Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акушерство және гинеколгия пәні бойынша 4 ші курсқа арналған тесттер 5 страница



Сіздің диагнозыңыз://

Эндометриоз//

толық емес аборт//

+жатырдан тыс жүктілік//

жатыр миомасы//

ДЖҚ

***

Ауру В., 30 жаста, дене қызуының 38ºС дейін көтерілуіне, іштің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне, жыныс жолдарынан іріңді бөлінділерге, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымдануына байланысты гинекология бөлімшесіне жеткізілді. 2 күн бұрын жүктіліктің 8-9 аптасында медициналық аборттан кейін ауырған. Объективті: пульс 96 рет минутына, АҚ 120/70 мм с.б.б, перитонеальдық симптомдары жоқ. Айналармен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер іріңді. ҚЗ: жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеуі жабық, жатыры қалыптыдан сәл үлкен, палпация кезінде ауыру сезімді, қосалқылары анықталмайды, олардың аймағы ауыру сезімсіз.

Диагнозды қойыңыз://

+метроэндометрит//

Сальпингоофорит//

Параметрит//

Пельвиоперитонит//

периметрит

***

Ауру В., 25 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге, іштің төменгі аймағында ауыру сезіміне, дене қызуының 38,5ºС дейін көтерілуіне шағымданып келіп түсті. Жүктіліктің 13-14 аптасында үзу мақсатында жатыр қуысына катетерді енгізгеннен кейін 2-ші тәулікте ауырған. Айналармен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер қанды, орташа мөлшерде; цервикальды канал 2 көлденең саусаққа өтімді, жатыр жүктіліктің 12-13 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы, пальпация кезінде сезгіш. Қосалқылар аймағы екі жақтан да ерекшеліксіз.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз://

+басталған асқынбаған инфекция жұққан аборт//

басталған асқынған инфекция жұққан аборт//

толық емес асқынған аборт//

асқынбаған инфекция жұққан жүрістегі аборт//

толық емес асқынбаған инфекция жұққан аборт

***

Ауру Р., 28 жаста, жедел жәрдем дәрігерімен стационарға дене қызуының 40ºС дейін көтерілуі, қалтырау, құсу, бұлшықеттердегі ауыру сезімі, қола түстес сарғыштық, диурездің төмендеуі, зәрінің ет жуындысы түстес болуы, қанды-іріңді бөлінділер сияқты шағымдарына байлынысты жеткізілген. Жүктіліктің 17-18 аптасында үзу мақсатымен катетер арқылы жатыр қуысына сабынды ерітіндіні енгізгеннен кейін 7 күннен кейін дәрігерге қаралған. Айналармен қарағанда: жатыр мойнында некротикалық өңез, ихорозды бөлінділер. ҚЗ: жатыр мойны тегістелген, жатыр ернеуінің ашылуы 4 см, жатыр денесінің контуры анық шектелмейді, 12-13 аптаға дейін ұлғайған, ауыру сезімді, консистенциясы біркелкі емес. Сағат сайынғы диурез – 25 мл/сағ. Зертханалық мәліметтер: Hb-52 г/л, эритроциттер-2,4х10"/л, лейкоциттер-3,4х10´/л, ЭТЖ-60 мм/сағ.,билирубин-230 ммоль/л.



Сіздің диагнозыңыз://

геморрагиялық шок//

септикалық шок//

+анаэробты сепсис//

Перитонит//

пельвиоперитонит

***

32 жасар Р., гинекологиялық стационарда жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының өршуі бойынша болған. Шығу алдында ауру гинекологтан контрацепция әдісін таңдауға көмектесуін сұраған. Әйел тұрмыс құрған, 2 баласы бар. Соңғы 3 жыл ішінде екі рет гинекологта жатыр қосалқыларының қабыну үрдісінің өршуі бойынша емделген.

Ауруға қай контрацепция әдісін ұсынған жөн://

ЖІС//

таза гестаген//

+ҚАК//

Спермицидтер//

ырғақтық әдіс

 

26 жасар А.-да реабразиямен болған медициналық аборттан кейін 4 ай бойы етеккірі жоқ. Етеккірді күтетін күндері іштің төменгі аймағында ауру сезімдері пайда болады. ҚЗ: жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақтау консистенциялы. Қосалқылар аймағы ерекшеліксіз.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз://

Эндометрит//

+ аменореяның жатырлық түрі, мойын каналының атрезиясы//

жатырлық жүктілік, ерте түсік қаупі//

орталық генезді аменорея//

аналық бездік аменорея

***

25 жасар В. гинекологқа етеккірінің болмауы мен жалпы әлсіздікке шағымдануына байланысты қаралған. Бір жыл бұрын баласын босанған, босанғаннан кейінгі кезеңде шомбалды қан ағу болған, қарқынды ем қабылдаған, гемотрансфузия жүргізілген. Босанудан кейін сүттің мардымсыз болуын байқаған, кейін ем шараларға қарамастан лактация толығымен тоқтаған. Объективті: әйелде дене салмағының тапшылығы байқалады, сүт бездері божыраған, қолтықтары мен қасағадағы түктенуі мардымсыз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған, депигменттелген. ҚЗ: қынабы кең, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі қалыптыдан кіші, қосалқылар аймағы ерекшеліксіз.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз://

Шерешевский-Тернер синдромы//

Бабинский-Фрелих синдромы//

Моррис синдромы (тестикулярлық феминизация)//

+ Шихан синдромы//

дұрыс жауабы жоқ

***

 

34 жасар Ф. тез үдемелі гирсутизм мен етеккірінің тоқтауына шағымданады. Өзін алғашқы рет етеккірінің кідіруі мен бетінде (сақал, мұрт) шаштардың өсуі пайда болғаннан бері 6 ай бойы аурумын деп санайды. Соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қарағанда: бойы-152 см, дене салмағы-57 кг. Айқын гирсутизм. Сүт бездері атрофияланған. Емізіктерінен бөлінділер жоқ. ҚЗ: жатыр мойны цилиндр пішінді, ернеуі жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқы аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқы аймағында өлшемі 5,5х4,5х5,0 см көлемді тығыз құрылым пальпацияланады.

Дұрыс диагнозды қойыңыз://

адреногенитальдық синдром//

бүйрек үсті бездерінің ісігі//

аналық бездері поликистозы синдромы//

+ аналық безінің гормон шығарушы ісігі//

Иценко-Кушинг ауруы

***

48 жасар Л. тәулігіне 8-10 рет басына ыстықтың құйылуына мен тершеңдікке шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жыл ішінде байқалады. Етеккірі әр 2-3 ай сайын, мардымсыз, 1-2 күннен. Анамнезінде – тасты холецистит бойынша операция жасалынған. Босануы-3, аборттар-2. Гинекологиялық тексеру барысында патология анықталынбады.

Сіздің диагнозыңыз://

менструальдық циклдың бұзылуы//

менопауза//

етеккір алды синдром//

+климактериялық синдром//

вегето-қантамырлық дистония

 

***

К., 27 жаста ауданнан көшуіне байланысты әйелдер кеңесіне қаралды. 20 жасынан терапевтте жүректің ревматикалық ақауы бойынша диспансерлі есепте тұр. Соңғы 6 айда физикалық жүктемеде, жүрген кезде ентігуді байқайды. Осы жүктілік бірінші, жиынды тексеру мәліметтері бойынша 35 аптаға сәйкес. Жүктіге кеңес беруші дәрігер-ревматолог келесі қорытындыны берді: Ревмокардит, белсенді фаза. Жүректің аралас ақауы, сол жақ атрио-вентрикулярлы кеңістіктің стенозына бейімділік. Митральді клапан жетіспеушілігі ІІ Б дәрежесі. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып диагноз қойылды: Жүктілік 35 апта. Ревмокардит, белсенді фаза. Жүректің аралас ақауы, сол жақ атрио-вентрикулярлы кеңістіктің стенозына бейімділік. Митральді клапан жетіспеушілігі ІІ Б дәрежесі. Әйелдер кеңесі акушер-гинеколог дәрігерінің тактикасы://

Терапиялық стационарға госпитализациялау//

Перзентханаға госпитализациялау//

+ Жүктілікті үзуге бағыттау//

Перинатальді орталыққа бағыттау//

Ана және бала республикалық орталығына бағыттау

***

 

Әйелдер кеңесінің участкелік дәрігеріне етеккірінің кешігуіне (соңғысы 7 апта бұрын болды), жүрек айнуына және кейде таңертең бір рет құсуға, иістерді көтере алмауға шағымданып әйел қаралды. Өзін жүктімін деп санайды, жүктілікті қаламайды. Соматикалық сау. Анамнезінде 3 босану (балалары тірі) және медициналық түсік бар. Гинекологиялық және венерологиялық аурулары жоқ. Қынап шырышының айқын цианозы бар. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қалыптасқан, сыртқы араң жабық. Жатыр денесі гиперантефлексияда, жұмсақтау, пальпация кезінде тығыздалады, жүктіліктің 7 аптасына дейін ұлғайған. Бөліністер серозды. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасын анықта://

Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу//

Клинико-лабораторлы тексеруді және жатыр УДЗ жүргізу//

Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу және диспансерлі бақылауға қою//

+Клинико-лабораторлы тексеруді жүргізу және жүктілікті үзуге бағыттау

Жүктілікті үзуге бағыттау

***

 

Қайта жүкті, алғаш босанатын 28 жастағы әйел әйелдер кеңесі дәрігеріне жетілген жүктілікпен қабылдауға келді. Жақында кардиотокография жүргізілген. Келесі параметрлер анықталды: базальді ЖЖЖ – 138-142 рет минутына, осцилляция жиілігі 1 минутта 12, спорадикалық акцелирация байқалады, децелерация жоқ. Ұрықтың жүрек қызметінің жағдайын қалай бағалайды//

+Ұрықтың жағдайы қалыпты//

Өмір әрекеттерінің бұзылыстарының алғашқы белгілері//

Өмір әрекеттерінің бұзылыстарының мөлшерлі белгілері//

Ұрық жағдайының айқын өзгерістері//

Ұрықтың сын жағдайлары

***

 

Қайта жүкті алғаш босанушы әйелде өлі ұрықпен уақытынан бұрын босану болды. Стационардан шығару алдында тексеру жүргізілді: Нв 98 г/л, Эритроциттер 3х1012/л, Лейкоциттер 6,8х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ; Зәр анализі: үлес салмағы 1020, Л 2-3 көру алаңында. Науқас үшін оптимальді контрацепция әдісі болып табылады://

ЖІЗ//

+КОК//

Таза гестагендер//

Барьерлі заттар//

Ерікті хирургиялық стерилизация

***

 

Жанұяны жоспарлау дәрігеріне контрацепция әдісін таңдау үшін 19 жастағы әйел қаралды, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық партнері бар. Берілген жағдайға тиімді контрацепция әдісінің әсер ету механихмі қандай: //

+ Барьерлі эффект//

Овуляцияны тежейді//

Цервикальді шырышты қоюландырады//

Жұмыртқа клеткасының имплантациясын бұзады//

Имплантация мүмкіндігін азайта отырып, эндомертиді өзгертеді

***

 

Қайта жүкті алғаш босанушы әйелде өлі ұрықпен уақытынан бұрын босану болды. Стационардан шығару алдында тексеру жүргізілді: Нв 98 г/л, Эритроциттер 3х1012/л, Лейкоциттер 6,8х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ; Зәр анализі: үлес салмағы 1020, Л 2-3 көру алаңында. Осы жағдайда көрсетілген контрацепцияны науқас қашан бастай алады: //

Босанудан кейін 1-5 күндері//

Босанудан кейін 3 аптадан соң//

+Босанудан кейін 4-6 аптадан соң//

Босанудан кейін 6 аптадан соң//

Босанудан кейін 6 айдан соң

***

 

Жанұяны жоспарлау дәрігеріне 28 жастағы әйел қаралды, анамнезінде 2 босану, 2 түсік, соңғы жүктілігі бір ай бұрын уақытында босанумен аяқталған. Қазір баласын омыраумен қоректендіреді. Осы жағдайға тән контрацепциялық әдісті қолданудың мерзімі: //

+6 ай//

1 жыл//

3 жыл//

5 жыл//

10 жыл

***

 

Жанұяны жоспарлау дәрігеріне контрацепция әдісін таңдау үшін 19 жастағы әйел қаралды, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық партнері бар. Осы жағдайға тән контрацепция әдісінің кемшіліктерінің бірі болып табылады: //

Қан ұйығыштығын бұзады//

Етеккір бөліністерінің сипатын бұзады//

Етеккір бөліністерінің күшеюі//

Қайтымсыз//

+Сексуалды сезімді төмендетеді

***

 

Қайта босанушы, 32 жаста. Жүктілік 10-шы, босануроды 3-ші. Толғақ басталуымен мөлшерлі қанды бөліністер пайда болды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 120/80 мм с. б., ұрық тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберіс үстінде. Жүрек соғуы анық, ретті 130 рет/мин. Ішкі зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылуы 4 см, қағанақ қабы бүтін, қабықшалары бұдырланған, оң жақтан мойны шетінен жұмсақ тін анықталады. Сіздің диагнозыңыз: //

Плацентаның толық жолда жатуы//

+Плацентаның шетімен жолда жатуы//

Плацентаның орталық жолда жатуы//

Плацентаның бүйірімен жолда жатуы//

Төменгі плацентация

***

 

Үшінші босану. Босанушыда зәрінде 2г/л белок. Ісінулер, АҚҚ - 170/100 мм с.б. Босану әрекетінің басталуынан 8сағат өтті. Су кеткен жоқ. Басы келіп тұр, кіші жамбас қуысының кең бөлігінде орналасқан. Жатыр мойнының ашылуы толық. Кенеттен босанушы бозарып кетті, құсу және ішінің төменгі бөлігінде аурсыну пайда болды. Тамыр соғуы - 100 рет/мин. Жатыр формасы ассиметриялық сол жақ бүйірінің шығуына байланысты, жатыр пальпациясы ауырсынумен. Жүрек соғуы тұйықталған, 90 рет/мин., аритмиялық. Сыртқы қан кету жоқ. Бұл патология кезінде пайда болған асқынуды атаңыз: //

Эклампсия//

Жатыр жыртылуы//

+ҚОПУБА//

Ұрық гипоксиясы//

қарқынды босану

***

 

Қайта босанушы, 32 жаста. Жүктілік 10-шы, босануроды 3-ші. Толғақ басталуымен мөлшерлі қанды бөліністер пайда болды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 120/80 мм с. б., ұрық тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберіс үстінде. Жүрек соғуы анық, ретті 130 рет/мин. Ішкі зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылуы 4 см, қағанақ қабы бүтін, қабықшалары бұдырланған, оң жақтан мойны шетінен жұмсақ тін анықталады. Сіздің тактикаңыз: //

Жедел кесар тілігі//

Окситоцинмен босануды күшейту//

+Амниотомия//

Күту тактикасы//

Акушерлік қысқыш салу

***

 

Перзентханаға жүкті әйел келіп түсті, шағымдары - ішінің тұрақты ауырсынуына, жыныс жолдарынан мөлшерлі қанды бөліністерінің кетуіне. Жүктілік мерзімі 35-36 апта. АҚҚ 130/90, 140/90 мм с.б. Балтырында, алдыңғы құрсақ қабатында ісінулер бар. Пальпация кезінде жатыр тығыз, сол жақтан локальді ауырсыну анықталады, жүрек соғуы тұйықталған 180 рет/мин., кіндіктен төмен. Басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жыныс жолдарынан бөліністер қанды. Жүргізу тактикасын таңдаңыз: //

Жүктілікті сақтау терапияны тағайындау//

Гестозды емдеу//

Ұрық гипоксиясының кешенді емін жүргізу//

+Жедел түрде кесар тілігі операциясымен босандыру//

Қағанақ қабын жару ары қарай босануды қоздырумен

***

 

9-10 апталық жүкті әйелде құсу тәулігіне 7-8 рет. Жалпы жағдайы ауыр. 1 аптада салмақ жоғалту – 3кг. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,1°С. Тамыр соғуы-90-100 рет/мин, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Зәрінде ацетон + +. Сіздің тактикаңыз: //

Амбулаторлы жағдайда емдеу және бақылау//

+Стационарда емдеу және бақылау//

Интенсивті ем бөлімінде емдеу//

Күндізгі стационарда емдеу және бақылау//

Емді қажет етпейді

***

 

Жүкті әйел К. Жүктіліктің 7-8 аптасында 20-25 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті әйел тағады да, сүйықтықты да іше алмайды. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғуы -120 рет/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон + + + +, белок-0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок-54г/л, билирубин- 25мкмоль/л.Емінде негізгі препарат: //

димедрол//

метионин//

+церукал//

витамин С//

спленин

***

 

Жүкті әйел Р. Жүктіліктің 7-8 аптасында 4-5 рет тәулігіне құсуға шағымданады.Жағдайы қанағаттанарлық. Құсу аш қарынға, тағаммен немесе жағымсыз иіске пайда болады. Салмақ жоғалту 2 кг. Дене температурасы қалыпты. Тамыр соғуы - 80 рет/мин. АҚҚ 100/60 мм.с.б. зәр мен қан анализдері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз//

+Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы жеңіл дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы орташа дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы ауыр дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер гепатозы//

Жүктілік 7-8 апта. Преэклампсия орташа дәреже

***

 

Жүкті әйел К. Жүктіліктің 7-8 аптасында 20-25 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті әйел тағады да, сүйықтықты да іше алмайды. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғуы -120 рет/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон + + + +, белок-0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок-54г/л, билирубин- 25мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы жеңіл дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы орташа дәреже//

+Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы ауыр дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер гепатозы//

Жүктілік 7-8 апта. Преэклампсия орташа дәреже

***

Перзентхананың қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас әкелінді. Жағдайы ауыр, есін толық білмейді. Тынысы әрең, аузынан ацетониісі шығады. Терісі бозғылт, құрғақ. Тілі құрғақ, қарашықтары кеңейген. Аяқ-қолдарының тырысуы байқалады. АҚҚД – 80/50 мм с.б. тамыр соғуы 100 рет мин., температура 36,2 град. Зерттеу кезінде 25-26 апталық жүктілік анықталды. Қалтасында паспорт – қант диабетімен ауырады. Сіздің диагнозыңыз: //

+Жүктілік 25-26 апта. Гипергликемиялық кома//

Жүктілік 25-26 апта. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі//

Жүктілік 25-26 апта. Бүйрек жетіспеушілігі//

Жүктілік 25-26 апта. Эклампсия//

Жүктілік 25-26 апта. Гипогликемиялық кома

***

 

Терапевт кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел бағытталды, шағымы әлсіздікке, тез шаршауға. Анамнезінде бір босану асқынусыз 1 жыл бұрын. Қарау кезінде тері жабындылары бөзғылт, тамыр соғуы 82 рет/ мин., АҚҚ 120/80 мм с-б., жатыр жүктіліктің 24 аптасына дейін ұлғайған. Зерттеу кезінде НЬ - 92 г/л, түс көрсеткіші 0,8, эритроциттер – 2,2 млн. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 24 апта. Аутоиммунды гемолитикалық анемия//

+Жүктілік 24 апта. Теміржетіспеушілік анемия//

Жүктілік 24 апта. Микросфероцитарлы анемия//

Жүктілік 24 апта. Фолиеводефицитті анемия//

Жүктілік 24 апта. Апластикалық анемия

***

Кардиологиялық орталыққа 20 жастағы алғаш жүкті әйел келіп түсті. Жүктілік мерзімі 10-11 апта. Д есепте жүрек ақауы бойынша тұрады. Ревматизмның ақырғы өршуі 16 жасында. Шағымы түскен кезде жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ісінулер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, төбесінде систолялық шу, акцент өкпе артериясында. Тамыр соғуы 80 рет/мин, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм с.б. басқа ағзалар бойынша патология жоқ. Лабораториялық зерттеу кезінде: Нв 110 г/л, СОЭ 35 мм/ч, лейкоциттер 6,2*109, лейкоцитарлы формула қалыпты, ревмосынамалары қалыпты деңгейде. Жатқызудың негізгі мақсаты: //

Жүрек ақауының түрін анықтау//

Қанайналымы бұзылысының белсенділігін анықтау//

Қанайналымы бұзылысының белгілерін анықтау//

+Жүктілікті ары қарау жалғастыру сұрағын шешу//

Инфекция ошақтарын анықтау

***

 

Перзентхананың қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас әкелінді. Жағдайы ауыр, есін толық білмейді. Тынысы әрең, аузынан ацетониісі шығады. Терісі бозғылт, құрғақ. Тілі құрғақ, қарашықтары кеңейген. Аяқ-қолдарының тырысуы байқалады. АҚҚД – 80/50 мм с.б. тамыр соғуы 100 рет мин., температура 36,2 град. Зерттеу кезінде 25-26 апталық жүктілік анықталды. Қалтасында паспорт – қант диабетімен ауырады. Бұл патология кезінде жедел көмек: //

+Инсулин енгізу//

Глюкоза енгізу//

Седуксен енгізу//

Сульфата магния енгізу//

Корглюкон енгізу

***

 

Перзентхананың қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас әкелінді. Жағдайы ауыр, есін толық білмейді. Тынысы әрең, аузынан ацетониісі шығады. Терісі бозғылт, құрғақ. Тілі құрғақ, қарашықтары кеңейген. Аяқ-қолдарының тырысуы байқалады. АҚҚД – 80/50 мм с.б. тамыр соғуы 100 рет мин., температура 36,2 град. Зерттеу кезінде 25-26 апталық жүктілік анықталды. Қалтасында паспорт – қант диабетімен ауырады. Бұл патология кезінде ұрық жағынан болатын асқыну: //

Ұрық гипотрофиясының симметриялық түрі//

Ұрық гипотрофиясының асимметриялық түрі//

+Ұрық макросомиясы//

Жүйке жүйесінің даму ауытқулары//

Сүйек-бұлшық ет жүйесінің даму ауытқулары

***

 

Өкпе туберкулезінің фиброзды – кавернозды түрі бар әйелде жүктілік анықталды (10- 11 апт. Осы жүкті әйелді жүргізу тактикасы: //

Туберкулездың кешенді медикаментозды емі, жүктілікті жалғастыру//

Туберкулездың кешенді медикаментозды емі хирургиялық еммен бірге, жүктілікті жалғастыру//

+Аборт медициналық көрсеткіш бойынша//

Әйелдер кеңесі дәрігерінің бақылауы//

Жетілген жүктілік кезінде индуцирленген босану

***

 

Жүктілік 38-39 недель. Жедел ошақты пневмония белгілері анықталады. Дене температурасы - 38°С. Дәрігер тактикасы: //

+Пневмонияның кешенді терапиясы, босану әрекетінің дамуын емделгенше тоқтатуға тырысу//

Босануды қоздыру және кешенді антибактериальді терапия//

Кесар тілігі операция жедел түрде және сонымен бірге кешенді терапия//

Босанғаннан кейінгі инфекцияның алдын алу//

Босану жолдарының дайындағын бастау және сонымен бірге кешенді антибактериальді терапия

***

 

Гипертензиясы бар жүкті әйелде мұрнымен тыныс алудың қиындауына, мұрнының бітелуіне шағымы пайда болды. Диагноз қойыңыз://

Жеңіл преэклампсия. ЖРВА//

ЖРВА//

Аллергиялық ринит//

+Ауыр преэклампсия//

Эклампсия. ЖРВА

***

 

Қайта жүкті әйелде жүктіліктің 36 аптасында аяғында, алдыңғы құрсақ қабатында ісінулер анықталды, АҚҚ - 160/100 мм с.б., 165/100 мм с.б. басынан откен аурулар ЖРА. ҚР ДМ №764 бұрйрығы бойынша диагноз қойыңыз: //

Жүктілік 36 апта. Созылмалы гипертензия//

Жүктілік 36 апта. Жүктілер ісінулері//

+Жүктілік 36 апта. Преэклампсия ауыр дәреже//

Жүктілік 36 апта. Преэклампсия жеңілже//

Жүктілік 36 апта. Преэклампсия орташа дәреже

***

 

21 жастағы жүкті әйел жүктілік мерзімі 34 апта перзентханаға асқазан аймағындағы ауырсыну, құсуға шағымданып келіп түсті. Бөлімде басының ауырсынуы пайда болды. Қарау кезінде аяғының айқын ісінулері анықталды. АД 170/100 мм с. б., 165/90 мм с.б. Зәрінде - белок 4 г/л, цилиндрлер гиалинді, түйіршектелген 4-5. Бұл асқынудың патогенезінің негізгі болып келеді: //


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.044 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>