Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

І бӨлім. Бухгалтерлік баланс жӘне есептілік.



КІРІСПЕ..............................................................................................................

 

І БӨЛІМ. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК.........................

 

1.1. Шаруашылық субъектіге баланс құру...................................................

 

1.2. Бухгалтерлік есептегі ашық шоттар, шотқа корреспонденция құрастыру.................................................................................................

 

1.3. Құжаттау. Құжаттарды толтыру.............................................................

 

ІІ БӨЛІМ. ЕСЕП ҚҰРУ.....................................................................................

 

2.1. Есеп құру. Ауытқу, сомалық есеп айырысу..........................................

 

2.2. Негізгі құралдар.......................................................................................

 

2.3. Құжаттарды толтыру...............................................................................

 

2.4. Шот корреспонденциясын құру.............................................................

 

2.5. Қорытынды баланс құру.........................................................................

 

2.6. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру...............................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

 

Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисаптың бұрыңғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатық-қан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын емес, оны дүниеге келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүргізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған. Өйткені есеп-қисап барлық мекемелердің қатаң иерархиялық бағы-ныштылығына сүйенетін еді.Мекемеялердің қай-қайсысы болмасын өзіндік бастамаға ешқандай құқығы болмай, тек жоғары басқару органдарының нұсқауларын орындауына міндетті болған. Осы себептер салдарынан ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисап жүйесі нарықтық қатынастар кезінде басқаруға қажетті мәлімет берген емес, әрі бере алмайтын еді. Өйткені ол дүниежүзілік тәжірибеден, халықаралық стандарттардан бөлек болатын.

Бухгалтерлік есебі мыналарды қамтамасыз ету қажет:



- Меншікті және тартылған қаражаттардың пайдалануын,банктің қаржылық құралдарының қалыптасуын және оларды бақылау;

- Алдын ала бекітілген тиімділік және өтімділік деңгейі арқылы банктің табыстылық деңгейін үздіксіз бақылау және талдау;

- Алғашқы құжаттар түпнұсқасы бухгалтерлік бара- бар бекіту және барлық операцияларды бухгалтерлік жазуларда көрсету;

- Қаржы- шаруашылық операцияларды мерзіміне сай өз уақытында тіркеу.

Бухгалтерлік есепті обьектісі – толық шаруашылық бірлік және оның құндылықтарды, қаржылық құралдарды және олардың құралу көздері болып табылады.

Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.

Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.

 

І БӨЛІМ. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК

1.1. Шаруашылық субъектіге баланс құру

 

Баланс – есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған, деген сауалдар тұрғысынан қарастырылады. Осы қатынас баланстық әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі екіжақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы) тұратын кестеден құрастырылады.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс– қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштерікәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.

Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бугалтерлік талдау» оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) қысқа мерзімді активтер;

2) ұзақ мерзімді активтер;

3) қысқа мерзімді акитивтер;

4) ұзақ мерзімді актив;

5) меншікті капитал.

Бугалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған.

Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.

Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.

Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудитор-лық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.

Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Аудит жүргізу барысында тексеруге арналған негізгі тұжырымдар. Дебиторлық қарыздар аудиті. Бақылау құралдарын тексеру тестері.

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жүргізілгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестер.

Материалдық емес активтердің аудиті. Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті. Ұзақ мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясының аудиті. Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестілері.

Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Инвестициялау кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар.

Капиталдардың аудиті. Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айыры-су аудиті. Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.

Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық әдістер. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.

Аудиттің қорытынды кезеңінде пайдаланылатын аудит тәсілдері. Клиентке ұсыныстар беру. Аудиторлық қорытындыларды бағалау. Кейінгі болатын уақиғалар.

Қоршаған ортаның аудиті. Ішкі аудит. Операциялық аудит. Басқа да ілеспе қызметтер.

Кәсіпорында 20___ ж. 1 қаңтарында құралдар мен олардың көздерінің төмендегі түрлері бар: негізгі құралдар бастапқы құны бойынша 1000000 теңге, олардың тозуы 300000 теңгеге тең, материалдар 200000 теңге. Қоймада 280000 теңгенің дайын өнімі бар. Тауарлар 200000 теңге алушыға жіберілді

(өндірістің өзіндік құны бойынша). Кәсіпорынның кассасында 20000теңге қолма-қол ақша, ал есеп айырысу шотында 800000 теңге ақша бар. Кәсіпорын материалдарды ала отырып, әлі жеткізушімен есеп айырысқан жоқ, оның қарызы — 340000 теңгеге тең. Еңбекақы 400000 теңге көлемінде есептеліп, бірақ берілген жоқ. Кәсіпорында алдыңғы жылдардың бөлінбеген табысы 580000теңгеге тең. Банктің несиесі 200000 теңге көлемінде алынып, бірақ

қайтарылған жоқ. Аяқталмаған өндіріс байқау кезінде 120000 теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 800000 теңге мөлшерінде қалыптасқан. Осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның 20___ ж. 1 қаңтарына кіріспе балансын құрастыруымыз қажет.

 

1.2. Бухгалтерлік есептегі ашық шоттар, шотқа корреспонденция құрастыру

 

Тәптіштеудің дәрежесі бойынша шоттар синтетикалық, аналитикалық және субшоттар болып бөлінеді. Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы) келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың орнын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты.

Құралдар мен олардың көздерін одан әрі тәптіштеу үшін аналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, № 1310 «Шикізат пен материалдар» синтетикалық шотында кәсіпорында бар барлық материалдар ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ, бұл шоттан біз алатын ақпарат жеткіліксіз, өйткені қоймада қандай материалдар бар екенін, мөлшsерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін дәл қандай материалдар және қанша жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.

Бұл сұрақтарға жауабын алуға мөлшерлі сипаттары, бірліктің бағасы мен т.б. көрсеткіштермен қоса, шаруашылық құралдардың (немесе олардың көздерінің) әрбір аталуына жүргізілетін (ашылатын) аналитикалық шоттар жәрдем етеді. Мысалы, материалдың екі түрі: кабель мен сым бар делік.

 

1.2. Құжаттау. Құжаттарды толтыру

 

Өзінің жұмысы барысында бухгалтер әртүрлі құжаттармен іс жүргізеді.

Құжат деген латын тілінде «куәлік» немесе «дәлел» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын заңдастырады.

Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз сақталуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және белгілі мерзім бойы сақталуы тиіс.

Құжат, бұл — бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін,

жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.

Құжаттардың құрамындағы бастапқы құжаттарды, есепті

регистрлерді және есеп беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыратып отыру қажет.

Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Содан соң, олардың мәліметтері есеп регистрлеріне өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады.

Бастапқы құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына бастама береді, кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті мәліметтермен бухгалтерлік 32 есепті қамтамасыз етеді. Есепке тек қана дұрыс жасалған, яғни барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жүзіндегі маңыздылығына ие болады.

ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережесімен реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға үлгінің (форманың) көзі, жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен олардың түсіндірмелері жатады.

Бастапқы құжаттарда қажетті жағдайларда жоғарыда аталғандардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін. Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны аяқтаған соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытында алынбаған (депонирленген) еңбекақыны беру үшін шығыс кассалық ордер бухгалтер және еңбекақысын алатын тұлғамен барлық қажетті реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.

Құжатты жасап, қол қойған адамдар оны өз уақытында және сапалы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.

Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс және шығыс кассалық ордерлерде, төлем тапсырмаларында, ақша чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол берілмейді. Егер сондай бастапқы құжатта сіз қатеге орын берсеңіз, онда ол жойылып, жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін толтыруда қателессеңіз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын белгілей отырып орнында қалдырыңыз. Сонан соң, келесі жаңа чекті толтырыңыз.

Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, алдын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау қажет. Жоғарыда дұрыс мәтін немесе соманы жазыңыз. Қатенің түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен расталуы тиіс.

Бастапқы құжаттар есеп регистрлерімен бірге сақталады немесе жеке папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі.

 

 

ІІ БӨЛІМ. ЕСЕП ҚҰРУ

2.1. Есеп құру. Ауытқу, сомалық есеп айырысу

 

Есеп құру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп құру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп құрудың мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп құрудың пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

Қаржылық есеп құру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп құру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талджау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп құру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Есеп құруға қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп құрудың сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

 

Кәсіпорын оқтын-оқтын (күнделікті немесе басқа белгіленген мерзімдерде) банкіден өзінің есеп айырысу шотының көшірмелерін алады. Онда операцияның мазмұны шартты кодпен ауыстырылып қойылады.

Банктің көшірмесі белгілі кезеңде кәсіпорынның есеп айырысу

шотындағы банкімен жүргізілген операциялардың тізімін құрайды. Ол есеп айырысу шоты бойынша операцияны жүргізгеннен кейін беріледі. Көшірмеге әрбір сома бойынша анықтаушы құжаттар қоса тігіледі.

Банктің көшірмелерін бухгалтерлік өңдеу кезінде банк кәсіпорынның борышкері ретінде болатындығын, өйткені ол кәсіпорынның ақша қаражаттарын сақтап және оны өзінің айналымында пайдаланатындығын есте сақтауымыз қажет. Сондықтан, қаржылардың қалдықтары мен олардың келіп түсуі кәсіпорынның бет есебі кредиті бойынша, ал ақша беру мен аудару — дебет бойынша жазылады. Кәсіпорынның бухгалтері бұл операцияларды №1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотында керісінше тәртіпте жазады.

Егер бухгалтер есеп айырысуда қателесіп, қажет болған сомадан артық ақша аударып қойса, онда бұл жағдай туралы банкіге шұғыл хабар жіберуі қажет. Егер төлем тапсырмасы банкіден өтіп кетсе, онда № 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (оның ішінде шағымдар бойынша қойылған)» шотын қолданып, кейінгіесеп айырысу кезінде қажетті соманы реттеу немесе ақшаны алған тұлғаға артық кеткен қаржыларды қайтару туралы өтінішін жолдауы қажет.

Банктің көшірмелерін бухгалтер тексереді және оның ақ шеттерінде байланысатын шоттардың шифры көрсетіледі. Сол шоттар көшірмеге тігілген құжаттарда да көрсетіледі.

 

 

2.2. Негізгі құралдар

 

"Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.

Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен, еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.

Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.

Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды.

Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.

Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.

Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) наық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.

«Негізгі құралдар есебі» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар – бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.

Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:

а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;

б) натуралды – заттық үлгісін сақтауы;

в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.

Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.

 

2.3. Құжаттарды толтыру

 

Өзінің жұмысы барысында бухгалтер әртүрлі құжаттармен іс жүргізеді.

Құжат деген латын тілінде «куәлік» немесе «дәлел» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын заңдастырады.

Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз сақталуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және белгілі мерзім бойы сақталуы тиіс.

Құжат, бұл — бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін,

жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.

Құжаттардың құрамындағы бастапқы құжаттарды, есепті

регистрлерді және есеп беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыратып отыру қажет.

Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Содан соң, олардың мәліметтері есеп регистрлеріне өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады.

Бастапқы құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына бастама береді, кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті мәліметтермен бухгалтерлік 32 есепті қамтамасыз етеді. Есепке тек қана дұрыс жасалған, яғни барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жүзіндегі маңыздылығына ие болады.

ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережесімен реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға үлгінің (форманың) көзі, жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен олардың түсіндірмелері жатады.

Бастапқы құжаттарда қажетті жағдайларда жоғарыда аталғандардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін. Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны аяқтаған соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытында алынбаған (депонирленген) еңбекақыны беру үшін шығыс кассалық ордер бухгалтер және еңбекақысын алатын тұлғамен барлық қажетті реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.

Құжатты жасап, қол қойған адамдар оны өз уақытында және сапалы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.

Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс және шығыс кассалық ордерлерде, төлем тапсырмаларында, ақша чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол берілмейді. Егер сондай бастапқы құжатта сіз қатеге орын берсеңіз, онда ол жойылып, жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін толтыруда қателессеңіз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын белгілей отырып орнында қалдырыңыз. Сонан соң, келесі жаңа чекті толтырыңыз.

Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, алдын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау қажет. Жоғарыда дұрыс мәтін немесе соманы жазыңыз. Қатенің түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен расталуы тиіс.

Бастапқы құжаттар есеп регистрлерімен бірге сақталады немесе жеке папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі.

 

2.4. Шот корреспонденциясын құру

 

Бухгалтер жұмысының ең жауапты саласының бірі — шоттарда шаруашылық операцияларын бейнелеу немесе проводкалар жазу. Ол үшін қайсы шот дебеттеледі, ал қайсы шот кредиттеледі, яғни шоттардың корреспонденциясын (үйлесімді байланыстыруды) анықтау қажет.

Шоттардың корреспонденциясын анықтауда қателер жібермеу үшін, шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне қарамастан, оларды 4 типке (топқа) біріктіру қажет.

Оны мына мысалдардан қарастырайық.

Шаруашылық операциялардың бірінші типі.

«Активті-активті»

Баланстың мәліметтері бойынша № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» мен № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» шоттарын ашып және оларда: шаруашылық мұқтаждықтарға есеп айырысу шотынан кассаға 1000 теңге ақша келді деген (1) шаруашылық операциясын жазамыз.(Қосымша 1)

Бұл жағдайда екі активті шот пайдаланылып, бір шоттағы қалдық көбейеді («Кассадағы қолма-қол ақша» шотында), ал екінші шотта кемиді («Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шотында). 24

Бірінші операциядан кейін бухгалтерлік баланс төмендегіше

болады:

 

 

Шаруашылық операциялардың екінші типі.

«Пассивті-пассивті»

Баланстың мәліметтері бойынша № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» пен № 31 кіші бөлімнің «Бюджетпен есеп айырысу» шоттарын ашып және оларда: еңбекақысынан 1000 теңге мөлшерде табыс салығы ұсталды (есептелді) деген (2) шаруашылық операциясын жазамыз.(Қосымша 2)

Бұл жағдайда екі пассивті шот пайдаланылып, бір шоттағы қалдық көбейеді («Бюджетпен есеп айырысу» шотында), ал екінші 25 шотта кемиді («Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында).

Екінші операциядан кейін бухгалтерлік баланс төмендегіше болады:

 

 

Шаруашылық операциялардың үшінші типі.

«Активті-пассивті»

Баланстың мәліметтері бойынша № 1310 «Шикізат пен материалдар» мен №3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» есебін ашып, оларда: жеткізушілерден 30000 теңгеге материалдар келді, бірақ төлемдер жасалған жоқ деген (3) шаруашылық операциясын жазамыз.(Қосымша 3)

Бұл жағдайда № 1310 «Шикізат пен материалдар» активті шоты №3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті шотымен байланысады. Екі шот бойынша да қалдықтар көбейеді. Материалдың қорлары бір жағынан, екінші жағынан сол материалдар үшін жеткізушілерге қарыздар да көбейеді.

Үшінші операциядан кейін бухгалтерлік баланстың түрі төмен-

дегіше болады:

Шаруашылық операциялардың төртінші типі.

«Пассивті-активті»

Баланстың мәліметтері бойынша № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» мен № 31 кіші бөлімнің «Бюджетпен есеп айырысу» шоттарын ашып, оларда: ағымдағы банктік шоттан 4000 теңге бюджетке қарызы төленді деген (4) шаруашылық операциясын жазамыз.(Қосымша 4)

Бұл жағдайда № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» активті шоты № 31 кіші бөлімнің «Бюджетпен есеп айырысулар» пассивті шотымен байланысады. Екі шот бойынша да қалдықтар кемиді. Ақша қаражаттары бір жағынан, екінші жағынан бюджетке қарыздар кемиді.

 

2.5. Қорытынды баланс құру

 

Қорытынды есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған,

деген сауалдар тұрғысынан қарастырылады. Осы қатынас баланстық әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі екіжақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы) тұратын кестеден құрастырылады. Активте есептің объектілері(шаруашылық құралдар), ал пассивте олардың сатып алыну немесе пайда болу көздері жазылады. Активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болуы тиіс. Бұл жиынтықтардың мөлшері «валюта балансы» деп аталады.

Төмендегі кесте кәсіпорынның өз құрылтайшылары, салық инспекциясы және тағы басқалардың алдында есеп беру үлгісі болып та саналады, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындыланған түрде көрсетеді.

Баланс көрсетілген мерзімге, әдеттегіше, есепке қойылатын талаптармен белгіленген тоқсанның басына құрастырылады.

Баланс белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың

көздерінің жағдайын көрсетеді. Олар үнемі өзгеріп тұрады, яғни қозғалыста болады. Және ол қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен бухгалтерлік шоттарда бейнеленеді.(Қосымша 5)

 

2.6. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру

 

1.Кәсіпорында болған барлық шаруашылық операциялары операциялар журналына енгізіледі. Бухгалтерлік оперцияларды журналға енгізуді автоматтандырудың екі түрі бар:

· Типтік операция режимі,

· Құжаттау мен есептеулер режимі.

Типтік операция режимі.

Типтік операция режимі проводкаларды журналға енгізу барысында күнделікті бухгалтердің жұмысын автоматтандыруға арналған құрал.Жұмыс барысында біртектес проводкалардан тұратын, біртектес шаруашылық операциялардан тұратын, біртектес шаруашылық операцияларын жиі енгізіп отыру қажеттігі туады. Мысалы, тауарды сату барысында тауардың өзіндік құны мен ҚҚС бөліп көрсету тағы с.с. Осындай операцияларды енгізуді жеңілдету үшін программа пайдаланушының көмегімен олардың «сценарийі» жазылған типтік операция тізіміне тіркеледі.

Типтік операция менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Типтік операция (Типовые операции)» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Экранға типтік оперция тізімі шығады.

Тізімі қарап шығуға және түзетуге оңай болу түшін арнайы топқа біріктірілген. Типтік операциялар тізімінде сол жағында --- топтар белгісі бейнеленген. Бірінші бағанада типтік операция үлгісінің тобы мен атауы көрсетілген. Сол жақтағы бағана – жұмысшы, онда әртүрлі шартты белгілер мен типтік операция үлгісі тізімінің жолдары көрсетілген.

--- бұл жол типтік операция үлгісінің қалыбы болып есептеледі. Қалып операцияларды енгізу үшін қолданылады.

--- бұл жол типтік операция үлгісі тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы типтік операция тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін типтік оперция үлгісін таңдауға болады.

--- типтік операциялар тізіміндегі сатылы түрді көрсетуді алып тастаған топтардың тақырыбы.

Қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Қарап шығатын топтардың сатылы деңгейіне байланысты ашық топтар жолы бірнеше болуы мүмкін. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады.

2.Типтік операция артуын түзету.

Типтік операция артуын түзету үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Өзгерту (Изменить)» командасын таңдау керек. Немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын немесе пернелер тақтасынан Shift+Enter пернесінің қосындысын басу керек. Түзетуді аяқтау Enter пернесі немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын басу арқылы орындалады. Түзетуден бас тарту үшін Еsc пернесін басу керек.

Типтік операция тобын құру.

Типтік операцияға жаңа жол енгізу келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:

· Типтік операция терезесіндегі құралдар панелінен --- кнопкасын немесе

· Ctrl+F9 пернесінің қосындысы немесе

· Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жаңа топ (Новая группа)» командасын тандаңыз.

Егер тізімге енгізілген жаңа типтік операция тобы нақты бір топқа жазылу керек болса, онда алдын ала сол топқа өту керек. Типтік операциялар тізіміне жаңа топ үшін автоматты түрде жаңа жол қосылады. Осы жолға топ атын теру керек. Топ аты 80 символдан аспауы және типтік операция тізімінде қайталанбауы тиіс. Топ аты терілгеннен кейін Enter пернесін басу керек.Жаңа топ құрудан бас тарту Еsc пернесі арқылы орындалады.

1. Құжаттау режимі 1С: Бухгалтерия программасында құжаттарды қағазға шығарып қана қоймай, қажетті есептеулер мен бухгалтерлік проводкаларды автоматты түрде құру үшін қолданылады. Құжаттармен әртүрлі амалдар орындау үшін ең алдымен оны толтыру қажет.

Құжатты операциялар журналына немесе проводкалар журналына енгізу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

· Журнал терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

· Shift+F9 пернесін басыңыз немесе

· Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Құжатты енгізу (Ввести документ)» командасын таңдаңыз.

Пайда болған тізімнен керекті құжатты белгілеп «Ок» кнопкасын басыңыз. Экранға құжаттың керекті деректерін толтыруға арналған бос бланк шығады. «Басу (Печать)» кнопкасын басу арқылы экранға толтырылған құжат блакісін алуға болады. Құжаттарды таңдаудың ең оңай жолы менюдің «Құжаттар (Документы)» режимін таңдау. Құжаттарды «Операциялар журналына», «Құжаттар журналына» тіркеу және проводкаларды құру үшін «Ок» кнопкасын басыңыз.

2.Шаруашылық операциялар журналдары.

1С: Бухгалтерия жүйесінде кәсіпорынның шаруашылық операциялары туралы деректер журналдарда сақталады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде бірнеші журналдар бар. Журналда әрбір операция бір жолмен берілген, онда сол операцияның болған күні, нөмірі, қысқаша түсініктемесі, сомасы, тағы басқалар берілген.

Барлық журнал үшін нақты уақытқа, кезеңге, айға, тоқсанға, жылға байланысты ғана деректерді шығаруға байланысты көру аралығы қойылады. Операциялар журналы барлық операцияларды және оның бөлігін белгілі бір шарт бойынша таңдауға, қарап шығуға және өңдеуге мүмкіндік береді. Іріктеу шарты әртүрлі болуы мүмкін. Яғни, талдамалы есептің нақты обьектісі бойынша немесе операциялар сомасы бойынша іріктеуге болады.

Журналмен жұмыс кезінде нақты операцияға тиісті проводкаларды ғана қарауға болады, ал кері жағдайда журғалға енігзілген барлық проводкалар шығады.

Журналдарды шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюдің «Журналдар (Журналы)» режимін таңдаңыз. Экранда жүйедегі бар құжаттар журналдарының тізімі шығады. Маустың немесе перненің көмегімен керекті журналдың атауын таңдап «Ок» кнопкасын басыңыз.

Экранга таңдалған журнал терезесі шығады. Мысалы, Жалпы журнал (Журнал общий).

· Күні-операция күні.

· Уақыты-операция уақыты.

· Құжат-осы осы оперцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.

· Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.

· Ақпарат-оперцияның түсініктемесі. Оперцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.

· Сома-операция сомасы. Осы операцияның жалпы немесе негізгі сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады. Операция сомасы бухгалтерлік нәтижелерге әсер етпейді, олар операцияға қосымша түсініктеме ретінде көрсетіледі.

· өткен құжат.

· өтпеген құжат.

· Жойылуға берілген құжат3.Операциялар журналы.

Енгізілген бухгалтерлік операциялардың тізімін қарау үшін 1С:Бухгалтерия программасында Операциялар журналы қолданылады. Онда әр бір операция күнінен, құжат түрінен, түсініктемесінен, сомасынан тұратын бір жолмен көрсетіледі. Операциялар журналында ағымдағы операцияларын қарап шығу мүмкіндігі бар. Операциялар журналын шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюінің «Журналдар (Журналы)» бөлімін таңдаңыз немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын басыңыз. Операциялар журналының сыртқы түрі программаның конфигурациясына байланысты шығады.

Операциялар журналы терезенің тақырып жолында журналдағы операциялар қандай аралықта көрінетінін білдіретін аралық көрсетілген. Журнал операциясы экранға кесте түрінде бейнеленіп, оның әр бағанасы операция туралы деректерді көрсетеді. Төменде операциялар журналы бағаналарының атауы мен оның мазмұны берілген. Бағана атауы программаның конфигурациясына байланысты.

· Күні-операция күні.

· Уақыты-операция уақыты.

· Құжат-осы осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.

· Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.

· Түсініктеме-операцияның түсініктемесі. Операцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.

· Сома-операция сомасы. Осы операцияның жалпы немесе негізгі сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады. Операция сомасы бухгалтерлік нәтижелерге әсер етпейді, олар операцияға қосымша түсініктеме ретінде көрсетіледі. Журналдарды қарау үшін курсорды, басқару пернелерін немесе қарап шығу сызықшаларын пайдаланыңыз. Журналдағы әрбір жол құжат туралы жазыды көрсетеді, олар күні, ал күнінің ішінде құжат енгізілген уақыты бойынша реттелген. Журналдағы жазудың басына және соңына тез өту үщін сәйкес Home және End пернелерін қолданыңыз. Журнал бойынша курсорды жылжыту үшін келесі мына пернелер қолданылады:

· Ctrl+\ -келесі күні бойынша құжатқа көшу

· Ctrl+/ алдыңғы күні бойынша құжатқа көшу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстандық бухгалтерлік есепті халықаралық қыржылық есеппен жақындату барысында кейінгі кезде қазақстандық бухгалтерлік есеп жиі және өте көп өзгерістерге ұшырап жатыр. 2007ж. 28.02. «Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілігі туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда бухгалтерлік есеп ұлттық және халықаралық қаржылық стандарттарына сәйкес жасалу тиіс. Бүгінгі күнге ҚР ҚМ ұлттық қаржылық есептілік стандарттары № 1,2 жасалып бекітілген.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Алдын-ала тергеу – уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде | СЫР, майлы сырлар. Ішкі және сыртқы жұмыстарға пайдаланылады. Майлы сырлар әр түрлі әрлеу және жөндеу жұмыстарында: сыланған

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.079 сек.)