Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Қандай жүрек ақауы кіші қанайналым шеңберінің азаюымен жүреді? 4 страница



- катаральды ангина

- ЖРВИ

+ аллергиялық фарингит

- Коклюш

- Бронхиальды астма

 

177. 6 жасар қыз бала. Шағымдары ұстама тәрізді жөтел, шулы тыныс алу. Шоколад жегеннен кейін тұншығу ұстамасы пайда болған. Тыныс алуы шуды, алыстан естіледі, өкпеде перкуторлы қорап реңкілі дыбыс, аускультативті құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған. ЖҚА лейкоцитоз жоқ, ЭТЖ – 3 мм/сағ. Мүмкін болатын диагноз?

- Обструктивті бронхит

- жедел пневмония

+ Бронхиальды астма

- крапивница

- муковисцидоз

 

178. Арман, 8 жаста. Аллергиялық аурулар бойынша тұқым қуалаушылығы бар. Бірнеш ылдар бойына тұрақты мұрын бітелу байқалған. Мүшелер бойынша патологиялық өзгеріссіз. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған. ЖҚА қабынулық өзгерістер жоқ. Аурудың дамуына себеп болатын механизмді атаңыз?

- жылдам типті гиперсезімталдық

+ Баяу типті гиперсезімталдық

- аутоиммунды реакция

- иммунокомплексті реакция

- вирусты қабынулық реакция

 

179. 3 жасар қыз балада аулада ойын кезінде, түшкіру, көз жасаурауы, мұрыннан көп мөлшерлі сулы бөлініс болуы байқалады. Қарағанда беті сәл ісіңкі, көз конъюктивасы гиперемияланған, ісінген, мұрыннан мөлдір бөлініс ағып тұр. Осы ауруда жалпы қан анализінен қандай өзгерістер күтуге болады?

- ЭТЖ жоғарылауы

- нейтрофильді лейкоцитоз

- салыстырмалы лифоцитоз

+ эозинофилия

- Гематокрит төмендеуі

 

180. 8 жасар қыз бала жедел жәрдем машинасымен жеткізілген. Ауа жетпеу сезіміне, тыныс шығарудың қиындауына, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Бұл жағдай жедел дене шынықтыру сабағанда басталған. Бала экземасымен ауырған. Өкпеде екі жақты сырылдар естіледі. ТЖ 48 рет мин. 128 рет мин. Осы ауруда рентгенограммада қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- Ошақты көлеңкелер

-Диффузды пневмосклероз

- өкпе тканының мөлдірлігінің жоғарылауы

+ Өкпе түбірінің кеңеюі және деформациясы

- Бөлікаралық плевраның қалыңдауы

 

181. Ауруханаға 9 жасар ер бала 7 сағат бойы болған тұншығу сезімі шағымдарымен келіп түскен, енгізілген симпатомимитиктер нәтиже бермеген. Жөтел жоқ. Қарағанда: мәжбүр қалып, қозған, акроцианоз, ысқырықты демалу, өкпеде тыныс әлсіреген. Тахикардия. Бауыры +2 см. Қан анализінде лейкоцитоз жоқ. Балада не болуы мүмкін?



- Бронх демікпесінің ауыр дәрежелі ұстамасы

+астматикалық статус

- астматикалық бронхит

- обструктивті бронхит

- коклюш

 

182. Бала қант диабетімен ауырады. Шағымдары: шөлдеу, терісінің кышуы, тәбенінің жоғарылауы, жиі зәр шығару. Клиникалық суретінде: терісінің құрғақтығы, іріңді бөртпелер, дене салмағының төмендеуі, бауырының қлғаюы байқалады. Қант диабетінің 1 типіндегі «үлкен триада» симптомдарын көрсетіңіз?

+полифагия, полиурия, салмағының төмендеуі

- гепатомегалия, тері құрғақтығы, тері қышынуы

- шөлдеу, тері құрғақтығы, тері қышынуы

- Іріңді аурулар, салмағының төмендеуі, гепатомегалия

- полиурия, салмағының төмендеуі, гепатомегалия

 

183. Балада түскен кездегі шағымдары жүрек айну, құсу, іш ауырсынуы. Анамнезінде: шөлдеу, тәбетінің жоғарылауы, жиі зәр шығару. Объективті қарағанда: терісінің құрғақтығы, дене салмағының төмендеуі, аузынан ацетон иісі анықталған. Қант диабеті диагнозы қойылған. Қандай синдром аурудың ауыр ағымын көрсетеді?

- полидипсия

- полифагия

- дене салмағының төмендеуі

- полиурия

+ кетоацидоз

 

184. Ваня, 9 жаста. «Д» есепте тұрмайды. Соңғы жыл арықтап кеткен. Тамағының ауырсынуына, көру қабілетінің бұзылуына шағымданады. Су жақсы ішеді. Тыныс алуы шулы, терісі құрғақ, іріңдіктер, беті қызарған, араны гиперемияланған. ТЖ 20 рет мин. Өкпеде сырыл жоқ. Ісіктер жоқ. Анализдерінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- гипогликемия

- қанның оттегіге қанығуының төмендеуі.

+ кетонурия

- азотемия

- лимфоцитоз

 

185. Ер бала 8 айлық. Шағымдары психомоторлы дамудың қалыс қалуы, ұйқышылдық, адинамия. Мерзімімен ірі салмақпен туған, соруы әлсіз, нашар салмақ қосқан. Тері жамылғысы құрғақ, бозғылт, пастозды, бұлшықет тонусы төмендеген. Өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары тұйықталған, брадикардия. Іші үрілген, тілі үлкен, кіндік жарығы байқалады. Нәжісі іш қатуға бейім. Болжам диагнозыңыз?

- рахит

- қант диабеті

+ туа болған гипотиреоз

- менингит

- ферментопатия

 

186. Бала 5 жаста. Тежелген, қоршаған ортаға қызығушылығы жоқ, бөлек бөлек сөздер айтады. Салмағы 20 кг, бойы 100 см. Терісінің айқын құрғақтығы байқалады, пульсі 76 рет мин. Гипотиреоз диагнозы қойылған. Қандай белгі аурудың туа болғандығын көрсетеді?

- Баланың бойы

- Терісінің құрғақтығы

- интеллекттің төмендігі

- Пульс көрсеткіші

+апатия, тежелгіштік

 

187. Бала 6 айлық. Ірі салмақпен туылған. Нерв психикалық дамуының қалыс қалуы, іш қатулар мазалайды. Қарағанда аяқ қолы қысқа, қабақтары ісінген, даусы дөрекі. ЖСЖ 80 рет мин. Тыныс алуы стридорозды. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Іші үрілген. Осы аурудың біріншілік түрінде анализдерде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін?

+тиреотропты гормондардың төмендеуі

- тиреоидты гормондардың төмендеуі

- соматотропты гормондардың төмендеуі

- қанның жалпы липидтер деңгейінің төмендеуі

- қандағы кальцийдің төмендеуі

 

188. 3 айлық балада ЖРВИ дан кейін қайтадан дене қызуының фибрильді санға дейін жоғарылауы болған. Құсады. ТЖ 46 рет мин, тыныс алуы қиындамаған. Мұрын қанаттары керілген. Жылағанда периоральды цианоз байқалады. Перкуторлы қорап реңкілі дыбыс, қатқыл тыныс, оң жақта төменгі бөлікте тыныс әлсіреген. Жүрек шектері кеңеймеген. Баладағы ЖРВИ дің ағымын не асқындырды?

+ пневмония

- Обструктивті бронхит

- плеврит

- бронхиальды демікпесінің ұстамасы

- поствирусты миокардит

 

189. Бала 2 жаста, жиі ауырады. Терісінің, кілегей қабаттарының бозғылтығы, энурез, тырнақтарының сынғыштығы анықталған. Қарағанда дене қызуы қалыпты, тері кілегей қабаттары бозғылт. Қан ағушылық жоқ. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыры +2 см. Талағы пальпацияланбайды. Зәр шығаруы бұзылмаған. Сарысулық темір 9 ммоль/л. Қандай ауру болуы мүмкін?

- жедел лейкоз

+темір жетіспеушілік анемия

- Туа болған жүрек ақауы

- пиелонефрит

- гемолитикалық анемия

 

190. Балада 2 айлық мерзімінде басының шаш бөлігінің шаш фоликуласы аймағында жан жағы әлсіз гиперемияланған іріңді бөртпе элементтері пайда болған. Айқын емес интоксикация белгілері байқалады, дене қызуы 37,3. ЖҚА- анемия, лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы. Сіздің диагнозыңыз?

- пиодермия

- эксфолиативті дерматит

- псевдофурункулез

+фурункулез

- флегмона

 

191. Ер бала 10 жаста. Гипоацидті гастритпен ауырады. Жарықтан қорқу, түнгі соқырлыққа шағымданады. Тері жамылғыс бозғылт, мүйізді қабықтың, конъюктиваның ксерозы, кератомегалия, шашының құрғақтығы, күңгірттігі. Қай витаминнің жетіспеушілігінен болады?

- Пантотен қышқылы

- Никотин қышқылы

+ ретинол

- Тиамин

- Рибофлавин

 

192. Балада қызыл иегінің қанағыштығы, гингивит, аузынан иіс шығуы, терісінде петехиялар, шаршағыштық, әлсіздік байқалады. Қандай диагноз болуы мүмкін?

- Пеллагра

- Спру

- мегалобластты анемия

+ цинга

- бери-бери ауруы

 

193. Анасында кенеттен сүті жоғалып кетті. 2 айлық табиғи тамақтанатын баланы немен тамақтандырған дұрыс?

- айранмен

- 5% қант сиропымен

+ Сиыр сүтімен

- 5% манка боткасымен

- бейімделген ашытылған қоспамен

 

194. 2 айлық емшек сутімен тамақтанатын бала қабылдауға келіп отыр. Анасы өзінің бір жақ емшегінде сүт аз болуына байланысты бала тоймай жылайтынын байқаған. Анасына ең алдымен не деп кеңес беруіміз керек?

- Емізікпен сүт қоспасын беру

- Айранмен толықтырып беру

- Ботқа беру

+ екінші омыруды беру

- Жасанды тамақтандыруға көшіру

 

195. Бала 6 айлық. Туғанда меконеальный илеус байқалған, екі рет пневмониямен ауырған. Алғашқы айынан бастап тұрақты коклюштәрізді жөтел мазалайды. Қарау кезінде тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ дұрыс қоспайды. Ентігу жоқ. Өкпеде екі жақты әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Іш қатулар байқалады. Қандай диагноз болуы мүмкін?:

+ муковисцидоз

- обструктивті бронхит

- жедел жәй бронхит

- ошақты пневмония

- аллергиялық трахеит

 

196. Жасы 1 жас 10 айлық, 6 күн бойына ЖРВИ мен ауырған балада ылғалды жөтел күшейіп, дене қызуының 37,5-37,60С дейін жоғарылауы, өкпесінде шашыранды ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар, перкуторлы айқын өкпелік дыбыс пайда болған. Қандай диагноз болуы мүмкін?

- пневмония

+ жедел жәй бронхит

- ЖРВИ дың рецидиві

- обструктивті бронхит

- стеноздаушы ларинготрахеит

 

197. 1 жасар балада ЖРВИ дың 3 күні ұстама тәрізді жөтел, мазасыздық, тыныс шығарудың қиындауымен кеуде клеткасының жұмсақ жерлерінің ішке тартылуымен көрінетін ентігу пайда болған. Дене қызуы қалыпты. Өкпеде екі жақты шашыранды құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. Жағдайының нашарлағанын не көрсетеді?

- коклюш

+обструктивті бронхит

- Жедел стеноздаушы ларинготрахеит

- жедел бронхиолит

-пневмония

 

198. Бала 4 айлық. Ауырғанына 2 күн болған. Мұрын қанатарының керілуімен, ерін мұрын үшбұрышының цианозымен көрінетін, аралас типті ентігу байқалады, ТЖ 72рет мин. Өкпеде диффузды ылғалды сырылдар естіледі. Жедел бронхиолит диагнозы қойылған. Осы аурудың этиологиясы не болуы мүмкін?

- пневмококк

- тағамдық аллергендер

- микоплазма

+ парагрипп вирусы

- алтын түсті стафилококк

 

199. 6 айлық бала ЖРВИ мен ауырады. 3 ші күні мұрын қанатарының керілуімен, ерін мұрын үшбұрышының цианозымен көрінетін, аралас типті ентігу байқалған. Дене қызуы субфибрильді. Перкуторлы қорап реңкілі дыбыс, тыңдағанда екі жақты көптеген ұсақ және орташа калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Анықталған симптом немен байланысты пайда болған?

- жедел бронхитпен

- пневмониямен

- обструктивті бронхитпен

+ бронхиолитпен

- Бронх демікпесімен

 

200. Бала 1 ж 4 айлық. Туғаннан бері іш қатулар, қайталанған бронхөкпелік созылмалы аурулары, тұтқыр қақырық байқалған. Терлік хлоридтер 80 ммоль/л. Қандай ауру жайлы айтылып отыр?

- иммунопатологиялық

- туа болған

- жедел бейарнамалы қабынулы

- арнамалы

+ тұқым қуалайтын

 

201. Біржарым жасар балада аймақтық дәрігер 1 аптаға созылған ЖРВИ фонында дамыған пневмонияға күмәнданған. Қандай клиникалық симптом диагностикада негізгі болып саналады?

+аралас типті ентігу

- жөтел

- екі жақты ылғалды сырылдар

- перкуторлы қорап реңкілі дыбыс

- Субфебрилды температура

 

202. 2 жасар бала қабылдау бөліміне құрысу синдромымен келіп түсті. Қарағанда: ақшыл шашты, көгілдір көзді, қалыпты дене бітімді, баладан «тышқан иісі» шығып тұр, қол терісінде экзема элементтері байқалады, психомоторлы дамуы қалыс қалған. Қандай диагноз болуы мүмкін?:

+ фенилкетонурия

- Қайың сиропы ауруы

- II типті гликогеноз

- Клайнфельтер синдромы

- Дауна ауруы

 

203. 1,5 жасар бала жедел пневмония тыныс жетіспеушілігі 1 дәрежелі бойынша ауруханаға түскен. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықғ дене қызуы 37,8 С. Төменде көрсетілгендердің қайсысы тыныс жетіспеушілігі 1 дәрежесі диагнозын қоюға негізгі критериі болып табылады?

- Жүрек соғу жиілігі 120 рет мин

+ мазасызданғанда ентігу болуы

- Тыныс шығаруы ұзарған қатқыл тыныс

- Бауырдың 3 см ұлғаюы

- Рентгенде оң жақ өкпеде ошақты көлеңкелер

 

204. 8 жасар бала гипертермиямен, аралас типті ентігумен және оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде өкпелік тыныстың әлсіреуімен келіп түсті. Өкпе перкуссиясында не күтуге болады?

- Қорап реңкілі дыбыс

- Өкпелік дыбыс

+ дыбыстың қысқаруы

- Тимпаникалық дыбыс

-Өкпенің төменгі шетінің ығысуы

 

205. 1 жасар қыз балада тұрақсыз, сасық иіспен жылтырмен нәжіс байқалады. Физикалық дамуы қалыс қалған. Туған кезінде мекониальды илеус болуына байланысты ішек түйілуі болған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

- Целиакия

- экссудативті энтеропатия

+ муковисцидоз

- Лактазды жетіспеушілік

- Сахарозды жетіспеушілік

 

206. қыз бала 40 күндік. Шағымдары тері жамылғысы мен көз склерасының сарғыштығы, иньекция орнынан қан аққыштық. Бауыры мен талағы ұлғайған. Лабораториялық көрсеткіштердің қайсысы паренхиматозды сарғаюды анықтауға көмектеседі?

- Жоғарғы лейкоцитоз

+ трансаминазаның жоғарылауы

- Жасырын қанға нәжіс оң мәнді

- ЖҚА- де анемия болуы

- гиперхолестеринемия

 

207. жаңа туған нәресте 25 күндік. Өмірінің 3 ші күнінен тері жамылғысының, көз склерасының сарғыштығы, арасында нәжісінің түссізденуі байқалған. Бауыры + 2 см, талағы пальпацияланбайды. Қанда гипербилирубинемия, тіке билирубин. Қандай диагноз болуы мүмкін?

+ Жаңа туған нәресте гемолитикалық ауруы, сарғаюлық формасы

- Физиологиялық сарғаю

- фетальды гепатит

- фенилкетонурия

- жалған сарғаю

 

208. 2,5 жасар қыз бала ауруханаға жедел бронхитпен түскен, бөлімшеде жатқанына 5 күн болғанда оң жақты сегментарлы пневмония диагнозы қойылған. Осы пневмонияның себебі не болуы мүмкін?

- пневмоциста

- пневмококк

+грам-теріс флора

- микоплазма

- грипп вирусы

 

209. Бала 1 ж 6 айлық. Салмақ қосуы жақсы. Жиі салқын тиіп ауыру мен бозғылттық мазалайды. Тұтас сүт пен вегетариандық қосымша тамақтар қабылдайды. Қансырау, гепатоспленомегалия байқалмайды, дене қызуы қалыпты. Қанда анемия анықталған. Лабораториялық мәліметтерде қандай өзгерістер болуы мүмкін

- гипохромия

- ретикулоциттер санының төмен болуы

- бластемия

+ қанның темірбайланыстырушы қабілетінің төмен болуы

- полицитемия

 

210. Психикалық дамуында дөрекі кідірісі бар балаға 1 жасында фенилкетонурия диагнозы қойылған. Осы диагнозды не растайды?

- Апта сынамасы

+ Фелинг сынамасы

- Терлік сынама

- гипопротеинемия

- қант қисығы

 

211. 1,5 жасар бала 40 жастағы анадан туған. Қарағанда келесідей симптомдар анықталды: беті жалпақ, кеңсірігі жалпақ, көз қиығы «монғол» тәрізді, психомоторлы дамуының қалыс қалуы, төстің сол жақ қырында дөрекі систолалық шу, бұлшықет гипотониясы. Осы балада қандай ауру болуы мүмкін?

+ Дауна ауруы

- Фенилкетонурия

- 1 типті гликогеноз

- Нимана-Пик ауруы

- Шершевский-Тернер синдромы

 

212. Бала 5 жаста. Қысқа уақытқа созылатын іш ауырсынуы. УДЗ қорытындысы бойынша өт қабының майысуы, көлемінің ұлғаюы, дуаденальды зондтау кезінде – Одди сфинктерінің жабылуының ұзаруы, бірлі жарым холестерин кристалдары анықталған. Мүмкін болу диагноз?

- холецистит

+ өт шығару жолдарының дискинезиясы, гипотониялық типті

- өт шығару жолдарының дискинезиясы, гипертониялық типті

- өт шығару жолдарының туа болған ақауы

- муковисцидоз

 

213. 13 жасар бала, анамнезінде кеш түнгі эпигастрий аймағында ауырсыну, қышқылмен кекіру байқалады. Нәжісінің қара болуы мазалайды. Негізгі аурудың қандай асқынуы жайлы ойлауға болады?

+ перфорация

- пенетрация

- қан кету

- малигнизация

- он екі елі ішектің шығу бөлігінің стенозы

 

214. Жаңа туған нәрестенің өмірінің 1-ші күнінен сарғаю байқалған, 1 айдан әрі сақталған. Гепатомегалия анықталған. Қанда тіке билирубин деңгейі жоғарылаған, трансаминаза деңгейі жоғары. Сарғаюдың қай түрі болуы мүмкін?

- физиологиялық

- механикалық

- коньюгациялық

+ паренхиматозды

- Гемолитикалық

 

215. Қыз бала 5 жаста. Шағымдары: бір реттік құсу, бетінде аяғында ісік, «ет жуындысы» тәрізді зәрдің пайда болуы. Баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң ауырған, тәуліктік диурез 300-400 мл. Болжам диагноз?

- пиелонефрит

+гломерулонефрит

- цистит

- зәр тас ауруы

- бүйрек туберкулезі

 

216. Қабылдауға 14 жасар бала білезік, тобық, тізе буындарының ауырсынуы, ісінуі, қимылының шектелуі, таңертеңгілік құрысудың болуы шағымдарымен келген. Баланың ауырғанына 1,5 жыл болған. Аурудың шығу тегі қандай?

- Микробты - қабынулы

- Тұқым қуалайтын

- вирусты

+ иммунопатологиялық

- функциональды

 

217. Қыз бала 12 жаста. 4 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Инсулинотерапия алып жүр. Дене шынықтыру кезінде есінен танған, қысқа уақытты құрысу болған. Тері жамылғысы ылғалды. Дене қызуы қалыпты. Осы жағдай неге байланысты болып отыр? Больная 12 лет. Страдает сахарным диабетом 4 года. Получает инсулинотерапию. Во время урока физкультуры потеряла сознание, были кратковременные судороги. Кожа влажная. Температура в норме. Чем обусловлено состояние?

- диабеттік кетоацидоз

+гипогликемиялық кома

- Жедел жүрек жетіспеушілігі

- менингит

- фебрильді құрысулар

 

218. 7 жасар қыз бала, жайылған ісіктермен, АҚҚ 95/45 мм сын бағ б/ша, олигурия шағымдарымен келіп түскен. Қалдық азот 14 ммоль/л, мочевина 5 ммоль/л, холестерин 9 ммоль/л, шумақтық фильтрация 95%, зәрдің меншікті салмағы 1005-1018. Бүйрек қызметі жайлы не айтуға болады?

- бұзылмаған

- Азот бөлу қызметінің бұзылысы

- Концентрациялық қабілетінің бұзылысы

+ Фильтрациялық қабілетінің бұзылысы

- Жедел бүйрек жетіспеушілігі

 

219. Жанна 4 жаста. Салмағы жасына сай, мұрыннан қан кету, аяқтарының салқындығы мазалайды. Қолында АҚҚ 135/75 мм сын бағ б/ша, аяқтарында 90/60 мм сын бағ б/ша. Арқасынан систолалық шу естіледі. Болжам диагноз?

- геморрагиялық васкулит

- ашық артериальды өзек

- Фалло тетрадасы

- Өкпе артериясының стенозы

+ аорта коарктациясы

 

220. Бала 10 айлық. Өте арық. Тері жамылғысы бозғылт сұрғылт түсті, құрғақ, аяқ- қолдары салқын. Тері қыртысы баяу жазылады. Чулицкий индексі теріс мәнді. Дене салмағының жетіспеушілігі 35%. Осы науқасқа диетотерапияны неден бастаған жөн?

- тәуліктік рационды

- Қосымша тамақ енгізу

-+Ақуыздық энпитті енгізу

- Тағам рационына қаймақ енгізу

- Тәуліктік тағам мөлшерін көбейту

 

221. Баланы шаршағыштық, ұстама тәрізді, өткір іш ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы мазалайды. Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырғаастында ауырсыну байқалады, Кэра, Ортнер симптомдары оң мәнді. Қан анализінде айқын емес лейкоцитоз. Нәжісі қалыптасқан. Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәл қоюға көмектеседі?

- ФГДС

- копрограмма

- қан биохимия

+ бауыр, өт қабы УДЗ

- дуоденальды зондтау

 

222. Бала 1,5 жаста. Салмақ қосуы жеткізіліксіз. Тәбеті сақталған. Дене қызуы қалыпты. Тері жамылғысы құрғақ, шап аймағында баздану байқалады. Баланың жергөгінде «крахмалдық дақтар» қалған. ТЖ 36 рет мин. ЖСЖ 112 рет мин. Бауыры 1,0 см қабырға доғасының астында. Энурез. Зәр анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- бактериурия

- зәрдің меншікті салмағы төмен.

- протеинурия, гематурия

- лейкоцитурия

+ глюкозурия

 

223. Балада аллергиялық ринит белгілері байқалады, баланың сөзіне қарағанда бір жыл бойына жұмсақ ойыншықтармен ойнағаннан соң кезеңмен пайда болуы байқалған. Себебі аллергеннің қай түрі болуы мүмкін?

- тозаңдық

+ тұрмыстық

- тағамдық

- химиялық

- эпидермальды

 

224. Балада поллакиурия, странгурия, императивті зәр шақырулар байқалады. Қандай синдром жайлы айтылып отыр?

- Бүйрек жетіспеушілігі

- зәр

- диспепсиялық

+ дизуриялық

- Экстраренальды

 

225. Пневмония кезіндегі қоздырғыштың ең жиі ену жолы:

+ бронхогенді

- лимфогенді

- гематогенді

- метастатикалық

- ретроградты


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.052 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>