Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Ғұн және Хань империялары арасындағы геосаяси мәселелер 1 страница



1. Ғұн және Хань империялары арасындағы геосаяси мәселелер

Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты. Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғүндарды алғаш рет атайды. Ғүндар б.з.д. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия кұрлығындагы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынанбастап, батысында Тарбағатай тауларына дейін кең құлаш жайып жатты. Кейбір зерттеушілер: 'Бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізіне дейін жеткен' деген пікірлер айтады. Б.з.д. IV—III ғасырларда ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтар олардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді: Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" — шығыс, "ху" — тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман төңірқұты болатын". Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді. Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді.



Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді. Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бүдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.

 

2. Ғұндардың Батысқа жылжу процесін көрсетіңіз. Қытай әскерлері үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлыктар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады. Б.з.д. 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д. 55 жылы оңтустік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады. IV ғасырда Еуразия тарихында Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірі басталуы әлем тарихындағы ең ірі тарихи процестердің бірі. Бұл процесте Еуразияның батыс аймақтарын мекен еткен көптеген халықтарды батысқа қарай ығыстырып, Халықтардың қоныс аударуына бірден-бір түрткі болған көшпелі ғұн тайпаларының орны ерекше. Шығыстан Батысқа қарай жылжыған көшпеліғұн тайпалары жол-жөнекей көптеген тайпалар мен мемлекеттерді бағындырды, жаңа территорияларды иемденді. Бірте-бірте Шығыс Еуропа халықтарын батысқа қарай ығыстырған көшпелі Ғұн тайпалары Еуропа жеріне келеді, мұнда өз мемлекетін құрды, уақыт өте ол империя дәрежесіне дейін көтеріле алды. Осылайша, көшпелі ғұн тайпаларының басқыншылық әрекеттері, олардың өз мемлекетін құруға мүмкіншілік алып берді. Сөйтіп, өз мемлекетін құрып, оның шекарасын нақтылап алған ғұндар, енді сол уақытта Еуропада өмір сүріп жатқан Батыс жәнеШығыс Рим империяларымен көршілес болып қалды. Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар(шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.

 

3. Ғұн және Византия империясы: тарихи сабақтастығын көрсетіңіз. Ғұндардың Шығыс Рим империясының территорияларына ене бастауына келер болсақ, олар империя жерлеріне IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басынан бастап, қауіп төндіре бастады. Тонаушылық әрекеттерге машықтанған ғұндар, алғашқы жорықтарында нақты бір маңызды қадамдар жасамай, тек тонаушылық қимылдарын жүзеге асырып жүрді. Олар алғашында, империяның Дунай аңғарларындағы территорияларына шабуыл жасап жүрді. Мұндай әрекеттердің бастамасы – ғұндар остготтарға қысым жасап, оларды батысқа қарай ығыстырып, олардың 376 жылы Шығыс Рим империясының территориясына қарай қашуынан басталады. Осыдан бастап, ғұндардың Шығыс Рим империясымен қарым-қатынасының шиеленісуі басталады. Міне, осылай біртіндеп ғұндар Шығыс Рим империясына үрей алып келе бастады. Мұның барлығы хронология бойынша IV ғасырдың соңына тура келеді және бұл тұста ғұн билеушісі Валамбер (Баламир) болатын. Шығыс Рим империясының ғұндармен осы кезде орын алған қарым-қатынастары тікелей Ульдиннің тұлғасымен байланысты болды. мысал ретінде келесі оқиғаны айтуға болады. 400 жылы германдық бүлікші Гайнас Фракия арқылы төменгі Дунайға өтуге әрекет жасады. 412 жылы Шығыс Рим империясының үкіметі ғұндармен дипломатиялық қатынастарды қайта орнатты. Олимпиадор еңбегінен алынған үзіндіден оның миссия құрамында Константинопольден ғұндарға жіберілгенін түсінеміз. Жолда елшілер Қара теңізде дауылдың астында қалады, бірақ ғұндардың королі Донатқа аман-есен жетеді. Келіссөздер барысында елшілер Донатты сатқындықпен өлтіреді. Оның корольдігі күш жинай бастаған еді және сондықтан префект Антемий басқарып отырған Шығыс Рим империясының өкіметі қауіптің басын осындай жолмен қайтармақшы болды. Донаттың орнын басқан ХаратонОлимпиадор мен оның достарына қырғи-қабақпен қарады. Бірақ елшілер мұндай жағдайға дайын еді, олар Феодосийдің атынан Харатонға бағалы сыйлықтар тартады. Император сыйлықтары жаңа билеушінің «көңілін тауып» ашуын басты да, бейбітшілікті қайта орнатты. Ғұндар мен Шығыс Рим империясының арасындағы қарым-қатынастар Аттила билік еткен тұста кеңінен жүргізіле бастайды. Осы кезде Шығыс Рим империясын Феодосий билеп тұрған еді. Аттила бастаған ғұндардың тегеурінінен қорыққан империялықтар олармен елшілік арқылы бейбітшілік келісімдер іздей бастайды. Аттиланың билік жүргізу кезіндегі ғұндар қайтадан қорқыныш үрейді бүкіл әлемге алып келген. Ругиланың өлімі көптеген бейбітшілік келісімдерді бұзылуына әкелді.

4. Аттила және оның саяси қызметі. Аттила және оның дәуiрi тарихта өшпес iз қалдырды, белгiлерiн тек тарихи шығармалар, жылнамалар және эпикалық шығармалар ғана сақтап қалған жоқ. Мәселен, германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқанын айтуға болады. Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунайға дейінгі жер Ғұн Еуропаға жорық кезінде қайтыс болуы. Оның орнына әкесімен бірге шерулі жорықтарға қатысып, қолбасшылық дарыны танылып, үлгірген батыр баласы Эллақ отырады. Еділ өзінің көзі тірісінде оны мұрагері етіп белгілеген болатын. Еділ бастаған ғұн әскері 447 ж. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.Арада төрт жыл өткеннен кейін Рим императоры III Валентиннің қарындасы Онорияның өтінішімен Еділ батысқа аттанып, Галлияға басып кіреді. Галлияны билеуге Рома императоры жіберген атақты қолбасшы Аэций вестгот, алан, фраңги ұлықтарымен тіл табысып, Еділге қарсы көп әскер шығарады. Осының алдында Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Хилдикаға) ғашық болып қалған еді. 453 ж. елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады. Сөйтіп билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясының жеріне жер, еліне ел қосып, даңқын алысқа жайған Еділ қаған Шығыстың ұлы жаугер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдарЕскендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарь есімдерінің қатарына қояды». Германдықтардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында, скандинав сагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады. Византияның атақты жылнамашысы, 5 ғ. тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 ж. жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос, жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» Еділді iрi мемлекет тұлғасы, ұлы iстермен айналысқан дана билеушi, талантты мәмiлегер және әдiлеттi сарапшы ретiнде, Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.

5. Еуропадағы ғұн тайпаларының қоғамдық өмірі. Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған. Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды». Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған.Ғұндарда қол өнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген.Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған.Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.

6. Ғұн және Батыс Рим империялары: саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер. Тарихшы Иорданның көрсетуі бойынша, Италия жерлеріндегі ғұндардың ең алғашқы шабуылы Венетий провинциясының басты қаласы – Аквилеяны қоршауға алудан басталған. Италияға жорық ұйымдастырудағы Аттиланың негізгі мақсаттарының бірі, ол жоғарыда айтып өткеніміздей, Рим ханшайымы Гонорияны өзінің бар мұрасымен қоса әйелдікке алу еді. Сондай-ақ, ол Италияға жорыққа шықпас бұрын, Гонорияны беруді тағы да сұрап, Рим билеушілеріне талап қояды. Бірақ, бұл талап орындалмайды. Осылайша, бұл мәселе, Италия соғыстарының ең үлкен себептерінің біріне айналды. Сөйтіп, Аттила өзінің сан мыңдаған әскерімен Альпы тауларын асып өтіп, Аквилеяға келді. Аттила бастаған ғұн әскерлері, жол-жөнекей Альтинум, Конкордия, және Падуя қалаларын бағындырып, оларды тонады. Бұдан соң, елдің ішкері аумағында орналасқан Винченц, Верона және Бергамо қалалары жермен-жексен етілді. Аквилеядан кейін бүкіл Солтүстік Италия, бүкіл түбек дерлік Аттилаға ашық болып қалды. Прискіге сілтеме жасай отырып Иордан былай деп көрсетеді: Осыдан кейін одан сайын өрескел бола түскен және римдіктердің қанына әлі қанбаған ғұндар басқа венет қалаларының қанын ішуге рақымсыздықпен ұмтылуда. Олар сондай-ақ Литургияның бас қаласы, бір кездері астана болған Миланды талан-таражға салуда, сонымен бірге Тицианды тас-талқан етіп, оның маңайындағы мекендерді жауыздықпен қыруда, ең ақырында түгел дерлік Италияны талқандауда». Көп ұзамай ол өзінің әскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне – Римге қарай бет алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен беріле салды. Қала басшысы қаланы өзі ашты. Аттила сол үшін қайырымдылық жасап, қаланы жай ғана тонады. Миланмен бірге Павия да ғұндарға өз еркімен берілді. Сол үшін Аттила тарпынан бұл қалаға да рақымшылдық көрсетілді. Бұл қалалардың өз еркімен берілудегі мақсаты, олар көптеген адамынан айырылуды және қаланың тып-типыл етілуін қаламады. Біз бұдан аталмыш қалалардың билеушілерінің, Аттилаға біраз байлық беріп құтыламыз деген пиғылда болғандығын байқаймыз. Ендігі кезек Римдікі еді. Бұл жолда Аттила, өз әскерлерін бастап, Альпі мен Аппенин түбегін көмкеріп тұрған бай Ломбардия жазығын бос қалдырып кетеді де По өзенін кесіп өтеді. Антик авторлардың айтуына қарағанда, мұндағы қалалар соғысқа қатыспаған. Бірақ, ғұндардың бұл қалаларға не үшін тиіспегенін және ол қалалардың неге соғысқа қатыса алмағаны беймәлім. Бүкіл солтүстік Италияны ғұндар басып алғаннан кейін, олардың Римге баратын жолы ұзақ емес еді. Империяның қаһарлы жаулаушылардың шапқыншылығын тоқтата алатындай күші жоқ екендігі барған сайын айқын бола түсті. Аттила әлемді билеуге жақын тұрды. 4 бөліктен тұратын империя солтүстік шекараларда Скифиядан (ғұн патшалығы) Германияға дейін жалғасып жатты. Оңтүстікте Аттилаға қос Рим империясы да (Шығыс Рим және Батыс Рим) алым төледі. Бұны Аттиламен қоштасу толғауларының мазмұны айғақтап, ол билеушінің ұлы істерін еске алған толғаулар еді. Осылайша Аттиланың державасы өз территориясы мен ықпалы бойынша Еуропаның барлық төрт бөлігін дерлік: шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейін қамтыды.

7. Каталаун шайқасы және оның әлем тарихындағы орнын көрсетіңіз. Каталаун шайқасы — Каталаун даласында 451 ж. маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзб ж.) Канн, Наполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады. 451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды. Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франсия) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар мен Еділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды. Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет». Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi. Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын. Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды. Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi. Тюрингия арқылы Еділ әскерiмен Паннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды». Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>