Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Ол еңбекшілердің өмірін



5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

Еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Ол еңбекшілердің өмірін қорғаумен қатар, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбекшілердің еңбекке қатысу мерзімін ұзартуға, мамандарды тұрақтандыруға ықпал етеді және түрлі жағдайларға байланысты жұмсалатын шығынды азайтады.

Еңбекті қорғау – еңбек ету процесінде адамның өмір қауіпсіздігін, денсаулығын және жұмыс қабілеттілігін сақтау жүйесін зерттейтін, соған қатысты құқықтық, әлуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу және басқа шаралар мен құралдарды қарастыратын ғылыми пән.

Еңбекті қорғау мақсаты – жұмысшылардың жұмыс барысында денсау-лықтарын сақтауға және олардың атқарып жатқан еңбек көрінісіндегі қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай жұмыс орындарымен қамту.

Еңбекті қорғау міндеті – жұмысшылардың қауіпсіздігін арттырып қауіпті жағдайлардың минималдылығына әкеледі сонымен қатар соған орай еңбек орындарында соған лайықты шарттар қолдану тиіс.

Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.

 

5.1 Еңбек қорғаудың нормативті – құқықтық заңнама актілері

 

Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай Конститутциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасы Конститутциясына негізделген еңбек қатынастарына Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заңы реттейді. Ол Қазақстан Республикасы Конститутциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категориялар арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін заң мен басқа да нормативтік құқықтік актілерден тұрады.

 

 

Еңбек қорғау заңы:

– кәсіпорында мекемеде еңбек қорғауды жоспарлау мен

ұйымдастыруды реттейтін мөлшерлер;

– техникалық қауіпсіздік және қауіпсіздік ережесі;

– сырқаттану және өндірістік жарақаттардан жеке қорғанудың



шаралары;

– әйелдердің, жасөспірімдердің және төмен еңбекке қабілеті жоқ

адамдарға еңбек қорғау бойынша арнайы мөлшерлер;

– еңбек қорғау бойынша мемлекеттік қадағалау мен ортақ бақылау

заңның орындалу тәртібін анықтайтын мөлшерлер;

– еңбек қорғау бойынша заңның бұзылуына жауап беруді орнататын мөлшерлер.

Арнайы еңбек заңы жұмысшылар мен қызметкерлердің ерекше еңбек шарттары мен берілген мамандық саласындағы немесе жұмыстағы еңбекті реттейді.

Ортақ еңбек заңы барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық мамандықтар мен қосымша жұмыстардың салаларында еңбек қатынасын реттейді.

Еңбек қорғаудың негізгі ережелері Қазақстан Республикасы еңбек заңының жеке еңбек келісімі, жұмыс уақытында демалу, еңбекақы, еңбек тәртібі, еңбек қорғау, әйелдердің еңбегі, кепілдіктер мен өтемақылар, еңбек заңын сақтауды қадағалау және бақылау бөлімдерінде мазмұндалған.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еңбек қорғау саласындағы негізгі заң ол азаматтық еңбек құқығын, демалысқа, денсаулықты қорғауға, тұрақ жайына, қартайғанда шикізатпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар ауырып қалған жағдайда немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда жағдайларын анықтайды.

Қазақстан Республикасы еңбек заңының кодексінде барлық жұмысшылардың еңбек қатынастарын реттейді және еңбек шартының жоғарғы деңгейін орнатады.

 

5.2 «Қазақстан таулары» ақпараттық сайтын құрастыратын бағдарламашының жұмыс орнын ұйымдастыру

 

«Қазақстан таулары» ақпараттық сайтын құрастыратын бағдарламашысының жұмыс орны – ақпарат көрсету құрылғылары, басқару құралдары мен қосымша құрылғылармен жабдықталған, еңбек түрімен байланысты – «адам және машина» жүйесіндегі орын.

Бағдарламашының күйін таңдау кезінде мыналар есепке алынуы керек:

– жұмыскердің физикалық ауырлығы

– жұмыс аймағының ауданы

– жұмыс барысында жұмысшының қозғалуы

– технологиялық процесстердің ерекшеліктері

– шаршауды төмендетуге бағытталған іс – шаралар.

Қолданушының жұмыс үстелінде негізгі және перифериялық құрылғылар суреттегідей болып орналасуы қажет.

Үстелді орналастырғанда терезе жұмыс істеушінің қарсы алдында болмауы қажет. Айтылғандарды орындау үшін қалың терезе перде сатып алу керек немесе жалюздер алу керек, олар сәулені кесіп береді. Егер терезе жанында болса, шешімі – перде, жалюздер. Мониторға киілетін күнқағар (козырек) сатып алуға болады (мұндай күнқағарлармен кейбір кәсіптік мониторлар жабдықталады және жеке де сатылады). Күнқағар жарықты экрандайды, жарықты беру табиғи жарыққы жақындайды, көз аз шаршайды.

 

5.3 Техника қауіпсіздігінің жалпы талаптары

 

Техника қауіпсіздігі – жұмыс істеушілерге қауіпті өндірістік факторлардың әсерін алдын алатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.

Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан маман міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады.

Тыйым салынатын жағдайлар:

байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу;

экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау;

– аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;

– дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;

– су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу.

Жұмыс істегенде:

– 60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек.

Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн.

 

5.4 Дербес компьютермен жұмыс істеуде адамға әсер ететін негізгі қауіпті және өндірістік факторлар

 

Электр тогының тірі денеге әрекеті басқа материалдық факторлармен салыстырғанда өзіндік және әр жақты сипатта келеді. Тірі ұлпа арқылы өткен тоқ қыздыру, электрлік және биологиялық әсер етеді. Бұл ағзада түрлі бұзылулар тудырады, ток соққан жер тері ұлпасын, мүшелерін, сондай-ақ жалпы ағзаны зақымдайды.

Электр тогының көп түрлі әсері түрлі электр жарақаттарын тудырады, оларды жергілікті электр жарақаттар және жалпы электр жарақаттар деп шартты түрде бөлуге болады.

Жергілікті электр жарақаттары электр тогының дене ұлпалары мен мүшелерін зақымдауы: күюлер, электр таңбалары, терінің электр еталдануы және электроофтальмия (көздің қарығуы) болып табылады.

Электр күюі адам денесінен елеулі ток мөлшері (1А-дан астам) өткенде болады. Ток өткен ұлпаларда кез келген кедергілердегі сияқты жылудың бір шамасы ток пен кернеуге пропорциональ бөлінеді. Үлкен ток мөлшерінде бұл жылу дененің температурасын 60-70 С дейін қыздырады, бұл жағдайда белок бүріледі де күйік пайда болады. Мұндай күйіктер денеге терең енеді де өте ауыршаң болады және ұзақ емдеуді қажет етеді, ал кейде жартылай немесе толықтай мүгедектікке соқтырады.

Массаж техникасы - ауру шалқасынан қатты тегістікке жатқызылады. Көмек көрсетуші аурумен қатар тұрады және алақандарын аурудың төсінің төменгі үштен бір бөлігіне қояды; өз салмағын пайдалана отырып, ырғақты және соққы ретінде төсті 3-4см тереңдікке итереді, әрбір итерістен кейін қолдарын дереу кеуде клеткасынан босатады.

 

Сурет 5.4 – массаж техникасы

 

 

5.5 «Қазақстан таулары» ақпараттық сайт бағдарламашысының жұмыс орнын жарықтандыру

 

Желілік энергия көзінің табиғатына байланысты жарық: табиғи, жасанды және аралас болып бөлінеді.Қолдану түріне қарай жасанды жарық: жұмыстық, апаттық, эвакуациялық және қорғаныстық болып бөлінеді.

Жүйелік жарық үшін келесі шарттар орындалу керек:

– жұмыс орнында жарықтың біркелкі таралуы;

– жұмыс орны мен қоршаған ортада жарықтың жеткілікті мөлшерде берілуі;

– жарықтың тұрақтылығы;

– жарық ағымының дұрыс бағытталуы;

– электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы;

– ұзақ мерзімділігі, қолданудағы қарапайымдылығы және ыңғайлылығы.

 

5.6 Жұмыс орнындағы діріл мен шудың деңгейі

 

Шу – дыбыстардың күші және жиілігі бойынша бейберекет қосындысы; адам ағзасына қолайсыз әсер етуге қабілетті.

Діріл әсерінде әсіресе орталық жүйке жүйесі қатты күйзеледі. Бұл жағдайда бастың ми қабатында тежеу процестері басталады, ми қабығы асты және үсті өзара қатынастары бұзылады.

Өндірістік жағдайларда дірілдің ұзақ әсері адам денсаулығына зиянды, ең соңында «діріл ауруына» келтіреді.

Жеке жерлік діріл ең алдымен қан тамырларына әсер етеді. Жергілікті дірілдер жүйке – бұлшық ет апаратында өзгерістер туғызады. Жалпы дірілде көз қарағылығы төмендейді,көру ауқымы азаяды,көздің жарық сезуі әлсірейді төмен жиілікті дыбыстарды қабылдау нашарлайды.

Оператор қолы үшін қолғаптар, биялайлар,жапсырмалар, төсемелер, денесі үшін кеудешелер, белдіктер серпінді – басқыш материалдардан жасалатын арнаулы костюмдер қолданылады. Діріл қорғаныс аяқ кимі, етікше, бәтенке түрінде жасалады. Қорғаныс аяқ киім табанына діріл

басқыш серпінді материалдар қою арқылы қамтамасыз етіледі.

 

5.7 Жабдықтар мен жиһазды орналастырудағы эргонометриялық

параметрлер

 

Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясы пәні оқытушысының жұмыс орны эргономикалық параметрлерге сай болу керек. Эргономика мамандарының айтуы бойынша, студенттердің отыратын орындары, пернетақтасы, тышқаны және мониторы ыңғайлы болса, онда бұл жағдай олардың жұмыс істеу жылдамдын арттырып, тез шаршамауына көмегін тигізеді.

Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясы пәні оқытушысының жұмыс орнында болу керек жабдықтар:

– Монитор астынан тіреуімен, себебі операторға мониторды ыңғайлы жерине ауыстырып отыруы үшін;

– Биіктігі өзгертілетін компьютерге арналған үстел, себебі операторға пернетақтаны ыңғайлы биіктігіне қою үшін;

– Биіктігі өзгертілетін орындық;

– Пернетақта мен тышқан;

– Құжаттарды жинауға арналған мұқаба.

Монитор

Монитор - компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы. Монитордың нашар болу оператор үшін өте қауіпті. Оператордың алдындағы міндетті түрде 15-дюймдық монитор болуы керек. Бұл өлшем операторға ең тиімдісі.

Пернетақта мен тышқан

Пернетақта барлық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. Операторға ең ыңғайлысы Microsoft фирмының Natural Keyboard пернеқтасы. Ол көп функционалды болып келеді Пернетақта мен тышқан

Пернетақта барлық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. Операторға ең ыңғайлысы Microsoft фирмының Natural Keyboard пернеқтасы. Ол көп функционалды болып келеді

Тышқан - оператор үшін бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін қолданатын құрылғысы.

Компьютерге арналған үстел мен орындық

Компьютер қойылған жичаз өте ыңғайлы, берік және сенімді болуы керек. Оператордың бойына байланысты компьютерге арналған үстелдің биіктігі өзгертілетіндей болу керек. Дегенмен 68-80 см көлемінде болады. Тышқан мен пернетақта үстел көлемінен 5-10 см төмен тұруы керек, себебі оператор жұмыс істеп отырғанда алдының бос болғаны жөн.

 

5.8 Өрт қауіпсіздігі

 

Өртке қарсы қауіпсіздік - өрт болу мүмкіндігін жою, ал егер өрт болған жағдайда оның адамға қатерлі факторларының әсерін тигізбеу және де материалдық құндылықтардың қорғауын қамтамасыз ету.

Жану процесі және оның түрлері

Жану – дефлаграционды (секундына бірнеше метр), жарылғыш (секундына оншақты метр), детонационды (секундына мың метр) жану кезіндегі жалынның таралу жылдамдығына байланысты болады.

Жану процессі мынандай үш фактор бойынша болуы мүмкін: жанғыш заттар, тотықтырғыштан және жану көздерінен.

Жанғыш сұйықтық(ЖС) – тұтану көзін алғаннан кейін жана беретін және жабық тиглде оталу температурасы 610С-ден, ал ашық тиглде 660 С- ден жоғары болатын сұйыктық.

Жанғыш газ (ЖГ) -550С ден жоғары емес температурада ауамен қосылып, жеңіл тұтанатын және жарылыс қауіпті қоспа.

Жарылыс қауіпті зат (ЖҚЗ) – ауа оттегісі қосылмай-ақ жарылысқа қабілетті зат. Жану жылдамдығы орасан зор мәндерге жеткенде, жану жылу жарылысына айналады.

Детонационды жану – бұл жалындау күші қоспаның қабатынан қабатына жылу өткізгіштік есебінен емес, қысым күшінің себебінен берілетін жану түрі.

Өздігінен жану – жандыру көздерінсіз затта экзотерминдік реакция жылдамдығының күрт ұлғайуынан жануға әкеліп соқтыратын құбылыс. Тотығу – заттың Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясылық тотығу реакция жылуыментұрақты қызуынан және оттегі ауасының бұзылуынан пайда болады. Тозығы жеткен материалдар, техникалық май сіңген: шым тезек, көмір және т. б. өздігінен жанады.

Жанғыш сұйықтықтар. Сұйықтықтың жанғыш қасиетінің негізгі параметрлеріне жарқ ету, жалындау, өздігінен жалындау температуралары, және де сұйықтық буының ауамен жарылысындағы температуралық және концентрационды шектері жатады.

Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясылық заттарды бір – бірімен араластырғанда, оларды қыздырғанда жүретін реакцияларды, құбылыстарды ыдысқа өте жақындамай, сырттай бақылаған жөн.

Әрбір жұмыс орнында төмендегідей дайын ерітінділер болғаны жөн:

– Йод ерітіндісі – жарақатты өңдеу үшін, 25-50 мл.;

– Гидролизденген этил спирті күйген жерді өңдеу үшін және фенол, бром тамшыларын байтараптау үшін қолданылады, 30 – 50 мл.;

– Глицерин күйген жердің ауырғанын жеңілдетеді, 50 мл.;

– 2% - дық бор қышқылы ерітіндісі – көзге тамған сілті ерітінсін нейтралдау үшін, 20 – 30 мл.;

– Жұқа қабықша түзетін препараттар (клей БФ-6, фурапласт, т.б.) – терідегі жеңіл жарақаттарды өңдеу, 25 – 50 мл.;

– 2% - дық калий перманганатының ерітіндісі термиялық күйген дерді өңдеу үшін қолданылады;

Шыны кесінділерімен жарақаттанғанда ол жердеші шынының сынықтарын жайлап алғаннан кейін, 3% -дық сутегі асқын оксидінің ерітіндісімен жуу қажет. Сонан соң иод ерітіндісімен сүртіп, таңып қояды. Тегіре қышқыл тиген жағдайда ол жерді сумен сабындап жуып, соданың ерітіндісімен немесе 0.1% - дық сілді ерітінсімен байтараптау керек.

Сілті тамған жағдайда, ол жерді сумен жуып, кейін 1% - дық сірке қышқылы ерітіндісімен шаю керек.

Әсіресе реактив көзге шашыраған жағдайда, оны тез арада сумен жуып, бірден дәрігерге көрсету керек.

Газбен уланған жағдайда тез арада таза ауаға шығарып, көмек көрсеткен жөн. Көп жағдайда сүт ішкізіп, міндетті түрде дәрігер шақырған дұрыс. Газ бөлме ауасына көп мөлшерде жиналған жағдайда есік – терезені ашып, бөлмені желдету қажет.

Қыздырылған органикалық зат шашырап күйдірген жағдайда, ол жерге калий перманганатының 2 % - дық ерітіндісіне, не соданың ерітіндісіне батырылған дәкені таңып қою керек.

 

5.9 «Global Elit» кәсіпорнындағы э кология және қоршаған ортаны қорғау

 

«Қазақстан таулары» ақпараттық қорын құрастыратын бағдарламашының бөлмесін көгалдандыру үшін, өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету шеңберінде Қоғам қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

- технологиялық қайта жарақтау және ескірген жабдықтарды бірте-бірте пайдаланудан шығару,электр энергиясын өндірген, тасымалдаған және таратқан уақытта озық технологияларды пайдалану;

- отын мен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру шараларын жүргізу;

- өндіріс қалдықтарының түзілуін азайту және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету,қалдықтарды қайта өңдеу шараларын жүргізу;

- дәстүрлі емес қалпына келтірілген энергия көздерін дамыту;

- гидроэнергетикаға арналған суқоймалардың ағын суағарын реттеу;

- СЭС-і пайдаланған уақытта су нысандарының ластануына жол бермеу және биологиялық ресурстарды сақтау.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 451 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
7.Кабельді магистральді құру барысында тірішілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету | Оцените представленную рекламу по удаляющейся шкале. Нужную отметку выделите жирным или обведите.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)