Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері

Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. | Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі. | Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау | Жалпы сипаттама | Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері | Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі | Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі |


Читайте также:
  1. Астрономияның физикалық әдістері мен құралдары.
  2. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  3. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  4. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  5. Глава 46. Пути пересекаются
  6. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қолөнерді және үй кәсіптерін зерттеу әдістері

Үйретудің міндеті мен мазмұны. Музыкалық- ырғақтық қимылдар музыканың сипатымен,оның музыкалық образдардың дамуымен айқындалады.Алты жастағы балалардың шығарманы тұтастай қабылдауы және қимыл жасау арқылы оның сипатын,көңіл күйін бере білуі мүмкін.Олар қарқынның жылдамдық ерекшеліктердің,пьесаның екі бөлімді түрінің өзгерістерін (әсіресе қарама-қарсы берілген) тез сезеді,бірақ,егер бала алуан түрлі музыкалық құралдардың мағынасын түсінген болса, жасалатын қимыл барынша мәнерлі болса түседі. Пьесаның саздылығы ұстамдылық сипатымен ерекшеленеді дейік,жалпы дыбыс шығару баяу «құпия»,қарқын жеті емес,біртіндеп ақырындай түседі;мұны түсінген балалар тасады тұрған аңды абайлап қарап алатын сақ аңшылардың образын өте мәнерлі көрсете алады.

Музыкалық – ырғақтың дағдылар музыкалы ойындарды,секірме билерді,қол ұстасып жүріп өлең айтуларды (мейлі ол гимнастикалық,хеографиялық болсын) орындауға қажет қимылдармен бірлікте жетілдіріледі және қол ұстасып жүріп өлең айтуда және т.б. тән қимылдардағы музыкалық-ойындық образдарды мәнерлеп орындауға көметеседі.

Ырғақ жөніндегі программа музыкалық –ырғатық дағдылармен және мәнерлі қимылдар дағдыларымен бір мезгілде жұмыс жүргізуді талап етеді.Кейбір тапсырмаларды:алақандарын соғудағы,жүру кезіндегі жылдамдық ерекшеліктерін, қимылдардың ауытқуын көбейту не азайту сияқтыларды балалар ерекше бір күш жұмсамай-ақ орындайды. Тапсырмаларды ауырлатқан кезде балаларды дыбыстың қатты және ақырын шығуын ажырата білуге және тиісінше қимылдық көлемін үлкейте немесе кірейте білуге үйрету керек.

Ырғақтың сезінуін дамыту және оны затарды (орамалдарды,ленталарды,жалаушаларды,таяқшаларды т.б.)пайдалану арқылы орындалатын түрлі гимнастикалық қимылдарды (қолды жоғары көтеру,қолды төмен түсіру және т.б.) орындауда қолданылуымен балаларды тақтаның күшті үлесін көрсете білуге үйретеді.

Тактының күшті бөлігінде балалар қимылын сәл ғана тәжім етіп,сүйемелдеу арқылы жанында тұрған балаға бір қалыпты,дәл береді.

Балаларды алақандарын соққанда және жүргенде өлшемдік қалыпты бере білуге (күшті және баяу музыкалық үлестерді бере білуге) үйретеді.Бұл тапсырманы балалардың бәрі бірдей орындай алмайды, сондықтан оларды бұған дейін үнемі жаттықтырып отыру қажет.

Орыстың «Қара қарғалар» («Ворон») атты халық әзілінен оңай ырғаққа негізделген өрнекті баларға орындауды ұсынады.

Тапсырманы қиындатуға болады: қиынырақ ырғақты өрнекке қол соғу және соған орай қимылды алмастыру. Келесі ноталық мысалға қараңыз. Бастапқыда фортепьяноға арналған музыка былайша көрсетілген:

Бұдан әрі қарай үзіліссіз және бір қалыпты сегізінші үлестер ойналады. Осыған орай балалар алдымен алақан соғудағы ырғақты өрнекті орындайды және соңынан ақырындап жүгіреді. Осындай тапсырма «Көңілді балалар» («Веселые дети») секірме биінде (В. Агафонниковтың өңдеуінде литваның халық әнінде) беріледі.

Балаларды екі – үш бөлімді, вариациалы шығармалардың түрін, сондай – ақ белгілі бір қимылдарды орындай отырып, бірнеше тізбектен тұратын музыкалық әндерді анықтай білуге үйретудің маңызы өте зор.

Шапшаңдық өзгерістері әсіресе музыкалық – ойындық образбен байланысты қимылдар жасағанда жақсы игеріледі, балалар, мысалы, жаяу әскерлердің жүрісіне еліктегенде, ырғақты түрде тік жүреді игеріледі, балалар, мысалы, жаяу әскерлердің жүрісіне еліктегенде, ырғақты түрде тік жүреді немесе атты әскерге және басқаларға еліктесе,тезірек шапқылай жүреді.

Балалардың шығармашылық дамуының өздігінен әрекет жасай білуінің: үкендердің көмегінсіз шеңберге тұра білуінің,екі-екіден тұруының,тұрыстарын өзгертуінің секірме билер қимылдарының жүйелілігін естерінде ұстауының, мәнерлі қимылдар ойлап табуының маңызы ерекше.Жекелеген қимылдарды,жолдасын еліктемей еркін түрде құрастыра білу дағдыларын дамытудың маңызы зор.Бұған би қимылдарының таныс элементтерін балалардың өзінше түрлендіріп орындайтын «еркін» секірме билер септігін тигізеді.

Бес-алты жастағы балалардың төмендегі музыкалық дағдыларды білуі керек:музыканың түрліше ерекшеліктеріне,өсіңкілігіне (қатты,орташа,ақырын,баяу),ригистрларына (жоғары,орташа,төмен) сәйкес ырғақпен қозғала білуі;қарқынды қимылдарымен (бірқалыпты, жылдам және баяу) сондай-ақ өлшемді (тактының күшті үлесі, музыкалық өлшемді) және ырғаққа құрылған күрделі емес өрнекті (алақандарын соғу) көрсете білу.Екі-үш бөлімді түрлерге,музыкалық тізбектерге сәйкес қимылдарды өзгерте білу.

Қимылды музыка үнімен үйлестіруді біле отырып,жеңіл жүре білу,аяқты тез,жоғары көтере отырып,ырғақты түрде жүре білу,бір аяқты екіншісімен ауыстыра отырып,секіру,қимылдарды заттармен және заттарсыз орындау,екі аяқты бүге білу өздігінен түзу шеңберге тұра білу,жұптасып тұрушылар аралығындағы қашықтықты сақтай білу шеңберді кішірейте және үкейте білу сапта жұптасып тұруда жан-жаққа тарап кете білу,әр түрлі сипатағы ойындық образдарды жасай білу.

Би қимылдарында секіруге дайындалар алдында аяқты алма-кезек қоя білу,үйіріліп билей білу,тізені бүге отырып қосалқы адым жасау,қолды бірқалыпты жоғары көтеру және төмен түсіру (алға қарай-жан-жаққа),екі-екіден жүре білу,жұптасып тұрғандардан кейін қарай жүре білу.Осындай элементтерден құрылатын секірме билерді «еркін» орындағанда таныс элементтерді өздігінен пайдалана білуі.

Музыкалық-ырғақтық репертуар. Программада ұсынылған ойындар, секірме билер, жаттығулар, өзінің түрлері тақырыптары бойынша барынша нақты бөлінген.

Ойындар мен секірме билер құрылымының түрлері ерекше сипатты белгілерімен ерекшеленеді: Жарыс элеметтері енгізіледі, сюжет қызықты дамиды, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы ашылады.

Программада жаттығулар үлгі ретінде көрсетілген. Тәжірибиеде олар әлде қайда көп.Олардың көмегімен балалар секірме билердің жекелеген элементтерін,әр түрлі сипатағы қимылдарды жақсы меңгеріп алады,музыкалық-ырғақтық дағдыларды игеріп алуға жатығады.

Программада көрсетілген музыкалық шығармалар, балаларды дамытады, музыканы тұтастай қабылдай білуге,образды мінез-құлықты,көңіл күйді түсіне білуге тәрбиелейді.Сонымен бірге олардың әрқасысы балалардың зейінін музыкалық мәнерліліктің жеклеген құралдарына аударуға және оны қимылдарда бере білуге мүмкіндік жасайды.

Әдістер мен тәсілдер. Ойындарды,секірме билерді,жаттығуларды үйретудің әдісі музыканың жетекшісі орындауында әрқашан мәнерлі және дәл болуымен сипатталады.Ырғақ-музыкалық тәрбие құралы екенін ұмытуға болмайды.Қимылдардың дәл,мәнерлі,дұрыс көрсетілуі және түсініктердің ықшамда образды болуы жалапы талап болып табылады.Балалардың өздігінен жұмыс жасауының дамуына,олардың шығармашылықпен көрінуіне ерекше назар аударылады.

Бұдан басқа үйрету процесінде ырғақтық қызметтің өз ерекшелігімен айқындалған сан алуан методикалық тәсілдер пайдаланылады.

Сюжетті дамыту ойындарында муызыка қималдардың өзгерісін және ерекшелігін айқындай отырып оны бағыттайды.Сюжетті ойындардың мазмұнын анықтауда программалық музыка атауы,әдеби текст басшылыққа алынады.

Сондай-ақ ойынның қорытындысында да түсінік беру қажет («қарға» құпия түрде таңдалып алынады).Егер балалар бастаушының рөлін нашар орындайтын болса,келесі келесі сабақтарда тәрбиеші барлық балаларға «қарғалар» болуды ұсынады да оларды образды тиісті сипатта беруге жаттықтырады.Бұл рольді барынша қызықты орындаушы мадақталынады және коллективтің алдында өнерін көрсереді.

Түрліше алақан соғу,аяқпен тақылдату,сіуөлтеу,қолдың басын айналдыру және т.б.ойын түрінде үйретіледі.Содан соң балаларға осы музыка бойынша қалай қимыл жасауға болатындығын ойлауды ұсынуға,бұл варианттарды талқылауға және қорытындысында балалар үйреніп алуға тиісті құрылымды көрсетуге болады.Мұндай әдіс музыканы белсенді түрде қабылдау кезіндегі дағдыларды меңгеруге,өздңгңнен әрекет жасауына,шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.Прогамма бойынша тәрбие жұмысының басты міндеті де осында.Репер туар тек оны жүзеге асырудың құралы ғана.

Билерде ойндар сияқты үйретіледі,алайда олар балаларға таныс емес би элементтерін,құрылымдарын меңгеруде және жетілдіруде қосымша жаттығулар жүгізуді талап етеді.Мысалы "Айналма секірме биде" балалардың "Жыбырлаған" қадам жасауы немесе шеңберге тұруы,оны үлкейту не кішірейту сәтті бола бермейді Сондықтан педагог басқа,бірақ қимылдарға сәйкес келетін,музыканы пайдалана отырып,балаларды осы дағдыларға жаттықтырады.

Жаттығулардың мазмұны мен оның міндеттеріне байланысты.Бидің жекелеген элементтері техникалық дәрежеде орындалуды талап етеді,сондықтан балаларды қимылдарды жеңіл және қысылмай жасауға жаттықтырады.

Музыкалық-ойындық образдардың мәнерлі болуына шығармашылық тапсырмалар кқмектеседі.Қандайда болмасын бір кеіпкерді сипаттайтын қимылдарды балалардың өздері іздейді.Кейбір жаттығулар қосалқы сипатқа ие болады.Олар секірме биде қол ұстасып жүріп өлең айтуда,ойында балаларды қиналдыратын қимылдар элементтерін меңгеруге бағытталған.

Балалар шығармашылығы. 5-6 жастағы балалар бір нәрсені ойлап табуды,құрастыруды,жасауды сүйеді.Көптеген музыкалық шығармалар қимылдарды,өлеңдерді инсценировкалауда өздерінің шығармашылық іздену тұрғысынан көрсете білуге мүмкіндік береді.Кейбір шығармаларды композиторлар мектепке дейнгі балалардың музыкалық-ойындық шығармасын дамытуға жағдай жасау үшін арнайы шығарылған.

Көрсету бойынша өздігінен жасалатын қимыл-әрекеттердің,оқлық және шығармашылық тапсырмаларды орындаудың ұштастырылуы-әдісті түрлендіреді және балалардың орындаушылық қызметін жандандырады.

Музыкалық-ырғақтылыққа үйрету процесінде педегог әр баланың білімін тексере отырып,әр түрлі тапсырмаларды ұсынады, алуан түрлі әдістерді пайдаланады.Би қимылдарының дәлдігі, ырғақтылығы биді жұптпсып билеу кезінде тексеріледі,екі-екіден бөлінген балалар жекелей жүреді,педагог және басқа қатысушылар олардың билеуін бақылайды,қалай орындағанына баға береді.

Баланың бидің жекелеген элементтерін меңгеруі (жүреден отырып қосалқы адым жасау,секірер алдында аяқтарын алға қою,табандарын толық тигізіп жүру және т.б.) жеке-дара сабақтар откізу кезінде тексеріледі.Балалардың секірме билерде шығармашылық бой көрсетуін тексеру үшін мынадай тәсілді қолдануға болады:барлық орындаушыларды шағын топтарға бөліп халықтың би музыкасын ойнатуға және әр топқа кезекпен өзінің композициясын көрсетуді ұсынуға болады.

 

 

Мектепке дайындық тобындағы балаларды музыкалық-ырғақтық


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1735 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі| Имылдарға үйрету әдісі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)