Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Соқа корпусының жұмыс бөліктері

МАЗМҰНЫ | Топырақтың құрылысы және фазалық құрамы | Топырақтың технологиялық қасиеттері | Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Читайте также:
  1. Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі).
  2. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
  3. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу
  4. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  5. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  6. В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті
  7. Дүние тарихынан бақылау жұмыстарының жүктемесі

 

Түрен топырақ қыртысын кесіп қайырмаға бағыттайды. Түрен пішініне қарай трапециялы, қашау тәрізді, ойылған және үшбұрышты болып бөлінеді (15 сурет).

Трапециялы түрен (15а сурет) қарықтың түбін тегіс жонады. Ол шым аударғышта және кейбір соқаларда орнатылады.

Қашау тәрізді түрен (15ә сурет) 10 мм ұзартылған тұмсығы бар. Бұл түрендер жақсы тереңдетіледі және жырту тереңдігінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ойылған түрен (15б сурет) топырақ тереңдеткіш корпустарда орнатылады.

Үшбұрышты түрен (15в сурет) арнайы соқаларда, картоп қазғыштарды, канал қазғыштарда және қопсытқыштарда қолданылады.

Қайырма топырақ қыртысын қарық қабырғасынан кесіп алып, оны деформациялайды, жанына қозғап жоғары қабатын төмен қаратып аударып тастайды. Қайырма бетімен қатты қысыммен сырғанаған топырақ қыртысы оны тез тоздырады, ал қайырма қанатына үлкен иілу моменті әсер етеді. Қайырма топырақта жиі кездесетін тастар мен ағаш тамырлары жиі соққы алады. Сондықтан қайырмаға жеткілікті беріктік беру үшін оны екі немесе үш қабатты етіп жасайды.

Атыз тақтайшасы (16 сурет) корпустың орнықты қозғалысын қамтамасыз етумен бірге, тіректі үйкеліп тозудан сақтайды және оған түскен иілу моментін өзіне қабылдайды. Атыз тақтайшасы қарық қабырғасына тіреледі.

 

3.3. Шым аударғыш, бұрыш кескіш және пышақ

 

Шым аударғыш топырақтың жоғарғы шымдалған қабатынан қалыңдығы 8...12 см және ені корпус алым енінің 2/3-іне тең қыртысты кесіп қарық түбіне тастайды. Шым аударғыш тіректен 7 (16а сурет), түреннен 10 және қайырмадан 6 тұрады.

Бұрыш кескіш 20 (16ә сурет) тасты топырақты жыртуда қолданылады. Ол шым аударғыш жұмысын орындайды, бірақ қыртысты қайырма бетінде қозғалысында кеседі. Бұрыш кескіш-кіші қайырма корпус грядиліне орналасқан.

 

 

15 сурет - Түрендер

 

16 сурет – Шымаударғыш, бұрыш кескіш және пышақтар

 

Соқа пышағы жер қыртысын тік жазықтықта массивтен кесіп бөледі, ол қыртыстың жақсы аударылуына, өсімдік қалдықтарын көмуге, соқа жүрісінің орнықты болуы мен өңдеу тереңдігінің біркелкілігін қамтамасыз етеді.

Пышақтар дискілік, сапты және тіректі шаңғылы жалпақ болады.

Дискілі пышақ (16а сурет) білікте еркін айналып тұрған дискіден тұрады. Дискінің кескіш жүзі екі жағынан қайралған.

Дискілі пышақ жалпы жұмысқа және батпақты-бұталы жерді өңдеуге арналған соқаларға қолданылады. Шымдалған жерді өңдегенде дискілік пышақты әрбір корпустың алдына қояды.

Сапты пышақ (16ә сурет) бір бөлігінде жүзі 23 бар тура саппен 32 жабдықталған. Пышақ екі қырлы сынадан тұрады.

Қисық жүзді пышақтың (16б сурет) тірегі тік орналасқан. Пышақ жүзінің ұшына қашау бекітілген, ол түренмен қосылады.

Сапты пышақты шымдалған жұлынбаған ағаш түбірлері бар және тасты жерлерді өңдегенде пайдаланады. Оларды батпақты-бұталы, ормандық және т.б. арнайы соқаларда орнатылады.

Тіректі шаңғылы 27 жазық пышақ (16в сурет) батпақты-бұталы соқада бұталардың биіктігі 2м жерлерді өңдегенде орнатылады. Пышақтың екі жағында орналасқан шаңғылар бұталарды кескенде басып тұрады.

Шым аударғыш, пышақ, бұрыш кескіш және соқа корпусының өзара орналасуы (16а сурет) көрсетілген.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 443 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Соқа корпусы| Соқалар конструкцияларына шолу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)