Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биік қабатты ғимараттарда өрттерді сөндіру белгілі бір қиындық түрінде болады, өйткені тағайындалуы, қабаттылығы және 1 страница



19-билет

Биік қабатты ғимараттарда өрттерді сөндіру белгілі бір қиындық түрінде болады, өйткені тағайындалуы, қабаттылығы және ғимаратты сипаттайтын басқа да негізгі элементтері бөлмелердегі сөндіруге және дамуға әсер етуі мүмкін. Жану және түтіндену аймақтарында көмек сұраушы адамдардың көп болуы, әсіресе түнгі уақытта.

Кез келген ғимарат бөлмесіндегі өрт жағдайы берілген уақытта келесі негізгі орта көлемді параметрлер қалпымен сипатталады: жанып жатқан бөлмедегі газды ортаның тғыздалуымен, жанып жатқан бөлмедегі қысыммен, газды ортаның концентрациясы және температурасымен.

Өрт сөндіру басшысының негізгі тапсырмасы ең алдымен ғимараттардағы өрттердің жалпы параметрлерін анықтау және соның негізінде ең тиімді өрт сөндіру әдістері мен тәсілдерін пайдалану болып табылады.

Биіктігі 10-нан 25 дейінгі қабаттары бар азаматтық ғимараттар биік қабатты ғимараттарға жатады. Оларда үлкен отқа төзімділік шегі бар, жанбайтын материалдар конструкциялары бар. Өзінің жоспарлы шешімі бойынша тұрғын және қоғамдық ғимараттар бір және көпсекционды болуы мүмкін. Бұл ғимараттардың және саты-лифтті түйіндердің конструктивті және көлемді-жоспарлы шешімдері олардағы өрттер кезіндегі адамдарды көшіру жолдарының түтінденбеуін және өрт сөндіру бойынша жауынгерлік жұмыстарды қамтамасыз етеді.

Биік қабатты азаматтық ғимаратар өртке қарсы ішкі су құбырларымен жабдықталған. Ғимараттың қабаттылығы және биіктігіне байланысты өртке қарсы ішкі су құбырларын аймақтарға бөледі. Тұрғын ғимараттар, жатақханалар және қоғамдық ғимараттар, сол сияқты театр-көрме мекемелеріндегі су шығынын ҚНжЕ сәйкес қабылдайды. Биіктігі 17 қабат және одан жоғары ғимараттардың әрбір аймағындағы өртке қарсы ішкі су құбырлары жүйесін өрт автокөліктеріне жалғастыру үшін сыртқы патрубок қондырғыларын орнатуды қарастырады.

Болған өрттер және тәжірибе көрсеткендей, 12-16 қабатты ғимараттардың бірінші –үшінші қабаттарында өрт пайда болғанда пайда болу уақытынан 5-6 мин кейін жану өнімдері барлық саты торлары бойынша таралады, ал түтіндену деңгейінің жоғары болуынан адамдар тыныс алу органдарының жеке қорғану құралдарынсыз жүре алмайды.



Өрттің пайда болуынан 15-20 мин кейін от балкондар, лоджиялар, терезе және есік ойықтары арқылы жоғары орналасқан қабаттардың бөлмелеріне өтуі мүмкін.

. Биiк қабатты ғимарттардағы өрттi сөндiру кезiнде барлауды кем дегенде 4-5 адамнан тұратын және өздерiне қажеттi ӨТЖ, байланыс құралдары, ТОЖҚҚ, ұзындығы 50-60 м. құтқару арқандары, жарықтандыру құралдары бар бiрнеше барлау-құтқару топтары жүргізулері қажет.

Жоғарғы қабаттарға оқпандарды беру үшін жең желілерін ғимарат ішіндегі марштар арасымен, сол сияқты ғимараттың сыртқы жағынан өткізеді. Ең тиімдісі лифт немесе саты марштары көмегімен көтерілген жең желілерін орау және оларды автосатылар, иінді автокөтергіштер және құтқару жіптерімен көтеру. Жеңдерді көтеру үшін ұзындығы 50-60 м құтқару жіптерін, ғимараттың жоғарғы қабаттарының терезелеріне бекітілетін арнайы блоктары бар кронштейндерді пайдаланады.

Биiк қабатты ғимараттағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:

өртте жедел штаб құруға;

адамдарға төнген қауiптiң шамасын, оларды құтқарудың жолдары мен тәсiлдерiн анықтауға;

адамдарды құтқарды бiрiншi кезекте түтiнденбеген саты торларымен жүргiзуге автокөлік және қол өрт сатыларын, автокөтергiштердi және басқа құтқару құралдарын пайдалануға;

арнайы ГТҚЖ бөлiмшелерiнен құтқару-iздестiру топтарын құруға;

өрт орнында аса қысқа мерзiмде автосатылар мен автокөтергiштердiң қажеттi санын, ГТҚЖ бөлiмшелерiн, күштер мен құралдардың қорын шоғырландыруға;

iшкi хабарландыру жүйесiн, дауыстағыш байланыстағы хабарландыру жүйесiн, дауыстағыш байланыстағы, плакаттарды пайдалана отырып үрей болдырмау шараларын қолдануға;

су (қөбiк) беру үшiн бiрiншi кезекте iшкi өрт сөндіру құралдары мен құрғақ құбырларды жылжымалы құралдарды бiр мезгiлде қанат жайдыра отырып пайдалануға;

жеке құрамды және өрт-техникалық жарақтарды қабаттарға көтерудi саты торлары, автокөтергiш, вертолетердiң көмегi арқылы жүзеге асыруға;

жең жолдарын 13-шi қабатқа және одан биiкке ғимараттың сыртынан бүктелген немесе құтқару жiбiнiң көмегi арқылы одан әрi әрбiр жеңдi ғимараттың негiзгi конструкциясына екi жең ұстағыш арқылы бекiте отырып жүргiзуге;

жеке құрамды және өрт автокөлiктерiн құлаған шынылар мен басқа заттардан сақтау жөнiндегi шараларды қолдануға;

жең жолдарының жұмысын бақылау үшiн тiк жүргiзiлген бiр жең жолына бiр бекет есебiнен резервтi жеңдерi бар бекеттер қоюға мiндеттi.

 

2-билет

Балабақшалар, бөбекханалар және кабинеттерді бір немесе екі қабатты I және II от төзімділік дәрежелі етіп салады. Олар жабық өтпелермен қосылған бірнеше ғимараттарда орналасуы мүмкін. Балалар мекемелерінің жоспарлануын балалар топтарының бөлмелерінен оқшауланатындай етіліп жасайды. Балалар мекемелерінің бірінші қабаттарында кішкентай балалар үшін асхана, жуу бөлмелерін, изоляторларды, қоймаларды, әкімшілік кабинеттерін орналастырады.

Балалар мекемелерінің өрт ауыртпалығы 30-50 кг/м2 шектерінде болады. Кейбір бөлмелерде (кітапхана, қоймаларда және т.с.с.) ол біршама үлкен болуы мүмкін.

Балаларды көшіру және көшіру жолдарын қорғауды ұйымдастырумен бір уақытта оттың негізгі таралу жолдары мен өрт ошағына оқпандарды енгізуді қамтамасыз етеді. Балалар мекемелерінде өртті сөндіру үшін суды, суландырғыштардың сулы ерітінділерін және орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті пайдаланады. Өрттерді сөндіру кезінде суды беру үшін, ереже бойынша, РС-50 және РСК-50 оқпандары қолданылады, ал дамыған өрттер кезінде РС-70 оқпандарын береді. Балалар мекемелерінің жер асты және қойма бөлмелеріндегі өрттер орташа қысқалықты ауа-механикалық көбік сөндіріледі. Балалар мекемелерінде өрт сөндірудің ең негізгі қиын жағдайы жаңа жыл және басқа да мерекелерді өткізу сәтінде пайда болады. Бұл жағдайда ӨСБ өртке келісімен көшіру жолдарын қорғау үшін автоцистерна және ішкі өрт крандарынан оқпандарды енгізеді және балаларды көшіру шараларын қабылдайды.

Бала-бақша мекемелерiнде өрт сөндiру кезiнде ӨСБ:

o балаларды көшiрудi қызмет көрсетушiлермен бiрге жүргiзуге;

o балалардың ойын және ұйықтау бөлмелерiнде, қосалқы бөлмелерде, шкафтарда, керуеттiң асты мен үстiнде, перделердiң және әртүрлi жиһаздардың артында қалмағанын ұқыпты тексеруге мiндеттi.

Мектеп және мектеп-интернат ғимараттары, ереже бойынша, биіктігі 3-5 қабат типтік жобасы бойынша I-II от төзімділік дәрежелі жанбайтын материалдардан салынады. Қазіргі кезде қиын жанғыш материалдардан тұратын III от төзімділік дәрежелі мектептер салынуда, ал кейбір кезде IV от төзімділік дәрежелі бір қабатты ғимараттар да кездеседі. Жалпы білім беру мектептері және мектеп-интернаттар ғимараттарының қабат жоспарлануы бір немесе екі жақты класстардың, арнайы кабинеттердің және зертханалардың орналасуымен вестюбилі бар коррридорлы. Мектеп ғимараттарында спорт залдары, шеберханалар орналасуы мүмкін.

Мектептердің өрт ауыртпалығы негізінен 30-50 кг/м2 шегінде болады. Кейбір бөлмелерде (кітапханалар, қойма және т.б.) ол біршама үлкенірек болуы мүмкін.

Мектепте өрт сөндiрген кезде ӨСБ:

o оқушылардың саны мен жасын анықтауға;

o ұстаздармен бiрге балаларды, бiрiншi кезекте кiшi жастағы балаларды жоспарлы түрде және тез көшiрудi ұйымдастыруға;

o құнды жабдықтарды қорғау немесе көшiрудi қамтамасыз етуге;

o көшiрiлгеннен кейiн мектеп басшыларынан оқушыларды санап шығуға және мектептiң барлық бөлмелерін, әсiресе түтiндегендерiн ұқыпты қарап шығуды талап етуге мiндеттi.

 

3-билет

Ауруханалар, ереже бойынша, І-ІІ от төзімділік дәрежелі типтік жоба бойынша, жеке көгалдандырылған учаскелерде салынады. Аурухана корпустарын өзара жабық өтпелермен және галереялармен жиі қосады. Ауруханалар сыйымдылығы 100-ден 3000 дейін керуеттерден тұруы мүмкін, ал биіктігі 3-тен 5 қабатқа дейін. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 800-1000 керуетке, биіктігі 9-дан 12 қабатқа дейін аурухана корпустары салынуда. Жаңа ауруханалардың қабат биіктігі 3,3 м шектерде жатыр.

Қазіргі уақытқа дейін қиын жанатын және жанбайтын материалдар конструкцияларымен III-IV от төзімділік дәрежелі ескі ауруханалар мен поликлиникалар әлі де бар.

Ауруханалардағы өрт ауыртпалық бірдей емес, регистратураларда ол 80-100, палаталарда 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2 құрайды.

Ауруханадағы өрттi барлау кезiнде негiзгi мiндеттердi орындаудан басқа:

o медицина қызметкерлерiнiң қауiп төнген жайлардан ауруларды көшiрудiң қандай шаралар қолданғандығын;

o көшiруге тиiстi аурулардың санын, олардың тасымалдануын, көшiрудiң жолы мен кезектiгiн;

o медициналық қызметкерлермен бірлесе отырып, ауруларды көшiруге қатысу және оларды көшiру орнын анықтау;

o көшiру жолдарын қорғаудың қажеттiлiгi мен жанған заттарды шығарудың мүмкiндiгiн анықтау қажет.

Өрттер кезінде ең үлкен қауіптілік палаталар орналасқан қабаттарда, өйткені онда тәулік бойы аурулардың көп мөлшері болады.

I және II от төзімділік дәрежелі ғимараттарда от негізінен 0,5-1,5 м/мин жылдамдықпен жанғыш материалдар, жиһаз және бөлмеде орналасқан құрылғылар бойынша таралады. От және жану өнімдері бөлмелерден корридорларға таралады. Егер саты торлары корридорлардан бөлінбесе, онда от пен жану өнімдері жоғарыда орналасқан қабаттарға таралады және ауруларды көшіру жолдарына бөгет жасауы мүмкін. Жеке аурухана және поликлиника ғимараттарында корридорлармен бірнеше саты торлары қосылған, бұл тез түтіндуге әкеледі.

От пен түтіннің тез таралуына желдету, қоқыс құбыры, жылыту жүйелері, сол сияқты Ш және IV от төзімділік дәрежелі ғимараттар конструкцияларындағы бос кеңістіктер жағдай жасайды. Мұндай ғимараттардағы оттың таралу жылдамдығы 2-3 м/мин жетеді, ал корридорларда, галереяларда және өтпелерде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына дәріханаларда, зертханаларда, медикаменттер қоймаларындағы жеңіл тұтанғыш заттар мен материалдардың бар болуы жағдай жасайды.

Ауруханалардағы өрттер кезінде ең алдымен ауруларға қауіп төнеді. Ең үлкен қауіпті рентген кабинеттері, дәріхана, медикаменттер қоймаларындағы, фармацевтикалық бөлімдердегі жану өнімдері төндіреді, онда түрлі улы булар мен газдар бөлінуі мүмкін

Өрттерді сөндіру үшін, ереже бойынша, РСК-50 және РС-50 оқпандары, шашыратылған және компактты ағыстар қолданылады, ал дамыған өрттерде, әсіресе IV от төзімділік дәрежелі ғимараттарда өте қуатты оқпандарды. Өрттерді сөндіру үшін оқпандар саны қажетті суды беру қарқындылығымен анықталады, 0,1 л/(м2 с) кем емес.

Ауруханада өрт сөндiру кезiнде ӨСБ:

o барлау мәлiметтерiн және қызмет көрсетушiлердiң ұсыныстарын жан-жақты бағалауға, қалыптасқан жағдайда ауруларды ойдағыдай көшiруге, оның қаншалықты әсер ететiндiгiн бiлуге;

o медицина қызметкерлерiмен бiрлесiп ауруларды көшiрудi ұйымдастыруға;

o қызмет көрсетушiлердiң кеңесiн, әсiресе перзентханаларда, жүйке-психиаторлық және жұқпалы ауруларды емдеу орындарында жеке құрамның жұмыс iстеуiн ескерiп,үрейдiң алдын алу шараларын қабылдауға;

o дәрi-дәрмектер, дәрiханалар, фармацевтикалық бөлiмдер мен емдеу кабинеттерiнiң жабдықтарын төгiлген судан сақтауды қатамасыз етуге;

o жұқпалы аурулар бөлiмшелерiнде өрттi жойғаннан кейiн өрт бөлiмдерiнiң жеке құрамын, медицина қызметкерлерiнiң нұсқауларын басшылыққа ала отырып, санитарлық тазартудан өткiзудi ұйымдастыруға мiндеттi.

 

 

6-билет

Ормандағы өрт қауіпті кезең қардың кету сәтінен тұрақты күздік ауа райына дейін созылады (сәуір-қараша). Өрт қауіпті кезеңді өрт қауіпті периодтарға және өрт қауіптілігі жоқ периодтарға бөледі, олар жауынның түсуінен кейін пайда болады (3 мм артық).

Ең өрт қауіпті орман отырғызылуларына жатады: негізгі және жапырақты ормандар, бал қарағайлар ормандары, теміреткі, брусничниктер, багульниктер. Ағаштарда жасыл жапырақтар болған кезде, ол үстінгі өрттердің таралуына кедергі келтіреді.

Құрғақ құм топырақты отырғызуларда өрттер өте жиі пайда болады және тез таралады, бірақ оларды сөндіру біршама жеңіл.

Қылқанды ормандардағы өрттер қауіпті форманы қабылдайды және үлкен шығын әкеледі.

Жазғы кезеңде (шілде-тамыз) ормандағы өрттер саны максималды болады, сондықтан да жылдың бұл мезгілінде ормандарда пайда болатын өрттерді тоқтату үшін күштер мен құралдарды енгізу қажет етіледі.

Орманда ең үлкен өрт қауіптілікті көрсетеді: жауындар, ауа температурасы және оның ылғалдылығы, жел және бұлтшылдық.

Орманда өрт қауіптілік күйді бағалау үшін барлық негізгі факторларды ескеретін, орманның жанғыш материалдарына өрт қауіпті әсер ететін комплексті көрсеткіштер қолданылады.

Комплексті көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

(1.1)

мұндағы t0 – 12 сағ. ауа температурасы; τ° – 12 сағ. шық нүктесі (ылғалдылық дефициті).

Комплексті көрсеткіш бойынша түрлі орман аймақтарының және шөптің жану кезектілігі анықталады.

Орман шаруашылықтарының аумақтарында орман өрттерін уақытында шақыртылған күштермен сөндіру болып табылады:

• орман күзетінің қызметтері, уақытша өрт күзетшілері, орман шаруашылығының жұмыскерлері;

• арнайы командалармен дайындалған, орман өртінің техникасымен қамтамасыз етілген және автотранспорт құралдарымен жабдықталған өрт-химиялық станциялар.

• резервті өрт командалары, өндірістік жұмысшылардан ұйымдастырылған арнайы қызметкерлер

• құрамында авиадесант өрт командаларымен және механикаландырылған отрядтары бар орман күзетінің авиациясынсыз жедел бөлімшелері.

Орман өрттерінің пайда болуы жоғарыда аталған күштермен тез тоқтатылуын қамтамасыз ете алмайды және үлкен аумақтарға өрттің таралу қаупі пайда болады, сөндіру үшін халық, өрт техникасы және жергілікті мекемелердің транспорт құралдары, ал қажет жағдайларда әскери емес құрылымдар да жұмылдырылады.

Орман шаруашылықтары жыл сайын наурыз айына дейін мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына орман өрттерін сөндіру үшін халық, өрт техникасы және жергілікті мекемелердің транспорт құралдарын жұмылдыру жоспарын ұсынады.

Ұсыныстарда қарастырылады:

• орман өрттерін сөндіру жағдайларында әрбір пункт бойынша сөндіруге қатысатын жұмысшылар санын, өрт жабдықтарының аты мен мөлшері;

• орман учаскелеріне жергілікті ұйымдар мен мекемелердің өрт техникасы мен транспорт құралдарын, өрт сөндіруге жұмылдыру кезектілігін бекіту;

• тамақтануды, өрт сөндірумен айналысатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

• ӨСБ, орман шаруашылығымен және аудандық орман өрті комиссиясымен, сол сияқты өрт сөндіру кезінде отрядтардың, командалардың ӨСБ арасындағы байланысты ұйымдастыру;

• орман өрттерін сөндіру үшін енгізілетін күштер мен құралдардың жиналу пунктін көрсету.

Орман өрттерін сөндіруге шешімді жағдай туралы объективті мәліметтерге байланысты

7-билет

Жыл сайын еліміздегі ағашты қайта өңдеу және сақтаумен байланысты объектілерде бірнеше мың өрттер тіркеледі. Орман шаруашылығының объектілеріндегі өрттердің орташа шығыны ел бойынша шамамен 3 есе өскен. Ең үлкен қауіпті ағаш материалдары қоймаларындағы өрттер тудыртады.

Ағаш материалдары қоймаларындағы өрттер, бақылаудан жиі шығады, өте үлкен аудандарға таралады, ағаштардың үлкен қорларын жояды, өнеркәсіптердің шикізат базасының түбін қазады

Ағаш материалдары қоймаларындағы өрттердің ірі өлшемдерге дейін дамуына жағдай жасайды:

· шектелген ауданда жүздеген тонна өрт ауыртпалығының концентрациясы;

· ағаштар бойынша жанудың жоғарғы таралу жылдамдығы;

· көптеген ағаш қоймаларының ірі өртке қарсы қызметі гарнизондарынан алыстығы, олардың жануды анықтау құралдарымен әлсіз қамтамасыз етілуі;

· қолданылатын от сөндіргіш заттардың жеткіліксіз тиімділігі;

· өрттің пайда болуынан кейін шектелген уақыт мерзімінде (5-7 мин) қажетті от сөндіргіш заттарды құру мүмкінсіздігі.

Осыны ескере отырып, ағаш материалдары қоймаларының өртке қарсы қорғауын ұйымдастыру сұрақтарын комплексті шешу қажет, ең негізгі назарды сөндіруді ұйымдастыруға, өрт жағдайында өртке қарсы қызмет гарнизондарын дайындауға аудару қажет.

Кесілген материалдар штабельдері кептіргіш-рейкалы немесе тығыз транспортты пакеттер түрінде жинақталады. Штабельдердің, штабель шатырларының биіктігі 12м артық емес. 12х12х12 м өлшемді кептіргіш-рейкалы штабельдердегі ағаштар мөлшері - 350-450 м3. Жанғыш ауыртпалық 1500-1700 кг/м2 құрайды. Мұндай транспортты пакеттер штабельдерінің ағаш мөлшері 1300-1500 м3 және жанғыш ауыртпалығы 5000-6000 кг/м2 құрайды.

Қойма аймағында сыйымдылығы 500 м3 кем емес өрт резервуарларын немесе су қоймаларын қарастырады. Өрт резервуарлары немесе су қоймалары ҚНжЕ сәйкес орналастыру және жабдықтау қажет.

Ағаш материалдарының ашық қоймалары, ағаш материалдары үйінділері және штабельдер негіздерінен 5 м қашықтықта қолмен басқарылатын өрт хабарлағыштары бар электрлі өрт дабылдағыштарымен жабдықталуы тиіс.

Ағаш материалдары қоймаларындағы өрттер бір қатар сипаттарға ие, олардың ең маңыздылары болып табылады:

- штабельдер бойымен жалын майданының үлкен таралу жылдамдығы,

- жанып жатқан штабельдерден қуатты жылулық сәулелену,

- ұшқындардың конвективті бағаналарынан жаппай лақтырылуы және үлкен қашықтықтарға тасымалдану,

- жану аймағына таза ауаның көп мөлшерде енуі.

Жалынның таралу жылдамдығы ағаш материалдарының қоймалану түріне жәәне ылғалдылығына, жел жылдамдығына тәуелді.

Жел жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болған кезде өрттің дамуында ие болушы ұшқын тасымалдағыш болып табылады, өрт ошағы жағынан теңбіл сипатқа ие.

Кескіш материалдар штабельдері жанған кезде жалын майданының биіктігі 2-3 штабельдің биіктігіне тең. 4 м/с жоғары жел жылдамдығы кезінде жалын факелы иіледі және 25 м және одан жоғары (40 м дейін) қашықтықтарды бос жабады. Дөңгелек орман жанған кезде жалын факелының биіктігі орташа шамамен екі штабель биіктігіне тең.

Ірі өрттер кезінде жақын арадағы жану ошағында метеорологиялық параметрлердің өзгеруі өтеді: ауа ағындарының жылдамдығы және бағыты, ауа температурасы. Жану ошағына ауаны сору жылдамдығы 15 м/с жетуі мүмкін. Өрт жанындағы ауа температурасы 100-150°С дейін ұлғаюы мүмкін.

Ағаш қоймаларында қолданылатын ең негізгі және кеңінен таралған от сөндіргіш зат су болып табылады. Суды суландырғышпен қолдану сөндіру тиімділігін жоғарылатыды. Суландырғыш ретінде, ереже бойынша, суға 4% дейін түрлі көбік түзгіш заттар (ПО-1Д, ПО-6К, ПО-ЗАИ, «Ива», «Прогресс» және т.б.), 0,05% дейінгі мөлшерде карбоксиметилцеллюлоза қосылады.

Бұл пункттарда от сөндіргіш құралдар қоры (бентонит, бишофит ерітінділері, ТӘК алатын компоненттер), негізгі және арнайы өрт техникасы, жеңдер қоры, ПЛВ-6-17, ПЛВ-7-20 типті қозғалмалы лафетті мұнаралар, ПВ-120 және ВП-60 типті өрт мінбелері, өрт сөндіру үшін арналған қаланың және объектінің техникасы жұмылдырылады.

Ағаш материалдарында өрттерді сөндіру кезінде от сөндіргіш заттарды жылжымалы құралдармен беру негізгі және арнайы өрт техникасы (автоцистерналар, автосорғыштар, жеңдік автокөліктер, өрт поездары, өрт кемелері), ПЛВ-6-17, ПЛВ-7-20 типті қозғалмалы лафетті мұнаралар, ПВ-120 және ВП-60 типті өрт мінбелері, өрт сөндіру үшін арналған қаланың және объектінің техникасы болып табылады. ТӘК алу үшін өрт автоцистерналарының жабдықталуы өткізіледі

Ағаш материалдары қоймаларында өрттерді сөндіру үшін лафетті оқпандар, РС-70, РС-50, СВП оқпандары кеңінен қолданылуы тиіс.

Өрттерді сөндіру өрттерді жоюға және мүліктерді, адамдарды құтқаруға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар түрінде болады.

Өрттерді сөндіру табыстылығы жетеді:

· жоғары кәсіби дайындықпен, сөндіруге барлық қатысушылардың белсенді және шешімді қимылдарымен;

· шешуші бағытта қажетті күштер мен құралдарды уақытында енгізу және жұмылдырумен;

· бөлімшелерді епті басқарумен;

· бөлімшелердің жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейімен;

· жеке құрамның өрт сөндіруші мамандығында қатал сенімділігімен сөндіруге қатысушылардың жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік сапалықтарымен.

Ағаш қоймаларында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру тәртібін өртке қарсы қызмет гарнизонының бастығы орнатады.

8-билет


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 236 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>