Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хабарландыру . туралы 18 страница

Хабарландыру ... туралы 7 страница | Хабарландыру ... туралы 8 страница | Хабарландыру ... туралы 9 страница | Хабарландыру ... туралы 10 страница | Хабарландыру ... туралы 11 страница | Хабарландыру ... туралы 12 страница | Хабарландыру ... туралы 13 страница | Хабарландыру ... туралы 14 страница | Хабарландыру ... туралы 15 страница | Хабарландыру ... туралы 16 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жалғаулықты қарсылықты салалас: бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. (М.Г)

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, қарсылықты салалас құрмаластың жасалу жолына мән беріңіздер.

Тәуелсіздікті ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсады, бірақ ол бізге оңай жолмен келген жоқ. Жастардың терең білім алуына барлық жағдай жасалуда, алайда сол мүмкіндікті пайдалана алмай жүрген жастарымыз қаншама! Көпшілік жастар өз қалаған мамандықтары бойынша еңбек етуде, дегенмен басқа салада еңбек етіп жүргендері де бар. Оның басшылық қабілетіне күмән келтірген едік,- ол біздің күмәнімізді сейілткендей болды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында, әйтсе де олардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып отыр ма? Жастардың аяғынан тік тұруына қиындықтар мен кедергілердің бар екені рас, сонда да мен жастарға сенемін!

2-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай, құрмалас)

Жастар – өзінің ерекше әлеуметтік және психологиялық сипаты бар, қоғамның үлкен бір бөлігі. Жастар – өзіне ғана жататын сипаттары, өздерінің тәртібі, құндылығы бар әлеуметтік қоғамның негізгі бөлігі. Жастар қатарына 16-30 жас аралығындағы адамдарды қосады, бірақ бұл көрсеткіш әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, жас жұмысшының қоғамдық және профессионалдық қалыптасуы 25 жасында аяқталады, ал жас ғалым болып 35 жасында қалыптасады, яғни бұл жаста адам «жас» деп саналмайды. Жастар – қоғамның ең мобильді бөлігі. Ол әлеуметтік құрылымға өзінің белсенді әсерін тигізе алады.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтап, қарсылықты салалас сөйлем жасаңыздар.

Көптеген жастарымыз болашақ мамандықтары бойынша білім алуда,----------- Енді біреулері қоғамның сан алуан саласында еңбек етуде, ----------------------- Еліміздің атынан халықаралық ғылыми сайыстарға қатысып жүргендері қаншама, ------------------------------------. Өнерпаз жастар өз өнерін халыққа паш етуде, ----------------------------------. Олимпиадаларда еліміздің көк байрағын желбіретіп жүргендер де аз емес, ---------------------------. Ал енді біреулері қоғамдық – әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға, жастар саясатын дамытуға ат салысуда, -----------------------------.

4-тапсырма. Қоғамда өзіндік орны бар үлгілі жастар туралы әңгімелеңіз.

5-тапсырма. Құрмалас сөйлемдер арқылы мына сұрақтарға жауап жазыңыздар.

- Біздің елімізде жастарға жағдай жасалған ба?

-Спорт саласында жетістікке жеткен қандай жастарды білесіз?

-Өнерпаз жастардан кімдерді ерекше атар едіңіз?

-Білім, ғылым саласында елімізді шетелге танытып жүрген жастар бар ма?

-«Білімді жас ұрпақ – болашақтың кепілі» дегенді қалай түсінесіз?

6-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, осы мәселе төңірегінде пікірлесіңіздер.

Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені олар – елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істі мәреге жеткізетін де солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте қажет. Мұндай болу жастардың табиғатына да жарасады. «Егер біз лаулап жанбасақ!..» деген өлең жолдарының мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

2-сабақ

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

Үрдіс, көкейкесті, ержету, сіңіру, қол жеткізу, жас шыбық, ат салысу, тұғыр, табыну, кемелдену, қоғам құндылықтары, әлемдік қауымдастық, талаптарға сай келу, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті.

2-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Мысалы: Ол жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп ержетті, алайда айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алмады

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып беремін. (Әл Фараби)

Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда

Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Ал белгілі әнші Б.Тілеухан: «Біз ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек - жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек», - дейді. Яғни, елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігін баса айтады.

Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.(Интернеттен)

3-тапсырма. Шағын мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін мазмұнын басшылыққа ала отырып, сұхбат құрастырыңыздар.

Елбасы білімді жастарға арнаған бір сөзінде: «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте алған білімдеріңізді туған елдеріңіздің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін»,- деп еді.

Өшпес із қалдыру, кенде болмау, кәдесіне жарату, үмітті ақтау, аянбай еңбек ету – деген тіркестерді қалай түсінесіздер?

Есте сақтаңыздар: өшпес із қалдырды – ұмытылмастай пайдалы іс жасады, үлгі – өнеге көрсетті, кенде болмаған- мұқтаж, зәру болмаған, кәдесіне жарату – бір пайдаға асу, қажетке жарау, үмітті ақтау – сенімнен шығу, тілекті орындау, аянбай еңбек ету – жанын салып, тартынбай еңбек ету.

3-тапсырма. «Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда» мәтінін өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

3-сабақ

1-тапсырма. Елбасының жастар Конгресінде сөйлеген сөзін оқып, жай және құрмалас сөйлемдерді табыңыздар, пікірлесіңіздер.

«Біз өте шешуші, әрі жауапты кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бүгінгі әлемде экономикалық проблемалар, ұлтаралық соғыстар мен жанжалдар, халықаралық терроризм деген қатерлер бар. Оған ғаламдық дертке айналған аштық, жалаңаштық, кедейлікті қосыңыздар. Бүкіләлемдік банк мәліметтеріне сүйенсек, жер бетінде 1 млрд. 200 млн – ға жуық адам кемтарлықта, жоқшылықта өмір сүреді екен. Міне, осындай теңсіздіктен, кедейліктен терроризм мен түрлі жанжалдар туады. Дегенмен, осындай қауіп – қатерге қарамастан, ХХI ғасыр – жаңару, өсу, адамзаттық құндылықтардың салтанат құру ғасыры. Бұл – сендердің дәуірлерің! Прогресс қанша алға басқанымен, қай кезде де адамзаттың негізгі құндылықтары – мәдениет, ілім – білім, спорт, еңбек болып қалмақшы. Сондықтан да біз ұлы тарихи миссияны орындаймыз. Жаңа мемлекет құрамыз. Ол ерікті, демократиялық, дамыған, бейбітшілік сүйгіш елге айналу үшін сендер де өз үлестеріңді қосасыңдар!» (Астана ақшамы. 2002ж. 27 шілде.)

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Біз өмір сүріп отырған кезең неге шешуші, әрі жауапты болып отыр?

-Бүгінгі әлемде қандай қатерлер бар?

-Қандай мәселелер ғаламдық дертке айналып отыр?

-Терроризм мен түрлі жанжалдар неліктен туады?

-Елбасы ХХI ғасырды қандай ғасыр деп атады?

-Адамзаттың негізгі құндылықтары не?

-Біз құратын жаңа мемлекет қандай болмақшы?

-Жаңа мемлекет құруға өз үлесіңізді қалай қосасыз?

3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің астыңғы қатардан екінші сыңарын тауып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Біз халықаралық терроризмді, ұлтаралық соғыстар мен жанжалдарды қаламаймыз, ---------------------------------------------------------------------------------. Аштық, жалаңаштық, кедейлік сияқты ғаламдық дерттер де жанжалдардың тууына себепші болады, ------------------------------------------------------------------. ХХI ғасыр – адамзаттық құндылықтардың салтанат құру ғасыры,---------------. Қай кезде де адамзаттың негізгі құндылықтары – мәдениет, ілім – білім, спорт, еңбек болып қала береді, -------------------------------------------------------.Дамыған мемлекеттердің қатарына қосылудың оңай еместігін түсінеміз, -----------------------------------------.

Екінші сыңары: әйтсе де оған жол бермеуіміз керек; сонда да сол мақсатқа жету үшін өз үлесімізді қосуға тырысамыз; дегенмен оған төніп тұрған қауіп – қатерлер де жоқ емес; алайда кейбір жастарымыз осының бәрін бірдей өз бойында қалыптастыра алмайды; бірақ әлемде соған итермелейтін мәселелер бар.

4-тапсырма. Меңгерген сөздеріңізді, алған ақпараттарыңызды пайдаланып, «Жастар – қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры» деген тақырыпта өз ойларыңызды жазыңыздар.

10 сабақ

БОӨЖ тапсырмалары

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Жастар деп кімдерді атаймыз?

2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жастардың қолында» дегенді қалай түсінесіз?

3. Елбасы бүгінгі жастарды неге «ерекше ұрпақ» дейді?

4. Неліктен мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты?

5. Алдыңғы буын ағалар жастардың қандай болғанын қалайды?

6.Әнші Б.Тілеухан жастарды неге теңейді? Еліміздің болашағын кемелдендіру үшін жастарымыздың бойында қандай қасиеттер болу керек дейді?

6. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған қандай дарынды ұл – қыздарымызды білесіздер?

7. «Жастар –тәуелсіз Қазақстанның биік тұғыры» дегенді қалай түсінесіз?

.

ОН БІРІНШІ САБАҚ

Қазақстан – әлемдік кеңістікте

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Шартты бағыныңқы сабақтас –бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас.

Жасалу жолдары: а) Бағыныңқының баяндауышы етістіктің шартты рай түрі – са/се арқылы. Қайтсе? Не етсе? Мысалы: Сабақты жақсы оқысаң, келешекте білікті маман боласың.

ә) Болымсыз етістікке –й жұрнақты көсемше жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей? Мысалы: Өз мамандығыңды жақсы меңгермей, білікті маман бола алмайсың.

б) Болымсыз етістікке - йынша/йінше жұрнағы жалғану арқылы. Қайтпейінше? Не етпейінше? Мысалы: Оқығанды көңілге тоқымайынша, білімді бола алмайсыз.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қайыршылықтан құтылмайынша, ----------------------------------------------------- Мемлекет өз тәуелсіздігін алмаса, -------------------------------------------------------Қазақстан өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланбаса, ----------------------------------- Егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнсе, ------------------------ Аузындағы дәмдісін ұрпағының аузына тоспай, -------------------------------------- Кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайына бейімделмейінше,---------- Жалқаулық пен семіздікке бой алдырса, ------------------------------------------------

Екінші сыңары: Бойындағы барын салып қорғайтын болады. Қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Өз бетінше дербес өмір сүре алмайды. Орта Азия Барысына айналмайды. Оның өресі мен пайымына нәр бермек емес. Өз алдына дербес ел бола алмайды. Индустриялы мемлекетке айналу мүмкін емес.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

Мемлекетіміздің экономикасы мен мәдени – әлеуметтік салалары ғана дамудың даңғыл жолына түсіп қойған жоқ, оның халықаралық бейнесі де бедерлене түсті. Қазақ елі дүние жүзілік қауымдастықтың беделді серіктестігіне айналды. Қазақстан - 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстанның Дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік еңбек ұйымына, Дүниежүзілік банкке т.б. ұйымдарға әріптес болуы сыртқы саясатта таңдаған жолымыздың дұрыс және толыққанды екендігін дәлелдеп отыр.

3-тапсырма. Мәтіндегі ойды тарқатып, пікірлесіңіздер.

Ел президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму Сратегиясын айқындай отырып, мынандай ұзақ мерзімді жеті басымдықты жүзеге асырады: ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс, кәсіби мемлекет. Мемлекет басшысының: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады»-деп айтқан сөзі бізді нақты мақсаттарға жетелейді. Қазірде тәуелсіздік пен еркіндіктің алғашқы нәтижесі мен маңызын қоғамдық өмірдің қай саласынан да айқын сезіне аламыз.

 

4-тапсырма. Сұхбатты жазбаша толықтырыңыздар.

Сәкен: Елбасы алға қойған міндеттерді орындау үшін біз қандай ел болуымыз керек деп ойлайсың? Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------

Сәкен: 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын жеті басымдықты атап бере аласың ба? Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------ Сәкен: Әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын ел дегенді қалай түсінесің? Дана:------------------------------------------------------------------------------------------Сәкен: Тәуелсіздік пен еркіндіктің нәтижесі туралы не айта аласың?

Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------

5-тапсырма. Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтіндегі ойды кеңейтіп, әңгімелеңіз.

Тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды: 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды, Қарулы күштер, Республикалық Ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартты, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жариялады. Өткен жылы біз кедендік одаққа кірдік.

6-тапсырма. «Қазақстан - әлемдік кеңістікте» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

 

2-сабақ

Сөздік

Қайыршылық –нищета, крайняя бедность, келбет – внешность, наружность, шынайы – истинный, искренний, шағу – выделять, сопоставлять, барыс – барс, ирбис, тектілік – родовитость, знатность, бұлалық – ухоженность, алғырлық – хваткость, тәкаппарлық – чванливост, надменность, гордоливость, айлалылық – хитрость, ловкость, жасқануды білмеу – не бояться, соқтығыс – столкновение, сыптай – стройный, серпінді – ударный, мощный, семіздік – жирность,тучность, упитанность, полнота, қаймықпау – не трусить перед кем –л не бояться кого л, босаңсу – ослабевать, становиться не тугим, тоқшылық - сытость, достаток өре - кругозор, пайым – разумение, рассудок, сақаю – взрослеть, возмужать, көрегендік –зоркость, кемеңгерлік – гениальность, оңалу – улучшаться, талғампаздық –требовательность, разборчивость, привередливость.

1-тапсырма. Осы сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.

Қазақстан – Азия барысы

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы елге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия мен Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз - Қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенеміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр. Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл- өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп – қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс. Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс. Сөйтіп, кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады. Ендеше, Қазақстандық Барыстың бойында дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс. Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен – өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз. (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы)

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Индустриялы мемлекетке айналған қандай Азия елдерін білесіздер?


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хабарландыру ... туралы 17 страница| Хабарландыру ... туралы 19 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)