Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Отамалы культиваторлар

Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер | В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті | Тісті тырмалар | Дискілі тырмалар | Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау | СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР | Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері |


Читайте также:
  1. Жаппай өңдейтін культиваторлар

Картоптың қатар аралығын өңдеуде және үстеп коректендіруде КОН-2,8А, КРН-4,2Г, КРН-2Д, КНО-4,2, жүгеріні КРН-4,2 А, КРН-5,6, КРН-8,4, қант қызылшасын КГС-4,8А, УСМК-5,4Б, КРШ-8,1, көкөністі күтіп-баптауда КОР-4,2, КФО-4,2, КНБ-5,4 қолданылады. Аталған культиваторларда өңдеу әдісіне, дақыл түріне, топырақ-климат жағдайына, себу әдісіне және өсімдік өсу мерзіміне байланысты әртүрлі жұмыс органдары қолданылады.

Отауыш табандар (ұстара) арамшөптерді кесуге және қатараралық топырақты 6 см дейін тереңдікке қопсытуға арналған.

Тірекке (34 а сурет) бір жақты жазық кесуші ұстара 3 бекітілген, онда өсімдіктерді топырақпен басып қалудан сақтандыратын тік жақ орнатылған. Ұстаралар оң және сол жақты болып бөлінеді. Ұстаралардың алым ені 85,120,165 және 250мм. Ұстараның жақ жазықтығына орналастыру бұрышы γ = 28... 320. Ұстара жүзі арамшөп тамырын қияды, ал топырақ оның жұмыс бетімен қозғалғанда ұсатылады. Әмбебап жебе тәрізді табан (34 ә сурет) арамшөптерді кесіп және топырақты 12см тереңдікке дейін қопсытады. Табан алым ені 220....385мм. Ұсату бұрышы ε =28...300, 2γ= 600 және 650. Қашау тәрізді табан (34 в сурет) қатараралықты 16см тереңдікке дейін қопсытуға арналған. Тіректің алға иілген тұмсығының ені 20мм үшкірленген қашаумен бітеді. Мұндай табан қатты және күшті тығыздалған топыраққа да жақсы кіреді, деформациялайды, топырақты жақсы қопсытып және оның ылғалды төменгі қабатын танап бетіне шығармайды.

Қоректендіргіш пышақ (34 г сурет) қатараралықты қопсыту және тыңайтқышты 16см тереңдікке дейін сіңіру үшін қолданылады. Ол қашау тәрізді табан және құйғыдан/ойыңқыдан/воронкадан 4 тұрады.

 

 

а – біржақты жазық кесуші табан, ә – әмбебап жебе тәрізді табан, в – қашау тәрізді қопсытқыш табан, г – коректендіргіш пышақ, д – қайырма табан, е – түптегіш корпус, ж – тор бетті қайырмалы түптегіш корпус, з – арық салғыш, и – инелі дискілер батареясы, ж – отауыш тырма звеносы, л – калқан-үйшік, м – БРУ-0,7 ротациялық тырмасының секциясы, н – саңылау тілгіш, о – отауыш ротор, п – отауыш диск, 1 – тірек, 2 – жақ, 3 – жүзі, 4 – воронка, 5 – қайырмашылық, 6 – наральник, 7 – қайырма, 8 – қанат, 9 – ойық, 10 – рамка, 11,24 және 27 дискілер, 12 және 22 – тістер, 13 және 29 кронштейн, 14 – серіппе, 15 – цилиндрлік барабан, 16 – конустық барабан, 17,23,25-28 – кіндіктер, 18 – ұстағыш, 19 және 26 – пышақтар, 20 – қалқан, 21 – қопсытқыш. 1 – брус-рама, 2 – кронштейн, 3 – жоғарғы буын, 4 – беріліс, 5 – реттеуіш, 6 – тыңайтқыш себетін аппарат, 7 – автотіркеуіштің құлпы, 8 – басқыш, 9 – бөлшегіш плита, 10 – жұмысшы орган, 11 және 12 – ұстағыштар, 13 – тыңайтқыш өткізгіш, 14 – грядиль, 15 – қайрақша/брусок, 16 және 18 – доңғалақтар, 17 – төменгі буын.

 

34 сурет – Отамалы культиваторларының жұмыс органдары

Табан-қайырмашық (34 д сурет) картоп және басқа дақылдарының қатараралығын өңдеуде пайдаланылады. Тірекке 1 қисық бетті қыры өткір қайралған қайырмашық 5 бекітілген. Оң және сол жақты табан-қайырмашықты қатар орта сызығының екі жағын 25-27 см қашықтықта орналастырады. Қайырмашықтар арамшөптерді кесіп, топырақты 6 см тереңдікке дейін қопсытады, қатараралықтағы топырақты қорғау аймағына ысырады.

Түптеуіш корпус (34 е сурет) қатар бойы жал жасауға, қарық түбіндегі арамшөптерді топырақпен жабуға арналған. Топырақ тірекке наральник 6 және қозғалмалы қанатты 8 екі жақты қайырманың жұмыс бетіне көтеріліп қопсытылады да қанаттармен өсімдік қатарына ысырылады. Ойықтар 9 қанаттарды биіктетуге мүмкіншілік береді, демек түптеуішпен жасалған топырақ жалының биіктігін реттеуге болады.

Тор бетті қайырмалы түптеуіштің наральнигі жебе табан тәрізді жасалған (34 ж сурет). Қайырма мен наральник арасынан топырақ қарықша түбіне түседі. Қайырма саусақтары қарықша және жал қабырғасын қопсытады. Тор бетті қайырмаларды ылғалы аз аймақтарда қолданылады. Түптеуіштің өңдеу тереңдігі 16 см, жал биіктігі 25 см-ге дейін жетеді.

Қарықша кескіш-арық жасағыш (34 з сурет) тереңдігі 20 см суландыру қарықшасын жасап, отамалы дакылдардың қатараралықтарын өңдеуде және минералдық тыңайтқыш енгізуде қолданылады. Ол тіректен 1, наральниктен 7, екі жақты қайырмадан 7, қанаттардан 8 және тыңайтқыш енгізетін воронкадан 4 тұрады. Қанаттардың 8 орналасу биіктігін реттеуге болады.

Ротациялық инелік дискілер (34 и сурет) тереңдігі 20см суландыру қарықшасын жасап, отамалы дақылдардың қатараралықтарын өңдеуде минералдық тыңайтқыш енгізуде қолданылады. Ол тіректен 1, наральниктен 7, екі жақты қайырмадан 7, қанаттардан 8 және тыңайтқыш енгізетін воронкадан 4 тұрады. Қанаттардың 8 орналасу биіктігін реттеуге болады.

Ротациялық инелік дискілер (34 и сурет) топырақ бетіндегі қабыршақты бұзуға және қатараралық пен қорғаныс аймақтардағы арамшөптерді құртуға арналған. Инелік дискілі секция рамадан 10 және дискілерден II тұрады. Дискілер қорғаныс аймақпен қозғалғанда тістері 9 см-ге дейін тереңдікте топырақты қопсытып, арамшөптерді құртады. Дискіні білікке тістерінің дөңес жағын қозғалыс бағытымен сәйкес немесе қарсы орналастыруға болады.

Отауыш тырмалар (34 к сурет) ұзын сабақты отамалы дақылдарының қатараралығын және қорғаушы аймақтарды қопсытып, арамшөптерін құртуда қолданылады.

Рамаға 10 серіппелі тістер 12 бекітілген. Тістердің саны мен орналасу жағдайын өзгертуге болады. Қорғауыш аймақтарды өңдегенде рамаға алты тіс бекітеді, ал қатараралықты өңдегенде тоғыз тіс орнатады. Тістердің топыраққа кіру тереңдігін серіппе 14 реттейді.

Қалқаншалар (34 л сурет) өсімдіктерді топырақ басып қалмауы үшін өсімдік қатарының үстіне орналастыру қажет. Қалқанша иілген беттен және кронштейннен тұрады.

Әмбебап ротациялы БРУ-0,7 тырмасы (34 м сурет) топырақты өсімдік шықпай тұрғанда қопсытуға, тұқым себер алдында топырақ жалдар тегістеуде, картоп және тамыр-түйнекті дақылды отырғызылған танаптың арамшөбін құртуда қолданылады. Тырма секциясы рамадан 10, серіппелі тіректен 1, ұстағыштан 18, иінді кіндіктен, корпусты және цилиндрлі бетті екі барабаннан тұрады. Барабан беттеріне ұзындығы 55 мм тістер 12 бекітілген. Тісті барабандар топырақты қопсытуға және арамшөптерді құртуға, ал тегіс бетті барабандар топырақ жалдарын тегістеуде қолданылады. Ұстағышта 18 білікті 17 бұру арқылы барабан кіндігінің жал қабырғасы мен қозғалыс бағытына көлбеулігін өзгертеді. Тұқым себер алдында тырмалауда барабан білігін көлденең жағдайда орналастырады.

ППР-5,4 құрылғысы отамалы дақылдарды индустриалдық әдіспен күтіп-баптауда қолданылады. Ол бағыттауыш саңылау жасауға, гербицидтерді топыраққа жолақ бойымен енгізіп жабуға, топырақты қопсытуға және арамшөптерді құртуға арналған.

Құрылғы құрамында саңылау кесуші, қарық жасаушы, жапқыштар және шлейф, кең алымды жазық кескіш, отауыш диск, қорғаныс қалқан және серіппелі шыбықтар бар. Саңылау жасаушы жазық сапты пышақтар 19 (34 н сурет) тұрады. Бұл пышақпен топырақта тереңдігі 35см саңылау жасауға болады.

Отауыш ротор (34 о сурет) топырақты қопсытуға және кіші қорғаныш аймақтағы және қатараралықтағы арамшөптерді құртуға арналған. Ол тіректен 1, дискіден 24 және тістермен 22 жабдықталған қопсытқыштардан 21 тұрады. Диск подшипник арқылы білікке 23, ал қопсытқыш өз білігіне 25 орнатылған. Ротор дискісі топырақ бетіне көлбеу орналасқандықтан, қопсытқыштар өсімдік маңында топыраққа кіріп, қарсы жақта шығады. Қозғалыс кезінде қопсытқыштар топырақпен ілінісіп айналады, сонда тістер 22 топырақты қопсытып, арамшөптер тамырын жұлып шығады. Өсімдіктер биіктігі 50 см-ден кем болса, грядильге қорғаныш қалқан 20 орнатады, сонда мәдени дақылдар топырақпен жабылып қалмайды.

Отауыш диск жапырақтарды жақсы өсіп кеткен дақылдардың қорғаныш аймақтарын өңдеуде пайдаланады (34 п сурет). Кең алымды жазық кескіш табанның шетіне бекітілген дискіде 27 екі жүзді алты пышақ 26 орнатылған.

Жұмыс барысында табан мен диск топыраққа тереңдеп енеді. Пышақтар топырақпен ілініскенде диск айналып, арамшөптер тамырын кесіп, қатардағы қорғаныш аймақты қопсытады.

Аспалы КОН-2,8А түптеуіш культиватор (35 сурет) төрт қатарлық картоп отырғышпен отырызылған картоптың қатараралығын өңдеуде және коректендіруде қолданылады.

Доңғалақтарға 18 орнатылған көлденең брусқа 1 жұмыс органдары мен минералдық тыңайтқыш сепкіш аппараттардан 6 тұратын бес секция бекітілген.

Жұмыс органдар секциясы алдыңғы кронштейні 2, астыңғы II – тәрізді звеносы 17, жоғарғы 17, жоғарғы реттеуші буын және грядилі 14 бар төрт буынды параллелограмдық механизмнен тұрады. Грядильде тірек доңғалақ 16 рамасы, орталық 12 және екі бүйірлік жұмыс органдары 10 ұстағыштар 11 бекітілген. Параллелограмдық механизм секция доңғалағы топырақ бетінің кедір-бұдырында көтеріліп-түсіруінде грядильдердің параллельдік қозғалысын қамтамасыз етеді, сонда жұмысшы органның көлбеулік бұрышы мен өңдеу тереңдігі тұрақты болады. Орталық ұстағыштар грядильдер ойығында кесілген болттармен бекітіледі. Жұмысшы органды берілген өңдеу тереңдігіне қою үшін оның тірегін ұстағыш бойымен жылжытып стопорлық болтпен бекітеді. Жұмысшы органдарының көлденең бағыттағы ара қашықтығын бүйірлік ұстағыштың брустарын грядиль ойығымен қозғалту арқылы қояды.

Әрбір секцияның грядильдерінің жағдайларын, демек, оларға бекітілген жұмыс органдарының көлбеулік бұрышын параллелограмдық механизмнің жоғарғы буынының 3 ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.

1 – брус-рама, 2 – кронштейн, 3 – жоғарғы буын, 4 – беріліс, 5 –реттеуіш, 6 – тыңайтқыш себетін аппарат, 7 – автотіркеуіштің құлпы, 8 – басқыш, 9 – бөлшегіш плита, 10 – жұмысшы орган, 11 және 12 – ұстағыштар, 13 – тыңайтқыш өткізгіш, 14 – грядиль, 15 – брусок, 16 және 18 – доңғалақтар, 17 – төменгі буын.

 

35 сурет – КОН -2,8А культиватор-түптеуіш

 

Барлық секциялардың грядильдерінің жағдайын трактордың аспа механизмнің жоғарғы орталық тартқыштың ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.

Культиватор секцияларында отауыш, әмбебап жебе және қашау тәрізді барабандар, түптеуіштер, табан-қайырмалар, қопсытқыштар, минералдық тыңайтқышпен коректендіргіш құрылғылар орнатуға болады. Сонымен қатар, культиваторға тор көзді немесе ротациялық БРУ-0,7 тырмаларды жалғауға болады.

Коректендіргіш құрылғы дискілік-қырғылы тыңайтқыш себетін АТД-2 аппаратынан, тыңайтқыш өткізгіштен және коректендіргіш пышақтардан тұрады. Әрбір тірек доңғалақ шынжырлы беріліспен 4 екі тыңайтқыш сепкіш аппаратының дискілерін қозғалысқа келтіреді. Дискілер минералдық тыңайтқыштарды банкалардан шығарып, өткізгішке 13 түсіреді. Тыңайтқыш өткізгішпен тыңайтқыш корректендіргіш пышаққа жетеді. Пышақтар тыңайтқыштарды топыраққа 16 см-ге дейін тереңдікке орналастырады.

Тыңайтқыш енгізу мөлшерін себу реттеуішінің жағдайын өзгерту және тірек доңғалақтағы жұлдызшаны 18 алмастыру арқылы реттейді.

Фрезерлік КФ-5,4 культиватор 12 қатарлық сепкішпен/сеялкамен отырғызылған қант қызылшасы плантациясын өңдеуге арналған, қатараралық қашықтығы 45см. Культиватор рамасында 3 (36 сурет) жұмысшы секциялар орнатылған. Әрбір секция корпусында 7 екі дискілі 8 білік орнатылған. Дискіде Г-тәрізді пышақ 10 бекітілген. Секция білігі трактордың қуат тарту білігінен редуктор 4, трансмиссиялық білігі 6, шынжырлы беріліс және сақтандырғыш муфта арқылы қозғалысқа келеді. Дискілі пышақ топсалы бекітілген фартугы 11 бар қаптамамен 9 жабылған.

 

а – жұмыс процесінің схемасы, б – жұмысшы секция, 1 – кардандық беріліс, 2 – винттік механизм, 3 – рама, 4 – редуктор, 5 – штанга, 6 – білік, 7 – корпус, 8 – диск, 9 – қаптама, 10 және 12 – пышақтар, 11 – фартук, 13 – шынжырлы беріліс, 14 – доңғалақ.

36 сурет – Фрезерлік КФ-5,4 культиваторы

 

Секциялар корпусы білікке 6 топсалы бекітілген, рамаға серіппелі штангалар 5 арқылы асылған. Серіппелер пышақтардың топыраққа кіруін қамтамасыз етеді.

Фрезерлік барабандардың пышақтары топырақтан жұқа жаңка тіліп алып, артқа лақтырады. Топырақ қаптамаға соғылғанда, ұсатылып, қатараралыққа түсіп, фартуктармен 11 тегістеледі. Корпус астында өңделмеген топырақ жолақшасы пассивтік пышақпен 12 қопсытылады.

Өңдеу тереңдігін 4...8 см арасында тірек доңғалақтарының винттік механизмі мен трактордың аспасының орталық тартқышы арқылы реттеледі.

Фрезерлік барабан диаметрі 300мм. Культиватордың алым ені 5,4м, жұмыс жылдамдығы 5-7,5 км/сағ.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 975 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жаппай өңдейтін культиваторлар| Культиватордың негізгі параметрлерін анықтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)