Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаттар

Тіркеуші органға ертеректе берілген өтініштердің бұл өтінішпен бұрын қарастырылмағандығы туралы фактіні бекіту. | Жылжымайтын мүлікке құқықты тексеру. | Мәміленің қауіптілігі. | Сапаралиев А. Н. /______________________ |


Читайте также:
  1. IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
  2. Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні.
  3. Жылжымайтын мүлікке құқықты тексеру.
  4. Тініш берушінің тиесілі не толық емес рәсімделген құжаттар пакетін беруі; – Мәміленің заңға сәйкес келмеуі.
  5. ХV Тақырыбы: Сақтандыру құқығының негіздері.
  6. ХІ. Тақырып: Қаржы құқығының түсінігі

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркегені үшін алынатын алым сомасының бюджетке төленгенің растайтын құжат тапсыруға тиіс.

Жылжымайтын мүлікке ортақ меншік құқығын тіркеу кезінде тіркеу туралы өтінішке олардың меншік құқығын растайтын құжаттар мен басын куәландыратын құжаттар тапсырыла отырып, барлық меншік иелерінің қолы қойылады. Осы тәртіп, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына, жедел басқару құқығына және жер пайдалану құқығына қолданылады.

Жылжымайтын мүлікті бір бөлігі кепілге, жалға немесе тегін пайдалануға берілген кезде тіркеуге тапсырылған құжаттамаға жылжымайтын мүлікті кепілге жалға немесе тегін пайдалануға берілген бөлігінің картасы немесе жалпы жоспары енуге тиіс. Тиісті құжаттар тапсырылмаған себептер бойынша ғана жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол беріледі. Мемлекеттік тіркеуді өткізудің мерзімі бойынша өтініш берушінің құқықтарын тіркеу белгіленген құжаттар тіркеуші органға берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс. Бір ғана құқықты тіркеуге бірнеше өтініш бар болса, бұрынырақ берілгенөтініш бойынша құқық тіркеледі.

Тіркеуге тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптарға тоқтала келсек, онда жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын, тоқтатылуын, ауысуын, шектеуін растайтын құжаттар тиісінше ресімделген түрде қабылданады. Тазартулары бар не қосымша жазулар жазылған, сызып тасталған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулері бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды. Құжаттың түпнұсқасы тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылады. Өтініш берушінің тілегі бойынша тіркеуші орган тіркеуге табыс етілген құжатта жазба жасау арқылы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тіркеу жүргізілгенін куәландыруға тиіс.

Тіркеуге басқа да тұлға өтініш берген құқықта таласушы тұлғаның өтініші бойынша осы құқықты тіркеу он күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Егер осы мерзімнің ішінде құқықта талсушы тұлға өзінің қуыным жасауының дәлеледерін табыс етпесе, құқықты тіркеу жүзеге аырылуға тиіс. Құқықты тіркеу заң бұзушылық жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде тоқтатыла тұруы мүмкін. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтық тиесілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді тіркеуші орган барлық мүдделі тұлғаларға ескерте отырып, өз бетінше түзете алады. Тіркелген құқықтық тиесілілігін, сиаптын және мазмұнын өзгертетін қателерді түзетуге мүдделі тұлғалардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Егер құқықты тіркеу уәкілді орган куәландырған құжаттардың негізінде жүргізілсе, осы орган аталған құжатта тиісті өзгертулерді енгізген жағдайда ғана қателерді түзетуге жол беріледі.

Заңда көзделген талаптар бойынша барлық құжаттарды тексерістен өткізгеннен кейін тіркеу туралы шешім қабылданады. Тіркеуші келесі әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс: құқықтық кадастрдың тіркеу парағында сәйкесінше жазбалар жасау; тіркеу фактісін көрсету үшін тіркеуге берілген құжаттарды нөмірлеу, оларға мөр және қол қою; қолдау хат негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру; өтініш бланкісінің «Тіркеу нәтижесі» бөлімін толтыру; осы жылжымайтын мүлік объектісі бойынша тіркеу ісіне тіркеуші органда қалатын барлық құжаттардың көшірмелерін нөмірлеу және салу.

Тініш берушіге қайтарылатын барлық құжаттар тіркеуден кейін өтініштер бойынша қызметкерге жіберіледі. Қолдау хат негізінде құқық иесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуі мүмкін. Куәлік тек құқық иесіне беріледі, онда көрсетілген барлық мәліметтер берілу кезінен жарамды болып табылады. Куәлікте жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауыртпалықтары көрсетілмейді.

Тініштер бойынша қызметкер құжаттарды есепке алу кітабындағы соңғы бөлімдерді толтырады, онда өтініштерді қарастыру нәтижелері және өтініш берушінің қолына берілетін құжаттар тізімі сипатталады. Өтініш беруші құжаттарды беру кезінде өз қолын қояды. Бұл күні мен уақыты көрсетілген құжаттарды алуды куәландыру болып табылады.

Тініш беру мен тіркеу кезеңі арасында белгілі бір уақыт аралығы өтеді. Осы себептен құжаттарды есепке алу кітабында көрсетілгендей, құжаттама тіркеуге берілген күнімен және уақытымен тіркеледі, яғни ертерек берілген өтініштің басымдылығы сақталады.

Тіркеу нәтижесінде құжаттаманың түпнұсқасына жүргізілген тіркеу туралы мөртаңба қойылады. Мөртаңба тіркеуші органда сақталатын түпнұсқа мен көшірмелерге қойылуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікті құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.

Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдылық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) және онымен мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген алым сомасының бюджетке төленуі шартымен тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар болып мыналар саналады:

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) растайтын құқық белгілейтін және басқа да құжаттар тіркеу сәтінде оларға қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тиісті түрде ресімделуі, мөрмен бекітілуі, арнайы бланкілерде орындалуы, оларда тараптардың немесе заңнамада айқындалған лауазымды адамдардың тиісті қолдары болуға тиіс. Соттардан, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар тиісті құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиіс. Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда құқық белгілейтін және өзге де құжаттар нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс.

Ық белгілейтін құжаттар тіркеу парағына енгізілетін құқық иелері туралы, тіркелген құқық (құқық ауыртпалығы) түрі, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектісі туралы құқықтық кадастрды жүргізу мақсатына қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.

Тиісті жазбаларды тіркеу құжаттарына енгізу үшін хабарлама нысаны міндеттеменің орындалмауы туралы, жүргізілетін тіркеуді немесе тіркелген құқықты даулау ниеті туралы және тағы да басқа уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар тіркеуші органға екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады. Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай құжаттың куәландырылған екі көшірмесі беріледі. Құжаттың түпнұсқасы не нотариат куәландырған кезде көзделген жағдайларда, тіркеуден соң өтініш берушіге уәкілетті өкілге қайтарылады.

Тіркеу сенімхат негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда жай сенімхат тіркеуші органға ұсынылады және өтініш берушіге қайтарылмайды, арнайы және бас сенімхаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі — түпнұсқа, екіншісі — көшірме болып табылады. Сенімхаттың көшірмесін тіркеуші орган алады, түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.

Жылжымайтын мүліктің бір бөлігіне белгіленетін құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тіркеу кезінде құқық белгілейтін құжат (жалға беру, сервитуттар, мүлікті өтеусіз пайдалану туралы және басқалары) құқықтың (құқық ауыртпалығы) қолданылу аясы болып табылатын мүліктің бір бөлігінің егжей — тегжейлі сипаттамасын қамтуға тиіс. Қажет жағдайларда өтінішке техникалық паспорт немесе құқық (құқық ауыртпалығы) объектісі болып табылатын жылжымайтын мүліктің бір бөлігі көрсетілетін сәйкестендіру құжаты қоса берілуге тиіс. Жылжымайтын мүліктің бір бөлігі кепілге қойылған кезде міндеттемені орындамауға байланысты кепіл затын иеліктен айыру жағдайларында объектіні бөлу жоспарын осы жылжымайтын мүлік объектісін бөлуді немесе қосуды жүзеге асыратын орган мақұлдауға тиіс.

Құжаттарды берудің нақты уақытын көрсету:

Тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына құжаттардың берілген күні, уақыты, минуты туралы мәліметтер енгізіледі.

Тініш берушіге тіркеуге құжаттардың түскен күні, сағаты және минуты, құжаттарды қабылдаған жауапты қызметкердің тегі, аты (әкесінің аты), тіркеуге ұсынылған құжаттардың тізбесі, жылжымайтын мүліктің орналасқан жері көрсетіліп қолхат беріледі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекетті тіркеуді тоқтата тұру үшін негіздер:
– Сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;

– Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;
– Егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;

– Мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген мән — жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;

Ық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді тіркеуші орган мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжаттарды бергенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін. Тіркеуді тоқтата тұру туралы сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән — жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын уақытқа тоқтатыла тұрады.

Егер бір айдың ішінде тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаса, мемлекеттік тіркеуден бас тартылуға тиіс. Тіркеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына жазылады. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші органның өз құзыретінің шегінде өтініш берушіден (өтініш берушінің уәкілетті өкілінен), өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан, соның ішінде мемлекеттік органдардан, егер бұл шешім қабылдау үшін қажет болса, ақпаратты, түсіндірулерді және құжаттарды сұратуға құқығы бар. Тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Хабарламада өтініш берушінің тіркеуді тоқтата тұрудың себептерін жоюдағы кейінгі әрекеттері және сол үшін қажетті мерзімдер көрсетілуге тиіс. Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде өтінішті өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) кез келген уақытта кері қайтарып ала алады. Бұл ретте кері қайтарып алынған өтініштің басымдығы жойылады.

Жаттардың түпнұсқалығын және оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін тіркеуді тоқтата тұру: Мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына немесе оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған кезде тоқтата тұрады. Осындай күмәнді жою үшін тіркеуші орган қосымша мәліметтер алу және құжаттардың түпнұсқалығын растау немесе оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы жөнінде қажетті шаралар қабылдауға міндетті. Өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілдері) құжаттардың түпнұсқалығы мен оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына қосымша айғақтар беруге құқылы.

Ажет болған жағдайларда құжаттардың түпнұсқалығын және оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін тіркеуші орган құжаттарды сараптама жүргізуге жіберуі мүмкін.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 554 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тініш берушінің тиесілі не толық емес рәсімделген құжаттар пакетін беруі; – Мәміленің заңға сәйкес келмеуі.| Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)