Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хабарландыру . туралы 19 страница

Хабарландыру ... туралы 8 страница | Хабарландыру ... туралы 9 страница | Хабарландыру ... туралы 10 страница | Хабарландыру ... туралы 11 страница | Хабарландыру ... туралы 12 страница | Хабарландыру ... туралы 13 страница | Хабарландыру ... туралы 14 страница | Хабарландыру ... туралы 15 страница | Хабарландыру ... туралы 16 страница | Хабарландыру ... туралы 17 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

2. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур қандай еді? Қазір қандай табыстарға жетті?

3. Малайзия неге қол жеткізді?

4. Қазақстанның Орталық Азия Барысына айналуға мүмкіндігі бар ма?

5. Барыс қандай аң?

6. Қазақстандық Барыстың бойына тағы не тән болуға тиіс?

7. Қазақстанды Азия Барысына айналдыру үшін қандай үлес қоса аласыз?

 

4-тапсырма. Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

 

3-сабақ

 

1-тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Тәуелсіздігі,бақыты, мемлекетіміздің, халқымыздың. Және, бағытта, еліміз, қалыптасып, баянды, келе жатыр, дұрыс. Сүрінбей, өткелінен, тарих, халқымыз, өтті, талай, пен, тағдырдың. Мақтан, қазақ, желбіреген, көк, елін, етеді, байрағы, халқы, тәуелсіз. Елбасының, биік, саясатын, әлем, бүгінде, табанды, парасатын, мойындайды, беделін, дара. Кемелді, уақытта, айналды, Қазақстан, тәуелсіз, қазіргі, мемлекетке. Барлық, дені сау, үшін, міндеттерді, біз, орындау, мықты, керек, білімді, және, блуымыз, ел.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер арқылы сұхбат құрастырыңыздар.

Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз. Сонымен қатар әрбір адамның жеке басының қадір – қасиеті мен әл – ауқатын арттыра алмаймыз. Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтынымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, біздің еліміздің мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл – ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын. (Елбасы Жолдауынан)

 

 

11 сабақ

БОӨЖ тапсырмалары

Мына мақал – мәтелдегі ойды ашып жазыңыздар.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

ОН ЕКІНШІ САБАҚ

Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі

Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас – құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.(Т.Абдрахманова) Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, сөйлем түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас) Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Тәуелсіздік - ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен, өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

2-тапсырма. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

Қазақ халқы бостандыққа ұмтылып қана қоймай өзінің асқақ армандарына жетті. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмесе де бұл күн - біз үшін ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Халқымыз өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығын пайдалана отырып қилы кезеңді бастан кешу арқылы тәуелсіздікке қол жеткізді.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша төмендегі сұхбатты толықтырыңыздар.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның өз жарқын бейнелері пайда болды.

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар.

Әділ: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қандай істер атқарылды?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Біздің дербес мемлекет екендігімізді білдіретін қандай рәміздерімізді білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ата заңымыз туралы не білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ал ұлттық валютамыз туралы не айта аласың?

Айша: ----------------------------------------------------------------------------.

Әділ: Астана Алматыдан қашан көшірілді? Астананы ресми түрде таныстыру рәсімі қашан болды?

Айша:------------------------------------------------------------------------------.

5-тапсырма. Сөйлемнің басыңқы сыңарларын тауып, сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізе отырып, өз шекарасын халықаралық шарттарға сай бекітті.

 

2-сабақ

Мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем (Сложноподчиненные предложения с придаточными времени)

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас. Сұрақтары: қашан? қашаннан бері? қашанға шейін? а) –ған/ген + сайын, соң, шақта, кезде; шейін, дейін; кейін бері, былай. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзінің Негізг Заңын қабылдады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, оның ұлттық валютасы болған емес. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. ә) –ған/ген; -ар/ер + жатыс септігі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда, мен он жаста едім.

Сөздік

Биліктің бүкіл тармақтары – Мемлекеттіліктің қалыптасуы –формирование государственности

Сөз бен баспасөз бостандығы -

Сайлау және сайлану құқығы -

Мызғымас құндылықтар – нерушимые ценности

Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе –советский властолюбивый плановая –админстративная система

Бірегей халықшаруашылық кешені –уникальный сельскохозяйственный комплекс

Күйреу – разрушаться

Алапат дағдарыс – угрожающий кризис

Ауқымды шаралар –большие (масштабные) меры

Жандану –оживать

Зейнетақы жинақтау жүйесі – пенсионно –накопительная система

Бәсекеге қабілетті –конкурентноспособный

Қолайлы ахуал –удобная (благоприятная) обстановка

Қарқынды экономикалық ынтымақтасу –интенсивное экономическое сближение

Игі ықпал етті – лучше повлиял, воздействовал

1-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтіндегі сөйлемдерді түріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас)

Тәуелсіз Қазақстанның дамуы

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленді. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. (интернеттен)

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жазыңыздар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті....... Конституциялық құрылыс процесі....... Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары конституциялық нормаларға....... Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе....... Бірегей халық шаруашылық кешені....... Қазақстан экономикасы алапат дағдарысқа....... Аса ауқымды шаралар....... Елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдары....... Елде микроэкономикалық тұрақтылық....... Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы....... Экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі....... Қолайлы инвестициялық ахуал.......

Қажетті етістіктер: белгіленді, айқындалды, қалыптасты, құрылды, тап болды, бұзылды, ықпал етті, жүзеге асты, күйреді, айналды, іске асырылды, орын алды,

3 – тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Қазақстан Республикасының дамуында мына мәселелер Н.Ә. Назарбаев есімімен тығыз байланысты: ------------------------------------------------------------- Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асырылып, ------------------------------------------------------------------------------------Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары мыналар:-------------------------- Кеңестік өкімшіл - жоспарлы әкімшілік жүйе мен бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін Қазақстан экономикасы ----------------------------- Қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған --------------------------------. 1992 жылдың басында Н.Ә.Назарбаев елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындауға арналған ---------------------------------------------. Елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға ---------------------------------------------------------.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

3-сабақ

 

1 - тапсырма. Өлеңді оқып, мазмұнын өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.

Есте сақтаңыздар: Кенен - кең, дархан; өте бай, мол, түрлену – құлпыру, қарыштау – ілгері басу, көсем - белгілі бір әлеуметтік таптың идеялық, саяси жетекшісі, дем берушісі, өркенін өсіру – мәртебесін өсіру.

Жаса, Қазақстан

Басты алға азат ел – анамыз,

Бастауда Нұрсұлтан данамыз.

Гүлденді кең байтақ даламыз,

Түрленді сәнді сан қаламыз.

Елдікке, бірлікке сенеміз, Ерлікке, тірлікке кененбіз. Қажырмен қарыштап келеміз, Болашақ бағына енеміз.

Басқарған Елбасы ұлы іс- Басталған жаңаша құрылыс.

Оңғарған ер көсем құрып іс.

Жаңаша дарыған білімім,

Жараса дамыған ғылымым. Қазақтың өркенін өсірген,

Азат күн – бақытым – ұлы күн.

Құтты бақ төрінде той бүгін, Құттықтап құшағын жайды күн, Ақтарып туған жер байлығын,

Мақтан қып, тойлаймыз айбынын! (Әдібай Табылды)

2-тапсырма. Өлең мазмұнына байланысты бірнеше мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Мысалы: Халықты Нұрсұлтан данамыз бастағаннан бері,азат еліміз алға басты.

3-тапсырма. Өлең мазмұны бойыншща сұхбат құрастырыңыздар.

4-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыздар.

 

12 сабақ

БОӨЖ тапсырмалары

«Бабалар аңсаған азаттық» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

 

 

ОН ҮШІНШІ САБАҚ

Қазақстандағы білім беру жүйесі

Себеп бағыныңқы сабақтас

Себепті бағыныңқы сабақтас –бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары:

а) Есімшенің -қан/кен, -ған/ген жұрнағына -дықтан/діктен жұрнағы мен соң шылауы жалғану арқылы. Неліктен? Қайткен соң? Не еткен соң? Мемлекет жағдай жасағандықтан, олар шет елде білім алып жүр.

ә) Болымсыз етістікке көсемшенің – й жұрнағы жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей? Әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашпай, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыра алмаймыз.

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі. Ол халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан – жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім ордасы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, ғасырлар бойы жиналып сақталып келе жатқан асыл мұраларымызды келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ.

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген бағыныңқы сөйлемге ортақ бірнеше басыңқы сөйлем тауып, себепті бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Мемлекет барлық жағдайды жасап отырғандықтан, ол халықтық мәдениетке интеграцияланған мектеп болуы керек.

3-тапсырма. Берілген нақыл сөздер бойынша себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы өз ойларыңызды жазыңыздар.

Мұғалім – мектептің жүрегі. (Ы.Алтынсарин) Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік. (Абылай хан) Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры - оқушыға деген құрмет сезімде жатыр.(Р.Эмерсон)

4-тапсырма. Мәтін бойынша пікірлесіңіздер.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан –жақты дамыту –қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт – дәстүріне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

2-сабақ

Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.(М.Жұмабаев)

Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да - өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист – философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытқан. Сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім саласы құралып, ары қарай даму үстінде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп атап көрсеткен. Сондықтан Қазақстан бүгін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси – экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл - білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында жасалып жатқан қадам.

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестері арқылы құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Білім жүйесі, үздіксіз жетілу, күрделене түсу, тамыры тереңге тартылған, негізін салу, өркениетті елдер, заиан талабына сай, терезесін тең ету, ғаламдық коммуникациялық желі, білім кеңістігі, ізденістер мен араласу, талпыныс жасау, жаңа талаптар, бәсекелестік мүмкіндігін көтеру.

2-тапсырма. Мәтін бойынша жазбаша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Мәтін бойынша пікірлесіңіздер.

4-тапсырма. Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

 

3-сабақ

1-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздер бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

-жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; --азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

-республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

-қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрін оқып үйрену үшін жағдайлар жасау.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастырыңыздар.

Мүмкіндіктерін ашу, салауатты өмір салты, жағдайлар жасау, жеке адамның құқылары, міндеттерін ұғыну, саяси өмірге қатысу, жалпы және кәсіптік білім алу, шығармашылық қабілет, негіздерін қалыптастыру.

3-тапсырма. Берілген бағыныңқы сөйлемдердің тиісті басыңқы сыңарын тауып, себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Жалпы және кәсіптік білім алуға жағдай жасалғандықтан, ----------------------. Жеке адамның шығармашылық қасиеттерін ашпай, --------------------------------. Салауатты өмір салтын қалыптастырмай, ---------------------------------------------. Қоғамдық, экономикалық және саяси өмірге белсене қатысқандықтан, -------. Үйелмен алдындағы міндетін ұғынған соң, ------------------------------------------. Өз міндетін жақсы орындағандықтан, -------------------------------------------------. Қазақ халқының салт – дәстүрі мен мәдениетін оқып – үйренген соң, ---------.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хабарландыру ... туралы 18 страница| Хабарландыру ... туралы 20 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)