Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неврология пәні бойынша тесттер 2014-2015 от АР 1 страница



Неврология пәні бойынша тесттер 2014-2015 от АР

 

1. Үстірт сезімталдық жолының 1 нейроны қайда орналасқан

1) ми бағаны

2) жұлын түйіні +

3) жұлынның артқы мүйізі

4) көру төмпешігі

5) қыртыс асты ядролары

 

2.Терең сезімталдықтың 2 нейроны қайда орналасқан

1) теріде

2) жұлын түйінінде

3) жұлынның артқы мүйізінде

4) көру төмпешігінде

5) сопақша мидың ядроларында +

 

3. Үстірт сезімталдықтың 2 нейроны қайда орналасқан

1) теріде

2) жұлын түйінінде

3) жұлынның артқы мүйізінде +

4) көру төмпешігінде

5) сопақша мидың ядроларында

 

4. Үстірт сезімталдықтың 3 нейроны қайда орналасқан

1) теріде

2) жұлын түйінінде

3) жұлынның артқы мүйізінде

4) көру төмпешігінде +

5) ми қыртысында

 

5. Терең сезімталдықтың 3 нейроны қайда орналасқан

1) теріде

2) жұлын түйінінде

3) жұлынның артқы мүйізінде

4) көру төмпешігінде +

5) сопақша мидың ядроларында

6. Дискриминациялық, екі өлшемді кеңістіктік, стереогноз сезімталдығы жатады:

1) күрделі сезімталдық+

2) интероцептивтік

3) үстірт

4) терең

5) экстроцептивтік

 

7. Вебер циркулімен қандай сезімталдық бұзылысын анықтайды:

1) дискриминациялық +

2) вибрациялық

3) буын – бұлшық ет сезімі

4) ауру сезімі

5) температуралық сезім

 

8. Теріге салынған суретті анықтау қандай сезімге жатады:

1) екі - өлшемді кеңістіктік+

2) діріл сезімі

3) буын-бұлшық ет сезімі

4) ауру сезімі

5) температуралық сезім

 

9. Стереогеноз бұл:

1) сипап - сезу арқылы затты анықтау +

2) теріге салынған суретті ажырата білу

3) Вебер циркулімен екі тітіркенуді анықтай алу

4) температураны ажырата алу

5) оқшаулау сезімін анықтау

 

10. Сырқат сипап - сезу арқылы затарды ажырата алмайды. Сезімталдықтың қандай түрі бұзылған?

1) диссоциациалған

2) комбинирленген

3) терең

4) күрделі+

5) үстірт

 

11. Анестезия бұл:

1) сезімталдықтың төмендеуі

2) температуралық сезімнің болмауы

3) сезімталдықтың бұрмалануы

4) сезімталдықтың барлық түрінің толық жойылуы+

5) сезімталдықтың жоғарылауы

 

12. Гипестезия - бұл:

1) әлсіз тітіркендіргішке жоғары сезімталдық



2) жеке тітіркенуді бернеше тітіркенудей сезіну

3) сезімталдықтың бұрмалануы

4) тітіркендіргіш болмаса да, жайсыз, құмырсқа жыбырлағандай, ұйығандай, күйдіргендей, ине шаншығандай сезім

5) сезімталдықтың бәсеңдеуі +

 

13. Гиперестезия – бұл:

1) сезімталдықтың толық болмауы

2) тітіркендіргіш болмаса да, жайсыз, құмырсқа жыбырлағандай, ұйығандай, күйдіргендей, ине шаншығандай сезім

3) сезімталдықтың бәсеңдеуі

4) аса жоғары сезімталдық+

5) сезімталдықтың бұрмалануы

 

14. Дизестезия - бұл:

1) сезімталдықтың толық болмауы

2) тітіркендіргішті тиген жерден емес, дененің қарама қарсы симметриялы нүктесінен сезіну

3) тітіркендіргіш болмаса да, жайсыз, құмырсқа жыбырлағандай, ұйығандай, күйдіргендей, ине шаншығандай сезім

4) жеке тітіркенуді бернеше тітіркенудей сезіну

5) сезімталдықтың бұрмалануы +

 

15. Полиестезия - бұл:

1) сезімталдықтың бұрмалануы

2) аса жоғары сезімталдық

3) тітіркендіргішті тиген жерден емес, дененің қарама қарсы симметриялы нүктесінен сезіну

4) тітіркендіргіш болмаса да, жайсыз, құмырсқа жыбырлағандай, ұйығандай, күйдіргендей, ине шаншығандай сезім

5) жеке тітіркенуді бернеше тітіркенудей сезіну +

 

16. Синестезия - бұл:

1) сезімталдықтың бұрмалануы

2) аса жоғары сезімталдық

3) тітіркендіргішті тиген жерден емес, дененің қарама қарсы симметриялы нүктесінен сезіну +

4) тітіркендіргіш болмаса да, жайсыз, құмырсқа жыбырлағандай, ұйығандай, күйдіргендей, ине шаншығандай сезім

5) жеке тітіркенуді бернеше тітіркенудей сезіну

 

17. Гиперпатия - бұл:

1) сезімталдықтың бұрмалануы

2) әлсіз тітіркендіргішке аса жоғары сезімталдық+

3) тітіркендіргішті тиген жерден емес, дененің қарама қарсы симметриялы нүктесінен сезіну

4)) тітіркендіргіш болмаса да, жайсыз, құмырсқа жыбырлағандай, ұйығандай, күйдіргендей, ине шаншығандай сезім

5) жеке тітіркенуді бернеше тітіркенудей сезіну

 

18. Парестезия - бұл:

1) сезімталдықтың бұрмалануы

2) әлсіз тітіркендіргішке аса жоғары сезімталдық

3) тітіркендіргішті тиген жерден емес, дененің қарама қарсы симметриялы нүктесінен сезіну

4) тітіркендіргіш болмаса да, жайсыз, құмырсқа жыбырлағандай, ұйығандай, күйдіргендей, ине шаншығандай сезім +

5) жеке тітіркенуді бернеше тітіркенудей сезіну

 

19. Жұлын-көру төмпешігі жолы зақымданағанда сезімталдық бұзылысының қандай типі кездеседі

1) шеткі

2) мононевриттік

3) сегментарлы - диссоциирленген

4) өткізгіштік+

5) қыртыстық

 

20. Сырқат адамда Th4-Th10 деңгейінде сезімталдылықтың симметриялы (күрте тәрізді) диссоциирленген бұзылысы анықталды. Зақымдану ошағы қайда орналасқан

1) ішкі капсуланың артқы тізесі

2) көру төмпешігі

3) жұлынның артқы түбіршігі

4) алдыңғы сұр спайка +

5) жұлынның артқы бағаны

 

21. Шеткі салданудың патогномиялық белгісі:

1) орталық парез

2) шеткі парез +

3) патологиялық рефлекстер

4) герпестік бөртпелер

5) дененің жарты бөлігінде күйдірген қатты ауру сезімі

 

22. Жұлын зақымданғанда сезімталдық бұзылысының қандай типі анықталады:

1) сегментарлық артқы мүйіздік - өткізгіштік +

2) өткізгіштік, капсулалық

3) түбіршектік, полиневриттік

4)мононевриттік, өрімдік

5) қыртыстық, таламустық

 

23. Сырқаттың оң аяғында терең сезімталдықтың Тһ10 деңгейінен төмен өткізгіштік типтегі бұзылысы анықталды. Зақымдану ошағы қайда орналасқан

1) Флексиг шоғыры

2) артқы түбір

3) жұлынның артқы мүйізі

4) Бурдах шоғыры

5) Голь шоғыры+

 

24. Сырқатта Th10 деңгейінен төмен оң жағында - өткізгіштік түрі бойынша буын – бұлшық ет сезімі бұзылған және орталық салдану, қарама – қарсы жақта - ауру және температура сезімі өткізгіштік түрі бойынша бұзылған. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?

1) жұлын түйіні

2) жұлынның толық көлденең зақымдануы

3) жұлынның жартылай көлденең зақымдануы (Броун – Секар синдромы) +

4) алдыңғы сұр спайка

5) жұлынның артқы мүйізі

25. Сырқат көзін жұмғанда білінетін жүрісінің бұзылуына шағымданды. Обьективті: үстірт сезімталдық сақталған, бұлшық- ет буын сезімі бұзылған. Ромберг кейпінде көзін жұмғанда құлайды. Зақымдану ошағын көрсетіңіз.

1) жұлынның артқы мүйізі

2) жұлынның бүйір мүйізі

3) алдыңғы сұр спайка

4) жұлыннның артқы бағаны+

5) артқы түбіршік

 

26. Көрсетілген симптомдардың қайсысы созу симптомдарына жатады

1) Ласег симптомы+

2) Аргайл - Робертсон синдромы

3) Белл симптомы

4) Гроссман симптомы

5) Оппенгейм симптомы

 

27. Полиневриттік синдромда сезімталдық бұзылысы қандай?

1) өткізгіштік тип бойынша

2) түбіршіктік тип бойынша

3) жұлындық - сегментарлық тип бойынша

4) мононевриттік тип бойынша

5) «қолғап пен шұлық» тип бойынша+

28. Сырқатта сол жағында сезімталдық бұзылысы, көзін жұмғанда білінетін атаксия, гиперпатия, гемианопсия анықталды. Синдром қалай аталады.

1) капсулалық

2) таламустық+

3) алмасушылық

4) мишық атаксиясы

5) қыртыстық синдром

 

29. Сырқат қараңғы ұақытта білінетін жүрісінің бұзылуына шағымданды. Обьективті: бұлшық ет тонусы мен күші өзгермеген, терең сезімталдық бұзылысы.Көз бақылауымен қимыл – қозғалысын қанағаттанарлық орындайды. Атаксия түрін ата.

1) маңдайлық

2) вестибулярлық

3) мишықтық статикалық

4) мишықтық динамикалық

5) сенситивтік атаксия+

 

30. Жұлынның артқы бағандарының екі жақтан да зақымдануына тән белгілер:

1) зақымданған деңгейден төмен екі жақтан да буын – бұлшық ет және діріл сезімінің өткізгіштік тип бойынша бұзылуы +

2) температура мен ауру сезімінің бұзылуы

3) орталық салдану және сезімталдықтың барлық түрінің өткізгіштік тип бойынша бұзылуы

4) зақымданған деңгейден төмен орталық салдану

5) перифериялық салдану мен вегетативті бұзылыстар

 

31. Жұлынның қай құрылымының зақымдануы сезімталдықтың сегментарлы бұзылысына алып келеді

1) алдыңғы мүйіз

2) жұлынның артқы мүйізі мен алдыңғы сұр спайкасы +

3) бүйір мүйіз

4) Голль шоғыры

5) Бурдах шоғыры

 

32. Шеткі салданудың белгiлерi:

1) гиперрефлексия

2) гипорефлексия+

3) синкинезия

4) гипертонус

5) табан клонусы

 

33. Шеткі салдануға тән симптом

1) табанның патологиялық симптомдары

2) гипертонус

3) гиперрефлексия

4) гипотония+

5) синкинезия

34.Қай құрылымның зақымдануы шеткі салдануға әкеледi

1) алдыңғы орталық ирелең

2) артқы орталық ирелең

3) жұлынның алдыңғы мүйiзi +

4) ретикулярлы формация

5) жұлынның артқы мүйізі

 

35. Ми қыртысы - бұлшық ет жолының шеткi нейроны қайда орналасқан

1) ішкі капсуланың артқы саны

2) iшкi капсуланың тiзесi

3) жұлынның артқы мүйiзi

4) жұлынның бүйiр бағаны

5) жұлынның алдыңғы мүйiзi+

 

36. Орталық салданудың белгiлерi

1) атрофия

2) гиперрефлексия+

3) гипотония

4) арефлексия

5) бұлшық еттердің фасцикуляциялық дірілі

 

37. Флексорлық патологиялық симптомдарға жатады

1) Бабинский симптомы

2) Оппенгейм симптомы

3) Жуковский симптомы

4) Шеффер симптомы

5) Россолимо симптомы+

 

38. 65 жастағы сырқатты тексеру нәтижесiнде бел лордозының жазылуы, бел аймағында ауырсыну, қимылдар шектелген. Оң жақта Мацкевич, Вассерман симптомы, оң санның iшкi және алдыңғы жағында гипестезия, оң жақ тiзе рефлексi төмендеген. Сырқатта зақымдану деңгейін анықтаңыз

1) L1-L3

2) Th3-Th5

3) L5-S1

4) L2-L4 +

5) Th10-L1

39. Кәрi жiлiк нервiнiң зақымдануына тән

1) карпо-радиальдық рефлекстiң жоғарылауы

2) «маймыл» қол симптомы

3) бесiншi саусақты сыртқа әкете алмау

4) «салбыраған» қолбасы симптомы +

5) 3-5 саусақтардың алақан бетінің гипестезиясы

 

40. Ауруханаға жеткiзiлген 68 жастағы сырқат оң жақ қол - аяғындағы әлсiздiкке шағымданды. Тексеру нәтижесi: оң жақ қол - аяғындағы күшi екі балға дейiн төмен, бұлшық ет тонусы және терең рефлекстері жоғары, патологиялық рефлекстер анықталды. Салданудың түрін анықтаңыз

1) спастикалық парапарез

2) оң жағында шеткі гемипарез

3) оң жағында спастикалық гемипарез+

4) сол жағында спастикалық гемипарез

5) сол жағында шеткі гемипарез

 

41. Ауруханаға жеткiзiлген сырқатта тетрапарез анықталды. Сырқат өзін күте алмайды. Қол бұлшық еттерінің семуі, гипотония, гипорефлексия, ал аяғында рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер: Бабинский, Россолимо, табан клонусы анықталды. Салданудың түрін анықтаңыз

1) жоғарғы – шеткі, төменгі - спастикалық парапарез+

2)жоғарғы және төменгі шеткі парапарез

3) спастикалық тетрапарез

4) шеткі тетрапарез

5) жоғарғы спастикалық парапарез және төменгі босаң парапарез

 

42. Ауруханаға жеткiзiлген сырқатта тетрапарез анықталды. Қол бұлшық еттерінің семуі, атония, арефлексия. Аяғында гипертонус, гиперрефлексия, патологиялық рефлекстер: Бабинский, Россолимо, табан клонусы анықталды. Зақымдану деңгейін анықтаңыз

1) жұлынның бел буылтығы зақымдануы

2) жұлынның кеуде бөлімінің зақымдануы

3) жұлынның мойын буылтығы зақымдануы+

4) жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде зақымдануы

5) жұлынның алдынғы мүйізі

 

43. Салдануды анықтау үшін қандай сынақ қолданады

1) Ромберг

2) Барре +

3) Сорби

4) Пуссеп

5) Квеккенштедт

 

44. Сырқат бел аймағында (L3-L4) жарақат алды. Қандай рефлекс анықталмайды

1) тізе +

2) ахилл

3) шынтақ бүккіш

4) табан

5) карпо - радиалды

 

45. Ауруханаға жеткiзiлген сырқатта тетрапарез анықталды. Қол бұлшық еттерінің семуі, атония, арефлексия. Аяғында гипертонус, гиперрефлексия, патологиялық рефлекстер: Бабинский, Россолимо, табан клонусы анықталды. Салдануды анықтау үшін қандай сынақты қолданады

1) Ромберг

2) Шульте

3) Пуссеп

4) Барре+

5) Стукей

 

46. Сол жақтағы iшкi капсуланың зақымдануына тән симптом

1) оң жақтан спастикалық гемипарез+

2) сол жақтан спастикалық гемипаз

3) қолда - шеткі парез, аяқта- орталық паркз

4) қолда – спастикалық парапарез, аяқта-босаң парапарез

5)шеткі тетрапарез

 

47. Ауруханаға жеткiзiлген сырқат қол-аяғындағы айқын әлсiздiкке шағымданды. Тексеру нәтижесi: қол - аяғындағы күшi бiр балға дейiн төмендеген, бұлшық ет тонусы және терең рефлекстері жоғары, патологиялық симптомдар анықталды. Топикалық диагноз қойыныз

1) жұлынның мойын буылтығы зақымдануы

2) iшкi капсула деңгейiнде зақымдануы

3) жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейде зақымдануы+

4) жұлынның кеуде бөлiмiнде зақымдануы

5) ми бағаны деңгейінде зақымдануы

 

48. Сырқат он қолының ұшындағы әлсiздiкке шағымданады. Тексеру нәтижесiнде оң жақ қолының үшы салбырап қалған. Қол ұшын және саусақтарын жазатын бұлшық еттердiң күшi –1 балл, бұлшық ет тонусы төмендеген, бiлезiк-буын және шынтақ жазылу рефлекстерi оң жағында анықталмайды. Қол ұшы мен саусақтарын бүгу мүмкiндiгi сақталған. Топикалық диагноз қойыңыз

1) жұлынның кеуде бөлiгiнде зақымданған

2) оң жақта кәрi жiлiк нервінiң зақымдануы +

3) оң жақтағы иық өрiмi зақымданған

4) оң жағындағы алдыңғы орталық ирелең

5) сол жағындағы iшкi капсуланың зақымдануы

 

49. Ауруханаға аяқтары сал болып қалған сырқат келiп түстi. Тексеру нәтижесiнде аяғында ерiктi қимылдар жоқ, ондағы бұлшық еттер тонусы жоғары, тiзе және өкше рефлекстерi жоғары, табан клонусы, Бабинский симптомы анықталады. Топикалық диагноз қойыныз

1) шонданай нервiнiң екі жақтан зақымдануы

2) жұлынның мойын буылтығының зақымдануы

3) iшкi капсула деңгейi зақымдануы

4) жұлынның мойын буылтығынан жоғары зақымдануы

5) жұлынның кеуде бөлiгiнде зақымдануы+

 

50. Сырқат клоникалық тырыспаларға шағымданады. Тырысу оң жақ аяқ ұшынан басталып, оң жақ денесiне тарайды. Тырысу 1-2 минутқа созылады, есiн жоғалтпайды. Топикалық диагноз қойыңыз

1) жұлынның мойын буылтығының зақымдануы

2) шүйде бөлiгiнің тітіркенуі

3) оң жақта iшкi капсула деңгейiнде

4) ми бағаны деңгейінде тітіркену

5) сол жақтан алдыңғы орталық ирелеңнiн жоғарғы бөлiгiнің тітіркенуі+

 

51. Сырқатта тетрапарез анықталды. Қол бұлшық еттерінің семуі, гипотония, гипорефлексия, ал аяғында рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер анықталады. Бұғана деңгейінен сезімталдық бұзылған. Зақымдану деңгейін анықтаңыз

1) жұлынның мойын буылтығынан жоғары

2) жұлынның мойын буылтығы деңгейінде зақымдануы +

3) жұлынның кеуде бөлігі зақымдануы

4) жұлынның бел буылтығы зақымдануы

5) жұлынның жартылай көлденең зақымдануы

 

52. Сырқат аяғындағы әлсіздікке шағымданады. Аяғында бұлшық ет гипотрофиясы, гипорефлексия, шап деңгейінен төмен сезімталдық бұзылған. Зақымдану деңгейін анықтаңыз

1) жұлынның мойын буылтығынан жоғары

2) жұлынның мойын буылтығы

3) жұлынның кеуде бөлігі

4) жұлынның бел буылтығы деңгейінде зақымдануы +

5) жұлынныңжартылай көлденең зақымдануы

 

53. Сырқатты тексеру нәтижесiнде денесiнiң сол жақ қол - аяғында белсендi қимылдары анықталмайды, сол жақ аяғының жазатын және қолын бүгетiн бұлшық еттердiң тонусы жоғары, терең рефлекстерi жоғары, сол табанында клонус, сол жағында Бабинский симптомы анықталады. Топикалық диагноз қойыныз

1) көру төмпешiгi

2) жұлынның мойын буылтығынан жоғары

3) оң жақтан iшкi капсуланың артқы саны +

4) жұлынның мойын буылтығының сол жақтан жартылай көлденеңнен зақымдануы

5) сол жақтағы ми қыртысының алдыңғы орталық иреленi

 

54. Созылмалы алкоголизмен ауыратын сырқат аяқ-қол ұшының әлсiздiгiне, ұйып қалуына шағымданады. Объективтi: қол - аяғының дистальды бөлiгiнде парез, гипотония, бұлшық ет семуi, карпорадиальды және өкше рефлекстердiң төмендеуi, «қолғап пен шұлық» тәрiздi гипестезия анықталады. Қандай құрылымдар зақымданған

1) алдыңғы түбiршiк

2) артқы түбiршiк

3) иық, бел өрімі

4) шеткi нерв +

5) жұлын-көру төмпешiгi жолы

 

55. Ішкі капсула зақымданса, жүрудің қандай бұзылысы анықталады?

1) штампылап

2) гемипарездік+

3) «қуыршақ»

4) аяғын алшақ басқан жүріс

5) «степпаж»

 

56. 40 жастағы сырқат сол қол басындағы әлсіздікке шағымданды. Объективті: сол қолбасы салбыраған, қол басы бұлшық еттерін сыртқа жаза алмайды, қолбасының жазғыш бұлшық еттерінің және саусақтардың күші 3,5-4,0 баллға дейін төмендеген, сол жақтан карпорадиальды және шынтақ жазғыш рефлексі шақырылмайды. Топикалық диагноз қой.

1) оң шынтақ нервінің зақымдануы

2) оң кәрі жілік нервінің зақымдануы

3) сол кәрі жілік нервінің зақымдануы +

4) сол шынтақ нервінің зақымдануы

5) сол ортаңғы нервтің зақымдануы

 

57. Сырқатта бас миының оң жарты шары ішкі капсула аймағында геморрагиялық инсульт болды. Салданудың сипатын анықта.

1) сол жақтан спастикалық гемипарез+

2) оң жақтан спастикалық гемипарез

3) төменгі босаң парапарез

4) босаң тетрапарез

5) спастикалық тетрапарез

 

58. Төменгі спастикалық параплегияға тән симптом

1) аяқта гипотрофия

2) аяқ бұлшық еттерінің күші төмен, терең рефлекстер шақырылмайды

3) бұлшық ет тонусы жоғары, тізе мен ахилл рефлексі жоғарылаған +

4) аяқтың жазғыш бұлшық еттерінің күші төмен, ахилл мен тізе рефлекстері төмендеген

5) аяқ бұлшық еттерінде фасцикулярлы дірілдер

 

59. Жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейде зақымдануына тән

1) бұлшық ет атрофиясы, гипотония

2) бұлшық ет атрофиясы жоқ, гипертонус

3) қолда шеткі салдану, аяқта орталық салдану

4) гипорефлексия, қорғаныс рефлекстері жоқ

5) спастикалық тетрапарез +

 

60. Экстрапирамидті жүйеге жататын морфологиялық түзілімдер

1) ішкі капсула

2) медиалды ілмек

3) қара дене, құйрықты ядро +

4) варолий көпірі

5) сопақша ми

 

61. Экстрапирамидті жүйенің қызметі

1) еріксіз, күрделі қимылдардың актілерін координациялау және оларды реттеу +

2) кіші жамбас мүшелерінің қызметін реттеу

3) зат алмасуды ұстап тұру

4) ішкі мүшелердің қызметін реттеп тұру

5) психикалық қызметтерді реттеп тұру

 

62. Паллидарлы экстрапирамидті жүйеге жататын құрылымдар

1) Льюис денесі

2) құйрықты ядро

3) қара зат, боз шар +

4) ала дене

5) көру төмпешігі

 

63. Қыртыс – бұлшық ет жолының орталық нейроны қайда орналасқан?

1) алдыңғы орталық ирелең +

2) артқы орталық ирелең

3) Гешле ирелеңі

4) гиппокамп

5) шүйде бөлігі

 

64. Экстрапирамидтік жүйе жолдары қайда аяқталады:

1)жұлынның артқы мүйізі

2) жұлынның бүйір мүйізі

3)жұлынның артқы бағаны

4) жұлынның бүйір бағаны

5) жұлынның алдынғы мүйізі+

 

65. Экстрапирамидтік жүйенің зақымдану синдромдары:

1) орталықтан салдану

2) шеткі салдану

3) алмасушылық синдром

4) мишықтық атаксия

5) гипотоно - гиперкинетикалық синдром+

 

66. Паллидарлық жүйенің зақымдану белгілері:

1) гипертоно - гипокинетикалық синдром, брадимимия, брадилалия+

2) гиперкинездер, атетоз, хореоатетоз, гемибализм, тик

3) адиадохокинез, гиперметрия

4) атония, арефлексия, атрофия

5) гиперрефлексия, гипертонус, патологиялық рефлекстер


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.062 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>