Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алдын-ала тергеу – уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде



Анықтамалар

 

Алдын-ала тергеу – уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

Анықтау органы – қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына: заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолданатын уәкілетті орган.

Анықтаушы – өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

Инвентаризация (лат. inventarium) – мүліктің, ақша құжатының сақталуын, өзара есеп айырысудың дұрыстығын тексеру. Инвентаризация ұрлық, тонау, қарақшылық, өрт қою, біреудің мүлкін уақытша иелену және т.б. қылмыстарды тергеуде кеңінен қолданылатын әдіс.

Жеке, жеке-жариялы және жариялы айыптау істері – жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптаудың жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылуы.

Конституция– қоғамның негізгі тәртібін бекітетін мемлекеттің ең басты заңы.

Кінәсін мойындап келу – әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда, адамның өзі жасаған қылмысы туралы ерікті мәлімдеуі.

Қаулы – соттың үкімнен басқа әр түрлі шешімдері, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қабылданған шешімдері.

Қылмыс – Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес, жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Қылмыстық іс – жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу органы мен сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу.



Қылмыстық ізге түсу органы – прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы.

Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту – қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы – Республика Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.

Прокурор – өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.

Рақымшылық (Амнистия; грек. amnestia) – белгілі бір адамдар категорияларына қатысты жоғары билік актісімен жүзеге асырылатын сотпен сотталған адамдардың жазасын жеңілдету және жазадан босату, қылмыстық қудалаудан босату, жазасын өтеп келген адамдардың соттылығын алып тастау.

Ревизия – кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін олардың алғашқы ақша құжаттарын және бухгалтерлік жазбаларын зерделеуге негіздей отырып тексеру.

Сот-психиатриялық сараптама – сот психиатриясы саласында арнайы танымдарды талап ететін мәселелерді шешу үшін тағайындалатын сот сараптамасы.

Фальсификациялау (Фальсификация; ағыл. falsification) – 1) бір нәрсені жалған жасау; дұрыс нәрсені бұрмалау; 2) сыртқы түрін сақтай отырып, өткізу заттарының сапасын нашарлатып пайдақорлық мақсатпен өзгерту.

 

 

Қысқартулар мен белгілер

ҚР – Қазақстан Республикасы

ҚР К – Қазақстан Республикасының Конституциясы

ҚазКСР – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚІЖК – Қылмыстық іс жүргізу кодексі

ҚК – Қылмыстық кодекс

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

РФ – Ресей Федерациясы

ІІМ – Ішкі істер министрлігі

ІІБ – Ішкі істер басқармасы

ІІО – Ішкі істер органдары

ҚІ – қылмыстық іздестіру

ЖІҚ – жедел іздестіру қызметі

ЖІШ – жедел іздестіру шаралары

т.б. – тағы басқа

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Елімізде тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіп пенжан-жақты тәуелділіктен кейін Қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды Заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжат қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды, яғни еліміздің тәуелді, егеменді болып жарияланғанына 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында елімізде бірнеше күрделі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде Республикамыздың құқықтық жүйесі қалыптасып, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Ал қазіргі кезде, құқықтық мемлекет болғаннан кейін сол құқықтық жүйені одан әрі жетілдіріп, дамытуымыз керек.

1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітіп берді. Оның 1-бабында айтылғандай: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды» [Қазақстан Республикасының Конституциясы. Республикалық референдумда қабылданған 30 тамыз 1995 жыл.]. Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық.

Құқық қорғау органдарының тәжірибесінде негізсіз ұстау мен қамауға алу фактілері, адамдарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері түбегейлі түрде жойылуы керек. Сонымен қатар, дамыған, өркениетті ел боламыз десек, қылмыспен күресіп, оның деңгейін төмендету шараларын жүргізу алға қойған міндеттеріміздің ең негізгілерінің бірі болуы тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев негізгі мәселелердің бірі ретінде құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру болып табылады және бұл мәселені ең басты азаматтардың құқықтары мен бостандақтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек деп айтты [Назарбаев Н.А. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» туралы Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 6 наурыз 2009 жыл.].

Қылмыстың алдын алу, оны болдырмау, қылмыскерді жауапкершілікке тарту, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қылмыстық процестің, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы болып табылатын қылмыстық іс қозғаудың орны ерекше. Бұл сатысыз ешбір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілмейді. Қылмыстылықпен күресуде қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық іс қозғау туралы шешімдері маңызды орын алады. Құқық қорғау органдарының осындай шешімдерді дұрыс қабылдауы қылмыстың алдын алу, оны келешекте болдырмау және қылмысты ашуға елеулі әсерін тигізеді.

Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері – қылмыстың бетін тез арада және толық ашу, кінәлі адамдарды әшкерелеп, жауапкершілікке тарту, заңның, нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және іс бойынша әділ шешім шығару болып табылады [Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Жеті Жарғы, 13 желтоқсан 1997 жыл.].

Сондай-ақ сатының негізгі міндеті қылмыстық іс қозғауға қажетті мән-жайлардың бар жоғын анықтау болып табылады.

Осы міндеттерді орындауда қылмыстық іс қозғау сатысының ролі үлкен.

Бұл мен таңдаған тақырыптың өзектілігін белгілеп, маңыздылығын көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Осы диплломдық жұмыстың көздейтіні қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғау өзекті мәселелерін зерттеу мен теориялық ой-өрістен өткізуді заңдардың ережелері мен қылмыстық іс жүргізу ғылымының, анықтау мен тергеу, прокуратура тәжірибесінің мәселелерін салыстырмалы түрде қарастыру болып табылады.

Көзделген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер алға қойылады:

1) қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызының мәнін және мағынасын айқындау;

2) қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздердің мәнін айқындау;

3) қылмыстық істі қозғаудың процессуалдық тәртібінің маңызын сипаттау, оның ішінде қылмыстық іс қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалар және қылмыстық іс қозғаудың мерзімдері;

4) Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау.

5) Қазіргі таңда қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы және жаңа заң қылмыстық іс жүргізу жобасындағы қылмыстық іс қозғау бойынша ерекшеліктері.

 

Дипломдық зерттеудің объектісі мен пәні.Зерттеудің объектісі – қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңыздылығы, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау барысында туындайтын өзекті мәселелер болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні – қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың мәні және маңызы болып табылады.

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Бұған қоса, жұмыста осы салада қолданыста жүрген заңды тәжірибелік және теориялық тұрғыда бағалау және оны бұдан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтылған.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Заң ғылымында қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қарастырылады. Бірақ, кейбір авторлардың айтуы бойынша, қылмыстық істі қозғауды дербес саты ретінде қарастыру даулы мәселелердің қатарына жатады. Бұл түсініктің көптеген анықтамалары зерттеліп, заңгер ғалымдардың көпшілігінің назарын аударып келген мәселе. Қаралып отырған құқық институтының күрделілігін анықтауды келесіде аталатын ғалым заңгерлер өз еңбектерінде зерттеген. Мысалы, / Володина Л.М., Сереброва. С.П., В.Я. Дорохов., М.Л. Шифман., Н.А. Власова., Рыков А.Б., Трусов А.И., М.С.Строгович., Н.Н.Полянский., Н.С.Жогин., Ф.Н.Фаткулин., Смирнов А.В., Калиновский К.Б., Б.Х.Төлеубекова., Казаков В.И., Кравчук Л.А., Синкин К.А., Шимановский В.В. және басқа да көптеген ғалымдар өз еңбектерін арнаған.

Осы аталған ғалымдардың еңбектері дипломдық жұмысқа елеулі теориялық база болды.

Алайда, Қазақстан Республикасында қылмыстық істі қозғау мәселелері қылмыстық іс жүргізу ғылымында аз зерттелген. Осыған байланысты, дипломдық зерттеуде қылмыстық істі қозғаудың маңызды жақтарын қарастыру мен мәнін ашуды, мән-мағынасына қарай жіктеп және олардың жетілдіру жақтарын қарастыруды мақсат етіп қою.

Зерттеудің нормативті-құқықтық базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары және Қазақстан Республикасы мен алыс-жақын шет елдердің өзге де заңдық, нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ, халықаралық құжаттар болды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік құндылығы.Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа заңдарын (Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық кодексі, т.б.) талдаудың нәтижесінде ондағы оңынан істелінген нормалары, сондай-ақ жетіспеушіліктері (кемшіліктері) және осының негізінде тиісті заң нормаларын жетілдіру мәселесіне арналған өзіндік теориялық зерттеулердің алғашқыларының бірі.

Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың негіздеріне және процессуалдық тәртібіне түсінік беріліп, олардың мәні мен мағынасы айқындалады.

Дипломдық жұмыстың белгілі бір дәрежедегі ғылыми жаңашылдығы – оның отандық заң ғылымдары әдебиетінде аз зерттелген тақырыпқа арналғандығында жатыр.

Зерттеудің тәжірибелік құндылығы – ондағы келтірілген қорытындылар мен ұсыныстар мұнан кейінгі қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс қозғау қызметін құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулерге негіз бола алатындығында.

Бұған қоса, зерттеудің теориялық жайлары мен қорытындылары – «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Прокурорлық қадағалау» пәндерін меңгеру және оқыту процесі барысында пайдаланылуы мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Йозеф Пауль Геббельс - маленький человечек, ростом всего 154 см, с искривленной ступней и слишком длинным носом. Своим коварным пением он, подобно легендарной сирене Лореляй, заманил весь немецкий | І бӨлім. Бухгалтерлік баланс жӘне есептілік.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)