жағдайы болып табылады?

+ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының

- халықаралық конференциянын

- отбасының

- ғалымдардын

- діндарлардын

120?

Әр адам – өте үлкен әлем, ал әр отбасы – өзіндік бір мемлекет деп тұжырымдаған ойшыл кім?

- А. Кұнанбаев

+ Л. Толстой

- А. Пушкин

- С. Есенин

- Ы. Алтынсарин

121?

Мәдениет дамуынын әлеуметтік заңдылықтарын зерттеумен айналыса отырып, олардың адамдар әрекетінде пайда болуын, идея түрінде таралуын және сақталуын анықтайтын әлеуметтануды көрсет.

- саяси әлеуметтану

+ мәдени әлеуметтану

- экономикалық әлеуметтану

- бұқаралық әлеуметтану

- рухани әлеуметтану

122?

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады деп айтқан қазақтың қай ойшылы?

- Қорқыт ата

- Ғ. Мүсірепов

- Б. Момышұлы

- М. Жұмабаев

+ А. Құнанбаев

123?

Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.

Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.

Ерте тұрып, кеш жат – ұйқың қанады.

Ерте тұрған ердің бағы жанады.

Ж. Баласағұнидың осы нақыл сөздері не туралы айтылған?

- Білім

- Жастық

- Отбасы

+ Еңбек

- Оқу

124?

«Әйел төрт түрлі болады. Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі – ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы, - деген ойшыл кім?

+ Қорқыт ата

- Әл Фараби

- Ибн Сина

- А. Құнанбаев

- М. Мақатаев

125?

«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз баяғыдан келе жатыр. Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп атайды. Солар қалай аталады?

+ өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты

- қайын жұрты, төркін жұрты, нағашы жұрты

- төркін жұрты, нағашы жұрты, көрші-қолаң

- өз жұрты, қайын жұрты, құда-құдағилар

- қайын жұрты, төркін жұрты, көрші-қолаң

126?

Халықтың саны, құрамы, орналасуы, өзгеруі туралы ғылым- қалай аталады?

- әлеуметтік антропология

+демография

- политология

- археология

- әлеуметтік психология

127?

Әлеуметтік институттардың функциясы мен дисфункциясы барлығымен мойындалып айқын көрінген болса онда оны анық, немесе егер ол жасырын және әлеуметтік жүйедегілерде танылмаған болса онда оны қалай атаймыз?

+ латентты

- анық

- дисфункция

- функция

- анық емес

128?

Әлеуметтік институттар негізгі, фундаментальды және негізгі емес, жеке болып екіге бөлінеді. Құдайды ұжым болып құрметтеуді ұйымдастырушы институтты қалай атайды?

- экономикалық

- саяси

+ діни

- отбасы

- әлеуметтік

129?

Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Ел ішінде халықтың көшіп-қонуы қалай аталады?

- эмиграция

- иммиграция

+миграция

- интеграция

- диверсификация

130?

Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процесстермен тығыз байланысты. Мәдениет қандай негізгі түрлерге бөлінеді?

+ материалдық және рухани

- субмәдениет және контрмәдениет

- материалдық және контрмәдениет

- рухани және субмәдениет

- бұқаралық және элитарлық

131?

Адамзаттың білімі мен тәжрибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы. Адамның ой пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыс құралы не?

- оқу

- сана

+ тіл

- салт

- таңба

132?

Неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттелетін топ қайсы?

+ отбасы

- институт

- ұйым

- партия

- қоғамдастық

133?

Ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығы қалай аталады?

- отбасындағы билік құрылымы

- отбасындағы саяси құрылым

+ отбасының рөлдік құрылымы

- отбасының әлеуметтік құрылымы

-отбасының экономикалық құрылымы

134?

Әлеуметтану ерте заманда қоғамның жағдайын қарастыратын сала ретінде қалыптасқан. Антикалық дәуірдің алғашқы әлеуметтанушылары деген атқа ие болған әлеуметтік философтарды атаңыз?

+ Платон, Аристотель

-О.Конт

-Г.Спенсер

-Т.Парсонс

-Г. Тард

135?

Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік формацияларды жіктеп көрсеткен ойшыл кім?

-О.Конт

-Д.Белл

-М.Вебер

+К.Маркс

- В.И.Ленин

136?

Қоғамдағы түрлі топтардың немесе индивиттің арасындағы ашық шиеленіс, яғни әлеуметтік мүдделердің қақтығысы қалай аталады?

- әлеуметтік процесс

- әлеуметтік жиынтық

- әлеуметтік құбылыс

- әлеуметтік рөл

+әлеуметтік дау-жанжал

137?

Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. З.Фрейд либидоның қандай екі қырын қарастырған?

- Субъективті және объективті

- Апполондық және дионистік

- Оптимистік және пессимистік

+ Эрос және танатос

- Эрос және гипноз

138?

“Қоғам–бұл психикалық арақатынас факторымен біріктірілген, индивидтердің жиынтығы” деп тұжырымдаған кім?:

+П. Сорокин

- Т. Парсонс

- М. Вебер

- Г. Спенсер

- А. Шилз

139?

Дәстүрлі қазақ қоғамында халық тарихын жадыды сақтап, халық пен билеуші арасындағы байланысты жүзеге асыратын кім?

+ Жырау

- Уәзір

- Молла

- Бай

- Тақуа

140?

«Консенсус» ұғымының анықтамасын беріңіз?

- қызығушылықтар шиеленісі

- интерпретациялар шиеленісі

+көзқарас және қызығушылықтардың бірдей болуы

- көзқарас пен қызығушылықтардың бірдей болмауы

- статустардың шиеленісі

141?

Жеке адамдар мен адамдар тобының өз еркін жүзеге асыра отырып, басқа адамдарға олардың келісімі мен келіспеуіне тәуелсіз ықпалын жүргізетін қабілет қалай аталады?

+ билік

- дәстүр

- заң

- сот

- саясат

142?

Позитивизм ілімі бойынша адамзат санасы даму жолында қандай кезеңдерден өтеді?

- Субъективті, объективті, абсолютті

- Эстетикалық, этикалық, діни

- Антикалық, діни, дінсіз

+ Теологиялық, метафизикалық, позитивті

- Діни, позитивті, неопозитивті

143?

Төмендегі бағыттардың қайсысы адамзаттық, адамшылық деген мағынаны білдіретін Қайта Өрлеу дәуіріндегі бағыт болып саналады?

- Теоцентризм

- Креационизм

- Дуализм

+Гуманизм

- Политеизм

144?

Адам өміріндегі күнделікті нормалар мен түсініктердің рөлін зерттейтін бағыт қандай?

- структурализм

- герменевтика

- психоанализ

+феноменологиялық социология

- құрылымдық функционализм

145?

Абай қалдырған «Қара сөздердің» саны қанша?

- 35

- 38

- 50

+45

- 48

 

146?

«Емшілік ілімінің каноны» шығармасының авторы кім?

- Рудаки

- Низами

- Ибн Бадж

+Ибн Сина

- Газали

147?

Ғылым мәдениетінің ең жоғарғы құндылығы және адам да сол арқылы әлемде өзін бағдарлайды деп есептейтін бағыт?

- Футорология

- Антисциентизм

+ Сциентизм

- Модернизм

- Неопозитивизм

148?

К.Маркс пен Ф.Энгельс өздері жасаған философиялық жүйені қалай атады?

- Герменевтикалық талдау

- Тұрпайы материализм

- Антропологиялық материализм

+ Диалектикалық материализм

- Сыншыл рационализм

149?

Ислам діні мыналардың қайсысына тиым салады?

- Философияға

+ Пұтқа табынушылыққа

- Ғылымға

- Кибернетикаға

- Өнерге

150?

Мәдениет және өркениет туралы көзқарастарын «Тарих зерттеулері» шығармасында тұжырымдаған ойшыл кім?

- О.Шпенглер

- А.Швейцер

- М.Вебер

+ А.Тойнби

- Г.Маклюэн

151?

Легитимділік ұғымының анықтамасын беріңіз?

+ақталу

- мойындамау

- еркінділік

- қабылдаушылық.

- қабылдамаушылық.

152?

Адамның ойы мен іс-әрекетінен көрініс табатын, оның қоршаған әлемге деген қатынасы қалай аталады?

- Құқық нормасы

- Тәрбие

- Діни норма

- Іс-әрекет

+ Өмір сүру тәсілі

153?

«Эвтаназия» ұғымының мәні қандай?

+ Дәрігердің науқас адамға дүниеден қайтуға көмектесі өнері

- Дәрігердің науқас адамға диагноз қоюы

- Дәрігердің науқас адаммен қарым-қатынасы

- Дәрігердің науқасты емдеу әдісі

- Дәрігердің науқас адам деген теріс көзқарасы

154?

Азаматтардың және қоғамдық салалардың барлық аумағының мемлекет тарапынан бақылауға алынуы қалай аталады?

-харизматика

-капитализм

+тоталитаризм

-бюракратия

-егемендік

155?

«Қоғамдық келісім шарт» теориясын жасаған кім?

+ Т. Гоббс

- Ж. Руссо

- А. Смит

- О. Конт

- Ф. Энгельс

156?

Ш Уәлиханов қазақ қоғамының құрылысын қалайша белгіледі?

- құлдық қоғам

+ рулық феодалдық қоғам

- капиталистік қоғам

- коммунистік қоғам

- постиндустриалдық қоғам

157?

Ш.Уәлиханов казақ қоғамын саяси басқару туралы не айтты?

- хандар басқарады

- патша әкімшілігінің чиновниктері басқарады

+ халық өзін-өзі баскарады

- батыс елдері билеп төстейді

- қазақ батырлары басқарады

158?

III Уәлиханов халықтың әлеуметтік жағдайын қалай баяндады?

+ байлар мен белгілі адамдардың мүдделері бұқараның, халық көпшілігінің мүддесіне қарсы

- таптар күресі қоғамды ыдыратады

- мал басының өсуі халықтың әлауқатын арттырады

- сословиенің сақталуы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етеді

- қарапайым халыкты қанау — тарихи қажеттілік

159?

Ы Алтынсарин қазақ қоғамынын алдыңғы қатарлы өркениетті елдерден артта қалу себептерін неден көрді?

- мал шаруашылығындағы ескішіліктен

+ қазақтар арасындағы оку-ағарту ісінің болмауынан

- дамыған өнеркәсіптің болмауынан

- патриархалдық феодалдык қоғамның сақталуынан

- шетелдік инвестицияның болмауынан

160?

Әлемді танып білуде сезімдер мен түйсіктерді бірінші орынға қоятын таным әдісі гносеологияда қалай аталады?

- Онтология

- Плюрализм

- Рационализм

+Сенсуализм

- Дуализм

161?

Ы. Алтынсариннің қазақ қоғамының әлеуметтік таптық кұрылымы туралы көзқарасын көрсет?

- буржуазия, феодал, кедей

+ байфеодалдар, орта шаруа, кедейжатақтар

- кедейлер, орта шаруалар, помещиктер

- жұмысшылар, капиталистер, батырактар

-шаруалар, кулактар, буржуазия

162?

Абай қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін неден көрді?

- жұт, барымтадан

- рутайпа аралық тартыстардан

+ қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі және олардың мүдделерінің карамақайшы болуынан

- қабылданған зандардын, салтдәстүрлердің жұмыс істемеуінен

- ғылымныңбілімнің, мәдениеттін болмауынан

163?

Абай әдеттегі қазақ кұқығын жетілдіруге қандай үлес қосты?

- отбасы неке қатынастарын жетілдірді

+ Абай жүзден аса әдеттегі кұқықтын жиынтығын құрастырды

- жесір әйелдің күйеуінін туыстарынын біріне әмеңгерлікпен тұрмысқа шыруды қолдады

- қазақ жүздері арасындағы қатынастарды нығайту үшін заңдар қүрастырды

- Абай жаратылыстану ғылымдарымен айналысты

164?

Ғылымның әлеуметтік ролі туралы Абай айтқан көзқарасты нұсқаныз?

- практика ғылымсызбәрін де береалады

- ғылымдыеңбекпен, ықласқоюменменгеругеболады

+ ғылымадамныңқаранғылықтаншығараржолынкөрсетеді, оғаншықкантөлембәрінен де қымбат

- ғылымәлемдүниесініңқұпияларынашуғамүмкінідікбереді

- ғылым адамзатты азғыртатын құрал

165?

Абайдың еңбектің әлеуметтік ролі туралы көзқарасын көрсет?

- барымта баюдың, әлауқатты жақсартудың бірден бір жолы

+ еқбектін барлық түрлері де пайдалы, сонымен қатар жалдамалы еңбек те пайдалы

- алыпсатарлық, базар, ұрлық баюдың көзі болу мүмкін

- енбек адамның жанжақты дамуына ықпал жасайды

- еңбексізде өмір сүруге болады

166?

Қоғам дегеніміз не?

- қоғам дегеніміз — бір аймақты мекендеген, бір тілде сөйлейтін адамдардың үлкен тобы

+ қоғам деп өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен біріккен, өзара-байланыстары мен өзара әрекеттері туындайтын адамдар жиынтығын айтады

- қоғам — бір елде өмір сүретін адамдардың жиынтығы

- қоғам — жалпы ортақ мүддемен біріккен адамдар жиынтығы

- екі немесе көп адамдардың бірігуі қоғамды кұрайды

167?


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.072 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>