Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Физиологиялық контрацепцияға жататын әдісті көрсетіңіз:



 

Физиологиялық контрацепцияға жататын әдісті көрсетіңіз:

- ЖІС

- ЕХС

- мини – аборт

- имплантациялық

+ күнтізбелік әдіс

?

Әйелдердің ЕХС көрсеткішті атаңыз:

- әйелдің жасы

- жиі босанулар

- жұбының қалауы

- анамнезінде бір немесе екі кесар тілігі

+ жүктілік пен босануға медициналық қарсы көрсеткіштің болуы

?

ЖІС қолдануға қарсы көрсеткіш:

- анамнезінде босану

- анамнезінде аборт

- бірінші дәрежелі семіздік

- жасырын фазадағы пиелонефрит

+ сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары

?

Комбинирленген эстроген-гестагенді препараттардың контрацепциялық әсері жүзеге

асады, біреуінен басқасынан:

- овуляцияны тежейді

- сары дененің қызметін бұзады

+ қанда эстроген деңгейін жоғарлатады

- бластоцистаның эндометрийге имплантациялануын бұзады

- жатыр түтікшелерінің перистальтикасы мен жатырдың жиырылу қабілетін өзгертеді

?

Перль индексі- бұл 1 жыл ішінде осы әдісті қолданғандардың ішінде жүкті болған жұптар

саны:

- 50 жұпта

- 70 жұпта

- 150 жұпта

+ 100 жұпта

- 200 жұпта

?

ЖІС етеккірдің кез-келген күнінде енгізуге болады, бірақ ең тиімдісі:

+ 4–8 күн

- 1-2 күн

- 2-3 күн

- 3-5 күн

- 10-12 күн

?

Инъекциялық контрацептивтердің құрамына кіреді:

- антиандрогендер

- антигонадотропиндер

- коньюгирленген эстрогендер

- прогестагендердің микродозасы

+ ұзақ әсерлі прогестагендер

?

Овуляцияны тежейтін заттар болып табылады:

- ЖІС

- абстиненция

- спермицидтер

- әйел стерилизациясы

+ гормональды контрацептивтер

?

Контрацепцияның қай әдісін босанбағандарға қолдануға болады:

+ ЖІС

- мүшеқап

- спермицидтер

- күнтізбелік әдіс

- диафрагмалар

?

ЖЖЖА алдын алуда контрацепцияның қай түрі эффективті:

- ЖІС

+ мүшеқап

- стерилизация

- спермицидтер

- үзілген жыныстық қатынас

?

Жатырдан тыс жүктілікке әкелетін себептерді атаңыз:

+ әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары

- пиелонефрит

- Дауна синдромы

- Шерешевский-Тернер синдром

- тестикулярлыфеминизациясиндромы

?

Науқас жедел коронарлы синдроммен клиникаға келіп түсті. ЭКГ-да II, III, AVF тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауымен биік «коронарлы» Т тісшесі байқалады. Сонымен қатар тропонин I тесті оң мәнді. Осы жағдай қандай ауруға тән:



- күштемелік стенокардия ұстамасына

- үдемелі стенокардияға

- вазоспастикалық стенокардияға

+жедел миокард инфарктісіне

-алғаш рет пайда болған стенокардияға

?

Вирусты гепатит В интеграция кезеңінде вирусқа деген иммунологиялық тәуелділік дамып науқастарда қандай антиген анықталады:

+HBsAg

- HBeAg

- HBcAg

- HBeAL

- HBcAL JgM

?

Созылмалы панкреатиттің дамуындағы негізгі этиологиялық фактор:

-ет тағамдарын көп пайдалану

-вирусты инфекция

+алкогольды шамадан тыс пайдалану

- цитостатиктерді қабылдау

- белок пен витаминдер тапшылығы

?

Науқаста кекіру, қыжылдау, әсіресе горизонтальды жатқанда күшейетін, өңешті зондтау барысында метил көгінің түсінің өзгеруі анықталды. Осы белгілер қандай ауруға тән:

- созылмалы эзофагит

- өңеш дискинезиясы

- өңеш қатерлі ісігі

- кардиальді бөліктің дивертикулы

+гастроэзофагальды рефлюкс ауруы

?

Созылмалы тассыз холециститтің негізгі субъективті симптомы:

- кешегі кұні қабылдаған тағаммен құсу

- жеңілдік әкелмейтін құсу

- қышқылмен кекіру

+оң жақ қабырға астына таралған ауырсыну

- қыжылдау, шіріген иісті кекіру

?

Физикальды тексеру барысында Плеш симтомының оң мәңді болуы қандай ауруға тән:

+кардиальді бауыр циррозына

- вирусты бауыр циррозына

- алкогольді бауыр циррозына

- аутоиммунды бауыр циррозына

- криптогенді бауыр циррозына

?

Созылмалы гепатит кезінде дәнекер тінінің белсенділенуі нәтижесінде гепатоциттерді зақымдаушы әсер етіп, соның салдарынан қандай үрдіс дамиды:

- регенерация түйіндері

- дәнекертінді септілер

+сатылы некроздар

-микромодулярлы түйіндер

- мультилобулярлы бөліктер

?

Ұйқы безінің сыртқы секреторлы қызметін анықтау үшін қандай секрецияны анықтау керек:

+ферменттер мен бикарбонаттарды

-инсулин мен глюкагонды

-глюкоза мен кетонды денелерді

-секретин мен панкреозиминді

- амилаза мен церулинді

?

Асқазан ішілік рН-метрия әдісі асқазанның қандай қызметінің бұзылыстары туралы мағлұмат береді:

- асқазанның базальды секреция жайлы

- асқазанның жалпы қышқылдығы жайлы

- пепсиннің концентрациясы жайлы

+асқазанның қышқыл түзу қызметі жайлы

- тұз қышқылының секрециясы жайлы

?

Экспресс – уреазды әдіс жүргізу арқылы нені диагностикалауға болады:

- қабынудың айқындығын

- тағамның асқазаннан өңешке кері өтуін

+хеликобактерді анықтауды

- асқазан кілегей қабатының атрофиясын

- асқазанның секреторлы қызметінің жеткіліксіздігін

?

Өт қапшығын тітіркендіру арқылы анықталатын симптом:

- Пекарский симптомы

- Алиев симптомы

- Айзенберг I симтомы

- Макензи симптомы

+Мерфи симптомы

?

Телеангиэктазиялар мен Дюпюнтрен контрактурасының анықталуы қандай ауруға тән:

+алкогольді бауыр циррозына

- вирусты бауыр циррозына

- аутоиммунды бауыр циррозына

- кардиальді бауыр циррозына

- криптогенді бауыр циррозына

?

Гастроэзофагальды рефлюкс ауруына тән симптом:

- іштің кебуі

+қыжылдау

- ауамен кекіру

- жүректің айнуы

- құсу

?

45 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан 15-20 минуттан кейін эпигастр аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Пальпацияда эпигастр аймағында және семсер тәрізді өсіндінің маңында ауырсыну анықталды. Осы науқастағы симптомдар қандай ауруға тән:

+асқазанның кардиальды бөлігінің ойық жара ауруына

- ұлтабар буылтығының ойық жара ауруына

- асқазанның антральді бөлігінің ойық жара ауруына

- пилорикалық бөліктің ойық жара ауруына

- асқазанның үлкен иірімінің ойық жара ауруына

?

2 айлық бала. Анасының айтуы бойынша қорқақтық, мазасыздық, ұйқысының бұзылуына, тершеңдікке шағымданды. Анамнез бойынша - бала жасанды тамақтануда, сиыр сүтімен қоректенеді. Витамин Д2 алған жоқ. Биохимиялық қан анализінде: фосфор төмен, кальций қалыпты. Рахиттің кезеңін атаңыз

+бастапқы кезең

-өршу кезеңі

-реконвалесценция

-қалдықтық көрініс

-қайталамалы

?

Бала 2 жас 6 айлық. Қарағанда: сүйек жүйесінің деформациясы, тісінің дұрыс өспеуі байқалады. Кальций және фосфор, сілтілік фосфотаза қалыпты. Анамнез бойынша бала рахитпен ауырған. Рахиттің кезеңін анықтаңыз.

- бастапқы кезең

-өршу кезеңі

-реконвалесценция

+қалдықтық көрініс

-қайталамалы

?

8 жасар бала. Диагнозы «Ревматизм». Тыныс алу жиілігі 60%, жоғары қалыпты жағдайы, жүрек жиілігі 50% қалыпты жағдайдан. Өкпесінде ылғалды майда көпіршікті сырылдар, акроцианоз, гепатомегалия, бетінің ісінуі. Қанайналу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз.

-ҚЖ0

- ҚЖ І

- ҚЖ ІІА

-ҚЖ ІІ Б

+ҚЖ ІІІ

?

6 жастағы балада біріншілік ревматизм ақаусыз. Осы балада бициллинмен екіншілік алдын алуы жоспары қандай

+3 жылдық, 2 жыл- мерзімдік

-2 жылдық, 3 жыл- мерзімдік

-5 жылдық

-мерзімдік

-1 жыл мерзімдік

?

6 жасар балада қайталмалы ревматизм митральдық жетіспеушілігімен. Екіншілік бициллинмен алдын алу жоспары қандай

-3 жылдық, 2 жыл - мерзімдік

-2 жылдық, 3 жыл -мерзімдік

+5 жыл жыл бойы алдын алу

-3 жыл мерзімдік

-5 жыл мерзімдік

?

Ревматизмен ауыратын балада ТЖ 45% жоғары, ЖСЖ 25% жоғары,гепатомегалия +3 см қабырға доғасынан. Қан айналу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз

-ҚЖ0

- ҚЖ І

+ҚЖ ІІА

-ҚЖ ІІ Б

-ҚЖ ІІІ

?

12 жасар бала. Біріншілік ревматизм кезінде, балада келесі симптомдар анықталған: тыныс жиілігі 50% және жүрек соғуы жиілігі 50% жоғары қалыпты жағдайдан, бауыры +2 см қабырға доғасынан. Қан айналу жеткіліксіздігінін дәрежесін анықтаңыз

- ҚЖ0

- ҚЖ І

- ҚЖ ІІА

+ҚЖ ІІ Б

- ҚЖ ІІІ

?

10 жасар қыз бала, ара шақаннан кейін, кенет ауырған, тізе және шынтақ буындардың үстінде түйінді бөртпелер пайда болды. Осындай бөртпелер ішкі сандарында, жанбасында пайда болды. Шымшу, бұрау симптомдары теріс, температурасы 37,30С. Қандай вазопатияға тән?

+геморрагиялық васкулит терілік түрі

-тромбоцитопениялық пурпура

-Верльгоф ауруы

-Эбштейн ауруы

-Гиппель-Линдау синдромы

?

8 айлық бала, ауруханаға 390С температурамен және ентігумен түсті, 6 күн ауырған. Қарағанда терісі ақшыл, ентігу, перкуссия кезінде сол жақ жауырын астында перкуторлық дыбыс қысқарған. Осы жерде тыныс әлсіреген. Қан анализінде нейтрофильды лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған. Бұлшық етке цефтриаксонды алады. Цефалоспоринның қай тобына жатады?

-І буын

-ІІ буын

+ІІІ буын

-ІV буын

-V буын

?

5 жасар бала, кенет ауырған. Түскендегі: температурасы 37,20С, жиі құрғақ жөтел, тыныс жиілігі 28, перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда тынысы қатаң, құрғақ сырылдар, жүрек тондары ырғақты. Қан анализы өзгерісіз. Өкпе рентгенограммасында - өкпе суреті күшейген. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

+жедел жай бронхит

-обструктивті бронхит

-созылмалы пневмония

-бронх демікпесі

-қайталмалы бронхит

?

3 айлық бала, кенет ұстамалы жөтел пайда болды, ентігу, ұйықтағанда басылады. Анасының айтуы бойынша мойыншақ және бұршақтармен ойнады. Перкуссияда өкпеде қораб тәрізді дыбыс, аусскультацияда везикулярлы тыныс. Қан анализы өзгеріссіз. өкпенің рентгенограммасында өкпенің кебу белгілері бар. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

+бөгде зат

-обструктивті бронхит

-жедел жай бронхит

-бронх демікпесі

-бронхиолит

?

4 жасар бала түскендегі шағымдары жиі ылғалды жөтел, температурасы 390С, құсу, тырысу, әлсіздік, тәбеті төмен. Қарағанда айқын интоксикация белгілері, тыныс жиілігі 60, аралас ентігу. Перкуссияда оң жақта перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жерде аускультацияда тынысы әлсіз, тұрақты майда көпіршікті ылғалды сырылдар, крепитация. Қан анализінде лейкоцитоз, нейтрофилезбен, сол жаққа ығысқан, ЭТЖ жоғарлаған. Диагноз қойылған крупозды пневмония. Крупозды пневмонияның менингеальдық түрі қай бөлігіне орналасады?

+оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде

-сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде

-оң жақ ортаңғы бөлігінде

-сол жақ астыңғы бөлігінде

-оң жақтың астыңғы бөлігінде

?

5 жасар бала. Ауруханада 5 күн, диагнозы: «Жедел оң жақтық ошақты пневмония, асқынбаған». Қабылдайды бұлшық етке пенициллин. Жалпы жағдайы динамикасыз, кейбір кезде қалтырайды, интоксиация симптомы айқын, тәбеті төмен, ентігу бар. Емінде қандай өзгерістер жүргізу қажет

+антибоитикті ауыстыру

-витаминдер беру

-физио емін ауыстыру

-қақырық түсіретін дәрілерді ауыстыру

-ингаляцияны ауыстыру

?

7 айлық бала, туғандағы салмағы 3500, бойы 50см, 2 айға дейін ана сүтімен қоректенген, әрі қарай «В» кефир қоспасымен, 1,5 айынан кейбір кезде алма шырыны берілген. 7 айында көкініс ұнтағы анда-санда беріледі. Диспепсия, ЖРВИмен ауырған. Қарағанда терісі ақшыл, құрғақ, тахикардия, жүрегінде шу естіледі, бауыры 2см, көк бауыры 1 см. Қан анализында Нв 80г/м, эр 3,5х1012, т.к 0,6 анизоцитоз, пойкилоцитоз, СОЭ 10 мм/сағ. Аталған анемияның қайсы болуы мүмкін?

+темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі

-гипопластикалық

-апластикалық

-гемолитикалық (Минковский-Шаффар)

-гемоглобиноза

?

6 айлық бала, шала туған, туғаннан бері жасанды тамақтандыруда, қосымша тамақтарды алмайды. Диспансерлік тексеруі кезінде анықталған Нв 85г/л, эр. 3,8х1012, биохимиялық анализында сары судағы темір 8,2ммоль/л. Темір препараттардың ең маңызды қайсы?

+темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі

-темір тапшылық анемия, ауыр дәрежесі

- темір тапшылық анемия, маңызды дәрежесі

- жасырын темір тапшылығы

- гемолитикалық анемия

?

Паразитарды ауру хирургиялық емді талап ету мумкін, келесілерден пайда болса?

-трихинеламен

-острицамен

-актиномицетпен

+ альвеококкпен

-цистицеркпен

?

Эхинококк адам ағзасында таралады?

-ішек арқылы

-межфасциалдыкеңістікпен

+қан жүретін және лимфатикалыққан тамырымен

-зәр шығару жолымен

-өт шығару жолымен

?

Ойлап тапқыштық эхинококкты шектелуді адам ағзасынан көрсетіндер?

-бүйрек, буйрек усті, арқалы ми

-ішек-қерын жолы

+өкпе, бас ми, бауыр

-теріасты жасышасы, сүйек ми

-уйқы безі, көкбауыр

?

Адам аскарида жұқтыруы?

-егілу кезінде асептика бұзылған жағдайда

-тері жамылғының кейдесоқ зақымдану

-тамақпен паразиттердің жұмыртқасы аркылы

-ауыз шырышы бұзылған жағдайда

+паразит жұмыртқасын тамақпен жұту

?

Аскарида жұмыртқасы пісіп жетілу адамға жұқтырғанға дейін?

-адам ішегінде

-шикі етте

-жемісті консервалау кезінде

+топырақта

-піспеген сүтте

?

Қандай бауыр маныңда орналасқан эхинококтык киста келесі шиеленісуды тудырады?

- флеботромбоз төменгі тамырдың соңы

+механикалық сары ауру

-асцит

-ішек жүрмеуі

-тромбоз мезентериалды артерия

?

Лямблиоз кезінде лямблии басты түрде табылады?

-өңеште

-асқазанда

+аш ішекте

-соқыр ішекте

-тікішекте

?

Пельвиоперитонитте қандай аймақтар зақымдалады?

- тек қана жоғары қабат

- оң жақ бүйір канал

- сол жақ бүйір канал

- іштің барлық жері

+ кіші жамбас аймағы

?

Перитонитке не тән емес?

-бұлшықеттіңқатаюы

+ симптом Курвуазье

- пульстің жиілігі

- желдің шықпауы

- құсық

?

Жедел перитонитке тән клиникалық сатылар?

- продромальды, реактивті

+ реактивті, токсикалық, терминальды

- жеделдеу, терминальды

- токсикалық, реактивті, жеделдеу

- терминальды, продромальды, реактивті

?

Перитониттіңреактивтісатысында патогномды симптом ата?

- құсық

- іштің ауырсынуы

- қансыраған нәжіс

- желдің шықпауы

+ бұлшық еттің қатаюы

?

Перитониттің жиі себебі қандай?

-операциядан кейінгі асқыну

-іштің жедел жарақаты

-тесілген холецистит

-ішек өтімсіздігі

+тесілген аппендицит

?

Перитониттің дұрыс анықтамасын атаңыз?

+ іш пердесімен патогенді агенттің қатнасына организмнің реакциясы

- іш пердесі дегенеpациялық өзгерістер

- құрсақ қуысы ағзаларының арасында спайка құралуы

- іш пердесінің жарақаты

- паpиетальді іш пердесінің гипеpемиясы

?

Варикозды кеңею жиi болатын веналар?

- қол веналар

- ұрық шылбыры веналары

+ аяқ веналары

- геморроидальды веналар

- құрсақ қабырғасы веналары

?

Терең веналардың өтiмдiлiгiн бағалау үшiн қолданылатын функционалдық проба?

- Тальман

- Шейнис

- Гаккенбрух

+ Мейо-Пратт

- Броди-Троянов-Тренделенбург

?

Науқас 49 жаста.Тізе буындарындағы «стандарттыауырсынуға» шағымданады. Диагнозы.

- буындардың гонореялы зақымдалуы

- арнайы емес ойық жаралы колит кезіндегі полиартрит

- Бехтерев ауруы

- подагра

+остеоартроз

?

Пневмонияның рентгенологиялық белгісі:

+ оның сегменттері және бөліктерінің гомогенді қараюы

- Дамуазо сызығы

- сына тәрізді көлеңке

- ошақты көлеңке

- сұйықтық деңгейімен деңгелек көлеңке

?

Науқас 47 жаста. Шағымдары: тамақтан кейін 1,5-2 сағаттан соң және түнде пайда болатын сол жақ эпигастралды аймақта ауырсыну. Ауырсыну күшейгенде құсу байқалады. 5 жыл бұрын тесілген ойық жарадан қан кету себебімен ота жасалған. Нәжісте Грегерсен реакциясы (+++). Диагнозы.

- гипогликемия синдромы

- агастралды астения

- Петлиға алып келетін синдром

+анастомоздың пептикалық жарасы

- демпинг синдромы

?

П, 56 жаста. Жұтқыншақтың басылу сезімімен қосарланатын эпигасрийде ауыурсыну, ауа жетіспеуі, сол жақ қолдың ұйып қалуы мазалайды. Анкамнезінде асқазанның ойық жара ауруы, артериалды гипертензия. Қарау кезінде: іштің кернеуі, төсекте қалпын өзгерткенде ауырсыну өзгеріссіз. Диагнозы.

- созылмалы гастрит

- ойық жара ауруы, он екі елі ішектің ойық жарасының тесілуі

- өт шығару жолдарының дискинезиясы

- құрсақ қолқасы аневризмасының жыртылуы

+жедел миокард инфарктісі

?

М., 55 жаста. Тері жамылғысының және аққабықтың сарғаюына шағымданады. Анамнезінде созылмалы қайталанбалы панкреатит. Ретроградты панкреатохолецистографияда жалпы өт түтігінің айқын тарылуы анықталды. Сарғаюдың даму себебі.

+созылмалы панкреатит салдарынан жалпы өт түтігінің фиброздануы

- ұйқы безінде жалған жылауықтың пайда болуы салдарынан жалпы өт түтігінің қысылуы

- жалпы өт түтігіне енумен ұйқы безінің ісігі

- жалпы өт түтігінің ісігі

- холелитиаз салдарынан жалпы өт түтігінің тарылуы

?

Ер адам 56 жаста. Анамнезінде жиі қайталанумен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. 1 ай бұрын қан кетумен стационарда емделді. Ранитидинмен терапиядан кейін ойық жара тыртықтанды. Алдағы емдеу тәсілі.

- Н2-гистаминблокаторлармен үзілісті терапия

+Н2-гистаминблокаторлармен сүйемелдеуші ем

- хирургиялық ем

- сукральфатпен емдеу

- омепразолмен курсты терапия

?

К., 50 жаста. Оң жақ қабырға астында ұзақ –уақытты ауырсынуға және кернеу сезіміне шағымданады. Қарау кезінде Кера симптомы оң, дене қызуы субфебрилді. Зертханалық: ЭТЗЖ-30мм/сағ. Диагнозы.

+созылмалы холецистит, өршу фазасы

- созылмалы панкреатит, өршу фазасы

- асқазан ойық жара ауруы, өршу фазасы

- созылмалы гепатит

- бауыр циррозы

?

Науқас К. 40 жаста, жүргізуші. Анамнезінде 3 жыл бұрын асқазан кіші иінінің жарасы болған. Одан кейін аурудың өршулері болмаған. Диспенсерлік топ:

- «Д» 1

+«Д» 2

- «Д» 3

- «Д» 4

- «Д» тіркеуге алынбайды

?

Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинация жүргізілуде. Бала 7 жаста. Анамнезінде: балада БЦЖ вакцинациясынан кейін келлоидты тыртық дамыған. БЦЖ ревакцинациясына байланысты дәрігер тактикасы:

- күнтізбе бойынша егу

- 6 айға дейін медициналық үзіліс жасау

- 1 жылға дейін медициналық үзіліс жасау

+ревакцинация жасалмайды

- келлоидты тыртықты емдегеннен кейін жасау

?

Бронх демікпесімен науқасты жанұя арасында профилактикалық мониторингілеу кезінде жалпы тәжірибелік дәрігердің рөлі:

+ЖРА өз мезгілінде емдеу қажеттілігі жайлы ақпараттандыру

- бронхолитиктерді профилактикалық тағайындау

- бронх демікпесінің медикаментозды емес емдеу әдістерін жүргізу

- пульмонолог кеңесіне жіберу

- аллергендермен қатынаста болдырмаудың гигиеналық дағдыларын білмеу

?

Науқас П, 51 жаста, терапевтте созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі диагнозымен есепте тұрады. АҚ – 200/100 немесе 190/100 мм.с.б.б. Зәр талдауында ақуыздар – 2,5 мг, эритроциттер – 15-20 көру алаңында. Осы науқас үшін сәйкес келетін курортты фактор:

- батпақты

- бальнеологиялық

+құрғақ климат

- таулы

- теңіздік

?

Жедел калькулезді холециститпен ауыратын науқасты қандай бөлімшеге госпитализациялау керек:

- терапевттік

- инфекциялық

+хирургиялық

- интенсивті терапия

- гематологиялық

?

Науқас 42 жаста, гипергликемия анықталған. Қарағанда: мұрын, құлақ, төменгі жағының үлкеюі есебінен бетәлпеті іріленген, білек және табаны ұлғайған. Бассүйек R-граммасында: бассүйек күмбезі, шүйде төмпешігі сүйектерінің қалыңдауы, түрік ершігінің үлкеюі. Соматотропты гормон гиперпродукциясы. Болжамды диагноз:

- Қант диабеті

- Иценко-Кушинг ауруы

+Акромегалия

- Глюкагонома

- Кортикостерома

?

Стенокардияның қай сипаттамалары функциональды класты дұрыс бағалауға мүмкіндік береді:

+ауырсыну туындайтын күштеме деңгейі

-ауырсыну синдромын басуға қажетті нитроглицерин таблеткаларының саны

- ауырсынудың айқындылығы мен ұзақтығы

- ауырсынудың иррадиация аймағы

- ЭКГ көріністері

?

32 ж. әйел адам ЖЖ көлігін шақыртты. Толғақ тәрізді іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, жыныс жолдарынан қою түсті қанды бөліндіге шағымданады. Жағдайдың нашарлауы 2-3 сағатта. Етеккірдің тоқтағаны-15 күн. Жүктілік белгілері байқалмайды. Анамнезде: хроникальды сальпингоофорит, ретсіз етеккір. Объективті: тілі ылғалды. Іші әдеттегідей, тыныс алу актісіне қатысады, шекті кернеулі, оң жақ төменгі бөлігі мен бүйір жағы ауырады. Құрсақтың ққозу симпотомдары күмәнді. Жыныс жолдарынан бөлінулер қою түсті, ақырын.

Сіздің алдын ала қояр диагнозыңыз:

- альгодисменорея

+ жатырдан тыс жүктілік

- өздігінен басталған түсік тастау

- оң жақ аналықтың апоплексиясы

- күрделі апендицит

?

Науқас К.,20 жаста. ЖЖ шақырусебебі: іштің ауырсынуы. Эпигастрий аймағында ауырсыну,жүрек айну, бірреттік құсуға шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2-3 сағат, өздігінен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, есі анық. Температура 37,00С. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші қатайған, оң жақ мықын аймағында ауырсынумен. Щеткина-Блюмберга, Ровзинга, Ситковского симптомдары әлсіз оң. Гинекологиялық анамнезі ерекшеліксіз.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

- тоқ ішіек өтімсіздігі

+жедел аппендицит

- жедел холецистит

- жедел панкреатит

- жедел гастрит

?

18 жасар науқас К шақыру. Барлық денесінің ісңуі мен басының ауруына шағымданады. Басынын өткен баспадан кейін жедел ауырған. Мойнында және бетінде тез жайылған ісіңулер мен ентігу пайда болған. Диурез төмендеген. Объективті: жағдайы ауыр. Беті боз, ісіңген. АҚ 210/120 мм сын.бағ. зәрі «ет жуындысы» тәрізді. Осы жағдайдағы жедел жәрдем дәрігернің қандай іс әрекеті тиімді?

- уырсынуды басу

- урологқа қаралуды ұсыну

- иуретиктерді беру

+ ауқасты шұғыл ауруханаға жатқызу

- науқасты бақылау.

?

Аспазшы жаңа ғана пісірілген ботқаны өз үстіне төкті.Ауырсынудан айғайлап, мазасызданып қозу үстінде. Объективті: шалбарында тізеден табанға дейін теріде және сол жақ иықта жабысқан сұйық ботқа, кейбір жерлері қызарған, ісінген, мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер байқалады. Жарылған көпіршіктердің түбі – алқызыл, жылтыр, ауырсынады, кейбір жерлерінде құрғақ ақ дақтары бар. АҚ 110/75 сын. бағ, пульс 86 минутына, ырғақты.Термиялық күюдің қандай дәрежесі?

- Ι дәреже

- ΙΙ дәреже

+ΙΙΙ А дәреже

- ΙΙΙ Б дәреже

- ΙVдәреже

?

Ер адам, 52 жаста. Жүрек аймағында ыңғайсыздық сезімі, таралмайды, жүректің соғуының жиілеуі, ауа жетіспеуі сезімі. Анамнезде: жоғарыда аталған шағымдар психикалық күйзелістен кейін, 2 сағаттан кейін басталды. Өздігінен верапамил 40 мг таблеткасын ішкен, жақсару жоқ. Жедел медициналық көмек шақырған. Объективті: есі анық, қозу үстінде. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. ТАЖ-22 соғыс 1 минутта. Жүрек тондары әлсіріген, ырғағы дұрыс. Пульс 180 соғыс 1 мин., ырғақты, жай соғады. АҚ 100/70 сын.бағ. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, қарыншалық тахикардия, ЖЖЖ – 180 минутына.Осы жағдайда қандай дәріні таңдайсыз?

- изоптин

- корвалол

+лидокаин

- нитропруссид

- новокаинамид

?

Ер адам, 43 жаста. Төс астында ауырсынуға, қатты терлеуге, ентігуге шағымданады.Анамнезде: бұндай ауырсыну бірінші рет, нитроглицерин ауырсынуды баспады. ЖМК шақырды. Объективті: жағдайы ауыр. Тері қабаты ақшыл, ылғалды. Ерінде көгеру. Жастықсыз жатыр. Дем алу беткей, сырыл жоқ. ТАЖ- 28 мин. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс емес.ЖЖЖ 100-110 соғыс минутына. Пульсі жай 100-110 соғыс минутына, экстрасистолия. АҚ 80/40 сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауырқабырға астынан +3 см шығып тұр. Кіші дәрет жоқ. ЭКГ-да: III, aVF, V5-V6 тіркемелерде ST көтерілген. QRS комплексініңкезектен тыс өзгерістері байқалады.

Миокардтың қай бөлігі зақымдалған?

- оң қарынша

- сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасы

- сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы

+сол жақ қабырғаның артқы бүйір қабырғасынан

- сол жақ қарыншаның алдыңғы жүлгесінен

?

Ауру, 58 жаста. Бел аймағында ұстама тәрізді ауырсыну, зәрі қан аралас. Анамнезі: кенеттен бүйректің коликасы басталды.Кішкенеден соң макрогематурия көрінді. Объективті: жағдайы орташа. Өкпе мен жүректе патологиялық өзгеріс жоқ.Қандай патологияжайында ойлануға болады?

- гидронефроз

- уретеролитиаз

- бүйрек ісігі

+тостағаншада тас

- қуықта полиптер

?

Ер адам, 53 жаста. Тұншығуға, дем шығар кезінде ентігуге, қорқыныш сезімі және қатты әлсіздікке шағымданады. Анамнезде 15 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады, 3 жыл бойы гормональды терапия алған, сальбутамол ингаляторын күнделікті қолданады. Үйін жинап болғаннан кейін, танертең жағдайының нашарлауы басталған.ЖМЖ келгенше 30 минут аралықта сальбутамолдың 4 дозасын ішкен, жағдайы жақсармаған. Объективті: жағдайы ауыр. Төсектегі қалпы – ортопное. Есі анық. Ерінде, мұрын үшбұрышында қатты көгеру, акроцианоз, беттің гиперемиясы. Өкпеде қатаң тыныс, барлық аймақта алыстан естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар, экспираторлы ентігу, ТАЖ– 34 соғыс минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ және пульс – 100 соғыс минутына, АҚ 160/100 сын.бағ.Ауруда қандай жағдай дамыды?

- өкпенің сусіңділінуі

- миокард инфарктісі

+астматалық жағдай

- крупозды пневмония

- респираторлы Дистресс-синдром

?

Ауру, 28 жаста. Құрсақ асты маңайында жедел «пышақ сұққандай» ауырсыну, профузды терлеу, жүрек айну, жалпы әлсіздік. Анамнезде: 5 жыл бойы асқазанның ойық жарасы ауруымен ауырады. Жоғарыда аталған шағымдар диетаның бұзылуымен және арақ ішкен кезінде байқалады. Объективті: аурудың жағдайы орташа, есі анық, тері қабаты ақшыл, ылғалды. Өкпеде және жүректе патология жоқ. Іші қатты, «тақта тәрізді», құрысқан, дем алу актісінде қатыспайды.Осындай жағдайға қандай мәжбүрлі қалып тән?

+"бұйығу"қалпы

-тізе-білектік

- жиі қалпын өзгерті

- денесін тіктеп отырған күйде

- аяғын созып оң жақ бүйірінде отырған қалыпта

?

Әйел, 30 жаста. Жүректің соғуына, жүрек жұмысының тоқтап қалу сезіміне,ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы орташа, есі анық. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ– 18 соғыс минутына.Жүрек тондары тұйық, аритмиялы. Пульсіәлсіз толыққан, ритм дұрыс емес, 68-90 соғыс минутына. АҚ 90/60 сын.бағ ЭКГ-да: ырғағыдұрыс емес, құлақшаның фибрилляциясы, АВ –ның толық блокадасы бар.Осы ЭКГ өзгерістері қай синдромға тән?

- Бахман

- Венкебаха

+Фредерик

- Синусты түйіннің әлсіздігі

- Вольфа-Паркинсона-Уайта

?

Ер адам, 46 жаста. Тез жаяу жүрсе, төс маңында қысып және қақсап ауырсынуға шағымданады. Анамнезде: 5 жыл бойы ЖИА-мен аурады, 5-6 апта бұрын (жедел коронарлы синдром) ЖКС-мен ауырған. Объективті: жағдайы орташа, есі анық, тері қабаты қалыпты. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондарытұйық, дұрыс ырғақты. АҚ 130/90 сын.бағ.ЖЖЖ және пульс – 86 соғ. минутына. ЭКГ-да ырғағы дұрыс, синусты,дұрыс орналасқанЖОС-і. I, aVL, V1-V2тіркемелерінде патологиялық тісше Qжәне терісT тісшесі.Бұл ауруда инфарктың қандай сатысы?

- жедел

- тыртықтық

+жеделдеу

- өте жедел

- қайталамалы

?

Ер адам, 28 жаста. ЖМЖ-ді шақыру себебі жолдағы транспорт апаты. Объективті: жағдайы орташа, есі анық. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.ТАЖ– 18 соғ. мин. Жүрек тондары қатты, дұрыс ырғақты. АҚ 90/50 сын.бағ., ЖЖЖ – 100 соғ. минутына, пульс – 100 соғ./мин. Жергілікті сол жақ санның деформациясы және қанаған жара көрінеді.Шоктық индекс қалай анықталады?

- САҚ-ның ДАҚ-ға қатынасы

- САҚ-ның пульс жиілігіне қатынасы

- ДАҚ-ның пульс жиілігіне қатынасы

- пульс жиілігінің ДАҚ-ға қатынасы

+пульс жиілігінің САҚ-на қатынасы

?

Истериялық ұстамаға тән талма ұстамасы бар науқастың белгілерін көрсетіңіз:

- ұстама алды белгілері

- тілін тістен алу

+сыртқы вегетативті реакциялардың болмауы

- суық тер

- қарашық реакциясының болмауы

?

Науқас 20 жаста, жиырылғаннан кейінгі бұлшықеттерді басаңсыта алмауы, жүре бастаған кездегі ауырсынуға шағымданды. Объективті: науқас дене бітімі атлетті. Неврологиялық балғашықпен бұлшықеттен ұрғанда төмпешік пайда болады. Әкесі мен ағасында да осындай ауру. Сіздің диагнозыңыз?

- Шарко-Мари ауруы

- Дюшена ауруы

+Томсен ауруы

- Штрюмпеля ауруы

- Ландузи-Дежерина ауруы

?

Науқас 12 жаста аяғының тез шаршауына және қиын қозғалысына шағымданады. Объективті: бұлшықет тонусы, аяғының сіңір рефлексі жоғары, патологиялық табандық белгілер анықталады, клонустар. Осындай ауру әжесінің сіңілісінде болған? Сіздің диагнозыңыз?

- Дюшенна ауруы

- Фридрейх ауруы

-Ландузи-Дежерин ауруы

+Штрюмпель ауруы

- Кугельберг-Веландер ауруы

?

Науқас ауыр,азаптанатын,жағымсыз сезімге,дененің және ішкі ағзалардың әр жерінен шығатын сезімге шағымданады.Сезім өте ерекше,науқас мынандай қылыққа ие болады: "баста атқылау сезімі","ми ауысып жатқандай","өкпеде өрт", "ішектердің айналып кетуі". Обьективті зерттегенде ішкі ағзаларда ақау болмайды.Қандай психопатологиялық сиптомды ойлауға болады?

-жалған галлюцинация

-шынайы галлюцинация

+сенестопатия

-гиперестезия

-гипостезия

?

Науқас Д. 67 жаста "саркома"диагнозымен оперативті ем үшін хирургиялық бөлімшеге жатқызылған.Бірақ радикальды операциядан бас тартты.Бас тартудың себебі дәрігерлік диагноздың дұрыс қойылғандығына күмәнінің болуы.Бет аймағындағы ісінудің болуын "қандай да бір қабынумен байланыстырады".Тезірек шығаруды талап етеді және қосымша тексерілулерден бас тартады.Өзінің көз қарасына мықты сенім білдіреді.Жиі бір фразаны қайталайды "дәрігерлер жиі қателеседі".Шығарғаннан кейін емші көмегіне жүгінетіне өзін дайынайды.Науқастың ауруға деген көз қарасының типі?

-ипохондриялық

+анозогнозиялық

-нормогнозиялық

-диссимуляция

-симуляция

?

Науқас әйелі бар кезде дәрігермен байсалды әңгімелесті,кейін онымен жеке бөлмеде қалғанда аяқ астынан ауыр жазба приборын алып дәрігердің басынан бір ұрды.Содан ейін дәрігерлер оның бұл түсініксіз жағдайын анықтағанда мынаны айтты: бірнеше жыл бұрын бұл дәрігер науқастың жеке заттарын тексерген кезде оның сірінкесін қауіпті зат болғандықтан алған екен.Бұл науқасты ренжіткен,үнемі оны есіне алған және қалай кек алуды іздеген.Бұндай іс-әркет қандай ауруға тән?

-невроз

-сенильді деменция

+эпилепсия

-маниакалды-депрессивті психоз

-органикалық галлюциноз

?

Науқас В., 35 жаста.Операция жасағанда (холецистэктомия 2 ай бұрын) хирург оған тігіспен бірге аппарат қосып тігіп қойды,онымен мені тыңдайды деген шағыммен психиатрға келеді.Науқас нақты аппарат іш қуысында орналасқанын, одан жылуды сезетінін, дыбыстарды еститінін,науқасқа бағыт беретінін айтады.Керемет ғылыми зерттеуге қатысқанын айтады,мадақтауды қажет етеды.Әңгімелесу барасында үндемейді немесе басқа нәрсені тыңдайды.Синдромды атаңыз:

-паранойяльды синдром.

-Котар синдромы

+параноидты синдром.

-ұлылық ой синдромы

-жабысқақ ойлар синдромы

?

Жұмыс қызметкерлері қабылдау бөліміне шұғыл түрде әріптесіне көмектесуді сұрап келеді,ренжітпейтін ескертуге бола өз жұмыс орнынан атып тұрап,"жәбірленушіні"балағатай бастады.Оны сызғышпен ұрғысы келді, әдепсіздік көрсетіп боқтау сөздер айтты,ызалы болды.Бұл жағдай 10 мин. созылды.Сосын оның мінез-құлқы бірден өзгерді, тынышталды және жұмыс істеуге отырды.Әріптестерінің айтуынша бұл жағдай үзіліссіз күн сайын қайталайтын болған.Бұл кезеңде есі сақталған.Науқаста қандай жетекші синдром?

-галлюциноз

-маниакальды қозу

+дисфория

-параноидты синдром

-делирий

?

Науқас М., 30 жаста. Психиатриялық стационарда жатыр.3 күн арасында әңгімеге мүлдем түскен жоқ,бөлімшеде ешкіммен араласпай өзімен өзі жүреді.Біраз уақыт өткеннен өзін басқа әлемде болғанын,ол әлемде әр адамның өзінің нақты нөмері болатынын айтады.Науқастың номері 1110.. «Барлық адамдар және мен жатып қозғалдық.барлығы сары тұманда болды». Бүкіл әлемнің адамдары теңіз тілінде сөйлейді.Қорқынышты болды,бірақ қызық.Өкінішті менің ол жақтан қайтып келгенім.».Синдромальды диагноз?

-сананың күңгіртену синдромы.

-аментивті синдром.

-амнестикалық синдром.

-Котар синдромы.

+онейроидты синдром.

?

Ер адам, 47 жаста. Кенеттен 25-30 минут бұрын пайда болған, кеуде тұсының қатты керіп ауырсынуына, ентігуге, бас айналуға, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, іштің кебуіне, құсуға әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, дененің жоғары бөлігінде қара түстес қатты көгеру, мойын веналарының ісінуі, құрсақ үсті аймақта пульсация және аяқта ісіну. Дем алуы сирек, аритмиялы.Аускультация кезінде: оң жақ өкпеде әлсіз тыныс естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, II тонның күшеюі, екі еселенуі, өкпе сабауында систолалық шу. АҚ – 70/50 сын.бағ., ЖЖЖ – 120 минутына. Іші кепкен, оң жақ қабырға астында ауырсыну, бауыр +4 см ұлғайған ауырсынады.

Осындай клиникалық жағдайда қандай дәрі беру қауіпті?

- гепарин

- фентанил

+лидокаин

- папаверин

- норадреналин

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 1.Науқас жедел трансмуральды миокард инфарктісінің клиникасымен стационарға жеткізілді, АҚ 60 және 40 мм. сын. бағ, пульсі жіп тәрізді, тері қабаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.126 сек.)