Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биік қабатты ғимараттарда өрттерді сөндіру белгілі бір қиындық түрінде болады, өйткені тағайындалуы, қабаттылығы және 8 страница



бұдан әрi ӨБОП (ББП) тұрақты байланыс ұстап, қабылдаған шешiмдер және өрттегi жағдайдың жайын әлсiн-әлсiн хабарлауға;

қосымша күштер мен құралдарды бөлшектемей, бiр мезгiлде шақыруға және олардың кездесуін ұйымдастыруға;

өртке аға бастық келген соң жағдайды, өрт сөндiру жөнiнде қабылдаған шешiмдер туралы, өрт орнында қандай күштер мен құралдардың барын, iс-қимылға енгiзгендiгiн, қосымша шақырылғандығын баяндауға;

жағдайға байланысты өрттеге жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орнын анықтауға;

жедел штабқа өзiнiң тұрған орны мен барлық қабылдаған шешiмдер туралы хабарлама беруге;

тікелей немесе жедел өрт сөндіру штабы арқылы өрттегі жауынгерлік іс-қимылдармен қамтамасыз етуге;

еңбекті қорғау ережелері мен техника қауіпсіздігінің талаптарын орындауға;

қамтамсыз ету, өрт сөндіруге қатысушылардың назарына олардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп-қатердің болуы туралы жеткізуге;

басшы құрамның арасынан техника қауiпсiздiгi шараларын сақтауға жауапты тұлғаны тағайындауға;

қажет болған жағдайда медициналық көмек бекетiн ұйымдастыруға;

күштер мен құралдардың резервiн құруға, жұмыс iстеушiлердiң демалуына, жылынуына және құрғақ киiм ауыстырып киюiне мүмкiндiк берiп, әлсiн-әлсiн ауыстыруға;

өртке әртүрлi бағыттан күштер мен құралдар келген жағдайда, тыл бастығына жүрiп тұру және байланыс құралдары бар көмекшiлердi бөлуге;

өрт сөндіру барысында жұмыстың қарқынын тоқтатпай су қорын тауысқан өрт сөндіру автоцистерналарына су құю мүмкіндігін пайдалану;

өрттi сөндiруге тартылған қызметтермен (қоғамдық тәртiп сақтау, энергетикалық, су құбырының, газдың, медицинаның және басқа) өзара iс-әрекеттiн ұйымдастыруға, объектiдегi инженер-техник қызметкерлерiмен тұрақты байланыс ұстауға және объектiнiң нұсқамалары мен нұсқауларын ескере отырып, өрт сөндiрудiң тәсiлi мен құралдары туралы шешiм қабылдауға;



өрт туралы актіні толтыру;

оның шыққан негiзгi орынын, артық бұзылудан сақтауға, өртке себеп болған заттарды анықтап сақтауға, шара қабылдауға, сондай-ақ өрт туралы акт жасауға қажеттi мәлiметтер жинауға, бұл үшiн сынау зертханасының анықтама қызметкерлерiн қатыстыруға;

өрттiң жойылғанына өзiнiң көзiн жеткiзуге, сөндiрiлген өрт орынына бақылаудың қажеттiлiгi және мерзiмiн анықтауға;

көшiру, төгiлген судан сақтау шараларын iске асырып, құқық қорғау қызметкерлерi келгенге дейiн көшiрiлген материалдық құндылықтарды күзету шараларын қабылдауға;

егерде өртте штаб құрылмаса, Жарғының 132, 144-146 тармақтарына сәйкес жедел штабқа жүктелген тапсырмаларды орындауға міндетті.

55-билет

Тыл – бұл жауынгерлік іс-қимылдарды қамтамасыз етуші, күштер мен құралар енгізілген, өртке жататын аумақ. Өрттегі тылды тыл бастығы (ТБ) басқарады, оның міндеттері ӨҚОЖЖ анықталған.

Тыл тапсырмасына жататындар:

· су көздерін барлауды ұйымдастыру;

· өрт автокөліктерін күтіп алу және оларды су көздеріне орналастыру;

· от сөндіргіш заттарды үздіксіз беру және өрт техникасының жұмысын қамтамасыз ету;

· магистралды жең желілерін күзету;

· жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, күштер мен құралдар резервін құру;

· жеке құрамды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

Өрт сөндіру практикасында өртті сөндіріп жатқан шығу ауданындағы бөлімше басшысын тыл басшысы етіп тағайындайды, өйткені ол сол объектінің, ауданның жедел-тактикалық сипаттамасын жақсы біле отырып, өз міндеттерін атқара алады.

Мынадай да жағдайлар болады, бірінші келген ӨСБ өрттегі шешуші бағытты анықтай отырып, бұл бағытта жауынгерлік учаске басшысын тағайындайды, ал өзі тыл жұмысын басқарады, бөлімшелерді күтіп алады және жауынгерлік учаскелерге бағыттайды. Бұл, өрттегі жағдай жеткілікті түсінікті болғанда, ал өрттің таралу жылдамдығы қысқа уақыт аралықтарында мобильді сөндіру құралдарын енгізуді қажет ететіндігімен дәлелденген.

Өртте жедел штаб болмағанда, тыл басшысының ролі біршама арта түседі: оған өртте байланыс пен жарықтандыруды ұйымдыстыру қажеттілігі пайда болады, сол сияқты қаланың немесе объектінің басқа қызметтерімен әрекеттесуі.

Тыл басшысында планшет немесе су көздерінің анықтамасы, сол сияқты жауынгерлік тапсырманың мазмұны болуы тиіс. Тыл басшысы өз жұмысында объектілердің өрт сөндіру жоспарлары мен кәртішкелерін қолданады, онда жақын су көздерінің рационалды пайдалануын қамтамасыз ететін барлық мүмкіндіктер, жең желілерінің негізгі бағыттары, су құбырының түрі және диаметрі қарастырылуы тиіс.

Егер магистралдық желілер және қажетті оқпандар санының шарттары бойынша суды қотару қажет етілсе, онда қотару сатыларының мөлшерін, олардың арасындағы қашықтықтарды және басты сорғышты орнату орнын көрсету керек. Су қоймасы бар болған жағдайда, оның көлемін, су көзіне бару жолын, су алу биіктігін, су қоймасын толтыру әдісін көрсету қажет.

Өрт сөндіру жоспарындағы тыл сұрақтарының өңдемесі, терең мағыналы және өрттегі тылдың ролі мен негізгі жағдайларын практикада қолдануды ұсынады. Айта кету керек, жоспардағы автокөліктерді орналастыру және магистралды жең желілерін өткізу позициялары уақыт аралығында есептелген, яғни бірінші автокөлік пен магистралды желі шешуші бағытта, ал келесі автокөліктер мен жең желілер қосымша оқпандарды беруде пайдаланылуы тиіс.

Күштер мен құралдар түрлі көшелерден келгенде және жең желілерін бірнеше бағытта өткізгенде, ең алдымен рационалды сызбалар және магистралды желілер ұзындығын, оларды салу уақытын және жұмыс параметрлерін есептеп, мұны жоспардың графикалық бөлігінде көрсету қажет.

Өрттегі тыл жұмыстарының сұрақтары әрбір қарауылдың өрт сөндіру жоспарына сәйкес өрт-тактикалық сабақтарында өңделуі тиіс.

Өртте жедел штаб жұмыс істегенде, тыл басшысы штаб құрамына кіреді және штаб басшысы мен ӨСБ бағынады. Тылдың ұйымдастыру жұмысы оның жауынгерлік тапсырманы нақты және түсінікті анықтауына тәуелді. Өрттерде тылды күшейту қажеттілігі көп жағдайларда құрылады. Ондай жағдайлар болып табылады:

· өртте күштер мен құралдарды түрлі бағыттарда енгізу мүмкінділігі;

· алыс су көздерінен сумен қамтамасыз ету;

· әр түрлі от сөндіргіш заттар түрін қолдану.

Көрсетілген жағдайларда ӨСБ тыл басшысына басқарушы құрамнан бір-үш адамды, сол сияқты қажетті транспорт және байланыс құралдарын жіберуі тиіс.

ӨСБ тылды радиостанция немесе телефондары бар жауынгерлік есептен бөлінген жедел штаб және байланыстырушылар арқылы басқарады. Өрт сөндіру барысында тыл басшысы өрт автокөліктерін су көзіне орналастыру сызбаларын, өрт сөндірудің жедел кәртішкесін толтыру үшін штаб бастығына қажетті мәліметтерді құрады.

Өрт сөндірудің ең негізгі табысты шарты, бөлімшелердің жауынгерлік позицияларына үздіксіз су беру болып табылады.

Өрт орнына жақын жерде су қоры болмаса, онда су өрт және шаруашылық автоцистерналарымен немесе қотару арқылы беріледі. Бұл жағдайда жауынгерлік қанат жаю, өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды енгізу табыстылығы тек өрт бөлімшелерінің жедел қимылдарына ғана емес, сонымен қатар командирлердің ұйымдастырушылық, инженерлік және тактикалық ерекшеліктеріне және ең бастысы ТБ байланысты.

56-билет

ТБ басшы құрам қатарынан тағайындалып ӨСБ, жедел штаб бастығына бағынады және өрттегi тыл жұмысына жауап бередi.

Жауынгерлiк шепке шығарылмаған күштер мен құралдар ТБ-ң қарамағына, атап айтқанда негiзгi, арнаулы немесе көмекші өрт автокөлiктерi және басқа да тез әрекет етуші техникалық құралдар (жанар-жағар май тасымалдағыштар, автошебер, автобустар және т.б.), сондай-ақ басқа да өрт сөндiргiш құралдар резервi, ӨТЖ берiледi.

Тыл жұмысын әр бағытта басқару үшiн ТБ-на көмекшiлер тағайындалады.

Тыл бастығы:

су көздерiне барлау жүргiзуге, сорғыш-жең жүйесiн таңдауға;

өрт техникаларын күтiп алып, су көздерiне орналастырылуын ұйымдастыруға;

күштер мен құралдардың резервiн шоғырландыруға;

ӨСБ, жедел штабтың бастығына суды айдауды немесе тасып берiлуiн ұйымдастыру үшiн өрт автокөлiктерiнiң қажеттi санын баяндауға;

от сөндiргiш заттарды үзiлiссiз беруiн қамтамасыздандыруға қажетіне қарай өрт орнына арнайы от сөндiргiш заттар мен материалдардың жеткiзiлуiн ұйымдастыруға;

қаланың, объектiнiң су жабдықтау қызметiмен бiрге өзара iс-қимылын ұйымдастыруға;

жеке құрамды резервтiк жауынгерлiк киiммен және тыныс мүшесiн қорғау құралдарымен қамтамасыз ету шараларын қабылдауға;

өрт техникаларын ЖЖМ-мен және басқа пайдалану материалдарымен уақытылы қамтамасыз етуге;

жең жолдарын қорғауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар жол полициясы қызметкерлерiмен тыл учаскесiнде қаланың көлiк қимылын ретке келтiрудегi өзара iс-қимылдарды жасауға;

қажетiне қарай өрт автокөлiктерi мен жабдықтардың жұмысын қалпына келтiрудi ұйымдастыруға;

өрт техникаларының жұмысын, от сөндiргiш заттары мен материалдарының есебiн жүргiзуге, өрт автокөлiктерiн су көздерiне орналастыру мен магистралдық жең жолдарын жаю схемасын құруға міндетті.

Тыл бастығы:

тыл жұмысында iс-қимыл жасаған өрт сөндiруге қатысушыларға өзiнiң құзырымен нұсқау беруге;

өрттi сөндiруге қатысушылардан және елдi мекендегi, объектiдегi өмiрлiк маңызы бар қызметтердiң, сондай-ақ өртке келген iшкi iстер органының лауазымды тұлғаларынан мiндеттерiн, сонымен қатар оперативтiк штабтың және өз нұсқауын орындауын талап етуге;

ӨСБ және жедел штабқа өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдардың резервiн құру қажеттiлiгi туралы ұсыныс беруге;

ӨСБ, ШБ келiсiмiмен, өрт орнына қажеттi материалды-техникалық ресурстар жеткiзу туралы кезекшi диспетчерге нұсқау беруге құқылы.

45-билет

Өрт сөндіру басшысының негізгі тапсырмасы ең алдымен ғимараттардағы өрттердің жалпы параметрлерін анықтау және соның негізінде ең тиімді өрт сөндіру әдістері мен тәсілдерін пайдалану болып табылады.

Бізге белгілі, кез келген өрттің жалпы әрекеті ұйымдастырылмаған жану процессі болып табылады, ол газалмасу жоқ болса мүмкінсіз – жану аймағына таза ауаның жану өнімдерімен араласуы.

Ғимараттардағы өрттер кезінде газалмасу шарты ашық кеңістікте өтетін өрттерден біршама ерекшеленеді. Ашық кеңістіктегі газ алмасу тек жану өнімдері температуралары және ауа атмосферасына тәуелді, ал ғимараттар өрттеріндегі газ алмасу сол сияқты ғимараттың архитектура-құрылыстық, технологиялық сипаттамасына және көлемді-жоспарлы шешімдеріне тәуелді.

Ғимарат бір немесе бірнеше түрлі тағайындаулы бөлмелерден тұратын архитектуралық имарат түрінде болады. Сондықтан ең алдымен ғимарат бөлмесіндегі өрт жағдайын анықтайтын жалпы факторларды қарастырамыз.

Ғимараттың кез келген бөлмесіндегі өрт жағдайы берілген уақыт сәтінде келесі негізгі орта көлемді параметрлер күйімен сипатталады: жанып жатқан бөлме көлеміндегі газды орта тығыздығымен,қысымымен, температурамен, газды ортаның концентрация компоненттерімен.

Ғимарат бөлмелеріндегі өрттің дамуы кезінде бұл параметрлердің өзгеруі болып табылады:

· агрегаттық күйі, өрт ауыртпалық шамасы және оның бөлмеде таралуы;

· бөлмелерде өрттің дамуы кезіндегі газ алмасу коэффициенті Кг.

Кг газ алмасу коэффициенті қоршағыш конструкциялардағы саңылаулардың Sо еден ауданына SП қатынасымен түсіндіріледі.

(1)

Бөлмелерде өрттің дамуы кезіндегі жоғарыда көрсетілген факторлардан негізгі орта көлемді параметрлер күйі әрбір уақыт сәтінде әр түрлі болады, оған Ресейдің ВНИИПО МВД өткізген зерттеулер нәтижелері куә бола алады (табл. 1).

Сынақ №

SП, м2

SО, м2

Бөлме биіктігі, м

Өрт ауыртпалығы, кг/м2

Орта көлемді темпера­тура, ˚С

Өрт ұзақтылығы, мин

 

28,9

9,6

6,4

   

22,5

 

28,9

4,8

6,4

   

42,5

 

26,4

4,1

3,2

   

53,2

 

28,9

4,8

6,4

   

80,0

 

35,0

5,4

3,2

   

52,5

Бірінші тәжірибеде шама 0,33 тең, ал екінші және бесіншіде – шамамен 0,16 тең. Зерттеу

 

 

объектілерін сипаттайтын басқа берілгендерді анализдей отырып, айтуға болатыны, екінші және үшінші тәжірибелерді өткізу шарты тек бөлме биіктігімен ерекшеленген, екінші және төртіншісі - өрт ауыртпалығы шамасымен, үшінші және бесіншісі – бөлме еденінің ауданымен, ал бірінші және екіншісі – газ алмасу коэффициентімен.

Кесте 1

8.1. кестесінің берілгендері бойынша (сур. 8.1) графигі тұрғызылған. сур. 8.1 көрсетілгендей, ең жоғарғы температура бесінші сынақта, ал өрттің ең үлкен ұзақтылығы – төртте.

Граиктер анализының негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:

· бөлменің қоршағыш конструкцияларындағы ойықтар ауданының және олардың биіктігінің ұлғаюымен температура төмендейді және жану жылдамдығының жалпы өсуінде өрт ұзақтылығы қысқарады;

· өрт ауыртпалығының ұлғаюымен өрт ұзақтылығы мен температурасы да ұлғаяды;

· бірдей өрт ауыртпалығы кезінде ғимарат бөлмелеріндегі өрттің даму ерекшкліктері газ алмасу коэффициентіне және берілген бөлме биіктігіне тәуелді.

 

46-билет

Шатырдағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:

ережедегiдей, бiрiншi оқпандарды саты торлары бойымен беруге;

түтiндi кетiру, температураны түсiру, шатыр бөлмелеріне оқпандарды беру үшiн шатырды ашуды ұйымдастыруға;

жабу оқпандарын, шашырату оқпандарын беруге, дымқылдатқыш пен көбiктi қолдануға;

оқпандарды екi бағытта: саты торлары және шатыр жағынан (шатыр терезесi және ашылған шатыр жапқыш арқылы) беруге;

жанып жатқан төбенi шатыр жағынан да, төменнен де алуға ұйымдастыруға;

қашанда ғимараттың жоғарғы қабатында резервтегi оқпандарды ұстауға;

тiк және мұзды шатырларда жұмыс iстеген кезде қауiпсiздiк шараларын қолдануды қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

35- билет

Мұражайлар мен көрмелерді тарихи немесе архитектуралық құндылығы бар арнайы немесе лайықтандырылған ғимараттарда орналастырады. Бұл ескі құрулы ғимараттарында қабат аралық жабындылар, ара қабырғалар және басқа да конструкциялар мәнді бостықтармен. Едендерді дайындау үшін құнды ағаш тұқымдары пайдаланылады, ал бұл ғимараттың ішкі жасалуында көркем жазулар, жасаулар және архитектура-көркемдік ағаштан жасалған конструкциялар (колонналар, пилястрлар) кеңінен қолданылады.

Жабындылардағы қалыпты табиғи жарықталуды жарық фонарлары қамтамасыз етеді.

Мұражай және көрме ғимараттарында микроклиматты қолдау үшін тармақталған желдету, ауаны тазарту жүйесі орнатылады, ал кейбір кезде ағаштан жасалған арақабырғалар, жабындылар арқылы өткізілетін ауалы жылытылу.

Экспозиционды залдардағы өрттің тез дамуына түрлі экспонаттардың, ағаштан жасалған стендтердің және басқа да жанғыш материалдардың көптігі әсер етеді. Экспонаттардың бір бөлігі, әсіресе көркем суреттер, залдар мен өтпелердегі стендтерге ілінеді. Залдар мен өтпелер декоративты материалдардан және драппировкадан жасалады.

Мұражай және көрме ғимараттарында экспонаттардың көп мөлшері арнайы жеке бөлмелерде немесе жер асты үйлеріндегі қоймаларда сақталады.

Жұрттық кітапханалар арнайы салынған ғимараттарда немесе қоғамдық ғимараттардың, клуб және мәдениет сарайларында орналастырылады. Кітапханалар мен мұрағат сақтау орындарының негізгі бөлмелері әдебиет және құжаттарды сақтайтын қоймалар, оларды өңдеу бөлмелері және оқу залдары болып табылады. Қоймалар ғимараттардың көп қабатты бөлігінде орналасады, олардың қабат аралық жабындылары мықты төзімділікті, ауыртпалығы 200 кг/м2 және үлкен отқа төзімділік шегімен. Әдебиет және құжаттарды арасында өтпелері бар бір немесе бірнеше қабатты ағаш стеллажадрда сақтайды.

Әдебиеттерді және құжаттарды қоймадан беру үшін, кітапханалар мен мұрағат қатарында әдебиеттерді өңдеу және қойма бөлмелерімен қосатын тік және көлденең конвейерлер орнатылады. Орталық кітапханаларда сирек кездесетін кітаптар, қолжазба бөлімдері, кітаптар мен құжаттардың фотокөшірме қоймалары болуы мүмкін. Оларда өте бағалы кітаптар мен құжаттар сақталады.

Кітапханалардағы барлық әдебиеттер есептемесі жеке бөлмелерде орналасатын каталогтарға енгізілуі мүмкін. Мұражай, көрме және кітапханаларда қойма бөлмелері және шеберханалар болуы мүмкін

Мұражай және көрме ғимараттарында өрттер пайда болған кезде от жиһаз, экспонаттар мен стендтер, сол сияқты залдан залға өтетін өтпелер арқылы тез таралуы және адамдарды көшіру жолдары мен үлкен материалдық құндылықтарға қауіп төндіруі мүмкін. Жоғары температурадан жарық фонарлары бұзылады, ауаның және жану өнімдерінің қуатты, коныекционды ағындары түзіледі.

Ескі құрылыс ғимараттарында от архитектуралық конструкциялар, жабындылар мен қалқалар, желдету каналдары бойымен таралуы мүмкін.

Жеке экспонаттар мен декоративты материалдар жанған кезде адам өміріне қауіпті жанғыш өнімдердің көп мөлшері бөлінеді.

Кітапханалар мен мұрағат сақтау орындарындағы өрттер кезінде кітап сақтау бөлмелерінде қуатты конвективті ағындар түзіледі. Кітаптар, журналдар, құжаттар жанған кезде түтін көп мөлшерде бөлінеді. Кітап сақтау орындарындағы өрттер стеллаждардың бұзылуына және олардың арасындағы өтпелердің құлатылуына әкеледі. От пен түтін көтергіштер шахталары, конвейерлер және басқа да коммуникациялар бойымен тарала алады. Әсіресе ең қауіптісі оттың сирек кездесетін әдебиет, қолжазба, микроқабықша қоймаларында таралуы болып табылады.

Өртке келісімен ӨСБ қызмет көрсетуші тұлғалармен байланысты орнатады және барлауды бір немесе бірнеше бағытта ұйымдастырады. Барлауда ӨСБ өртпен қамтылған адамдардың бар болуын, құтқару қажеттілігі мен әдістерін; құдылықтардың орналасу орнын және оларға қауіп төнуін; өрт сөндіру үшін қандай жергілікті құралдарды пайдалануға болатынын; материалдық құндылықтарды көшіру ретін және қажеттілігін, сол сияқты оларды оттан, түтіннен және төгілген судан қорғауды анықтайды.

Барлауды өткізу процесінде бөлмелердің түтіндеуін болдырмай, түтінді сыртқа шығарады. Ескі құрылыс ғимараттарында бостықтар және конструкциялар, желдету каналдары бойынша оттың таралуын шектеу шаралары қабылданады. Желдеткіш және калориферлі жүйелерді сөндіреді, кітапханалар мен мұрағат сақтау орындарының конвейерлерін тоқтатады.

Если создается угроза людям, РТП немедленно организует их эвакуацию из залов и других помещений с помощью обслуживающего персонала и принимает меры к предотвращению паники.

Егер көшіру жолдары және адамдар орналасқан бөлмелер отпен шектелген немесе түтінденген болса, онда бұл бөлмелерден адамдарды өрт сөндірушілер құтқарады. Адамдарды құтқаруды ұйымдастыру және әдістері көрме мекемелеріндегі құтқаруға ұқсас.

Жең желілерін салу үшін, ереже бойынша, резеңкеленген жеңдер қолданылады, бірінші кезекте құрғақ құбырлар. Келушілерді көшіріп болғаннан кейін, сол сияқты жұмыс жоқ уақытта өрттер пайда болған кезде, жауынгерлік қанат жаюды өткізу үшін сөндіруге оқпандарды еі тиімді жолдармен енгізеді.

 

 

42-билет

Егер өрт экспонаттарға және басқа да құндылықтарға қауіп төндірсе, онда от сөндіргіш заттарды бір уақытта енгізумен қатар, өңделген жоспарға сәйкес көшіруге кіріседі.

Көшіру кезінде қызмет көрсетуші тұлғалардың нұсқауларын қатал түрде сақтайды. Кішірек экспонаттарды жәшіктерге, қаптарға және басқа да ыдыстарға салады және қауіпсіз жерлерге апарады. Көшірілмейтін үлкен экспонаттарды брезентті жабындылармен жабады және қажет болса сумен суландырады. Үлкен құндылықты экспонаттарды қызмет көрсетуші тұлғалармен қауіпсіз бөлмелерге шығарып, бірінші кезекте көшіреді және оларды күзетуді ұйымдастырады.

Кітапханалардағы өрттер кезінде жанбайтын кітаптарды тек өрт сөндіру бойынша бөлімшелердің жауынгерлік жұмыстарына бөгет келтірген кезде көшіреді. Жанбайтын стеллаждарды берзентті және басқа да материалдармен жабады, қажет кезде оларды қорғауға оқпандар енгізіледі. Егер өртте қолжазба, сирек кітаптар, микроқабықша, каталогтар қоймаларына қауіп төнсе олардың көшірілуін ұйыдастырады. Кітаптар, қолжазбалар және түрлі құжаттарды қапшықтарға салады, қауіпсіз жерлерге апарады және күзет қояды. Көшіру процесінде мүмкіндігінше жүк лифттерін, көтергіштерді және конвейерлерді пайдаланылады.


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 104 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>