Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

7.Кабельді магистральді құру барысында тірішілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету



7.Кабельді магистральді құру барысында тірішілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Берілістің талшықты-оптикалық жүйесін құру және эксплуатация жағдайларында қауіпсіздік техникасын сақтаудың жалпы ережелерінен (электрлі құрылғыларды эксплуатациялау, жүктеу-түсіру жұмыстарын жүргізу ережелері және т.б) басқа да төменде қарастырылатын техника қауіпсіздігінің спецификалық талаптарын орындау қажет.

Құрылыста жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті факторлар әсерінде қалыптасады. Зияндылары- профессионалды ауруларға әкелсе, қауіптілері-травматизмге әкеп соғады.

БТОЖ құрылысы кезінде кабельді механизация құралдарымен қатар қолмен орнату (төсеу) бойынша жұмыстар іске асырылады.

Кабельді төсеу бойынша жұмысшы сызбаларында, кабель трассаларының орналасу жоспарларында міндетті түрде жұмыс жүргізу барысындағы қауіпті жерлер көрсетілуі шарт: газқұбырларымен, мұнайқұбырларымен және басқа да өнімқұбырларымен, сонымен қатар байланыстың магистральді кабельдерімен қиылысуы және осы жерасты коммуникацияларға байланысты кабельдердің қиылысу жерлерінде жұмыс жасау кезінде абай болу туралы ескертпе жазулары болуы шарт

Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында, құрылыс объектілерінде сәйкесті жарықтандыру мен ауа желдеткіштері, арнайы жұмыс орындары қарастырылған монтажшы мен өлшеушіге қиын, әрі шаршататын жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін монтаждау-өлшеу машиналары қолданылады.

Монтаждау жұмыстарын орындау кезінде оның механикалық және геометриялық параметрлерімен анықталатын оптикалық кабельдермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын ескеріп, есте сақтаған жөн.

Оптикалық кабельдерді жалғау кезіндегі қауіпті фактор, оптикалық кабельдегі талшықтардың электр доғасының температурасы 18000С болатын дәнекерлеу арқылы жалғастыру болып табылады. Дәнекерлеу кезінде дәнекерлеуші, аппаратты жерге енгізіп, құралдың барлық қосулары мен ажыратуларын қоректендіру көзін сөндіре отырып, іске асыру қажет. Дәнекерлеу үрдісін жабық бүркеніште жүргізеді. Бұл жұмысты орындауға квалификациялық тобы ІІІ кем болмайтын және медициналық қарсы көрсетулері жоқ тұлғаларға рұқсат етіледі. Оптикалық талшықтарды монтаждау кезінде, дәнекерлеу аппаратының электродтары арасында пайда болатын доғалы разряд, телефон канализациясының бақылағыш құралдарындағы жанғыш газдардың жануының (тұтануының) себебі бола алады.



Монтаждаушы-өлшегіш автомашиналарындағы өңдеу кезіндегі оптикалық талшық қалдықтарын арнайы жәшікке жинап, жұмыс аяқталысымен топыраққа көміп тастау қажет. Сондай-ақ оптикалық талшық қалдықтарының киімге тиіп кетуінен сақтанған жөн, талшықпен жұмыс жасау кезінде клеенкалы алжапқыш киіп істеу керек; монтаждаушы-өлшегіш машинадағы монтаждау столы мен еденің әрбір ауысымнан соң шаңсорғыш, сулы шүберекпен өңдеу, тазалау; шүберекті резеңке қолғап киіп сыққан дұрыс, сондай-ақ мыналарлы орындау қажет:

– Кабельді канализацияда ОК-ның механизирленген орнатылуы кезінде ішінде көмекші персоналы болатын әрбір құдықты сенімді қызмет байланысымен қамтамасыз ету;

– Оптикалық тестерлермен жұмыс жасау кезінде көзге сәулеленудің түсіп кетпеуін қамтамасыз ету;

– Оптикалық талшықтардың қорғағыш жабының алып тастауда қолданылатын еріткіштер, қауіптілік класы төрттен кем болмауы қажет;

– Еріткіштің жұмысшы температурасы оның қайнау температурасынан кем болуы шарт;

– Еріткіштердің уытты (таксичность) және қауіпті екендігін есте сақтаған жөн;

– Гидрофобты толтырғыштарды қыздыру және құю жұмыстарын арнайы киімде, брезентті қолғаптарда, қорғағыш көзілдірікте жүргізу керек;

– Толтырғышты қыздыру және құю процесін қақпағы мен құюға араналған шүмегі, ұстағышы бар металл ыдыста жүргізу шарт;

– Машина және механизмдер, қолмен басқарылатын вибрациялық құрал-саймандармен жұмыс істеу кезінде зиянды фактор вибрация мен шу (даңғыр) болып табылады. Осыған сәйкес, қорғанудың индивидуалды құралдарын: қолғап, қорғағыш көзілдірікті, виброны басқыш қолғаптарды, даңғырды естіртпейтін құлақ бітегіштерді қолдану шарт.

– ТОБЖ құрылысындағы ең қауіпті фактор болып лазерлік сәулелену, ал ең зияндысы-виброқұралдармен жұмыс істеу болып табылады.

– Кабельді орналастыру жұмыстарына алғы шарт жасайтын жұмыстарды (топырақты дайындау, жол салу) әрекет етуші заңнамалар талаптарына сай орындау қажет.

– Халық қоныстанған жерлерде жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын, тапсырыс беруші биліктің жергілікті органдарындарда жұмыс жүргізуге келісімін рәсімдеп, оны жер қазу жұмыстары бойынша ордер алу үшін, мердігерге тапсыру қажет.

– Жерасты коммуникациялары орналасқан аумақта, жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде, қазып алу жұмыстарын жүргізуге ордерді осы коммуникациялардың эксплуатациясы үшін жауапты ұйымының келісімі болған жағдайда ғана беріледі.

– Келісімге коммуникацияларды енгізу (салу-залогать) тереңдігі мен орналасуы көрсетілген жоспары тігілуі шарт.

– Жолдың немесе көшенің жүргінші бөлігінде, жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін осы жұмыспен айналысып жатқан ұйым, жол белгілерін орнату мен жұмыс орнын қоршауды Қазақстанның ІІМ ГАИ бірлесіп жасап, өзара келісілуі шарт.

– Орнатылып жатқан байланыс желілері аймағында жерасты құрылыстары бар барлық ұйымдарды қазба жұмыстарын бастамас бұрын кем дегенде 5 тәулік уақыт алдын алдағы жұмыстар жөнінде жазбаша түрде хабардас ету керек және бір тәулік бұрын жұмыс орнына өздеріне тиісті құрылыстың орналасқан жерлерін нақтылау үшін және осы құрылыстарының зақымдануын болдыртпайтын амалдарды келісулері мақсатында олардың өкілдері шақырылуы тиіс. Шақырылған өкілдер келмегенінше жұмысты бастауға тыйым салынады.

– Әрекет етуші жерасты коммуникацияларының қорғалушы аймағында топырақтың механизрленіп дайындалуына тыйым салынған.

– Әрекет етуші жерасты коммуникацияларына жақындау, қиылысу учаскілерінде жұмысты жүргізу бойынша жауапты тұлға қолхаттары негізінде бригаданы, экскаваторщыны және басқа да жұмысшыларды жұмыс жүргізу шарттары жайлы нұсқаулық беріп, жұмыс орындарында және сызбалар бойынша олармен бірге отырып жұмысты соққылы құрал-саймандарсыз жасау керек, шекараларды белгілеп, жақындау жерлерін нақтылауға міндетті.

– Жақын жерінде жерасты коммуникациялары бар жерде жұмыс жасау кезінде алдын-ала шыңырау (шурфование) жасау міндетті болып табылады.

– Халық қоныстанған жерлердегі жасалатын орлар (траншея), шыңырау (шурфтар) мен шұңқырлар (котлованы) қоршалулары тиіс. Қоршаулар түңгі уақытта белгі беретін жарықпен қамтылуы керек.

– Орлардан өту үшін көпіршелер орнатқан дұрыс. Орлар мен шұңқырларды қазу кезінде жаратын учаскінің шамасын жұмысты осы күн ішінде орлар мен шұңқырларды көміп тастай отырып бітіретіндей етіп есептеп алу қажет.

– Оң мәнді температура жағдайында тіреуішпен немесе тіреуішсіз-ақ дайындалуы қатып қалға топырақ жағдайларында басталған орлар мен шұңқырлар сәйкесінше босатылуы немесе қосымша бекітілулері қажет.

– Топырақты қазу, үңгу әдістерімен дайындауға тыйым салынады.

– Электржылу учаскілерінде және электр құрылғыларды орнату орындарында ескертпе плакаттарын іліп қою қажет.

Кабельді қолмен орналастыру әдісі кезінде әрбір жұмысшыға массасы 20 кг аспайтын кабель учаскісі келуі керек. Кабельді орға иықтарымен немесе қолмен тасып жеткізу қажет болған жағдайда барлық жұмыскерлер кабельдің бір жағында болулары керек.

– Қозғалмалы транспортерден кабельдерді тарқату мүмкіндігінше орға жақын орындалуы тиіс. Кабель созылусыз қолға алып, орға апарып, салуға ыңғайлы болуы керек.

– Барабан бетіне шығарылған кабельдің ішкі ұшы бекітілуі тиіс. Транспортер айналмалы барабанды тоқтатқыш құралмен жабдықталуы керек.

– Жұмысты бастамас бұрын кабельтөсегіш агрегаттың негізгі элементтерін мұқият қарап шығып, олардың дұрыстығына көз жеткізу.

– Таркторды жанар-маймен толтыру кезінде темекі шегуге тыйым салынады.

Кабельдерді төсеуге жерасты құрылыстары болмайтын учаскілерде ғана рұқсат етіледі.

Талшықты-оптикалық құрылғылардың қауіпсіздігі бойынша оқу курстарын өткен қызметкер ғана талшықты-оптикалық жүйелерде жұмыс жасауға жіберіле алады. Беріліс жүйелерінің техникалық қызмет көрсетуін жүргізетін немесе іске қосқыш түзету жұмыстарын басқаратын қызметкерлер басшысы қауіпсіздік бақылауы бойынша сәйкесті бағдарлама жасап, оны бекітуі тиіс. Бағдарлама кем дегенде мыналарды қамтуы керек:

– талшықты-оптикалық желілер туралы жалпы ақпаратты;

– қауіпсіздік деңгейі мен лазерлер классификациясына қатысты қауіпсіздік бойынша ақпаратты;

– талшықты-оптикалық жүйелерді лазерлермен қауіпсіз қолдану бойынша басшылық және қауіпсіздіктің сәйкесті шаралары.

Тіреулердің бекітілмеген каркастарында (қаңқаларында)қандай болмасын жұмыстар жүргізуге тыйым салынады. Барлық құрылыс жұмыстары, платты ауыстыру жән монтажды тексеру қатаң түрде қорек көзінің өшірілген кернеуінде жүргізіледі. Тірек қаңқалары (каркастары) қорғаныс жерге енгізуге қосылғандары дұрыс.

Өлшегіш құралдармен жұмыс жасау барысында оларды жерге енгізу қажет.

«Құрылғының санитарлы нормалары мен лазерлер экспуатациясының ережелеріне» сай қауіптілік дірежесі бойынша генериленетін сәулелендіруді беретін оптикалық модульдер бірінші класқа жатқызылады. Олармен жұмыс жасау кезінде оптикалық шығысы жабық болуы тиіс.

Кез-келген талшықты-оптикалық кабельде немесе жүйеде жұмыс жасамас бұрын қызметкер жүйенің жұмыс тәртібін және оның қауіптілік деңгейін тексеруі шарт.

Егер жүйе жөнделген немесе қосылған болса, онда ол сәйкесті қауіптілік деңгейі туралы сәйкесті таңбамен белгіленуі керек. Инсталляция кезінде, яғни бұл шаралар әлі де қамтамасыз етіле алмай тұрғанда, олар болмаған жағдайда талшыққа қосылған оптикалық көзі бар кез-келген сынамалы құрал-жабдықтардың сәйкесті классификацияларының ескерту шараларын нұсқа етіп алып қолданған жөн.

Қызметкер сәулелену берілетін талшықтың кез-келген кесілген жеріне тікелей қарауына болмайды. Ашық талшықтарда, жалғағыштарда және т.с.с жұмыс істеу кезіндебірілістің оптикалық жүйесінің құрал-жабдығы немесе сынамалы құрал-жабдық сөніп тұруы шарт, немесе аз қуатты беріліс күйінде болады не ажыратылған. Профилактика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары талшық бойынша берілетін қуат болмайтын жағдайда орындалуы тиіс. ВОСП (ТОБЖ-талшықты-оптикалық беріліс жүйесі) құрал-жабдықтарында және арнайыландырылған өлшегіш құралдарындағы оптикалық сәулелендіргіштер егер оларға ОК қосылмаған жағдайында бітегіштермен жабылып тұрулары шарт.

– Сонымен қоса, беріліс жүйелеріне қызмет көрсету кезінде жүйені компьютермен басқару қолданылады, сондықтан да компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау қажет, негізгі талаптары:

– мониторда қорғағыш экран болуы керек;

– көзге жаттығулар жасап отырып, жұмыста үзіліс жасау қажет;

– күн сайын мониторды шаңнан сүртіп тұру шарт;

Қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы ережелерін бұлжытпай орындау профессионалды аурулар мен травматизмнен сақтануына мүмкіндік береді.

 

7.1 Лазердің адам ағзасына тигізер әсері

 

Лазерлік сәулеленудің адамға әсер етуі кезіндегі физиологиялық эффектілер

адам ағзасына кез-келген ұзындықтағы лазерлік сәулелену тікелей әсер ете алады, дегенмен зақымдаеаты ағзалардың спетральді ерекшеліктеріне және сәулеленудің шекті рұқсат етілген айрықшаланатын мөлшерлеріне байланысты көзге және адамның тері жабынына әсер ететіндер деп ажыратады.

Лазерлік сәулеленудің көру ағзаларына әсері, адамның көру аппаратының негізгі элементі- көздің тор қабығы- тек қана көрінетін (0,4мкм-ден) және таяу ИҚ-диапазондарының (1,4 мкм-ға дейін) сәулеленуінен зақым тартуы мүмкін, мұны адам көзінің спектральді сипаттамаларымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар, көз жанары мен қарашығы қосымша фокусирлеуші оптика ретінде бола отырып көздің торындағы энергия концентрациясын айтарлықтай арттырады, ал бұл өз кезегінде көздің қарашығының сәулеленуінің максималды рұқсат етілген деңгейін (МРД-максималды рұқсат етілген деңгей) бірнеше бірлікке төмендетеді.

Тері жабындарының лазерлік сәулеленуінің МРД денгейі. Қауіпсіздіктің қажетті шараларын қолдану кезінде (қорғағыш көзілдірік және т.б) көру ағзаларының зақымдалуына жол берілмейді. Тері жабындарының лазерлік сәулеленуінің МРД туралы айтатын болсақ, онда олардың мәндері МЭК ұсынысы бойынша алдындары көз үшін қарастырылған мәндердің тек қана көрінетін және таяу ИҚ сәулелену облысында (l<1.4 мкм) ерекшеленеді. Сонымен қатар сәулеленуді ұзындығы 0,1 мм кем болатын барлық толқын ұзындықтары үшін дөгелек апертура шегінде орташаландырады.

Алыс ИҚ облысында (0.1<l<1 мм) сәулелендіру алдындағыдай 11 мм апертурасында орташаландырады.

Лазерлік сәулелендіру кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қайсыбір әдісін қолдану лазерлік құралды дайындау кезеңдерінен немесе эксплуатациясынан тәуелді болады. МРД артып түсетін лазерлік сәулелендіруден тұтынушыны қорғау үшін лазерлік құралдарды дайындау кезінде қажетті МЭК ұсынылған конструктивті іс-шарала бағытталған. Бұл іс-шаралар қайсыбір дәрежеде барлық лазерлік құралдарды жасаушылар үшін мінетті болып келетіндігінен олар туралы нақтырақ қарастырған жөн.

Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы лазерлік құралдарды жасаушыларға қойылатын талаптар

Лазерлік құралдар конструкцияларына деген талаптардың унификациясына байланысты МЭК бұл құралдарды лазерлік құралдарды тұтынушылар үшін қауіптілік көзқарасы бойынша төрт класқа бөлуді ұсынады.

Табиғаты және конструктивті орындалуы бойынша ең қауіптісі болып 1 класты лазерлік сәулелендіргіштер табылады. Осындай екі еселенген тұрғы бойынша 1 класты лазерлік құралдардың сәулеленудің рұқсат етілген шектері (ДПИ-СРШ) спектральді облыста 0,4-тен 1,4 мкм-ге болатын көз торының нүктелі мен қатар бойлық зақымдану мүмкін бола отырып екі – энергетикалық (вват және джоуль түрінде) және жарықтылық аспектілер мәндерімен сипатталады.

2-ші Класты лазерлік сәулелендіргіштер тек қана көрінетін (0.4<l<0.7 мкм) диапазонда зерттелетін аз қуатты лазерлік құралдар. Олардың үздіксіз қуаты 1 мВт-пен шектелген, өйткені адам өз көздерін үздіксіз сәулелендіруден табиғи қорғану реакциясына ие келеді екен (көзді жұмып-ашу рефлексі). Қысқа мерзімді (Dt<0.25 мин) сәулелендіру жағдайларында 2-ші класты лазерлік сәулелендіргіштердің энергетикасы 1-ші клас құралдарының сәйкес СРШ-нен артып кетпеуі керек.

3-ші класты лазерліксәулелендіргіштер 1,2кластың қауіпсіз құралдары мен 4-ші класты лазерлер аралығында өтпелі (ауыспалы) күйді иемденеді. Осыған сәйкес МЭК 3-ші класты лазерлік сәулелендіргіштерді екі класс тармақшасына-3А және 3Б бөлуді ұсынады.

3А класс тармағының лазерлік сәулелендіргіштерге шартты қауіпсіз сәулелендіргіштер жатады. Олар тікелей лазерлік сәулелендіруді бақылау үшін қандай да бір қосымша оптикалық құралдарлы қолданбау шарттарында адам жанарын зақымдауға қабілетсіз. Осы шартқа байланысты 3А класс тармағының үздіксіз лазерлерінің көрінетін сәулеленуінің қуаты 5мВТ-тан, ал сәулеленгіштігі — 25 Вт/м2 аспауы керек. Толқындардың басқа ұзындықтары үшін рұқсат етілген энергетика мен сәулеленгіштік уақыты 1-ші класс үшін СРШ 5 еседен артық асып кетпеуі шарт.

3 Б класс тармағының лазерлік сәулелендіргіштерге тікелей бақылаудың өзі қаруланбаған көз (фокусирлеуші оптикалық жүйесіз) үшін қауіпті болып келетін орташа қуатты сәулелендіргіштер жатады. Бірақ белгілі бір –көзді шашыратқыштан 13 см-ден артық қашықтыққа алыстату және әсер ету уақыты 10 с артық емес болатындай шарттарды сақтаған жағдайда диффузиялық шашыраған сәулкһелендіруді бақылауға рұқсат етіледі. Сондықтан да осындай лазерлердің үздіксіз қуаты 0,5 Вт, ал энергетикалық экспозициясы 100 кДж/м2 асып кете алмайды.

4-ші класты лазерлік сәулелендіргіштер адамның көзі мен тері жабындарын тек қана тікелей емес, сонымен қатар диффузиялық шашырағыш сәулелендіру арқылы да зақымдауға қабілетті қуатты лазерлік құралдар. СРШ мәндері бұл жағдайда 3 Б класс тармағы үшін қабылданған мәнінен асып кетпеуі керек. 4-ші класс лазерлік сәулелендіргіштерімен жұмыс жасау сәйкесті қорғаныс шараларын міндетті түрде сақтауды қажет етеді.

 

7.2 Сәуле шашу есебі

Телекомуникация жүйесінде телефондық каналдардың жиіліктің еңі 300-3400Гц.

Сәуле шашу келесі негізгі параметрлермен көрсетіледі: Энергияның сәуле шашуы (Е), Жұту дозасы (D) және жұту дозасының қуаты (N).

Телефондық каналдардың минималды және максималды параметрлерін есептейміз.(h-тұраұты Планка)

 

-1 кг массасында аймақтық жұту

-1сағатта жұту мөлшерінің қуаты

-1 кг массасында аймақтық жұту

-1сағатта жұту мөлшерінің қуаты

 

7.3 Электрқауіпсіздік. Электр жарақаттану себептері

 

Адам қондырғының кернеу астында тұрғанын немесе тұрмағанын дистанциялық түрде анықтай алмайды. Адам денесі арқылы өтетін ток ағзаға тек қана түйісу орындары мен токтың өту жолымен ғана емес, сонымен қатар қанайналым, демалу және жүрек-қантамырлар жүйелеріне де әсерін тигізеді.

Электр жарақаттарын алу мүмкіндігі тек қана жанасқан сәтте емес, сонымен қоса қадам кернеуі, электр доғасы арқылы да мүмкін болады.

Электр тогы адам денесі арқылы өтіп ісіктердің пайда болуына әкелетін термиялық, электролиттік (химиялық) және тері мен бұлшықеттердің жыртылуына әдейін әкеп соғатын механикалық әсер көрсетеді; сондықтан да барлық электр жарақаттары жергілікті және жалпы (электр соққылары) болып бөлінеді.

Жергілікті электр жарақаттары:

электрлік күйіктер (электр тогы әсерінен);

электрлік белгілер (ақшыл-сары түсті дақтар);

ері бетінің металлизациясы (балқытылған металл бөлшектерінің электр жоғасы арқылы теріне түсуі);

электроофтальмия (көздің шырышты қабығының күюі).

Жалпы электр жарақаттары (электрсоққылар):

1 дәрежесі: есінен танусыз

2 дәрежесі: есінен тану

3 дәрежесі: жызүрек жұмысының бұзылуынс

4 дәрежесі: жүрек жұмысы мен жемалу ағзаларының бұзылуымен.

Еш шарасыз жағдай – клиникалық өлім жағдайы (жүрек жұмысының тоқтауы мен ми жасушаларын оттегімен қамтамасыз етудің бұзылуы). Клиникалық өлім жағдайында 6-8 минут уақыт қана болады.

Электр тогынан зардап шегу себептері (жанасу кернеуі мен қадамды кернеу):

Ι. Кернеу астындағы тоқ тартылған бөліктермен жанасу

ΙΙ. Сөндірілген бөліктерімен жанасу, ондағы кернеу мына жерлерде орын таба алады:

қалдықты заряд жағдайында

электр қондырғыларын шатасып қосып қойған жағдайда немес қызмет көрсетуші қызметкердің келісілмеген әрекеттерінде

ΙΙΙ. Қадам кернеуімен зақымдануы немесе жерге тұйықталу кезіндегі адамның электр тогының таралу өрісінде болуы

ΙV. Электр қондырманың кернеуі 1кВт жоғары болған кезіндегі электр доғасы арқылы зақымдалу.

V. Газды разряд кезіндегі атмосфералық электр әрекеттері.

VΙ. Кернеу астындағы адамды босату.

Жанасу кернеуі — это разность потенциалов точек электрической цепи, которых человек касается одновременно, обычно в точках расположения рук и ног.

Қадам кернеуі — жердің беткейі бойынша токтың таралу өрісіндегі қадам қашықтығында (» 0,8 м). орналасқан нүктелер арасында j1 және j2 потенциалдардың айырымы.

 

7.4 Өртке қарсы қауіпсіздік. Өртке қарсы іс-шаралар.

 

Өрт – материалды құндылықтардың жойылуымен бірге жүретін, адам өміріне қауіптілік тудыратын жанудың басқарылмайтын процесі.

Жану –жылу мен жарық бөле жүретін химиялық реакция.

Жарылысты-өртқауіптілік дәрежесі бойынша ғимараттар мен бөлмелерді классификациялау.

Барлық ғимараттар мен бөлмелер 5 категорияға (саптамаға) бөлінеді:

А – жарылысөртқауіпті. Буларының тұтану температуралары 28 °С дейін, tВСП ≤ 28 °С, P –5 кПа эоғары.болатын жанғыш газдардың, ЛВЖ бөлінуімен байланысты болған тезнологиялық процестер іске астаын категория.

Б – технологиялық процестер тұтану температурасы 28 °С жоғары келетін және жарылысқауіпті, өртқауіпті қоспалар түзуге қабілетті ЛВЖ қолдану арқасында жүретін бөлмелер

tВСП > 28 °С; P – 5 кПа жоғары.

В – технологиялық процестер бір-бірлерімен немесе аудағы оттегімен тек қана жана алатын жанғыш және қиын жанғыш сұйықтықтарды, қатты жанғыш заттарды қолдан отырып іске асырылатын ғимараттар мен бөлмелер. Бұл заттар не А не Б-ға жатпайды деге шарт бойынша. Бұл категория өрткеқауіпті.

Г – технологиялық процестері ұсақталған немес балқытылған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды қолдану арқасында жүзеге астаны ғимараттар мен бөлмелер.

Д – технологиялық процестер суық күйіндегі қатты жанбайтын заттар мен материалдарды қолдану арқылы іске асатын ғимараттар мен бөлмелер.

Өрттің негізгі себептері: қысқа тұйықталу, сымдардың немесе кабельдердің шамадан тыс жүктелуі, ауыспалы кедергілердің пайда болуы.

Қысқа тұйықталу режимі – ток күшінің кенет жоғарлап кетуі мен электрлі ұшқындардың, балқытылған металл бөлшектерінің, электр жоғасының, ашық оттың, тұтанғыш оқшаулану салдарына пайда болуы.

Қысқа тұйықталудың пайда болу себептері:

– Жобалаудағы қателіктер

– Изоляцияның ескіруі

– Изоляцияланың ылғалдануы

– Механикалық артық жүктемелер.

Шамдан тыс жүктеме кезіндегі өрт қаупі – минималды мәннен артып түсетін токтың ұзақ уақыт бойы өтуі жағдайларында жобалаудың қателіктері салдарынан болатын жеке элементтердің шамадан тыс қызып кетуі

Қуатты 1,5 есеге арттырған жағдайда резистор қуаттары 200–300˚С дейін қызады.

Ауыспалы кедергілердің өрт қауіптілігі- авариялық кедергі орнында (алып-қосқыштарда, ауыспалы клеммаларда) пайда болаиын жылу салдарынан жақын жанғыш материалдардың немесе изоляциялардың тұтану мүмкіндігі.

Қайта жүкелудің өрт қауптілігі- ток өткізуші бөліктердің олар арқылы өтетін токтың артуы салдарынан, электр қонжырмалардың жеке элементтері арасындағы қайта жүктелу себептерінен болатын қызып кетуі жеке элементтердің ітен шығып қалуы немесе параметрлерін өзгерткен жағдайда туындайды. Токтың азаюының өрт қауіптілігі- жеке ток өткізуші элементтер мен жерге енгізілген (жерленген) конструкциялар арасындағы изоляцияның локальді қызып кетуі.

Өрт профилактикасы бойынша шаралар:

– құрылыстық-жоспарлық

– техникалық

– өрт сөндіру әдістері мен құралдары

– ұйымдық

Құрылыстық-жоспарлық ғимарат пен құрылыстың өртке шыдамдылығымен анықталады (конструкция материалдарын таңдау: жанатын, жанбайтын, қиын жанғыш) және отқа төзімділігінің шегі- бұл от әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші шытынауы пайда болғанға дейінгі көтергіш қабілетін бұзылмайтын уақыт шамасы.

Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 1/7-ден 2 сағатқа дейін 8 дәрежеге бөлінеді. ВЦ бөлмелері үшін шыдамдылық шегі 1-5 дәреже аралығындағы материалдар қолданылады. Отқа төзімділік дәрежесіне байланысты өрт кезіндегі эвакуация үшін шығындардан біршама қосымша арақашықтықты анықтайды (5 дәреже – 50 минут).

Техникалықшаралар – желдету, жылумен қамту, жарықтандыру, электрмен қамтамасыз ету жүйелерінің және т.с.с эвакуация жағдайларында өртке қарсы шараларлы сақтау.Технологиялық процестер параметрлерін және құрал-жабдықтардың жұмыс істеу режимдерін сақтау.

Ұйымдастыру шаралары:

– Өрт қаіпсіздігі бойынша оқутуды жүргізу, өрт қауіпсіздік шараларын сақтау.;

–Өртті сөндіру тәсілдері мен құралдары;

– Ауадағы оттегі концентрациясының азаюы;

– Жанғыш зат температурасының тұтану температурасынан темендеуі;

– Жанғыш затты тотықтырғыштар изоляциялау;

Өрт сөндіргіш құралдар: су, құм, көбік, жануды қолдамайтын газтәріздес заттар (хладон), инертті газдар мен булар.

Қолмен іске асырылатын:

– химиялық көбік өрт сөндіргіштері;

– көбікті өртсөндіргіш;

– ұнтақты өрт сөндіргіш;

– көміртекқышқылды, этилді бром өрт сөндіргіштері;

Өртке қарсы жүйелер:

– қамту жүйесі;

– көбікгенератор;

Қолмен әрекет етілетін өрт сөндіру жүйесі (тетікті хабарлағыш).

ВЦ үшін көміртек қышқылды ОУ, ОА (шашыратылған бром этил ағыны түрінде) өрт сөндіргіштері және өрт сөндіргіш құралы ретінде хладон немесе фреонавтоматты өрт сөндіру жүйелері қолданылады.

Жануды сумен сөндіру үшін автоматты сөндіру жүйесінде спринклерлержәне дренчерлер сияқты құрылғылар қолданылады. Олардың кемшіліктері- шашырату 15 м² дейінгі алаңда ғана жүреді.

Өрт классификациясы мен ұсынылатын өрт сөндіргіш заттар

 

Өрт классификациясы

Орта, объекті сипаттамалары

Өрт сөндіргіш құралдар

А

Әдеттегі қатты және жанғыш материалдар (ағаш, қағаз)

Барлық түрлері

Б

Қыздыру кезінде балқитын жанғыш сұйықтықтар (мазут, спирттер, бензин)

Шашыратқыш су, көбіктің барлық түрлері, ұнтақтар, СО2 және бромэтил негізіндегі құрамдастар,

С

Жанғыш газдар (сутегі, ацетилен, көмірсутек)

Құрамына инертті сұйықтандырғыштар кіретін газды құрамдар (азот, ұнтақтар, су)

Д

Металдар және олардың балқымалары (натрий, калий, алюминий, магний)

Ұнтақтар

Е

Кернеудегі электр құрылғысы

Ұнтақтар, азоттың екітотығы, азот оксиді көмірқышқыл газ, бромэтил + СО2 құрамдары

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 460 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Природоохранительного | Еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Ол еңбекшілердің өмірін

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)