Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Науқас жедел трансмуральды миокард инфарктісінің клиникасымен стационарға жеткізілді, АҚ 60 және 40 мм. сын. бағ, пульсі жіп тәрізді, тері қабаттары



5 вариант

1.Науқас жедел трансмуральды миокард инфарктісінің клиникасымен стационарға жеткізілді, АҚ 60 және 40 мм. сын. бағ, пульсі жіп тәрізді, тері қабаттары бозарған, суық тер байқалады, жүрек тондары бәсеңдеген, диурезі төмендеген. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған?

+ кардиогенді шок

?

2.Жиі қарыншалық экстрасистолияны емдеуде қандай препарат тағайындаған дұрыс?

+ 300 мг лидокаинді көктамырға енгізу

?

3.Миокард инфарктісінің дамыған уақытынан бастап 4-6 сағат ішіндегі негізгі жүргізілетін патогенетикалық терапия қалай аталады?

+ тромболитикалық терапия

?

4.Қабаттамалы қолқа аневризмасымен науқаста артериалық қысымды төмендетуге бағытталып енгізетін препарат?

+ натрий нитропруссиді және бета-блокаторлар

?

5.Вазоренальды гипертензияны диагностикалаудағы аса маңызды әдіс қандай:

+ бүйрек артерияларының ангиографиясы

?

6. Науқаста физикалық күштемеден кейін ауырсыну пайда болып ЭКГ-да ST сегменті 3 мм-ден аса жоғарылады. Осы белгілер қандай ауруға тән?

+ ЖИА

?

7. Миокард инфарктісімен науқаста кенеттен тұншығу ұстамасы дамып, ентігу күшейді, өкпесінде қатқыл тыныспен қатар көптеген ылғалды ұсақ әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Пульсі минутына - 104 рет, АҚ 100 және 60 мм.сын.бағанасында. Осы науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған?

+ жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігімен, өкпе сусіңділенуі

?

8. Артериалық гипертензияның үшінші дәрежесіне тән систолалық және диастолалық қан қысымының дәрежесін атаңыз (мм.сын.бағ.)?

+180-нен жоғары және 110-нан жоғары

?

9. Конн ауруы қандай жағдайда дамиды?

+ бүйрек үсті безінің ісігінде

?

10. Артериалық гипертензиямен науқаста ЭКГ-да қандай өзгерістер болуы мүмкін?

+ сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

?

11. Бета-блокаторларды қолданғанда миокардттың оттегіге деген қажеттілігінің азаюы немен байланысты?

+ теріс инотропты және хронотропты әсерімен

?

12.Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігінде миокардтың жиырылу күшін жақсарту мақсатында қандай препарат тағайындайды?



+ дигоксин

?

13. ЭКГ-да QRS комплексінің алдында P тісшесінің болмауы және R-R аралықтарының әртүрлі болуы қандай жағдайға тән?

+ жүрекшелер фибрилляциясына

?

14. Миокардтың оттегіге қажеттілігі мен оны тәж артерияларының қамтамасыз етуі аралығында сәйкессіздіктің болуы қандай аурудың дамуына әкеледі?

+ стенокардияға

?

15. Нитраттарға толерантттылықтың дамуын алдын-алу мақсатында жасалған қандай шара дұрыс?

+ препараттарды қабылдауда үзілістер жасап тұру қажет

?

16. Асқынбаған миокард инфарктісінде ЭТЖ максимальды жоғарлауы қанша уақытта болады?

+ аурудың басталғанан кейін 7-12 күн аралығында

?

17.Миокард инфартісінде жүрекшелер фибрилляция қанша уақыт аралығында дамиды?

+ аурудың басталуында 1,2-2 сағаттан кейін

?

18. Жүрекшелер фибрилляциясына тән ЭКГ белгісін таңдаңыз?

+ Р тісшесінің болмауы

?

19. Феохромоцитома кезіндегі артериалық гипертензияны емдеудегі ең тиімді

Препарат?

+ альфа-адреноблокаторлар

?

20. ЖИА-мен науқасқа коллатералдардың түзілуін жақсарту мақсатында тағайындалатын препаратты атаңыз?

+ бисопролол

?

21. 5 жастағы бала, алғаш рет тұншығу ұстамасы 8 сағатқа созылды. Сіздің іс-әрекетіңіз:

+ ауруханаға жатқызу

?

22. 8 жаста қыз бала полиурияға, әлсіздікке, аш болу сеізіміне шағымданады. Терісі бозарған, бұлшық ет әлсіздігі. Қанның биохимиялық анализінде: қант – 4,5 ммоль литрге, қалдық азот – 4,8 ммоль литрге. Жалпы зәр анализінде қант 1%. Болжам диагнозыңыз:

+ бүйректік глюкозурия

?

23. 2 жасар баланың массасы 16 кг. Жиі респираторлы инфекциялармен ауырады. Қарағанда сылбыр, апатиялы, пастозды. Тері серпімділігі, жұмсақ ткандер тургоры төмендеген, бұлшық еттері аз дамыған. Перифериялық барлық лимфа түйіндері Ш-IV дәрежеге дейін ұлғайған, өзара және айналасындағы тіндермен жабыспаған.Мұрын арқылы тынысы қиындаған, бадамша бездері гипертрофияланған. Өкпе рентгенограммасында тамшылық жүрек, тимомегалия. Жалпы қан анализінде: Нв-120 /л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, т-22%, с-25%, лимф-62%, мон-10%. Қандай диагноз жөнінде ойлауға болады:

+ лимфатико-гипопластикалық диатез

?

24. Бала 4,5 жаста. Шағымы: тамаққа тәбеті жоқ, құлағы шуылдайды, көз алдында «шіркей» жүрген сияқты болады, ентігеді, жүрегі қағады. Тақпақтарды жаттатуы нашар, тез шаршайды, қапырық жерде төзе алмайды. Объективті: бозғылт, терісі құрғақ, түлегіш, шашы мен тырнағы жұқарған, сынғыш. Тілдің емізіктерінің сәл атрофиясы байқалады. Жүрек тондары әлсіреген.

Жалпы қан анализі: эр – 2,8х1012/л, Нв – 75г/л, ЦП – 0,8, ретикулоциттер – 3,5%, лейк – 8,7х109/л, э – 5%, п./я – 3%, с- 41%, лимфоциттер – 44%, моноциттер – 7%, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++, полихромазия, ЭТЖ – 9 мм/сағ.

Ең мүмкін диагнозды көрсетіңіз:

+ Теміртапшылықты анемия I I дәрежелі, орташа ауырлықта

?

25. Қыз бала 2 - жетілік. Туғаннан соң нәресте терісінде эритрематозды негізінде көптеген көпіршікті бөртпелер анықталады, бөртпелерді жарған кезде эрозия пайда болады, кейін олар «кірдің шашырауы» тәрізді пигментацияға айналады. Қан анализінде жеңіл дәрежелі нормохромды анемия, анық эозинофилия, Болжам диагнозыңыз:

+ Блоха-Сульцбергер синдромы

?

26. Екінші жүктіліктің 39-40 аптасында 1-ші жүктіліктен туған 7 тәуліктік нәресте периноталды орталықтың физиологиялық және патологиялық бөлімшесінде емделуде. Анасының жүктілік кезеңі созылмалы пиелонефрит және тонзиллит барысында өткен. Бала 2 денсаулық тобына кіреді. Клиникалық қан анализінде эритроцит - 5,2х10¹²г/л, гемоглобин - 183г/л, ТК - 1,0, лейкоцит - 11,2х109/л, таяқша ядролы - 1%, сегмент ядролы - 45%, эозинофилдері - 3%, моноцит - 6%, лимфоцит - 45%, ЭТЖ - 2мм/сағ. Қан түйіршіктерінің көрсеткіштеріне қарап баға беру керек:

+ Қалыпты

?

27. Балаға 2 ай. Жетіліп 2600г дене салмағымен, 49см бой ұзындығымен туылған, салмақ-бой көрсеткіші-53. 1,5 айға дейін ана сүтімен тамақтанды, кейін сиыр сүті берілген.Нәжісі тұрақсыз. Салмақ қоспайды. Дене салмағы 3400г, салмақ жетіспеушілігі- 28 %. Терісі құрғақ. Жұмсақ тіндердің қатаңдығы төмендеген. Тері асты май қабаты іште және аяқ-қолда жұқарған. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см-ге шығыңқы. Зәрі аз. Сіздің диагнозыңыз:

+ Дистрофияның гипотрофиялық түрі, ІІ дәрежелі, пре- постнаталды пайда болуы, алиментарлы этиологияда, үдемелі кезеңі

?

28. Ұл бала 4айда, салмағы 4100 г, бойы 60 см. Туған кездегі салмағы 3500 г, бойы 51 см. Тамақтануы бастапқыда сұйылтылған, кейін толық сиыр сүтімен. 2 айында жедел ішек инфекциясын өткерген, ЖРВИ-мен жиі ауырады. Қараған кезде бала селқос, апатиялы. Терісі бозғылт, тері асты шел қабаты дамымаған. Терісі әжімденген, қатпарға алған кезде жазылмайды.

Қандай болжам диагноз қоясыз:

+ Гипотрофия III дәрежелі

?

29. Стационарға 1 айлық бала жиі көп мөлшерде құсу себебінен дамыған үдемелі дистрофиямен түскен. Анамнезінен бала туғаннан бері нашар салмақ қосып, нәжісі тұрақсыз болғаны анықталды. 2 айынан бастап көп мөлшерде лоқсу мен әр тамақтанудан кейін шашыраңды құсу байқалған. Госпитализация кезіңде салмақ жетіспеушілігі 21%. Бой өсуінде артта қалу жоқ. Балада дамыған дистрофия түрін анықтаңыз:

+ Гипотрофия II дәрежелі

?

30. Бала 1 айлық. Қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 39С. Ылғалды жөтел. Айқын периоральды цианоз. Тері қабаттарының және көрінетін шырышты қабаттардың бозаруы. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 180. Оң жақ өкпеде тыныс әлсіреген, жауырын астында майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Іші ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4,5 см шығып тұр. Нәжісі ботқа тәрізді. Кеуде клеткасы органдарының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті инфильтрациямен көптеген буллалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз:?

+ Оң жақты деструктивті пневмония

?

31.5 айлық балада тежелгіштік, селқостық, бұлшықет гипотониясы, сүйек жүйесі жағынан айқын деформациялар – краниотабес, сирақ сүйектерінің қисаюы, «гаррисон» жүлгесі бар. Бауыры мен көкбауыры ұлғайған. Анализдарында – гипохромды анемия. Кальций 2,2 ммоль/л, фосфор 0,65 ммоль/л, сілтілі фофатаза 200 Ед жоғары. Классификация бойынша диагноз қойыңыз:

+Рахит III, жедел ағым, өршу кезеңі.

?

32. Бала 2,5 айлық. Анасы мына шағымдарын айтты: бала мазасыз, тершең. Ол қорқақ, дыбыстарға шошиды, ұйқысы тынышсыз. Бала уақытысында туылған, анасының көтеруі және туғанда асқынулар болмаған. Анасының гипогалактиясына байланысты 1-айлығында аралас тамақтандыруға ауыстырылған. 2 апталық витамин Д тағайындалған, бірақ берілмеген, таза ауада сирек болады. Жалпы қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты, салмағы 4500 г, бойы – 57,0. Бас шеңбері – 36,0, кеудесі – 35,0, денесінде ыстықтық, тақымы қызарған, бұлшық еттер тонусы төмендеген, желкесінде шашы түскен, үлкен еңбегі 2,5 х 3 см, шеттері жұмсарған. Қан анализінде: Са – 23,67 ммоль/л, Р – 0,9 ммоль/л.

Төменде көрсетілген болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

+ рахит,

?

33. 11жастағы бала 3 жылдан бері ауырады. Оң жақ қабырға астының сыздап, жаншып ауыруына шағымданады, салқын, майлы, қуырылған тамақтан соң ауырсыну күшейеді, сондай-ақ әлсіздік, енжарлық, жүрегінің айнуы және аузындағы ащы дәм сезімі мазалайды. Кейде құсу болады, нәжісі тұрақсыз. Сіздің диагнозыңыз:

+ созылмалы холецистит

?

34. II-III дәрежелі гипотрофиясы бар нәрестеге қатысты аймақтық педиатрдың іс-әрекеті қандай болуы керек:

+ госпитализация

?

35. Жанұялық дәрігерге туғанына 7 күн болған баласымен анасы келді. Шағымдары: терісінің сарғаюы, ол өмірінің төртінші күні пайда болған. Анамнезі: бала қалыпты өткен 1 жүктілік, 1 босанудан туған. Анасының қан тобы А(II) резус оң, баласында В(III), резус теріс. Объективті жағдайы: туғандағы салмағы – 2800 грамм, бойы 47 см. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.. Көңіл күйі бұзылмаған. Соруы жақсы, сирек құсады. Физиологиялық рефлекстері шақырылады. Мүшелер мен жүйелер бойынша ақаулар жоқ. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,2х10¹² г/л, жалпы билирубин - 98 ммоль/л, тура емес билирубин - 78 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

+ Физиологиялық сарғаю

?

36. Дәрігердің біріншілік патронаж жасау кезінде туғанына нәрестенің анасы баласында 4 күні зәрінің түсінің сары-қоңыр болуына және оның жаялықта таңба қалдыратынына шағымданады. Анамнезінен: бала 1 жүктілік, 1 босанудан туған. Омырауға 2 сағаттан соң салынған, жақсы емеді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Зәр тұнбасында: гиалинді цилиндрлер, лейкоциттер 6-8 көру аймағында, эпителий. Бұл жағдай тән:

+ Зәр қышқылды инфаркт

?

37. Бала 1 жүктілік, 1 босанудан туған. Анасы жүктілік барысында созылмалы пиелонефрит диагнозымен есепте тұрған. Туғандағы салмағы – 3300. Өмірінің екінші күні тері жабындыларының сарғаюы пайда болған және одан ары күндері күшейе түскен. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Зәрі - қою ұоңыр түстес, ал нәжісі – ағарған. Жалпы қан анализінде: Нв-98 г/л, Эр-3,1х1012/л, Л-11,2х109/л, жалпы билирубин-234 мкмоль/л, оның ішінде тура билирубин -183 мкмоль/л, тура емес билирубин -51 мкмоль/ л. Сіздің диагнозыңыз:

+ өт жолдарының атрезиясы

?

38. 22 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына және жыныс мүшелерінен қанды бөліністердің бөлінуіне шақымданады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны өзгеріссіз, жатыр мойнының және қынаптың шырышты қабаттары көкшіл, жатыр мойнынан қанды бөліністер. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны өзгеріссіз, ішкі аранның ар жағында шарана сезіледі. Жатыр кіндік деңгейінде, ауырсынусыз, қозғалмалы. Күмбездер терең, ауырсынусыз. Диагноз қойыңыз

+ Жүктілік 24 апта, шарананың алдыда орналасуы

?

39. 8 апталық жүктілігі бар әйел, әлсіздікке, бас айналуына, тәулігіне 8 ретке дейін құсуға шағымданады. Кейде дене қызуы 37,0 С көтеріледі. Объективті: тері жабындылары қалыпты түсті. АҚҚ= 130/90 мм.сн.б.б., пульс 95 рет минутына, зәр анализінде ацетонға оң реакция(++). Жүкті әйелдің жағдайына сипаттама беріңіз?

+ Жүктілік 8 апта. Жүктілердің құсуы, II дәреже.

?

40. Жүкті әйел, жүктілік мерзімі 24 апта. Бас айналуға, аяқтағы ісінуге шағымданады. Объективті: шағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жабындылары таза, қалыпты түсті. АҚҚ = 140/100 мм.сн.б.б. Аяқтарында балтыр және тобық маңайында ісіну. ЖЗА: ақуыз 0,45 г/л. Осы жүктіде қандай асқыну дамыған

+жеңіл дәрежелі преэклампсия.

?

41. 9 жасар бала, мектепте профилактикалық қарауда зәр анализінде гематурия, артериалдық қысымы төмен. Жанұясында – анасында нефропатия, саңырау. Сіздің болжам диагнозыңыз:

+ нефротикалық синдром

?

42. 10 жасар науқаста, бүйрек ауруымен ұзақ ауырады, зерттеу кезінде азотемия, гиперекреатининемия0,43 ммоль/л, анемия, гипертензия және остеодистрофия.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілік қандай кезеңі?

+ІІ А

?

43. Бала ангинамен ауырған, ацетилтилсацил қышқылын және сульфадимизинмен емделген 2 аптадан кейін аяғында және қолында экхимоздар және петехиалар пайда болды, содан соң мұрыннан қан кетті, ол тамыр арқылы аминокапрон қышқылы жібергеннен кейін тоқтады. «Шымшу»,«жгут» симптомы оң, тромбоциттердің саны 46x10. қан кетуі ұзақтығы 10 минут. ИПП кезінде қандай симптоммен сипатталанады?

+полихромды, полиморфты, симметриялы емес

?

44. 7 жасар бала ангинамен ауырғанда, аспирин, сульфадемизин қабылдаған. Екі аптадан кейін қолында, аяғында экхимоздар және петехиялар пайда болды, срннан сон мұрыннан қан кетуі, ол тамырдан аминокапрон қышқылдан соң тоқтады. Шымшу, жгут симптомы оң Нв 110г\л, тромбоциттер 96x10. Қан кетуі уақыты 12. Диагнозы: ИПП. Қандай ем тағайындайсыз?

+Е-аминокапрон қышқылы

?

45. 4 жастағы баланың шағымы: әлсіздік, шырышта қан кетулер, тамағының ауруы, қалтырау. Пунктантта бластық клеткалар 3%. Трепанобиоптатта көбісі май тіндері. Қанда Нв 52 г/л, лейкоциттер 27*109/л, п 8, с 76, лимфоц. 12%, моноц. 4%. Сүйек миында бласттық клеткалар 7%, цитохимиялық реакция липиттерге және периоксидазаға «оң». Диагнозы –созылмалы миелолейкоз. Созылмалы миелолейкозға қандай түрлері жатады?

+ювенильды

?

46. 13 жастағы бала 3 жыл бойы гематологтың байқауында болды. Химиотерапияны алды. Бозғылт, спленомегалия, гепатомегалия, интоксикация. Нв мөлшері Нв 78 г/л, тромбоциттер 120*109/л, лейкоциттер 75*109/л, б-6%, б- 3%, э- 5%, промиелоциттер 6%, миелоциттер 18%, метамиелоциттер – 21%, т-24%, с-13%, л- 4%. Қандай диагноз қоясыз?

+ созылмалы миелолейкоз, бласты криз

?

47. 7 жасар қыз бала. Шағымдары: ұстамалы жөтел, ысқырықты тыныс алу. Жанұяда – анасында қайталамалы бөртпелер. 1-4 жасында мамыр айында қаладан тыс жерде балада ұстамалы ентігу пайда болады. Қалаға келгенде, өз бетімен басылады. Осы ұстамасы шоколадтан кейін пайда болады. Қарағанда: жағдайы орташа, терісі бозғылт, тынысы ысқырықты, алыстан естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ-1 мин-28 рет. Өкпесінде перкуторлы дыбыс, «қорап» тәрізді. Аускультацияда бүкіл өкпесінде құрғақ сырылдар. Қан анализінде: э-14%, рентгенограммада өкпенің –өкпе сүреті күшейген, ошақтар жоқ. Диагноз қойылған – бронх демікпесі. Обструктивті синдромның негізгі механизмі қандай?

+бронхоспазм

?

48. 8 жасар бала. Шағымдары: жылауық, қоздырғыш, тершенділік. Осы шағымдар екі жыл баланы мазалады. Қарағанда: көзі бадырақ, жылтыр, Грефе, Кохер, Розенбах симптомдары «оң». Бұл симптомдар қандай ауруға тән:

+диффузды токсикалық зоб

?

49. 5 айлық бала. Қарағанда жағдайы ауыр. Көкіректің қабырға аралығының тыныс алғанда ішке кіру байқалады, мұрын делдеуі, периоральды цианоз. ТЖ 1 мин 60 рет. Перкуторлы өкпелік дыбыс «қорап» тәрізді, аускультацияда – майда көпіршікті ылғалды және крепитацияланған сырылдар. Дене қызуы 38,60 С, іші сәл кепкен, ауырсынусыз. Бауыры +2 см, нәжісі қалыпты кеуде ренгенінде – өкпе сүреті күшейген әсіресе периферияда. Диафрагмасы төмен түскен. Диагноз қойылған – жедел бронхиолит. Дәрігердің жоспары қандай осы жағдайда?

+ауруханалық ем

?

50. 7 жасар бала жедел ауырды, дене қызуы 390 С, құрғақ ауырсыну жөтел пайда болды. Қарағанда жағдайы ауыр, терісі бозғылт, «мәрмәр» тәрізді сүрет. Кілегей қабаты таза, құрғақ. Тынысы ыңқылдаған. ТЖ 1 мин 32 рет, кеудесі кернеген, сол жақ бөлігі тыныс алудан қалады. Перкуссияда оң жақ қабырға астында тұйықталған дыбыс. Аускультацияда тұйықталған жерде тынысы әлсіреген. Жүрек тондары ашық, жүрек соғуы 120 рет 1 мин, іші жұмсақ. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Диагнозы: оң жақты сегментарлы пневмония. Қан анализінде: лейкоцитоз, нейтрофилез. Осы науқаста өкпе рентгенінде қандай өзгерістер тән:

+оң жақ өкпенің 8 және 9 сегменттері интенсивті қарайған

?

51. 4 жасар бала жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуы 39,40 С, ауырсынған. Жөтел жабысқақ қақырықпен, қалтырау. Оң жақ бүйірінің ауырсынуы. Қарағанда – бала мәнжүр, терісі бозғылт,оң жақ беті қызарған, тырнақтары ақшыл. Тынышта аралас ентігу. Бала оң жақ қырында аяғын бүгіп жатыр. Оң жақ өкпесінің жылжымалдығы шектелген. Перкуторлы дыбыс оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде қысқарған. Сырылдар естілмейді. Пульспен тыныс жиілігінің қатынасы 2:1. Жалпы қан анализінде – Нв 124 г/л, эр 4,8*1012 г/л, л-16*109 г/л, н-2, т-8%, с 64%, л-24%, м-8%, ЭТЖ-22 мм/с. Кеуде рентгенінде –оң жақ өкпенің бүкіл төменгі бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған. ЖКА интерпретациялаңыз.

+лейкоцитоз, солға ығысқан нейтрофиллез, лимфоцитопения, ЭТЖ жоғарлаған

?

52. 11 айлық бала. Жедел ауырған. Шағымдар: әлсіздік, дене қызуы 37,50С, ентігу. Қарағанда – терісі бозғылт, периоральды цианоз, мұрынның делдеуі, тахикардия, пульспен тыныс жиілігі қатынасы 3:1. Аускультацияда – оң жақ жауырың аралығында ылғалды майда көпіршікті және крепитациялық сырылдар естіледі. ЖҚА – лейкоцитоз нейтрофиллез, ЭТЖ жоғары. Диагнозы: жедел ошақты пневмония. Осы патологияда патогенездің ең маңызды буыны қандай?

+тыныс жеткіліксіздігі

?

53. 7 жасар бала. Клиникаға аурудың 3 күнінде келесі шағымдармен түсті: бас ауырсынуы, бетінде, аяғында ісіктердің болуына. Зәр түсінің өзгеруіне («ет жуындысы» тәрізді). Осы ауру баспадан кейін басталды. Қарағанда –ЖҚА-де нейтрофиллез, лейкоцитоз, ЖЗА –мөлшері 70 мл, түсі қызыл, тығыздығы 1023, Эп -1-2 к/аймағында, эр-көп мөлшерде, л-2-3 к/а, белок 0,99%. Қанның биохимиялық анамнезінде – жалпы белок 65 г/л, альбуминдер 53%, мочевина 17,2 ммоль/л, креатинин 1,87 ммоль/л, холестерин 6,0 ммоль/л, трилипопротеиттер 2 г/л. Бүйректің қызлатын анықтау үшін қандай байқауларды жүргізу керек

+Зимницкий, эндогенді креатининнің клеринсі

?

54. 10,5 жастағы ер бала. Келесі шағымдармен клиникаға түсті. Әлсіздік, зәр түсінің өзгеруі, беттің, аяқтың ісінуі. Ауру қалтыраудан, дизуриялық өзгерістерден, зәрінің түсі «ет жуындысы» тәріздес өзгеруден басталды. Балаға диагноз қойылды: жедел гломерулонефрит, нефритикалық түрі. Осы балада ісіктік синдромның генезі қандай?

+гидростатикалық қысымның жоғарлауы

?

55. 13 жастағы ер бала шағымданады: әлсіздік, тәбеті төмендеу, ісіктердің пайда болуы. Бала грипптан кейін 16 күнде ауырды. Ісік синдромы пайда болды. Диурезы азайып, ісіктер көбейді. Тексергенде жалпы зәр анализінде зәр тығыздығы 1028, нәруыз 6,0%, лейкоциттер-0-1 к/а, эр 0-1 к/а, бактериялар аз. Қанның биохимиялық анализінде – жалпы белок 48 г/л, альбуминдер 20 г/л, холестерин 10,9 ммоль/л, жалпы липидтер – 13,2 г/л (N-1,7-4,5), мочевина -5,1 ммоль/л, креатинин – 96 ммоль/л (N-100ммоль/л дейін). Осы ауруда протеинурияның пайда болуы немен байланыстыру мүмкін?

+жалпы циркуляторлық қанның мөлшерінің жоғарлауымен

?

56. 9 жастағы ер бала, зәр анализіндегі өзгерістеріне және естудің төмендеуіне шағымданады. Бала токсикозбенөткен 2 жүктіліктен, 2 босанудан (бірінші бала –ер бала, 11 жасында бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болды, 3 жастан бері –құлағы естіген жоқ). Клиникаға түскенде: хал-жағдайыорташа дәрежеде, терісібозғылт, ісінуы жоқ қан қысымы 105/55 с.б. дизэмбриогенез стигмалар анықталады. Тексергенде–ЖЗА-нәруіз -0,9 %, лейкоциттер - 6-7 к/а, эритроциттер - көп мөлшерде, тығыздылығы - 1007. Зимницкий байқауы: зәр тығыздығының тербелісі 1002 - 1008; күндізгі диурез - 250 мл, түнгі диурез - 500 мл. Аудиометрияда: есту қабілеті төмендеген. Окулист қарауында: катаракта I дәрежелі, миопия. Балаға қандай ең дұрыс синдромды қоясыз?

+ Альпорт синдромы

?

57. 5 жасар Алеша М. Бала 2-ші жүктіліктен (анасында нефропатия). Анамнезінде балада стресстен кейін 1,5ай бойынша әлсіздік, енжарлық байқалды. Бала жүреді, сұйықты көп ішіп, кіші дәретінің жиі болғандығы анықталды. Бала реанимацияға ауыр жағдайда түсті, есі жоқ. Тынысы шулы (Куссмаул типті) терілік және ахиллов рефлекстері төмендеген, терісі құрғақ, жұмсақ тін тургоры төен, бетінің терісі гиперемияланған. Пульс -140 рет минутына, қан қысымы 75/40 мм рт.ст. Тілі ақ өніспен жабылған. Ауызынан ацетон иісі шығады. Балада қандай команың белгілері бар?

+гипергликемиялық кома

?

58. Света К., 1 жас 8 айлық. Қыз бала 2-ші жүктіліктен, 2 босанудан. Туылғандағы дене массасы 3800 г, бойы 52 см. Анасында қалқанша безінің ІІІ дәрежелі ұлғаюы анықталған. Нәрестелік кезенде болады. Сарғаю кезені ұзақ болған. Бір жасқа дейін салмақ қосуы тежелген, нәжісі қанға бейім болды, қозғалыс белсенділігі төмен боп, омырауды әлсіз емген. Бала басын 6 айында ұстады, 10 айында – отырды. Қазір өз бетімен жүрмейді. Клиникаға түскенде жол жағдайы орташа. Терісі бозғылт, құрғақ, тырнақтары сынғыш. Диагноз қойылды: туа біткен гипотериоз. Осы патологияға тән қанның биохимиялық қандай көрсеткіштері өзгереді.

+холестерин, триглицеридтер, қалдық азот

?

59. 10 жасар П., науқас, ауруханаға түсті. Мұрыннан қан кетумен түскен. Анамнез бойынша 20 апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Содан кейін денесінде экхимозды және майда ұсақ геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Дәрігердің диагнозы: тромбоцитопениялық пурпура. Жағдайы ауыр. Қарағанда: әртүрлі экхимоздар, бетінде, мойында және қолында петехиалды бөртпелер. Перифериялық лимфа түйіндері ұсақ, жылжымалы. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Қандай клиникалық сынақ осы ауруға тән?

+ эндотелиальды сынақ

?

60. Науқас О., 5 жаста. Оң жақ тізе буынның ауырсынуына, қимылдаудың шектелуіне шағымданады. Осы шағымдар жарақаттан кейін пайда болды. Анамнез бойынша 1 жасында жарақат алған, содан кейін тері астында гематомалар пайда болған. Жылына бірнеше рет мұрыннан қан кетеді. Түскенде жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, аяғында, маңдайында үлкен гематомалар. Оң жақ тізе буыны үлкейген, ыстық, қымилдауы ауырсынумен, шектелген. Сол жақ шынтақ буыны сәл үлкейген, қимылы шектелген. Д ьюк бойынша қан кету уақыты - 2 мин 30 сек ., Ли-Уайт бойынша қан ұю 15 минуттан жоғары. Бала қойылған диагноз: гемофилия А. Осы патологияда гемостаздың қандай фазасы бұзылған?

+ 1 фаза – протромбиннің пайда болуы

?

61. Гематоманың абсолютті белгілері

+фазность (естің бұзылуы және вегетативті функциялары)

?

62. Автомобильді шұғыл тоқтатқананнан кейін жолаушының аяқ қолдарында әлсіздік пайда болып, кіші дәретті тоқталып қалды. Не болды?

+ жұлын қызметінің бұзылуымен бірге омыртқаның мойын бөлігінің шығып сынуы

?

63. Науқас 60 жаста өз пәтерінде әлсіз байқалған есінің бұзылуымен, гемиплегиямен, бет терісі сырылған. Науқаста не болуы мүмкін?

+ ишемия түріндегі ЖМҚБ

?

64. Жиі дамитын бітелген ишемиялық инсульт (тромботикалық, эмболиялық) симптомдары:

+ жылдам, шұғыл, ұйқыдан кейін

?

65. Бас ми қалташықтарына қан құйылуының бағдарламалық симптомдары жойылуы:

+ менингеалді симптомдардың болмауы

?

66. Бас ми қалташықтарына қан құйылуының ликвордағы қысымы болады:

+ 201 – 300 және көбірек

?

67. Вазоактивті терапияның жедел қан айналым бұзылыстарына:

+кавинтон

?

68.Нерв талшықтарындағы метоболизмдерді қалпына келтіру кезіндегі терапия негізінде қолданады:

+пирацетам, церебролизин

?

69. Шұғыл гипертониялық энцефалопатия кезіндегі науқасқа егу керек:

+ NaCl изотоникалық ертіндісінде лазикс 80 мг т/і

 

?

70. Ауруханаға дейінгі тразиторлық ишемиялық атакаға шұғыл көмек:

+ тұрақтылық, церебральді қан айналымының жақсаруы

?

71. Науқас қозғалыссыз төсекте отыр,көз қарасы бір кеңістікке бағытталған.Мимикасы жойылған.Сұрақтарға біркелкі жауап береді,қайталап сұрағаннан кейін.Уақыт өте айналасындағыларға фантастикалық әлемді,инопланетян тұрғындарын,басқа әлемді көретінін айтады.
Науқаста қандай синдром?
+ онейроидты

?

72. Науқас О., 31 жаста.Бөлімшеде ұзақ уақыт төсекке байлаулы болды.Сосын бірден күшті қозу басталды.Киімдерін лақтырып,басына бет орамал орап алды.Айналасындағыларға реакция жоқ.Шалқасынан жатып алады,кеудесін алақанымен жабып ұрады.Барлығын тыныш жасайды.Киіндіргенде және тамақтандырғанда қырсығады.Ал мамасы жеміс-жидек әкелсе қызғанып тығып жейді.Беті терісі жылтыр,еріндерін бұртыйтып алған.

+ кататоникалық синдром

?

73. Науқас С., 19 жаста жауынгер.Психиатриялық ауруханаға өзіне қол жұмсау бойынша жеткізілген.Өмір сүргісі келмейтінін айтады, «өмір ешқандай жарықсыз». Тамақтан,туыстарымен жолығудан бас тартады.Сосын біраз уақыттан кейін бұл жағдай 15 жастан бастап жыл сайын болатынын айтады, әсіресе жиі көктемде.Армияға шақырғанда ауруын жасырған.Барлығы өтіп кетеді деп ойлаған..Синдромальды диагноз?

+ депрессивті синдром.

?

74. Науқас 24 жаста. Психиатриялық стационарда 5 жыл көлемінде жатыр. Галоперидол емін тағайындарға дейін науқаста өзекті сандырақ-елес күйзелістері болды. Жиі дәрігердің бөлмесіне кіріп келіп "Мазақ қылуды доғарыңдар, аппаратты өшіріңдер, ол менің ойларымды ұрлап, басқа ойлар салады" дейді. Науқас Н.–ды ұрып соғып, оның аппараттың иесі жіберган аңдушысы деп айыптады. Галоперидолды қабылдағаннан бастап жағдайы біршама жақсарды: дәрігермен амандаса бастады, "эксперименттерге" қатысты шағымы жойылды. Әңгімелесу барысында айтады оның әлі де ойын оқитынын, "экспериментаторлардың"ол жайлы айтқан әңгімесін еститінін айтады. Бірақ олардың барлығына бұрыңғыдай емес салғырт қарайды "Мен енді оларға көңіл аудармаймын" деп жауап береді. Белсенді түрде еңбек жұмыстарына араласады.

Науқаста қандай жетекеші синдром?

+ параноидты синдром

?

75. Науқас 48 жаста, невропатологтің есебінде қояншық диагнозымен есепте тұрады. Кенеттен сыпайы,тілі тәтті персоналмен жақсы қарым қатынаста болады.Аяқ асты мінез құлқы өзгеріп шыға келеді,науқастармен жанжал шығарады,көңіл күйі төмендеп қатыгез,қатты айқайлап зарлап науқастарға жаман қарым қатынаста болады,емхананың басшыларының келуін сұрайды.Екі тәуліктен кейін көңіл күйі қайтадан орнына келеді.

+ дисфориялық

?

76. Жақында медицина институтын бітірген аймақтық дәрігер (асқазан рагы, терминальді сатысы) үйінде қарау кезінде, рактың этиологиясы туралы мағлұмат айтуға шешті. Ол науқастың әйеліне ғылымның соңғы жаңалықтрына сүйене отырып «рак- вирустық ауру және ауру адаммен қатынастан сақтану керек» екенін ескертті. Қорқыныш- үрейлі мінезді әйелі науқас күйеуіне рактік ісікті жұқтырып алу қаупінен сескеніп, күйеуіне күтім жасауды доғарды және поликлиникаға тексерілуге шешім қабылдады. Тексерілу қортындысы теріс болғанымен қорқыныш сезімі кетпеді. Бүл аздай,үрей сезімі үдей түсіп, науқас өзінің үрейіне дәлел ретінде соңғы айда 10 кг салмағын жоғалтқанын мысалға келтірді. Нәтижесінде науқас психиатрға консультацияға жіберілді және емханаға жатқызылды. Үрей бұзылысының себебі қандай?

+ ятрогенді

?

77. Науқас даусы қарлыққанша көп сөйлейді, науқастардың кез келгенімен сөйлесіп кетуге тырысады, бірақ соңғысын тыңдамай, басқа адамға қызығушылықпен өлеңдерін декламерлейді. Еден жуып жүрген санитарды көрсе жүгіріп барып, оған көмектесе бастайды, бірақ сәлден соң оны тастап, шахмат ойнап отырғандарға кеңес бере бастайды. Жаңылтпаштармен сөйлейді, көңіл күйі көтеріңкі.

+ маниакальді қозу

?

78. Хирургке барлық iш бойынша тұрақты сырқыраған аурудың зардабын сұрады. Тексеруде науқас 1, 5 ай шамасында 5-6 кг арықтағанын анықтаған.Тәбеті жоқ және дәмдi сезбейді, ерте оянады. Етек кірі ерте келген. Ештеңеге құлқы жоқ,ештеңе істегісі келмейді. Суицид ойлары және тенденциялар айқындалмаған. Хирург тексеруінде өт жолының үлкейгендігі анықталды. Бастаушы синдромды атаңыз?
+ жабығу
?

79. Науқаста операциядан кейiн тексергенде температурасының, СОЭ лейкоцитоздың жоғарлағаны анықталды. Мазасызданып кеттi. Әңгiмеде жиi алаңдайды. Төсекке жиi секiрiп мiнедi, төсектен жастықтан бірдеңе iздейді, жан- жағына қарап қояды, төсек-орынды ақтарып-төңкерiп қарайды, қабырғадан қолмен шыбын-шiркейлер ұстауға тырысады. Кейде қорыққаннан жан-жаққа қарап, өзiмен-өзi сөйлеседi. Жетекші синдромды ата?
+ делириозды синдром
?

80. Науқас С.,45 жаста. 10 жылдай арақ ішкен,соңғы 2 апта бойы арақты тоқтамай ішкен,тәулігіне 1 лит. мөлшерінде. 10 жыл салынып iшкен.Арақ ішкенін тоқтатқан.Асқазанының ауырғанына шағымданған. Хирур тексергенде асқазанның ойық жарасының тесілгенін анықтаған. Реанимация бөлiмшесінде асқазанның ойық жарасына операция жасалған. Екі күннен кейін палатаға келген бойда ауруларға тығылуға бұйрық берген. Дәрігерге қарсы жұмыс жасау керек. Қызметшілер жiктердi оған таратқанын және ұштастыруы бойынша тәжiрибесi өткiзуге түнде уәделескен. Бұл істі коридорда жалғастыру керек. Психиатриялық стационарға ауыстырғанда, науқас кешкі мезгілде үнемі күбірлеседі. Бұл құпия болғандықтан дәрігерге айтпауға бұйратынын хабарлады. Жоспарда қай мүшені алу керек екенін, оны шетелге өткізу керек. Орны уақыты тағайындалған.Орында және уақыт бағытталған. Жетекші синдромды ата?
+ параноид синдромы
?

81. Анасы 3 -жасар қызында, сыртқы жыныс мүшелері мен анус аймағының қызарғанын байқады. Қыз бала тынышсызданып, артқы тік ішек аймағының қатты ауырсынғанынан айқайлап түнде оянады. Тәбеті төмендеген. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+энтеробиоз

?

82. 17 жасар қыз, көп мөлшердегі жатырлық қан кетумен шұғыл түрде стационарға жеткізілді. Етеккірі 13 жастан, ретсіз, 1,5 айға дейін тежелумен келіп, соңы қан кетуге ұласады. Ауыздық контрацепция курсын қабылдаған, нәтижесіз. 6 айдан бері жыныстық өмір сүруде, қалаусыз жүктіліктен жыныстық қатынасты үзу әдісімен сақтанады. Қандай емді ұсынуға болады?

+жатыр қуысын қыруды

?

83. Төменде аталған белгілерді суреттеу, негізгі конституционалді типті денебітімнің қайсысына сәйкес келеді – денесі ұзын емес, кеуде клеткасы дөңгелек, иық белдеуі тар, бел лордозы айқын, мойны қысқа және дөңгелек, маңдайы биік емес, аяқ-қолдары қысқа, екіншілік жыныстық белгілерінің таза әйелдік дифференциациясы айқын, ұрық өндіру мүмкіндігі жоғары?

+Интерсексуалді

?

84. Сүт бездерінің ұлғаюы мен үрпілерінің пигментациясы қай кезде жүреді?
+10-11 жаста

?

85. Жыныстық жетілу кезеңінде организмде қандай негізгі өзгерістер жүреді?

+Аналық бездердің гормоналді функциясының белсенденуі

?

86. 9 жасар қызда сүт бездерінің өсуі басталды. Осы жағдайды қалай бағалауға болады?

+Қалыпты пубертат

?

87. 4-жасар қыздың сыртқы жыныс мүшелері аймағында везикулезді бөртпелер пайда болды, оны жарғаннан кейін, сол орында беткейлі эрозирленген жара түзілді. Везикуланың пайда болуы қатты қышынумен бірге жүріп, соңынан эрозия орны айқын ауырсынумен қосарланды. Емдеу тактикасы қандай?

+Вирусқа қарсы дәрмектерді ауызбен және жергілікті қабылдау

?

88. Қалыпты жағдайда жатыр мойнының қынаптық бөлігі немен жабылған?
+Көпқабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиймен

?

89. 40 жастағы науқас әйел, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы мен жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып түсті. 4 жыл бойына ауырады. Соңғы 3 жылда анемиямен ауырады. Қынаптық зерттеуде: бөліністері қанды, көп мөлшерде. Жатыр мойнының өзекшесінен диаметрі 3 см жіңішке аяқшадағы миома түйіні шығып тұр. Жатыры аздап ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары анықталмайды. Дәрігер тактикасы қандай?

+Түйінді алып тастап, соңынан жатыр қуысын қыру

?

90. Вульваның дисплазиясы мен преинвазивті рагын диагностикалаудың негізгі әдісі қандай?
+Биопсия, әрі қарай гистологиялық зерттеу

?

91. 56 жастағы әйел, ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының ауырсынуына, жыныс жолдарынан сұйық су тәрізді бөліністердің бөлінуіне, кейде оның қанды бөліністермен ауысып тұруына шағымданып келді. Осы жағдайда жатыр мойны рагының жүргізуші клиникалық симптомы немен көрінеді?
+Жанаспалы қан кетумен

?

92. 49 жастағы науқас әйел, тез өсіп жатқан жатыр миомасымен хирургиялық бөлімге түсті. Қынаптық зерттеуде: жатыр денесі жүктіліктің 12 аптасындай ұлғайған, жатыр мойнына қарай төмендеу түйін орналасқан. Операцияның оптималді көлемі қандай?

+Жатырды экстирпациялау

?

93. Аналық бездің қатерсіз ісігімен репродуктивті жастағы науқасты емдеу тактикасы қандай болады?

+Жоспарлы түрде лапаротомия, аналық безді резекциялау

?

94. Науқас К., 24 жаста. Шақыру себебі: іштің ауырсынуы. Келген кезде науқас іштің төменгі жағында ауырсынуға, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады. Анамнезінен: науқас өзін бір тәулік бойына аурумын деп есептейді. Оны ешнәрсемен байланыстыра алмайды. Но-шпаны қабылдады. Гинекологиялық анамнезі: етеккір 2 аптаға кідірген. Объективті: жағдайы орташа дәрежеде. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚ 120 және 80 мм.сб. Тамыр соғысы минутына 100 рет. Іші жұмсақ, аздап үрілген. Жыныс жолдарынан қанды бөлініс. Нәжісі және диурез қалыпты. Аталған диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

+жатырдан тыс жүктілік

?

95. 35 жастағы науқаста жатырішілік спиральді алғаннан кейін қырып алынған жұғынды гистологиялық зерттеуде эндометрийдің гиперплазиясы анықталды. Не істе керек?

+Бақылау

?

96. 48 жастағы науқаста оң жақ аналық без ісігінің аяқшасының айналып кетуіне байланысты жатырдың оң жақ қосалқасын алып тастады. Гистологиялық – серозды цистаденокарцинома. Қалай емдейміз?

+Релапаротомия + полихимиотерапия

?

97. 29 жастағы науқаста жатыр мойнын айнамен қарау барысында оның босанудан кейінгі жыртылудан қалған деформациясы эрозивті эктропионымен анықталды. Цитологиялық қарауда анықталды – эпителийдің аралық және парабазальді қабаттарының клеткалары пролиферация белгілерімен. Дәрігердің тактикасы қандай?

+Жатыр мойнының электроконизациясы

?

98. Науқас, 32 жаста, жылдам өскен жатыр миомасы бойынша жатырдың қосалқыларысыз қынапүстілік ампутациясы жасалды. Гистологиялық – пролиферацияланушы лейомиома. Дәрігердің тактикасы қандай?

+Бақылау

?

99. Екінші жүктіліктің 21-ші аптасындағы әйелде уақытынан бұрын босануға қауіп төнді. Тексергенде анасында А (II) қан тобы, (-) резус фактор, әкесінде АВ (IV) қан тобы, (+) резус фактор анықталды. Қандай себеп жүктілікті көтере алмауға себеп болуы мүмкін?

+Анасында ұрықтың резус факторына антидене түзілуі

?

100. Жүкті әйелде гестоздың ауыр ағымы нәтижесінде есінен танатын, клинико-токсикалық тырысулар пайда болды. Аталған асқынудың ең жиі себебі қандай?

+Эклампсия

?

101.Ең жиі қыйындық тудыратын щитовидты безіне жасалган операция?

+ гипотиреоз

?

102. Тиреотоксикоза көрінуі мыналарда болмайды?

+ щитовидті безінің улкейуы

?

103. Этиологияда эндемикалық зобта алғы факторы болып?

+ йода жетіспеуі

?

104. Бір биохимиялық аймақтағы адамдарда зоб пайда болу себебің қалай түсіндіресін?

+ эндемиялық зоб

?

105. Өткір лактационды маститтің басты кезеніңде ерекшелігі емес?

+ флюктуация бір неше аймакта

?

106. Мастит пайда болу факторы болып табылмайды?

+ ыстық басу

?

107. Диффузия кезінде гиперплазии сүт безіне қолданбайды?

+ сауле терапиясы

?

108. Интрамаммарды абсцесстерді кесікті ашу қай бағытта жасалу керек?

+ радиалді

?

109. Лактостазға не тән?

+ сүт бездерінің бірқалыпты қатаюы

?

110.Созылмалы маститке не тән?

+ бездегі ұзақ пайда болатын интоксикация көрністерсіз шектелген инфильтративті қабыну процессін атайды

?

111.Кер бойынша холедох дренаждау?

+ Т-образный дренаж

?

112.Кезектестірген сары ауруды былай түсіндіруге болады?

+ вентилді холедоха тасымен

?

113. Жедел холецистит кезіндегі аспапты зерттеуді таңдаңыз?

+ УДЗ

?

114. Жедел панкреатиттің дамуында басты роль атқарады?

+ аутоферментті агрессия

?

115.Жедел панкреатит кезінде эзофагогастродуоденоскопия қандай мәлімет

береді?

+ ұлтабардың үлкен емізікшенін жағдайын бағалауға

?

116. Созылмалы панкреатиттың тарқалу себебі болып?

+ пенетрирлық асқазан жарасы

?

117. Қай диагностиқалық зерттеу арқылы ұйқы бездің жолдарымен

кисталардың байланысы қондырылады?

+ цистография

?

118. Созылмалы панкреатитта барлық түрі алмасады, тек біреу алмаспайды ол?

+ микроэлементті алмасу

?

119. Обтурациялық ішек өтімсіздігіне тән емес?

+ ішек шажырқайының айналып кетуі

?

120. Рентгенограммада сұйықтық деңгейін анықтайтын симптом қалай аталады?

+ Клойбер тостағаны

?

121. Қандай дәрілік заттармен уланғанда мынандай симптомдар анықталады: психомоторлық қозу, мидриаз, аккомодация салдануы, тахикардия, сілекей бездерінің секрециясының азаюы, тері жамылғыларының құрғақтығы?

+атропин

?

122. Жедел жәрдем бригадасына шақыру түсті: науқас, 41 жаста, жиі түнгі тұншығу ұстамаларына шағымданады. Науқастың физикалық белсенділігі кенет шектелген. Анамнезінде – 4 жыл бойы бронхылық демікпе диагнозымен қаралып тұрады, темекі шекпейі. Сыртқы тыныс параметрлері: тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы <60%. Бронхылық демікпесінің ауырлық дәрежесі қандай?

+ ауыр персистерлеуші

?

123. жарақат болған жағдайда алғашқы көмек

+қан тоқтату,меншікті жансыздандыру

?

124. көрсетілген жауаптардың қайсысы 4 «Г» әрпінің ережесі (қағидасы) екені мүмкін.

, шок- бұл 4 «Г» әрпінің ережесі (қағидасы) екенін ескерсек:

+ гипотензия, гипоперфузия, гипоксия, гипотермия

?

125. 28 жасар Ер адам шахтер, қалтырауға, әлсіздікке, тыныс алу кезіндегі оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, тот басқан түстегі аз мөлшердегі қақырықты жөтелге шағымданады. Қарау барысында: ерін және мұрынерін үшбұрышының цианозы; еріндерінде – ұшықтық бөртпелер. Перкуторлы оң жақтан жауырын астында тұйық тимпаникалык дыбыс. Аускультацияда: дем алғанда крепитация, плевра үйкеліс шуы естіледі. Тыныс алу жиілігі 25 минутына. Айтылған аурудың қандай қоздырушысы болуы мүмкін?

+ Пневмококк

?

126. 35 жасар ер адам шектен тыс алкогольді қабылдағаннан кейін,көп ретті құсу болған. Бірнеше уақыттан кейін қайталамалы құсу мен қан араласқан. Бауыр көк бауыры ұлғаймаған сіздің болжамды диагнозы?

+ Меллори-Вейса Синдром

?

127. дені сау 24 жасар ер адам аяқ астынан қатты жөтелден кейін сол жақ кеуде аймағында ұстама тәрізді ауырсыну ентігу пайда болды. Медициналық қарау кезінде сол жақтық тимпанит,әлсіз тыныс алу және бронхофония. сіздің болжамды диагнозыңыз?

+Спонтанды пневмоторакс

?

128. Жедел жәрдем бригадасына шақыру түсті: көшеде адамға нашар. Шақыруда: әйел, 40 жаста, көшеде естен танған. Қарау барысында: тері жамылғыылары бозарған, науқас өздігінен тыныс алмайды, ұйқы артерияларында пульс анықталмайды, көз қарашықтары жарыққа әсер етпейді. Жүрек-өкпе реанимациясы басталды. Жедел жәрдем дәрігері жүрек-өкпе реанимациясын өткізуде қандай критерийлердің нәтижелігімен басқару керек?

+ әрбір басуда ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

?

129..Қан жоғалтудың барынша көп көлемі қандай сынықта байқалады:

+ жамбас сүйектері

?

130. 40 жастағы әйел адам ЖКО кезінде іштің тұйық зақымдануын алды. Оны қарау кезінде жағымды «ваньки–встаньки» симптомы байқалды. Кеуде қуысының қандай мүшелерінің зақымдануы туралы ойлану керек?

+бауыр, көк бауыр

?

131. Жедел жәрдем шақыру: әйел, 45 жаста. Денесінің бүкіл аймақтарында қышымалы бөртпелердің пайда болуына, дене температурасының 38,80С жоғарлауына, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Анамнезінде: ЖРВИ дан кейінгі қатты жөтелден соң өздігінен б/і цефтриаксон қабылдаған. Антибактериалдық препараттардың қай топтары науқаста осындай реакция тудыруы мүмкін?

+цефалоспориндер

?

132. 46 жасар ер адам аяқ қолдың томенгі бөліктерінң варикозды кеңеюмен сырқаттанады. кенеттен кеуде тұсында ауырсыну аралас ентігуөкпелік жүрек аймағынан ысқырықты сырылдар естіледі ЭКГ тіркемесінде терең S және Q

?тісшелері үшінші стандартты тіркемеде. Болжамды диагнозыңыз

+өкпелік артерияның тромбоэмболиясы

?

133. Жарақаттық аурудың жедел кезеңі немен сипатталынады:

+жарақаттық шоктың дамуы

?

134. 60 жастағы ер адам көлденең жатқан кезде айқын ентігу тұншығудың үдейі түсуіне шағымданады Анамнезінде екі инфаркт алған Оьективті акроцианоз, өкпесінде көптеген әртүрлікалибрлі ылғалды сырылдар. Жүрек тондары әлсіз галопа ритмді. ЭКГ ST V1- V6.элевациасы сол жақ қарыншаға қысымның толуы 20 мм с.б аталғандардың қайсысы асқынған миокард инфарктісіне тән

+өкпе ісінуі

?

135. 57 жасар ер адам ЖЖ шақыртып алғаш рет пайда болған кеуде тұсының қысып шаншып ауруына ентігуге олімнен қорқу сезімі жедел әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде бронхтық астманың жеңіл түрімен ауырады Обьекетивті жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде,мәжбүрлі қалыпта басын аяғын көтеріп отыр. Тері жамылғылары бозғылт,ылғалды. Аускультацияда өкпнің екі жақты төменгі бөліктерінде усақ көпіршікті сырылдар естіледі,төменгі бөліктерінде сирек құрғақ сырылдар бар. ЖЖЖ 120 мин АҚ 110/80мм сн б ЭКГ ST сегментінің жоғарылауы, AVF III тіркемеде.сіздің алғашқы болжамды диагнозыңыз:

+ жедел инфаркт миокарды солжақ қарыншаның төменгі қабырғасында

?

136. Артериялық гипертензиямен жүретін, жедел миокард инфарктісінің асқынуы ретіндегі интерстициалдық өкпе ісінуін басу ретінде қандай препаратты алдын ала енгізу қажет?

+ Морфин

?

137. Науқас, 62 жаста, төс артындағы қатты ауырсынуға, әлсіздікке, тежелуге шағымданады. Төс артындағы ауырсыну түнде басталған. Жағдайы ауыр. Сұрғылт бозару, суық тер, терісі суық. Тежелген. Өкпесінде – везикулярлыық тыныс, өкпенің барлық алаңдарында ірікөпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйық, ритмді. ЖЖЖ рет минутына. АҚ 80/60 мм с.б.б. Пульс жіптәрізді. пульс Іштің пальпациялағанда жұмсақ. Олигоурия. Осы патологияда жедел көмек көрсетіңіз.

+ инфузиялық терапия допаминмен жүргізу

?

138. Политравмалар жіктеледі:

+ сәйкестік, комбинирленген, көптік

?

139.Сынап және ауыр металл қосылыстарымен уланған кезде арнайы антидоттық терапия болып табылады:

+унитиол, мекаптид

?

140. Қабылдау бөлімшесіне қанды құсықпен науқас жеткізілді. Қарау барысында: тері жамылғылары сарғайған, кіндік айналасында кеңейген веналар, ауырсынады. Науқасқа Блекмор зонды енгізілген. Жүргізілген шарадан дәрігер не күтеді?

+ уақытша қан кетуді тоқтату


 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Физиологиялық контрацепцияға жататын әдісті көрсетіңіз: | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.128 сек.)