Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Науқастың ЭКГ-да Р тісшесінсіз аздаған ерте қарыншалық деформацияланған комплекстер байқалады. Осы көрініс қандай патологияға



6 вариант

1.Науқастың ЭКГ-да Р тісшесінсіз аздаған ерте қарыншалық деформацияланған комплекстер байқалады. Осы көрініс қандай патологияға тән?

+ қарыншалық экстрасистолия

?

2.Науқас жедел коронарлы синдроммен клиникаға келіп түсті. ЭКГ-да II, III, AVF тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауымен биік «коронарлы» Т тісшесі байқалады. Сонымен қатар тропонин I тесті оң мәнді. Осы жағдай қандай ауруға тән?

+ жедел миокард инфарктісіне

?

3.Вирусты гепатит В интеграция кезеңінде вирусқа деген иммунологиялық тәуелділік дамып науқастарда қандай антиген анықталады?

+ HBsAg

?

4.Созылмалы панкреатиттің дамуындағы негізгі фактор болып табылады?

+ алкогольды шамадан тыс пайдалану

?

5.Науқаста кекіру, қыжылдау, әсіресе горизонтальды жатқанда күшейетін, өңешті зондтау барысында метил көгінің түсінің өзгеруі анықталды. Осы белгілер қандай ауруға тән?

+ гастроэзофагальды рефлюкс ауруы

?

6. Созылмалы тассыз холециститтің негізгі субъективті симптомын атаңыз?

+ оң жақ қабырға астына таралған ауырсыну

?

7.Физикальды тексеру барысында Плеш симтомының оң мәңді болуы қандай ауруға тән?

+ кардиальді бауыр циррозына

?

8.Созылмалы гепатит кезінде дәнекер тінінің белсенділенуі нәтижесінде гепатоциттерді зақымдаушы әсер етіп, соның салдарынан қандай үрдіс дамиды?

+ сатылы некроздар

?

9. Ұйқы безінің сыртқы секреторлы қызметін анықтау үшін қандай секрецияны анықтау керек?

+ ферменттер мен бикарбонаттарды

?

10.Асқазан ішілік рН-метрия әдісі асқазанның қандай қызметінің бұзылыстары туралы мағлұмат береді?

+ асқазанның қышқыл түзу қызметі жайлы

?

11. Экспресс – уреазды әдіс жүргізу арқылы нені диагностикалауға болады?

+ хеликобактерді анықтауды

?

12. Өт қапшығын тітіркендіру арқылы анықталатын симптомды атаңыз?

+ Мерфи симптомы

?

13.Телеангиэктазиялар мен Дюпюнтрен контрактурасының анықталуы қандай ауруға тән?

+ алкогольді бауыр циррозына

?

14. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруына тән негізгі симптомды атаңыз?

+ қыжылдау

?

15.45 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан 15-20 минуттан кейін эпигастр аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Пальпацияда эпигастр аймағында және семсер тәрізді өсіндінің маңында ауырсыну анықталды. Осы науқастағы симптомдар қандай ауруға тән?



+ асқазанның кардиальды бөлігінің ойық жара ауруына

?

16. Бауыр циррозымен науқастаға «тамыр жұлдызшалары» симтомы қандай синдромның белгісі болып табылады?

+ цитолитикалық синдромның

?

17.Бауыр циррозымен науқаста асциттің пайда болуы қандай веналық қысымның жоғарлауымен байланысты дамиды?

+ қақпалық венаның

?

18.Бауыр циррозымен науқаста панцитопения (анемия, лейкопения, тромбоцитопения) белгісі қандай синдромды құрайды?

+ гиперспленизм синдромын

?

19.Іштің жоғарғы бөлігіндегі белбеу тәрізді белді айналдыра ауырсыну қандай ауруға тән?

+ панкреатитке

?

20. 5-нуклеотидаза, ГГТП, сілтілі фосфотаза белсенділігінің жоғарлауы, гиперхолестеринемия, тік фракциясының жоғарлауымен гипербилирубинемия қандай биохимиялық синдромның көрсеткіштері болып табылады?

+ холестаз синдромының

?

21.Жүкті әйелдің жағдайы жедел нашарлады. Тері жабындылары бозғылт, көздің қарашығы кеңейген және жоғарғы қабаққа кетеді. Қабақтың, бет және мойын бұлшық еттерінің ұсақ тартылуынан кейін, басы артқа шалқайып, денесі ұзыннан түсті. Осы жағдайға сипаттама берініңіз?

+ Гестоз. Эклампсия,тоникалық дірілдер кезеңі.

?

22. 22 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына және жыныс мүшелерінен қанды бөліністердің бөлінуіне шақымданады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны өзгеріссіз, жатыр мойнының және қынаптың шырышты қабаттары көкшіл, жатыр мойнынан қанды бөліністер. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны өзгеріссіз, ішкі аранның ар жағында шарана сезіледі. Жатыр кіндік деңгейінде, ауырсынусыз, қозғалмалы. Күмбездер терең, ауырсынусыз. Диагноз қойыңыз

+ Жүктілік 24 апта, шарананың алдыда орналасуы

?

23. 25 жастағы әйелде, жүктілік мерзімі 28 апта, II дәрежелі преэклампсия белгілері анықталды: АҚҚ= 160/100 мм.сн.б.б., пульс 86 рет минутына, аяқта және іш пен қол саусақтарында ісіну. ЖҚА: ЭТЖ = 20 мм/сағ, ЖЗА: ақуыз 1 г/л. Қандай гипотензивті дәрілік зат қауіпті болуы мүмкін?

+Диуретиктер

?

24. 24 жастағы әйел жыныс мүшелерінде қышып, ашуға және жаман иісті бөліністерге шағымданады. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қызарған, сарғыш түсті, көпіршікті, сасық иісті бөліністер бар. Қынаптық қарауда: жатыр мен жатыр қосалқылары қалыпты. Қынаптың тазалық дәрежесіне жағындыда: III – дәрежелі. Болжам диагноз қойыңыз:

+Трихомониаз

?

25. Әйел іштің төменгі бөлігінде ауырсынуға, дизуриялық және диспепсиялық көріністерге шағымданады. Қынаптық тексеруде: жатыр ұлғаймаған, тығыз, ауырсынусыз, жатыр қосалқылары екі жақтан тығыз, қозғалысы шектелген, ауырсынады. Анамнезінде: жиі тұмаурату және жатыр қосалқыларының қабынбалы аурулары. Диагноз қойыңыз.

+Созылмалы сальпингит екі жақтан, өршу

?

26. 23 жастағы әйел адам, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, жыныс мүшелерінің аймағындағы тыныштық және қозғалыс кезіндегі жедел ауырсынуға шағымданады. Объективті: Сыртқы жыныс ерінінің төменгі үштен бір бөлігінде флюктуациясы бар, ісік тәрізді жедел, ауырсынатын түзіліс анықталады. Емді неден бастау керек?

+Үлкен бездің өзегін ашу

?

27. Әйел жүрек айнуға, құсуға және ішінің кебуіне шағымданады. Анамнезінде: Аналық безінің кистасы, жиі қабынбалы аурулар. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қалыпты түсте. Жыныс мүшелерінен шырышты бөліністер. Қынаптық тексеруде: Жатыр қалыпты мөлшерде, тығыз, ауырсынбайды. Жатыр қосалқылары: сол жақтан жедел ауырсынатын, ісік тәрізді түзіліс. Диагноз қойыңыз:

+ Кистома аяқшасының айналуы

?

28. Қабылдауға 28 жастағы әйел келді. Анамнезінде: жүктілік – 3, босану - 3, асқынусыз. Объективті: шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық дені сау. Айнамен және қынаптық тексеруде гинекологиялық патология анықталмады. Зиянды әдеттері жоқ. Осы әйелге қандай контрацепциялық әдіс ең ыңғайлы?

+ Жатыр ішілік спираль

?

29. Қабылдауға 43 жастағы әйел келді. Анамнезінде 2 жүктілік, 1 босану, 1 медициналық түсік, асқынусыз. Объективті: бас ауруына, балтырындағы ауырсынуға шағымданады. Жағдайы шамамен қанағаттанарлық. АҚҚ = 140/100 мм.сн.б.б. Аяқтарында варикозда тамырлар кеңейген. Айнамен және қынаптық тексеруде гинекологиялық патология анықталған жоқ. 10 жылдай темекі шегеді. Осы әйелге контрацепцияның қандай түрі ең ыңғайлы?

+Гестагенді контрацептивтер

?

30. Акушер-гинекологқа бір апта бұрын жұқпалы ауру стационарынан шыққан әйел келді. Қызамықпен ауырып шыққан. Әйел жүкті, мерзімі 9-10 апталық. Сіздің тактикаңыз:

+ жүктілікті үзу қажет

?

31. Босанғанына 3 тәулік болды. Дене қызуы - 38,20 С, сүт бездерінде ауру сезім пайда болғанына шағымданады. Пульс – 86 минутына, сүт бездері қатайып, пальпацияланғанда сезімтал, ұшын басқанда уыз шығады. Не істеу керек?

+ сүт бездеріне компресс салу

?

32. Науқаста бұлшық ет іші егуден 3 күн өткеннен кейін егу орыныныда ауырсынатың инфильтрат пайда болды. Температурасы субферильді. Сіздің диагнозыныз? Емдік-диагностикалық шаралар?

+ егуден кейінгі инфильтрат. Физиотерапия, антибиотикатерапия;

?

33. Науқас 45 жаста отбасылық дәрігерге мынадай шағымдармен келді: ішінің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айнуы, құсу. Іші кепкен, пальпация кезінде ауырсынады. Жалпы іштің рентгенографиясы өткізілді. Рентгенографиядан қандай көріністі көремін деп ойлайсыз?

+ Клойбер тостағаншасы;

?

34. Науқас отбасылық дәрігерге оң жақ кеуде қуысының төменгі бөліміндегі терең дем алғанда күшейетін ауырсынуға, гектикалық қызбаға, қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 4 тәулік бойы. Науқасқа 12 күн бұрын деструктивті соқырішекке операция жасалған. Қан анализінде лейкоцитоз солға жылжыған. Токсикалық дән тәрізді нейтрофильдер. Сіз оперативті емді ұсынар ма едіңіз және неге?

+ Иә, өйткені диафрагма астылық іріңдік;

?

35. Науқас ЖАД-ге оң жақ қол саусақтарындағы ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда: саусағы ісінген, қызарған, геморагиялық сұйықтық байқалады, көпіршіктермен жабылған. Науқас ұзақ уақыт аязда қолғапсыз болған. Сіз не істер едіңіз?

+ Көпіршікті аласыз, спиртті таңу саласыз, сіреспеге қарсы сарысу енгізесіз;

?

36. Отбасылық амбулаторияға науқас тік ішек аймағындағы қатты қышынуға шағымданып келді. Ауырғанына екі апта болды. Қарағанда: тік ішек аймағында қасулардың ізі байқалады. Ректоромоноскопияда тік ішек және сигма ішегінің қызаруы, көп мөлшерде кілегей анықталды. Қышынудың себебі не?

+ Проктосигмоидит

?

37. 40 жастағы науқас тік ішек аймағындағы дефекация кезінде және одан кейін болатын ауырсынуға, аналды аймағының спазмына шағымданады. Бір ай бойы ауырады. Соңғы кезде дефекациядан қорқады. Науқастың осы жағдайын немен түсіндіруге болады?

+ Тік ішек жарылуымен

?

38. Учаскілік педиатр жаңа туылған нәрестеге патронаж жүргізгенде кеуде бездерінің ұлғайғаны анықталды,бірақ ұлғайған аймақтың терісі өзгермеген, пальпациялағанда ауырмайды, қолтықасты лимфобездері ұлғаймаған.Бала жағдайы қанағаттанарлық, температурасы 36,6. Участкілік педиатрадың тактикасы:?

+ емдеу қажет емес, бақылау керек

?

39..Варикоцеле дегеніміз?

+ Ұрық жібі веналарының варикозды кеңеюі

?

40.Отбасылық дәрігердің қабылдауына науқас келді, таңертең кенеттен пайда болған жүрек айынуына, құсуға шағымданады. Объективті: тілі ылғал, ақ жамылғымен қапталған, дене қызуы 380С, пальпацияда іштің ауырсынуы және іштің алдыңғы бөлігінде бұлшықеттің кернеуі аңықталады. АҚ 90/70 мм.с.б. ЖЖЖ минутына 100 рет. Науқасты жүргізуде қай нұсқау таңдалмалы болады?

+ хирургиялық бөлімге шұғыл жатқызу

?

41.12 жасар Р. Шағымдары: әлсіздік, жүрегінің естуы, құсу, температурасының жоғарлауы, аяғының ауырсынуы.

Анамнез бойынша 3 ай аралығында бала тез шаршайды, тәбеті төмен. Жалпы жағдайының нашарлауы 10 күн бұрын басталды, дене температурасы 39,3°С, лимфа түйіндері ұлғайған. Терісі және кілегей қабаты бозғылт, аяғында экхимоздар. Қан анализінде: НЬ - 86 г/л, Эр - 3,2x1012/л, Тромб - аз, Лейк - 208x109/л, бласттар - 76%, таяқшалар - 1%, с - 4%, л - 19%, СОЭ - 64 мм/сағ. Миелограммада:ми сүйегінің гиперплазиясы, бласттар - 96%. Қойылған диагноз: жедел лимфобласты лейкоз. Қандай ми сүйегінің цитохимиялық реакциялар осы патологияға тән?

+ ШИК-реакциясында 95% бласттар, судан реакциясы теріс

?

42.Науқас А., 12 жаста, мұрыннан қан кетуіне шағымдарып, ауруханаға түсті. Баланың жағдайы ауыр халде, дене температурасы субфебрильды. Тері және кілегей қабаты бозғылт, тері және ауыздың кілегей қабатында петехиялар бар. Жүрек тоны жиілеген, систолалық шуы, жүрек үстінде, іші жұмсақ, бауыры және көк бауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: НЬ - 72 г/л, Эр - 2,8х1012/л, Ретик - 0,2%, Тромб - аз, Лейк -1, Зх109/л, таяқшалар -1%, с - 4%, л - 95%, СОЭ - 35 мм/сағ. Миелограммада:ми сүйегінің тін элементтері аз, бластты клеткалары - жоқ, гранулоцитарлы росток - 11%, эритроидты росток - 8%, мегакариоциттер – табылған жоқ. Қойылған диагноз:жүре пайда болған апластикалық анемия. Геморрагиялық синдромның патогенезін түсіндіріңіз.

+ тромбоциттердің тежелуі

?

43.11 жасар қыз, 1 жыл бойы ауырған. Шағымдары: «ашқарындық» эпигастрия аймағының ауырсынуы, тамақтан кейін басылады. Қышқылмен кекіру мазалайды, нәжіс қалыпты. Анасында - 12 елі ішектің ойық жарасы. Қарағанда: терісі бозғылт, таза. Іші: эпигастрияда Мендель синдромы оң. Геликобактерпилори тағылған.Тыныс уреазды тесті: оң. Қойылған диагноз: 12 елі ішектің ойық жарасы. Хеликобактерлы жұқпаның жолдарын атаңыз.

+ фекальды-оральды

?

44.12 жасар қыз бала. Шағымдары: ішінің сыздап ауырсынуы, тамақтан 30-45 минут өткеннен кейін пайда болады, әлсіздікке, тез шаршайды. Іш пальпациясында: оң жақ қабырға доғасының астында ауырсыну, Ортнер - Греков симптомы (+). Нәжісі қалыпты, кейде ақшыл. Зәр д иастазасы: 32 б., нәжісінде - лямблий. УДЗ ішкі құрылысының: өт жолы 85x37 мм (мөлшері 75x30), қабырғалары ұлғайған. Холедох до 3,5 мм (мөлшері 4), қабырғалары ұлғайған. Өт айдайтын астан кейін - өт жолы 10% қысқарылды. Қойылған диагноз: Өт жолдарының дискинезиясы. Қандай фактор осы ауруға жағымсыз?

+ гельминтоздар

?

45.12 жасар қыз, 2 жыл бойы іштің ауырсынуына эпигастрий аймағында, тамақ ішкеннен 10-15 минуттан кейін пайда болуына шағымданады. Диета және тамақ кестесін сақтамайды. Қарағанда: терісі таза, бозғылт. Іші ұлғаймаған, пальпация кезінде эпигастрий және пилородуоденальды аймағының қатаюі байқалады. Эзофагогастродуоденоскопияда:буылтық шырыштың қабынуы ошақты гиперемирленген, ісінген. Тыныстық уреазды тест: оң. HP-жұқпаның биопсиялық тесті: оң (+++). Қойылған диагноз: созылмалы гастродуоденит, Нр-оң. Тыныстық уреазды тест қалай жүргізіледі?

+ мочевина гидролизінің жоғарлауы

?

46. 5 жасар бала, ауруханаға түскен. Шағымдары: тәбетінің төмендеуі, салмақ қоспауы, нәжісінің көп мөлшеріне. Анамнез бойынша бала 3 жүктіліктен, 3 босанудан (1 бала «ішек жұқпасынан» қайтыс болды, 2-ші бала - сау). 4-ай табиғи тамақтануда, одан кейін - жасанды. 1 жасында нәжісі сұйық, әлсіздік пайда болды. Бактериологиялық зерттеу – жағымсыз нәтиже. Содан бері мазасыз, жылауық, салмағын азайтты. Қарағанда – іші үлкен, жұмсақ. Бауыры +2 см, нәжіс күніне 10 рет тәулігіне, жағымсыз, көпіршікті, майлы. Иммунологиялық зерттеуде: глютенде антиденелер байқалады. Қойылған диагноз: Целиакия. Копрограммада қандай өзгерістер осы ауруға тән?

+ майлы қышқылдар және крахмал көп мөлшерде

?

47. 1,5 жасар бала. Ауруханаға түскені нәжісінің тұрақсыз болуы, ішінің ауырсынуы. Осы шағым 6 айлығында сүтке пісірілген ботқадан кейін пайда болды. Сүтті шектелген соң жағдайы жақсарды. 2 күн бұрын сүттен кейін құсу, ішінің өтуі, метеоризм пайда болды.

Қарағанда: дене бітімі бұрыс, тамақтануы қанағаттанарлық. Салмағы 11 кг. Іші жұмсақ, кепкен, нәжісі 2 рет көпіршікті, қышқыл иіспен. Нәжісінің көмірсуға реакциясы оң, лактоза мен жүктеме түсіргенде нәжісі сұйық болады. Диагнозы: біріншілік лактозалық жағымсыздық қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет осы ауруда?

+ лактозамен тыныстық тест

?

48. Бала 1 жас 2 айда, ауруханаға келесі шағымдар мен түсті ісіктерге, зәрінің азаюына, 2 күн бұрын бетінде ісіктер пайда болады. Қарағанда: жағдайы ауыр, бетінде, аяғында, белінде ісіктер, асцит. Терісі бозғылт, іші үлкен, бауыры +2 см, көк бауыр +1 см., нәжісі көп, сұйық, көпіршікті, тәулігіне 6 рет. Биохимиялық қан анализі:жалпы нәруіз - 36 г/л, альбуминдер -28%, глобулиндер: ах - 6,5%, а2 - 35,5%, Р - 16%, у - 14%. Көмірсуге нәжіс анализі: реакциясы жалған. Плазмалық нәруыздың нәжіс анализі: +++. Қойылған диагноз: экссудативті энтеропатия. Гипопротеинемияның клиникалық көріністері қандай?

+ ісіну синдромы

?

49. Ұл бала К., 11 айлық, ауруханаға түскендегі шағымдары: физикалық дамуы орташа, ентігуі, периоральды цианозға физикалық күш түскен кезде. Қарағанда: терісі цианозды, «дабыл таяқшасы» және «сағат айнасы» симптомдары бар, жүрек шекарасы: жоғарғы II қабырға аралығы, сол жақ бұғана орта сызығы, оң жақ парастернальды сызығы бойынша межреберье. Жүрек тондары қанағаттанарлық дыбысты, ЖСЖ - 140 мин, ТЖ - минутына 40. II тон екінші қабырға аралығында әлсіреген. Жүрек үндері анық, систолалық шу сол жақ төс шетінде. Қойылған диагноз: тетрадо Фалло, ІБЖА. «Дабыл таяқшасы» және «сағат айнасы» симптомдарын қалай түсіндіруге болады?

+ тіндердің трофикалық өзгерістері, созылмалы гипоксияның әсерінде

?

50. Науқас Р., 1 жыл 3 ай. Бөлімшеге түскендегі шағымдары: құсу, іштің ауырсынуы, салмақтың азаюы, жылдам шаршайды. 5 күн аралығында (жөтел, тымау), осы кезде нәжісі сұйықталды, 2 күн бойы дене температурасы -37,5°С. Баланың жағдайы нашарлады, әлсіздік, құсу пайда болды, түнгі уақытта мазасыздық, құрғақ жөтел мазалады. Тез шаршайды. Тәбеті төмендеді. Баланың жағдайы күрт нашарлады: өте мазасыз, қайта қайта құсу, гепатомегалия байқалды до +7 см. Түскенде жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, цианоз, аяқтарында — ісік. Өкпеде қатаң тыныс, төменгі бөлімде — құрғақ сырылдар. ТЖ – минутына 60 рет. Жүрек шекарасы сол жаққа ығысқан. Жүрек үндері күнгірт, систолалық шу, ЖСЖ – минутына 160 рет. Қойылған диагноз: бейревматикалық кардит. Осы аурудың болжамдық этиологиясы қандай?

+ вирусты этиология

?

51. Науқас Ц., 1 жыл 2 ай. Бөлімшеге түскендегі шағымдары: тәбетінің төмендеуі, құсу, салмақтың азаюы, құрғақ жөтелге. Бөлімшеге түскенде: жағдайы ауыр, тәбеті төмендеген. Терісі бозғылт. Тыныс жиілігі минутына 44 рет. Жүрек аймағы: қарағанда – сол жақтық жүрек бүкірі, пальпаторлы – жүрек түрткісі жайылған, алаңы 8 см2, перкуторлы – жүрек шекарасы сол жаққа ұлғайған, аускультативті - ЖСЖ - минутына 140 рет, жүрек үшінде систолалық шу, 1/3 систоланы алады, I тонмен байланысты, гепотоспленомегалия. ЭКГ -да: QRS комплексі төмен вольтажды, синустық тахикардия минутына 140 рет, L бұрышы -5° құрайды. Диагнозы: бейревматикалық кардит. Қандай биохимиялық көрсеткіш осы диагнозды дәлелдейді?

+ ЛДГ1 және ЛДГ2 белсенділігі

?

52. Науқас И., 11 жаста. Баланың анамнезінен анықталды - 2,5 ай бұрын скарлатинамен ауырған. Түскенде жағдайы ауыр. Бала жылауық, қозғыш, тез шаршайды, кекештену, координациялық байқауларды істегенде қиналады, бұлшық ет гипотониясы. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек аймағы қарағанда өзгермеген. Жүрек шекаралары: оң жағы – төс сүйегінің оң қырында, жоғарғысы - III қабырғада, сол жағы - 1 см ішке қарай. Жүрек үндері күнгірт, жүрек үшінде қатаң емес систолалық шу (систоладан 1/6 бөлі) естіледі. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Қойылған диагноз: 1 ревматизм. Науқасқа ең бірінші еміне не тағайындайсыз?

+ бицилин

?

53. Науқас Р., 6 жаста, стационарға еклесі шағымдармен түсті: тізе, балтыр-тобықтың, жаңбас буындарында және қолындағы буындарында ауырсыну. Буындық синдром соңғы 6 ай бойынша сақталған және ЭТЖ жоғарлауымен өтеді. Қарағанда: хал-жағдайы ауыр, жүдеген, жүргенде балдақпен қолданады. Ірі буындарда жергілікті дене қызуы жоғары, буындардың қызметі төмендеген. Жалпы қан анализінде: НЬ - 90 г/л, Лейк - 15,0х109/л, таяқшалар - 4%, с -42%, э - 2%, л - 49%, м - 3%, ЭТЖ - 50 мм/сағ, ревматоидты фактор «+». Қойылған диагноз: Ювенильды ревматоидты артрит. С какими заболеваниями необходимо проводить Патологиялық процесстің басында дифференциальды диагнозды қандай аурулармен ажыратуды жүргізу керек?

+ Рейтер симптомы

?

54. Науқас 3., 13 жаста. Тексеруге келесі шағымдармен түсті: соңғы 4 ай бойынша полиартралгияға, ұзақ субфебрилитетке, әлсіздікке. Аурудың анамнезі: ауру ЖРВИ-мен ауырғаннан соң басталды. Түскендегі хал-жағдайы орташа дәрежелі. Терісі бозғылт. Бетінде боялған эритематозды-дескваматозды элементтер. Буындары өзгерген: ісіктенген, ауырсыну сақталған. Жүрек үндері күнгірт ритмді, шулар жоқ. Нәжісі, зәрі қалыпты.Жалпы қан анализінде: НЬ - 100 г/л, Эр - 4,2х1012/л, Тромб -90х109/л, Лейк - 1,5х109/л, таяқшалар - 2%, с - 62%, э - 2%, л - 31%, м - 3%, ЭТЖ - 50 мм/час. Қанның б иохимиялық анализі: жалпы нәруыз - 83 г/л, альбуминдер -46%, глобулиндер: а2 - 12%, гамма - 32%, серомукоид - 0,8 (қалыпты- до 0,2), АЛТ - 32 Ед/л, ACT - 25 Ед/л, мочевинасы - 4,5 ммоль/л, креатинин - 98 ммоль/л. Қойылған диагноз: жүйелік қызыл ноқта. Науқаста белсенділік дәрежесін анықта?

+ 3 дәреже

?

55. Науқас Ю., 9 жаста, жедел ауырды. Әлсіздік, бас ауруы, мұрыннын шырышы көп мөлшерде бөлінеді, құрғақ тұрақты жөтел бар. Аускультацияда тынысы қатаң, симметриялық жайылған құрғақ сырылдар естіледі және әртүрлі колибрлі (көбінесе орта колиберлі) ылғалды сырылдар. Қойылған диагноз: жедел бронхит. Жалпы қан анализі: НЬ - 115 г/л, Эр - 3,2х1012/л, Лейк - 8,4х109/л, таяқшалар - 2%, с - 21%, э - 7%, л - 63%, м - 6%, б - 1%, ЭТЖ - 4 мм/сағ. Рентгенологиялық зерттеуді қажет етеді ме?

+ қажет емес

?

56. 5 айлық бала. Қарағанда жалпы жағдайы ауыр. Демалғанда қабырға аралығы ішке кіреді, мұрынның делдеуі, перибральды цианоз байқалады. ТЖ минутына 60 рет. Перкуторлы дыбыс: «қорап» тәрізді. Аускультативті: ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары: оң – төстің оң қырынан 0,5 см ішке қарай, сол – бұғана ортаңғы сызықта 0,5 см ішке қарай. Жүрек үндері күнгіртілген. ЖСЖ минутына 140. дене температурасы 38,6°С. Іші кепкен, пальпациялағанда ауырсынады. Өкпе рентгенінде - өкпе сүреті күшейген. Қойылған диагноз: жедел бронхиолит. Балада тыныс жетіспеушіліктің дәрежесін анықтаңыз?

+ 2 дәреже

?

57. 7 жасар бала. Жедел ауырған, дене температурасы 400С. Қарағанда: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге. Терісі бозғылт, «мәрмәр» сүретімен. Аңқасы гиперемирленген. ТЖ - минутына 32. Кеудесі керілген, оң жақ бөлігі тыныстан қалады. Перкуторлы: оң жақта өкпеде жауырың астында қысқарған. Аускультацияда: тынысы қатаң, қысқарған жерінде әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ. ЖСЖ минутына 120 соғыс. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жалпы қан анализі: НЬ — 115 г/л, Лейк - 18,бх109/л, таяқшалар - 10%, с -57%, э - 1%, л - 23%, м - 9%, ЭТЖ - 28 мм/сағ.

Рентгенографияда: оң жақ өкпеде VIII и IX сегменттерде интенсивті қараюлар бар. Қойылған диагноз: оң жақты сегментарлы пневмония. Науқаста қандай өкпелік асқыну болу мүмкін?

+ пиопневмоторакс

?

58. Науқас К., 5 жаста. Шағымдары: дене температурасына 39,4°С, ентігу, жөтел.Қарағанда: терісі бозғылт, оң жақ бетінің қызаруы, тырнақтары көгерген, ентігу аралас. Бала оң жақ қырында аяғын бүгіп жатыр. Демалуда кеуденің оң жақ бөлігі қатыспайды, оң жақ өкпенің жылжымалдығы тектеген. Перкуторлық дыбыс оң жақта төменгі бөлігінде қысқарған. Сырылдар жоқ. Пульс пен ТЖ қатынасы 2:1. Диагноз қойылды: оң жақты крупозды пневмония. Аурудың қандай этиологиясы бойынша ойлауға болады?

+ пневмококк

?

59. 4 жасар бала, жедел ауырды: дене қызуының көтеліруі байқалды 38,5°С, жөтел, мұрыннан су ағу. Қарағанда: жағдайы орта дәрежелі. Терісі бозғылт, ауыз аймағы көгерген. Жөтелі ылғалды, ТЖ минутына 40 рет. Қабырға аралық дем алғанда ішке қарай кіреді, мұрын делдеуі байқалады. Перкуторлы: перкуторлық дыбыс тимпаникалық. Аускультативті: қатаң, сол жақ өкпенің жауырың астында тыныстың бәсендеуі байқалады, сол жерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Қойылған диагноз: оң жақты ошақты пневмония. Қанның биохимиялық анализінде қандай өзгерістер болу мүмкін?

+ СРБ «оң»

?

60. 8 жасар бала. Шағымдары: дем алудың қиындығына. Туғаннан бері ауырады: тұрақты жөтел,бір жасқа дейін пневмониямен үш рет ауырған. Клиникаға түскенде жағдайы өте нашар, терісі бозғылт, ауыз бұрышының цианозы. «Дабыл таяқшасы» және «сағат айнасы» симптомдары анық көрінеді. ТЖ - 40 рет минутына, ЖСЖ - 120 рет минутына. Кеудесі «бочка» тәрізді. Перкуторлық дыбыс тимпаникалық. Аускультацияда: оң жақта тынысы бәсендеген. Сол жақта — қатаң. Әртүрлі колибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар. Көбінесе сол жақта естіледі. Пилокарпинды сынақ: натрий - 132 ммоль/л, хлор - 120 ммоль/л. Копрограммасы: нейтральды майлар көп мөлшерде. Рентгенограммада:өкпе сүреті күшейген және екі жақта бронхтардың деформациясы көрінеді. Қойылған диагноз: Муковисцидоз. Бала қандай мамандардың кеңесін қажет етеді?

+ гастроэнтеролог, генетик, пульмонолог

?

61. Науқас 20 жаста, жиырылғаннан кейінгі бұлшықеттерді басаңсыта алмауы, жүре бастаған кездегі ауырсынуға шағымданды. Объективті: науқас дене бітімі атлетті. Неврологиялық балғашықпен бұлшықеттен ұрғанда төмпешік пайда болады. Әкесі мен ағасында да осындай ауру. Сіздің диагнозыңыз?

+ Томсен ауруы

?

62. Нейровегетативті блокаданың құрылымы (транквилизаторлар мен нейролептиктердің қосындысы):

+ антигипоксиялық

?

63. ВЖЖ симпатикалық бөлімі тонусының төмендеуіне қолданады:

+анаприлин

?

64. Емделмейтін гипертониялық церебралді криз кезінде егу керек

+глюкозаның 20 мл 5% ертіндісіндегі пентамин 5% 0,2-0,5 мл

?

65. Жүректік жетіспеушілігі кезіндегі АҚ шұғыл төмендеуінде міндетті түрде егу керек:

+ преднизолон 30-60 мг NaCl изотоникалық ертіндісінде т/і

?

66. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі тамырлық генздің бссүйекішілік гипертензиясы жәнебасми ісігі кезіндегі препараттарды таңдау:

+ лазикс 40-80 мг т/і

?

67. Нейровегетативті блокадада таңдау препараттары:

+галоперидол 0,5% 1-2 мл

?

68.Эпилепсиялық талма белгілері:

+ генерализденген тоникоклоникалық талмлар

?

69.Миастениялық криз кезіде егу керек:

+прозерин 0,05% 1 мл т/і б/і

?

70. Холинэргиялық криз кезінде егу керек:

+ атропин 0,1% 1 мл б/і қайталап

?

71. Науқас шошымал, қиын дем алады, беті қызыл, терлеген. Көзіне ұсақ хайуанаттарды көрінгенін(егеуқұйрық,кішкентай сиырлардың, қара өрмекшілердің) үстінде жүргенін сезеді. Қолдармен бұлғайды, кереуеттің астына қарайды, айқайлайды.Қоршаған ортаны анық белгілей алмайды (аурухананы сырахана деп қабылдайды). Қоршаған ортаны анық біледі,есі анық.

+ делириозді

?

72. Науқас 27 жаста шағым жасады, ол өзіне түсініксіз және күтпеген жағдайда басқа қалада өз-өзіне келді.Ессіз сапар уақытынан кейін науқас қобалжыған күйде, өз ойына терең берілген адамның күйін көрсетеді, Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

+транс

?

73. Науқас М 65 жаста. Жаңа пәтер алғанан кейін аурып қалды. Жаңа ортаға үйрене аламайғандықтан, үрейлі, жаман жағдайларды күтті. ұйқы, асқа деген тәбетті нашарланды.Үй шаруасымен айналасуды тоқтатты. Үрей күннен-күнге үдей түсті, осыған байланысыты психиатриялық стациаонарға жатқызуға жолдама алды. Бөлмеде әрі-бері жүріп өзіне орын таба алмай жүр. Көңіл күйі төмен, Үнемі үйінде бір нәрсе болып қалғандай жағадайда жүрді.Синдромды атаңыз?

+үрейлі –депрессивті

?

74. Науқас шағым жасады, барлық елдің милициясы онының артынан ауруханада да аңдиды – осында көп "тыңшы".Осын аңдуда оның ақшасын алмақшы, атқарған лауазымынан түсірмекші болады. Санасының бұзылуы. Критиканың болмауы. Тәртібі өзінің уайымдауына сәйкен: әділеттілікті орын алғанын қалайды, арыз жазады, - "тыңшылар" өзінен алшақтатқанды сұрайды, Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

+парафренды

?

75. Науқасты қабылдау бөліміне милиция қызметкерлері жеткізді. Қабылдау бөлімінде: шиеленісті, жауызды, көршісі өз пәтерінде аппарат орнаты, сол арқылы науқастың ойларын магнитафонға жазып жүр және ол оған өз ойларын салады деп мәлімдейді. Кейде арнаулы аппаратпен оған тіл тигізеттің радиоапараттар жасайды. Соңғы уақытта көршісі науқастың өзі қаламаған жерге мәжбүрлейді, жаман боқтау сөздерді және оған жасанды көтерінкі көңіл күйді шақыртады. Көршісіне пышақ тықпақшы болады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

+Кандинский – Клерамбо синдромы

 

?

76. Науқастың жазуы бойынша: «Мама! Мен психиатриялық ауруханадамын, (нерв) жүйкелерін емдеу керек деп айтты, Мұнда оғаш жағдайлар болып жатыр. Кеше әлдеқайдағы адамдар келді, бұл- куйеуін, ұлы, қызы деп сендірді. Олар менің үйішілірім деп сендірмек болды, бірақ маған айтар-айтпастан олардың барлығы жалған болғандығы және бөгде адамдар болғандығы мәлім болды. Бұл қандай мақсатта жасалды? Тезірек келші, маған көмектеші». Науқастың жетекші синдромын атаңыз?.

+ Капгра

?

77. 5 жастаға баласының, ата-анасының оның ойындарындағы оғаш мінез-құлықтарын байқай бастады. Ол ұзақ уақыт бойы және төзімді ойынның кейіпкерлері болып кейбір тәртіп бұзылушылықтары байқалады. Ол қалай "ит" дегенді өз ойында бейнелейді, көшеден келгенде сүйек (косточка) сұрайды, үредi, ата-анасымен сөйлеспейді, түсіндіруі бойынша: «иттер сөйлемейді». Науқастың жетекші синдромын атаңыз?.

+ қиялы сандырақ

?

78. 14 жастағы жасөспірім, түнгі уақытта тұрып пәтерді аралайды. Тіпті терезені ашып немесе жабық есікті ашады, далаға шықпақшы болады. Төсекке жатқызу мүмкін емес. т.б. қарсылық көрсетеді, агрессивті күйде болады, атын атағанда үндемейді. Кейін біраз уақыттан соң бағындырмалы болды. Таңертең басым аурады деп шағымдалады, болған жағдай есінде жоқ. Ерте жаста сирек эпилепсиялық ұстама белгілері байқалды. Мектепте оқу үлгерімі нашарлады. Энуретикалық эпизодтар түнгі уақытта айқын белгіленді.

+сомнабулизм

?

79. Науқас 31 жаста, қатыгез-жабыраңқы болып қалды. Қоршаған адамдардың оған деген қарым-қатынастың нашарлауына шағымдалады, көршісіне пышақ салмақшы болған, әйелі мен баласын қатты ұрып соқты. Бүл күйі аяқасты басталып, аяқасты бітті. Депрессивті жетекші синдромды атаңыз?

+дисфориялық

?

80. 7 жастағы қыз, психикалық қозу кезінде, көзіне көру елестері белгіленді, одан өрмекшілер қашып жүргенін, үлкен құмырсқаларды көрді. Көздің қарашығы кеңейіп, тахикардия байқалды. Ата-анасының айтуы бойынша, ауырмай түріп бала орманда жолдастарымен ойнады. 3 күннен кейін бала психоздан шықты, бірақ болған жайыттар туралы еш нәрсе білмейді. Дәрігермен әңгімелесуде, ауырмай түріп бір «шөп» жегенін айтты. Науқастың жетекші синдромын ата.

+делириозді

?

81. Жұмыс істейтін әйелдердің профилактикалық гинекологиялық қарауының эффективтілігінің негізгі көрсеткіші болып табылады:

+Қаралған әйелдер санынан гинекологиялық науқастар анықталған бөлігі

 

?

82. Фетоплаценталық жүйенің қалыптасуы, негізінде аяқталады:

+жүктіліктің 16-шы аптасына қарай

?

83. Жаңа туған нәресте басының орта қиғаш өлшемі – бұл:

+ шүйде ойығынан үлкен маңдайдың шашпен жалғасқан жерінен

?

84.Пренатальды диагностика мақсатында ұрық ДНК-сын алуда төменде аталған зерттеулердің қайсын ерте алуға болады:

+ хорион бұрі биопсиясы

?

85.Сыртқы акушерлік зерттеу барысында ішті пальпациялау кезінде анықталды: ұрықтың жатысы ұзынынан, кіші жамбасқа кіре берісте басымен тұр, ұрықтың арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қараған. Ұрықтың жатысы мен позициясын көрсетіңіз:

+Баспен жату, I позиция

?

86.Келесі босану биомеханизмі баспен жатудың қай түріне жатады: кіші жамбасқа кіре берісте басы иілген, кіші жамбас қуысында бастың ішкі бұрылысы жүріп, шүйдесімен артқа қарайды, бастың қосымша иілуі, бастың жазылуы:

+ шүйдемен жатудың артқы түрі

?

87. Қайталап жүкті болушы 36-37апта жүктілікте. Резусы теріс. Антиденешіктер титрі – 1:32. Не істеу керек:

+ амниотомия жасап, толғақты қоздыру арқылы босандыру

?

88.Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауының ең жиі себептері:

+ жүктілердің кеш гестозы

?

89. Акушер-гинекологтың қарауына бір апта бұрын жұқпалы аурулар ауруханасында ауыр қызамықпен жатып шыққан жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Бұл ауру эмбрионның дамуына қандай әсерін тигізуі мүмкін:

+ нәрестенің даму ақауларына әкелуі ықтималдығы жоғары

?

90. Жүкті әйел 23 жаста, 30-31 апталық жүктілікпен патология бөліміне әлсіздікке, жөлдеуге, тойымсыз аштың сезімге, суықтықты тәулігіне 5-6литрге дейің ішуіне жағым айтып түсті. Әйелде тіренің қышуы, көп зәр шығуғына мазалайды. Бірінші жүктілігі 27-28 апта, мезіменен бұрын өлі ұрықпен босану осы жүктілігі - екінші жатыр 30-31апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен келіп тұр. Жүрек соғымы айқын, ырғақты. Қандағы қант мөлшері 10, 2 ммомль/л. Зәрде 5ммоль /л. Диагноз:

+ қант диабеті

?

91. Өздігінен түсіктің клиникалық түрлері:

+ қауіпті, басталған, толық және толық емес түсік

?

92. Әйел 25 жаста, жүктілік 14 – 15 апта. Іштің төменгі бөлігінің кезеңді ауырсынуына байланысты жедел жәрдем шақырған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

+ жүктілікті үзу қауіптілігі

?

93. 24 жастағы алғаш босанушы, босанудың екінші кезеңі 40 минут бойына жалғасуда, күшенуі әлсіз, басы үлкен сегментімен кіші жамбасқа кіре берісте, қынаптық зерттеу кезінде қондырылуы дұрыс, тар жамбас жоқ. Ұрық жағдайы жақсы. Не істеу керек:

+ окситоцин енгізу

?

94. 35 жасар көп босанушы, жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына және ұрық қозғалысының болмауына шағымданып түсті. Қарағанда: АҚҚ 60/30 мм с.б.б. пульс- 110 мин. Ұрық дәрігер қолының астында дәл анықталады, жүрек соғысы естілмейді, тактика:

+ Жатыр экстирпациясыжүргізу және іш қуысын дренаждау

?

95. Кесар тілігі операциясы кезінде инфекциялану қаупінің ең мүмкіндігі жоғары факторларды көрсетіңіз:

+ хорионамниотит

?

96. 23 жастағы қайта босанушы, толғақ басталғанан 5 сағаттан кейін қанды бөліністер болуымен келіп түсті. Ұрық жүрек соғысы- 132 рет/мин. Жағдайы жақсы. Жатыр мойны ашылуы 8-9 см. не істеу қажет:

+ амниотомия жасау

?

97. Жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне 30 жастағы әйел жеткізілді, жүктілік 8-ші, мерзімі 26 апта. Бір сағат бұрын үйінде іштің төменгі аймағында кенеттен ауырсыну пайда болған, одан кейін ұсақ қоңыр түсті ұйылмалы қанды бөліністер анықталған. Жатыр тығыз. Сіздің болжамыңыз:

+ қалыпты орналасқан бала жолдасының мерзімінен бұрын сыдырылуы

- жатырдың жыртылуы

?

98. Әйел перзентханаға босанудың белсенді сатысында түсті, қағанақ суы 2 сағат бұрын кеткен. Кардиотокограммада нәрестенің ЖЖЖ толғақ уақытына байланыссыз баяулап, базалды деңгейге тез оралады, вариабелділігі жақсы. Бұл ЖЖЖ баяулауын қалай түсіндіресіз?

+ қағанақ қабының жарылуы

?

99. Әйел босану бөлмеде, босануға дайын. Бұл уақытқа дейін аналгезия немесе анестезия жасалмаған. Нәресте басы күшену кезінде аралық деңгейде көрінеді. Анестезияның қажет түрін таңдаңыз:

+ жыныс жүйкесін блокадалау

?

100. 27 жастағы алғаш босанушы, жамбас өлшемдері 23-26-29-18 және 14 күнге асқан жүктілікпен босану үйіне қағанақ суы кеткеннен 8 сағатөткен соң босану қызметінсіз келіп түсті. Бойы 143 см, салмағы 46 кг, іш көлемі 110 см, жатыр түбінің биіктігі 37 см. ұрық ұзына бойы, басымен кіші жамбас кіреберісінде орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 136 рет. P.V. жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды канал 1 к/саусақ өткізеді, оның ұзындығы 2,5-3,0 см. қағанақ қабы жоқ. Ұрық басымен кіші жамбас кіре берісінде орналасқан. Бас сүйектері тығыз. Мүйіске қол жетеді. Диагональды конъюгата 11 см. кіші жамбаста экзостаздар жоқ. Сіздің іс-әрекетіңіз:

+ шұғыл түрде кесар тілігі

?

101. Тамырлардың варикозды кеңеюінің компенсация сатысына тән көріністерін атаңыз?

+ бұраңдалы варикозды тамырдың кеңеюі

?

102. Туа пайда болған қан тамыр патологиясының жиі кездесетін түрін атаңыз?

+ артериовенозды зақымдану формалары

?

103. Терең гемангиомалардың бастапқы симптомдары болып не табылмайды?

+ интоксикация, кахексия симптомы

?

104. Гемангиоманы хирургиялық жолмен емдеудегі негізгісі мынау?

+ гемангиоманы кесіп алып тастау

?

105. Қандай ауруларда аяқтардың екіншілік варикозды кеңеюі пайда болады?

+ посттромбофлебиттік синдромда

?

106. Атеросклерозды аневризмалар жиі орналасады:

+ құрсақтық аортаның дистальді бөлімінде

?

107. Аяқтың облитерирлеуші ауруларындағы жетекші клиникалық синдромды атаңыз:

+ өтпелі ақсақтық

?

108. Аяқ-қол қантамырларының атеросклерозы мынаған әкеледі:

+ гангренаға

?

109. Аяқтардың облитериленген аурулардың диагностикасы кезінде ең жақсы зерттеу әдістері:

+ ультрадыбыстық допплерография

?

110. Облитерирлеуші тромбангите жиі зақымдалатын:

+ балтыр артериялары

?

111. Беткейлік тромбофлебитке тән емес клиникалық белгі?

+ аяқтардың ісінуі

?

112. Беткейлік тромбофлебиттің еміне кірмейді?

+ жаңа тоңазытылған плазма құю

?

113. Жедел беткейлік тромбофлебиттің хирургиялық еміне абсолютті көрсеткіш болып табылады?

+ тромбофлебиттің проксимальді бағытта таралуы

?

114. Варикотромбофлебиттің дамуына біршама әсер ететін?

+ гиперволемия

?

115. Лериш синдромына не жатады?

+ құрсақ артериясы бифуркациясының атеросклерозді окклюзиясы

?

Мынадан басқасының барлығы тромбоздың негізгі бейімдеуші факторларына жатады:

+ жыбыр аритмиясы

?

116. Аяқтың терең көктамырларының тромбозында әдетте дамиды:

+ жұмсақ тіндердің ісінуі

?

117. Терең көктамырлардың тромбозындағы қауіпті асқыну:

+ өкпе артериясының эмболиясы

?

118. Эмболия дамуы мүмкін емес:

+ сүйек жарықшағынан

?

119. Төменгі қуысты вена тромбозының қазіргі диагностика әдістері:

+ нысана фиброгенмен радиоиндикация

?

120..Қандай алкоголь суррогатымен уланғанда спецификалық терапия мақсатында 30% этил спирті қолданылады?

+ метилен спиртом (метанол, древесный спирт), этиленгликоль

?

121. Қай ауру кезінде жүрек тұсындағы ауырсуну синдромы нитроглицерин қабылдағаннан кейін 5 минуттан соң басылаы.

+ тұрақты стенокардия

?

122. Жедел жәрдем шақыруында: қантты диабетпен ауыратын науқас эйфория күйінде, бас ауырсынуына шағымданады. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, қол саусақтарының треморы. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрк тондары тұйықталған, ритмді. ЖЖЖ 90 рет минутына. АҚ 160/110 мм с.б.б. Жағдайын бағалаңыз, жедел жәрдем көрсету оптималді әдісін көрсетіңіз:

+ гипогликемиялық жағдай, т/і, 40%-60,0 глюкоза ерітіндісін ағызып;

?

123. Авариядан кейін 8 сағаттан кейін үйінділердің арасынан 38 жасар еркек шығарылған. Оң жақ аяғы санның ортаңғы үштен бір бөлігіне дейін қысылған.

Қандай асқыну дамуы мүмкін

+ ұзақ жаншылу синдромы

?

124. Политравмалардың барынша көп кезедесетін себебі болып табылады:

+ ЖКО

?

125. Науқас Қ., 54 жаста. Тыныс алғанда, қозғалғанда күшейетін сол жақ кеуде бөліміндегі интенсивті ауырсынуларға шағымданады. Жедел, ауыр жүк көтергеннен кейін ауырған. Қараған кезде: жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты. Жүрек тондары өзгеріссіз, ЖСЖ ЧСС 76 рет 1мин., АҚ 135/85 мм сын.бағ. Жоғарғы мойын омыртқаларының қылқанды өсінділерінің пальпациясы ауырсынумен. Диагнозды нақтылауда қандай тексеруі әдісі тиімді?

+ рентгенологиялық

?

126. Жүректің жұмысының бұзылуына байланысты жедел жәрдемге науқас шағымданған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі қалыпты. Жүрек тондары тұйық, аритмиялы. ЖСЖ 90 рет 1минутына. АҚ 20/80 мм сын.бағ. ЭКГ: ритм синусты, ұзын паузамен жалғасқан, жіңішке ретсіз QRS комплексімен үзілген. Науқаста ритм бұзылысының қандай түрі.

+суправентрикулярлы экстрасистолия

?

127. Политравма патогенезінде орталық орынды алады:

+ гипотония мен гипоксия

?

128. Науқас, 48 жаста, ентігуге, сары түсті қақырықты жөтелге, дене температурасының 38-38,50С жоғарлауына, әлсіздікке шағымданады. Апта бойы ауырады. Қарау барысында: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Мұрынерін үшбұрышының цианозы. Тыныс алуда сол жақ кеуде бөлігі қалыңқы. Перкуссия кезінде өкпенің төменгі-бүйір бөлімінде дыбыс тұйықталған, сол жерде тыныс әлсіреген, жөтелден кейін өзгермейтін дыбыстыемес ұсақкөпіршікті сырылдар. ТАж 28 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ 98 рет минутына. АҚ 11/80 рет минутына. Басқа ағзалар бойынша – өзгеріссіз. Наууқаста қандай асқыныс дамыды?

+жедел тыныс жеткіліксіздігі

?

129.Бірнеше зақымдаушы факторлардың біріккен әсер етуінен алынған (бір уақытта немесе ізінше),клиникалық көріністің ауырлығымен және жоғары летальділікпен сипатталатын жаралану (поражение) аталады:

+комбинирленген

?

130.56 жаста, жедел жәрдем келгеннен кейін, төс артында, эпигастрий аймағында қысып ауырсыну мен жалпы әлсіздікке, қорқынышты өлім сезіміне шағымданды. ЭКГ: II,III,AVF тіркемелеріндегіR тісшесінің вольтажы төмендеген. II, III, AVF тіркемелерде ST интервалының депрессиясы. ЖЖ диагнозын нақтылау үшін стационарда науқасқа қандай тексеріс жүргізу қажет?

+ Кардиоспецификалық ферменттер

?

131. 8 сағат сақталағн 390дене температурасы бар, 10 кг салмақты ашынған балада патологиялық жоғалаған заттарды коррекциялау үшін қанша мөлшер сұйықтық қабылдау керек.

+ 200мл

?

132. Жалған жақсару кезеңіндегі тесілген ойық жараны қандай аурумен ажыратпалы диагностика жүргізу керек.

+жедел аппендицит

?

133. Миокард инфарктісі,Принцметал стенокардиясы, перикардит пен өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі электрографиялық патологиялық көрсеткіштерге не жатады:

+ ST сегментінің жоғарлауы

?

134. Бала, 5 жаста. Жедел жәрдем шақыру себебі: дене температурасының жоғарылауы. Жедел жәрдем келгенде: анасының айтуы бойынша баланың дене температурасы 38,90 С дейін жоғарлаған, көзден жас ағу, қабақтарының ісінуі мазалаған. Қарау барысында: скклера тамырлары инъецирленген, көз саңылаулары тарылған, конъюктивада – іріңді бөліністер. Аздап ауырсынатын, ұлғайған жақасты, мойын және қолтықасты лимфатүйіндері пальпацияланады. Аңқа шырышы гиперемирленген. Миндалиналар ұлғайған, нүкте және аралшық түріндегі ағарған борпылдақ жабындылар анықталады. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Көрсетілген диагноздардың қайсысы мүмкін болып табылады?

+ аденовирустық инфекция, орташа аурылық дәрежеде

?

135. Науқас 49 жаста, нашар сезінуіне байланысты ЖЖ шақыртқан. Жедел жәрдем келгенде, оң жақ қабырға астындағы, оң жақ иық пен жауырынға таралатын ауырсынуға,жүрек айнуғу,құсуға, аузындағы ащы дәм мен дене температурасының 37,70 жоғарлауына шағымданды. Жедел ауырған. Диета сақтамаған.

Қандай диагнозды болжауға болады:

+ жедел холецистит

?

136.Жедел аппендициттің, науқастардағы құрт тәрізді өсіндінің ретроцекальді орналасу кезіндегі алдыңғы құсақ бұлшықеттерінің қатайуының болмауы неге байланысты:

+ қабынубың париетальді ішастарға таралмауы

?

137. 12 жасар қызға үйге шақыру. Анасының айтуы бойынша: ыстық сорпасы бар шараны үстіне құйып алған. Қараған кезде: алдыңғы кеуде терісі, жамбас терісі гиперимияланған. Көпіршіктер байқалады. Кей жерлерде жарылған, ақшыл тері аймақтарымен. Қыз тежелген. АҚ 90/60 мм сын. бағ. ЖСЖ 88 с./мин. Қойылған қай диагоз дұрыс болып табылады:

+ Термиялық күйік III дәрежесі, күйіктік шок

?

138. Науқас 33 жаста. Шақыру себебі: улану. Анамнезінде: судың орнына байқамастан, 30 мл белгісіз сұйықтық ішіп қойған. Бірден аузында, өңеш пен асқазан бойымен аурсынуды сезінген. Қан аралас құсқан. Қараған кезде: ауыз қуысында – колликвационды некроз белгілері. АҚ 90/60 мм сын. бағ. ЖСЖ рет 1 мин. Қандай токсикалық затпен жанасу уланудың себебі болып табылады.

+сілтімен

?


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 88 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Интерстициальды бөлікте жүктілік қаншаға созылады:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.129 сек.)