Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Жаңа толқын» байқауы тікелей эфирде трансляцияланған күндерде «Қазақстан» Ұлттық арнасының аудитория саны 40 пайызға артқан



 

«Жаңа толқын» байқауы тікелей эфирде трансляцияланған күндерде «Қазақстан» Ұлттық арнасының аудитория саны 40 пайызға артқан

 

«Gallup Media Asia» TNS зерттеу мәліметтері бойынша, 100 мыңнан астам тұрғындары бар қалаларда «Қазақстан» Ұлттық арнасында көрсетілген «Жаңа толқын – 2014» жас әншілердің он үшінші байқауының аудиториясының үлес салмағы (6+ аудиториясында) 23,9 пайызды құраған. Яғни, байқауды трансляциялау кезінде барлық көрермендердің төрттен бір бөлігі «Қазақстан» Ұлттық арнасын көруді қалаған. Аталмыш жағдай тұрғындар саны 100 мыңнан кем қалалар мен елді мекендерде де байқалған.

Қорыта айтқанда, «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Жаңа толқын – 2014» байқауының тікелей эфирдегі трансляциясын ұйымдастыру - телеарна аудиториясының санының 40 пайызға дейін артуына ықпал етті.

Бүгін, 30 шілде күні 14 00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Баспасөз клубында Әлішер Кәрімов пен оның продюсері Алтынбек Рахметовтың қатысуымен байқау қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Жаңа толқын – 2014» жас әншілердің он үшінші байқауын Қазақстан аумағында тікелей эфирде трасляциялаудың айрықша құқығын алғаш рет иеленді. Байқау 22 мен 27 шілде аралығында латвияның Юрмала қаласында өтті, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Тікелей эфирдегі трансляцияны қазақ тілінде белгілі журналист Асхат Садырбай жүргізді.

Аталған халықаралық байқауда Қазақстанның атынан Әлішер Кәрімов өнер көрсетті. Ол 2005 жылы Superstar.KZ жобасына қатысып, танымал болды.

Байқаудың алғашқы күні «Әлемдік хит» тақырыбында Әлішер Адриано Челентаноның (Adriano Celentano) «Confessa» әнін орындады. Байқаудың екінші күні әнші «Жаңа толқын – 2010» байқауының екінші орын иегері украиндық орындаушы Татьяна Ширкомен дуэт орындады. Байқаудың үшінші күні «Премьералар күні» деп аталды. Қатысушылар жаңа әндер орындады. Әлішер көпшіліктің назарына «Әрине» әнін ұсынды. Бұл әнді арнайы осы байқауға жас ақын Талант Арғынғали мен композитор Ғалымбек Исмбергенов жазған болатын. Әлішер әннің бірінші бөлігін қазақ тілінде орындаса, екінші бөлігін орыс тілінде орындады.



«Жаңа толқын» танымал музыканы орындаушылардың халықаралық байқауы тек Ресей мен Латвияның ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шет ел мемлекеттерінің кең көлемдегі музыкалық оқиғасы болып табылады. Сайыскерлердің жеңіске ұмтылуын, олардың сайыстық бағдарламасына миллиондаған телекөрермендердің қызығушылығын оятуы, «Жаңа толқын» байқауының бүкіл Еуразия континентінің жыл сайын күтілетін музыкалық жаңалығы болып табылатыны даусыз.

Байқаудың басты мақсаты - дарынды жастарды анықтау. Байқауды алғаш рет ұйымдастыру туралы ұсынысты 2002 жылы Игор Крутой мен Раймонд Паульс ұсынған болатын.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan

В дни показа в прямом эфире международного конкурса «Новая волна» аудитория телеканала «Қазақстан» выросла на 40%

 

По данным исследования TNS «Gallup Media Asia» в городах с населением более 100 тыс., средняя доля аудитории Международного музыкального конкурса "Новая волна" на Национальном телеканале «Қазақстан» составила 23,9% в аудитории все от 6 лет и старше. Иными словами, почти четверть всех телезрителей в момент трансляции межуднародного конкурса предпочитали смотерть телеканал «Қазақстан».

Такая же ситуация по данным исследования представляется и в менее крупных городах и населенных пунктах с численностью населения менее 100 тыс.

Таким образом, организованная трансляция "Новой волны" на телеканале "Қазақстан" внесла значительный вклад в увеличение аудитории телеканала в дни показа, составив +40%.

Сегодня, 30 июля в 14 00 в Алматы в КазПрессКлубе состоится Пресс-конференция с участием Алишера Каримова и его продюсера Алтынбека Рахимова, посвященная итогам конкурса.

Напомним, что республиканская телерадикорпорация «Қазақстан» впервые получила исключительное право на трансляцию в прямом эфире на территории Казахстана тринадцатого конкурса молодых исполнителей «Новая волна-2014». Конкурс состоялся в период с 22 по 27 июля в латвийском городе Юрмала, сообщает Пресс-служба АО «РТРК «Қазақстан».

Трянсляцию в прямом эфире на казахском языке комментировал журналист Асхат Садырбай.

Казахстан на этом межднуродном конкурсе представил Алишер Каримов, получивший известность после участия в проекте Superstar.KZ в 2005 году.

В первый конкурсный день конкурсант исполнил «Мировой хит» Адриано Челентано (Adriano Celentano) «Confessa». Во второй конкурсный день Алишер спел дуэтом вместе с обладателем второго места «Новой волны-2010» украинской исполнительницей Татьяной Ширко. Третий конкурсный день назывался «День премьер». Конкурсанты исполнили новые песни. Алишер на суд зрителей представил композицию «Әрине». Эту песню специально для конкурса написали молодой поэт Талант Арғынғали и композитор Ғалымбек Исмбергенов. Алишер спел одну часть песни на казахском языке, другую часть – на русском.

Международный конкурс молодых исполнителей популярной музыки «Новая волна» – масштабное музыкальное событие не только в России и Латвии, но и в странах ближнего и дальнего зарубежья. Интерес миллионов телезрителей к борьбе конкурсантов, а также к концертным программам конкурса свидетельствуют о том, что «Новая волна» стала долгожданным ежегодным музыкальным событием всего Евразийского континента.

Главной целью «Новой волны» является открытие музыкальных талантов. Идея организовать новый конкурс, ни на что не похожий из ранее проводимых на территории России и стран СНГ, у композиторов Игоря Крутого и Раймонда Паулса возникла в начале 2002 года.

Республиканская телерадиокорпорация «Қазақстан» объединяет Национальный телеканал «Қазақстан», телеканалы «Балапан» и «КAZsport», Казахское радио, Радио «Шалқар», Радио «Астана», радио «Classic», а также региональные телерадиокомпании. Официальный сайт Корпорации www.kaztrk.kz. Страницы корпорации в социальных сетях: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дом Учителя Уральского федерального округа IX Международная Олимпиада по основам наук Первый этап. Научный руководитель проекта по предмету: Бредихина Ирина Алексеевна, кандидат педагогических наук, | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)